Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 404 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 31 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэрожоба» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазАэроЖоба» ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестіру институты» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні азаматтық авиация саласындағы ғылыми-зерттеу және сараптамалық жұмыстарды, азаматтық, мемлекеттік авиация және аэроғарыш саласы объектілерін салу саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғам жарғысының бекітілуін;
      2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иелік ету және пайдалану үшін акциялардың мемлекеттік пакетін беруді;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 379 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат.):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-139-жолмен толықтырылсын:
      «123-139. «ҚазАэроЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ».
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-25-жолмен толықтырылсын:
      «160-25. «ҚазАэроЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.