Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.
Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот тәжірибесін талқылап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қазіргі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдары жетілдіруді қажет ететінін көрсетеді.
Атап айтқанда, қылмыстық жазаны орындаумен бірге медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін реттейтін ҚК-тің
K970167_
95-бабының 1-бөлігінде ҚК-тің
K970167_
88-бабының 1-бөлігіне сілтеме жасалған. Ал, ҚК-тің
K970167_
88-бабының 1-бөлігі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын, оның ішінде олардың есі кіресілі-шығасылы болғандықтан қылмыстық жаза тағайындалмайтын адамдарға да қолданудың негіздерін көздейді. Осыған байланысты ҚК-тің
K970167_
95-бабының 1-бөлігіндегі "88-бабының 1-бөлігіндегі сөздерін" 90-бабының 2-бөлігіндегі сөздермен ауыстыру қажет деп есептейміз.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ісі қаралып жатқан адамдардың құқықтарының реттелуі нақтыландыруды талап етеді. Мысалы, ҚІЖК-нің
Z970206_
515-бабында бұндай адамдар алдын ала тергеу органдарының және соттың оларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулыларына шағымдану құқы бар делінсе, сот қаулысына шағымдануға наразылық келтіруге құқы бар адамдарды көрсететін ҚІЖК-нің 518-бабы олардың мұндай құқын жояды.
Қылмыстық іс жүргізу
Z970206_
және Қылмыстық атқару
Z970208_
кодекстерінің нормалары қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған және психикасы бұзылған адамдарға ҚР ҚІЖК-нің
Z970206_
507-бабында көрсетілген қауіпсіздік шараларын қолдану туралы алдын ала тергеу органдары және сот қаулыларын орындаудың тәртібін көздейді. Сондай-ақ, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттерді есі кіресілі-шығасылы күйде немесе оны жасағаннан кейін ауырып қалған адамдарға сот-психиатриялық сараптамаларын жүргізу үшін немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот қаулысын орындау үшін медициналық мекемеге жеткізу тәртібін көздейтін нормалар да жоқ.
Осындай құқықтық нормалардың (оның ішінде, ведомстволық ережелер мен нұсқаулықтардың және т. б.) болмауы салдарынан іс жүзінде ҚІЖК-нің 507-бабының 1-бөлігіндегі талаптар бұзылып, психикасы ауру адамдарға қауіпсіздік шараларының орнына бұлтартпау шаралары заңсыз қолданылады, осындай адамдарға қауіпсіздік шараларын қолдану, оларды жөнелту туралы алдын ала тергеу органдары мен сот қаулыларын уақытылы орындамау фактілері орын алған.
Сонымен бірге ҚІЖК-нің
Z970206_
бірқатар баптарының мемлекеттік және орыс тілінде берілген мәтіндерінің сәйкессіздігі анықталды.
Атап айтқанда, ҚІЖК-нің
Z970206_
40, 514, 519 және 520-баптарының мемлекеттік тілде берілген мәтіндерінде "жою (устранить)", "қысқарту (прекратить)", және "бұзу (отменить)" деген терминдердің орнына "тоқтату (приостановить)" деген бір термин қолданылған.
ҚІЖК-нің
Z970206_
507-бабының 1-бөлігінің және 509-бабының 1-бөлігінің мемлекеттік тілде жазылған мәтінінде ҚІЖК-нің
Z970206_
18-бабында көзделген "бұлтартпау шаралары (меры пресечения)" деген терминнің орнына сот ісін жүргізуде қолданылмайтын "тыйым салу шаралары (запретительные меры)" сөздері қолданылған.
Бұл қайшылықтар заңның осы нормаларының мағынасын дұрыс түсінбеуге әкеліп соқтырады.
Аталған мәселелер заң тәртібі бойынша шешілуге жатады, сондықтан Жоғарғы Сот Пленумы заң шығарушы және атқарушы өкім органдарын хабардар ету қажет деп есептейді. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы"
U952694_
Жарлығының 28-бабының 2-бөлігінің 4-тармағын және 31-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:
Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі жоғарыда аталғандар туралы хабардар етілсін.