Ескерту. Осы Жарлықтың 2, 13, 19, 28, 52, 54, 58, 72-баптарына өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. Кіріспе алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi
Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi. <*>
Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.
Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.
Ескерту. 1-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 1-баптың 5-бөлiгi өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң
құқықтық негiзi
Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiнде Конституцияны, осы Заңды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, республиканың басқа да заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келiсiмдердi) басшылыққа алады.
Ескерту. 2-бапта сөздер алмастырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
3-бап. Қазақстан Ұлттық банкiнiң есептiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.
Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiтуi;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекiтуi;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өз құзыретiндегi мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
Ескерту. 3-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк
құқықтық актiлерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады. <*>
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.
ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
5-бап
. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға
Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.
ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
II тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты, мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi
ЕСКЕРТУ. II тарау өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен.
7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен
мiндеттерi <*>
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
8-бап. Қазақстан Ұлттық банкiнiң функциясы,
өкiлеттiгi және құқықтары
Қазақстанның Ұлттық банкi:
а) Қазақстан Республикасында айналыстағы ақша көлемiнiң мөлшерiн реттеу жолымен мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi жауап бередi.
б) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
в) <*>
г) <*>
д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мөлшерi көрсетiледi; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейфтiк операциялар; ломбардтық операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және салып жiберу; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкiлеттi органның лицензия беру мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi;
е) <*>
е-1) <*>
ж) Қазақстан Республикасында кредиттер бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкаларын реттеудi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерге ақша-кредит әдiстерiмен реттеу арқылы бақылау жасау мүмкiн болмаған жағдайларда, Қазақстан Ұлттық Банкi олар бойынша кредиттер көлемiн және сыйақының (мүдденiң) банктiк ставкаларын шектеуге құқылы.
з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi; <*>
з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi; <*>
и) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;
и-1) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi; <*>
и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға шетел валютасымен айырбас операцияларын жүзеге асыруға, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау, салып жiберу, банкаралық клиринг жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi; <*>
к) банк қызметi, есепке алу, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады; <*>
л) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi; <*>
л-1) уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді;
л-2) уәкiлеттi органмен бiрлесiп өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық және өзге де есептiлiгiнiң тiзбесiн, халықаралық стандарттарға сай келетiн нысандарын, табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi; <*>
л-3) валюталық реттеу мен бақылау мәселелерi бойынша есептiлiк тәртiбiн, нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi; <*>
м) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы; <*>
н) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы;
о) қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;
п) Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;
р) елдiң есептiк төлем балансын қалыптастырады және төлем балансы көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзімді болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, мемлекеттiк кепiлдiгi жоқ мемлекеттік емес сыртқы займдардың шарттарын тіркеу мен мониторингін жүзеге асырады және елдiң жалпы сыртқы борышының бағасын қалыптастырады;
p-1) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
с) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;
т) Қазақстан Республикасының банк жүйесiне кадрлар даярлауды жүзеге асыруға қатысады;
у) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;
у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы; <*>
у-2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;
у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
у-4) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын, ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
у-5) банк шоттарының режимiн белгiлейдi;
у-6) банктер беретiн кредиттердiң көлемiн реттеу мақсаттары үшiн, банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша төлем жасамау қаупiн азайту, сондай-ақ банк салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау үшiн банктердiң қаражатын резервте ұстайды;
у-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;
ф) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерiстер енгiзiлген - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 8-баптың "е"-тармақшасына өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50-I
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 8-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482
Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
ІІІ тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы
және резервтері
9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және өзi алған таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады. <*>
Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен дербес жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
Ескерту. 9-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы,
қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары
(резервтерi)
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы оның жарғылық капиталы мөлшерiнде құрылып, таза табысы есебiнен толықтырылады әрi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, тек жүргiзiлген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.
Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және сенімсіз талаптары бойынша кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптары мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса - арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлінбеген таза табыс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар (резервтер) құралады.
ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
Ескерту. 10-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кiрiсi <*>
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма (алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шотына жатқызылатын iске асырылмаған кiрiстiң пайда болған сомасын қоспағанда) ретiнде айқындалады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бaнк активтерi бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердiң) сомасына азайтылған таза кiрiсi қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, алынған таза кiрiстiң қалған бөлiгi келесi қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады.
Алынған пайда жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, пайда болған айырма Қазақстан Ұлттық Банкiнiң келесi қаржы жылдарындағы таза кiрiсi есебiнен өтеледi.
Ескерту. 11-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгертілдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
IV Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен
органдары. Оларды қалыптастыру тәртiбi
және құзыреті
12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен
органдары
Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.
Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
13-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламенттiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төраға Қазақстан Ұлттық банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты.
Ескерту. 13-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 заң күші бар
Жарлығымен
.
Ескерту. 13-баптың 1-шi бөлiгi жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
14-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының
орынбасарлары
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.
15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
және оның өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функциялары:
а) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын әзiрлеу;
б) Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту; <*>
в) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау;
г) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктермен жасалатын операциялар бойынша қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгiлеу;
д) <*>
е) осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиялар беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу, банк заңдарында көзделген өзге де санкцияларды қолдану туралы шешімдер қабылдау; <*>
е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге;
е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға;
е-3) <*>
ж) банктерге резервтiк талаптардың нормативiн бекiту;
з) алтын-валюта активтерiн басқаруды негiзгi принциптерiн белгiлеу;
и) Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртiбiн бекiту;
к) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінiң бекiтуiне ұсыну;
к-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;
л) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарау және бекiту; <*>
м) Қазақстан Ұлттық Банкінің өзінің жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын және өзге де мүлкін, бюджетін (шығыстар сметасын) пайдалану тәртібі туралы, ақылы қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі департаментінің директорларын, филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының басшыларын бекіту;
н) <*>
о) Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын, еңбекақы төлеу жүйесi мен мөлшерiн, әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етiлуiн анықтау және бекiту;
п) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң халықаралық және осы Заңға сәйкес өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешiм қабылдау;
р) Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директорат) құрамын бекiту;
с) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есептiң саясаты мен әдiстерiн белгiлеу; <*>
т) <*>
у) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқарудың нәтижелерi туралы есептi бекiту;
ф) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiкпен басқару нәтижелерi туралы ақпарат табыс ету;
х) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару (Өкiлеттi өкiл) жөнiндегi шешiмдердi шұғыл түрде қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасары банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына әкiмшiлiк айыппұл салу туралы мәселенi Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының басқа мүшелерiмен алдын ала келiсiп алады және осы мәселе бойынша тиiстi қаулы нысанында шешiм қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.
ц) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таза кiрiсiн бөлу; <*>
ч) өкiлеттiгiне Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын мүлiктi сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегi шешiмдердi шұғыл қабылдау кiретiн лауазымды адамды (Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау. <*>
Ескерту. 15-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар
Жарлығымен
.
Ескерту. 15-бапқа өзгертулер енгiзiлген - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 15-баптың "е"-тармақшасына өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50-I
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 15-бап "т" тармақшасымен және 3-шi бөлiкпен толықтырылды, 3-бөлiк 4-бөлiк болып саналды - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 15-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
16-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамы
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бес лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкiметiнен екi өкiл кiредi.
Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
17-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының
мәжiлiстерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Басқарманың кезектен тыс мәжiлiстерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқарма мүшелерi Басқарма мәжiлiсiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ал ол болмаған кезде-оның мiндетiн атқарушы адам жүргiзедi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатынасқан жағдайда Басқарма шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.
Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қайтара талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды.
ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертілдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
18-бап. Қызметтен кету және босату
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, қызметiнен кетуге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, орнынан түсе алады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
19-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi
және оның өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжiлiстерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.
Осы Заңға сәйкес Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарауындағы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, бұған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы мен Төрағасының құзырына енетiн мәселелер ғана қосылмайды (немесе оның орынбасарларының).
Директорлар кеңесi өз құзырына енетiн мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
<*>
Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiнiң құрылымын айқындайды. <*>
Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары,
өкiлдiктерi мен ұйымдары
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiк шегiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Заңмен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актiлерiне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру және олардың қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөнiндегi өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттiк орган болып табылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлген - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
V Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк
өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы
21-бап. Өзара iс-қимылдың негiзгi принциптерi
Қазақстан Ұлттық Банкi заң актiлерiмен берiлген өкiлеттiк шегiнде өз қызметiн ешкiмге тәуелсiз атқарады. Өкiлдi және атқарушы өкiмет органдарының Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдарының заңда бекiтiлген өкiлеттiгiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқы жоқ.
Ескерту. 21-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
22-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Қазақстан Ұлттық Банкi
Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттiк маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-кредит және валюта саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi Үкiмет мәжiлiстерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.
Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы
кеңесшiсi және агенті
Қазақстан Ұлттық Банкi банк, қаржы кеңесшiсi және мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың агентi ретiнде iс-әрекет жасай алады.
24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң Банкi
Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi. <*>
ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң қаржы кеңесшiсi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыз алу саясатын жасау және iске асыру, мемлекеттiң ақша-кредит саясатымен байланысты мәселелер жөнiнде бюджет саясатын қалыптастыру кезiнде қаржы кеңесшiсi ретiнде қызмет етедi.
26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң агентi
Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында келiсiлген шарттарда Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде iс-қимыл жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiметпен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде оған мемлекеттiк заемына қызмет көрсетедi.
27-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi
бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы
қағаздармен операциялар жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздары бастапқы рынокта орналастырылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ. <*>
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарудың және Үкiметтiң мемлекеттiк қарызын олардың банк жүйесiндегi өтiмдiлiгiне ықпал етуiн ескере отырып, өтеудiң ай сайынғы көлемiн және ақша-кредит саясатының басымдығын, Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келiседi.
ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
28-бап. Мемлекеттiк бағалы қағаздар айналысын реттеу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 23, 24, 25, 26, 27, 28-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 28-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу <*>
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын инфляцияның төмен деңгейiн және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Ақша-кредит саясаты:
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;
ең төменгi мiндеттi резервтердiң нормативтерiн (резервтiк талаптарды);
ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.
ЕСКЕРТУ. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 30-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
31-бап. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы <*>
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүргiзедi.
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
Банктер беретiн кредиттер көлемiн реттеу мақсатында, банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiк қаупiн төмендету, сондай-ақ банктердiң салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Ұлттық Банкi резервтiк талаптар тетiгiн пайдаланады.
Резервтiк талаптар нормативi банктер алдындағы мiндеттемелердi қоспағанда, мiндеттемелердiң жалпы сомасының процент ретiнде есептеледi және ол 40 проценттен аспайтындай мөлшерде белгiленедi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ерекше жағдайларда мiндеттемелердiң өсiмiне резервтiк талаптарды енгiзуге құқылы.
Ең төменгi мiндеттi резервтер нормативiн өзгерту, мұндай шешiм қабылдаған күннен кемiнде бiр ай кейiн күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгi мiндеттi резервтер нормативi бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiлеген мөлшерде айыппұл салып, оны өндiрiп алады.
Қазақстан Ұлттық Банкi банк қызметiн тоқтатқан жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнде резервке салынған қаражатын банкке бiр апта мерзiм iшiнде қайтарады.
ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату <*>
Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
34-бап. Ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары
бойынша сыйақы ставкалары <*>
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi. <*>
ЕСКЕРТУ. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары және қауiпсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ұзартуы мүмкiн. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкi соңғы инстанциядағы қарыз берушi ретiнде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, шарттарда және мерзiмдерде беруге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген мүлiк Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарыздары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiл заты бола алады.
Ескерту. 35-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 35-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 35-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
36-бап. Валюталық интервенциялар <*>
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.
ЕСКЕРТУ. 36-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
36-1-бап. Депозиттер <*>
Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.
ЕСКЕРТУ. 36-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноталары <*>
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын мемлекеттiк бағалы қағаздар.
Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
ЕСКЕРТУ. 36-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
36-3-бап. Коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу <*>
Қазақстан Ұлттық Банкi коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртiбiн және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн қойылатын талаптарды белгiлейдi.
ЕСКЕРТУ. 36-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
37-бап. Банк операциялары бойынша сандық шектеулер
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және мәмiлелерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, кредит берудi тiкелей шектеу, сыйақы (мүдде) ставкаларын тұмшалау, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу ұғынылады.
Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық процестердi жанама ақша-кредиттiк реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер қолдануға құқылы.
ЕСКЕРТУ. 37-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
VII Тарау. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi
Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi болып табылады. Қазақстан теңгесi 100 тиыннан тұрады.
Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады.
Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық банкiнiң заң актiлерiнде, нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады.
Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
40-бап. Банкноттар мен тиындар шығару
Қазақстан Республикасының аумағында қолдағы ақшаны шығаруды, олардың айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды бiрде-бiр Қазақстан Ұлттық банкi банкноттар мен тиындарды, аударым баламасын ала отырып, банктерге сату нысанында жүзеге асырады.
Ескерту. 40-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
41-бап. Ақша бiрлiгiнiң қамтамасыз етiлуi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң көлемi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы хабар жариялап тұрады.
Ескерту. 41-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару
және олардың сипаттамасы
Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құндық құрамы, нысаны және өрнектi кескiндемесi болуға тиiс. Банкноттар мен тиындардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.
Ескерту. 42-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
43-бап. Банкноттар мен тиындардың қабылдауға
қойылатын талаптар
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгiзу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерiнде шектеусiз ұсатылады және айырбасталады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнен басқа ешкiм Қазақстан Ұлттық Банкi шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
44-бап. Ақша бiрлiгiн айырбастау құқығы
Ақша бiрлiгiн айырбастауға Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы ақша бiрлiгiнiң қолданылу тәртiбiн, мерзiмiн және шарттарын белгiлейдi.
Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
45-бап. Банкноттар мен тиындарды ауыстыру
Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың бұрын қолданыста болғандардың төлемдiлiгiн анықтау және оларды айырбастау тәртiбiн белгiлейдi әрi бұл жөнiнде баспасөзде жарияланады.
46-бап. Тозған және бүлiнген банкноттар <*>
Тозған және бүлiнген, өзiнiң толық көлемiнiң кемiнде жетпiс процентi сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының банктерi шектеусiз айырбастайды.
Тозған және бүлiнген, елу процентiнен астамы сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және өзi белгiлеген ережелерге сәйкес айырбастайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.
ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 46-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
47-бап. Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы
жасағаны үшiн жауапкершiлiк
Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын iске асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қылмыстық және мүлiктiк жауаптылыққа тартылады.
Ескерту. 47-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
47-1-бап. Кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Қазақстанның Ұлттық Банкі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мен олардың клиенттеріне кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшаны сақтауы, тасымалдауы және есепке алуы жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді. <*>
Ескерту. Жаңа 47-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42
Заңымен
.
Ескерту. 47-1-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
YIII тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру
48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ақша төлемi мен
аударымын ұйымдастыруға өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады және:
1) ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен ерекшелiктерiн, төлем нұсқаулары мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды;
2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып төлем жасау тәртібі мен шарттарын белгілейді.
ЕСКЕРТУ. 48-баптың 2-бөлiгi алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 48-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 48-баптың 2) тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482
Заңымен.
48-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төлем жүйелерiн
ұйымдастыру мен реттеудегi өкiлеттiктерi <*>
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерi жұмыс істеуінің тиiмдiлігi мен сенімдiлігiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыру iсiне қатысуға құқылы.
Ескерту. Жаңа 48-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
Қазақстан Ұлттық Банкi шоттардың түрлерiн және құқықтық тәртiбiн, банктiк шоттарды ашу, пайдалану және жабу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру
тәсiлдерi
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленедi.
ЕСКЕРТУ. 50-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
51-бап.
<*>
ЕСКЕРТУ. 51-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
IХ Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары
52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiндегi банк шоттарының
иелерi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.
Ескерту. 52-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 52-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен
операциялары және мәмiлелерi
Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
2) өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
3) мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады; <*>
5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;
9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 52-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
Ескерту. 52-1-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
53-бап.<*>
ЕСКЕРТУ. 53-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
Ескерту. 53-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары
бойынша шектеулер
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң:
- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;
- қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға;
- Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етiлмеген кредиттер беруге;
- берiлген кредиттердi ұзарту немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беру.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн.
Ескерту. 54-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
Х Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы
экономикалық қатынастар саласындағы қызметi.
Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар
ЕСКЕРТУ. Х Тараудың атауы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
55-бап. <*>
Ескерту. 55-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
56-бап. Валюталық реттеу және валюталық бақылау
Қазақстан Ұлттық Банкi:
а) Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы (мүдде) ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
б) резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында шет ел валютасымен және шет ел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
в) валюта құндылықтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан алып кету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi. Резиденттер үшiн Қазақстан Республикасына шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды міндетті түрде аудару тәртiбiн белгiлейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң шетел банктерiнде шот ашу шарттарын анықтайды.
г) беру, тiркеу ережелерiн белгiлейдi және валюта заңдарында көзделгендей, валюталық операциялар жүргiзуге лицензиялар бередi;
д) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi; <*>
е) алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
ж) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк статистикалық органдармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасындағы барлық заңды және жеке тұлғалардың орындаулары үшiн мiндеттi валюталық операциялар бойынша есеп жүргiзу мен есеп беру тәртiбi мен нысандарын белгiлейдi;
з) өкiлеттi банктердiң Тiзбесiн жүргiзiп, жариялайды;
и) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
к) халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
л) жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
м) валюталық құндылықтарды бағалы металдардан өзгесін әкетуге рұқсат бередi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент еместерiнен алынған банк кредиттерiнiң есебiн жүргiзедi;
н) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнен қосымша кредиттер тарту мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
о) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.
Ескерту. 56-баптың 1-бөлiгi "п"-тармақшасымен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.08. N 2396
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 56-бөлiктiң "н"-тармақшасына өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.03. N 18
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 56-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 56-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен. Z990436_
ЕСКЕРТУ. 56-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
Ескерту. 56-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
57-бап. Валюталық құндылықтармен және бағалы
металдармен жасалатын операциялар
Қазақстан Ұлттық Банкi валюта құндылықтарымен және бағалы металдарымен мынадай операцияларды жүзеге асыруға:
- шет ел валютасын сатып алуға және сатуға;
- шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және Қазақстан Республикасының Үкiметi шетел валютасымен кепiлдiк берген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргiзуге;
- өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар банктерде, шет елдердiң орталық банктерi мен банктерiнде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шот ашуға;
- өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетелдiк орталық банк, банктер мен басқа да қаржы институттары, шет елдер үкiметi мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шот ашып, оны жүргiзуге, өкiл немесе корреспондент ретiнде iс-әрекет жасауға;
- аффинирленген алтынды, бағалы металдарды, асыл тастарды және одан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен бағалы металдар мен зергерлiк бұйымдарға қатысты операцияларға лицензиялау жүргiзуге;
- Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы рынокта аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнiнде операциялар жүргiзуге;
- қолданылып жүрген заңдарына белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтар мен бағалы металдарды әкелуге, сондай-ақ оларды шет ел банктерiндегi және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге шығаруға құқылы;
- ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтинг бар эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргізуге;
- ақша рыногының банкаралық депозиттер, репо және кері репо, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар және ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтингі бар эмитенттер шығарған басқа да борыштық міндеттемелер сияқты құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
- форвард операциялары, своп операциялары және кредиттік рейтингін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын деңгейден төмен емес қарсы әріптестермен опцион операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 57-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
58-бап. Алтын-валюта активтерi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi Қазақстан теңгесiнiң сыртқы және iшкi тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшiн жасалады, және пайдаланылады әрi олар:
- аффинирленген алтыннан;
<*>
- Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақтаулы валюталық құндылықтардан;
- шет ел валютасындағы жай және аударым вексельдерiнен;
- шет елдер үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарып, кепiлдiк берген бағалы қағаздардан;
- мұндай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуы қамтамасыз етiлген жағдайда, шет ел валютасында деноминирленген басқа да сыртқы активтерден құралады.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және олардың орналастырылуын анықтайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен көзделген жағдайларды қоспағанда алтын-валюта активтерiн кредиттер (заемдар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместерге кепiлдiктер немесе басқадай мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi. <*>
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiнiң құрылымын ұлғайту және өзгерту:
бағалы металдар мен асыл тастарға қатысты қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қазақстандық және басқа осындай металл өндiрушiлерден (сатушылардан) тазартылған алтын сатып алу;
Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый тиындарын қоса) шет ел валютасын және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резиденттерi мен резидентi еместерге шет ел валютасын сатып алу жолымен;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шет ел валютасымен жүзеге асыратын депозит, салым, дилинг операцияларынан және шет ел валютасында деноминирленген бағалы қағаздар операцияларынан, сондай-ақ шет ел валютасымен беретiн кредиттерiнен түсетiн комиссиялық және басқа сыйақылар (мүдде);
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тазартылған алтын, күмiс, платина және платина тобындағы басқа металдарды сату, салу және басқа операциялар жүргiзуiнен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер;
Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттер;
осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсеткен консультациялық, баспа-ақпараттық және басқа да қызметтен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер есебiнен жүргiзiледi.
Алтын-валюта активтерiн азайтуды Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай жолмен жүргiзедi:
айырбас бағамы саясатын қоса ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында iшкi валюта нарығында валюта сату әрi iшкi валюта нарығында шет ел валютасына деген сұраным мен ұсынымның арасындағы алалықты бәсеңдетуге;
шет елдегi дипломатиялық және басқа да өкiлдiктердi ұстау мен iссапар шығындарын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы қарызына қызмет көрсетудi қоса өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) импортын төлеу үшiн мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты мен Қазақстан Ұлттық Банкi сметасы (бюджетi) есебiнен теңгенi шет ел валютасына айырбастауды жүзеге асыру;
басқа шет ел валютасын сатып алу үшiн шет ел валютасын сату;
Қазақстан Ұлттық банкiнiң алған кредитi бойынша негiзгi соманы, және сыйақыны (мүдденi), сондай-ақ комиссиялық және басқа iлеспе шығындарын қайтару;
шығынды алтын-валюта активтерiн қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебiнен есептеп шығару.
Ескерту. 58-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 58-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 58-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
Ескерту. 58-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
59-бап. Сыртқы активтердiң өтiмдiлiгi және сақталуы
Қазақстан Ұлттық Банкi активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз етуге және сыртқы активтердiң сатып алу үшiн сақтау қажеттiгiн тиiсiнше ескертуге мiндеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi сыртқы активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және оның айырбас бағамен ұстап тұруға қажеттi деңгейде сақтауға тиiс.
Он екi ай iшiнде сыртқы активтерiнiң деңгейi 15 проценттен астам төмендеп кеткен ретте, Қазақстан Ұлттық банкi мұндай жағдайға жол бермеу немесе оны түзету үшiн Үкiметпен қажеттi шараларды келiседi.
ЕСКЕРТУ. 59-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
60-бап. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты <*>
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтыннан немесе шетел валютасынан немесе алтынның құнынан тұратын активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалаудағы өзгерiстердiң салдары болып табылатын iске асырылмаған кiрiстерi iске асырылған кiрiстер мен шығыстарды шегерiп тастағаннан кейiнгi айырманы қайта бағалау шотына жатқыза отырып қаржы жылы iшiнде жүргiзiлетiн қайта бағалаумен реттеледi.
Алтын-валюта активтерiнiң жинақталған қайта бағалау сомасы ағымдағы жылдың алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстардың таза позициясы бойынша пайда болған терiс соманы өтейдi, сондай-ақ активтер шығарылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкi белгiленген тәртiппен iске асырылған кiрiстерге жатқызылады.
ЕСКЕРТУ. 60-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
Ескерту. 60-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
ХI Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бақылау
және қадағалау функциялары
61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеу мен
қадағалауды жүзеге асыру принциптерi
Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауға қатысады. <*>
Қазақстан Ұлттық Банкi банкiлер желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн ортақ жағдайлар жасауға және банкiлердiң адал бәсекесi принциптерiн енгiзуге жәрдемдеседi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеушiлiк функциялары Қазақстан Республикасы ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, салымшыларының және клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталады. <*>
Қазақстан Ұлттық Банкi заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ағымдағы қызметiне араласпайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi банк және қаржы статистикасын, экономикалық ахуалға талдау жасау үшiн банктерден, сондай-ақ олардың ассоциациялары мен реттеушi органдарынан, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан, республика министрлiктерi мен ведомстволарынан қажет ақпараттарды алдыруға құқылы. <*>
ЕСКЕРТУ. 61-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
Ескерту. 61-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржылық ұйымдардың
қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi негiзгi
өкiлеттiктерi <*>
Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес қаржылық ұйымдарға лицензия берудi, оларды бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Осы мақсаттарда Қазақстан Ұлттық Банкi:
1) қаржылық ұйымдар мен олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың банк операцияларын жүргiзуiне лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбiн айқындауға;
3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаржылық ұйымдар мен өзге де тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер алуға өкiлеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа мемлекеттердiң орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастық жасайды және өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алмасуға құқылы.
ЕСКЕРТУ. 62-баптың 2-шi бөлiгi 5-шi азатжолымен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50-I
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 62-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 62-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 62-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482
Заңымен.
Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
62-1-бап. <*>
ЕСКЕРТУ. Жаңа 62-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 62-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128
Заңымен
.
Ескерту. 62-1-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
63-бап. <*>
ЕСКЕРТУ. 63-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 63-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
Ескерту. 63-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
64-бап. <*>
ЕСКЕРТУ. 64-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 64-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 64-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
Ескерту. 64-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
ХII Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есеп беруi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне жылдық есеп берiп отырады.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн қарап, оны бекiту туралы шешiм қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi келiсiлген мерзiмде Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын жасау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық бухгалтерлiк балансын және кiрiстерi мен шығыстары туралы есебiн берiп отырады. <*>
Ескерту. 66-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 66-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
Ескерту. 66-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебi:
- ақша айналысының, кредиттiң, қаржының, банк жүйесiнiң валюта саясатының жай-күйi туралы баяндаманы;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өткен жылғы қызметi туралы есептi;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн;
<*>
Ескерту. 67-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
Ескерту. 67-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiн тексеру
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне жыл сайын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы тағайындайтын тәуелсiз аудиторлық ұйым тексерiс жасап отырады.
Тексерiс кезiнде алынған әрбiр ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң және оның бөлiмшелерiнiң қызметiне жасалған кез келген мемлекеттiк органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады. <*>
Ескерту. 68-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
Ескерту. 68-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
ХIII Тарау. Қорытынды ережелер
69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.
Ескерту. 69-бапта сөз алмастырылған - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
70-бап. Ақпарат алу жөнiндегi өкiлеттiк
Қадағалау мен бақылау жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда шоты бар Қазақстан Республикасы аумағындағы кез келген жеке және заңды тұлғадан қажеттi ақпарат алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс. <*>
Ескерту. 70-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн
қызметтердiң өтемдiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетiнше белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қаржы министрлiгiне көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды. <*>
ЕСКЕРТУ. 70-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 70-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182
Заңымен
.
Ескерту. 70-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
71-бап. Наразылық пен қуынымның ескiру мерзiмi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде заемшыларға қоятын талаптарына наразылық пен қуынымның ескеру мерзiмi қолданылмайды.
Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жауапкершiлiгi
және дауларды шешу тәртiбi
Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Қазақстан Ұлттық Банкi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың құрылтайшылары (қатысушысы), заңды және жеке тұлғалар арасында осы Заңды орындау үшiн туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.
Заңды және жеке тұлғаларға өзінің бақылау және қадағалау қызметіне байланысты заңсыз іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен зиян келтірілгені үшін Ұлттық Банк және оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген жауаптылықта болады.
Ескерту. 72-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар
Жарлығымен
.
ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436
Заңымен
.
ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162
Заңымен
.
73-бап. <*>
ЕСКЕРТУ. 73-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
Ескерту. 73-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483
Заңымен.
74-бап. Осы Заңның күшiне енуi
Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
ЕСКЕРТУ. 74-баптың атауы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154
Заңымен
.
Қазақстан Республикасының
Президентi