Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Энергетикалық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 714 қаулысымен
бекітілген
Энергетикалық сараптама жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Энергетикалық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергетикалық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) энергетикалық сараптама – жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;
2) жылу энергиясын беру – жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнінде көрсететін қызметі;
3) тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
4) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне ауыстыруға арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы жабдықтардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайлармен бірге) жиынтығы;
5) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) сарапшы ұйым – электр энергетикасы мәселелері бойынша энергетикалық сараптаманы жүргізуге аккредиттелген ұйым;
7) зерттелетін ұйым – энергетикалық сараптама жүргізуге сарапшы ұйыммен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға.
2. Энергетикалық сараптама жүргізу тәртібі
3. Энергетикалық сараптаманы «1», «2», «3» санаттарына сәйкес сарапшы ұйымдар жүргізеді:
1) электр қондырғыларының 500 кВА (КилоВольтАмпер) дейін және одан жоғары және (немесе) жылу қондырғыларының 1 Гкал/сағ (сағатына Гигакаллория) дейін және одан жоғары қосылған қуаты бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптаманы 1-санаттағы сарапшы ұйымдар жүргізеді;
2) электр қондырғыларының 500 кВА (КилоВольтАмпер) дейін және (немесе) жылу қондырғыларының 1 Гкал/сағ (сағатына Гигакаллория) дейін қосылған қуаты бар электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптаманы 2-санаттағы сарапшы ұйымдар жүргізеді;
3) электр қондырғыларының 100 кВА (КилоВольтАмпер) дейін және (немесе) жылу қондырғыларының 1 Гкал/сағ (сағатына Гигакаллория) дейін қосылған қуаты бар электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптаманы 3-санаттағы сарапшы ұйымдар жүргізеді.
4. Энергетикалық сараптама сарапшы және зерттелетін ұйымдар арасында энергетикалық сараптама жүргізуге жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
5. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша энергетикалық сараптама мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) электр станцияларындағы, электр және жылу желілеріндегі, энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында;
2) технологиялық бұзылу – тура сол жабдықтың екі ай ішінде екі реттен астам I-дәрежелі істен шығуы кезінде;
3) электр және жылу энергиясын өндіру үшін шартты отынның үлестік шығысының немесе өзіндік қажеттігіне жұмсалатын энергетикалық ресурстар шығынының артуы кезінде.
6. Энергетикалық сараптама осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жоспары бойынша жүзеге асырылады.
7. Жүргізілген энергетикалық сараптама нәтижесі бойынша сараптамалық қорытынды жасалады, онда сараптама жүргізу нысанасы бойынша дәлелді, негізделген және сарапшылардың толық тұжырымдары көрсетіледі.
8. Энергетикалық сараптама қорытындысының мәтіні кіріспе, констатация және қорытынды бөлімдерден тұрады.
9. Энергетикалық сараптама қорытындысының кіріспе бөлімі құжатты әзірлеу орны мен күні туралы мәліметі, сараптама жүргізілетін ұйымның толық атауын, басшысының лауазымын, тегі мен аты-жөнін, энергетикалық сараптама жүргізу атауы мен уақытын, сондай-ақ энергетикалық объектінің тексерілетін жабдықтарының тізбесін қамтиды.
10. Энергетикалық сараптама қорытындысының констатация бөлімінде зерттелетін жабдықтардың және энергетикалық объектінің іс-жүзіндегі жай-күйі, сарапшы ұйым анықтаған және сараптама жұмыстары кезінде жойылған бұзылулар мен кемшіліктер туралы ақпарат көрсетіледі.
11. Қорытынды бөлімде нормативтік құқықтық актінің нақты тармағына сілтеме жасай отырып, электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкессіздігін жою жөніндегі іс-шаралар баяндалады.
12. Энергетикалық сараптама қорытындысын сарапшы ұйымның басшысы бекітеді және мөрмен куәландырады.
13. Энергетикалық сараптама қорытындысы үш данада ресімделеді: бір данасы зерттелетін ұйымға беріледі, екінші данасы уәкілетті органға жіберіледі, үшінші данасы сарапшы ұйымда сақталады.
Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі ұйымдарға
энергетикалық сараптама жүргізу жоспары
1. Электр станциясы (қазандық) техникалық көрсеткіштерінің негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жинағы мен құрамы бойынша жобалық (паспорттық) деректерге сәйкестігі.
2. Негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген техникалық сипаттамаларға сәйкестігі).
3. Энергия объектілерін техникалық пайдалану дәрежесінің қолданыстағы салалық нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі, мынадай жабдықтар болған кезде:
1) станциялық жылу қондырғылары;
2) күлді ұстап қалатын және күл жою жүйелері;
3) жылу электр станцияларының құбыржолдары;
4) жылу автоматикасы және өлшеу құрылғылары;
5) реттеу және турбиналардың бу тарату жүйелері;
6) су жылыту және бу энергетикалық қазандары;
7) газ шаруашылығы;
8) мазут шаруашылығы;
9) отын-көлік жабдықтары;
10) мұнаралық градирнялар;
11) өндірістік ғимараттар, құрылыстар және аумақтар;
12) табиғат қорғау объектілері;
13) реле қорғаныс, ақауға қарсы автоматика және байланыс құрылғылары;
14) су турбиналық жабдықтар;
15) электр техникалық жабдықтар (генераторлар, электр қозғалтқыштары, күштік және өлшеу трансформаторлары, реакторлар, коммутациялық аппараттар);
16) компрессорлық, аккумуляторлық, электролиздік қондырғылар.
4. Ақаусыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:
1) уәкілетті органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;
2) технологиялық бұзылуларды тексеру актілері бойынша іс-шараларды орындау;
3) жедел және диспетчерлік тәртіпті сақтау бойынша талаптарды орындау.
5. Кәсіпорын жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.
Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Жылу энергиясын беруші және таратушы ұйымдарға энергетикалық
сараптама жүргізу жоспары
1. Жылу желілері техникалық көрсеткіштерінің энергетикалық жабдықтардың жинағы мен құрамы бойынша жобалық (паспорттық) деректерге сәйкестігі.
2. Энергетикалық жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген техникалық сипаттамаларға сәйкестігі), мынадай жабдықтар болған кезде:
1) магистральді және таратушы жылу желілері;
2) аудандық қазандықтардың және сорғы станцияларының жабдықтары;
3) бак-аккумуляторлар.
3. Объектілерді техникалық пайдалану дәрежесінің қолданыстағы салалық нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі, мынадай жабдықтар болған кезде:
1) жылу желілері (магистральді және тарату);
2) бак-аккумуляторлар;
3) су жылыту қазандықтары;
4) күлді ұстап қалатын және күл жою жүйелері;
5) газ шаруашылығы;
6) мазут шаруашылығы;
7) автоматика және өлшеу құрылғылары;
8) өндірістік ғимараттар, құрылыстар;
9) табиғат қорғау объектілері.
4. Ақаусыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:
1) уәкілетті органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;
2) технологиялық бұзылуларды тексеру актілері негізінде әзірленген іс-шараларды орындаудың уақтылылығы және толықтығы.
5. Кәсіпорын жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.
Энергетикалық сараптама
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Электр энергиясын беруші ұйымға энергетикалық сараптама жүргізу жоспары
1. Электр желілері техникалық көрсеткіштерінің жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген деректерге (кернеу сыныптары бойынша ұзындығы, 35 киловольт және одан жоғары қосалқы станциялар трансформаторларының, 6-10/0,4 киловольт трансформаторлық қосалқы станциялардың саны және белгіленген қуаты) сәйкестігі.
2. Энергетикалық жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген техникалық сипаттамаларға сәйкестігі), мынадай жабдықтар болған кезде:
1) электр тарату желілері;
2) 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардың, 6-10/0,4 киловольт трансформаторлық қосалқы станциялардың және 6-10 киловольт тарату бекеттерінің жабдықтары.
3. Объектілерді техникалық пайдалану дәрежесінің қолданыстағы салалық нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі, мынадай жабдықтар болған кезде:
1) әуе электр тарату желілері;
2) кәбілді электр тарату желілері;
3) компрессорлық жабдықтар;
4) өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйелері;
5) тарату құрылғыларының жабдықтары;
6) өндірістік ғимараттар, құрылыстар;
7) күштік трансформаторлар және май реакторлары;
8) электролиздік қондырғылар;
9) релелі қорғаныс және автоматика құрылғылары, аварияға қарсы автоматика және байланыс.
4. Ақаусыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:
1) уәкілетті органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;
2) технологиялық бұзылуларды тексеру актілері негізінде әзірленген іс-шараларды орындаудың уақтылылығы және толықтығы.
5. Кәсіпорын, оның құрылымдық бөлімшелері жұмысының және оларды жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бағалау.
Энергетикалық сараптаманы
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Электр энергиясын тұтынушыға энергетикалық сараптама жүргізу
жоспары
1. Электр желілері техникалық көрсеткіштерінің жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген деректерге (кернеу сыныптары бойынша ұзындығы, 35 киловольт және одан жоғары қосалқы станциялар трансформаторларының, 6-10/0,4 киловольт трансформаторлық қосалқы станциялардың саны және белгіленген қуаты) сәйкестігі.
2. Энергетикалық жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалау (физикалық тозуы, жобалық немесе белгіленген тәртіппен өзгертілген техникалық сипаттамаларға сәйкестігі), мынадай жабдықтар болған кезде:
1) электр тарату желілері;
2) 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардың, 6-10/0,4 киловольт трансформаторлық қосалқы станциялардың және 6-10 киловольт тарату бекеттерінің жабдықтары.
3. Объектілерді техникалық пайдалану дәрежесінің қолданыстағы салалық нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі, мынадай жабдықтар болған кезде:
1) әуе электр тарату желілері;
2) кәбілді электр тарату желілері;
3) компрессорлық жабдықтар;
4) өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйелері;
5) тарату құрылғыларының жабдықтары;
6) өндірістік ғимараттар, құрылыстар;
7) күштік трансформаторлар және май реакторлары;
8) электролиздік қондырғылар;
9) релелі қорғаныс және автоматика құрылғылары, аварияға қарсы автоматика және байланыс.
4. Ақаусыз жұмысты және қызмет көрсетудің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар болған және олар орындалған кезде, оның ішінде:
1) уәкілетті органның шешімдері бойынша іс-шараларды орындау;
2) технологиялық бұзылуларды тексеру актілері негізінде әзірленген іс-шараларды орындаудың уақтылылығы және толықтығы;