КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1973-жылғы 8-қазандағы "венерологиялық ауруын жұқтыру туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" N 15 қаулысының орындалу барысы туралы

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1975 жылғы 12 маусым N 3

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы Қазақ КСР Әділет министрінің ұсынысын қарай отырып, халыққа артық бағамен газ сатумен, азаматтарға толық сыйымдылық бағасы бойынша толмаған баллондарды өткізумен айналысатын адамдар әрекетін саралауда республика соттарының жұмыс тәжірибесінде тұтастықтың жоқ екенін атап өтеді.
      Бір соттар мұндай әрекетті мемлекеттік мүлікті ұрлау ретінде басқалары тұтынушыларды басқаша алдау ретінде ҚК-тің 166-бабы бойынша саралайды.
      Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы аталған әрекеттердің біртектілігін және дұрыс заңды баға берілуін қамтамасыз ету мақсатында
      Қаулы етеді:
      Газ шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлері халыққа тұрмыстық қызмет көрсететіні, сондықтан олардың азаматтарға біле тұра толмаған газ баллондарын олардың толық сыйымдылығы бойынша өткізуі азаматтарға бөлшек сауда бағасын асыра сатумен бірдейлігі, ҚК-тің 166-бабы бойынша саралану керектігі соттарға түсіндірілсін. Халыққа газ жеткізумен шұғылданатын адамдар газы бар баллондарды ұрлап, оларды толық толықтырмай толық сыйымдылығы бағасы бойынша немесе бөлшек сауда бағасы бойынша сатса, соның салдарынан мемлекетке және азаматтарға материалдық залал келтірсе, бұл адамдардың әрекеті социалистік мүлікті ұрлау және азаматтарды алдау ретіндегі қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы керек. Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Икебаева Ә.Ж.)