Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы заңға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. Осы Жарлықтың 2, 13, 19, 28, 52, 54, 58, 72-баптарына өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.12.05 N 2672 Жарлығымен, Тақырыбына өзгерту енгізілді, кіріспе алынып тасталды - 2001.03.02 N 162, мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - XIII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 13" деген цифрлармен ауыстырылды - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), Бүкіл мәтiн бойынша "(мүдденiң)", "(мүдде)", "(мүдденi)" деген сөздер алып тасталды - 2005.07.08 N 69 Заңымен.

1 Тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

      Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.
      Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.
      Ескерту. 1-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң құқықтық негiзi

      Қазақстан Ұлттық Банкi өз қызметiнде Конституцияны, осы Заңды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , республиканың басқа да заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келiсiмдердi) басшылыққа алады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

      3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есептiлiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.
      Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы  Парламенті Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің  құрылымын және жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн бекітуі;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі; 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiтуi;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекiтуi;
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өз құзыретiндегi мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236 , 2001.03.02. N 162 , 2005.07.08. N 69 , 2009.04.29. N 154-IV Заңдарымен.

      4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық
              актiлерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      5-бап. Алынып тасталды - ҚР 1997.07.11 N 154 Заңымен.

      6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға

      Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды. U031271
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен .

2 Тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты, мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi

      Ескерту. II тарауға өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен
              мiндеттерi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
      Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
      1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
      2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
      4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi
              және құқықтары      

      Қазақстанның Ұлттық Банкi:
      а) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.
      б) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
      в) алынып тасталды - ҚР 2004.07.10 N 483 Заңымен;
      г) алынып тасталды - ҚР 2004.07.10 N 483 Заңымен;
      д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
      д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялараударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ  банкаралық клирингті жүзеге асырутөлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару және пайдалану тәртібін айқындайды;
      д-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, банктерге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;
      д-3) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылар ретіндегі халықтың мүдделерін қорғау мақсатында, айырбас пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасының сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеуге және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы;
      е) алынып тасталды - ҚР 2004.07.10 N 483 Заңымен;
      е-1) алынып тасталды - ҚР 2004.07.10 N 483 Заңымен;
      ж) қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады;
      ж-1) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді;
      ж-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді;
      ж-3) халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шетелдермен валюталық-қаржылық және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
      з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайт) ұйымдастырады, сондай-ақ жүзеге асырады, банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгiлейдi;
      з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;
      з-2) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығарудың, пайдаланудың және өтеудің тәртібін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілейді;
      и) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;
      и-1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
      и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға лицензиялар бередi;
      и-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;
      и-4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;
      к) банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын есепке ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есеп саясаты мен әдiстерiн айқындайды;
      к-1) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепкe алу және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      к-2) бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады;
      к-3) арнайы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      л) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;
      л-1) төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегі алғашқы статистикалық деректердің тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн айқындайды және оны жинауды жүзеге асырады;
      л-2) уәкілетті органмен келісім бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, қаржылық есептіліктің тізбесін, оны табыс етудің мерзімдері мен тәртібін, сондай-ақ барлық қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;
      л-3) валюталық реттеу және бақылау, сондай-ақ ақша төлемі мен аударымы мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді табыс ету тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді;
      л-4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келiсiм бойынша белгiлейдi;
      м) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;
      н) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға, оның ішінде Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамның құрылтайшысы болуға құқылы;
      н-1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң консультациялық-кеңесшi органдарын құруға құқылы;
      о) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;
      о-1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілейді;
      п) өзінің бухгалтерлік балансын жасайды және оны үнемі жариялап отырады;
      р) елдің төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын қоса алғанда, елдің сыртқы секторының статистикасын қалыптастырады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;
      p-1) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
      р-2) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті) жүзеге асырады;
      р-3) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
      р-4) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;
      с) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;
      т) мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
      у) Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;
      у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;
      у-2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;
      у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
      у-4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;
      у-5) банк шоттарының құқықтық режимін және құрылымын белгілейді;
      у-6) ең төменгі резервтік талаптарды, олардың нормативтерін белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      у-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;
      у-8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
      у-9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңнамасын, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;
      у-10) қаржы ұйымдары қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және банк қызметі, ақша төлемі мен аударымы, валюталық операцияларды, бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бұзған жағдайда, оларға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайды және қолданады;
      у-11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгілейдi;
      у-12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      у-13) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;
      у-14) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау тәртiбiн айқындайды;
      у-15) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайды;
      у-16) сұраныс пен ұсыныс көздерiнiң, сондай-ақ iшкi валюта нарығында шетелдiк валютаны пайдалану бағыттарының мониторингiн жүзеге асырады;
      у-17) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді табыс етеді;
      ф) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлді - ҚР Президентінің 1995.12.05 N 2672 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1996.12.07 N 50, 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2001.05.03 N 182, 2003.07.09 N 482, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.06.11 N 562, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен, 2005.07.08 N 69, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 466-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері

      9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан өз балансындағы өзіне бекітіліп берілген мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен дербес жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1998.06.29 N 236, 1999.07.16 N 436, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08 N 69, 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы,
               қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары
               (резервтерi)

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы оның кемiнде жарғылық капиталы мөлшерiнде қалыптастырылып, бөлiнбеген таза табысы есебiнен толықтырылады әрi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, тек жүргiзiлген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.
      Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және сенімсіз талаптары бойынша кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптары мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса - арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлінбеген таза табыс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар (резервтер) құралады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1998.06.29. N 236 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2005.07.08.  N 69 Заңымен.

      11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кiрiсi       

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Алтын-валюта активтерін қайта бағалау шотына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, банк активтері бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердің) сомасына азайтылған, сондай-ақ негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген Қазақстан Ұлттық Банкінің таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жіберіледі.

      Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi мерзiмiн бiр қаржы жылына ұзарта отырып мемлекеттiк бюджетке аударылады.

      Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, бүкiл бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлігінде қалады және резервтiк капитал жарғылық капиталдың мөлшерiне жеткенге дейiн оны толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылының залалдарын өтеу үшiн резервтiк капиталдың қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны толтырылмаған залалдар Қазақстан Ұлттық Банкiне толық көлемде мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен мерзiмi бiр қаржы жылына ұзартыла отырып, өтеледi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 1999.07.16. N 436 , 2001.03.02. N 162 , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08. N 69 , 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

4 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары.
Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыреті

      12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары

      Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      13-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламент Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды.

      Төраға Қазақстан Ұлттық Банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен , 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 2009.04.29. N 154-IV Заңдарымен.

      14-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары

      Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
      Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.       

      15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы және оның
               өкiлеттiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функциялары:

      а) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын мақұлдау;

      б) Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;

      б-1) банктерде операциялар жасауға сенiмхат беру  тәртiбiн белгiлеу;

      в) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын шығару , олардың дизайны немесе нысаны өзгерген кезде банкноттар мен монеталарды ауыстыру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ тозған және бүлiнген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртiбiн белгiлеу ;

      в-1) коллекциялық және инвестициялық монеталардың шығарылу тақырыбын, дайындалу таралымын, қорытпасын, шығарылу мерзiмдерi мен күнiн айқындау;

      в-2) басқа елдердiң тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу туралы шешiм қабылдау;

      в-3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындау ;

      г) қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгiлеу;
      д) (алынып тасталды - 2004.07.10. N 483 Заңымен)

      е) (алып тасталды - 2009.07.11. N 185-IV Заңымен)

      е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге;

      е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға;
      е-3) (алынып тасталды - 2004.07.10. N 483 Заңымен)

      е-4) Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекiту ;

      ж) банктерге арналған ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін, банктерге арналған ең төменгі резервтік талаптар туралы нормативтік құқықтық актіні бекіту;

      ж-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассация операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметінiң бiрден бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және оны қалыптастыру тәртiбiн белгілеу;

      ж-2) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу және оларды белгілеу тәртібін айқындау;

      з) алтын-валюта активтерiн басқаруды негiзгi принциптерiн белгiлеу;

      з-1) монетарлыққа жататын қызметті айқындау;
      и) (алынып тасталды - 2005.07.08. N 69 Заңымен )
      и-1) (алынып тасталды - 2006.07.05. N 165 Заңымен )

      к) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінiң бекiтуiне ұсыну;

      к-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын , жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені , сондай-ақ оған өзгерiстер мен толықтыруларды қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;

      к-2) басшысының ұсынуы бойынша уәкілеттi органды қаржыландырудың жалпы сомасын бекiту;

      л) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарау және бекiту;

      м) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) және оны пайдалану, жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi құралдары мен өзге де мүлкiне билiк ету тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;
      м-1) (алынып тасталды - 2006.07.05. N 165 Заңымен )
      н) (алынып тасталды - 2004.07.10. N 483 Заңымен)

      о) Қазақстан Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары қызметкерлерінің еңбек, оған ақы төлеу, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлу, бiлiктілiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау жағдайларын айқындау және бекiту;

      п) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң халықаралық және осы Заңға сәйкес өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешiм қабылдау;

      п-1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң консультациялық-кеңесшi органдарын құру туралы шешiмдер қабылдау;

      р) Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директорат) құрамын бекiту;
      с) (алынып тасталды - 2006.07.05. N 165 Заңымен )
      т) (алынып тасталды - 2004.07.10. N 483 Заңымен)

      у) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқарудың нәтижелерi туралы есептi бекiту;

      у-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау ережелерiн бекiту;

      у-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту;

      у-3) реттелуi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаржы ұйымдарына ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту;

      у-4) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережелерін, сондай-ақ резиденттердің экспорт және импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеу ережелері мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;

      ф) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiкпен басқару нәтижелерi туралы ақпаратты жыл сайын табыс ету;

      х) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару (Өкiлеттi өкiл) жөнiндегi шешiмдердi шұғыл түрде қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау;

      ц) осы Заңның 11-бабына сәйкес жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жiберiлетiн бөлiнбеген таза кiрiстiң мөлшерiн белгiлеу; 
      ч) (алынып тасталды - 2006.07.05. N 165 Заңымен )
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50-I Заңымен , 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1998.06.29. N 236 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2001.05.03. N 182 Заңымен , 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.07.07. N 577 Заңымен , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.07.08. N 69 , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      16-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрт лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкiметiнен екi өкiл, сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы кiредi.

      Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      17-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiстерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      Басқарманың кезектен тыс мәжiлiстерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқарма мүшелерi Басқарма мәжiлiсiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ал ол болмаған кезде-оның мiндетiн атқарушы адам жүргiзедi.
      Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатынасқан жағдайда Басқарма шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.
      Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қайтара талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      18-бап. Қызметтен кету және босату

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, қызметiнен кетуге құқылы.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
      Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, орнынан түсе алады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .

      19-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi
              және оның өкiлеттiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
      Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжiлiстерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.
      Осы Заңға сәйкес Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарауындағы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, бұған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы мен Төрағасының құзырына енетiн мәселелер ғана қосылмайды (немесе оның орынбасарларының).
      Директорлар кеңесi өз құзырына енетiн мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
      Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiнiң құрылымын айқындайды.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары,
               өкiлдiктерi мен ұйымдары

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiк шегiнде жүзеге асырады. U031271
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Заңмен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актiлерiне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың, қызметін реттеу және құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөнiндегi өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттiк орган болып табылады.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлді - ҚР Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1997.07.11 N 154, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк өкiмет
органдарымен өзара iс-қимылы

      21-бап. Өзара iс-қимылдың негiзгi принциптерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi заң актiлерiмен берiлген өкiлеттiк шегiнде өз қызметiн ешкiмге тәуелсiз атқарады. Өкiлдi және атқарушы  өкiмет органдарының Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдарының заңда бекiтiлген өкiлеттiгiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқы жоқ.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      22-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
              Қазақстан Ұлттық Банкi

      Қазақстан Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттiк маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi Үкiмет мәжiлiстерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.
      Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен .

      23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы кеңесшiсi
               және агенті

      Қазақстан Ұлттық Банкi банк, қаржы кеңесшiсi және мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың агентi ретiнде iс-әрекет жасай алады.
      Ескерту. 23, 24, 25, 26, 27, 28-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы
              Үкiметiнiң Банкi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы
              Үкiметiнiң қаржы кеңесшiсi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыз алу саясатын жасау және iске асыру, мемлекеттiң ақша-кредит саясатымен байланысты мәселелер жөнiнде бюджет саясатын қалыптастыру кезiнде қаржы кеңесшiсi ретiнде қызмет етедi.

      26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы
              Үкiметiнiң агентi

      Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында келiсiлген шарттарда Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде iс-қимыл жасайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiметпен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде оған мемлекеттiк заемына қызмет көрсетедi.

      27-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi
               бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы
               қағаздармен операциялар жүргiзу

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның мемлекеттiк бағалы қағаздары бастапқы рынокта орналастырылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарудың және Үкiметтiң мемлекеттiк қарызын олардың банк жүйесiндегi өтiмдiлiгiне ықпал етуiн ескере отырып, өтеудiң ай сайынғы көлемiн және ақша-кредит саясатының басымдығын, Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келiседi.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      28-бап. Мемлекеттiк бағалы қағаздар айналысын реттеу

      Қазақстан Ұлттық Банкi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.    
      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

6 Тарау. Ақша-кредит саясаты

      29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
      Ақша-кредит саясаты:
      қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
      ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;
      ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн ;
      ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , өзгерту енгiзiлдi - 2005.07.08. N 69 Заңымен .

      30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi

      Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:

      1) қарыздар беру;

      2) депозиттер қабылдау;

      3) валюталық интервенциялар;

      4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;

      5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;

      6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;

      7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , бап жаңа редакцияда - 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      31-бап. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы

      Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүргiзедi.
      Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.
      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      32-бап. Резервтiк талаптар

      Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен заемдары бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi.
      Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң құрылымын, ең төменгі резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртiбiн, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi.
      Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады.
      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен .

      33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату

      Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.    
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      34-бап. Ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары
              бойынша сыйақы ставкалары

      Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.

      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      35-бап. Қарыздар

      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
      Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары және қауiпсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ұзартуы мүмкiн. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкi соңғы инстанциядағы қарыз берушi ретiнде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, шарттарда және мерзiмдерде беруге құқылы.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген мүлiк Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарыздары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiл заты бола алады.    
      Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , бап жаңа редакцияда - 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      36-бап. Валюталық интервенциялар

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.    
      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      36-1-бап. Депозиттер

      Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.
      Ескерту. 36-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi
                ноталары

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын мемлекеттiк бағалы қағаздар.
      Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды .
      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 36-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      36-3-бап. Коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу

      Қазақстан Ұлттық Банкi коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртiбiн және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн қойылатын талаптарды белгiлейдi .
      Ескерту. 36-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 Заңымен .

      37-бап. Банк операциялары бойынша сандық шектеулер

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және мәмiлелерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, кредит берудi тiкелей шектеу, сыйақы ставкаларын тұмшалау, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу ұғынылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық процестердi жанама ақша-кредиттiк реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер қолдануға құқылы.
      Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

7 Тарау. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi

      38-бап. Ақша бiрлiгi

      Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi болып табылады. Қазақстан теңгесi 100 тиыннан тұрады.
      Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады.
      Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.

      39-бап. Төлем құралы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң заң актiлерiнде , нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады.
      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      40-бап. Банкноттар мен монеталарды шығару

      Банкноттар мен монеталар шығаруды, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы айналысқа шығаруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен .

      41-бап. Ақша бiрлiгiнiң қамтамасыз етiлуi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң көлемi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы хабар жариялап тұрады.
      Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару және
               олардың сипаттамасы

      Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi .
      Монеталар мынадай түрлерге бөлiнедi:
      инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан жасалған монеталар;
      коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан, сол сияқты қымбат емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;
      айналыстағы монеталар - қымбат емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.
      Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құндық құрамы, нысаны және өрнектi кескiндемесi болуға тиiс. Банкноттар мен тиындардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 69 Заңдарымен.

      43-бап. Банкноттар мен тиындардың қабылдауға қойылатын
               талаптар

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгiзу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерiнде шектеусiз ұсатылады және айырбасталады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнен басқа ешкiм Қазақстан Ұлттық Банкi шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
      Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен
                 монеталарды сатуы және сатып алуы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 43-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен.

      44-бап. Ақша бiрлiгiн айырбастау құқығы

      Ақша бiрлiгiн айырбастауға Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы ақша бiрлiгiнiң қолданылу тәртiбiн, мерзiмiн және шарттарын белгiлейдi.
      Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .

      45-бап. Банкноттар мен тиындарды ауыстыру

      Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың бұрын қолданыста болғандардың төлемдiлiгiн анықтау және оларды айырбастау тәртiбiн белгiлейдi әрi бұл жөнiнде баспасөзде жарияланады.

      46-бап. Тозған және бүлiнген банкноттар

      Тозған және бүлiнген, өзiнiң толық көлемiнiң кемiнде жетпiс процентi сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының банктерi шектеусiз айырбастайды.
      Тозған және бүлiнген, елу процентiнен астамы сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және өзi белгiлеген ережелерге сәйкес айырбастайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.
      Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен , бап жаңа редакцияда - 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      47-бап. Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасағаны
               үшiн жауапкершiлiк

      Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын iске асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қылмыстық және мүлiктiк жауаптылыққа тартылады.
      Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      47-1-бап. Кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

       Ескерту. 47-1-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.       

8 Тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру

      48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ақша төлемдерi мен
               аударымдарын және төлем жүйелерiн
               ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілеттiктерi   

      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi және:

      1) ақша төлемдерiн және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру ережелерiн және тәсiлдерi қолданылуының ерекшелiктерiн, нұсқаулардың мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды;

      2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге асыру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлігі мен сенiмділiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актілердi қабылдайды.
      Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлем жүйелерінің тиімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметі.
      Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:
      1) төлем жүйелеріне қадағалау (оверсайт) жүргізу тәртібін белгілеуге;
      2) төлем жүйелерін ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
      3) төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыруға;
      4) төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және олардың жұмыс істеуін тексеруге;
      5) ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
      6) төлем жүйелері қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы.
      Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69, өзгерту енгізілді - 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      48-1-бап. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен )

      49-бап. Шоттар

       Қазақстан Ұлттық Банкi банк шоттарының түрлерін, құқықтық режимін және құрылымын, шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi .
       Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi

      Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк   құқықтық актiлерiнде белгіленедi.
      Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      51-бап. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен )

9 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары

      52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiндегi банк шоттарының
              иелерi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.
      Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен.

      52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен
                операциялары және мәмiлелерi

      Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:

      1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;

      2) өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын вексельдердiң бiрiншi сыныпты эмитенттерiнiң коммерциялық вексельдерiн қайта есепке алады;

      3) мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

      4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

      5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

      6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;

      7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

      8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;

      9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 52-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен , өзгерту енгізілді - 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      53-бап. (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен )

      54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары бойынша
               шектеулер

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң:

      - осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;

      - қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға;

      - Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етiлмеген кредиттер беруге;

      - берiлген кредиттердi ұзарту немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беру.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен ,  1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен .

10 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық
қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық құндылықтармен
жүргiзiлетiн операциялар

      Ескерту. 10-тараудың атауы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      55-бап. (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен )

      56-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және
              валюталық бақылау саласындағы функциялары

      Қазақстан Ұлттық Банкі:
      1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін белгілейді;
      2) резиденттердің және резидент еместердің Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
      3) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт пен импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеуінің бірыңғай ережелері мен шарттарын және экспорт-импорт валюталық бақылауын жүзеге асырудың тәртібін белгілейді;
      4) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жіберу тәртібін белгілейді;
      5) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді және оған лицензия береді;
      6) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес айырбастау пункттерін тіркеу тәртібін белгілейді және оларды тіркеу куәліктерін береді, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
      7) шетелдік валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
      8) валюталық операциялар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктерде ашқан шоттары туралы тіркеуді және хабарлама беруді жүзеге асырудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктерін береді;
      9) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу тәртібін айқындайды;
      10) арнайы валюта режимі шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсат береді;
      11) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің тәртібі мен нысандарын белгілейді ;
      12) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды қолданады.
      Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындауға құқылы.
      Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      57-бап. Валюталық құндылықтармен және бағалы
               металдармен жасалатын операциялар

      Қазақстан Ұлттық Банкi валюта құндылықтарымен және бағалы металдарымен мынадай операцияларды жүзеге асыруға:

      - шет ел валютасын сатып алуға және сатуға;

      - шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және Қазақстан Республикасының Үкiметi шетел валютасымен кепiлдiк берген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргiзуге;

      - өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар банктерде, шет елдердiң орталық банктерi мен банктерiнде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шот ашуға;

      - өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетелдiк орталық банк, банктер мен басқа да қаржы институттары, шет елдер үкiметi мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шот ашып, оны жүргiзуге, өкiл немесе корреспондент ретiнде iс-әрекет жасауға;

      - аффинирленген алтынды, бағалы металдарды, асыл тастарды және одан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асыруға;

      - Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы рынокта аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнiнде операциялар жүргiзуге;

       - қолданылып жүрген заңдарына белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтар мен бағалы металдарды әкелуге, сондай-ақ оларды шет ел банктерiндегi және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге шығаруға құқылы;

      - ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтинг бар эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргізуге;

      - ақша рыногының банкаралық депозиттер, репо және кері репо, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар және ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтингі бар эмитенттер шығарған басқа да борыштық міндеттемелер сияқты құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;

      - форвард операциялары, своп операциялары және кредиттік рейтингін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын деңгейден төмен емес қарсы әріптестермен опцион операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;

      - Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен ,  1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2001.03.02. N 162 , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      58-бап. Алтын-валюта активтерi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi Қазақстан теңгесiнiң сыртқы және iшкi тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшiн жасалады, және пайдаланылады әрi олар:

      - аффинирленген алтыннан;

      - Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақтаулы валюталық құндылықтардан;

      - шет ел валютасындағы жай және аударым вексельдерiнен;

      - шет елдер үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарып, кепiлдiк берген бағалы қағаздардан;

      - мұндай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуы қамтамасыз етiлген жағдайда, шет ел валютасында деноминирленген басқа да сыртқы активтерден құралады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және олардың орналастырылуын анықтайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен көзделген жағдайларды қоспағанда алтын-валюта активтерiн кредиттер (заемдар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместерге кепiлдiктер немесе басқадай мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiнiң құрылымын ұлғайту және өзгерту:
      бағалы металдар мен асыл тастарға қатысты қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қазақстандық және басқа осындай металл өндiрушiлерден (сатушылардан) тазартылған алтын сатып алу;

      Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый тиындарын қоса) шет ел валютасын және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резиденттерi мен резидентi еместерге шет ел валютасын сатып алу жолымен;

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шет ел валютасымен жүзеге асыратын депозит, салым, дилинг операцияларынан және шет ел валютасында деноминирленген бағалы қағаздар операцияларынан, сондай-ақ шет ел валютасымен беретiн кредиттерiнен түсетiн комиссиялық және басқа сыйақылар;

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тазартылған алтын, күмiс, платина және платина тобындағы басқа металдарды сату, салу және басқа операциялар жүргiзуiнен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер;

      Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттер;

      осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсеткен консультациялық, баспа-ақпараттық және басқа да қызметтен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер есебiнен жүргiзiледi.

      Алтын-валюта активтерiн азайтуды Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай жолмен жүргiзедi:
      айырбас бағамы саясатын қоса ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында iшкi валюта нарығында валюта сату әрi iшкi валюта нарығында шет ел валютасына деген сұраным мен ұсынымның арасындағы алалықты бәсеңдетуге;

      шет елдегi дипломатиялық және басқа да өкiлдiктердi ұстау мен iссапар шығындарын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы қарызына қызмет көрсетудi қоса өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) импортын төлеу үшiн мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты мен Қазақстан Ұлттық Банкi сметасы (бюджетi) есебiнен теңгенi шет ел валютасына айырбастауды жүзеге асыру;

      басқа шет ел валютасын сатып алу үшiн шет ел валютасын сату;

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алған кредитi бойынша негiзгi соманы, және сыйақыны, сондай-ақ комиссиялық және басқа iлеспе шығындарын қайтару;

      шығынды алтын-валюта активтерiн қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебiнен есептеп шығару.
      Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .

      59-бап. Алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгi және
              олардың сақталуы

      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгiн және сақталуын, сондай-ақ тәуекел қалыпты деңгейде болған кезде ұзақ мерзiмдi перспективада кiрiстiлiгiн қамтамасыз ете отырып, олармен операциялар жасайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын  және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажеттi деңгейде ұстап тұруға тиiс.
      Ескерту. 59-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      60-бап. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты

       Ескерту. 60-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.      

11 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бақылау және қадағалау
функциялары

      61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң (реттеу мен
               қадағалауды жүзеге асыру принциптерi      

      Қазақстан Ұлттық Банкi қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауға қатысады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады. Қазақстан Ұлттық Банкi  қаржы ұйымдарына өз құзыретi шегiнде санкция қолданған кезде бұл туралы уәкілеттi органға хабарлайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеушi функциялары Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған.
      Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қызметіне араласпайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз функцияларын орындау үшiн мемлекеттiк органдардан, қаржылық және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) қажеттi алғашқы статистикалық деректерді және қажет болған жағдайда өзге де қосымша ақпаратты сұратуға әрi алуға құқылы.
      Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08 N 69, өзгерту енгізілді - 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржылық ұйымдардың
              қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi негiзгi
              өкiлеттiктерi       

      Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес қаржылық ұйымдарға лицензия берудi, оларды бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.

      Осы мақсаттарда Қазақстан Ұлттық Банкi:
      1) қаржылық ұйымдар мен олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;

      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың банк операцияларын жүргiзуiне лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбiн айқындауға ;

      2-1) банк операцияларын жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда  банктерге қорытынды беру шарттары мен тәртiбiн айқындауға ;

      3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаржылық ұйымдар мен өзге де тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға;

      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер алуға өкiлеттi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi уәкiлеттi органмен, басқа мемлекеттердiң орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастық жасайды және өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алмасуға құқылы.
      Ескерту. 62-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50-I Заңымен , 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.09. N 482 Заңымен , 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483  Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 , 2006.07.05. N  165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      62-1-бап. (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен )

      62-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бақылау
                 функцияларын жүзеге асыру

      Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiне сәйкес реттелуi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша:

      1) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үй-жайларының техникалық жарақтануын және жабдықтарын алдын ала қарап шығу;

      2) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi белгiлеу;

      3) тексерiлетiн орынға барып немесе құжаттық нысанда:
      қаржы ұйымдарына, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан; Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн тұтастай немесе жекелеген мәселелер бойынша, сондай-ақ олардың Қазақстан Ұлттық Банкiне табыс ететiн есептерi мен мәлiметтерiнiң дұрыстығын зерделеу үшiн тексеру жүргiзу арқылы бақылау функцияларын жүзеге асырады.
      Ескерту. 62-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      62-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексерулер
                ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiнiң
                ерекшелiктерi      

      1. Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы ұйымдарының (олардың филиалдарының), сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiн тексерудi осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк пен лицензиялау мәселелерiн реттейтiн заңнамалық актiлерiне сәйкес дербес не басқа мемлекеттiк органдардың және (немесе) ұйымдардың мамандарын тарта отырып жүргiзедi.

      2. Қазақстан Ұлттық Банкi жүргiзетiн тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) жоспарлы - Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру жоспарларына сәйкес жылына бір реттен асырмай жүргізілетін тексеру;

      2) жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiнде жазылған фактiлер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар бойынша, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарынан сауалдар түскен кезде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылғаны туралы айғақтайтын ақпарат пен материалдар алған кезде, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауiпсiздiгiне, оның қаржы жүйесiнiң тұрақтылығына қатер төнген кезде тағайындалатын, сондай-ақ бұдан бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексеру;

      3) рейдтік - бір мәселе, бір негіз бойынша бір мезгілде бірнеше субъектілердің қызметін қамтитын, алты айда бір реттен жиі жүргізілмейтін тексеру.

      3. Тексеру жоспарлары тоқсан сайын жасалады және оны Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы бекiтедi.

      4. Қазақстан Ұлттық Банкi тексеру жүргiзу басталарда тексерушi топқа тексерiлетiн тұлға ұсынуға мiндеттi құжаттардың (мәлiметтердiң) тiзбесiн көрсете отырып, алдағы тексеру туралы тексерiлетiн тұлғаны жазбаша хабардар етуге құқылы.

      5. Тексеру Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалының басшысы бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру тағайындау туралы актісінің негізінде жүргізіледі.

      Тексеру тағайындау туралы актiде:
      1) актiнiң нөмiрi және жылы, айы, күнi;

      2) тексеру тағайындаған органның атауы;

      3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттi адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы;

      РҚАО-ның ескертуі!
      5-тармақтың 4) тармақшасына 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.

      4) оған қатысты тексеру тағайындалған тексерілетін тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

      5) тексеру түрi;

      6) тексерiлуге жататын мәселелер;

      7) тексеру жүргiзу мерзiмi;

      8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерiлуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;

      9) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерi бойынша және бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексерулердi қоспағанда, тексеру кезеңi;

      10) лауазымын, тегiн, аты-жөнiн көрсете отырып, актiге қол қоюға уәкiлеттi адамның қолы және мөр көрсетiледi.

      Рейдтік тексеру тағайындау туралы актіде, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген мәліметтерді қоспағанда, осы тармақта көзделген мәліметтер көрсетіледі, сондай-ақ тексеруге тартылатын тұлғалар тізімінің бар екені туралы мәлімет көрсетіледі. Рейдтік тексеру тағайындау туралы актіге осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып, тексеруге тартылатын тұлғалар тізімі қоса беріледі.

      6. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Тексерілетін тұлғаға тексеру тағайындау туралы актіні ұсынған сәт, рейдтік тексеруді қоспағанда, тексеру жүргізудің басталуы болып саналады.
      Тексерілетін тұлғаға тексеру тағайындау туралы актінің түпнұсқасын танысу үшін ұсынған және оның көшірмесін тапсырған сәт рейдтік тексеру жүргізудің басталуы болып саналады. Түпнұсқада көшірмемен танысқаны туралы және оны алғаны туралы белгі қойылады.

      8. Тексеру тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартылған немесе тексерудi жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдарының тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарды пайдалануына кедергi келтiрiлген жағдайда тиiстi акт жасалады. Актiге тексерудi жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамы және тексерiлетiн тұлғаның уәкiлеттi қызметкерi қол қояды.

      9. Тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады.

      10. Тексерiлетiн тұлға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексеру тағайындау туралы актiсiн алғаннан кейiн келесi күннен кешiктiрмей тексерушi топ басшысының атына:

      1) тексеру жүргiзудi қамтамасыз етуге жауапты басшы және оны алмастыратын адам туралы;

      2) тексерiлетiн тұлғаның қажеттi құжаттар (мәлiметтер) дайындауға, оларды тексерушi топқа (адамға) уақтылы беруге жауапты мамандары туралы ақпаратты көрсете отырып, хат табыс етедi.

      11. Тексеру жүргiзiлетiн кезеңде тексерiлетiн тұлға тексерушi топқа (адамға):
      1) алғашқы талап етуi бойынша тексеруге қатысты кез келген қажеттi құжаттарды (мәлiметтердi) қағаз және электрондық жеткiзгiштерде не олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тiркеу үшiн алуын, сондай-ақ тексеру жүргiзу үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiне қол жеткiзуiн;

      2) автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) тексеру мәнiне сәйкес қол жеткiзуiн;

      3) қажет болған кезде кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлердiң жүргiзiлетiн тексеруге, олардың қызметтiк мiндеттерiне және (немесе) тексерiлетiн тұлғаның қызметiне қатысты мәселелер бойынша түсiндiрме (ауызша немесе жазбаша) беруiн;

      4) тексерiлетiн тұлғаның ғимаратынан жеке үй-жай берiлуiн (болған жағдайда), оған еркiн кiру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

      12. Тексерiлетiн тұлғаның осы баптың 11-тармағында көрсетiлген талаптардың бiрiн бұзуы тексерiлетiн тұлғаға не оның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға негiз болып табылады.

      13. Тексеру жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс, жекелеген мәселелердi қосымша зерделеу қажет болған не тексерудiң едәуiр көлемiне байланысты ерекше жағдайларда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшысы тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ бұл күнтiзбелiк отыз күннен аспауы керек.
      Тексеру мерзiмi ұзартылған жағдайда, тексерудi ұзарту туралы қосымша акт ресiмделедi, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актiнiң тiркеу нөмiрi мен күнi және ұзарту себебi көрсетiледi.
      Рейдтік тексеру кезінде тексеруге тартылатын тұлғалар тізімінде көрсетілген бір тұлғаны тексеру мерзімі бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Рейдтік тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда, тексеруге тартылатын тұлғалар тізімінде көрсетілген бір тұлғаны тексеру мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      14. Тексеру нәтижелерi бойынша тексерушi топ (адам) тексеру нәтижелерi туралы акт жасайды.

      Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
      1) актiнiң жасалған жылы, айы, күнi мен орны;

      2) тексеру жүргiзген органның атауы;

      3) тексеру жүргiзуге негiз болған тексеру тағайындау туралы актiнiң күнi мен нөмiрi;

      4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы;

      РҚАО-ның ескертуі!
      14-тармақтың 5) тармақшасына 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.

      5) тексерiлетiн тұлғаның атауы, оның орналасқан жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, ал тексеру жүргiзген кезде тексерiлетiн тұлғаның өкiлi қатысқан жағдайда оның тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы;

      6) тексеру жүргiзiлген орын және кезең;

      7) тексеру нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;

      8) тексерiлетiн тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ тексеру жүргiзу кезiнде қатысқан жағдайда басқа да тұлғалардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;

      9) тексеру жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетiледi.
      Тексеру нәтижелерi туралы актiге тексеру нәтижелерiне байланысты қажеттi құжаттар (мәлiметтер) немесе олардың көшiрмелерi қоса берiлуi мүмкін.
      Тексеру жүргiзу мерзiмi аяқталуынан кешiктiрмей тексерушi топ (адам) тексерiлетiн тұлға басшысының атына, тексерiлетiн тұлғада түпнұсқасы болатын құжаттардың көшiрмелерiн қоспағанда, танысу және қол қою үшiн тексерудiң нәтижелерi туралы актiнiң екi данасын қосымшаларының көшiрмелерiмен қоса жiбередi.
      Тексерiлетiн тұлғаның басшысы (оның орынбасары) не тексеру жүргiзудi қамтамасыз етуге жауапты басшы тексеру нәтижелерi туралы актiнiң бiрiншi данасын қабылдайды, актiнiң екiншi данасының әрбiр парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, алған күнi туралы белгi қояды және тексеру нәтижелерi туралы актiнi алған күннен кейiнгi келесi күнiнен кешiктiрмей, тексеру нәтижелерi бойынша ескертулерi және (немесе) қарсылықтары болса көрсете отырып, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексерушi тобына (адамына) екiншi дананы табыс етедi.

      15. Тексерiлетiн тұлғаның басшысына (оның орынбасарына) тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы актiнiң жiберiлген күнi тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.

      16. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданған жағдайда тексерiлетiн тұлға анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы жазбаша есептi (ақпаратты) Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген мерзiмде оған табыс етуге мiндеттi.

      17. Тексеру жүргiзген кезде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдары тексерiлетiн тұлға құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге және алынған ақпараттың құпиялығын сақтауға, тексерiлетiн тұлғаның және оның клиенттерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге тiкелей не жанама әкеп соғатын iс-әрекеттерден тартынуға тиiс.
      Ескерту. 62-3-баппен толықтырылды - ҚР 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      63-бап. (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен )

      64-бап. (алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен )

12 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есеп беруi

      65-бап. Қаржы жылы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.

      66-бап. Есеп беру      

      Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне жылдық есеп берiп отырады.
      Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн қарап, оны бекiту туралы шешiм қабылдайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi келiсiлген мерзiмде Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын жасау үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық бухгалтерлiк балансын және пайдалары мен шығындары туралы есебiн берiп отырады.
      Ескерту. 66-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      67-бап. Жылдық есеп

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебi:
      - ақша-кредит саясаты және қаржы рыногының жай-күйi туралы баяндаманы;
      - Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өткен жылғы қызметi туралы есептi;
      - Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн;
      Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен .

      68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiн тексеру      

      Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық есептілігінің аудитін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттің немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің орталық банкіне аудит жүргізу тәжірибесі бар аудиторлық ұйым жыл сайын жүргізеді.
      Тексерiс кезiнде алынған әрбiр ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң және оның ұйымдарының қызметiне жасалған кез келген мемлекеттiк органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 ,  2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

13 Тарау. Қорытынды ережелер

      69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.
      Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .

      70-бап. Ақпарат алу жөнiндегi өкiлеттiк      

      Қадағалау мен бақылау жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
      Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн
                 қызметтердiң өтемдiлiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетiнше белгiлейдi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.
      Ескерту. 70-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , бап жаңа редакцияда - 2001.05.03. N 182 Заңымен , өзгерту енгiзiлдi - 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      71-бап. Наразылық пен қуынымның ескiру мерзiмi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде заемшыларға қоятын талаптарына наразылық пен қуынымның ескеру мерзiмi қолданылмайды.
      Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.12.05 N 2672 заң күші бар Жарлығымен.

      72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жауапкершiлiгi және
               дауларды шешу тәртiбi

      Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың құрылтайшылары (қатысушысы), заңды және жеке тұлғалар арасында осы Заңды орындау үшiн туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.
      Заңды және жеке тұлғаларға өзінің бақылау және қадағалау қызметіне байланысты заңсыз іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен зиян келтірілгені үшін Ұлттық Банк және оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген жауаптылықта болады.
      Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.12.05 N 2672 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1997.07.11 N 154, 1997.12.08 N 200, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162 Заңдарымен.

      73-бап. Алынып тасталды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       74-бап. Осы Заңның күшiне енуi

      Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
      Ескерту. 74-баптың атауы өзгертiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154 Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi