Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы N 159 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 19 ақпандағы
№ 159 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысы.
      2. «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілерін жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпараттармен және оларды кәсіптік-диагностикалық тұрғыдан тексеруді қамтамасыз ету мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1347 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 46, 419-құжат).
      3. «Мемлекеттік білім мекемелерінің қаржылық, материалдық және валюталық түсімдерді пайдалануының тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1441 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 48, 443-құжат).
      4. «Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 қаулысы.
      5. «Жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі құрылымы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1845 қаулысы.
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1214 қаулысы.
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1441 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1437 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 465-құжат).
      8. «Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім беру ұйымдарын бітірушілерді еңбекке орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 1882 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 55, 610-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1845 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1938 қаулысы.
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1245 қаулысы.
      11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 362 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 9, 86-құжат).
      12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1438 және 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1441 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 тамыздағы № 905 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 297-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 327 қаулысы.