Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 29 қараша N 488-І

      Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ ССР-інің Әкімшілік право бұзушылық туралы кодексіне (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1984 ж., N 14 (қосымша), N 41, 534-құжат; 1985 ж., N 19, 190, 191-құжаттар; N 32, 325-құжат; N 45, 457-құжат; N 49, 513-құжат; 1986 ж., N 13, 122-құжат; N 25, 242-құжат; N 31, 320-құжат; N 49, 506-құжат; 1987, N 2, 19-құжат; N 16, 201-құжат; N 29, 356-құжат; N 32, 421-құжат; N 41, 503-құжат; N 46, 560-құжат; 1988 ж., N 35, 324-құжат; 1989 ж., N 16, 129-құжат; N 27, 208-құжат; N 45, 364-құжат; N 49, 444-құжат; N 50-51, 458-құжат; 1990 ж., N 12-13, 114-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96, 98, 100-құжаттар; N 13-14, 323-құжат; N 15, 380-құжат; N 16, 400-құжат; 1993 ж., N 3, 42-құжат; N 4, 70-құжат; N 8, 159, 161-құжаттар; N 9, 220, 222-құжаттар; N 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., N 4-5, 60-құжат; N 8, 134-құжат; N 15, 207-құжат; 21-22, 272-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 5, 41 құжат; N 8, 55 құжат; N 9-10, 64 құжат; N 15-16, 105-құжат; N 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 177-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 15, 281-құжат; 1997 ж., N 6, 66-құжат; N 11, 146, 152-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 208-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 13, 194-құжат; N 14, 201-құжат; N 22, 310-құжат; 1999 жылғы 29 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер енгiзу туралы" 1999 жылғы 28 маусымдағы Z990408_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 31 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Z990430_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 3 және 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және 3 және 5 тамызда Казахстанская правда газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Z990436_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 9 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қазыналық кәсiпорындардың қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 4 қарашадағы Z990472_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      мынадай мазмұндағы 185-7-баппен толықтырылсын:
      "185-7-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лауазымды
                  адамдарының мемлекеттiк органдардың
                  шаруашылық қызметтi тоқтата тұру және
                  оған тыйым салу туралы нұсқамаларын
                  орындамауы

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лауазымды адамдарының мемлекеттiк органдардың заңда көзделген құзыретi шегiнде шаруашылық қызметтi тоқтата тұру және оған тыйым салу жөнiндегi нұсқамаларын орындамауы, лауазымды адамдарға - он бестен жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айып салуға әкеп соғады, ал егер iстiң мән-жайына қарай, тәртiп бұзушының жеке басын ескере отырып, бұл шараларды қолдану жеткiлiксiз деп танылса, он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынады.
      2. "Қазақ КСР-iндегi шаруашылық қызметтiң еркіндігі және кәсiпкерлiктi дамыту туралы" 1990 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасының Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., N 51, 483-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96-құжат; N 24, 597-құжат; 1993 ж., N 8, 176-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; N 21, 130-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат):
      16-бапта:
      - бiрiншi бөлiктiң жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      " - кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру және тоқтату;
      мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Осы баптың бiрiншi бөлiгiндегi жетiншi абзацта көзделген санкциялар шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың талап арызы негiзiнде сот шешiмi бойынша қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларда шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтатуға немесе тоқтата тұруға талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органның шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн тоқтату немесе тоқтата тұру туралы актісі сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
      3. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Z922500_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424 құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121 құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 13-14, 195, 205-құжаттар):
      1) 1-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Осы Заңда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 5-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында "жеке кәсiпкерлiк қызметтi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкердiң қызметiн" деген сөздермен ауыстырылсын және "мәжбүрлеп тоқтату" деген сөздерден кейiн "немесе тоқтата тұру;" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 25-бап мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатуды немесе тоқтата тұруды бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн тоқтату немесе тоқтата тұру туралы талап арызын уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларда шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтатуға немесе тоқтата тұруға талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органның қызметтi тоқтату немесе тоқтата тұру туралы актiсi сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
      4. "Еңбектi қорғау туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Z933000_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 40-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат):
      9-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен бекiтiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асырушы мемлекеттiк органдарға, олардың уәкiлеттi лауазымды адамдарына авариялық жағдайлар пайда болған, қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей анық қауiп төнген ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
      5. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Z942000_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 8, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 225-құжат):
      17-бап мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өтiнiшi бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арыз Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi.
      Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуына немесе оны тоқтата тұруына карантиндiк, аса қауiптi, жұқпалы, паразиттiк және кәсiби аурулардың таралу қаупi анық туындаған кездегi ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
      6. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Z952200_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 жылғы 31 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Z990430_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 3 және 7 тамызда "Егемен Қазақстан" мен 3 және 5 тамызда "Казахстанская правда газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Z990436_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 27 тамызда "Егемен Қазақстан" және 24 тамыз бен 1 қыркүйекте "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы Z990467_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 13 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 8 қазандағы Z990471_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 22-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда шағын кәсіпкерлік субъектiсi лицензиясының қолданылуын сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.";
      2) 24-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "қызмет" деген сөз "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мал дәрiгерлiгi туралы" 1995 жылғы 25 шiлдедегi N 2376 U952376_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 14, 94-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 24, 443-құжат):
      1) 8-баптың 1-тармағының он төртiншi абзацындағы "ұйымдары" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 13-бапта:
      сегiзiншi абзацтағы тоқтата тұруға деген сөздерден кейiн "және оған тыйым салуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң шаруашылық қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудегi, сақтаудағы, тасымалдаудағы және өткiзудегi мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердiң бұзылуын жойғанға дейiн мемлекеттiк мал-дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өтiнiшi бойынша сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға жануарлардың және құстардың карантин белгiленетiн жұқпалы аурулары анықталған ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
      8. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Z960048_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 жылғы 13 тамызда "Егемен Қазақстан" және 28 тамызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Z990437_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      10-бап мынадай мазмұндағы алтыншы, жетiншi және сегiзiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Ұйымдарды, объектiнi, ғимаратты, үйдi салу, қайта жаңғырту, кеңейту немесе техникалық жағынан қайта жарақтау кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерi бұзылған жағдайда, сондай-ақ жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған жағдайда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жүзеге асыратын ұйымның, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, үйлердi, ғимараттарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының өтiнiшi бойынша сот арқылы жүргiзiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң жұмысына iшiнара немесе толық тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға ерекше жағдайларда, өртке қарсы нормалар мен ережелердiң бұзылуы адамдардың өмiрi мен денсаулығына анық қауiп төндiрген кезде талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органының қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы актiсi сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
      Қазақстан Республикасының Өрт қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, өрт қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру жөнiндегi уәкiлеттi лауазымды адамдар болып табылады.".
      9. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Z970135_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 185-құжат; N 22, 333-құжат):
      33-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтату немесе тоқтата тұру бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органның өтiнiшi бойынша сот арқылы жүргiзiледi.
      Жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтату немесе тоқтата тұру туралы талап арызды уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.";
      6-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жеке кәсiпкердiң қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда қызметтi тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
      10. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы 1997 жылғы 19 маусымдағы Z970131_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 26 шiлдедегi Z990458_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      16-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тек сот тәртiбiмен ғана тыйым салуы немесе оны тоқтата тұруы мүмкiн. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ерекше жағдайларда 3 күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
      11. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Z970160_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат):
      1) 10-баптың 2-тармағының төртiншi абзацындағы "қайта құруға" деген сөздерден кейiн "сот тәртiбiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 77-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.".
      12. "Өсiмдiктер карантинi туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Z990344_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат):
      8-бапта:
      6) тармақша "тоқтата тұруға" деген сөздерден кейiн "және тыйым салуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салуды немесе оны тоқтата тұруды Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк фитосанитариялық қызметтiң лауазымды адамдары сот шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады.
      Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды Өсімдіктер карантині жөніндегі фитосанитариялық қызмет органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді.
      Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне сот шешімінсіз тыйым салуға

немесе оны тоқтата тұруға карантиндік объектілер анықталған ерекше 
жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзімде сотқа табыс ету 
міндеттеліп, аталған мерзімге рұқсат етіледі. Бұл орайда қызметке тыйым 
салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін 
қолданылады.".
     
     Қазақстан Республикасының
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Икебаева Ә.Ж.