Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 458 Қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 449 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.10.2013 № 1088 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 41-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан  Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 4-бабы 1-тармағының 50-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі есебіне және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлға болып айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.10.2013 № 1088 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов