"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидалары және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (С.Ғ. Әубәкіров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Ұйымдардың жұмыскерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламасының мазмұны мен қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 303 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 тамызда № 7132 тіркелген, 2011 жылғы 4 қазандағы № 474-478 (26870) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Божко |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен бекітілген |
Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 16.09.2015 № 777 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ереже
1. Осы Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидалары және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленген және ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібін және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Ұйымдардың қызметкерлерін оқыту тәртібі және өрт
қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының
мазмұнына қойылатын талаптар
2. Ұйымдарда жұмыс істейтін халықты оқыту өртке қарсы нұсқама және өрт-техникалық минимум түрінде жүзеге асырылады.
3. Ұйымдарда өртке қарсы нұсқама қызметкерлерге өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын жеткізу, өндірістер мен жабдықтың технологиялық процестерінің өрт қауіптілігін, өртке қарсы қорғауқұралдарын, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда олардың әрекет етуін зерделеу мақсатында жүргізіледі.
4. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқама және сабақтар көрнекі құралдармен жабдықталған үй-жайда өткізіледі.
5. Өртке қарсы нұсқама осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Өртке қарсы нұсқаманың үлгі бағдарламасы бойынша (бұдан әрі - Бағдарлама) ұйым басшысы немесе өрт қауіпсіздігіне жауапты адам жүргізеді.
Өртке қарсы нұсқаманы жүргізу кезінде ұйым қызметінің ерекшелігі ескеріледі.
6. Өртке қарсы нұсқама ұйымның қызметкерлерін "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 61-бабының талаптарымен таныстыруды қамтиды.
7. Сипаты және өткізу уақыты бойынша өртке қарсы нұсқама: кіріспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс және мақсатты болып бөлінеді.
8. Кіріспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс және мақсатты өртке қарсы нұсқамалар, Өрт-техникалық минимумды жүргізу бағдарламалары ұйым басшысымен бекітіледі.
9. Кіріспе, алғашқы, қайта, жоспардан тыс, мақсатты өртке қарсы нұсқамалардың жүргізілгені және қызметкерді жұмысқа жіберілгені туралы жазба өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізуді есепке алу журналына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылады.
10. Кіріспе өртке қарсы нұсқама:
1) біліміне, кәсібі (лауазымы) бойынша жұмыс өтіліне қарамастан, жаңадан қабылданған барлық қызметкерлермен;
2) уақытша және маусымдық қызметкерлермен;
3) өндірістік оқуға немесе практикаға келген білім алушылармен және студенттермен жүргізіледі.
11. Кіріспе және алғашқы өртке қарсы нұсқама Заңының 61-бабының талаптарын ескере отырып, бағдарлама бойынша жүргізіледі.
12. Кіріспе өртке қарсы нұсқама қызметкер алған ұйымда белгіленген өртке қарсы режимді сақтау дағдысы мен білімін тексерумен, өрт шыққан кездегі іс-қимылдарды практикалық жаттығумен және өрт сөндіру құралдары мен өртке қарсы қорғаныс жүйелерін білуін тексерумен аяқталады.
13. Кіріспе нұсқамадан өтпеген адамдар қызметтік міндеттерін атқаруға жіберілмейді.
14. Алғашқы өртке қарсы нұсқама өндірістік объектілерде, сақтау және сауда объектілерінде, сондай-ақ адамдар жаппай болатын объектілерде тікелей жұмыс орнында жүзеге асырылады.
15. Алғашқы өртке қарсы нұсқама:
1) барлық жаңадан қабылданған қызметкерлермен;
2) бір бөлімшеден басқасына ауысқан қызметкерлерімен;
3) ауысқан жағдайда, олар үшін жаңа жұмысты орындайтын қызметкерлермен, іссапарға жіберілген уақытша қызметкерлермен;
4) маусымдық қызметкерлермен;
5) ұйым аумағында құрылыс-монтаждау жұмысты орындайтын құрылыс саласының мамандарымен;
6) өндірістік оқуға немесе практикаға келген білім алушылармен және студенттермен жүргізіледі.
16. Алғашқы өртке қарсы нұсқама алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануды, өрт шыққан кездегі іс-қимылдарды, эвакуациялау қағидаларын, зардап шеккендерге көмек көрсетуді практикалық көрсете және дадылануын пысықтай отырып, әрбір қызметкермен жеке-жеке жүргізіледі, сондай-ақ біртекті жабдыққа қызмет көрсететін адамдар тобымен және жалпы жұмыс орнының шегінде жүргізіледі.
17. Өртке қарсы қайта нұсқама ұйым басшысы бекіткен сабақтарды өткізу кестесіне сәйкес мынадай кезеңділікпен жылына кемінде 1 рет жүргізіледі:
1) білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау объектілерде – кемінде жарты жылда бір рет;
2) өндірістік объектілерде, сақтау және сауда объектілерінде, адамдар көп жиналатын объектілерде – жылына бір рет;
3) адамдар көп жиналатын объектілерге жатпайтын қоғамдық ғимараттарда – 2 жылда бір рет.
18. Өртке қарсы қайта нұсқаманы жеке немесе жалпы жұмыс орнының шегінде біртекті жабдыққа қызмет көрсететін адамдар тобы жүргізеді.
19. Өртке қарсы қайта нұсқама барысында өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуі, эвакуациялау жолдарын, өрт туралы хабарлау жүйелерін және адамдарды эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды білуі тексеріледі.
20. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқама:
1) өндірістің технологиялық процесін өзгеру, жабдықты, құралдарды, негізгі шикізатты, материалдарды ауыстыру немесе жаңғырту кезінде;
2) ұйым қызметкерлері өрттің шығуына әкелген немесе әкелуі мүмкін өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған кезде;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың лауазымды адамдары ұйымға өрт-техникалық тексеру жүргізу барысында ұйым қызметкерлерінің білімінің жеткіліксіз екенін анықтаған кезде олардың ұйғарымы (тексеру нәтижелері туралы акт) бойынша өрт қауіпсіздігі шараларын қосымша зерделеу үшін;
4) ұқсас өндірістерде, ғимараттар мен құрылыстарда шыққан өрттер туралы ақпараттық материалдар келіп түскен кезде;
5) ұйым қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын қанағаттанарлықсыз білу фактілері анықталған кезде жүргізіледі.
21. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаманы жеке немесе ортақ жұмыс орны шегінде біртекті жабдықтарға қызмет көрсететін қызметкерлер жүргізеді. Жоспардан тыс өртке қарсы нұсқаманың мазмұны әрбір нақты жағдайда оны өткізудің қажеттілігінен туындаған себептер мен жағдайларға байланысты анықталады.
22. Мақсатты өртке қарсы нұсқама:
1) жоғары өрт қауіптілігімен және басқа да отты жұмыстармен (ашық отты пайдаланатын, ұшқын түзетін, газ-ауа, бу-ауа және тозаң-ауа қоспаларының, өзге де жанғыш заттардың (электрмен және газбен дәнекерлеу, бензинмен кесу, дәнекерлеу шамдарын, факелдерді, шілтерлерді пайдаланатын жұмыстар, битум қайнату және жылу мен ұшқын шығаратын басқа да жұмыстар) тұтануы (өздігінен тұтануы) мүмкін температураға дейін жабдықты, аспапты, материалдарды қыздыратын жұмыспен) байланысты біржолғы жұмыстарды орындау кезінде;
2) төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде;
3) рұқсат-наряд ресімделетін жұмыстарды жүргізу кезінде, жарылыс қауіпті өндірістерде отты жұмыстарды жүргізу кезінде;
4) ұйымдар мен өндірістерде экскурсиялар жүргізу кезінде;
5) адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға дайындық кезінде жүргізіледі.
23. Мақсатты өртке қарсы нұсқама қызметкерлердің ұйымдарда алған белгіленген өртке қарсы сақтау дағдылары мен білімдерін тексеру, өрт туындаған кездегі іс-қимылдарға практикалық машықтануы және өрт сөндіру құралдарын және өртке қарсы қорғау жүйесін білулерін тексеру арқылы аяқталады.
24. Қанағаттандырарлықсыз білімін көрсеткен адамдар өздігінен жұмысқа шығуына жол берілмейді және нұсқамадан қайта өтеді.
25. Өрт қауіпсіздігі саласындағы, өртке қарсы режим, ұйымның технологиялық процесі мен өндірісінің өрт қауіптілігі, сондай-ақ ұйымда өрт шыққан кезде өрттің алдын алу, өрт кезінде адамдардың өмірін, денсаулығын және мүлікті сақтау бойынша практикалық дағдыларды машықтандыруға мүмкіндік беретін тәсілдер мен іс-қимылдар бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білу көлемінде өрт-техникалық минимумге оқытуға осы Қағидалардың 28 және 29-тармақтарында келтірілген адамдар жатады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1035 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Осы қағидалардың 28-тармағында көрсетілген, ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерін өндірістен қол үзіп, өрт-техникалық минимумына оқыту жұмысқа қабылдағаннан кейін бір ай ішінде және кейіннен соңғы оқытудан өткен күнінен бастап үш жылда кемінде бір рет өткізіледі.
Өндірістен қол үзбей өрт-техникалық минимумына оқыту бір жылда кемінде бір рет өткізіледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1035 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Өрт-техникалық минимумын оқыту өндірістен қол үзіп және өндірістен қол үзбей ұйымдастырады.
28. Оқу орталықтарында өндірістен қол үзіп өрт-техникалық минимумын оқытудан:
1) ұйымдардың басшылары;
1-1) өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауаптылар;
2) объектінің функционалдық мақсатына байланысты емес қызметті жүзеге асыратын қосалқы персоналды қоспағанда, жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б өндірісіндегі санаттарымен үй-жайлары, ғимараттары, құрылыстары мен қондырғылары бар объектілердің жұмыскерлері;
3) электрмен-газбен дәнекерлеу жұмыстарын, бензокескішті, желімді, мастиканы, полимерлік материалдарды, дәнекерлеу лампаларын, алауларды, жанарғыларды, битумды қолданатын жұмыстарды, сондай-ақ жылу мен ұшқын бөлетін жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер;
4) басшының шешімімен жұмысшылар өтеді.
4) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты жұмыскерлер;
5) Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарынан басқа, адамдар жаппай жиналатын объектілердің өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты жұмыскерлер, оның ішінде жекелеген жұмыс учаскелерінің жұмыскерлері.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1035 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.29. Өндірістен қол үзбей өрт-техникалық минимумын оқытудан:
1) алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1035 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2) ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері;
3) педагогикалық қызметкерлер;
4) электриктер;
5) жеке меншік күзет ұйымдарының күзетшілерінен басқа, ұйымдарды күзетуді жүзеге асыратын қызметкерлер;
6) алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1035 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;7) адамдар жаппай жиналатын объектілердің жұмыскерлері, осы Қағидарлардың 28-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жұмыскерлерді қоспағанда.
Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1035 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқытуды оқу орталықтарында оқудан өткен, ұйым басшысы немесе өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам тікелей ұйымда жүргізеді.
31. Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар мыналарды қамтиды:
1) өрт-техникалық минимумына оқыту бағдарламасы, сағат саны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кәсіби қызметінің ерекшелігін, лауазымы бойынша міндеттерді атқару ерекшеліктерін және салалық құжаттардың ережелерін ескере отырып, білім алушылардың әр санаты үшін жасалады;
2) материалдарды қалыптастыру кезінде өрт-техникалық минимумы бойынша оқыту кәсіби қызмет ерекшелігін ескере отырып, білім алушылардың әр санаты үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер басшылыққа алынады;
3) практикалық сабақтарды өткізу кезінде алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануға, өрт шыққан кездегі іс-қимылдарды пысықтауға, эвакуациялау және зардап шеккендерге көмек көрсетуге оқыту кезінде қолдануы тиіс.
32. Өндірістен қол үзіп, өрт-техникалық минимумын оқыту аяқталғаннан кейін құрамын оқу орталықтарының басшысы белгілейтін кемінде үш адамнан құрылған біліктілік комиссиясы өрт қауіпсіздігі талаптарын білуіне тексеруді, бейне тіркеу құралдарын пайдалана отырып жүргізеді.
Өндірістен қол үзбей өрт-техникалық минимумын оқыту аяқтаған жұмыскерлердің білімін тексеруді өрт-техникалық минимум көлемінде өрт қауіпсіздігі саласындағы білімін тексеру бойынша біліктілік куәлігін бермей, қызмет қажеттілігіне қарай, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты жұмыскерді қоса ұйым жұмыскерлері құрамынан тұратын комиссия жүзеге асырады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1035 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1035 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
34. Емтихан соңында тестілеудің және (немесе) ауызша емтиханның нәтижелері бойынша құрастырылған осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт-техникалық минимумы көлемінде өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерді тексеру жөніндегі біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасына біліктілік комиссиясының мүшелерімен қол қойылады.
35. Емтихандарды ойдағыдай тапсырған адамдарға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орталығының басшысы қол қойылған өрт-техникалық минимум көлемінде өрт қауіпсіздігі саласындағы білімін тексеру бойынша біліктілік куәлігі беріледі.
36. Емтихан тапсыра алмаған адам біліктілік емтиханның нәтижесі бойынша емтиханнан өтпеген адам деп танылып, сол күннен бастап бір айдан кешіктірмей қайта тапсырады. Қайта тексеруге дейін қызметкер дербес жұмыс істеуге жіберілмейді.
3. Жұмыспен қамтылмаған халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібі
37. Жұмыспен қамтылмаған халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту:
1) оқу кезінде "Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздік негіздері" курсы шеңберінде тиісті бағдарламалар бойынша жалпы білім беру мекемелерінде, ал "Тіршілік әрекеттері қауіпсіздігі" бағдарламасы бойынша арнайы орта және жоғары оқу орындарында сабақтар өткізуді;
2) өрт-техникалық орталықтары базаларында дәрістер, әңгімелесулер, оқу фильмдерін қарау, тақырыптық кештер, экскурсиялар, жалпы білім беру мекемелерінде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқудан тыс кезде конкурстар, өртке қарсы тақырыпта викториналар өткізуді;
3) жарылыс, өрт қауіпті заттар мен материалдарды қолдануға, үй-жайларда адамдар жаппай болатын мәдени және спорттық іс-шаралар өткізуге байланысты сабақтар басталмас бұрын өртке қарсы нұсқаманы;
4) мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің халықпен әңгімелесулер, дәрістер өткізуді, оқу фильмдерін қарауды;
5) халықты тұрғылықты жері бойынша оқулар мен жаттығуларға қатысу үшін тартуды;
6) мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында ақпаратты, қоғамдық орындарда, теледидар және радиоарналарында әлеуметтік жарнаманы орналастыруды;
7) қоғамдық орындарда, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде билбордтарды, баннерлерді орнатуды, бейне және аудио сөз сөйлеулерді көрсетуді қамтиды.
38. Халықты оқыту кезінде жыл мезгілі мен ауа райы жағдайларына байланысты өрт қауіптілігінің өзгеруі ескеріледі.
39. Күзгі-қысқы кезеңде оқу жылыту және жылу беру қондырғылары мен электр құралдарын пайдалану мәселелері бойынша жүргізіледі.
40. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жыл сайын жылу беру маусымы алдында елді мекендерде өрт қауіпсіздігі айлығын жүргізеді.
41. Көктемгі кезеңде халықпен қоқысты, қалдықтарды және бос ыдысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы әңгімелесулер мен нұсқамалар жүргізеді.
42. Жазғы кезеңде орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі талаптары туралы нұсқамалар жүргізіледі.
Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарға 1-қосымша |
Өртке қарсы нұсқаманың үлгі бағдарламасы
1. Өрт және жарылыс қауіптілігі жағдайлары бойынша ұйымның (өндірістің) ерекшелігі мен өзгешіліктері туралы жалпы мәліметтер.
2. Қызметкерлердің міндеттері және олардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға жауапкершілігі.
3. Ұйымдағы өртке қарсы режиммен таныстыру.
4. Өртке қарсы режимді сақтау жөніндегі бұйрықтармен, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамалармен таныстыру.
5. Өрттің алдын алу және оны сөндіру бойынша жалпы шаралар:
құрылымдық бөлімшелердің, цехтарды, учаскелердің басшылары үшін (гидранттар мен ішкі өрт крандарын тексеру және сынау, өрт сөндіргіштерді, автоматты өрт сөндіру және дабыл құралдарын зарядтау мерзімдері, цех немесе учаске персоналын алғашқы нұсқамадан өткізу бағдарламасымен таныстыру, жеке және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тағы басқа да өрт қауіпсіздігі талаптары мен қағидалары);
қызметкерлер үшін (жану немесе өрт кезіндегі іс-әрекеттер, өрт туралы өрт сөндіру бөліміне және тікелей басшыға хабарлау, жануды немесе өртті сөндіру тәсілдері мен құралдары, жеке және ұжымдық қауіпсіздік құралдары мен шаралары, объектіде белгіленген өртке қарсы режимді білу және сақтау).
6. Алғашқы өрт сөндіру құралдарының, гидранттардың, су қоры мен құм, эвакуациялау жолдары мен шығу жолдарының орналасу орындарымен танысу (эвакуациялау жоспарына сәйкес). Тиісті үй-жайлар мен аумақтарды аралау.
7. Қолданылатын шикізаттың, материалдардың және дайындалатын өнімнің өрт қауіпті қасиеттері. Технологиялық үдерістің өрт қауіптілігі.
8. Өрт сөндіргіштердің түрлері және оларды өрттің сыныбына (жанғыш заттың түріне, жабдықтың ерекшелігіне) қарай қолдану.
9. Электр қондырғылары мен өндірістік жабдықты сөндіру кезіндегі талаптар. Өрт кезінде және эвакуациялау жолында қою түтіндеген кезде нұсқамадан өтушінің жүріс-тұрысы мен іс-қимылы.
10. Өрт туралы хабарлау тәсілдері. Өрт шыққан кездегі жеке қауіпсіздік шаралары. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдері.
11. Практикалық сабақ.
Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарға 2-қосымша |
нысан
(ұйымның атауы)
Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізуді есепке алу
№ ___журналы
Журналды жүргізуді бастаған күні 20 __ ж. "___" _____
Журнал жүргізуді аяқтаған күні 20 __ ж. "___" _______
(ішкі жағы)
р/с № | Нұсқаманы өткізген күні | Нұсқамадан өтушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Нұсқамадан өтушінің лауазымы (кәсібі) | Нұсқама түрі | Нұсқаманы өткізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Нұсқаманы өткізген адамның лауазымы | Нұсқамадан өтушінің қолы | Нұсқаманы өткізген адамның қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ескертпе:
өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамаларды өткізуді есепке алу журналы нұсқамалардың барлық түрлеріне немесе ұйым басшысының шешімі бойынша нұсқаманың әр түрі үшін бөлек ресімделеді.
Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарға 3-қосымша |
Өрт-техникалық минимумына міндетті оқытылатын
қызметкерлер тізбесі
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1035 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарға 4-қосымша |
1-тарау. Оқу орталықтарында оқитындар үшін өрт-техникалық минимумға оқытудың оқу бағдарламалары (өндірістен қол үзіп)
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1035 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Ұйым басшыларына арналған тақырыптық жоспар және үлгі оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1 | Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер | 1 |
2 | Ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері | 2 |
3 | Эвакуациялық жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары | 1 |
4 | Ұйымдағы өртке қарсы қорғау жүйелері туралы жалпы мәліметтер | 1 |
5 | Өрт кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеттері | 1 |
6 | Практикалық сабақтар | 1 |
7 | Сынақ қабылдау | 1 |
Жалпы сағат саны | 8 |
1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер
Өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын бұзғаны және (немесе) орындамағаны үшін өрт жауапкершілігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу.
2-тақырып. Ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері
Қызметкерлерді өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту, құжаттаманы жүргізу. Өртке қарсы нұсқама және өрт-техникалық минимум. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар. Өртке қарсы іс-шараларды әзірлеу тәртібі. Ұйым қызметкерлерімен практикалық сабақтар. "Өртке қарсы режим" термині түсінікы. Объектінің, жертөле және шатыр үй-жайлары аумағындағы өртке қарсы режим, үй-жайларды ұстау.
3-тақырып. Эвакуациялық жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
Эвакуациялық жолдары. Эвакуациялық жолдары мен эвакуациялық шығу жолдарын анықтау. Эвакуациялық жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Эвакуациялық жолдарының түтінденуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланылатын объектілерде өрт болған жағдайда эвакуациялау жоспары. Өрт кезінде адамдарды эвакуациялау туралы шұғыл құлақтандыру жүйесі. Адамдарды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығуларды ұйымдастыру.
4-тақырып. Ұйымдағы өртке қарсы қорғау жүйелері туралы жалпы мәліметтер
Бастапқы өрт сөндіру құралдары. Өртсөндіргіш құрылғысы, оның тактикалық-техникалық сипаттамалары мен пайдалану қағидалары.
Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау және өртке қарсы ішкі су құбыры, мақсаты, орнатылуы. Өрт крандары, оларды орналастыру және бақылау. Өрт кезінде пайдалану қағидалары.
Автоматты өрт сөндіру және сигнализация жүйелерінің мақсаты, қолданылу саласы. Өрт сигнализациясы станцияларының, өрт хабарлағыштарының жіктелуі, негізгі параметрлері. Монтаждау және пайдалану қағидалары. Техникалық қызмет көрсету және жүйелердің жұмысқа жарамдылығын бақылау. Өрт сөндіру жүйелерінің әрекет ету принципі, орнатылуы: су, көбік, газ және ұнтақ.
Түтінге қарсы қорғау қондырғыларының мақсаты, түрлері, негізгі элементтері. Түтінге қарсы қорғау жүйелеріне қойылатын нормалар мен қағидалар талаптары. Түтінге қарсы қорғау жүйелерін пайдалану және оларды тексеру.
5-тақырып. Өрт кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеттері
Өрттің өршуінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін, өрт сөндіруді, өрт қауіпті және құнды заттар мен материалдарды, адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру. Өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуі. Өрттің таралуын болдырмау шаралары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-қимылдар.
6-тақырып. Практикалық сабақтар
Өрттің модельдік ошағында өртсөндіргішпен практикалық танысу және онымен жұмыс істеу. Өрт кранын пайдалану бойынша жаттықтыру. Өртке қарсы қорғау жүйелерімен практикалық танысу. Адамдарды эвакуациялау бойынша жаттықтырулар.
Сынақ қабылдау. Өрт-техникалық минимум білімін тексеру
2. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерге арналған тақырыптық жоспар және үлгі оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1 | Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер | 1 |
2 | Заттар мен материалдардың жану және өрт-жарылыс қауіпті қасиеттері, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы түсінік | 1 |
3 | Ұйымдағы өрт қауіптілігі | 1 |
4 | Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Негізгі нормативтік құжаттама | 1 |
5 | Эвакуациялық жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары | 1 |
6 | Ұйымдағы өртке қарсы қорғау жүйелері туралы жалпы мәліметтер | 1 |
7 | Ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері | 1 |
8 | Өрт кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеттері | 2 |
9 | Практикалық сабақтар | 1 |
10 | Сынақ қабылдау | 2 |
Жалпы сағат саны | 12 |
1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер
Өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұзғаны және (немесе) орындамағаны үшін өрт жауапкершілігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу.
2-тақырып. Заттар мен материалдардың жану және өрт-жарылыс қауіпті қасиеттері, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы түсінік
Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылыс-өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Өрт-жарылыс қауіптілігі бойынша үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды және технологиялық процестерді санаттау және жіктеу. Жанғыш топтары бойынша құрылыс материалдарының жіктелуі. Отқа төзімділік шегі және оттың таралу шегі туралы түсінік. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы түсінік. Конструкцияларды өрттен қорғау тәсілдері.
3-тақырып. Ұйымдағы өрт қауіптілігі
Өндірістің өрт қауіптілігін регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Жылу беру және желдету жүйелерін құру кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.
Электр тогынан өрттердің пайда болу себептері және олардың алдын алу шаралары. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың жіктелуі. Найзағайдың тікелей соққысының және оның жанама көріністерінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстардың найзағайдан қорғау санаттары. Найзағайдан қорғауды орнату бойынша негізгі ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі. Алдын алу шаралары.
4-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
От жұмыстарының түрлері және олардың өрт қауіптілігі. От жұмыстарын жүргізудің тұрақты және уақытша бекеттері. Адамдарды от жұмыстарына жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Электр газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ жарылыс-өрт қауіпті үй-жайларда басқа да от жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.
Тез тұтанатын сұйықтықтың, жанғыш сұйықтықтың, жанғыш газдың өрт қауіпті қасиеттері. Жалпы объектілік қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтық тарату қоймаларында тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Жұмыс орындарында, бояу және басқа да өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде тез тұтанатын сұйықтықты, жанғыш сұйықтықты, жанғыш газды қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.
5-тақырып. Эвакуациялық жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
Эвакуациялық жолдары. Эвакуациялық жолдары мен эвакуациялық шығу жолдарын анықтау. Эвакуациялық жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Эвакуациялық жолдарының түтінденуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланылатын объектілерде өрт болған жағдайда эвакуациялау жоспары. Өрт кезінде адамдарды эвакуациялау туралы шұғыл құлақтандыру жүйесі. Адамдарды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығуларды ұйымдастыру.
6-тақырып. Ұйымдағы өртке қарсы қорғау жүйелері туралы жалпы мәліметтер
Бастапқы өрт сөндіру құралдары. Өртсөндіргіштердің орнатылуы, тактикалық-техникалық сипаттамалары және оларды пайдалану ережелері.
Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау және өртке қарсы ішкі су құбыры, мақсаты, құрылысы. Өрт крандары, оларды орналастыру және бақылау. Өрт кезінде пайдалану ережелері.
Автоматты өрт сөндіру және сигнал беру жүйелерінің мақсаты, қолданылу саласы. Өрт сигнализациясы станцияларының, өрт хабарлағыштарының жіктелуі, негізгі параметрлері. Монтаждау және пайдалану ережесі. Техникалық қызмет көрсету және жүйелердің жұмысқа жарамдылығын бақылау. Өрт сөндіру жүйесінің әрекет ету принципі, орнатылуы: су, көбік, газ және ұнтақ.
Түтінге қарсы қорғау қондырғыларының мақсаты, түрлері, негізгі элементтері. Түтінге қарсы қорғау жүйелеріне қойылатын нормалар мен ережелердің талаптары. Түтінге қарсы қорғау жүйелерін пайдалану және тексеру.
7-тақырып. Ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері
Өрт-техникалық комиссиялар. Қызметкерлерді өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту. Өртке қарсы нұсқама және өрт-техникалық минимум. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар. Өртке қарсы іс-шараларды әзірлеу тәртібі. Ұйым қызметкерлерімен практикалық сабақтар. Өртке қарсы насихат. Өрт қауіпсіздігінің бұрыштары.
"Өртке қарсы режим" термині түсінікы. Объектінің, жертөле және шатыр үй-жайлары аумағындағы өртке қарсы режим, үй-жайларды ұстау.
8-тақырып. Өрт кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеттері
Өрттің өршуінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін, өрт сөндіруді, өрт қауіпті және құнды заттар мен материалдарды, адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру. Өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуі. Өрттің таралуын болдырмау шаралары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-қимылдар.
9-тақырып. Практикалық сабақтар
Өрттің модельдік ошағында өртсөндіргішпен практикалық танысу және жұмыс істеу. Өрт кранын пайдалану бойынша жаттықтыру. Өртке қарсы қорғау жүйелерімен практикалық танысу. Адамдарды эвакуациялау бойынша жаттығулар.
Сынақ қабылдау. Өрт-техникалық минимум білімін тексеру
3. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, Б өндірістік санаттары бар үй-жайлары, ғимараттары, құрылыстары мен қондырғылары бар қызметкерлер, объектілер үшін тақырыптық жоспар және үлгі оқу бағдарламасы (объектінің функционалдық мақсатына байланысты емес қызметті жүзеге асыратын қосалқы персоналды қоспағанда)
№ р/с | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1 | Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар | 1 |
2 | Заттар мен материалдардың жану және өрт-жарылыс қауіпті қасиеттері, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы түсінік | 1 |
3 | Ұйымдағы өрт қауіптілігі | 1 |
4 | Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары | 1 |
5 | Эвакуациялық жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары | 1 |
6 | Өртке қарсы жабдықтар мен мүкәммал, оларды өрт кезінде пайдалану тәртібі | 2 |
7 | Қызметкерлердің өрт кезіндегі іс-әрекеттері | 1 |
8 | Практикалық сабақтар | 2 |
9 | Сынақ қабылдау | 2 |
Жалпы сағат саны | 12 |
1-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. От жұмыстарын жүргізу кезіндегі объектілік нұсқаулықтар, бұйрықтар, ұйым басшысының өкімдері.
2-тақырып. Заттар мен материалдардың жану және өрт-жарылыс қауіпті қасиеттері, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы түсінік
Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылыс-өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды санаттау. Құрылыс материалдарының өрт қауіптілігі бойынша жіктелуі. Отқа төзімділік шегі және оттың таралуы туралы түсінік. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы түсінік. Материалдар мен конструкцияларды өрттен қорғау тәсілдері.
3-тақырып. Ұйымдағы өрт қауіптілігі
Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Электр тогынан өрттердің пайда болу себептері және олардың алдын алу шаралары. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың жіктелуі. Найзағайдың тікелей соққысының және оның жанама көріністерінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстардың найзағайдан қорғауды және жерге тұйықтауды орнату. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі, алдын алу шаралары.
4-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
От жұмыстарының түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Адамдарды от жұмыстарына жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Электр газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өндірістік үй-жайларда басқа да от жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.
Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың, жанғыш газдардың өрт қауіпті қасиеттері. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды пайдалану, сақтау және тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
5-тақырып. Эвакуациялық жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
Эвакуациялық жолдары мен эвакуациялық шығу жолдарын анықтау. Эвакуациялық жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Эвакуациялық жолдарының түтінденуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланылатын объектілерде өрт болған жағдайда эвакуациялау жоспары. Өрт кезінде адамдарды эвакуациялау туралы шұғыл құлақтандыру жүйесі. Адамдарды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығуларды ұйымдастыру.
6-тақырып. Өртке қарсы жабдықтар мен мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі
Өртке қарсы жабдықтар мен мүкәммалдың түрлері және олардың қолданылу саласы. Мақсаты және орнатылуы. Бастапқы өрт сөндіру құралдары. Мақсаты, техникалық сипаттамасы, жұмыс тәртібі және олардың орналасқан жері. Сумен жабдықтау көздері. Ішкі өрт крандары.
7-тақырып. Қызметкерлердің өрт кезіндегі іс-әрекеттері
Өрттің өршуінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өртті сөндіруді ұйымдастыру. Өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуі. Өрттің таралуын болдырмау шаралары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-қимылдар.
8-тақырып. Сынақ қабылдау
Өрттің модельдік ошағында өртсөндіргішпен практикалық танысу және жұмыс істеу. Өрт кранын пайдалану бойынша жаттықтыру. Өртке қарсы қорғау жүйелерімен практикалық танысу. Адамдарды эвакуациялау бойынша жаттығулар.
Сынақ қабылдау. Өрт-техникалық минимум білімін тексеру
4. Қызметкерлерге арналған тақырыптық жоспар және үлгі оқу бағдарламасы, бензокескішті, желімді, мастиканы, Полимерлік материалдарды, дәнекерлейтін лампалардарды, алауларды, жанарғыларды, битумды пайдалана отырып, электр-газ дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ күл мен ұшқын бөлінуімен бірге болатын жұмыстарды орындайтын адамдар
№ р/с | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1 | Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар | 2 |
2 | Өрт қауіпті жұмыстардың түрлері мен жүргізу тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі | 1 |
3 | Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары | 1 |
4 | Жарылыс-өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда от жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігінің ерекшеліктері | 1 |
5 | Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары | 1 |
6 | Өртке қарсы жабдықтар мен мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі | 1 |
7 | Өрт кезіндегі іс-әрекеттері | 1 |
8 | Практикалық сабақтар | 2 |
9 | Сынақ қабылдау | 2 |
Жалпы сағат саны | 12 |
1-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. От жұмыстарын жүргізу кезіндегі объектілік нұсқаулықтар, бұйрықтар, ұйым басшысының өкімдері.
2-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстардың түрлері мен оларды жүргізу тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі
Электр газбен дәнекерлеу және дәнекерлеу жұмыстары, металдарды кесу, желімдермен, мастикалармен, битумдармен, полимерлермен және басқа да жанғыш материалдармен жұмыс істеу. Оларды жүргізу тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі.
3-тақырып. Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары
Өндірістегі өрттердің негізгі себептері және электр газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу: жұмыс жүргізу қағидаларын бұзу, электр газбен дәнекерлеу жабдықтарының ақаулығы, оларды аяқтау бойынша жұмыс жүргізу орындарына бақылаудың болмауы. От жұмыстарын жүргізу орындарын дайындау, жүргізу, бақылау процесінде, сондай-ақ олардың аяқталуы бойынша өрттердің алдын алу жөніндегі шаралар.
4-тақырып. Жарылыс-өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда от жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігінің ерекшеліктері
Тез тұтанатын, жанғыш сұйықтықтар, жанғыш газ ыдыстарымен жұмыс жүргізу кезінде қысыммен тұрған қондырғыларда оларды алдын ала дайындамай от жұмыстарын жүргізу.
5-тақырып. Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары
Жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын газдардың өрт қауіптілігі. Сығылған және сұйылтылған газдарға арналған баллондармен жұмыс істеу ерекшеліктері. Кальций карбидінің тасымалдау кезіндегі қасиеттері, сақтау және қолдану ережелері. Ацетиленді генераторлар, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Ацетилен аппараттары мен газдары бар баллондардың орналасу орындары, оларды ашық оттан және басқа да жылу көздерінен қорғау. Газ шығаратын шлангтарды сынау және тексеру тәртібі. Электрмен дәнекерлеу аппараттары, оларға қойылатын негізгі талаптар. Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы-алдын ала жөндеу. Дәнекерлеу аппараттарын қосу, кабельдерді қосу. Дәнекерлеу кезінде қолданылатын электродтар, "ұстаушыларға" қойылатын талаптар.
6-тақырып. Өртке қарсы жабдықтар мен мүкәммал, өрт кезінде пайдалану тәртібі
Өртке қарсы жабдықтар мен мүкәммалдың түрлері және қолданылу саласы. Мақсаты және орнатылуы. Бастапқы өрт сөндіру құралдары. Мақсаты, техникалық сипаттамасы, жұмыс тәртібі және олардың орналасқан жері. Сумен жабдықтау көздері. Ішкі өрт крандары.
7-тақырып. Өрт кезіндегі іс-әрекеттері
Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өртті сөндіру тәсілдері. Өрттің таралуын болдырмау шаралары. Эвакуациялау жолдары мен тәртібі.
8-тақырып. Практикалық сабақтар
Өрттің модельдік ошағында өртсөндіргішпен практикалық танысу және жұмыс істеу. Түтін, жану, өрт анықталған кездегі іс-әрекеттерді пысықтау. Ұйымнан эвакуациялау бойынша практикалық сабақ.
Сынақ қабылдау. Өрт-техникалық минимум білімін тексеру
5. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты қызметкерлерге арналған тақырыптық жоспар және үлгі оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1 | Өрт автоматикасы жүйелерінің жіктелуі мен негізгі параметрлері | 1 |
2 | Күзет-өрт сигнализациясы | 1 |
3 | Хабарлағыштардан ақпаратты жинау және өңдеу жүйелерін жіктеу | 1 |
4 | Өрт-күзет сигнализациясы жүйелерін монтаждау | 1 |
5 | Күзет-өрт сигнализациясы жүйелерін жөндеу және баптау | 1 |
6 | Өрт сөндіру жүйелерін пайдалану және орнату | 1 |
7 | Су, төмен және орташа еселік көбікпен өрт сөндіру қондырғылары | 1 |
8 | Автономды өрт сөндіру қондырғылары | 1 |
9 | Газдық өрт сөндіру қондырғылары | 1 |
10 | Практикалық сабақтар | 1 |
11 | Сынақ қабылдау | 2 |
Жалпы сағат саны | 12 |
1-тақырып. Өрт автоматикасы жүйелерінің жіктелуі мен негізгі параметрлері
Өрт хабарлағыштарын жіктеу, тағайындау, қолдану. Өрт хабарлағыштарының түрлері, құрамы, жұмыс істеу принципі, техникалық сипаттамалары, пайдалану. Өрт сигнализациясының адрестік, адрестік және адрестік-аналогтық жүйелері.
2-тақырып. Күзет-өрт сигнализациясы
Жану анықталған орын туралы сигнал беру (үй-жайда түтін пайда болған кезде, үй-жайда температураның жоғарылауы, ашық жалынның пайда болуы кезінде), автоматты өрт сөндіру қондырғылары (газ, аэрозоль, су), өрт есіктері мен қалқаларын жабу, өрт туралы құлақтандыру сигнализациясы (дыбыстық, жарық және дауыстық), өрт күзетінің кезекші бөлімінің оқиғасы туралы құлақтандыру сигнализациясы. Аумақ периметрінің сигнализациясы, ғимарат периметрінің сигнализациясы, ғимаратқа кіреберістің сигнализациясы, үй-жайлардың ішкі көлемдерінің сигнализациясы, жекелеген күзетілетін заттардың сигнализациясы (терезе әйнектерін ажыратқан, үй-жайлардың есіктерін ашқан, күзет сигнализациясы аспаптарын ашқан, қауіпсіздік жүйесінің шлейфтері мен жалғағыш желілерін кесіп алған кезде), бұзылған жердегі жарық сигнализациясы, бұзылған жердегі дыбыстық сигнал беру.
3-тақырып. Хабарлағыштардан ақпаратты жинау және өңдеу жүйелерін жіктеу
Хабарлағыштардан ақпаратты жинау және өңдеу жүйелерін жіктеу. Қабылдау-бақылау аспаптары, басқару аспаптары, құлақтандырғыштар, құрылғының шифры, хабарламаларды беру жүйелері, Объектілік шеткі құрылғылар, ретрансляторлар, пульттік шеткі құрылғылар, орталықтандырылған бақылау пульттері.
4-тақырып. Өрт-күзет сигнализациясы жүйелерін монтаждау
Күзет-өрт сигнализациясы жүйелерін монтаждау. Күзет-өрт сигнализациясының хабарлағыштарын орнату және монтаждау технологиясы. Хабарлағыштарды орнатуға қойылатын талаптар. Хабарлағыштарды баптау тәсілдері. Хабарлағыштары бар сигнал беру схемаларын құрастыру және сынау. Қабылдау-бақылау аспаптарын және концентраторларды, хабарлағыштарды, жүйені басқару құрылғыларын және схемалар бойынша сигнализаторларды монтаждаудың технологиялық жүйелілігі. Сигналдық-іске қосу құрылғыларын және басқару аспаптарын орнату және монтаждау технологиясы. Шлейфтерді қосу. Хабарлағыштар мен атқарушы құрылғыларды адрестеу әдістері.
Күзет-өрт сигнализациясы жүйелерін электрмен қоректендіру. Айнымалы ток желісіндегі кернеу мен жиіліктің номиналды мәндері және рұқсат етілген ауытқулары. Қоректендіруді резервтеу тәсілдері. Желілік сүзгілер.
5-тақырып. Күзет-өрт сигнализациясы жүйелерін жөндеу және жөнге келтіру
Күзет-өрт сигнализациясы жүйелерін жөндеу және жөнге келтіру. Ақаулықтарды жою. Жұмысқа қабілеттілігін тексеру. Имитаторлардың көмегімен хабарлағыштарды тексеру тәсілдері. Ақаулықтарды табу әдістері. Жалған дабылдарды бақылау.
6-тақырып. Өрт сөндіру жүйелерін пайдалану және орнату
Су, төмен және орташа еселік көбікпен өрт сөндіру қондырғылары. Қондырғыларды орындау. Негізгі параметрлері. Қондырғыларды пайдалану үшін тән үй-жайлардың, өндірістердің, технологиялық процестердің тізбесі. Бекіту арматурасының түрлері, арматура датчиктері.
Су және көбікті өрт сөндірудің спринклерлік қондырғылары. Құрылғы және әрекет ету принципі. Тиекті аппаратура және датчиктер. Қорғаныш құрылғыларының суландырғыштарын орнату.
Дренчерлік қондырғылар. Құрылғы және әрекет ету принципі. Суландырғыштарды орнату. Қолдану шарттары. Қондырғыларға қойылатын талаптар.
Өрт сөндірудің автономды қондырғылары. Қондырғылардың мақсаты және құрамы. Техникалық жағдайды бақылау. Өртсөндіргіш зат санын есептеу.
Газды өрт сөндіру қондырғылары. Құрылғы және қолдану аймағы. Қолдану шарттары. Хабарлағыштар, шлейфтер және қондырғылардың басқа да аспаптары. Газды өрт сөндірудің автоматты қондырғылары.
7-тақырып. Су, төмен және орташа еселік көбікпен өрт сөндіру қондырғылары
Су өрт сөндірудің автоматты қондырғыларының жіктелуі. Өрт сөндірудің спринклерлік және дренчерлік қондырғыларын монтаждау кезеңдері. Қоректендіргіш және таратушы құбырларды, негізгі және автоматты суатқыштарды, басқару тораптары мен суландырғыштарды орналастыру және монтаждау. Жұқа суландырғыш сумен өрт сөндірудің орталықтандырылған және модульдік қондырғыларын монтаждау. Монтаждалған жабдықты жөнге келтіру және сынау. Орнатуға қабылдау-тапсыру құжаттамасы.
Көбікті өрт сөндіру қондырғыларын жіктеу. Көбікті өрт сөндірудің спринклерлік және дренчерлік қондырғыларының жабдықтарын монтаждау. Қондырғылардың құбыржолдары және басқару тораптары. Су көбікті коммуникациялары және сорғы агрегаттары. Көбік араластырғыштар және қондырғылардың мөлшерлеуіштері. Көбік түзгіштерге арналған ыдыстар. Көбік түзгіштерді сақтауға және кәдеге жаратуға қойылатын талаптар. Көбікті өрт сөндіру қондырғыларының монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру. Көбікті өрт сөндіру қондырғыларын жөнге келтіру және пайдалануға беру ерекшеліктері. АУП пайдалануға қабылдау және қабылдау сынақтары. Көбікті өрт сөндіру қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу. Нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар.
8-тақырып. Автономды өрт сөндіру қондырғылары
Өрт сөндірудің автономды қондырғыларын жіктеу. Өрт сөндірудің ұнтақты, аэрозольді қондырғыларын монтаждау кезеңдері. Өртсөндіргіш ұнтақтарды шығаруға арналған саптамаларды орналастыру. Ұнтақты өрт сөндіру қондырғыларын іске қосу және бақылау жүйелері. Ұнтақты өрт сөндіру қондырғыларының монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру. Қондырғыларды жөнге келтіру және пайдалануға беру ерекшеліктері. Аэрозольді өрт сөндіру қондырғыларының қолданылу саласы және құрамы қондырғылардың жұмысын басқару және сигнал беру аппаратурасына қойылатын талаптар. Нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар.
9-тақырып. Газдық өрт сөндіру қондырғылары
Газды өртсөндіргіш құрамдар. Газды өрт сөндіру қондырғыларын орнату және қолданылу саласы. Көлемді газбен өрт сөндіру қондырғыларын монтаждауға қойылатын талаптар. Газбен өрт сөндірудің орталықтандырылған және модульдік қондырғыларын монтаждау. Газды өрт сөндіру қондырғыларының элементтерін орналастыру және монтаждау және олардың өзара әрекеттесуі. Өртсөндіргіш заттарды шығаруға арналған үрлеу жүйелері мен саптамалар. Бекіту құрылғылары. Жергілікті іске қосу құрылғылары. Көлемі бойынша жергілікті өрт сөндіру қондырғыларын монтаждау. Қорғалатын үй-жайларға қойылатын талаптар. Газды өрт сөндіру қондырғыларын жөндеу және пайдалануға беру ерекшеліктері. Қондырғыларды сынау. Қондырғылардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру. Газды өрт сөндіру қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын алу жөндеу. Нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар.
10-тақырып. Практикалық сабақтар
Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларымен практикалық танысу және жұмыс істеу. Іс-әрекеттерді пысықтау. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу.
Сынақ қабылдау. Өрт-техникалық минимум білімін тексеру.
6. Өрт қауіпсіздігіне, оның ішінде жекелеген жұмыс учаскелерінде жауапты адамдар жаппай болатын объектілердің қызметкерлеріне арналған тақырыптық жоспар және үлгі оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1 | Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар | 2 |
2 | Тұрмыстық қызмет көрсету, сауда және қоғамдық тамақтану, емдеу, театр-ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелері бар адамдар көп жиналатын ғимараттарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру | 2 |
3 | Тұрмыстық қызмет көрсету, сауда және қоғамдық тамақтану ұйымдарының, емдеу, театр-ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелерінің адамдар көп жиналатын ғимараттарды, құрылыстарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары | 2 |
4 | Өрт сөндірудің стационарлық және алғашқы құралдары, өрт кезіндегі әрекеттер | 2 |
5 | Практикалық сабақтар | 2 |
6 | Сынақ қабылдау | 2 |
Жалпы сағат саны | 12 |
1-тақырып. Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Адамдар жаппай болатын объектілердің лауазымды адамдарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.
2-тақырып. Тұрмыстық қызмет көрсету, сауда және қоғамдық тамақтану, емдеу, театр-ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелері бар адамдар көп жиналатын ғимараттарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
Адамдар жаппай болатын объектілердің өрттері мен жануларын қысқаша талдау. Өндірістік, әкімшілік, қоймалық және қосалқы үй-жайларда қатаң өртке қарсы режимді орнату және ұстау және өрт қауіпсіздігі шараларын жүзеге асыру жөніндегі негізгі ұйымдастыру іс-шаралары. Лауазымды адамдардың өздеріне ведомстволық бағынысты объектілердің (учаскелердің) өртке қарсы жай-күйі үшін міндеттері мен жауапкершілігі. Өрт-техникалық комиссия құру және жұмысын ұйымдастыру. Адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарын, өрт кезінде қызмет көрсететін персоналдың іс-қимыл жоспарын және адамдар жаппай болатын объектілерде (учаскеде) өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты әзірлеу.
3-тақырып. Тұрмыстық қызмет көрсету, сауда және қоғамдық тамақтану ұйымдарының, емдеу, театр-ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелерінің адамдар көп жиналатын ғимараттарды, құрылыстарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары
Өрт қауіпсіздігі қағидаларының жалпы талаптары: аумақты, ғимараттарды, үй-жайларды, жылу беру, желдету, түтін шығару, сигнализация және өрт сөндіру жүйелерін ұстау. Электр қондырғыларының өрт қауіптілігі. Жөндеу және от жұмыстарын жүргізу кезіндегі өртке қарсы режим.
Азық-түлік тауарлары сауда ұйымдарындағы, көпфункционалды ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі шаралары. Өрт қауіпті азық-түлік тауарларының қысқаша өрт сипаттамасы: өсімдік, жануарлар және синтетикалық майлар мен майлар, спирт-арақ бұйымдары, шөп, сабан, сіріңке және басқа да жанғыш материалдар. Сақтау және сауда кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Тоңазытқыш қондырғылары мен электр қозғалтқыштары бар механизмдерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.
Өнеркәсіп тауарларын сататын дүкендерде және басқа да ұйымдарда өрт қауіпсіздігі шаралары. Тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газды сақтау және сату кезіндегі өрт қауіпсіздігінің қысқаша сипаттамасы мен шаралары. Едендік мастиканың, тұрмыстық химия тауарларының, парфюмерлік бұйымдардың, оқ-дәрілердің, пистондардың және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтардың, жанғыш сұйықтықтардың өрт қауіптілігі. Сауда объектілерінің сауда залдары мен қосалқы үй-жайларындағы өртке қарсы режим.
Қоғамдық тамақтану ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі шаралары. Тамақтану залдарындағы, цехтардағы, қоймалардағы, қамбалардағы, тұрмыстық және қосалқы үй-жайлардағы өрт қауіпсіздігі шаралары. Пісіру пештерін, қайнатқыштарды, тоңазытқыш қондырғыларды, ас үй плиталары мен жабдықтарын пайдалану кезіндегі өртке қарсы іс-шаралар. Жаппай іс-шараларды өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Аумақты, ғимараттарды, гараждарды, шаруашылық құрылыстарды күтіп-ұстауға және эвакуациялық жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары. Жылу беру және жылу беру аспаптарын, электр қондырғыларын, радио мен теледидарды пайдалану кезінде, сондай-ақ тез тұтанатын сұйықтықты, жанғыш сұйықтықты, жанғыш газды сақтау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Өртті анықтау, құлақтандыру және сөндіру құралдары.
Тез тұтанатын сұйықтықтың, жанғыш сұйықтықтың өрт қауіптілігін анықтайтын негізгі факторлар. Жарылыс туралы түсінік. Тез тұтанатын сұйықтықты, жанғыш сұйықтықты, жанғыш газды сақтау орындарына қойылатын талаптар. От қауіпті сұйықтықтарды қабылдау, беру және пайдалану кезінде, от жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы режим. Ғимараттардағы өртке қарсы режим. Эвакуациялау жоспарын әзірлеу. Эвакуациялық жолдарды ұстау, өрт кезінде лифтілерді пайдалану. Әсіресе көпфункционалды ғимараттарда оттың таралуы. Түтінденбейтін баспалдақ торлары.
4-тақырып. Өрт сөндірудің стационарлық және бастапқы құралдары, өрт кезіндегі әрекеттер
Стационарлық өрт сөндіру құралдарының, өртсөндіргіштердің мақсаты, құрылымы және пайдалану ережесі. Адамдар жаппай болатын объектілерді бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Автоматты жүйелер: өрт, түтін жою және өртті сөндіру туралы хабарламалар. Ішкі өрт крандарының орнатылуы мен пайдалану ережесі. Өрт (жану) туындаған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеті. Өрт сөндіру бөлімшелеріне қарсы алу, сүйемелдеу және ақпарат беру. Адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және тәртібі.
5-тақырып. Практикалық сабақтар
Персоналды эвакуациялауды ұйымдастыру. Өртсөндіргішпен жұмыс.
Сынақ қабылдау. Өрт-техникалық минимум білімін тексеру
2-тарау. Кәсіпорындарда (ұйымдарда) білім алушыларға арналған оқу бағдарламалары (өндірістен қол үзбей)
1. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлеріне арналған тақырыптық жоспар және үлгі оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1 | Кіріспе. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар | 1 |
2 | Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілерінде және фермерлік шаруашылықтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары | 1 |
3 | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілер мен аумақтардың өрт қауіпсіздігі талаптары | 1 |
4 | Ауыл шаруашылығы объектілерін өртке қарсы қорғау | 1 |
5 | Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілерінің және фермерлік шаруашылықтардың жұмысшыларымен, мамандарымен, қызметшілерімен және механизаторларымен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу әдістемесі | 1 |
6 | Практикалық сабақтар | 1 |
7 | Сынақ қабылдау | 2 |
Жалпы сағат саны | 8 |
1-тақырып. Кіріспе. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Ауыл шаруашылығы объектілерінің өрт статистикасы. Өрттің шығу себептері. Ауыл шаруашылығы объектілерінің өрт қауіптілігі. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, бөлімшелер, шеберханалар, гараждар, фермалар, базалар, қоймалар және басқа да объектілер қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін міндеттері мен жауапкершілігі. Аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды күтіп-ұстауға, электр желілерін, электр қондырғыларын, жылу беру жүйелерін, желдетуді және жылу өндіретін қондырғыларды монтаждау мен пайдалануға қойылатын Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі қағидаларының жалпы талаптары. Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар.
2-тақырып. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілерінде және фермерлік шаруашылықтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары
Өрттің алдын алудың негізгі міндеттері. Өртке қарсы режим, анықтау, мақсаты және оны орнату тәртібі. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілерінде, фермерлік шаруашылықтарда және елді мекендерде жалпы ұйымдастырушылық өрт-алдын алу іс-шаралары.
Өрт-техникалық комиссиясы, ерікті өрт сөндіру жасақтары олардың мақсаты мен жұмысын ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы объектілерінің және ауылдық елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Бүкілресейлік ерікті өрт қоғамының ауданаралық, аудандық, қалалық қоғамдық ұйымдарының рөлі.
3-тақырып. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілер мен аумақтардың өрт қауіпсіздігі талаптары
Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы фермаларының, жөндеу шеберханаларының, гараждардың, техниканы сақтау орындарының, Ағаш өңдеу шеберханаларының, ТЖС және ЖС қоймаларының, материалдық қоймалардың, астық қоймаларының, астық кептіргіштердің, ірі азық қоймаларының, химиялық заттар қоймаларының, газ баллондарын сақтау орындарының, зертханалардың өрт қауіпсіздігі талаптары. Дәнді дақылдарды жинау, жем дайындау, витаминді және шөп ұнын дайындау және сақтау, техникалық дақылдарды бастапқы өңдеу, орманда өрт қауіпсіздігі шаралары. Өрт және жөндеу-монтаждау жұмыстарына қойылатын өрт қауіпсіздігі қағидаларының арнайы талаптары. Ауылдық жерлердегі тұрғын және әкімшілік ғимараттардың өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.
Тұрғын үйлердегі өртке тән және олардың қысқаша талдауы. Аумақты, ғимараттар мен үй-жайларды, әкімшілік және тұрғын үйлерді күтіп-ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары. Тұрғын үйлердегі және пештерді, каминдерді, газды жылу беру және жылу беру аспаптарын, керосинді аспаптарды, электр жабдықтарын, теледидарларды пайдалану кезіндегі, тұрмыстық химия препараттарын сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. От жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру тәртібі, өрт-жарылыс қауіпсіздігін білдіретін инженерлік-техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді және дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету.
4-тақырып. Ауыл шаруашылығы объектілерін өртке қарсы қорғау
Бастапқы өрт сөндіру құралдары, олардың мақсаты, құрылысы, техникалық сипаттамасы және пайдалану ережесі. Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау және оның түрлері. Өрт сөндіру су қоймаларын орнату ережесі өрт сөндіру мақсатында Ауыл шаруашылығын механикаландыру құралдарын пайдалану. Ауыл шаруашылығы объектілерін байланыспен, сигнализациямен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету.
5-тақырып. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілерінің және фермерлік шаруашылықтардың жұмысшыларымен, мамандарымен, қызметшілерімен және механизаторларымен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу әдістемесі
Өртке қарсы нұсқама және өрт-техникалық минимум. Алдағы жылы оқу жұмысының бағыттылығы. Оқытудың практикалық құрамын күшейту есебінен өткізілетін сабақтардың сапасын арттыру жолдары.
Өрт-техникалық минимум бағдарламасының мазмұны. Жоспар-конспектісін, көрнекі оқу құралдарының сыныбын және техникалық оқыту құралдарын дайындау. Бағдарламаның әрбір тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі.
6-тақырып. Практикалық сабақтар
Ауыл шаруашылығы кәсіпорны басшысының, фермерлік шаруашылық басшысының, ерікті өрт сөндіру командасының (бұдан әрі – ҚДП) бастығының, ауыл тұрғындары мен қызметкерлерінің өрттерді жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары. Өрт сөндіру жеңдерін төсеу. Су көзінен су беру. Өртсөндіргішпен жұмыс. Өрт командасын шақыру.
Сынақ қабылдау. Өрт-техникалық минимум білімін тексеру
2. Педагогикалық қызметкерлерге арналған тақырыптық жоспар және үлгі оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1 | Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар | 1 |
2 | Мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін мектептердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары | 1 |
3 | Мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін мектептердегі өрт қауіпсіздігі шаралары | 1 |
4 | Өртті сөндіру құралдары және оларды өртті сөндіру үшін қолдану ережелері, өрт кезіндегі іс-қимылдар және өртке қарсы қызметті шақыру | 1 |
5 | Практикалық сабақтар | 1 |
6 | Сынақ қабылдау | 1 |
Жалпы сағат саны | 6 |
1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар. Ұйымның педагог қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.
2-тақырып. Мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін мектептердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары
Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде болған өрттер мен жануларды қысқаша талдау. Аса тән өрттердің мысалдары. Мектептерде ерікті өрт сөндіру жасақтары, Жас өрт сөндірушілер жасақтары құру, олардың жұмысын ұйымдастыру. Жас өрт сөндірушілер жасағы туралы үлгі ереже. Өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың міндеттері.
3-тақырып. Мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін мектептердегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Өрттер мен жанудың негізгі себептерін қысқаша талдау. Электр желілерін, электр жабдықтарын және электр жылу беру аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Қысқа тұйықталу, шамадан тыс жүктеме, өтпелі кедергі, ұшқын, олардың мәні, туындау себептері және алдын алу тәсілдері; өрт қауіпті сұйықтықтарды сақтау және қолдану.
Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың өрт қауіптілігін анықтайтын негізгі факторлар: тұтану температурасы, өздігінен тұтану және тұтану. Жарылыс туралы түсінік. ТТС және ЖС сақтау орындарына қойылатын талаптар.
Өрт қаупі бар сұйықтықтарды қабылдау, беру және пайдалану кезіндегі өртке қарсы режим. Химиялық реактивтер мен сілтілі металдарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары мен сақтау. Ғимараттарда, аумақтарда, орманда өртке қарсы режим. Эвакуациялық жолдарды ұстау, терезелерде метал торлар мен жалюздерді орнату тәртібі; парталарды, үстелдерді, орындықтарды сыныптарда, төсек бөлмелерінде орналастыру. Кіреберістерді, шығуларды, холлдарды, дәліздерді, баспалдақ торларын күтіп ұстау. Шатырларды, жертөле үй-жайларын, оқу-өндірістік шеберханаларды, химия және физика кабинеттерін ұстау. Эвакуациялау жоспарын әзірлеу. Қызмет көрсетуші персоналға нұсқама беру. Балаларды сауықтыру маусымы кезеңінде саяжайға шақырған кезде жоғары қабатты және көп қабатты ғимараттарда орналастыру тәртібі; саяжай үй-жайларына қойылатын талаптар. Жергілікті жылу беру құралдарын, ас үй ошақтарын және су жылытқыштарды ұстау және пайдалану.
Балалар мекемелерінде, мектеп-интернаттарда кезекшілер мен күзетшілерді тағайындау. Кезекшілер мен күзетшілердің өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі және өрт шыққан жағдайда міндеттері. Оларға нұсқама беру. Жаңа жылдық шыршаларды орнату, кино қарауларды, кештер мен спектакльдерді ұйымдастыру кезіндегі өрт қауіпсіздігінің талаптары. Адамдар жаппай болатын үй-жайларға қойылатын талаптар. Көпшілік іс-шараларды өткізуге жауапкершілік, кезекшілердің міндеті мен міндеті, шыршаларды орнату және бекіту ережесі.
4-тақырып. Өрттерді сөндіру құралдары және оларды өртті сөндіру үшін қолдану ережелері, өрт кезіндегі іс-қимылдар және өртке қарсы қызметті шақыру
Қол өртсөндіргіштерінің мақсаты. Көмірқышқыл, ұнтақты және аэрозольды өртсөндіргіштердің құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы түсінік. Оларды пайдалану және өрт сөндіру үшін пайдалану ережелері.
Өрт сөндіруге арналған қосалқы құралдардың (құм, әртүрлі жапқыштар, су шелектері мен бөшкелер, өрт сөндіру құралдары), ішкі өрт крандарының мақсаты. Оларды пайдалану қағидалары.
Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерді өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары.
Өрт шыққан кезде қызмет көрсететін персоналдың, мектеп, мектеп-интернаттардың жоғары сынып оқушыларының іс-әрекеттері. Өрт кезінде балалар мен мүлікті үй-жайлардан эвакуациялауды ұйымдастыру және тәртібі.
5-тақырып. Практикалық сабақтар
Өрттің өршуінің әртүрлі сценарийлері кезінде эвакуациялау жүргізуді жаттықтыру. Өрт шыққан жағдайда жалпы білім беру мекемелері оқушыларының іс-әрекеттерін тексеру. Өртсөндіргішпен жұмыс.
Сынақ қабылдау. Өрт-техникалық минимум білімін тексеру
3. Электриктерге арналған тақырыптық жоспар және үлгі оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1 | Кіріспе. Электр желілерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар | 1 |
2 | Электр қондырғыларын қолданудың өрт қауіпсіздігі негіздері | 1 |
3 | Электр желілерінің өрт қауіпсіздігі | 1 |
4 | Электр қондырғыларын жерге тұйықтау және нөлдеу | 1 |
5 | Электр қондырғыларын статикалық электрден қорғау | 1 |
6 | Өрт сөндірудің бастапқы құралдары және өрт кезіндегі іс-әрекеттер | 1 |
7 | Сынақ қабылдау | 2 |
Жалпы сағат саны | 8 |
1-тақырып. Кіріспе. Электр желілерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Электр аспаптары мен жабдықтарының кінәсінен болған өрттердің статистикасы. Электр жабдықтарын пайдалануға және монтаждауға нормативтік құжаттардың талаптары.
2-тақырып. Электр қондырғыларын қолданудың өрт қауіпсіздігі негіздері
Жану себептерінің жіктелуі. Өрт және жарылыс қаупі бар аймақтар үшін электр жабдықтарын таңдау және қолдану. Жанғыш қоспалардың жарылыс қауіптілігі. Өрт және жарылыс қаупі бар аймақтардың сипаттамасы. Жарылыс қауіпті қоспалардың жіктелуі. Жарылыстан қорғалған электр жабдығы.
3-тақырып. Электр желілерінің өрт қауіпсіздігі
Өткізгіштерді электр тогымен қыздыру. Қыздыру бойынша өткізгіштерге рұқсат етілген жүктеме. Электр желілеріндегі қысқа тұйықталудың өрт қауіптілігі. Электр тораптарын қорғау әдістері.
4-тақырып. Электр қондырғыларын жерге тұйықтау және нөлдеу
Электр тогымен зақымдану қаупі. Электр қондырғыларын жерге тұйықтау және нөлдеу. Жерге тұйықтау және нөлдік қорғаныш өткізгіштері. Қорғаныс жерге тұйықтау және жарылыс қаупі бар аймақтарда нөлдеу. Жерге тұйықтау құрылғыларын пайдалану және сынау. Қорғаныш құрылғысын ажырату.
5-тақырып. Электр қондырғыларын статикалық электрден қорғау
Статикалық электрдің пайда болуы және өрт қауіптілігі. Статикалық электрдің қауіпті көріністерінен қорғау бойынша негізгі іс-шаралар және күресу тәсілдері. Статикалық электрден қорғау құрылғыларын пайдалану.
6-тақырып. Өрт сөндірудің бастапқы құралдары және өрт кезіндегі іс-әрекеттер
Электр қондырғыларындағы бастапқы өрт сөндіру құралдары. Электр қондырғыларының әртүрлі түрлеріндегі өртті сөндіру ерекшеліктері.
Сынақ қабылдау. Өрт-техникалық минимум білімін тексеру
4. Жеке күзет ұйымдарының күзетшілерін қоспағанда, ұйымдарды күзетуді жүзеге асыратын қызметкерлердің тақырыптық жоспары мен үлгі оқу бағдарламалары
№ р/с | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1 | Ғимараттар мен үй-жайларға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары | 1 |
2 | Ғимараттарға және бөлімшелерге өрт қауіпсіздік талаптары | |
3 | Өрт сөндірудің техникалық құралдары, өртке қарсы мүкәммал | 1 |
4 | Өрт кезіндегі іс-әрекеттер | 1 |
5 | Практикалық сабақтар | 1 |
6 | Сынақ қабылдау | 2 |
Жалпы сағат саны | 7 |
1-тақырып. Ғимараттар мен үй-жайларға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелері. Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар. Ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және құрылымдық шешімдері. Өртке қарсы режим. Эвакуациялау жоспары. Эвакуациялау жолдары және эвакуациялық шығу жолдары.
2-тақырып. Өрт сөндірудің техникалық құралдары, өртке қарсы мүкәммал
Бастапқы өрт сөндіру құралдары. Өртсөндіргіштердің жіктелуі, қолдану саласы, мақсаты, қолдану ережесі, орналасқан жері. Ішкі өртке қарсы су құбырының, өрт крандарының мақсаты және құрылысы, олардың орналасқан жері. Өрт сигнализациясы мен өрт сөндірудің автоматты қондырғылары; ұйымда орналастыру схемасы. Өрт сигнализациясы мен өрт сөндірудің автоматты қондырғылары іске қосылған кездегі іс-әрекеттер. Өрт сөндіру жабдықтары мен мүкәммалдың түрлері, мақсаты, құрылысы және орналасқан жері.
3-тақырып. Өрт кезіндегі іс-әрекеттер
Өрт дамуының жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейінгі іс-әрекеттер. Өрттің таралуын болдырмау шаралары. Өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуі және олар келгеннен кейінгі іс-қимылдар.
4-тақырып. Практикалық сабақтар
Өрттің модельдік ошағында өртсөндіргішпен практикалық танысу және жұмыс істеу. Өрт кранын пайдалану бойынша жаттықтыру.
Сынақ қабылдау. Өрт-техникалық минимум білімін тексеру
5. Осы Тәртіптің 28-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызметкерлерді қоспағанда, адамдар жаппай болатын объектілердің қызметкерлері үшін тақырыптық жоспар және үлгі оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1 | Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар | 1 |
2 | Театр-ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары | 1 |
3 | Өрт қауіпсіздігі шаралары театр-ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелерінде | 1 |
4 | Өртті анықтаудың, хабарлаудың және сөндірудің автоматты құралдары, өрттерді сөндірудің бастапқы құралдары, өрт туындаған кездегі іс-қимылдар және өрт күзетін шақыру | 1 |
5 | Практикалық сабақтар | 1 |
6 | Сынақ қабылдау | 2 |
Жалпы сағат саны | 7 |
1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі. Қызметкерлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.
2-тақырып. Театр-ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары
Өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың міндеттері. Қызметкерлердің оларға ведомстволық бағынысты учаскелердің (объектілердің) өртке қарсы жай-күйі үшін жауапкершілігі. Өртке қарсы режимді орнату бойынша негізгі ұйымдастыру іс-шаралары.
Жұмысшылар мен қызметшілерді өрт-техникалық дайындық бағдарламасы бойынша жұмыс орындарында, тұрмыста және өрт шыққан кездегі іс-қимылдарға оқыту. Мекемелерде өрт-техникалық комиссиялар, ерікті өрт жасақтары құру, олардың міндеттері мен практикалық қызметі.
3-тақырып. Өрт қауіпсіздігі шаралары театр-ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелерінде
Театр-ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелеріндегі өрттерді қысқаша шолу. Аса тән өрттердің мысалдары. Өзіне тән өрттер мен жануларды талдау. Электр желілерін, электр жабдықтарын және электр жылу беру аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Қысқа тұйықталу, шамадан тыс жүктеме, өтпелі кедергі, ұшқын, олардың мәні, туындау себептері және алдын алу тәсілдері; өрт қауіпті сұйықтықтарды сақтау және қолдану. ТЖС және ЖС өрт қауіптілігін анықтайтын негізгі факторлар. Оларды сақтау орындарына қойылатын талаптар. Қабылдау және беру кезінде өртке қарсы режим, сондай-ақ от қаупі бар сұйықтықтарды пайдалану. От жұмыстарын жүргізу.
Үй-жайлардың мақсатына байланысты өртке қарсы режим және оның даралығы: сахна, көрермен залы, гримерлік, фойе, фильм сақтау орны, экспонаттары бар зал, қор, мұрағат, үтіктеу, костюмдік, столярлық және т. б.
Орындықтарды, креслоларды орналастыруға және оларды бекітуге қойылатын талаптарды сақтау.
Декорациялар мен бутафорияларды өрттен қорғау өңдеу, оларды сақтау тәртібі.
Кинофильмдерді көрсету кезіндегі өртке қарсы режим. Қызмет көрсетуші персоналға қойылатын талаптар. Мәдениет үйлерін, клубтарды, кинотеатрларды паспорттау туралы түсінік. Киномеханиктерді қайта мамандандыру тәртібі. Қызмет көрсетуші персоналға нұсқама беру. Эвакуациялау жоспарын әзірлеу, Эвакуациялық жолдарын ұстау. Мұражайларға, сурет галереяларына, көрмелерге, кітапханаларға, цирктерге, мәдениет ескерткіштеріне қойылатын өрт қауіпсіздігінің арнайы талаптары.
Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар. Жаңа жылдық шыршаларды орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары; ашық отпен жұмыс істеу (темекі шегу, тұтанған сіріңке, май шам); пештерді, каминдерді, жылу беру қазандары мен газ аспаптарын пайдалану; аэрозольды қаптамаларда ТЖС-мен және тұрмыстық химия препараттарымен жұмыс істеу.
4-тақырып. Өртті анықтаудың, хабарлаудың және сөндірудің автоматты құралдары, өрттерді сөндірудің бастапқы құралдары, өрт туындаған кездегі іс-қимылдар және өрт күзетін шақыру
Бастапқы өрт сөндіру құралдары. Мақсаты, құрылысы, әрекет ету принципі. Театр-ойын-сауық мекемелеріндегі өрт сигнализациясы мен өрт сөндірудің автоматты қондырғылары. Ішкі өрт крандарының мақсаты, құрылысы, жабдықталуы және пайдалану ережелері. Өрт сөндіру үшін қосалқы құралдар мен өрт сөндіру мүкәммалын пайдалану. Ойын-сауық мекемелерін өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары.
Өрт туындаған кезде театр-ойын-сауық және мәдени-ағарту мекемелерінің қызмет көрсетуші персоналының іс-әрекеттері, өрт сөндіру командаларын өрт орнына шақыру, қарсы алу және алып жүру, қолда бар құралдармен жану, өрт кезінде адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру.
5-тақырып. Практикалық сабақтар.
Персоналды эвакуациялауды ұйымдастыру. Өртсөндіргішпен жұмыс.
Сынақ қабылдау. Өрт-техникалық минимум білімін тексеру.
Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарға 5-қосымша |
нысан
Өрт-техникалық минимумы көлемінде өрт қауіпсіздігі бойынша
білімдерді тексеру жөніндегі біліктілік комиссиясы отырысының
№ ___ хаттамасы
_____________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы)
____________________________________ 20__ ж. "___" __________________
№__бұйрығына (өкіміне) сәйкес біліктілік комиссиясы мынадай құрамда:
төраға ______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы) мүшелері:
1. __________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
20 __ ж. "___" _____ өрт-техникалық минимумы көлемінде
өртқауіпсіздігі бойынша емтихан қабылдап, мынадай нәтижелерді
анықтады:
р/с № | Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Лауазымы | Ұйым (цех, учаске) | Оқыту себебі | Білімдерді тексеру жөніндегі белгі (өтті, өтпеді) | Қолы |
Комиссия төрағасы ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Комиссия мүшелері:
1. _________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
М.О. 20 __ ж. "___" _____
Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларына және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарға 6-қосымша |
нысан
Өрт-техникалық минимумы көлемінде
өрт қауіпсіздігі саласындағы білімдерді тексеру
бойынша біліктілік куәлігі
(ішкі беті, сол жағы)
_______________________________________
(ұйымның толық атауы)
Өрт-техникалық минимум бойынша
№ ___ біліктілік куәлігі
Берілді _______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Лауазымы _____________________________________ Жұмыс орны ___________________________________ |
|
(ішкі беті, оң жағы және келесі беттері)
Білімін тексеру туралы мәліметтер
Ол _____________________________ біліміне емтихан тапсырды
Негіздеме: 20___ж. __________________________ № ____ хаттама
20___ж. __________________________ дейін жарамды
Басшы _________________________________________________________
(оқу орталығының) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
М.О.