"Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 қарашадағы № 436 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5970 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011.11.28 N 405/11 қаулысымен.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 372 бұйрығымен бекітілген балалардың толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесінің 24-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданының жалпы білім беретін орта мектептер негізінде ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын-орталықтарда баланың  тамақтануы үшін ата-ананың ай сайынғы төлемі:
      онда балалардың толық күн болуымен 5866 (бес мың сегіз жүз алпыс алты) теңге сомасында;
      онда балалардың жарты күн болуымен 4174 (төрт мың жүз жетпіс төрт) теңге сомасында бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011.08.23 N 283/8 (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев