Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң кеден органын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық органын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 сәуір N 469

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357  қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. "Астана - жаңа қала" арнаулы экономикалық аймағы жұмыс iстейтiн кезеңде Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Астана - жаңа қала" кеденi" (бұдан әрi - Кеден) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Астана - жаңа қала" салық комитетi" (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттiк мекемелерi құрылсын. <*>
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357  қаулысымен .
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды  - ҚР Үкіметінің 2005.03.02. N 194  қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Кеден мен Комитетті әдiлет органдарында бiр айлық мерзiмде тiркеудi қамтамасыз етсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. <*>
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді  - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357  қаулысымен .
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң      
2002 жылғы 24 сәуірдегі          
N 469 қаулысымен             
бекiтiлген                

  Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң
"Астана - жаңа қала"№кеденi туралы ереже <*>

       Ескерту. Ереже алынып тасталды  - ҚР Үкіметінің 2005.03.02. N 194  қаулысымен .