Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтарын белгілеу және олардағы жұмыс режимі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 10 шілдедегі N 292 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 03 қыркүйек Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5769 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

      "Рұқсат беру жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 47-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      4-тармақта "24 маусымға" деген сөздер "15 шілдеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта "Орынбаев Е.Т" деген сөздер "Ахметов С.Н." деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген өкімге 1-қосымшада:
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің рұқсат беру құжаттарын беруді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамына:

Шабақбаев                - Тіркеу қызметі және құқықтық көмек
Марат Несіпбекұлы          көрсету комитетінің төрағасы, жетекшінің                              орынбасары
      енгізілсін;
      көрсетілген жұмыс тобының құрамынан Әбішев Бақыт Шалқарұлы шығарылсын;
      көрсетілген өкімге 2-қосымшада:
      рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру жөніндегі сараптама тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Ақбердин                 - Қазақстан Республикасы Индустрия
Рустам Александрович       және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті
                           дамыту департаментінің директоры

Тайжанов                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Қайнар Нұралыұлы           сауда министрлігі Техникалық реттеу және
                           метрология комитетінің басқарма бастығы

Шамбетова                - "Қазақстан фермерлерінің одағы"
Жанна Ұланқызы             қоғамдық бірлестігінің менеджері (келісім
                           бойынша);
      көрсетілген сараптама тобының құрамынан Шешмұханов Ерлан Нұрғалиұлы шығарылсын.

      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов