Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ 

      Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - V" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 5" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен, бүкiл мәтін бойынша "16 жасқа", "18 жасқа", "18 жастан", "23 жастан" деген сөздер тиiсiнше "он алты жасқа", "он сегіз жасқа", "он сегіз жастан", "жиырма үш жастан" деген сөздермен, "І", "IІ", "III" деген цифрлар тиiсiнше "бiрiншi", "екiншi", "үшiншi" деген сөздермен ауыстырылды - 2004.12.31. N 28 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

1 тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Азаматтардың мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар
              алуға құқығы

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.

      2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.

      3. Бiр мезгiлде әртүрлi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың тыңдауы бойынша бiр жәрдемақы тағайындалады.

      4. Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.16. N 482, 2005.12.15. N 101 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       1-1-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы органдар

      1. Орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

      2. Уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - осы Заңның шарттары бойынша функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген заңды тұлға.

      3. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган - Орталықтың аумақтық бөлiмшелерi.

      4. Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi.
      Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      2-бап. Жәрдемақылар төлеуге арналған қаражат

      Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

      3-бап. Жәрдемақылар тағайындау тәртiбi

      1. Жәрдемақылар тағайындау үшiн өтiнiш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейiн, қандай да бiр мерзiммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкiн.

      2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш жәрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жерi бойынша жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi, оған тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн құжаттар қоса тiркеледi.

      3. Азаматтарға жәрдемақы тағайындауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.

      4. Жәрдемақы тағайындау үшiн құжаттарды қарау өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
      Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ол туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.
      Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бас тарту себебiн жазбаша дәлелдеп, өтiнiш берушiге құжаттарын қайтаруға мiндеттi.

      5. Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      4-бап. Жәрдемақының бiр түрiн екiншiсiне ауыстыру

      Жәрдемақының бiр түрiн екiншiсiне ауыстыру жәрдемақы алушы адамның жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға барлық қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берген күннен бастап жүргiзiледi.

      Жәрдемақының бiр түрiнен екiншiсiне ауыстыру туралы өтiнiш беру, құжаттарды қарау, шешiм қабылдау тәртiбi, сондай-ақ осындай жәрдемақыны төлеу осы Заңның 3-бабының 2 - 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

      5-бап. Жәрдемақылар тағайындау мерзiмi

      1. Жасына байланысты жәрдемақы сондай жәрдемақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.

      2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiгi белгiленген күннен бастап, бiрақ оны тағайындауға өтiнiш берген күнге дейiн әрi кеткенде 3 айдан аспайтын мерзiм үшiн тағайындалады.

      3. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады, бiрақ барлық қажеттi құжаттармен жәрдемақыға тағайындауға өтiнiш берiлген күнге дейiн әрi кеткенде 12 айдан аспайтын мерзiм үшiн.

      4. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның өтiнiштi барлық қажеттi құжаттармен бiрге қабылдаған күнi жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш берiлген күн болып есептеледi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

      6-бап. Жәрдемақыларды төлеу тәртiбi

      1. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшiн жүргiзіледi. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленедi.

      2. Алушы уақытында талап етпеген жәрдемақылардың есептелген сомасы өткен уақыт үшiн, бiрақ оларды алу үшiн өтiнiш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленедi.

      3. Жәрдемақы тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органдардың кiнәсi бойынша уақытында алынбаған жәрдемақылар сомасы қандай да бiр мерзiммен шектелмей, өткен уақыт үшiн бiр мезгiлде төленедi.

      3-1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

      4. Жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР 1999.04.05 N 366 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.03.2014 N 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Жәрдемақылардан ұстап қалу

      1. Жәрдемақылардан ұстап қалу атқару iсi тәртiбiмен жүргiзiлуi мүмкiн.

      2. Жәрдемақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жүргiзiледi.

      3. Жәрдемақыдан төленуге тиiстi соманың 25 процентiнен артық ұстап қалуға болмайды.

      4. Жәрдемақыны тағайындайтын және төлейтiн органның кiнәсi бойынша жәрдемақы түрiнде артық төленген сомалар ұстап қалуға жатпайды.

2 тарау. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы

      8-бап. Жәрдемақы тағайындау шарттары

      1. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады.

      2. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақылар қашан болғанына - жұмыс немесе қызмет кезiнде, жұмысқа кiрiскенге дейiн немесе жұмысты тоқтатқаннан кейiн болғанына қарамастан тағайындалады.

      3. Мүгедек адамға зейнетақы төлемдері тағайындалған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ескерiле отырып, қайта қаралады.

      4. Зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен мүгедек адамдарды қайта куәландыру олардың өтiнiшi бойынша ғана жүргiзiледi.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       9-бап. Мүгедектік топтары

      Тіршілік ету әрекетінің шектелу, оның ішінде еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.

      Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін, сондай-ақ мүгедек болған уақытты жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган анықтайды.

      Мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтау ережесiн Қазақстан Pecпубликасының заңнамасына сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша орталық атқарушы орган әзiрлейдi.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 308, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.07.04. N 148 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      10-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы тағайындау мерзiмi

      1. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақы мүгедектiктiң жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген бүкiл кезеңiне тағайындалады.

      2. Мүгедектiк тобы өзгерген жағдайда жаңа мөлшерде жәрдемақы төлеу мүгедектiк тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады.
      Қайта куәландырылушы еңбекке қабiлеттi деп танылған жағдайда жәрдемақы еңбекке қабiлеттi деп танылған күнге дейiн төленедi.

      3. Егер мүгедек адам қайта куәландыруға ол үшiн тағайындалған мерзiмде жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға келмесе, оған жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал ол мүгедек деп қайта танылған жағдайда тоқтатылған күннен бастап, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiм үшiн қайта басталады.

      Дәлелдi себептер бойынша қайта куәландыру мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда жәрдемақы төлеу, төлем тоқтатылған күннен бастап, егер жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны осы кезең үшiн мүгедек деп таныса, қайта куәландырылған күнге дейiн, бiрақ әрi кеткенде 3 жылдан аспайтын мерзiм үшiн жүргiзiледi. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезiнде мүгедек адам мүгедектiктiң басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, аталған уақыт үшiн жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленедi.

      Егер жалпы аурудың салдарынан еңбек қабiлетiн жоғалтқан мүгедекке жәрдемақы төлеу еңбек қабiлетiнiң қалпына келуi себептi тоқтатылса немесе ол қайта куәландыруға дәлелдi себепсiз келмеуiнiң салдарынан жәрдемақы алмаса, оны кейiннен мүгедек деп таныған жағдайда бұрын тағайындалған жәрдемақыны төлеу, жәрдемақы төлеу тоқтатылғаннан кейiн 5 жылдан аспайтын уақыт өткен жағдайда, мүгедектiк анықталған күннен бастап жаңартылады. Егер 5 жылдан астам уақыт өтсе, жәрдемақы жалпы негiздерде қайта тағайындалады.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
2002.03.21. N 308, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

      11-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар
               мүгедектердiң санаттары

      Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектерге:

      1) жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуденкәсiби аурулардан мүгедек болғандар, он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балалар;

      1-1) бала кезiнен мүгедектер;

      2) мүгедектiкке әскери қызметтен өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар;

      3) әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектер;

      4) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан мүгедектер;

      5) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезiндегi радиациялық әсер етудiң салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектер жатады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.11.16 N 482, 2002.03.21 N 308, 2004.12.31 N 28 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-бап. Мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері

      1. Осы Заңның 11-бабының 1)1-1) және 3) тармақшаларында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:
      1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
      бірінші топтағы мүгедектерге – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ең төмен күнкөріс деңгейі) 1,42 мөлшерінде;
      екінші топтағы мүгедектерге – 1,11 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге – 0,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
      2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап:
      бірінші топтағы мүгедектерге – 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге – 1,39 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге – 0,98 ең төмен күнкөріс деңгейі; он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға — 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге – 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге – 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге – 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға – 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға – 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға – 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
      2. Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:
      1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
      бірінші топтағы мүгедектерге – 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      екінші топтағы мүгедектерге – 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      үшінші топтағы мүгедектерге – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
      2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап:
      бірінші топтағы мүгедектерге – 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      екінші топтағы мүгедектерге – 1,70 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      үшінші топтағы мүгедектерге – 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
      3. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасында көрсетілген мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар:
      1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
      бірінші топтағы мүгедектерге – 2,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      екінші топтағы мүгедектерге – 1,56 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      үшінші топтағы мүгедектерге – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
      2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап:
      бірінші топтағы мүгедектерге – 2,74 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      екінші топтағы мүгедектерге – 1,95 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      үшінші топтағы мүгедектерге – 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
      4. Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.
      5. Егер Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.03.2014 N 180-V Заңымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

3 тарау. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы

      13-бап. Жәрдемақыны тағайындау шарттары

      1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл орайда осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған балалар мен адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады.

      2. Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi болып:

      1) Егер он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және немерелерi - егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары - егер олар ата-аналарынан алимент алмайтын болса есептеледi.
      Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;

      2) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;

      3) егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке жарамдылығына қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi;

      4) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi.

      3. Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.

      4. Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi.

      5. Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне төленедi.

      6. Осы Заңның қайтыс болғандардың отбасына қатысты барлық ережелерi, егер бұл фактiлер сот тәртiбiмен белгiленген болса, тиiсiнше хабар-ошарсыз кеткендердiң немесе қайтыс болды деп жарияланғандардың отбасына да қолданылады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.11.16 N 482, 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Жәрдемақы тағайындалатын кезең

      Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасы мүшесi осы Заңның 13-бабына сәйкес еңбекке жарамсыз деп саналатын бүкiл кезеңге, ал "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа жеткен отбасы мүшелерiне өмiр бойына белгiленедi.

      15-бап. Отбасының барлық мүшелерiне бір жәрдемақы
               тағайындау

      1. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақыға құқығы бар отбасының барлық мүшелерiне ортақ бiр жәрдемақы тағайындалады.

      2. Отбасы мүшесiнiң талап етуi бойынша оның жәрдемақы үлесi бөлiнедi және оған жеке төленедi.

      3. Жәрдемақының үлесiн бөлу оны бөлуге өтiнiш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады.

      4. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамсыздандырылған отбасы мүшелерiнiң саны өзгерген кезде жәрдемақының мөлшерi жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше көбейтiледi немесе азайтылады.

      5. Отбасының мүшелерiнiң бiреуiне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған немесе жәрдемақы төлеудi тоқтата тұруға себеп болған жағдаяттар өткеннен кейiн оны төлеу қайта басталған жағдайларда да жәрдемақы мөлшерiн нақ солайша қайта қарау белгiленедi.

      16-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
               жәрдемақылардың мөлшері

      1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері:
      1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
      2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
      2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:
      1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап:
      отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде – 0,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      екеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      үшеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,48 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      төртеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,57 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      бесеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,62 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
      Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
      1) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап:
      отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде – 0,86 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      екеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,49 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      үшеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,85 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      төртеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 1,96 ең төмен күнкөріс деңгейі;
      бесеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,03 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
      Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
      3. Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда – жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:
      1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап әрбір балаға – 0,94 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,43 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,05 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде;
      2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап әрбір балаға – 1,18 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне 0,54 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады.
      4. Қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне 0,25 ең төмен күнкөріс деңгейіне, бірақ:
      1) 2014 жылғы 1 сәуірден бастап – отбасының барлық мүшелеріне 2,5 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде;
      2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап — отбасының барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерге ұлғайтылады.
      5. Егер отбасының еңбекке жарамсыз мүшесінің Орталықтан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы төлеу Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдеріне отбасының еңбекке жарамсыз осы мүшелері үшін белгіленген асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.03.2014 N 180-V Заңымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

4 тарау. Жасына байланысты жәрдемақылар

      17-бап. Жәрдемақыларды тағайындау шарттары

      Жасына байланысты жәрдемақылар азаматтарға Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа толғанда тағайындалады.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18-бап. Жасына байланысты әлеуметтiк жәрдемақының
               мөлшерi

      Жасына байланысты айлық жәрдемақы 0,52 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.03.2014 N 180-V Заңымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

5 тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

      19-бап. Халықаралық шарттар

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      20-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер

      1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылып келген заңдар бойынша әлеуметтiк зейнетақылар, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша зейнетақылар тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебiнен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн iс жүзiнде алып келген зейнетақыларының мөлшерiнен кем емес мөлшерде мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төленедi.

      2. Аталған жәрдемақыларды төлеу осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

      21-бап. Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша,
               асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және
               жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк
               әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңдарды
               бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

      22-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi

      Осы Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi