Кейбір Қазақ КСР Жоғарғы Сот Пленумы қаулыларының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қаулыларының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. "Соттардың некенi бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 28 сәуірдегі N 5 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбындағы "Жоғарғы Соты Пленумының" сөздері "Жоғарғы Сотының нормативтік" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) кіріспедегі "Пленумы" сөзі "жалпы отырысы" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) бүкіл мәтіндегі "ҚР" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                              Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                               Ж. Бәйішев