Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1335 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі N 1245 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы N 159 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.19 N 159 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1335 P991335_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кәсіптік орта білім мамандықтары:
      0202002 - Құқық қорғау қызметі;
      1701002 - Өрт қауіпсіздігі.
      2. Кәсіптік жоғары білім мамандықтары:
      011100 - Картография;
      021600 - Құқықтану мамандандырулары бойынша:
               "Жедел - криминалистикалық",
               "Тергеу - криминалистикалық",
               "Қылмыстық - атқарушылық";
      110400 - Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар;
      320100 - Қолданбалы геодезия;
      320200 - Аэрофотогеодезия;
      370300 - Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және оның технологиясы;
      390900 - Ядролық-химиялық технология;
      430700 - Жылу және атом электр станцияларын салу".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары