2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 8-IV Заңы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Хорватия Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
Жарлығы     

Хорватия Республикасында Қазақстан Республикасының
Елшілігін ашу туралы

      Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Загреб қаласында (Хорватия Республикасы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті