Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы N 1762 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы N 159 Қаулысымен

      Алда тұрған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының "Протон" зымыран-тасығышының 1999 жылғы 27 қазандағы авариясы зардаптарының қорытындыларын шығару жөніндегі үкіметтік комиссиясының мәжілісіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде авариялар болған жағдайдағы өзара іс-қимылдың тәртібі туралы келісім мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттар мен зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарларын ұсынудың және келісудің тәртібі туралы келісімге қол қойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Сергеевич Павловқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметінің арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде авариялар болған жағдайдағы өзара іс-қимылдың тәртібі туралы келісім мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттар мен зымырандарды сынақтық 
ұшырудың жоспарларын ұсынудың және келісудің тәртібі туралы келісімге қол 
қоюға өкілеттік берілсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Икебаева А.Ж.