Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы

Қазақстан Республикасының Заңы. 1995 жылғы 30 наурыз N 2155

Қолданыстағы

      Ескерту. Осы Жарлықтың 2, 13, 19, 28, 52, 54, 58, 72-баптарына өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. Кіріспе алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

I Тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

      Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.
      Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 1-баптың 5-бөлiгi өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң
             құқықтық негiзi

      Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiнде Конституцияны, осы Заңды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, республиканың басқа да заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келiсiмдердi) басшылыққа алады.
      Ескерту. 2-бапта сөздер алмастырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

      3-бап. Қазақстан Ұлттық банкiнiң есептiлiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.
      Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiтуi;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекiтуi;
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өз құзыретiндегi мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      Ескерту. 3-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236 Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

      4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк
             құқықтық актiлерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi (бұдан былай - банктер) берген лицензияның негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.
      ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      5-бап . <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға

      Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

II Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттi,
функциялары және өкiлеттiктерi

      7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мiндетi Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiне сонымен қатар:
      - Қазақстанның экономикалық дамуы мен оның дүниежүзiлiк экономикаға кiрiгуiне қол жеткiзу мақсатында ықпал ететiн ақша айналасы, кредит, банктер мен олардың клиенттерi арасындағы ақша аударымдарын ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекет саясатын әзiрлеу мен жүргiзу;
      - ақша, кредит және банк жүйесiнiң тұрақты болуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      - банк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жолымен банктер кредиторлары мен клиенттерiнiң мүддесiн қорғау жүктеледi.
      ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      8-бап. Қазақстан Ұлттық банкiнiң функциясы,
             өкiлеттiгi және құқықтары

      Қазақстанның Ұлттық банкi:
      а) Қазақстан Республикасында айналыстағы ақша көлемiнiң мөлшерiн реттеу жолымен мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi жауап бередi.
      б) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
      в) банктер ашуға және олардың ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуы мен таратылуына рұқсат бередi, банктерге Қазақстан Республикасы аумағында, ал резидент-банктер үшiн республика аумағынан тыс жерлерде филиалдарын (оларды бiрiктiруге) және өкiлдiктерiн ашуға, жеке және заңды тұлғалардың банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуіне, бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына, бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн банктерге лицензия беруге келiсiм бередi, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар бередi;
      г) белгiленген тәртiппен банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiлерiне мемлекеттiк тiркеуге дейiн мiндеттi түрде сараптау жүргiзедi, оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi келiседi және банктердiң бағалы қағаздар шығару мен оларды орналастыру жиынтығы туралы есебiне, құрылтай құжаттарына қорытынды бередi, сондай-ақ банктiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзуге, оларды қайта тiркеуге, банктiң басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм бередi;
      д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
      е) банктердiң қызметiн бақылап, қадағалайды және оларға белгiлi бiр күнге шектi банк капиталы мөлшерiн пруденциалдық нормативтердi белгiлейдi, сондай-ақ заң актілерінде көзделген санкцияларды қолданады. Банктер несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын (акционерлердiң үлесiн) кейiннен жаңа инвесторларға мiндеттi түрде дереу сатқан жағдайда бұл акцияларды мәжбүрлеп сатып алуға құқылы пруденциалдық нормативтердi белгiлейдi;
      е-1) ерікті және еріксіз таратылатын банктердің тарату комиссиясының қызметіне бақылау жасайды;
      ж) Қазақстан Республикасында кредиттер бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкаларын реттеудi жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерге ақша-кредит әдiстерiмен реттеу арқылы бақылау жасау мүмкiн болмаған жағдайларда, Қазақстан Ұлттық Банкi олар бойынша кредиттер көлемiн және сыйақының (мүдденiң) банктiк ставкаларын шектеуге құқылы.
      з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйесiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырады, банктердiң өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi;
      и) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;
      к) банк қызметi, есепке алу, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
      л) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, банктердің бухгалтерлік есебінің стандарттарын белгілейді;
      л-1) уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді;
      л-2) өзінің бақылау және қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін заң актілеріне сәйкес банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ олардың аффилиирлендірілген тұлғаларының қаржылық есебінің тізбесін, халықаралық стандартқа сай келетін нысандарын, ұсыну мерзімдерін белгілейді;
      м) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;
      н) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы;
      о) қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;
      п) Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;
      р) елдiң есептiк төлем балансын қалыптастырады және төлем балансы көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзімді болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, мемлекеттiк кепiлдiгi жоқ мемлекеттік емес сыртқы займдардың шарттарын тіркеу мен мониторингін жүзеге асырады және елдiң жалпы сыртқы борышының бағасын қалыптастырады;
      с) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;
       т) Қазақстан Республикасының банк жүйесiне кадрлар даярлауды жүзеге асыруға қатысады;
      у) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;
      у-1) банктер ашатын есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) - банктердiң тұрған жерiнен тыс жерде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, заңды тұлға мәртебесiне ие болмаған және өкiлдiктер немесе филиалдар болып есептелмейтiн, аумақтық жағынан ерекшеленген бөлiмшелерiн, ашуға келiсiм бередi және арнайы есебiн жүргiзедi;
      у-2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;
      у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
      ф) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерiстер енгiзiлген - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 8-баптың "е"-тармақшасына өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50-I Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 8-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182 Заңымен .

ІІІ тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы
және резервтері

      9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы

      Қазақстан Ұлттық банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң билiгiне негiзгi қорларды беру жолымен және оның таза табысынан алынған аударылымдардан, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржыдан 20 миллиард Қазақстан теңгесi мөлшерiнде құралады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен дербес жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      Ескерту. 9-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы,
              қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары
              (резервтерi)

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы оның жарғылық капиталы мөлшерiнде құрылып, таза табысы есебiнен толықтырылады әрi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен ережеге сәйкес, тек жүргiзiлген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар түріндегі бағалы қағаздарды қайта бағалау шоты оның iшiнде шетел валютасындағы шот та, олардың құнын қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.
      Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және сенімсіз талаптары бойынша кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптары мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса - арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлінбеген таза табыс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар (резервтер) құралады.
      ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      Ескерту. 10-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

      11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң табысы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржылық жыл iшiндегi таза табысы iс жүзiнде алынған кiрiстер мен осы қаржылық жылға қатысты, активтер амортизацияны, соның iшiнде айналысқа шығарылған банкноттар мен тиындарды қоса алғанда, шығыстары (алтын-валюта активтерін қайта бағалау есебіне жатқызылатын жұмсалған кірістің пайда болған сомасын қоспағанда)арасындағы айырма ретiнде анықталады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банк активтері бойынша құрылған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына азайтылған таза табысы Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн абсолюттiк сомада жарғылық және резерв капиталын құрауға бағытталады.
      Нақты алынған таза табыстың қалған бөлiгi келесi қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады. Нақты алынған таза табыс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң осы Заңда көзделген жарғылық капитал мен резерв қорын қалыптастыруға жетiмсiз болған жағдайда, пайда болған айырмашылық келесi қаржы жылындағы республикалық бюджет қаржысы есебiнен өтеледi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары оның табысының деңгейiне тәуелдi бола алмайды және бұларды Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгертілдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

IV Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен
органдары. Оларды қалыптастыру тәртiбi
және құзыреті

      12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен
              органдары

      Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      13-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламенттiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
      Төраға Қазақстан Ұлттық банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты.
      Ескерту. 13-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен .
      Ескерту. 13-баптың 1-шi бөлiгi жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      14-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының
              орынбасарлары

      Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
      Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.

      15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
              және оның өкiлеттiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функциялары:
      а) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын әзiрлеу;
      б) Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;
      в) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау;
      г) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктермен жасалатын операциялар бойынша қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгiлеу;
      д) банктердi ашуға рұқсат беру және оны қайтарып алу туралы шешiм қабылдау;
      е) ломбардтарға, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиялар беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу, банк заңдарында көзделген өзге де санкцияларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
      е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге;
      е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға;
      е-3) банктің және (немесе) банк холдингінің ірі қатысушысының акцияларын Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімгерлікпен басқаруына беру туралы, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен банктер кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында және капитал мөлшері теріс екінші деңгейдегі банктердің акцияларын жаңа инвесторларға кейін міндетті түрде тез арада өткізу шарттарымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешімдер қабылдауға;
      ж) банктерге резервтiк талаптардың нормативiн бекiту;
      з) алтын-валюта активтерiн басқаруды негiзгi принциптерiн белгiлеу;
      и) Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртiбiн бекiту;
      к) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінiң бекiтуiне ұсыну;
      к-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;
      л) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы жылдық балансы мен есебiн қарау және бекiту;
      м) Қазақстан Ұлттық Банкінің өзінің жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын және өзге де мүлкін, бюджетін (шығыстар сметасын) пайдалану тәртібі туралы, ақылы қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі департаментінің директорларын, филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының басшыларын бекіту;
      н) қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес банктер мен басқа да ұйымдар үшiн пруденциялдық нормативтер мен сақтауға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiту;
      о) Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын, еңбекақы төлеу жүйесi мен мөлшерiн, әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етiлуiн анықтау және бекiту;
      п) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң халықаралық және осы Заңға сәйкес өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешiм қабылдау;
      р) Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директорат) құрамын бекiту;
      с) бухгалтерлiк есептiң қазақстандық стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есептiң саясаты мен әдiстерiн белгiлеу;
      т) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң уәкiлдiк берiлген адамдарының банк қызметiне байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы материалдарды ресiмдеу және қарау тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтуi.
      у) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқарудың нәтижелерi туралы есептi бекiту;
      ф) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiкпен басқару нәтижелерi туралы ақпарат табыс ету;
      х) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару (Өкiлеттi өкiл) жөнiндегi шешiмдердi шұғыл түрде қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасары банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына әкiмшiлiк айыппұл салу туралы мәселенi Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының басқа мүшелерiмен алдын ала келiсiп алады және осы мәселе бойынша тиiстi қаулы нысанында шешiм қабылдайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен .
      Ескерту. 15-бапқа өзгертулер енгiзiлген - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 15-баптың "е"-тармақшасына өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50-I Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 15-бап "т" тармақшасымен және 3-шi бөлiкпен толықтырылды, 3-бөлiк 4-бөлiк болып саналды - Қазақстан Республикасының 1998.06.29. N 236 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 15-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182 Заңымен .

      16-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бес лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкiметiнен екi өкiл кiредi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      17-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының
              мәжiлiстерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      Басқарманың кезектен тыс мәжiлiстерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқарма мүшелерi Басқарма мәжiлiсiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ал ол болмаған кезде-оның мiндетiн атқарушы адам жүргiзедi.
      Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатынасқан жағдайда Басқарма шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.
      Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қайтара талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды.
      ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертілдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      18-бап. Қызметтен кету және босату

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, қызметiнен кетуге құқылы.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
      Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, орнынан түсе алады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .

      19-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi
              және оның өкiлеттiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
      Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжiлiстерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.
      Осы Заңға сәйкес Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарауындағы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, бұған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы мен Төрағасының құзырына енетiн мәселелер ғана қосылмайды (немесе оның орынбасарларының).
      Директорлар кеңесi өз құзырына енетiн мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
      Осы Заңмен және "Банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiлеген тәртiппен Директорлар кеңесi басқарманың өкiлеттiгiне жатқызылмаған кейбiр шаралар түрлерiн банктерге қолдану туралы шешiмдi, сондай-ақ банк заңдарымен көзделген өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

      20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары,
              өкiлдiктерi мен ұйымдары

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiк шегiнде жүзеге асырады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Заңмен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актiлерiне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру және олардың қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөнiндегi өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттiк орган болып табылады.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлген - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

V Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк
өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы

      21-бап. Өзара iс-қимылдың негiзгi принциптерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi заң актiлерiмен берiлген өкiлеттiк шегiнде өз қызметiн ешкiмге тәуелсiз атқарады. Өкiлдi және атқарушы  өкiмет органдарының Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдарының заңда бекiтiлген өкiлеттiгiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқы жоқ.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      22-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
              Қазақстан Ұлттық Банкi

      Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттiк маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-кредит және валюта саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi Үкiмет мәжiлiстерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.
      Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

      23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы
              кеңесшiсi және агенті

      Қазақстан Ұлттық Банкi банк, қаржы кеңесшiсi және мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың агентi ретiнде iс-әрекет жасай алады.

      24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы
              Үкiметiнiң Банкi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.
      ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен .

      25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы
              Үкiметiнiң қаржы кеңесшiсi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыз алу саясатын жасау және iске асыру, мемлекеттiң ақша-кредит саясатымен байланысты мәселелер жөнiнде бюджет саясатын қалыптастыру кезiнде қаржы кеңесшiсi ретiнде қызмет етедi.

      26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы
              Үкiметiнiң агентi

      Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында келiсiлген шарттарда Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде iс-қимыл жасайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiметпен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде оған мемлекеттiк заемына қызмет көрсетедi.

      27-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi
              бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы
              қағаздармен операциялар жүргiзу

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарудың және Үкiметтiң мемлекеттiк қарызын олардың банк жүйесiндегi өтiмдiлiгiне ықпал етуiн ескере отырып, өтеудiң ай сайынғы көлемiн және ақша-кредит саясатының басымдығын, Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келiседi.

      28-бап. Бағалы қағаздар айналысын реттеуге қатысу

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздар айналысын реттеуге қатысуға құқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар айналысын реттеуге қатысуға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 23, 24, 25, 26, 27, 28-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

VI Тарау. Ақша-кредит саясаты

      29-бап. Ақша-кредит саясатының мақсаты

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын белгiлейтiн және оны жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тұрлаулылығын - оның сатып алу қабiлетi мен басты шетел валюталарына қатысты бағамен қамтамасыз ету болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi айналыстағы ақша жиынтығының бiр немесе бiрнеше көрсеткiштерiнiң өсуiнiң нысаналы бағдарларын белгiлей алады.

      30-бап. Ақша-кредит саясатының негiзгi құралдары

      Ақша-кредит саясатының негiзгi құралдары:
      - Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кредиттер бойынша банктерге беретiн сыйақы (мүдде) ставкаларының деңгейi;
      - Қазақстан Ұлттық Банкiне депозитке енгiзiлген соның iшiнде тартылған қаражаттың мерзiмi, көлемi және түрлерi (резервтiк талаптар) бойынша саралау мүмкiндiгiн қоса алғанда ең төменгi мiндеттi резервтер нормативi;
      - мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу және сату бойынша ашық нарықтағы операциялар;
      - банктерге кредиттер беру;
      - валюта нарығындағы интервенциялар;
      - ерекше жағдайларда кредиттiк операциялардың кейбiр түрлерiнiң деңгейi мен көлемiн тiкелей сандық шектеулер енгiзу болып табылады;
      - ресми есептеу (дисконттiк) ставкасы.
      ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      31-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi беретiн кредиттер
              бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары

      Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын, сондай-ақ олар жүргiзетiн операциялар бойынша басқа да сыйақы (мүдде) ставкаларын белгiлейдi. Ақша рыногының жалпы жай-күйiне, кредит бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция мен инфляциялық күтулер деңгейiне қарай қайта қаржыландырудың ресми ставкасы белгiленедi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi сыйақы (мүдде) ставкасының саясатын мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүзеге асыру шеңберiндегi сыйақының (мүдденiң) рыноктық ставкаларына ықпал ету үшiн пайдаланады.
      ЕСКЕРТУ. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      32-бап. Резервтiк талаптар

      Банктер беретiн кредиттер көлемiн реттеу мақсатында, банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiк қаупiн төмендету, сондай-ақ банктердiң салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Ұлттық Банкi резервтiк талаптар тетiгiн пайдаланады.
      Резервтiк талаптар нормативi банктер алдындағы мiндеттемелердi қоспағанда, мiндеттемелердiң жалпы сомасының процент ретiнде есептеледi және ол 40 проценттен аспайтындай мөлшерде белгiленедi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi ерекше жағдайларда мiндеттемелердiң өсiмiне резервтiк талаптарды енгiзуге құқылы.
      Ең төменгi мiндеттi резервтер нормативiн өзгерту, мұндай шешiм қабылдаған күннен кемiнде бiр ай кейiн күшiне енгiзiледi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгi мiндеттi резервтер нормативi бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiлеген мөлшерде айыппұл салып, оны өндiрiп алады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi банк қызметiн тоқтатқан жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнде резервке салынған қаражатын банкке бiр апта мерзiм iшiнде қайтарады.
      ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      33-бап. Ашық нарықтағы операциялар

      Ашық нарықтағы операциялар деп қайталама нарықта ақша жиынтығының көлемiн ретте мақсатын Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асыратын қазынашылық вексельдерiн, мемлекеттiк облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарды сатып алу - сату ұғынылады.
      Ашық нарықтағы операциялардың лимитiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi бекiтедi.

      34-бап. Ресми есептеу (дисконттiк) ставкасы

      Қазақстан Ұлттық Банкi ресми есептеу (дисконттiк) ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүзеге асырады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi ресми есептеу (дисконттiк) ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, кредиттер бойынша сұраныс және ұсынысқа қарай анықтайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттiк ақша-кредит саясаты шеңберiнде банктердiң есептеу (дисконттiк) ставкаларына ықпал ету үшiн есептеу (дисконттiк) саясатын жүзеге асырады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi вексельдердi қайта есепке алу тәртiбiн және Қазақстан Ұлттық Банкi вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн ұсынылатын шарттарды белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      35-бап. Банктерге кредит беру

      Банктерге кредит беру тәртiбiн, шарттарын, түрлерiн, мерзiмiн және лимитiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi қабылданған ақша-кредит саясатының бағдарына сәйкес банктер кредит берудiң жалпы көлемiн реттеп отырады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi ең жоғары сатыдағы кредитор ретiнде банктерге Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiленген тәртiп пен мерзiмге ұлттық және шетелдiк валютада қамтамасыз етiлген, сондай-ақ қамтамасыз етiлмеген кредит беруге хақылы.
      Ескерту. 35-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 35-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      36-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюта
              нарығындағы интервенциялары

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюта нарығындағы интервенциялары деп банкаралық немесе биржа нарығында Қазақстан теңгесiнiң бағамына ықпал ету үшiн шетел валютасын сатып алуы-сатуы ұғынылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi валюта нарығындағы интервенцияны валюталық мәмiленiң қандай да болсын түрiн қолдана отырып, кез келген банктер немесе валюта биржалары арқылы дербес жүзеге асырады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюта нарығындағы интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.

      37-бап. Банк операциялары бойынша сандық шектеулер

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және мәмiлелерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, кредит берудi тiкелей шектеу, сыйақы (мүдде) ставкаларын тұмшалау, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу ұғынылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық процестердi жанама ақша-кредиттiк реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер қолдануға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 37-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

VII Тарау. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi

      38-бап. Ақша бiрлiгi

      Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi болып табылады. Қазақстан теңгесi 100 тиыннан тұрады.
      Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады.
      Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.

      39-бап. Төлем құралы

      Қазақстан Ұлттық банкiнiң заң актiлерiнде, нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады.
      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      40-бап. Банкноттар мен тиындар шығару

      Қазақстан Республикасының аумағында қолдағы ақшаны шығаруды, олардың айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды бiрде-бiр Қазақстан Ұлттық банкi банкноттар мен тиындарды, аударым баламасын ала отырып, банктерге сату нысанында жүзеге асырады.
      Ескерту. 40-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      41-бап. Ақша бiрлiгiнiң қамтамасыз етiлуi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң көлемi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы хабар жариялап тұрады.
      Ескерту. 41-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару
              және олардың сипаттамасы

      Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құндық құрамы, нысаны және өрнектi кескiндемесi болуға тиiс. Банкноттар мен тиындардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.
      Ескерту. 42-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      43-бап. Банкноттар мен тиындардың қабылдауға
              қойылатын талаптар

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгiзу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерiнде шектеусiз ұсатылады және айырбасталады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнен басқа ешкiм Қазақстан Ұлттық Банкi шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
      ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      44-бап. Ақша бiрлiгiн айырбастау құқығы

      Ақша бiрлiгiн айырбастауға Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы ақша бiрлiгiнiң қолданылу тәртiбiн, мерзiмiн және шарттарын белгiлейдi.
      Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .

      45-бап. Банкноттар мен тиындарды ауыстыру

      Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың бұрын қолданыста болғандардың төлемдiлiгiн анықтау және оларды айырбастау тәртiбiн белгiлейдi әрi бұл жөнiнде баспасөзде жарияланады.

      46-бап. Ақаулы банкноттар

      Егер банкнот бетiнiң үштен екісiнен көбi сақталған болса, Қазақстан Ұлттық Банкi тозған бүлiнген банкноттарды шектеусiз айырбастайды және жоғалған немесе жойылған банкноттар мен тиындарға өтем жасауға мiндеттi емес.
      Қазақстан Ұлттық Банкi тозған және бүлiнген банкноттарды өзi белгiлеген ережеге сәйкес айырбастайды.
      ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      47-бап. Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы
              жасағаны үшiн жауапкершiлiк

      Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын iске асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қылмыстық және мүлiктiк жауаптылыққа тартылады.
      Ескерту. 47-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      47-1-бап. Кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

      Қазақстанның Ұлттық Банкі банктер мен олардың клиенттеріне кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ банктердің қолма-қол ақшаны сақтауы, тасымалдауы және есепке алуы жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді.
      Ескерту. Жаңа 47-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 Заңымен .

YIII тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру

      48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ақша төлемi мен
              аударымын ұйымдастыруға өкiлеттiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкi төлем жүйесiнiң қызметiн ұйымдастырады, үйлестiредi және реттейдi, сондай-ақ:
      1) ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен ерекшелiктерiн, төлем нұсқаулары мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды;
      2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып төлем жасау тәртібі мен шарттарын белгілейді.
      ЕСКЕРТУ. 48-баптың 2-бөлiгi алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 48-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 48-баптың 2) тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 Заңымен .

      49-бап. Шоттар

      Қазақстан Ұлттық Банкi шоттардың түрлерiн және құқықтық тәртiбiн, банктiк шоттарды ашу, пайдалану және жабу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.

      50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру
              тәсiлдерi

      Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленедi.
      ЕСКЕРТУ. 50-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      51-бап.  <*>
      ЕСКЕРТУ. 51-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

IХ Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары

      52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiндегi банк шоттарының
              иелерi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.
      Ескерту. 52-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 52-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен
                операциялары және мәмiлелерi

      Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
      1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне алты айдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
      2) өтеу мерзiмi алты айдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
      3) мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
      4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн, өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
      5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
      6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
      7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
      8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;
      9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 52-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      53-бап. Кредиттердi қамтамасыз ету

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кредиттерiн қамтамасыз ету үшiн кепiлдiк заты ретiнде:
      - аффинирленген алтын;
      - шетел валютасы;
      - Қазақстан теңгесiндегi және шетел валютасындағы алты ай мерзiмге дейiнгi вексельдер;
      - қор биржаларында ресми түрде бағаланатын бiр жыл мерзiмге дейiнгi борыш қағаздары болуы мүмкiн.
      Сонымен қатар, Директорлар кеңесi белгiлеген жағдайларда, басқа да активтермен және тауар-реттеу құжаттарымен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
      Кредит, сондай-ақ ол бойынша сыйақы (мүдде) төленбеу мерзiмiнде өтелмеген жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кепiлдiкке берiлген заттарды толық немесе iшiнара сатады.
      ЕСКЕРТУ. 53-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары
              бойынша шектеулер

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң:
      - осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;
      - қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға;
      - Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етiлмеген кредиттер беруге;
      - берiлген кредиттердi ұзарту немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беру.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 54-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 54-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

Х Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы
экономикалық қатынастар саласындағы қызметi.
Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн  операциялар

      ЕСКЕРТУ. Х Тараудың атауы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      55-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқа мемлекеттердiң
              банктерiмен өзара қатынастары

      Қазақстан Ұлттық Банкi еншiлес банктер ашуға, еншiлес банктердiң филиалдарын, шетел банктердiң өкiлдiктерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетел қатысатын банктер ашуға рұқсат бередi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң функциясын жүзеге асыру үшiн шет мемлекеттерде өз өкiлдiктерiн ашуға құқылы.

      56-бап. Валюталық реттеу және валюталық бақылау

      Қазақстан Ұлттық Банкi:
      а) Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы (мүдде) ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
      б) резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында шет ел валютасымен және шет ел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
      в) валюта құндылықтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан алып кету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi. Резиденттер үшiн Қазақстан Республикасына шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды міндетті түрде аудару тәртiбiн белгiлейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң шетел банктерiнде шот ашу шарттарын анықтайды.
      г) беру, тiркеу ережелерiн белгiлейдi және валюта заңдарында көзделгендей, валюталық операциялар жүргiзуге лицензиялар бередi;
      д) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шет ел валютасына шаққандағы бағамын, оның iшiнде кедендiк және салық төлемдерi, сондай-ақ шет ел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан теңгесiне рыноктық баға белгiлеу мақсаты үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ресми бағамын белгiлеу жолымен реттейдi;
      е) алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
      ж) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк статистикалық органдармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасындағы барлық заңды және жеке тұлғалардың орындаулары үшiн мiндеттi валюталық операциялар бойынша есеп жүргiзу мен есеп беру тәртiбi мен нысандарын белгiлейдi;
      з) өкiлеттi банктердiң Тiзбесiн жүргiзiп, жариялайды;
      и) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
      к) халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
      л) жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
      м) валюталық құндылықтарды бағалы металдардан өзгесін әкетуге рұқсат бередi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент еместерiнен алынған банк кредиттерiнiң есебiн жүргiзедi;
      н) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнен қосымша кредиттер тарту мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      о) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.
      Ескерту. 56-баптың 1-бөлiгi "п"-тармақшасымен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.08. N 2396 Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 56-бөлiктiң "н"-тармақшасына өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.03. N 18 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 56-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 56-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен.  Z990436_ 
      ЕСКЕРТУ. 56-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

      57-бап. Валюталық құндылықтармен және бағалы
              металдармен жасалатын операциялар

      Қазақстан Ұлттық Банкi валюта құндылықтарымен және бағалы металдарымен мынадай операцияларды жүзеге асыруға:
      - шет ел валютасын сатып алуға және сатуға;
      - шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және Қазақстан Республикасының Үкiметi шетел валютасымен кепiлдiк берген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргiзуге;
      - өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар банктерде, шет елдердiң орталық банктерi мен банктерiнде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шот ашуға;
      - өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетелдiк орталық банк, банктер мен басқа да қаржы институттары, шет елдер үкiметi мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шот ашып, оны жүргiзуге, өкiл немесе корреспондент ретiнде iс-әрекет жасауға;
       - аффинирленген алтынды, бағалы металдарды, асыл тастарды және одан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асыруға;
      - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен бағалы металдар мен зергерлiк бұйымдарға қатысты операцияларға лицензиялау жүргiзуге;
       - Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы рынокта аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнiнде операциялар жүргiзуге;
       - қолданылып жүрген заңдарына белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтар мен бағалы металдарды әкелуге, сондай-ақ оларды шет ел банктерiндегi және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге шығаруға құқылы;
      - ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтинг бар эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргізуге;
      - ақша рыногының банкаралық депозиттер, репо және кері репо, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар және ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтингі бар эмитенттер шығарған басқа да борыштық міндеттемелер сияқты құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
      - форвард операциялары, своп операциялары және кредиттік рейтингін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын деңгейден төмен емес қарсы әріптестермен опцион операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
      - Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 57-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

      58-бап. Алтын-валюта активтерi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi Қазақстан теңгесiнiң сыртқы және iшкi тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшiн жасалады, және пайдаланылады әрi олар:
      - аффинирленген алтыннан;
      - банкноттар, тиын түрiндегi шет ел валютасынан және шетелде және Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан;
      - Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақтаулы валюталық құндылықтардан;
      - шет ел валютасындағы жай және аударым вексельдерiнен;
      - шет елдер үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарып, кепiлдiк берген бағалы қағаздардан;
      - мұндай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуы қамтамасыз етiлген жағдайда, шет ел валютасында деноминирленген басқа да сыртқы активтерден құралады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және олардың орналастырылуын анықтайды.
      Осы Заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда алтын-валюта активтерiн кредиттер (заемдар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместерге кепiлдiктер немесе басқадай мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiнiң құрылымын ұлғайту және өзгерту:
      бағалы металдар мен асыл тастарға қатысты қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қазақстандық және басқа осындай металл өндiрушiлерден (сатушылардан) тазартылған алтын сатып алу;
      Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый тиындарын қоса) шет ел валютасын және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резиденттерi мен резидентi еместерге шет ел валютасын сатып алу жолымен;
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шет ел валютасымен жүзеге асыратын депозит, салым, дилинг операцияларынан және шет ел валютасында деноминирленген бағалы қағаздар операцияларынан, сондай-ақ шет ел валютасымен беретiн кредиттерiнен түсетiн комиссиялық және басқа сыйақылар (мүдде);
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тазартылған алтын, күмiс, платина және платина тобындағы басқа металдарды сату, салу және басқа операциялар жүргiзуiнен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер;
      Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттер;
      осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсеткен консультациялық, баспа-ақпараттық және басқа да қызметтен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер есебiнен жүргiзiледi.
      Алтын-валюта активтерiн азайтуды Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай жолмен жүргiзедi:
      айырбас бағамы саясатын қоса ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында iшкi валюта нарығында валюта сату әрi iшкi валюта нарығында шет ел валютасына деген сұраным мен ұсынымның арасындағы алалықты бәсеңдетуге;
      шет елдегi дипломатиялық және басқа да өкiлдiктердi ұстау мен iссапар шығындарын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы қарызына қызмет көрсетудi қоса өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) импортын төлеу үшiн мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты мен Қазақстан Ұлттық Банкi сметасы (бюджетi) есебiнен теңгенi шет ел валютасына айырбастауды жүзеге асыру;
      басқа шет ел валютасын сатып алу үшiн шет ел валютасын сату;
      Қазақстан Ұлттық банкiнiң алған кредитi бойынша негiзгi соманы, және сыйақыны (мүдденi), сондай-ақ комиссиялық және басқа iлеспе шығындарын қайтару;
      шығынды алтын-валюта активтерiн қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебiнен есептеп шығару.
      Ескерту. 58-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 58-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 58-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      59-бап. Сыртқы активтердiң өтiмдiлiгi және сақталуы

      Қазақстан Ұлттық Банкi активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз етуге және сыртқы активтердiң сатып алу үшiн сақтау қажеттiгiн тиiсiнше ескертуге мiндеттi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi сыртқы активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және оның айырбас бағамен ұстап тұруға қажеттi деңгейде сақтауға тиiс.
      Он екi ай iшiнде сыртқы активтерiнiң деңгейi 15 проценттен астам төмендеп кеткен ретте, Қазақстан Ұлттық банкi мұндай жағдайға жол бермеу немесе оны түзету үшiн Үкiметпен қажеттi шараларды келiседi.
      ЕСКЕРТУ. 59-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      60-бап. Алтын-валюта активiн қайта бағалау шоты

      Шет ел валютасының бағамындағы немесе алтын құнындағы өзгерiстердiң нәтижесiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтыннан немесе шет ел валютасынан тұратын активiн немесе пассивiн бағалаудағы өзгерiстердiң салдары болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылының iшiндегi жұмсалмаған табысы мен ысырабы әр айдың алғашқы күнi жүргiзiлетiн қайта бағалау арқылы реттелiп, алшақтығы қайта бағалау есебiне жатқызылады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң осы актив қаражатын бағалы металдармен және валютамен, сондай-ақ шет мемлекеттердiң немесе халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына байланысты операциялар бойынша жасалған операциялар кезiндегi ысырапты өтеуге және шығынның орнын жабу үшiн жұмсауға құқы бар.
      ЕСКЕРТУ. 60-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

ХI Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бақылау
және қадағалау функциялары

      61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеу мен
              қадағалауды жүзеге асыру принциптерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң қызметiн реттейтiн және қадағалайтын орган болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi банкiлер желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн ортақ жағдайлар жасауға және банкiлердiң адал бәсекесi принциптерiн енгiзуге жәрдемдеседi.
      Оның реттеушiлiк функциясы Қазақстан Республикасы ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, салымшыларының және клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктердiң ағымдағы қызметiне араласпайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi банк және қаржы статистикасын, экономикалық ахуалға талдау жасау үшiн банктерден, сондай-ақ олардың ассоциациялары мен реттеушi органдарынан, республика министрлiктерi мен ведомстволарынан қажет ақпараттарды алдыруға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 61-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеу мен
              қадағалауды жүзеге асырудағы негiзгi
              өкiлеттiктерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi банктердi лицензиялауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
      Осы мақсаттарда Қазақстан Ұлттық Банкi:
      - банктер мен олардың клиенттерiнiң, орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
      - банктер үшiн лицензиялық рәсiмдер мен нормативтер белгiлеуге;
      - банктер мен олардың филиалдарының қызметiн тексеруге соның iшiнде жергiлiктi жерге барып немесе аудиторлық ұйымды шақырып тексеруге, олардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын дұрыс жүзеге асыру үшiн қажет деп санайтын ақпаратты алуға және алынған ақпараттар бойынша түсiнiк беруiн талап етуге өкiлеттi;
      - олардың ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне қолданылып жүрген банк заңдарында көзделген мәжбүр ету шараларын және санкцияларды қолдану туралы шешiмдер қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейiннен жаңа инвесторларға мiндеттi түрде дереу сату тәртiбiн белгiлеудi қоса алғанда капиталының терiс мөлшерi бар банктер мүлкiнiң құқықтық режимiн өзгерту туралы шешiмдер қабылдау;
      - банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмiн) тағайындауға;
      - депозиттер мен оны iске асыру тетiгiнiң мiндеттi түрде ұжымдық сақтандыру жағдайларын белгiлеуге өкiлеттi;
      - ірі қатысушылар мен банк холдингтерін анықтау мақсатында банктердің тікелей немесе жанама қатысушыларының құрылтай құжаттарын, заң актілерінде көзделген жағдайларда банктің аффилиирлендірілген тұлғаларының қаржылық есептері мен өзге де ақпаратын беруді талап етуге;
      - заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен азаматтардан өзінің бақылау және қадағалау қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер алуға құқылы.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасындағы банктер мен олардың филиалдарының бүкiл қаржы-шаруашылық қызметiн тексерудi жүзеге асыру құқығы бар бiрден-бiр орган болып табылады.
      Егер банктердің аффилиирлендірілген тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан реттелуге және қадағалануға тиіс болған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкі және уәкілетті мемлекеттік органдар оларды реттеу және қадағалау туралы, оның ішінде олардың өзара ақпараттар алмасуы бөлігінде келісім жасауға тиіс.
      Қазақстан Ұлттық Банкi басқа мемлекеттердiң орталық банктермен және қадағалау органдарымен бiрлесе жұмыс iстейдi және олардың өз бақылау қызметiн жүзеге асыруы үшiн қажет ақпараттармен алмасуға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 62-баптың 2-шi бөлiгi 5-шi азатжолымен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.07. N 50-I Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 62-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 62-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

      62-1-бап. Сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау
                жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктi
                жүзеге асыру

      1. Қазақстан Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Президентi өзiне жүктеген өкілеттiкке сәйкес сақтандыру қызметін мемлекеттiк реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган ретiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi мен мақсаттары осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленедi.
      3. Қазақстан Ұлттық Банкi сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган ретiнде:
      1) Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының жұмыс iстеуiн, сақтандырушылардың және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу жөнiндегi шараларды белгілейдi және iске асырады;
      2) өз құзыретi шегiнде сақтандыру рыногының барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi сақтандыру қызметi мен оны қадағалау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерi үшiн, жарғылық және меншiктi капиталдың ең аз мөлшерiн қоса алғанда, пруденциялық нормативтердi және сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлейдi;
      4) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң қызметiн лицензиялайды;
      5) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға, олардың өз еркiмен қайта құрылуына және таратылуына рұқсат бередi, Қазақстан Республикасының аумағында да, республика аумағынан тыс жерлерде де сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келiсiм бередi;
      6) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының Басқарма Төрағалары мен мүшелері, бас бухгалтерлері, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары филиалдарының басшылары мен бас бухгалтерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi не келiсiм беруден бас тартады;
      7) сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарды тексередi (инспекциялайды);
      8) сақтандыру рыногының субъектiлерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпарат алып отырады;
      9) өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң қаржы және өзге есептерiнiң тiзбесiн, нысандарын, беру мерзiмiн заңдарға сәйкес белгiлейдi;
      10) сақтандыру статистикасын әзірлеу сақтандыру рыногының жай-күйiне экономикалық талдау жасау үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары қауымдастықтарынан, одақтары мен бірлестіктерінен, мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат алып отырады;
      11) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру брокерлерiне, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына өзге санкциялар қолдану, берiлген лицензиялардың күшiн тоқтата тұру не оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ олардың қызметін заңдарда көзделген негіздемелер бойынша сот тәртібімен тоқтату жөнінде шаралар қолданады;
      12) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалайтын орталық органдарымен қарым-қатынастарда, халықаралық және өзге де сақтандыру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi.
      4. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сақтандыру қызметiн қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган ретiндегi өзге функциялары және өкiлеттiгi сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 62-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 62-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

      63-бап. Пруденциалдық нормативтер және өзге де сақталуға
              мiндеттi нормалар мен мiндеттер

      Банктердiң қаржылық тұрлаулылығын қамтамасыз ету және олардың кредиторларының, салымшыларының және клиенттерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi банктер үшiн белгiлейтiн экономикалық шектеулер пруденциалдық нормативтер болып табылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкі пруденциалдық нормативтерді белгілейді, оның ішінде банк топтары үшін шоғырландырылған негізде белгілейді.
      Қазақстан Ұлттық Банкi:
      - банктер үшiн пруденциалдық нормативтердiң және немесе өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi есеп айырысу әдiстемесi мен қолданылу принциптерiн;
      - банктер үшiн ашық валюта айқындамасын есепке алу және осы айқындаманы бақылау тәртiбiн;
      - үмiтсiз және күмәндi активтердi, валюталық тәуекелдер мен сыйақы (мүдде) ставкалары бойынша тәуекелдер қамтамасыз ету үшiн банктердi қайта бағалау қорлары мен шоттарын қалыптастыру тәртiбiн анықтайды.
      ЕСКЕРТУ. 63-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 63-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

      64-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктiк қадағалау
              қызметкерлерiне қойылатын талаптар

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктiк қадағалауы құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрiнiң басшысы болып табылатын адамның яки осы лауазымға орналасуға үмiткер адамның банкте немесе Қазақстан Ұлттық Банкiне кемiнде үш жылғы жұмыс тәжiрибесi болуға тиiс.
      Мұндай адамның:
      - жоғары бiлiмi болмаса;
      - өтелмеген немесе белгiленген заң тәртiбiмен алынбаған сот жазасы болса;
      - бұрын басқару органдарының құрамына енсе банк заңдарының талаптары мен нормативтi актiлердi орындамаған үшiн банк ашуға берiлген рұқсаты және (немесе) банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясы қайтарып алынған банктi басқаруға қатысса ;
      - табыс туралы салық қызметi органдарына мәлiмет беруден бас тартса немесе қасақана жалған мәлiмет берсе;
      - банк Төрағасы немесе банктiң Директорлар кеңесiнiң мүшесi немесе банк Басқармасы Төрағасының қызметiнде iстейтiн жақын туыстық қатынастағы адам болса, онда ол атқарып жүрген лауазымына немесе өзi үмiттенiп отырған лауазымға сәйкес келмейдi деп танылады.
      ЕСКЕРТУ. 64-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 64-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 64-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

ХII Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есеп беруi

      65-бап. Қаржы жылы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.

      66-бап. Есеп беру

      Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне жылдық есеп берiп отырады.
      Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн қарап, оны бекiту туралы шешiм қабылдайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi келiсiлген мерзiмде Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын жасау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық балансы және қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп берiп отырады.
      Ескерту. 66-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 66-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      67-бап. Жылдық есеп

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебi:
      - ақша айналысының, кредиттiң, қаржының, банк жүйесiнiң валюта саясатының жай-күйi туралы баяндаманы;
      - Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өткен жылғы қызметi туралы есептi;
      - жылдық балансты, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң туралы есебiн, таза табыс бөлісін қамтиды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы жылдық баланстың және есептiң құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейдi.
      Ескерту. 67-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiн тексеру

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне жыл сайын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы тағайындайтын тәуелсiз аудиторлық ұйым тексерiс жасап отырады.
      Тексерiс кезiнде алынған әрбiр ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң және оның бөлiмшелерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiне жасалған кез келген мемлекеттiк органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту. 68-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .

ХIII Тарау. Қорытынды ережелер

      69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.
      Ескерту. 69-бапта сөз алмастырылған - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .

      70-бап. Ақпарат алу жөнiндегi өкiлеттiк

      Банк қадағалауы мен бақылауы жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi банкте шоты бар Қазақстан Республикасы аумағындағы кез келген жеке және заңды тұлғадан қажеттi ақпарат алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.

      70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн
                қызметтердiң өтемдiлiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетiнше белгiлейдi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қаржы министрлiгiне көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.
      ЕСКЕРТУ. 70-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 70-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182 Заңымен .

      71-бап. Наразылық пен қуынымның ескiру мерзiмi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде заемшыларға қоятын талаптарына наразылық пен қуынымның ескеру мерзiмi қолданылмайды.
      Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .

      72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жауапкершiлiгi
              және дауларды шешу тәртiбi

      Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың құрылтайшылары (қатысушысы), заңды және жеке тұлғалар арасында осы Заңды орындау үшiн туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.
      Заңды және жеке тұлғаларға өзінің бақылау және қадағалау қызметіне байланысты заңсыз іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен зиян келтірілгені үшін Ұлттық Банк және оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген жауаптылықта болады.
      Ескерту. 72-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

      73-бап. Мүдделер кереғарлығы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қызметшi болып табылатын қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңында белгiленген мемлекеттiк қызметте болуына байланысты барлық шектеулер қолданылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметкерлерi банктерден Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының жазбаша рұқсатымен ғана кредит алуға құқылы.
      Осы баптың талаптарын сақтамаған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметкерлерi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi.
      ЕСКЕРТУ. 73-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      74-бап. Осы Заңның күшiне енуi

      Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
      ЕСКЕРТУ. 74-баптың атауы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      Қазақстан Республикасының
      Президентi