Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілерін жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпараттармен және оларды кәсіптік-диагностикалық тұрғыдан тексеруді қамтамасыз ету мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі N 1347 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы N 159 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 29 Әскерижобасы қайта құру жолымен "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қазәскерижоба" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асырушы орган болып айқындалсын.

      3. Шаруашылық жүргізудің арнаулы тәртібі белгіленген салада Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы: 
      1) Қорғаныс министрлігінің жалпы әскери ғимараттары мен арнаулы құрылыстарының күрделі құрылыс және күрделі жөндеу объектілерін кешенді жобалау-сметалық құжаттамамен қамтамасыз ету; 
      2) жобалау мен құрылыс салуда Қорғаныс министрлігінің салынып жатқан объектілердің жоғары техникалық деңгейі мен сапасына қол жеткізуге бағытталған бірыңғай техникалық саясатын жүргізу деп айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Кәсіпорынның жарғысын әзірлесін және бекітсін, оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 
      2) Осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі