Транспорттық қызметтер үшін төленген ақшаны өз меншігіне айналдырған транспорт қызметкерлерінің әрекеттерін саралау туралы

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1988-жылғы 23-қыркүйек N 5, Пленумның 1996-жылғы 20-желтоқсандағы N 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Қазақ ССР прокурорының СССР Прокуратурасы туралы Заңының 39-статьясының тәртібімен келтірілген ұсынысын қарап, сондай-ақ осы категориядағы істер жөніндегі сот тәжірибесін талқылай келіп, Қазақ ССР Жоғарғы сотының Пленумы жоғарыда аталған әрекеттерді заң тұрғысынан бағалаған кезде соттар жолаушылардан жол ақысын алуға правосы бар транспорт қызметкерінің транспорт кәсіпорнының, мекемесінің, ұйымының меншігі болып табылатын соманы иемденіп талан-таражға салып ұрлық жасағанын мұндай правосы жоқ және транспорт кәсіпорынының, мекемесінің, ұйымының меншігіне түсуге тиіс қаржының есебінен заңсыз байыған адамдардың іс-әрекетінен әрдайым ажыратып отырмайтынын атап көрсетеді. Бұл мәселелер бойынша түсінік берудің қажеттігіне байланысты Пленум Қаулы етеді:
      Өздері атқаратын қызметіне, не транспорт кәсіпорыны, мекемесі, ұйымы арнаулы тапсырма беруіне сәйкес жол ақы, багаж тасу, өзге транспорт қызметтері үшін азаматтардан ақы алуға правосы бар және алынған ақшаны иемденіп кеткен автомобиль, темір жол, су әуе транспорты қызметкерлерінің іс-әрекеттері ұрлау деп бағалануға тиіс екендігі соттарға түсіндірілсін.