Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 наурыздағы N 362 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 291 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық малдәрігерлік зертхана" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Жануарлар мен құстардың айрықша қатерлі аурулары жөніндегі Оңтүстік-Шығыс аймақтық мамандандырылған малдәрігерлік зертхана" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта құрылсын. 

      2. Мекемені қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Республикалық ветеринариялық зертхананы ұстауға әрі материалдық-техникалық жарақтандыруға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын. 

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі