Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 427 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 сәуiрдегi N 492. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысындағы елеулi кемшiлiктер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 427 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      1. 3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кеден басқармаларының және "Бақты" кеденiнiң басшыларын қызметтен босатсын";
      2. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi "Темiр-Жол-Терминал", "Астана" және автожүк кеденiн Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кеден басқармасының бағынысына берсiн". 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi