Балалы отбасыларға әлеуметтiк жәрдемақы, өтемақы төлемдерi мен алимент төлеу саласындағы азаматтар құқығының кепiлдiгi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 19 маусым N 2341

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасында мiндеттi медициналық сақтандырудың, құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн бекiту мақсатында осы Жарлықты шығарамын:

                I Тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Медициналық сақтандыру ұғымы

      Мiндеттi медициналық сақтандыру Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау жөнiндегi олардың мүдделерiн әлеуметтiк қорғаудың нысаны болып табылады және ол Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры қаражатының есебiнен белгiлi бiр сақтандыру жағдайлары пайда болған кезде мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы шеңберiнде медициналық көмек көрсету жөнiндегi қатынастарды бiлдiредi.
      Мiндеттi медициналық сақтандыру мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандырудың құрамдас бөлiгi ретiнде Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн жалпыға бiрдей болып табылады және оны Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
      Ерiктi медициналық сақтандыру дегенiмiз - сақтандырылған азаматтардың мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасында белгiленгендерден тыс қосымша медициналық қызметтердi алуын қамтамасыз ету.

      2-бап. Мiндеттi медициналық сақтандыру туралы заңдар

      Медициналық сақтандыру туралы заңдар осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнен және соларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнен тұрады.
      Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта мiндеттi медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Осы Жарлықпен реттелетiн қатынастар

      Осы жарлықпен:
      мiндеттi медициналық сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесiнде туындайтын Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры мен сақтандырушының арасындағы қатынастар;
      медициналық қызмет көрсету туралы мiндеттi медициналық сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесiнде туындайтын Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры мен медицина ұйымының немесе жеке медициналық практикамен айналысатын адамның арасындағы қатынастар реттеледi.
      Ерiктi медициналық сақтандыру жөнiндегi қатынастар сақтандыру туралы заңдармен реттеледi.
      Әскери қызметте, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, республикалық ұланда, кеден органдарында, салық полициясында қызметте жүрген азаматтарға мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi қатынастар қолданылмайды.

      4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
             тұратын, сондай-ақ уақытша жүрген шетелдiк
             азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдары
             Мiндеттi медициналық сақтандыру

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, сондай-ақ уақытша жүрген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды мiндеттi медициналық сақтандыру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      5-бап. Мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi
             қатынастардың қатысушылары

      Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры, сақтандырушылар, сақтандырылушылар, сондай-ақ медицина ұйымдары мен жеке медициналық практикамен айналысатын адамдар мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi қатынастың қатысушылары болып табылады.
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - заңмен белгiленген тәртiпте заңды тұлға ретiнде тiркелген, ақша қорларын қалыптастыруға арналған оның есебiнен мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының шеңберiнде азаматтардың кепiлдi медициналық көмек алуы қамтамасыз етiлетiн мемлекеттiк коммерциялық емес ұйым.
      Сақтандырушы - Қормен мiндеттi медициналық сақтандыру шартын жасаған және сақтандыру төлемдерiн төлейтiн тұлға.
      Жұмыс iстемейтiн тұрғындар (кәмелетке толмағандар; мемлекеттiк оқу орындарының күндiзгi нысанында оқитын адамдар; зейнеткерлер; жұмыс iстемеген кездегi кезеңi еңбек стажына есептелiнетiн адамдар; белгiленген тәртiппен тiркелген жұмыссыздар) үшiн - тиiстi жергiлiктi атқару органдары;
      жұмыс iстейтiн тұрғындар үшiн - жұмыс берушi сақтандырушылар болып табылады.
      Халықтың басқа санаттары мiндеттi медициналық сақтандыру шарттарын дербес жасасады.
      Сақтандырушылар - оларға қатысты мiндеттi медициналық сақтандыру жүзеге асырылатын адамдар.
      Емдеу-профилактикалық ұйымдар, ғылыми-зерттеу және медицина институттарының емханалары мен басқа да медициналық ұйымдар, сондай-ақ заңмен белгiленген тәртiпте тiркелiп және лицензия алып, медициналық қызметпен айналысушы адамдар мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiндегi медициналық ұйымдар мен жеке медициналық практикамен айналысушы адамдар болып табылады.

      6-бап. Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық
             бағдарламасы

      Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы - сақтандыру жағдайларының тiзбесi (аурулар мен жарақаттанулар), мұндай жағдайлар болған кезде Қор медицина ұйымына немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адамға немесе Қормен мiндеттi

медициналық сақтандыру шартын жасамаған медицина ұйымына өтiнiш
бiлдiргендерге немесе жеке медициналық практикамен айналысушы
адамдарға медициналық қызмет көрсету жөнiндегi шығындарға өтем
жасайды.
     Мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын
Денсаулық сақтау министрлiгi әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiтедi.
     
           II Тарау. Мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiндегi
                     шаралар

     7-бап. Мiндеттi медициналық сақтандыру шарты



      Мiндеттi медициналық сақтандыру шарты дегенiмiз - бұл Қор мен сақтандырушының арасындағы жазбаша келiсiм, ол бойынша сақтандырушы Қорға сақтандыру төлемдерiн төлеуге мiндеттенедi, ал Қор сақтандыру жағдайы болған кезде сақтандырылған адамға мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының шеңберiнде медициналық көмек көрсеткен медициналық ұйымның немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адам шығындарының орнын толтыруға мiндеттенедi.
      Қор мен сақтандырушының арасындағы мiндеттi медициналық сақтандыру шартында:
      Қордың атауы, оның орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
      сақтандырушының атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi (егер ол заңды тұлға болса), сақтандырушының фамилиясы, аты-жөнi және мекен-жайы (егер ол жеке тұлға болса); сақтандырушылардың саны туралы мәлiметтер;
      сақтандыру төлемiнiң мөлшерi, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi болуы тиiс.
      Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де жағдайлар енгiзiлуi мүмкiн.
      Егер мiндеттi медициналық сақтандырудың шартында заңдарда көзделмегендер салыстыра қарағанда сақтандырушының жағдайын нашарлататын жағдайлар бар болса, онда заңдармен белгiленген ережелер қолданылады.
      Шарттың нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      8-бап. Медициналық қызмет көрсету туралы шарт

      Медициналық қызмет көрсету туралы шарт дегенiмiз - бұл Қор мен медицина ұйымының немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адамның арасындағы жазбаша келiсiм, ол бойынша Қор сақтандырылған адамға мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының шеңберiнде медициналық қызмет көрсеткен медицина ұйымының немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адам шығындарының орнын толтыруға мiндеттеледi, ал медициналық ұйым немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адам сақтандырылған адамға мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасынан кем емес ауқымда медициналық қызмет көрсетуге мiндеттенедi.
      Медициналық қызмет көрсету туралы шартта:
      Қордың атауы, оның мекен-жайы және банктiк реквизиттерi;
      медицина ұйымының атауы, оның орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi, немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адамның фамилиясы, аты-жөнi және мекен-жайы;
      тексерiлiп-қаралған және (немесе емделген ауру адамға есепте көрсетiлген медициналық қызметтер құнының мөлшерi (медициналық қызметтiң тарифтерi);
      медицина ұйымы немесе жеке медициналық практикамен айналысушы

адам шығындарының орнын толтыру мерзiмдерi болуы тиiс.
     Шарттың нысанын, шығындардың орнын толтырудың тәртiбi мен
мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
     Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа өзге де қағидалар
енгiзiлуi мүмкiн.
     
     9-бап. Мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiндегi
            шарттардың күшi

     Мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiндегi шарттар
жасалған сәттен бастап күшiне енiп, тараптар үшiн мiндеттi
болады.

     10-бап. Қордың мiндеттерi

     Қор:
     сақтандырушылармен мiндеттi медициналық сақтандыру шарттарын
жасауға;


      медицина ұйымдарымен және жеке медициналық практикамен айналысушы адамдармен медициналық қызметтер көрсету туралы шарттар жасауға;
      шарттардың жағдайларына сәйкес медицина ұйымының немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адамның сақтандырылушыға медициналық қызмет көрсету жөнiндегi шығындарының орнын толтыруға;
      сақтандырылған адам Қормен медициналық қызмет көрсету шартын жасамаған медицина ұйымының немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адамның медициналық қызметiн пайдаланған жағдайда, мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы шеңберiнде оның шығындарының орнын толтыруға;

     сақтандырылған азаматтарға медициналық сақтандыру құжатын
беруге;
     сақтандырушылардың сақтандыру төлемдерiн уақтылы төлеуiн
бақылауға;
     шартта белгiленген медициналық қызметтердiң ауқымы мен
сапасын бақылауға;
     қолданылып жүрген заңдарға сәйкес медицина қызметкерiнiң
терiс iс-әрекетiмен сақтандырылушының денсаулығына келтiрiлген
залалдың орнын толтыру үшiн медицина ұйымына немесе жеке
медициналық практикамен айналысушы адамға талап қоюға мiндеттi.

     11-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

     Сақтандырушы мiндеттi медициналық сақтандыру шарты
жағдайларының орындалуына бақылау iсiн жүзеге асыруға құқылы.
     Сақтандырушы:
     Қормен мiндеттi медициналық сақтандыру шартын жасауға;
     Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде,
тәртiппен және мерзiмде мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi
сақтандыру төлемдерiн төлеуге мiндеттi.
     Мiндеттi медициналық сақтандыру шартында сақтандырушының
басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

     12- бап. Медицина ұйымының немесе жеке медициналық
              практикамен айналысушы адамның мiндеттерi

     Медицина ұйымы мен жеке медициналық практикамен айналысушы
адам:


      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен медициналық-экономикалық стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсетуге;
      сақтандырылған азаматтардың өздерiнiң денсаулық жағдайларын асқындыруға апарып соғуы мүмкiн медициналық нұсқамаларды бұзудың барлық жағдайлары туралы Қорды хабардар етiп отыруға мiндеттi.

      13-бап. Сақтандыру төлемдерi

      Сақтандыру төлемдерi - сақтандырушы Қорға салуға мiндеттi медициналық сақтандыруға төленетiн жарналар.
      Сақтандыру төлемдерi мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ететiн мөлшерде белгiленедi.
      Мiндеттi медициналық сақтандыруға төленетiн сақтандыру төлемдерi;
      жұмыс iстемейтiн халық үшiн - бiр тұрғынға шаққандағы қаржыландыру шығындарының үлестiк мөлшерiне сәйкес бюджет қаражатының есебiнен;
      жұмыс берушi үшiн - еңбекақы қорына қатысты проценттерде белгiленiп, заңды және жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан шегерiлетiн шығындарға жатқызылады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi төлемдердiң мөлшерiн, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмiн, сондай-ақ мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi төлемдерден Қорды ұстауға және дамытуға жұмсалатын аударымдардың мөлшерiн белгiлейдi.

     14-бап. Медициналық қызметтерге арналған тарифтер

      Мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi медициналық қызметтерге арналған тарифтер медицина ұйымының немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адамның сақтандырушыларға медициналық қызметтер көрсету жөнiндегi шығындарының құндық көрiнiсi болып табылады, олар Қор мен медицина ұйымының немесе жеке медициналық практикамен айналысушы адамның арасындағы келiсiм бойынша белгiленiп, оларды облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi бекiтедi.

     Медициналық қызметтерге арналған тарифтер жылына көп
дегенде 2 рет қаралуы мүмкiн.
     Сақтандырылушы Қормен медициналық қызмет көрсету шартын
жасамаған медицина ұйымының немесе жеке медициналық практикамен
айналысушы адамның медициналық қызметiн пайдаланған жағдайда,
сақтандырылушы шығындарын Қор арқылы, бiрақ осы қызметтерге
арнап бекiтiлген орташа тарифтерден жоғары емес мөлшерде өтетiп
алуға құқылы.

     15-бап. Медициналық қызметтер көрсету туралы
             шарттың тоқтатылуы

     Медициналық қызметтер көрсету туралы шарт, егер бұл шарттың
жағдайларында көзделсе, тараптардың бiрiнiң талап етуi бойынша,
сондай-ақ тараптардың келiсiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы
мүмкiн.
     Медициналық қызметтер көрсету туралы шартты мерзiмiнен бұрын 
тоқтату ниетi туралы, егер шартта өзгедей көзделмесе, тараптар
бiр-бiрiне шартты тоқтатудың ойластырылған датасынан кемiнде
30 күн бұрын мәлiмдеуге мiндеттi.

    16-бап. Мiндеттi медициналық сақтандыру кезiнде
            шарттардан туындайтын дауларды қарау

     Мiндеттi медициналық сақтандыру кезiнде шарттар жөнiндегi
және солардан туындайтын дауларды белгiленген тәртiпке сәйкес
сот қарайды.

          III Тарау. Мiндеттi медициналық сақтандыру
                     қоры мен оның қаражаты

     17-бап. Қордың құрылымы

     Мiндеттi медициналық сақтандыру қорын Қазақстан Республикасының
Үкiметi құрады және ол оған есеп берiп отырады.


      Қор мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiнде шарттар жасау мен оның орындалуы жөнiндегi қызметтi тiкелей жүзеге асыратын облыстық және Алматы қалалық бөлiмшелерiн құрады.
      Қордың бюджетi республикалық бюджеттi қарау кезiнде жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң қарауы мен бекiтуiне жатады.
      Қордың өзiн ұстауға арналған қаражатының нысаналы пайдаланылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi жүзеге асырады.
      Қордың мiндеттi медициналық сақтандыру жөнiндегi шығындардың орнын толтыруға арналған қаражатының нысаналы пайдаланылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi жүзеге асырады.

      18-бап. Қордың қаражаты

      Мiндеттi медициналық сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерi ретiнде төленетiн және пайдаланылуы заңдарға қайшы келмейтiн, басқа да көздерден түскен қаражат Қордың қаражатын құрайды.
      Қордың қаражаты мiндеттi медициналық сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсетуге арналған шығындардың орнын толтыруға жұмсалатын сақтандыру резервi қорына және өзiн дамыту қорына бөлiнедi.
      Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының қаражаты бюджет құрамына кiрмейдi, ол сақтандырушыларға медициналық қызмет көрсету жөнiндегi шығындардың орнын толтыруға арналған.
      Қордың қаражаты бюджетке және өзге де мемлекеттiк ақша

қорларына алынбауға тиiс, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
көзделген жағдайларды қоспағанда.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 18-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.
              N 134-I Заңымен.  

Z970134_

  

     19-бап. Сақтандыру резервтерiнiң қаражатын орналастыру

     Қор сақтандыру резервтерi қаражатының кемiнде 80 процентiн
мiндеттi медициналық сақтандыру бойынша ағымдағы төлемдердi
жүзеге асыру үшiн банктегi есептiк шотында орналастыруға
мiндеттi. Сақтандыру резервтерi қаражатының қалған бөлiгi:
     а) мемлекеттiк бағалы қағаздар сатып алу;
     б) Мемлекеттiк банктерде депозит шоттарында сақтау жолымен
орналастырылуы мүмкiн.
                                                             
     IV Тарау. Қорытынды ережелер

     20-бап. Мiндеттi медициналық сақтандыру туралы
             заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық

     Мiндеттi медициналық сақтандыру туралы заңдарды бұзғаны
үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
туындайды.

     21-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi

     Осы Жарлық 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi