Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң жекелеген мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 29 тамыз N 1195. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.

      Кеден Одағы туралы Қазақстан Республикасы мен Федерациясы арасындағы Келiсiмнiң бiрiншi кезеңiнiң аяқталуына байланысты және кеден iсiн жүйелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Тiкелей Ресей-Қазақстан шекарасында орналасқан кеден органдарының саны 1185 бiрлiкке қысқартылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi Кеден Одағына қатысушы елдердiң экономикалық мүдделерiн қорғаудың талаптарына жауап беретiн кеден жүйесiн басқарудың бiрыңғай принциптiк схемасы бойынша iшкi қайта ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
     3-5. <*>
     Ескерту. 3-5 тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.12.19
N 1797 қаулысымен .
     6. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 мамырдағы N 694 қаулысының 5-қосымшасының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы        
Министрлер Кабинетiнiң        
1995 жылғы 29 тамыздағы        
N 1195 қаулысына            
қосымша                  

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
жанындағы Кеден комитетi орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Кеден бақылауын ұйымдастыру басқармасы
     Контрабандамен және кеден ережесiн бұзушылармен күрестi
     ұйымдастыру басқармасы
     Кеден кiрiсi басқармасы
     Кеден күзетi мен режимiн ұйымдастыру басқармасы
     Кеден органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық
қамтамасыз ету басқармасы
     Кадр басқармасы
     Заң қызметi басқармасы
     Аппарат қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi басқарма
     Автоматтандыру және кеден статистикасы басқармасы
     Сыртқы байланыстар басқармасы
     Өзiнiң жеке қауiпсiздiгi басқармасы
     Ақпаратты қорғау бөлiмi
     Кеден комитетi жанындағы орталық кеден лабораториясы
     Баспасөз қызметi
     Ресей Федерациясы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң жанындағы
     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы
     Кеден комитетiнiң өкiлi