Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
33,
34,
35,
36,
37,
38,
39,
40-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
33-ҚОСЫМША
202
-
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік
материалдық резерв жүйесін басқару саласындағы уәкілетті
органның қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 5154475 мың теңге (бес миллиард бір жүз елу төрт миллион төрт жүз жетпіс бес мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12
N 581д
Қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы
Заңы
; "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі
Заңы
; "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы
Заңы
; "Авариялық құтқару қызметтері және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы
Заңы
; "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы
Заңы
; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі
Заңы
; "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1383 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік материалдық резервті құру мен дамытуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші бағ-
|
Бағдарлама-
|
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету |
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Табиғи және
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
3 |
|
002 |
Аумақтық органдардың аппараттары |
Төтенше жағдай-
|
Жыл бойы |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдары |
4 |
|
007 |
Мемлекеттік
|
"Тау-кен өндірістері мен жұмыстарын мемлекеттік бақылау"; "Металлургиялық коксты химиялық өндірістерді мемлекеттік бақылау"; "Көтергіш тетіктерді қазандықты қадағалау саласындағы мемлекеттік бақылау"; "Өнеркәсіптік жарылғыш заттарды әзірлеуді, дайындауды, сынауды, сақтауды, пайдалануды мемлекеттік бақылау"; "Мұнай өндіретін өнеркәсіптегі, геологиялық барлаудағы және құбыр өткізгіш көліктегі мемлекеттік бақылау"; "Тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін геологиялық-маркшейдерлік қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау"; "Нормативтік-құқықтық актілердің мәтіндерін жазу"; "Іс жүргізуді мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу"; "Ақпараттық технологиялар - мемлекеттік басқару тиімділігінің өсу негіздері"; "Мемлекеттік органдардағы бухгалтерлік есепке алу және бақылау"; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және бақылау"; "Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы"; "Қызметтік құжаттаманы электрондық өңдеуді енгізу тетігі туралы"; "Қазіргі заманғы жағдайларда заң қызметінің жұмыс ерекшеліктері"; "Мемлекеттік қызметшінің этикеті және психологиясы"; "Мемлекеттік қызметтердің сапасын басқару"; "Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту саласындағы ұйымдастыру шараларын жетілдіру жолдары"; "Іс жүргізу және электронды құжат айналымы"; "Мемлекеттік тілді оқыту" тақырыптары бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу. |
Жыл
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
5 |
|
008 |
Мемлекеттік
|
Министрліктің
|
Жыл бойы |
Ақмола
|
6 |
|
009 |
Мемлекеттік
|
Орталық аппарат
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
7 |
|
017 |
Ақпараттық
|
Есептеу техника-
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008.10.14
N 581в
Қаулысымен.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
а) Өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік базаны (мемлекеттік стандарттар, ережелер мен ұсынымдарды) жетілдіру;
б) 676 адамның, оның ішінде: аумақтық органдардан 676 адамның кәсіби деңгейін көтеру;
в) 1288 адамға, оның ішінде: аумақтық органдардан 1218 адамға мемлекеттік тілді оқытып-үйрету.
Түпкілікті нәтиже:
Төтенше жағдайларды төмендету және азайту, төтенше жағдайлардың алдын алудың қолданыстағы буындарын нығайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) республикалық бюджеттің қаражатын тиімді пайдалану;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеуге - 50000,0 мың теңге, өрт қауіпсіздігі саласында - 11225,0 мың теңге;
3) бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 14,9 мың теңге;
4) бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытып-үйретуге кететін орташа шығын - 15,8 мың теңге.
Сапасы:
а) төтенше жағдайлардың алдын алуға, оларды жоюға белгіленген регламент шеңберінде дер кезінде ден қою;
б) адам факторларына байланысты төтенше жағдайлар санының, қаза болғандар мен зардап шеккендердің, сондай-ақ өрттердің, өндірістік объектілердегі және жеке меншік секторларындағы апаттардың нәтижесіндегі материалдық залалдың өсуін азайту;
в) қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, кәсіби мемлекеттік қызметтік талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсын бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудегі үлесі - 44,3 %; біліктілігін арттыру курсын өткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 6,2 %.
Уақтылығы: іс-шараларды жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асыру.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008.10.14
N 581в
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
34-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды
жоюды ұйымдастыру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 17810404 мың теңге (он жеті миллиард сегіз жүз он миллион төрт жүз төрт мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12
N 581д
Қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі
Заңы
; "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы
Заңы
; "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы
Заңы
; "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы
Заңы
; "28237, 52859, 68303 әскери бөлімдерін Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына бағындыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі N 264
қаулысы
; "Төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының жедел медициналық көмек көрсету орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегі N 1068
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 наурыздағы N 400
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 40
қаулысы
; "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюды мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1383
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112
қаулысы
; "2006-2007 жылдарға арналған ақысыз медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің тізбесін бекіту туралы" 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 1296
қаулысы
.
3. Бюджеттік
бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық объектілері мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі және олар туындаған кезде қорғауды қамтамасыз ету және халыққа жедел көмек көрсету; авариялық-құтқару күштерінің ұдайы дайындықты және төтенше жағдайларға уақтылы ден қоюды тұрақты және үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету; жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмекті қамтамасыз ету арқылы ауру адамдардың денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: Дүлей зілзала, авариялар мен апаттар нәтижесінде зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету;
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда іс-қимылдарға жоғары әзірлікті қамтамасыз ету, апат аудандарына және берілген жауынгерлік міндеттер орындалатын аудандарда авариялық-құтқару қызметтерінің жедел ден қою, уақтылы баруы;
жетуі қиын аудандарда, қиындығы жоғары объектілерде құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
Ақпараттарды уақтылы және тұрақты түрде қабылдау және жедел өңдеу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттік басқару органдарымен үздіксіз және тиімді байланысты қамтамасыз ету;
Қадағалау және хабардар ету қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; мониторинг және сел қауіпі бар объектілер мен сел ағындарын бақылау;
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде уақтылы ден қою үшін арнайы техникалық құралдардың әзірлігін қамтамасыз ету;
Төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылардың әзірлік деңгейін арттыру;
Өрт қауіпсіздігі, өрттің алдын алу мен оларды жою саласындағы, шаруашылық ету объектілері мен тұрғын үйлердің өртке қарсы қорғанысын арттыру бойынша жұмыстарды жетілдіру;
Төтенше жағдайлардың салдарларын жою бойынша іздестіру-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жедел жүргізу.
Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші бағ-
|
Бағдарлама-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Табиғи және
|
|
|
|
2 |
|
100 |
Республика-
|
1) "Республикалық
|
Жыл бойы |
"Республи-
|
3 |
|
101 |
Әскери
|
Әскери бөлімдер
|
Жыл
|
52859,
|
4 |
|
102 |
Аэроұтқыр
|
Өңірлік аэромо-
|
Жыл
|
Орталық
|
5 |
|
103 |
Республика-
|
"Республикалық
|
Жыл
|
"Республи-
|
6 |
|
104 |
Қазселден-
|
"Қазселденқорғау"
|
Жыл
|
Қазсел-
|
7 |
|
105 |
Төтенше
|
Авиациялық техни-
|
Жыл
|
Қазақстан
|
8 |
|
106 |
"Қазқұтқару
|
"Қазқұтқару"
|
Жыл
|
Қазақстан
|
9 |
|
107 |
Өрт сөндіру
|
"Өрт сөндіру және
|
Жыл бойы |
"Өрт сөндіру
|
10 |
|
108 |
Жедел құтқару қызметі |
Жедел құтқару
|
Жыл
|
Ақтөбе
|
11 |
|
109 |
Апаттар
|
Мамандандырылған
|
Жыл
|
Қазақстан
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008.06.13
N 581
, 2008.07.19
N 712
, 2008.10.14
N 581в
, 2008.11.12.
N 581д
Қаулыларымен.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелер:
Құтқарушылар азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен, заттай киім-кешектермен қамтамасыз етілді, ғимараттарға, жабдықтарға және басқа да негізгі құралдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
"Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы" іс-шаралар жоспарының 3.1-тармағын іске асыруға 8 бірлік автокөлік құралдарын сатып алу, оның ішінде: УАЗ 3 бірлік, Газель 2 бірлік, орта сыныпты АҚМ - 1 бірлік, гидрооралым 3-ші жергілікті 1 бірлік, авариялық құтқару жабдықтары және аспаптары, оның ішінде: жылу зеңбірегі 4 бірлік, зардап шеккендерге киіз үй - 2 бірлік, ұялы байланыс кешені УКВ-10-бірлік, созылмалы құтқару матасы, авариялық құтқару аспабының жинағы, сүңгуір жейдесі, неопренді гидрокостюм, тау шаңғысы жинағы, газ қазандығы, үйлестіру-диспетчерлік қызмет және басқа жабдық үшін қатты дауыс байланыс жүйесі, оның ішінде желдеткіштер - 2 бірлік, тоңазытқыштар, ламинатор+брошуратор.
Азық-түлік, дәрі-дәрмектер, заттай мүліктер сатып алу, мерзімді қызметтегі 153 бірлік әскери қызметшінің келісім-шартты қызметке өтуі.
Дәнекерлеуші агрегат - 1 бірлік, байланыс құралы, коммуналдық-тұрмыстық жабдық, оның ішінде: жылыту қазандығы - 6 бірлік. Іс-шаралар жоспарының 3.1 т. іске асыру үшін автокөлік құралдарын, оның ішінде: жоғары өтімді КамАЗ (6*6) - 3 бірлік, ГАЗ шассасында АСА - 1 бірлік, УАЗ шассасында АСА - 1 бірлік сатып алу. "ҚР ӘҚ қару жарақтары мен әскери техниканы сатып алу, жаңғырту, жөндеу, пайдаға асыру мемлекеттік бағдарламасы" іс-шаралар жоспарын іске асыруға бульдозер 1 бірлік, N 52859 әскери бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.
Алматы қаласында пәтерлер сатып алынды (бір бөлмелі - 2 бірлік, екі бөлмелі - 1 бірлік). Автокөлік құралы - 4 бірлік, оның ішінде: КамАЗ базасында АСА - 2 бірлік, НИВА Марш АСА - 2 бірлік, авариялық құтқару жабдығы. "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы" іс-шаралар жоспарының 3.1 іске асыру УАЗ базасында АСА - 3 бірлік, қарда жүретін машина - 2 бірлік, Камаз автомобилі - 1 бірлік, УАЗ автомобилі - 1 бірлік, авариялық құтқару аспаптары мен жабдығы - 4 бірлік;
- Жер серігі терминалы - 1 бірлік, басқару бейне камерасы - 1 бірлік, дизельді-генераторлық қондырғы - 1 бірлік сатып алу;
- Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы гидротехникалық құрылыстарды, гидрологиялық посттарды, диспетчерлік пунктерді, сейсополигондарды және бөгеттегі ағымды жөндеу, бақылау және хабардар ету бекеттерін ұстау, аэрошолу жұмыстары, мұздық көлдерді ағызу бойынша алдын алу жұмыстары, жер сілкіністерін қысқа мерзімді болжауды қамтамасыз ету бойынша ғылыми-болжау жұмыстарын жүргізу, қар көшкіндерін, сел тасқындары мен сырғымаларды алдын ала түсіру бойынша жару жұмыстары.
Құрылыс техникалары мен автокөлік - 7 бірлік, оның ішінде: темір табанды эскаватор - 1 бірлік, Фронтальды жүк тиегіш - 1 бірлік, кран монипулятор - 1 бірлік, экскаватор - 3 бірлік, автогрейдер - 1 бірлік, гидрометеорологиялық бұйымдар сатып алу. "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы" іс-шаралар жоспарының 3.1 іске асыру үшін Камаз (самосвал) - 10 бірлік, тұрғын вагон - 10 бірлік, цемент таситын көлік - 1 бірлік, бензин таситын көлік - 1 бірлік;
- авиациялық техниканы ұстау бойынша қызмет көрсетулер қамтамасыз етілді, авиациялық техниканы ұстау, ұшыру-техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетулер сатып алынды, оның ішінде: жанар жағар май материалдарына, ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету, авиациялық техниканы орналастыру шығындары;
- "Қазқұтқару" республикалық (халықаралық) жиын-семинары өткізілді және оған 335 құтқарушының қатысуы қамтамасыз етілді;
- Активтер - 190 бірлік, оның ішінде: Урал базасында АЦ-40 автоцистерна - 40 бірлік, Камаз базасында АЦ-40 автоцистерна 30 бірлік, ЗИЛ базасында АЦ 2,5-40 автоцистерна - 60 бірлік, өрт сөндіру-техникалық керек-жарақтар, "Диспетчер" АРМ жабдығын, байланыс құралдары, телекоммуникациялық жабдық, жедел жеңіл автомобиль - 1 бірлік сатып алу.
ММ өртсөндіру депосы ғимараттарының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша шығындар және күрделі жөндеу, оның ішінде: Атырау облысының Индер ауданы N 5 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу; Ақтөбе облысы Шалқар қ. Газовиков п.ө/б - 17 г. өрт сөндіру депосын күрделі жөндеу; Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Абай ауылы өрт сөндіру депосы ғимаратына күрделі жөндеу; Батыс Қазақстан облысы Круглоозерное п. 7 ө/б өрт сөндіру депосы ғимаратын күрделі жөндеу; Алматы қ. Қонаев көшесі 132 СПЧ-8 ғимаратын күрделі жөндеу, Жамбыл облысы Талас ауданы, Қаратау қаласы өрт сендіру депосының қазандықтарын жылыту және газдандыру жүйесін күрделі жөндеу; Батыс Қазақстан облысы ММ арнайы жасағына күрделі жөндеу; Тараз қаласы Асқаров 284-а көшесі бойынша жұмылдыру резерві ғимаратын күрделі жөндеу; Тараз қ. Жамбыл N 1 даңғылы бойынша ө/д жатақханасы ғимаратына күрделі жөндеу; материалдық емес активтерді сатып алу.
Камаз базасында 4 бірлік, гидравликалық авариялық құтқару аспаптары, іздеу құтқару иттері - 2 бірлік сатып алу.
Материалдық емес активтерді сатып алу, оның ішінде "1С -Бухгалтерия"
- белгілі бір адамдарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Медициналық (емдеу және диагностикалық), зертханалық жабдықтар сатып алу.
Түпкі нәтиже:
төтенше жағдайлар оқиғаларын кеміту мен азайту бойынша іс-шараларды жүргізу, оның ішінде төтенше жағдайлардан күтілетін материалдық шығынды 2-3 % азайту, зардап шеккендер мен қаза болғандардың санын 3-4 % азайту, құтқарылғандардың санын 5-6 % көбейту. Емделген адамдардың денсаулығын жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
бір әскери бөлімді ұстау орташа 347181,0 мың теңгені құрайды;
бір өңірлік аэромобильдік жасақты ұстау орташа 44852,6 мың теңгені құрайды;
"Қазқұтқару" семинарына қатысатын бір құтқарушыны 10 күн ішінде орташа қамтамасыз ету - 22,4 мың теңге;
1 тікұшақты бір жылда пайдалану, ұстау және оған техникалық қызмет көрсетудің орташа құны - 33120,7 мың теңге;
бір өрт сөндіру бөлімін ұстау орташа 36868,2 мың теңгені құрайды;
бір жедел құтқару жасағын ұстау 33247,2 мың теңгені құрайды. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайында жылына бір адамды емдеуге орташа шығыс 104,7 мың теңге.
Сапасы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы функцияларға сәйкес адамзат факторымен, қаза болғандар мен зардап шеккендер санымен байланысты төтенше жағдайлар санының артуын, сондай-ақ өндіріс объектілері мен жеке секторлардағы өрт, дүлей зілзала нәтижесіндегі материалдық шығынды 100 %-ға тежеу жөніндегі іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету. Диагностика және емдеу мерзімді медициналық-экономикалық хаттамаларға сәйкес емдеу.
Уақтылығы:
барынша уақыт мүмкіндігімен белгіленген регламент шеңберінде төтенше жағдайларға ден қою, олардың алдын алу және жою.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.19
N 712
, 2008.10.14
N 581в
, 2008.11.12.
N 581д
Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
35-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу мен реконструкциялау"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1820028 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз жиырма миллион жиырма сегіз мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы
Заңы
; "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1383
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Қазақстан Республикасының аумағын табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандарын дайындаудың білім деңгейін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: Қазақстан Республикасының аумағын болуы ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету жағдайын жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарлама-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Төтенше
|
Заңнамада белгіленген
|
қаңтар-
|
Қазақстан
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13 N 581 Қаулысымен.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Астана қаласын Есіл өзенінің су тасқынынан қорғауға арналған объектілер кешенін салу (орындалған жұмыстар көлемінің 11,5 %-ы).
Түпкілікті нәтиже: аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғауға арналған объектілерді пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісінің кестесіне және жасалған шартқа сай.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сай.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.13
N 581
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
36-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Өрт қауіпсіздігі саласында сынақтарды талдау және жүргізу"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 10399 мың теңге (он миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы
Заңы
; "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы
Заңы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Өрт қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-техникалық және нормативтік-құқықтық базаны дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: Қазақстан Республикасының заңнамаларына, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өрт қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ өртпен күрестегі тәжірибе негізінде, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердің, бұйымдардың, конструкциялардың, үйлер мен ғимараттардың өрт қауіптілігін бағалау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарлама-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
004 |
|
Өрт
|
Өрт қауіпсіздігі
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 4 сынаулар мен зерттеулер жүргізу және өрттерді анықтау мен сөндірудің автоматтық жүйелерін, құтқару қондырғылары мен жеке қорғану құралдарын сынау әдістерін және жалпы техникалық талаптарды реттейтін 6 нормативтік құжаттар әзірлеу.
Түпкілікті нәтиже: өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік стандарттағы бір нормативтік-техникалық құжаттың сараптамасы 70,0 мың теңге;
бір нормативтік техникалық құжатты мемлекеттік тілге аудару рецензиясы - 50,0 мың теңге;
бір стандартты әзірлеу кезіндегі сынақ пен зерттеудің орташа құны - 2245,8 мың теңге.
Сапасы: республикада шығарылатын және Қазақстан рыногына әкелінетін сынақ үлгілерінің, бұйымдардың және өнімдердің өрт қауіпсіздігі көрсеткіштерін айқындау бойынша қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 100% орындалуын қамтамасыз ету.
Уақтылы: сынаулар мен зерттеулердің нәтижелерін белгіленген мерзімде ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
37-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 339285 мың теңге (үш жүз отыз тоғыз миллион екі жүз сексен бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы
Заңы
; "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы N 243
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: өрт сөндіру қызметі бөлімшелерін өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: 051001 "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімі бар инженерлерді дайындау сапасын барынша ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарлама-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
006 |
|
Жоғары
|
Штаттық саны 120 бірліктен тұратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
|
Жыл
|
"Көкшетау
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.10.14 N 581в Қаулысымен.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер
: Түпкілікті нәтиже: Тыңдаушыларды азық-түлікпен, киім-кешекпен және стипендиялар төлеумен, ғимараттарға, үй-жайларға, құрал-жабдықтарға ағымдағы жөндеу жасаумен және басқа да негізгі құралдармен қамтамасыз ету. Компьютерлер мен оргтехника, оқу-зертханалық жабдықтар, жиһаз, бақылау байланыс құралдарын, өрт-техникалық жабдықтар, шатырлар, әдебиеттер сатып алу. Оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеуді қоса алғанда білім беру қызметін жүзеге асыру. Ғимараттың беткі жағы, асхананың шатыры, спорт залының шатыры күрделі жөндеуден өткізілді.
Түпкілікті нәтиже: "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша жоғары білімді мамандарды дайындау - күндізгі оқу бөлімі факультетінің түлектері - 115 адам, сондай-ақ сырттай оқу бөлімі факультетінің түлектері - 150 адам.
Сапасы: 051001 "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша (академиялық дәрежесі - бакалавриат) білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес мамандарды дайындау.
Уақтылығы: мамандарды дайындаудың бекітілген кестесіне сәйкес.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.10.14
N 581в
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
38-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Мемлекеттік органдар мен мекемелер мамандарын
төтенше жағдай ахуалында іс-әрекет жасауға даярлау"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 11145 мың теңге (он бір миллион бір жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі
Заңы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы басшы құрам мен мамандардың кәсіби деңгейін көтеру бойынша көмектесу, азаматтық қорғаныс әскерлері үшін білікті офицерлер кадрларын және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесі үшін жоғары білікті мамандар даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: азаматтық қорғаныс әскерлері үшін офицерлер кадрларының және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесі үшін жоғары білікті мамандардың біліктілігін арттыру, басшы құрамның, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, еліміздің азаматтық қорғаныс саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың мамандарын дайындау және қайта даярлау, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына, республиканың басқа да ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарлама-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
007 |
|
Мемлекеттік
|
Төтенше жағдайлар-
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
бюджет саласындағы қызметкерлерді 47 санат бойынша оқыту, оқу бағдарламасында төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бойынша 62 тақырып көзделген, оқу курстары бір аптадан (42 оқу сағатынан) тұрады.
Түпкілікті нәтиже: төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы 1750 бюджет саласындағы қызметкерлердің білім деңгейі мен дағдысын арттыру.
Қаржы-экономикалық тиімділік:
бір тыңдаушыны оқытуға - 6369 теңге, оқытудың бір сағаттық құны - 265,3 теңге.
Сапасы:
бюджет саласындағы қызметкерді оқыту бойынша жинақтық оқу жоспарына сәйкес.
Уақтылығы:
кадрларды дайындау және қайта даярлаудың бекітілген кестесіне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
39-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 4677606 мың теңге (төрт миллиард алты жүз жетпіс жеті миллион алты жүз алты мың теңге).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12
N 581д
Қаулысымен.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы
Заңы
; "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 237
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: Бекітілген номенклатураға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуын және қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
: бекітілген номенклатураға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің тауарларын жаңартып отыруды қамтамасыз ету; сақтау режимінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сапалы және сандық сақталуын және қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарлама-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
008 |
|
Мемлекеттік
|
|
|
|
2 |
|
100 |
Мемлекеттік
|
Мемлекеттік мате-
|
Жыл
|
Қазақстан
|
3 |
|
101 |
Мемлекеттік
|
Мемлекеттік мате-
|
Жыл
|
Қазақстан
|
4 |
|
103 |
Сақтау
|
Мемлекеттік мате-
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Құпия.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
40-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 102200 мың теңге (бір жүз екі миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентінің "Республика аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 19 наурыздағы N 451
өкімі
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
: халықтың және табиғи-шаруашылық жүргізуші объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
- микрожер сілкіністерін зерттеуді мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету;
- кәсіпорындардың жұмыс істеу аумағының ауасы мен шаң-газ ағымдарының өлшемдерін анықтау;
- газ қоспалары құрауыштарының бояу массасының әсер етуін және жұмыс істеу аймағының ауасындағы шаң-газ ағымдарын олардың шоғырына байланысты анықтау;
- қоршаған ортаға техногендік, антропогендік және табиғи жүктеменің әсер ету дәрежесі және өңірлік экожүйенің тұрақты жағдайы мен сақталуы бойынша облыс аумағын аудандарға бөлуді анықтау;
- аймақтарды өлшемдері жөніндегі ұсыныстарды әзірлей отырып, жанама жер жыныстарын өндіруде пайда болған жарықшақтар аймағын анықтау;
- өнеркәсіптік қондырғыларда шаң түріндегі отынды жаққан кезде жарылыс қауіпсіздігі жағдайының шегін анықтау;
- тізбектелген жылу және масса алмастыру аппараттарының сенімділігін және қауіпсіздігін арттырудың әдістері мен тәсілдерін әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
:
N
|
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдарлама-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
009 |
|
Төтенше
|
"Салынып жатқан
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже:
- ғимараттар мен құрылыстарды зерттеу, конструкцияларға тексеріс есептерін жүргізу, оларды күшейту мүмкіндіктерін айқындау;
- тотығу және бейтарап атмосфералар жағдайында шаң пайда болу кезінде туындайтын физикалық-химиялық жағдайларды зерттеу;
- жоғары температура жағдайында байланыс отыны болмаған кезде қатты отынды кесектендіруді зерттеу;
- шаң түріндегі отынды қауіпсіз дайындау және жағу бойынша тәжірибелік қондырғыларды зерттеу;
- қазба өнімдерінің жобалық бөлігіне жанасып жатқан тау жыныстарының тосын құлау процестерінің алдын алу, берілген уақыт кезеңінде құламай тұтас күйінде тұратын тау жыныстарының көлемін анықтау, сондай-ақ толық құлауы мүмкін ошақтары туралы уақтылы ескерту;
- микросейсмологияны болжау технологиясын дамыту бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін құру;
- кәсіпорындардың жұмыс істеу аймағының ауасы мен шаң-газ ағымдарының өлшемдерін анықтау;
- Солтүстікшығыс Каспий айдынында және Теңіз кен орындарында жүргізілген мұнай операцияларының қоршаған ортаға әсерін анықтау;
- аппараттың жоғары сенімді және қауіпсіз жаңа конструкциясының есептеу және жобалау үшін техникалық құжаттама әзірлеу;
- химия, мұнай химиясы және мұнай өңдейтін өнеркәсіптерде техногендік апаттар мониторингін құру.
Түпкілікті нәтиже:
- төтенше жағдайлар кезінде қираған үйлер мен ғимараттарды қысқа мерзім ішінде нығайтудың тиімді әдістерін әзірлеу;
- көмір өндіру кезінде пайда болатын шаң түріндегі өнімдерді кесектендіру технологиясын әзірлеу;
- жер асты таукен өндіру кәсіпорындары кешенінде тұтас қолдану үшін салалық сипаттағы нормативтік құжаттарды әзірлеу;
- сейсмикалық бақылаудың жаңа ақпараттық технологиясының негізінде микросейсмологияны болжауды дамыту;
- технологиялық газдардың, желдеткіш ауаның тығыздығы мен көлемдерін, таукен және металлургия кәсіпорындарындағы жұмыс істеу аймақтарының атмосфералық ауасының өлшемдерін сенімді анықтау әдістерін әзірлеу;
- мұнай-газ кешеніндегі жұмыстың қарқындылығының нәтижесінде қоршаған орта жай-күйінің өзгеру болжамын жасау;
- қалдық газдарды тазарту үшін аппараттың сенімділігі мен қауіпсіздігі жоғары жаңа конструкцияларын жасау;
- физикалық химиялық құбылыстарды ескере отырып, фазалардың өзара өту қозғалыстарының үлгілерін әзірлеу.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
- "Ғимараттар мен құрылыстардың ТЖ кезіндегі төзімділігінің әдістемесін әзірлеу" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 12,7 млн. теңге;
- "Металлургия өнеркәсібі үшін қатты шаң түріндегі отын: оны пайдалану, қауіпсіздігі, экология" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 10,7 млн. теңге;
- "Кен орындарын қазу кезінде тосын құлаулардың алдын алу мақсатында жер асты әдісімен қауіпті қирау аймақтарын болжау әдістемесін жетілдіру" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 2,0 млн. теңге;
- "Микросейсмологияны болжау технологиясын дамыту" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 48,0 млн. теңге;
- "Таукен-металлургия кәсіпорындарында технологиялық газдардың нақты тығыздығын айқындау әдістемесін анықтау" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 7,0 млн. теңге;
- "Техногендік жүктемелер және табиғи ортадағы туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу дәрежесі бойынша Солтүстікшығыс Каспий айдынын қоса алғанда Атырау облысының аумағын аудандарға бөлу" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 5,2 млн. теңге;
- "Мұнай-газ өңдейтін объектілерде қышқыл газдарды өңдеу үшін жылу және масса алмастыру жабдықтарының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 10,0 млн. теңге;
- "Химия, мұнай химиясы және мұнай өңдейтін өнеркәсіптерде техногендік сипаттағы апаттар мен авариялар мониторингі және оларды моделдеу мен болжау" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге - 6,6 млн. теңге.
Сапасы: халықтың және табиғи-шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл ішінде.