Мүлікті тыйым салудан босату (хаттаудан шығару) туралы істерді қарағанда заңдарды, СССР Жоғарғы Соты Пленумының және Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларын республика соттарының орындау барысы туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1988 жылғы 23 қыркүйек N 7. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Маскүнемдiкпен, есiрткiмен және улы заттармен ауыратындарды емдеу-сауықтыру мекемелерiне жiберу туралы сот қаулыларын қайта қарау кезiнде туындайтын мәселелерге байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:
      Маскүнемдiкпен, есiрткiмен, улы заттармен ауыратындарды емдеу-сауықтыру мекемелерiне жiберу немесе одан бас тарту туралы аудандық (қалалық) соттың қаулысы облыс прокурорының қадағалау тәртiбiндегi наразылығы бойынша облыстық соттың төралқасында қайта қаралуы мүмкiн екенi түсiндiрiлсiн.