Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1335 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 327 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы N 159 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010.04.16 № 968 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, облыс әкімдігінің 2006 жылғы 24 ақпандағы N 71 "Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысына сәйкес және мүгедектерді жұмыспен қамтуға жеңілдіктер жөніндегі қосымша шараларды кеңіту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмысшылар саны елу адамнан асатын Ақтөбе қаласының жұмыс берушілері жалпы жұмыс орнының үш пайызы көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілесін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Көшербаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі