Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 581д Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 153 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі  N 153 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 153 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 35, 388-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Келімбетов                   - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Қайрат Нематұлы                акционерлік қоғамының басқарма
                               төрағасы

Еденбаев                     - "Цесна" корпорациясы" акционерлік
Еркеғали Серікұлы              қоғамының басқарма төрағасы (келісім
                               бойынша)

Мамин                        - "Қазақстан темір жолы" ұлттық
Асқар Ұзақбайұлы               компаниясы" акционерлік қоғамының
                               президенті (келісім бойынша)

Мырзабеков                   - "АВЕ корпорациясы" акционерлік
Ғазиз Төлеуұлы                 қоғамының президенті (келісім бойынша)

Қабылдин                     - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Қайыргелді Мақсұтұлы           акционерлік қоғамының президенті
                               (келісім бойынша)

"Баталов                     - Қазақстан кәсіпкерлері форумының
Райымбек Әнуарұлы              төрағасы (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Баталов                     - "Raimbek Group" жауапкершілігі
Райымбек Әнуарұлы              шектеулі серіктестігі директорлар
                               кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)";

      көрсетілген Кеңестің құрамынан Қ.А. Бозымбаев, А.Ғ. Дунаев, С.М. Ысқақов, Ө.С. Қарабалин, Қ.Б. Қожахметов, Ж.Ә. Құлекеев шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев