Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 767 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6027 болып енгізілді.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 07.10.2019 № 33/269 және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 07.10.2019 № 162 бірлескен шешімі мен қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12 - бабы 3)тармақшасына, "Ақтау, Форт - Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Маңғыстау облысының әкімдігінің 14 қазан 2009 жылғы № 2788 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. 25 қыркүйек 2008 жылғы "Баутин поселкесінің шекарасын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың № 9/62 шешіміне және аудан әкімдігінің № 493 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-6-71 болып тіркелген, "Ақкетік арайы" газетінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 57 (268) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Баутин поселкесінің шекарасы қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес белгіленсін:

      Баутин поселкесінің жер аумағы – 1104,44 гектар болып бекітілсін."

      2.Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы: К.Қасымова
      Аудан әкімі: С.Трұмов
      Аудандық мәслихат хатшысы: А.Досанова