Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 427 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 қыркүйек N 1084. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж, N 33, 409-құжат) қаулы етемiн:
      Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Экономикалық реформа жағдайында Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 7 ақпандағы N 600 Жарлығының 1-3, 7-10-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 4, 54-құжат);
      "Атқарушы өкiметтiң орталық органдарының жүйесiн ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 маусымдағы N 1219 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 224-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 маусымдағы N 1221 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж, N 19, 226-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Құқық қорғау органдары бөлiмi бойынша лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 23 қыркүйектегi N 1355 өкiмi.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi