Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Мыналардың:
353
,
354
,
355
,
356
,
357
,
358-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
353-ҚОСЫМША
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Сот жүйесі органдарының қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 15739588 мың теңге (он бес миллиард жеті жүз отыз тоғыз миллион бес жүз сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңы
; "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының
88-бабы
; "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңы
, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы қаласында мамандандырылған қаржылық сот құру туралы" 2006 жылғы 17 тамыздағы N 158
Жарлығы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сот төрелігін іске асыру кезінде судьялардың тәуелсіздігін күшейту, сот-құқық реформасының қарқынын жеделдету, атқарушылық іс жүргізу қызметін қамтамасыз ету, соттардың дербестігін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: Жергілікті соттардың азаматтық, қылмыстық және басқа да істер бойынша жоғары қадағалауын іске асыру, атқару құжаттарын орындауды бақылау, заңдарды жүйелеу жөніндегі жұмысты іске асыру, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау, өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөнінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік қызмет саласында теориялық және практикалық білімді, іскерлік пен кәсіби дағдыны шыңдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Сот жүйесі
|
|
|
|
2 |
|
007 |
Мемлекеттік
|
Мемлекеттік
|
Жыл
|
Қазақстан
|
3 |
|
008 |
Мемлекеттік
|
Жергілікті
|
Жыл
|
Қазақстан
|
4 |
|
009 |
Мемлекеттік
|
Жоғарғы Сотты,
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
5 |
|
017 |
Ақпараттық
|
1. Бірыңғай
|
Жыл
|
Қазақстан
|
6 |
|
100 |
Қазақстан
|
Азаматтық,
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7 |
|
101 |
Қазақстан
|
Жергілікті
|
Жыл
|
Қазақстан
|
8 |
|
102 |
Соттар
|
Жергілікті
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Тікелей нәтиже:
кәсіби деңгейді арттыру - 1252 адам;
мемлекеттік тілге оқыту - 3780 адам, соның ішінде аумақтық органдарда - 3680 адам;
ағылшын тіліне оқыту - 1624 адам, соның ішінде аумақтық органдарда - 1524 адам.
Түпкі нәтиже: азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығын 21,9 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқыту үшін кететін орташа шығын 11,5 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқыту үшін кететін орташа шығын 16,9 мың теңге.
Уақтылығы: іске асырудың белгіленген мерзімдеріне сәйкес.
Сапасы:
істерді жедел және сапалы қарау;
мерзімдері бұзылып қаралатын істердің санын қаралған істердің жалпы санының 0,5 пайыз дейін төмендету;
бастапқы сот шешімдерінің күшінің жойылуын 1 пайызға дейін төмендету;
сот актілерінің нақтылы орындалуын аяқталған атқарушылық іс жүргізулердің 75 пайызға дейін ұлғайту.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сай мемлекеттік қызметшілерге қойылатын кәсіби талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін, мемлекеттік тілге оқыту курстарынан өткеннен кейін іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесін 25 пайызға; ағылшын тіліне оқыту курстарынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істеуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесін 4 пайызға; біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары қызметтерге тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесін 0,5 пайызға арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
354-ҚОСЫМША
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы сот жүйесі органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 213341 мың теңге (екі жүз он үш миллион үш жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік
кодексі
, "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274
Қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Қоғамның экономикалық әлеуметтік, техникалық, технологиялық даму деңгейіне сәйкес, ҚР сот жүйесі органдарының ақпараттық құрылымын құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: Қазақстан Республикасы сот жүйесі органдары және атқару өндірісінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің одан әрі дамуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Қазақстан
|
Қазақстан
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: сот органдарының қызметіне, сот шешімдерін орындау, есептегі және бақылаудағы іс-шараларға қатысты ақпараттарды өңдеу және сақтау, таратуды орталықтандыру және бірізділендіру.
Түпкі нәтиже: соттар қызметінің тиімділігі мен анықтығын арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: сот төрелігін іске асыруға кететін шығындарды 15 пайызға азайту.
Уақыттылығы: жасалған шарттарда белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы: дұрыс шешім қабылдау үшін 100 пайыз ақпарат ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
355-ҚОСЫМША
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Сот процесіне қатысушы тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 18269 мың теңге (он сегіз миллион екі жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының
Конституциясы
; 1999 жылғы 13 шілдедегі 411 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі:
71,
72,
174
,
175
,
176-баптар
; 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексі
; 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің
603-бабы
; 2000 жылғы 5 шілдедегі "Қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
5-бабы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: Тұлғалардың сот процесін өткізу кезінде шеккен шығындарын өтеу, сот ісіне қатысатын тұлғаларға білікті заң көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Сот
|
Тұлғалардың сот
|
Жыл
|
Облыстар-
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: құзыретті, тәуелсіз және бейтарап соттың заңның барлық талаптарын сақтай отырып істерді қарау құқығын іске асыру.
Түпкі нәтиже: азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын 100 пайыз қамтамасыз ету.
Уақтылығы: іске асырудың белгіленген мерзімдеріне сәйкес.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражаттарын тиімді жұмсау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кепілдендірген бөлікте билік органдарына деген сенімді қоғам тарапынан нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
356-ҚОСЫМША
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 709 033 мың теңге (жеті жүз тоғыз миллион отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының
25-бабы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының судьяларды республикалық бюджет қаражатының есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі кепілдіктерін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: Сот төрелігін толық және тәуелсіз іске асыру жөнінде жағдай жасау үшін судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
004 |
|
Судьяларды
|
Қазақстан
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының судьяларын тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже:
сот төрелігін сапалы және уақытында іске асыру үшін судьяларға жағдай жасау.
Тұрғын үйге жалпы сұраныстың 4%-ы мөлшерінде республика судьяларын тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
судьялардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту және жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асыру арқылы экономикалық әсерге қол жеткізіледі.
Уақытылығы: іске асырудың белгіленген мерзімдеріне сәйкес.
Сапасы: судьялардың жүктелген міндеттерді барынша тиімді орындауына қол жеткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
357-ҚОСЫМША
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке түскен мүлікті бағалау, сақтау және сату"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 88171 мың теңге (сексен сегіз миллион бір жүз жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471
Жарлығы
; "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың,
сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сатудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен мүлікпен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
005 |
|
Жекелеген
|
Жекелеген
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: Тәркіленген мүлікті жекелеген негіздер бойынша мемлекет табысына айналдыру.
Түпкілікті нәтиже: Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүліктің мемлекет пайдасына, оның ішінде мемлекетке берілген мүліктің нақты құнының түсуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Жекелеген негіздер бойынша мемлекет пайдасына айналдыру жөніндегі шаралардан түскен табыстардан жұмысты ұйымдастыру шығындарының артып кетуі.
Уақытылығы: Мүлікті мемлекет пайдасына айналдыру жөніндегі процедураларды мерзімінде өткізу.
Сапасы: Заңдармен белгіленген мүлікті мемлекет пайдасына айналдыру (сақтау, бағалау, сату) жөніндегі процедураларды толық сақтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
358-ҚОСЫМША
501
-
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Сот жүйесі органдарының объектілерін дамыту"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1554544 мың теңге (бір миллиард бес жүз елу төрт миллион бес жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңы
; "Алқабилер туралы" 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: соттармен шешім қабылдау кезінде заңдылық принциптерін, объективтілікті, соттардың дербестігін бекіту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: әділ сот төрелігін жүргізу үшін жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарла-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
006 |
|
Сот жүйесі
|
"2008 жылға
|
Қаңтар-
|
Қазақстан
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.
7.Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 1. Астана қаласы Есіл өзенінің сол жақ жағалауында алқа билердің қатысуымен қалалық сот және екі аудандық сот ғимараттары, Қостанай облысы Лисаковск қаласының қалалық сотының ғимараты мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотпен бірлесе отырып Оңтүстік Қазақстан аудандық соты негізінде сот орындаушыларының аумақтық бөлімшесі бар мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының типтік ғимаратын, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Соттар әкімшісінің негізінде сот орындаушыларының аумақтық бөлімшесі бар әкімшілік сотының типтік ғимараты, Жамбыл облысы Тараз қаласындағы N 2 сотының негізінде сот орындаушыларының аумақтық бөлімшесі бар қылмыстық сотының типтік ғимараты, Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының негізінде аумақтық бөлімшелері бар аудандық сотының типтік ғимараты және Ақтөбе қаласындағы облыстық сот ғимаратын қайта жаңарту; Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық Соттар әкімшісінің және 3 қабатты әскери әкімшілік сотының ғимаратының мемлекеттік сараптамадан өткен белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасы.
2. Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Шиелі ауылындағы 3 құрамды аудандық сотының әкімшілік ғимаратының құрылысының басталуы;
3. Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Тараз, Орал, Алматы облысы Қаскелең қалаларындағы облыстық және оларға теңестірілген соттардың ғимараттарына жапсарлас құрылыс салу.
4. Алматы, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл, Өскемен, Орал қалаларындағы, облыстық және оларға теңестірілген соттардың ғимараттарын пайдалануға беру.
Түпкі нәтиже: құрылыс және сот жүйесі органдарының объектілерін қолданысқа енгізу арқылы соттың заңдылық принципін, объектілігін, дербестігін жақсарту.
Уақтылығы: жұмыстардың орындалу кестесіне және келісім-шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.
N 581д
Қаулысымен.