Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Мыналардың:
362
,
363-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң 2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
362-ҚОСЫМША
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2008 жылға арналған
"Алматы қаласындағы өңiрлiк қаржы орталығын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 543411 мың теңге (бес жүз қырық үш миллион төрт жүз он бір мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198
Заңы
; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 453-І
Заңы
; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II
Заңы
; "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы N 145
Заңы
; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214-ІІІ
Заңы
; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 217-ІІІ
Заңы
; "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу Агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 55
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу Агенттiгінің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 166
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284
Жарлығы
; "Республикалық бюджетте "Шетелдiк iссапар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 10 сәуірдегi N 410
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық рынок капиталдарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды тарту, қазақстандық капиталдың шетелдiк бағалы қағаздар рыногына шығуы.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Қаржылық орталығын әрi қарай дамуы, мемлекеттiк қызметкерлердің кәсiби деңгейiн көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Алматы қаласы-
|
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Агенттік аппаратының
|
Қаңтар-
|
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі |
3 |
|
007 |
Мемле-
|
Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу.
|
Қаңтар-
|
Қазақстан Респуб-
|
4 |
|
017 |
Ақпарат-
|
Бағдарламалық өнімдерді және
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталы-
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже:
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) куәлiгiн, статистикалық карточка, салық төлеушiнің куәлiгiн беру; қаржы орталығымен өзара қарым-қатынас жасау мәселелерi бойынша шет ел мемлекеттерiнің қор биржаларымен келiсiм жасау. Өңiрлiк қаржы орталығының маркетингiн өткiзу. Халықаралық Консультативтiк Кеңестің қызметiне ақы төлеу. Елiмiзде және шет елдерде халықаралық семинарлар, конференциялар, презентациялар өткiзу және оларға қатысу. Кеңесшiлердің және консалтинг компанияларының қызметiне ақы төлеу.
Алматы қаласының өңiрлiк қаржылық орталығы қызметiн қамтамасыз ету. Қолданыстағы қор нарығының инфрақұрылымын жетiлдiру, ақпараттық-жарнама науқандарын жүргізу және қор технологиялары саласына халықаралық тәжiрибенi енгiзу арқылы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын әрi қарай дамыту үшiн базалық алғышарттар құру.
Мемлекеттiк тілдi үйрету - 50 адам;
Ағылшын тiлiн үйрету - 10 адам;
Кәсiптiк деңгейдi көтеру - 9 адам.
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту, халықаралық капитал рыноктарына ықпалдасу.
Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды барынша тарту, қазақстандық капиталдық шетелдiк бағалы қағаздар рыногына шығуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір мемлекеттiк қызметкердiң мемлекеттiк тілдi оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 27,0 мың теңге;
Бiр мемлекеттiк қызметкердiң ағылшын тiлiн оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 25,5 мың теңге.
Бiр мемлекеттiк қызметкердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 21,6 мың теңге.
Уақытылығы: белгiленген графикке сәйкес шараларды дер кезiнде атқару.
Сапасы: қор нарығының инфрақұрылымын жетiлдіру және қор технологияларын қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының талаптарына бейiмдеу.
Мемлекеттiк тiлдi оқыту нәтижесiнде мемлекеттік тiлде iс жүргiзуге көшкен мемлекеттiк қызметкерлердің үлесi - 6%;
Ағылшын тiлiн оқыту нәтижесiнде ағылшын тiлiнде iс жүргiзуге көшкен мемлекеттік қызметкерлердің үлесі - 5%;
Бiлiктiлiгін арттырудан кейiн жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттiк қызметкерлердің үлесi - 5%.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
363-ҚОСЫМША
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2008 жылға арналған
"Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 4158841 мың теңге (төрт миллиард бір жүз елу сегіз миллион сегіз жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415-ІІ
Заңы
; "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461-ІІ
Заңы
; "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы N 145-ІІІ
Заңы
; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 309-ІІІ
Заңы
; "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгі туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 55
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгінің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 166
Жарлығы
; "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы N 65
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен кірігуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының инфрақұрылымын жетiлдiру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
"Алматы қаласы-
|
Қазақстан Республикасы
|
Қаңтар-
|
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тікелей нәтиже: халықаралық стандарттарға сай Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымын құру, "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 12 мың квадрат метрден кем емес "А" кластық бизнес-орталығын алу.
Уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес іс-шараларды уақтылы орындау.
Сапа: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымын дамыту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
363-1-ҚОСЫМША
Ескерту. 363-1-қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 Қаулысымен.
600
-
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Халықтың қаржы сауаттылығын арттыру"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 697505 мың теңге (алты жүз тоқсан жеті миллион бес жүз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негіздері
: "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы; "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымындағы Заңы; "Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1284 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11.5-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
халықтың қаржы сауаттылығын арттыру және елдің экономикалық өсуіне халықтың жинақ ақшасының қатысуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
халықтың барлық деңгейлерінде өз бюджеттерін жоспарлауда және қаржылық мүмкіндіктерін пайдалануда білім деңгейін көтеру, қор, сақтандыру, зейнетақы, банк нарықтары мәселелерін кең түсіндіру, ұлттық қаржы институттарына сенімділікті арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарлама
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Халықтың
|
Акциялардың мемлекет-
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтиже:
ұлттық қаржы институттарына сенімділікті арттыру - банк жүйесінің тұрақтылығын көтеру;
жеке зейнетақы жинақтарын ынталандыру;
қор нарығында инвестициялау механизмдерін қолданатын халық үлесін көтеру;
экономикалық дамытуды жеделдету мақсатында экономикаға халықтың ақша қаражатын тарту.
Соңғы нәтиже: халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы республика экономикасына оның жинақ ақшасын тарту.
Уақтылығы: белгіленген кестелерге сәйкес іс-шараларды өз уақтылы орындау.
Сапасы: халықтың өз қаржы құралдарына және жалпы мемлекеттің қаржы жүйесіне деген жауапкершілігін қалыптастыруға қол жеткізу.