Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.
Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы автокөлік қылмыстары туралы істер жөніндегі сот тәжірибесін жинақтау қорытындыларын талқылай келіп, республика соттары негізінен аталған санаттағы істерді дұрыс шеше, осы қылмыстардың жасалуына жағдай тудыратын жайларды анықтауға және жоюға көбірек көңіл бөле бастады.
Солай бола тұрса да олардың қызметінде әлі де көліктегі кездейсоқ оқиғалармен күрестің тиімділігін төмендететін елеулі кемшіліктер бар.
Кейбір соттар айыптыны сотқа беру кезеңінде істі қарауға атүсті қарайды, соның салдарынан сот мәжілісіне толық зерттелмеген істер енгізіледі.
Істерді қарау кезінде барлық соттар жол-көлік оқиғаларын жан-жақты және толық зерттеу шараларын қабылдамайды, олардың жекелегені қандай жол қозғалысы және көлікті пайдалану ережесі бұзылғанын, ол олқылықтар неден көрінетінін, олардың туындап отырған оқиғамен себепті байланысы болған-болмағанын анықтамайды.
Арнайы таным қажет етілетін жағдайларды зерттеу кезінде соттар автотехникалық сараптама мүмкіндіктерін толық пайдаланбайды.
Сараптамашылардың құзыретіне кірмейтін мәселелерді анықтау үшін сараптама аз белгіленбейді. Сараптама қорытындыларын бұрыс бағалау мен пайдалану кездеседі.
Осы санаттағы істер жөніндегі соттар үкімі кейбір жағдайларда КСРО Жоғарғы Сотының 1969-жылғы 30-маусымдағы Пленумының "Сот үкімі туралы" N 4 қаулысы талаптарына жауап бермейді. Онда қозғалыс хауіпсіздігі мен көлікті пайдалану ережесінің қалай бұзылғаны әр кезде көрсетіле бермейді, тек қана жол-көлік оқиғасының жайы жазылады.
Жеке алғанда автокөлікті пайдаланудағы жүру хауіпсіздігі ережесін бұзуды белгілі бір өндірістегі, қауіпсіздік техникасындағы жеке басқа қылмыс жасаудағы, жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзған, жәбірленушіге көмектеспей оқиға болған жерде қалдырған айыптының әрекетін бағалаудағы жолсыздықтардан шектеу кезінде қылмыстарды саралауда қателіктер жіберіледі. Жаза тағайындалғанда қателік жіберіледі. Кейбір жағдайларда ол апат жағдайын тудырған жәбірленушінің айыбы дәрежесін есепке алмай беріледі.
Соттар азаматтық талаптарды қараған кезде көп қателіктер мен заң бұзушылықтарды жібереді. Автокөлік құралдарына қатысты жоғары қауіп көзіне келтірілген материалдық залал АК-тің 450-бабын бұза отырып, материалдық залал жоғары қауіп көзі иесінен емес, айыпты адамнан өндіріліп алынады, талаптар негізсіз қараусыз қалдырылады.
Жекелеген соттар жол қауіпсіздігі және автокөліктерді пайдалану ережелерін бұзуға ықпал еткен жағдайларды анықтап, жоюға тиісінше мән бермейді, жылжымалы мәжілістерді, жеке ұйғару, бұқараны iстердi қарауға қатыстыру сияқты алдын-алудың маңызды түрлерiн пайдаланбайды.
Облыстық және Алматы қалалық соттары автокөлiк қылмыстары жөнiндегі iстердi қарау кезiнде халық соттарының қателiктерiн уақтылы жоймайды, кейде өздерi де бұрыс шешiмдер қабылдайды.
Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы аталған кемшіліктер мен қателiктердi жою мақсатында қаулы етеді:
1. Республика соттарының назары қозғалыс қауiпсiздiгi мен көлiктi пайдалану ережелерінің бұзылуына қатысты қылмыстардың алдын алу және жою мiндеттерiн табысты шешуге жағдай тудыруды қамтамасыз етудiң қажеттiлiгiне аударылсын.
2. Соттар автожол оқиғаларының барлық жайларын әрекетiнде қылмыс құрамы бар адамдарды негізсiз соттау немесе жауаптан құтқару тұрғысынан жан-жақты және толық зерттеуi керек, қандай жол қауiпсiздiгi және көлiктi пайдалану ережесiнiң бұзылғанын, тәртiп бұзудың орын алған салдар мен себептерінің байланыстылығын терең анықтауы керек. Апат көлiк құралдары, автожол ережелерін бұзу жағдайларын жасаған айыпты басқа адамдарды анықтау қажет. Алдын-ала тергеу сапасына талап күшейтiлсiн.
Аталған санаттағы iстердi қарау кезінде сот сараптамасының қазiргi мүмкiндiктерiн толыққанды пайдалану қажет, оның қорытындыларына дұрыс баға беру керек.
Соттар үкiмдердi құраудың сапасын арттырулары қажет. Олардың баяндалу бөлiгі бұзылған қозғалыс қауіпсіздігі мен автокөлікті пайдалану ережелерi тармақтарына сiлтеме жасалуы керек, әрі осы ереже бұзушылықтың себептерi нақты көрсетiлуi тиiс.
3. Белгілі бір тұлға әр уақытта жасаған ҚК
296-бабының
әртүрлі бөліктерінде көзделген бірнеше әрекет осы баптың тиісті бөлігі бойынша дербес саралауға жатады. Егер де көлік құралын басқаратын тұлға жолда жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу кезінде бір мезгілде бір жәбірленушілердің денсаулығына ауыр зиян келтірсе және бір немесе бірнеше тұлғаның абайсызда өліміне әкеліп соқтырса, онда әрекеттер тұтастай ҚК
296-бабының
неғұрлым ауыр зардаптардың келтірілуін қарастыратын бөлігі бойынша саралануға жатады. Осында, осы әрекетпен келтірілген онша ауыр емес зардаптар айып тағылғанда және үкімде көрсетілуі тиіс.
ҚК 296-бабымен көзделген әрекетті жасаған кінәлі адам жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кетсе, оның әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша - ҚК
296-бабының
тиісті бөлігімен және ҚК 297-бабымен саралануға жатады. Осында, кінәлі адам жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кеткені үшін ҚК
297-бабы
бойынша, аталған баптың ескертуінде көрсетілген жағдайлардан басқа, ҚК 296-бабында көзделген келтірілген зардаптардың (денсаулыққа орташа ауыр немесе ауыр зиян келтіру, жәбірленушінің өлімі) сипатынан және оларды кінәлінің ұғынғанынан тәуелсіз жауаптылыққа тартылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді -
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006.12.25.
N 12
Нормативтік қаулысымен.
4. Соттар жазаны даралау туралы заң талаптарын қатаң сақтауы тиiс, қозғалыс қауiпсiздiгi мен автокөлiк құралдарын пайдалану ережелерiн өрескел бұзып, ауыр салдарға алып келген айыптыға жеңiлдiктер берiлмеуi керек.
Соттар осылармен қатар жаза шарасы туралы мәселенi шешкен кезде апат жағдайын жасаған жәбiрленушінің кiнәсiн де ескеруi керек.
5. ҚК-тiң 217-бабының санкциясы автокөлiктi басқаруға рұқсатты алып тастау түріндегi қосымша жазаны қолдану немесе қолданбау мүмкiндiгiн қарастыратынын ескере отырып, соттар әр iс бойынша қабылдаған шешiмдi дәлелдеуi керек.
6. Сот мәжiлiстерiнде аталған санаттағы қылмыстық iстер бойынша азаматтық талап арыздарды жан-жақты зерттеудiң қажеттiлiгi соттарға атап көрсетiлсiн:
Қылмыстан келтiрiлген материалдық залал жөнiндегi заң талаптарын дәл және сөзсiз орындау қамтамасыз етiлсiн.
7. Соттарға:
а) адам өлiмiне алып келген, дене жарақатын салған, мүлiктi құртқан немесе зақымдаған қозғалыс қауiпсiздiгi мен автокөлiктi пайдалану ережелерiн бұзуды өмiр мен денсаулыққа қарсы қылмыс жөнiндегi баптар бойынша қосымша саралаусыз келтiрiлген салдарға орай тек ҚК-тiң 217-бабының 1, 2 немесе 3-тармақтарының қажеттiлiгi түсiндiрiлсiн.
Егер көлiк құралы өлтiру, дене жарақатын салу немесе мүлiктi құрту мақсатымен қасақана пайдаланылса, мұндай қылмысты әрекеттi ҚК-тiң 217-бабымен саралаусыз ҚК-тiң тиiстi баптармен саралау керек;
б) ҚК-тiң 217-бабының 1-бөлігімен қарастырылатын елеулi материалдық залал ретiнде жол қауiпсiздiгі ережесiн бұзу салдарынан айтарлықтай бүлiнген немесе толық жойылған маңызды және бағалы жүктi, транспорт құралын, ғимаратты және т.с.с. айтады.
Материалдық залалды елеулi деп тану туралы мәселенi шешу кезiнде оның ақшалай сомасындағы мөлшерiн ғана емес, бүлiнген мүлiктiң бағалануы мен маңызын, жөндеу жұмыстарының көлемi мен құнын және басқа жағдайларды ескеру керек.
Барлық жағдайларда жiберiлген пайданы емес, нақты келтiрiлген залалды ғана есепке алу керек;
в) ҚIЖК-нiң 281-бабына сәйкес соттың қосымша тергеуге қайтарусыз тағылған айыптың қисынын өзгертуге ықпал ететiн айыптыға тағылғанын басқа қозғалыс қауiпсiздiгi мен автокөлiктi пайдалану ережесiн бұзған деген кiнә тағуға қақысы жоқ.
Сот қозғалыс қауiпсiздiгi мен автокөлiктi пайдалану ережесiн бұзды деген негiзсiз тағылған айыпты басқа керектi ереже, көрсетiп айыпқа ауыстыруға, тек мұндай өзгерту айып тағу қисынына өзгеру әкелмеген және айыпталушының қорғау құқығын бұзбаған жағдайда ғана мүмкiн;
г) егер жол-көлік оқиғасы нәтижесінде денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілген және жастығының, кәрілігінің, аурулығының немесе дәрменсіз күйінің салдарынан өзін сақтап қалуға шара қолдана алмайтын халдегі жәбірленуші ҚК
296-бабында
көзделген әрекетті жасаған тұлғамен көрінеу өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайда қалдырылса, онда қауіпті жағдайда қалдырылудың нәтижесінде абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеліп соққан жағдайда, жасалған әрекет тұтастай ҚК 296-бабының тиісті бөлігі, ҚК
297-бабы
және ҚК
119-бабының
екінші бөлігі бойынша саралануға жатады. Егер жол-көлік оқиғасының нәтижесінде денсаулыққа келтірілген зиянның жәбірленушілерге қауіп төндірмейтінін кінәлі адам көрінеу білсе немесе жәбірленуші жол-көлік оқиғасы болған жерде бірден өліп кетсе, онда жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кеткен жүргізушінің әрекеттерінде - қауіпті жағдайда қалдырудың құрамы болмайды.
д) жүргiзушi жәбiрленушіні басқа адамдар көмектесуге мүмкiндiк бар жерге қалдырып кетсе, онда оның ҚК-тiң 110-бабы бойынша жауаптылығын жоққа шығармайды;
e) жүргiзушiнiң ҚК-тің 110-бабының 2-бөлiгi бойынша жауаптылығы тек қана жәбiрленушінің өлiмi немесе басқа ауыр жағдайы жол-көлік оқиғасы болған сәтте басталмай, тiкелей оны өмiрiне қауiп төнген жағдайында тастап кету салдарынан туындауы мүмкiн;
ж) егер жәбiрленушінің өлiмi айыпты үшiн бiле тұра жол-көлiк оқиғасы болған сәтте туындаса, онда жол қауіпсіздігі ережесiн бұзып, оқиға болған жерден кетiп қалған жүргiзушiнiң әрекетi қосымша ҚК-тiң 110-бабы бойынша саралануға тиiс емес;
з) автомашина немесе басқа да көлiк құралдары еңбек келiсiмi бойынша бекiтiлген жүргiзушi оларды ез бетiмен айдап кету субъектiсi бола алмайды (ҚК-тің 221-бабы).
Өзiне сенiп тапсырылған көлiк құралдарын өз бетiнше иеленiп, оны жеке мақсаты үшiн пайдаланған жүргізушінің әрекетi оған негіздер жеткiлiктi болса, ҚК-тiң 219-бабы бойынша саралануға тиiс.
и) бір тұлғамен ҚК
298-бабының
бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер жасалса, әрбір қылмыс дербес саралануға жатады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді -
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006.12.25.
N 12
Нормативтік қаулысымен.
8. Көлiк қылмыстарынан сақтандыру жөнiндегi жұмысты одан әрi жетiлдiру мақсатында соттар осы қылмысты жасауға жағдай тудыратын себептер мен жағдайларды анықтау үшiн заңмен белгiленген барлық шараларды қолдануы керек, автошаруашылықтар, жол құрылысы, басқа кәсiпорындар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының жұмыстарындағы жiберiлген кемшiлiктерiне жеке ұйғарулармен әсер ету керек, осы олқылықтарды жоюға қол жеткiзу қажет.
9. Облыстық және Алматы қалалық соттары автокөлiк қылмыстары
жөнiндегi iстердi қарау кезiнде соттардың қателiктерiн кассациялық
және қадағалау тәртiбiмен дер кезiнде анықтап, жоюы керек, сот
қызметiн одан әрі жақсарту үшiн шаралар қолдану керек.
10. Осы қаулының жариялануына байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Соты
Пленумының мына қаулылары күшін жойды деп танылсын:
1972-жылғы 28-желтоқсандағы "Автокөлiк қылмыстары жөнiндегi iстер
бойынша сот тәжiрибесi туралы" N 5;
1975-жылғы 15-қыркүйектегi "KCPO Жоғарғы Соты Пленумының
1970-жылғы 6-қазандағы N 11 және Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының
1972-жылғы 28-желтоқсандағы автокөлiк қылмыстары туралы iстер
жөнiндегi сот тәжiрибесi туралы N 5 қаулыларының орындалу барысы
туралы N 4 1981-жылғы 16-наурыздағы "Қазақ КСР Жоғарғы Сотының
1975-жылғы 15-қыркүйектегi Пленумының N 4 қаулысын өзгерту туралы" N 3;
Оқығандар:
(Қасымбеков Б.А.)
(Икебаева Ә.Ж.)