Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 449 қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1720 қаулысымен   
бекітілген         

Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды
алу, есепке алу, сақтау және беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) алкоголь өніміне (шарап материалдары мен сыраны қоспағанда) (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларын, сондай-ақ темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібін реттейді.
      2. Есепке алу-бақылау таңбаларын (бұдан әрі - ЕБТ) алушылар:
      1) алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
      2) алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
      3) борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде конкурстық және оңалтушы басқарушылар болып табылады.
      Акциздік таңбаларды алушылар Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін өндіру және (немесе) импорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде конкурстық және оңалтушы басқарушылар болып табылады.
      3. ЕБТ немесе акциздік таңбалар (бұдан әрі - таңбалар) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдарында (бұдан әрі - салық органдары) беріледі.
      4. Таңбаларды жасап шығаруды, оларды салық органдарына жеткізуді және беруді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетімен (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жасасқан шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес ұйым (бұдан әрі - жеткізуші) жүзеге асырады.

2. Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібі Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алу және беру тәртібі

      5. Алушылар сатып алған таңбалар иеліктен алынбайды және өзге жеке және заңды тұлғаларға берілмейді.
      6. Алушылар жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық жүйе арқылы салық органдарына осы Қағидаларға 12-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша таңбалар жасап шығаруға өтінім (бұдан әрі - алдағы жылға өтінім) береді.
      7. Салық органдары күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде ақпараттық жүйе арқылы алушылар табыс еткен алдағы жылға өтінімдерді келіседі.
      Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі табыс етілмеген жағдайда салық органы алдағы жылға өтінімді келісуден бас тартады.
      8. Комитет жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 40 (қырық) күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткізушіге салық органдарымен келісілген осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға жиынтық өтінімдерді қағаз түрінде жібереді.
      9. Алкоголь өнімін немесе темекі өнімдерін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі өз қызметін алғаш немесе жаңадан бастаған алушылар ақпараттық жүйе арқылы салық органдарына осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша таңбаларды алу жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөліп өтінімдерді табыс етеді.
      Алушылар бұрын берілген өтінімдерге таңбалар түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар бар өтінімдерді салық органдарына таңбалар алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша табыс етеді.
      Салық органдары алушылар табыс еткен осы тармақта көрсетілген өтінімдерді 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде ақпараттық жүйе арқылы келіседі.
      Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі табыс етілмеген жағдайда салық органы өтінімді келісуден бас тартады.
      10. Осы Қағидалардың 6 және 9-тармақтарында көрсетілген өтінімдерді беру мерзімдері сақталмаған жағдайда салық органдары өтінімдерді қабылдамайды.
      Алушылар табыс еткен өтінімдер, оның ішінде алдағы жылға арналған өтінімдер келесі күнтізбелік жылға көшірілмейді.
      11. Комитет таңбалар алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін 20 (жиырма) күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткізушіге осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша салық органдарымен келісілген бұрын табыс етілген өтінімдерге таңбалар түрлері мен саны бөлігінде өзгерістермен және толықтырулармен жиынтық өтінімдерді, сондай-ақ өз қызметін алғаш немесе жаңадан бастаған алушылардың жиынтық өтінімдерін береді.
      12. Алкоголь өнімі мен темекі өнімдерін импорттайтын алушылардан өтінімдерді қабылдау соның негізінде акцизделетін тауарлардың осы түрлерін әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасын ұсына отырып, сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасы ұсынылған кезде жүргізіледі.
      Алушылар аталған сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесін салық органдарына береді.
      13. Таңбаларды жасап шығарғаны үшін есеп айырысуларды алушылар өтініміне сәйкес жеткізушінің есеп шотына ақша аудару жолымен таңбаларды алу жүзеге асырылатын айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөлек жүргізеді.
      14. Жеткізуші таңбаларды салық органының бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалатын салық органдарының материалдық-жауапты тұлғаларына (бұдан әрі - салық органының материалдық-жауапты тұлғасы) береді.
      15. Таңбаларды беру кезінде жеткізуші екі данада жүкқұжат жазып береді, оған жеткізуші және салық органының материалдық-жауапты тұлғасы қол қояды. Жүкқұжаттың бірінші данасы салық органдарына беріледі, екінші данасы жеткізушіде қалады.
      Бұл ретте көрсетілген жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
      1) таңбалардың берілген күні;
      2) ЕБТ сериясы, нөмірлер диапазондары және саны немесе акциздік таңбалардың түрлері мен саны.
      16. Алушылар алкоголь өніміне ЕБТ алу мақсатында салық органдарына ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕБТ-на штрих-код жапсыру үшін әрбір алушы бөлек өтініш табыс етеді.
      17. Алушыларға алкоголь өніміне арналған ЕБТ беруді салық органдарында салық органының материалдық жауапты тұлғасы ЕБТ-на тиісті штрих-код жапсырылғаннан кейін және ЕБТ-на штрих-код жапсыру үшін өтінішке ЕБТ нөмірлерінің диапазондарын таңу жүзеге асырылғаннан кейін ЕБТ-на штрих-код жапсыру үшін өтініш ақпараттық жүйе арқылы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Алушыларға темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды беруді салық органдарында салық органының материалдық жауапты тұлғасы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акциздік таңбаларды алуға өтініш қағаз түрінде және ақпараттық жүйе арқылы өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.
      18. Таңбаларды алу үшін алушы салық органдарына мынадай құжаттарды табыс етеді:
      1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбаларды алуға өтініштің түпнұсқасы қағаз түрінде және ақпараттық жүйе арқылы;
      2) алушы таңбаларды алуға уәкілетті қызметкерінің атына берген алушының мөрімен куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы;
      3) таңбаларды алушы тұлғаны жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, осындай бұйрықтың түпнұсқасын көрсете отырып;
      4) алушы қызметкерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, осындай құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып;
      5) алкоголь өнімін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан әкелген кезде алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада еткізуге немесе кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумақтарынан алкоголь өнімін әкелген кезде алкоголь өнімін импорттауға лицензияның көшірмесі;
      6) акциздердің төленгенін растайтын төлем құжаты;
      7) таңбалар үшін төлемді растайтын төлем құжаты.
      Материалдық-жауапты тұлға алушылар акциздердің төленгенін растайтын төлем құжатын (құжаттарын) көрсеткен кезде төлем құжаттарында көрсетілген төленген сомаларды салық органындағы деректермен салыстырады.
      Акциздердің сомасы толық төленбеген жағдайда (өндірілетін темекі өнімдеріне акциздерді төлеуді қоспағанда) алушыларға таңбалар берілмейді.
      19. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттар салық органдарында қалады.
      20. Алушыларға Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген және кеден одағына мүше мемлекеттер аумақтарынан импортталған алкоголь өніміне ЕБТ немесе темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды беру кезінде салық органының материалдық-жауапты тұлғасы екі данада жүкқұжат жазып береді, оған екі тарап та қол қояды. Жүкқұжаттың бір данасы алушыға беріледі, екінші данасы салық органдарында қалады.
      Аталған жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
      1) таңбалардың берілген күні;
      2) алушылардың атауы;
      3) таңбаларды алуға уәкілеттік берілген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
      4) ЕБТ сериясы, нөмірлер диапазондары және саны немесе акциздік таңбалардың түрлері мен саны;
      5) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан алкоголь өнімі әкелінген жағдайда сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) нөмірі және күні.
      21. Алушыларға кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумақтарынан импортталған алкоголь өніміне ЕБТ немесе темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды беру кезінде жүкқұжат үш данада жазып беріледі: бірінші және екінші даналары алушыларға беріледі (екінші данасы кеден органына табыс ету үшін), үшінші данасы салық органдарында қалады.
      Аталған жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
      1) таңбалардың берілген күні;
      2) алушылардың атауы;
      3) импорттауға лицензияның нөмірі;
      4) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) нөмірі мен күні;
      5) ЕБТ сериясы, нөмірлер диапазондары және саны немесе акциздік таңбалардың түрлері мен саны.
      22. Алушыларға таңбаларды беру таңбаларды жасап шығаруға өтінімдерде көрсетілген санға сәйкес жүргізіледі.

Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды есепке алу және сақтау

      23. Таңбалардың қозғалысын есепке алуды салық органының материалдық-жауапты тұлғасы осы Қағидаларға 7, 8, 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тігілетін, нөмірленетін, бірінші басшылар қол қоятын және салық органдарының мөрімен куәландырылатын есепке алу журналдарында жүргізеді.
      24. Әрбір тоқсанның 1-күніне салық органдарында бар таңбалардың нақты санын тексеруді (бұдан әрі - тізімдеме) салық органының материалдық-жауапты тұлғасы ауысқан кезде салық органының материалдық-жауапты тұлғасын қоспағанда, салық органының кемінде үш қызметкері санында салық органының бірінші басшысының бұйрығымен жыл сайын қаңтардың 10-күнінен кешіктірмей құрылатын түгендеу комиссиясы жүзеге асырады.
      25. Тізімдеме екі данада жасалады және түгендеу комиссиясының мүшелері, сондай-ақ салық органының материалдық-жауапты тұлғасы қол қояды.
      26. Таңбаларға қатаң есептілік бланкілері үшін белгіленген бухгалтерлік есеп жүргізу қағидалары қолданылады.
      27. Алушылар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен таңбалар пайдаланылғанға дейін, сондай-ақ бүлінген таңбаларды олар жойылғанға дейін оларға дұрыс есеп жүргізуді қамтамасыз етеді.
      28. Алушылар ай сайын салық органдарына осы Қағидаларға 10- қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған таңбалардың пайдаланылуы туралы есептерді табыс етеді.
      29. Таңбаларды салық органдарында сақтау сақтауға, беруге және ЕАБТ-на штрих-код жапсыруға арналған жұмыс аймақтары бар, өртке қарсы және күзет дабылы бар үй-жайларда жүзеге асырылады.
      30. Алушылар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен таңбалар пайдаланылғанға дейін, сондай-ақ бүлінген таңбаларды олар жойылғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      31. Жеткізуші осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес салық органдарының бөлінісінде қағаз түрінде берілген таңбалар туралы ай сайын есеп жасайды, оған жеткізушінің бірінші басшысы мен бас бухгалтері қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Комитетке жібереді.

Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және 
беру қағидаларына             
1-қосымша                  

нысан

__________________________________
(салық органының атауы)    
__________________________________
(салық органы басшысының аты-жөні)
__________________________________
алушының атауы, СТН/БСН     

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдерін таңбалауға арналған акциздік таңбаларды дайындауға өтінім

өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)

мың дана

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

жылына барлығы

Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбалардың түрін көрсетіңіз "парақтық" немесе "қиылған")

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















Басшы ___________________________________
               (аты-жөні)
Бас бухгалтер ___________________________
              (аты-жөні)

      М.О.

Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және 
беру қағидаларына              
2-қосымша                  
нысан                     

__________________________________
(салық органының атауы)      
__________________________________
(салық органы басшысының аты-жөні)
_________________________________
алушының атауы, СТН/БСН    

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдерін таңбалауға арналған акциздік таңбаларды дайындауға өтінім

өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)         
                                                      мың дана

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

жылына барлығы

Ескертпе ("парақтық" немесе "қиылған", Қазақстан Республикасының аумағына импортталған темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбаларды көрсетіңіз)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















Басшы ________________________
             (аты-жөні)
Бас бухгалтер ____________________
                  (аты-жөні)

М.О.

Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және  
беру қағидаларына                
3-қосымша                    
нысан                      

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдерін таңбалауға арналған акциздік таңбаларды дайындауға өтінім

өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)        
                                                      мың дана

Алушының атауы

Алушының СТН/БСН

Таңбалардың түрі (есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалар)

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

Салық департаментінің атауы


1

2

3

4

5

6

7

8

9










кестенің жалғасы

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

жиыны

Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбалардың түрін көрсетіңіз "парақтық" немесе "қиылған")



10

11

12

13

14

15

16

17









Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру
қағидаларына                   
4-қосымша                      
нысан                         

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі өнімдерін таңбалауға арналған акциздік таңбаларды дайындауға өтінім

өтінімнің түрі: (алдағы жылға, қызметін алғаш немесе жаңадан бастағандар үшін, қосымша)   
                                                  мың дана

Алушының атауы

Алушының СТН/БСН

Таңбалардың түрі (есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалар)

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

Салық департаментінің атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










кестенің жалғасы

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

жиыны

Ескертпе (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдеріне арналған акциздік таңбалардың түрін көрсетіңіз "парақтық" немесе "қиылған")



10

11

12

13

14

15

16

17









Есепке алу-бақылау таңбалары мен  
акциздік таңбаларды алу, есепке алу,
сақтау және беру қағидаларына   
5-қосымша               

нысан

________________________________ 
(салық органының атауы)    
__________________________________
(салық органы басшысының аты-жөні)

Есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыру үшін
өтініш

____________________________________________________________________
(алушының түрі: өндіруші, үшінші елдерден импорттаушы, Кеден одағының
елдерінен импорттаушы)
____________________________________________________________________
               (алушының атауы, СТН/БСН мекенжайы)

саны "___________"_______________________________________ данада
                                   (жазбаша)
есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыруды сұрайды. Есепке
алу-бақылау таңбаларының көрсетілген саны мына тауарларды шығару үшін
қажет:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(алкоголь өнімі үшін: сыйымдылығын, күштілігін, сатып алушының
атауын, құю күнін, шығу елі, өнімнің түрі мен атауын, сәйкестік
сертификатын; импорттаушылар үшін шарттың (келісімшарттың) нөмірін көрсете отырып)
      өнімінің пин-коды:______________________
      өнімнің бір бірлігінің бағасы:______________теңге
      Есепке алу-бақылау таңбаларын сатып алуға ақша
      ______________________________________________________
                       (сомасы жазбаша)
     сомасында 20 жылғы "______"_________№__________ төлем құжатымен
 
_______________________есеп шотына енгізілді
 
      акцизді төлеу үшін ақша_____________________________________
                                  (сомасы жазбаша)
 
      сомасында 20 ___ жылғы "____"_______№_______төлем құжатымен
 
________________________________есеп шотына енгізілді
 
      Басшы _________________________________________________________
                      (аты-жөні, қолы)
      Бас бухгалтер _________________________________________________
                          (аты-жөні, қолы)

Есепке алу-бақылау таңбалары мен 
акциздік таңбаларды алу, есепке алу,
сақтау және беру қағидаларына    
6-қосымша                 
нысан                    

___________________________  
(салық органының атауы)  
__________________________________
(салық органы басшысының аты-жөні)

Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды
алуға өтініш

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (алушының атауы, мекен-жайы, ЖИН/БСН)
 
саны "__________"___________________________данада
                      (жазбаша)
есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды беруді сұрайды.
Есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбаларын сатып алуға ақша
____________________________________________________________________
_______________________________________________________
                        (сомасы жазбаша)
сомасында 20_____жылғы "____"_______ № _____________төлем құжатымен
____________________________есеп шотына енгізілді
 
акцизді төлеу үшін ақша____________________________________
                                (сомасы жазбаша)
 
сомасында 20_____жылғы "_____"______ № ____________ төлем құжатымен
________________________есеп шотына енгізілді
 
Басшы
___________________________________________________________________
                 (аты-жөні, қолы)
Бас бухгалтер_______________________________________________________
                     (аты-жөні, қолы)

Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және 
беру қағидаларына            
7-қосымша                  
нысан                     

Өнім берушіден есепке алу-бақылау таңбаларын алуды
есепке алу журналы

Өнім берушіден есепке алу- бақылау таңбалары алынған күні

Алынған есепке алу-бақылау таңбаларының саны (дана)

Өнім берушіге қайтарылған есепке алу-бақылау таңбаларының саны (дана)

Жүкқұжаттың нөмірі

Салық органы материалдық-жауапты тұлғасының аты-жөні

1

2

3

4

5






Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және 
беру қағидаларына           
8-қосымша               
нысан                  

Алушыларға есепке алу-бақылау таңбаларды беруді есепке алу журналы

Есепке алу- бақылау таңбалары алынған күні

Берілген есепке алу-бақылау таңбаларының саны (дана)

Жүкқұжатты ң нөмірі

Есепке алу- бақылау таңбаларын алушының атауы не аты-жөні, СТН/БСН (болған жағдайда)

Есепке алу-бақылау таңбаларды алушының уәкілетті өкілінің аты- жөні, құжаттарының деректері (жеке куәлігінің №-мен берілген күні, алуға сенімхат)

Алушының немесе алушының уәкілетті тұлғасының қолы

1

2

3

4

5

6







Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және  
беру қағидаларына              
9-қосымша                    
нысан                      

Алушыларға акциздік таңбаларды беру журналы

Акциздік таңбалар алынған күні

Алынған акциздік таңбалардың саны (дана)

Жүкқұжатты ң нөмірі

Акциздік таңбалардың берілген күні

Акциздік таңбаларды алушының атауы не аты- жөні, СТН/БСН (болған жағдайда)

Акциздік таңбаларды алушының уәкілетті өкілінің аты-жөні, құжаттарының деректері (жеке куәлігінің №-мен берілген күні, алуға сенімхат)

1

2

3

4

5

6







Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік 
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру
қағидаларына                 
10-қосымша                  
нысан                      

20_____жылдың___________жағдай бойынша
   (айы)
алушылар алған және пайдаланған есепке алу-бақылау
таңбаларының есебі

дана

Алушының атауы не аты-жөні, СТН/БСН (болған жағдайда)

Есепті кезеңнің басына қалғаны

Есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалары алынды

Есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалары пайдаланылды

Есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалары бүлінді

Есепке алу- бақылау немесе акциздік таңбалары жойылды

Есепті кезеңнің соңына қалғаны

1

2

3

4

5

6

7








Басшы_______________________
        (аты-жөні, қолы)
Бас бухгалтер_______________________
                (аты-жөні, қолы)

М.О.

Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік
таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру
қағидаларына                 
11-қосымша                  
нысан                       

Салық органдарының бөлінісінде берілген есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбалар туралы есеп

дана

Салық органы

Есепке алу-бақылау таңбалары мәлімделді

Есепке алу-бақылау таңбалары үшін төленді

Есепке алу-бақылау таңбалары берілді

1

2

3

4





Басшы _________________________
        (аты-жөні, қолы)
Бас бухгалтер _______________________
                (аты-жөні, қолы)

      М.О.