"Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Семей" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Қордай" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Бейнеу" кеденi", "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 маусымдағы N 688 қаулысы

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.07.28 N 382 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 470 бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн есептен шығару:
      100 пайыз тозғанда - мемлекеттiк кәсiпорынның шешiмi бойынша;
      50 пайыздан артық тозғанда және/немесе баланстық құны 1000 еселенген ең төмен есепті көрсеткiштен артық емес болғанда - мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) аумақтық органдарынан жазбаша рұқсатынан кейiн жүзеге асырылады;
      кемiнде 50 пайыз тозғанда және/немесе баланстық құны 1000 еселенген ең төмен есептi көрсеткiштен артық болғанда - мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша және Комитеттiң жазбаша рұқсатынан кейiн жүзеге асырылады.";
      7-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру (бұдан әрi - Комитет)" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi мекемелерiнiң мүлкiн есептен шығару;
      100 пайыз тозғанда және/немесе баланстық құны 100 еселенген ең төмен есептi көрсеткiштен артық емес жағдайда - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгiнiң шешiмi бойынша;
      баланстық құны 100 еселенген ең төмен есептi көрсеткiштен артық жағдайында - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Комитетпен келiсiлген шешiмi бойынша жүзеге асырылады.".
      8-тармақтағы "уәкiлеттi органдармен" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
     12-тармақта:
     "келiсуге" деген сөздiң алдынан "мемлекеттiк басқару
органдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы екiншi бөлiммен толықтырылсын:
     "Мемлекеттiк басқару органдарымен келiсiлген есептен шығару құжаттары тиiсiнше Комитетке немесе оның аумақтық органдарына жазбаша рұқсат алу үшiн жiберiледi.";
     13-тармақтағы "уәкiлеттi органның" деген сөздер "мемлекеттiк
басқару органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап iске қосылады.
 

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң орынбасары -
     Қаржы министрi