Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы.

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Осы Жарлықтың 2, 13, 19, 28, 52, 54, 58, 72-баптарына өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.12.05 № 2672 Жарлығымен, Тақырыбына өзгерту енгізілді, кіріспе алынып тасталды - 2001.03.02 № 162, мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - XIII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 13" деген цифрлармен ауыстырылды - 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), Бүкіл мәтiн бойынша "(мүдденiң)", "(мүдде)", "(мүдденi)" деген сөздер алып тасталды - 2005.07.08 № 69 Заңымен.

1 Тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

      Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.

      Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.

      Ескерту. 1-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.12.05. № 2672 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1997.07.11. № 154 Заңымен, 2003.07.10 N 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнің мәртебесі және қызметiнiң құқықтық негiзi

      Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, валюталық реттеуді және бақылауды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін және мемлекеттік статистиканы жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есептiлiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.

      Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi:

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;

      Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының бекiтуі;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiтуi;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекiтуi;

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өз құзыретiндегi мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.12.05 N 2672 заң күші бар Жарлығымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.06.29 N 236, 2001.03.02 N 162, 2005.07.08 N 69, 2009.04.29 N 154-IV; 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде және оларды орындау мақсатында өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша барлық қаржы ұйымдарының, қаржы қызметін тұтынушылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      5-бап. Алынып тасталды - ҚР 1997.07.11 N 154 Заңымен.

6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi – заңды тұлға

      Қазақстан Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен, ведомстволарымен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылымды құрайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, ұйымдардың қызметіне, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкiнің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдардың қызметіне қатысады.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты Алматы қаласында орналасқан. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2 Тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты, мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi

      Ескерту. II тарауға өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

      1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

      2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

      3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;

      4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      5) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, сондай-ақ өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;

      6) қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

      7) ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi

      Қазақстан Ұлттық Банкі:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргiзедi;

      2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмиссиялайды;

      3) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитентi болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастырады;

      4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5) қаржы ұйымдары мен олардың филиалдарының үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      6) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерi мен аударымдарын реттеу мақсатында, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсімі бойынша белгiлейді;

      8) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

      9) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      10) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;

      11) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;

      12-1) меншік иелері қаржы ұйымдары, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар өзге де тұлғалар болып табылатын, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады;

      12-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;

      13) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;

      14) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда қарыздар береді;

      15) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;

      16) статистикалық әдістемені әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен оларды ұсыну тәртібін айқындайды;

      17) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;

      18) қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      19) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      19) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өзге тұлғаларды реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      20) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялайды;

      21) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда банк операцияларын жүргізу қағидаларын бекітеді;

      21-1) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;

      22) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      22-1) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде исламдық қаржы құралдарының және исламдық көрсетілетін қаржы қызметтерінің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асырады;

      23) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      24) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      24) қаржы ұйымдарының (банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      25) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетедi;

      26) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;

      27) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

      28) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;

      29) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;

      30) Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

      31) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми баспа басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;

      32) Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметімен немесе заңды тұлғалармен жасасатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;

      32-1) Қазақстанның Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

      32-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодианның функцияларын жүзеге асырады;

      33) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      34) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      34) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      35) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен

      35) қаржы ұйымдары мен өзге де ұйымдар өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;

      35-1) қаржы ұйымдарына және (немесе) өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және олардың қызметін реттейді;

      36) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

      37) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, жояды және оларды пайдалануды айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;

      37-1) алып тасталды - ҚР 13.03.2017 № 53-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      38) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;

      38-1) кредиттік тарихтардың дерекқорында қамтылған ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектілері туралы ақпарат береді;

      39) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.03.2017 № 53-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

3 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері

9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан өз балансындағы өзіне бекітіліп берілген мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен дербес жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1998.06.29 N 236, 1999.07.16 N 436, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08 N 69, 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және провизиялары (резервтерi)

      Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы кемінде жарғылық капитал мөлшерінде қалыптастырылады, бөлiнбеген таза табыс есебiнен толықтырылады және тек қана Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен жүргiзiлетін операциялар бойынша ысырапқа өтемақы төлеуге және залалдарды өтеуге арналады. Алтын-валюта резервтерiн және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен кірісті есепке алуға арналған. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.

      Кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі залалдарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі бойынша өзге де талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастырылады.

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кiрiсi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Алтын-валюта резервтерін және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоттарына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жұмсалады.

      Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi мерзiмiн бiр қаржы жылына ұзарта отырып мемлекеттiк бюджетке аударылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      11-баптың төртінші бөлігінің қолданысы 01.01.2023 дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде мына редакция қолданылады - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ Заңдарымен.

      Егер резервтік капиталдың мөлшері жарғылық капитал сомасынан аз болса, онда бөлінбеген бүкіл таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің билік етуінде қалады және резервтік капитал жарғылық капиталдың мөлшеріне жеткенге дейін оны толықтыруға бағытталады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1999.07.16. N 436, 2001.03.02. N 162, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08. N 69, 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары.
Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыреті

12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары

      Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымына департаменттерден және басқа да бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер, ведомстволар мен ұйымдар кiредi.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1999.07.16. N 436, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламент Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды.

      Төраға Қазақстан Ұлттық Банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен , 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 , 2009.04.29. N 154-IV Заңдарымен.

14-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары

      Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды.

      Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.

15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi

      Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы Басқарма болып табылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      екінші бөлікте 1), 10), 11), 12), 23), 26), 27), 40), 44), 49), 50), 54), 62), 63), 65), 66), 68), 69), 77), 85) тармақшалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:

      1) банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;

      2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарға ресми бағамын белгілеу қағидаларын;

      3) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын;

      4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын;

      5) Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларын;

      6) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын;

      7) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын;

      8) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларын;

      9) қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алып қою қағидаларын;

      10) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын;

      11) тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсу бойынша банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;

      12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды;

      13) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын;

      14) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;

      15) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;

      16) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;

      17) банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;

      18) операторы Қазақстанның Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларын;

      19) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;

      20) төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;

      21) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      22) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      23) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      24) Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын;

      25) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтерімен операциялар жүргізуі қағидаларын;

      26) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң вексельдерді есепке алуы қағидаларын;

      27) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын;

      28) төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды;

      29) Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;

      30) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      31) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын;

      32) Қазақстан Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын;

      33) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік қызметінің қағидаларын;

      34) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер үшін шетел валютасын айырбастау және қайта айырбастау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын;

      35) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      36) Қазақстан Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі қағидаларын;

      37) Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізуі қағидаларын;

      38) Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын;

      39) Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын;

      40) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      41) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      42) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;

      43) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;

      44) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;

      45) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      46) алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      47) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын;

      48) Қазақстанның Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды;

      49) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

      50) банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;

      51) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін;

      52) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды;

      52-1) төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын;

      52-2) жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын;

      52-3) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;

      52-4) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын;

      52-5) көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын;

      52-6) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын;

      52-7) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын;

      52-8) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін;

      52-9) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді;

      53) қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын;

      54) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      55) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді;

      56) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді;

      57) алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      57-1) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын;

      58) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын;

      59) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;

      59-1) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын;

      60) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын;

      61) шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын;

      62) банктердің металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы қағидаларын;

      63) барлық қаржы ұйымдары, микроқаржы ұйымдары, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының типтік жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;

      64) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды;

      65) қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсынуы қағидаларын бекітеді, оларда нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі айқындалады;

      65-1) коллекторлық агенттіктің есептілікті ұсыну мерзімдерін, тәртібін, сондай-ақ нысанын;

      66) акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi жариялауы қағидаларын бекітеді, оларда жариялануға жататын қаржылық есептiлiктiң тiзбесiн және жариялау мерзімдерін қоса алғанда, оны жариялау тәртібі айқындалады;

      67) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару бойынша операцияларды есепке алу жөніндегі есепке алу саясатын;

      68) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;

      68-1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру қағидаларын;

      69) валюталық реттеу, қаржы ұйымдарынан қаржы секторына шолуды қалыптастыру, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер мен ақша аударымдары, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын, кредиттік бюроларды, микроқаржы ұйымдарын және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты;

      69-1) ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидаларын;

      69-2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау тәртібін;

      70) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелері туралы есепті;

      71) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау немесе қайта айырбастау қағидаларын;

      72) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын;

      73) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын;

      74) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын;

      75) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстанның Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын;

      76) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу тәртібін;

      77) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы және Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;

      78) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды;

      79) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;

      80) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;

      81) бекітілуі туралы қаржы ұйымы Қазақстанның Ұлттық Банкін хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін;

      82) Қазақстан Ұлттық Банкінің регламентін;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      83) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      83) қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстанның Ұлттық Банкін хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін;

      84) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін;

      85) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды;

      86) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды;

      86-1) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдерін;

      86-2) қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын;

      86-3) банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын, оның қолданылу шарттарын;

      87) алып тасталды - ҚР 13.03.2017 № 53-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      88) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік-құқықтық актілерін бекітеді.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:

      1) мемлекеттік ақша-кредит саясатын мақұлдайды;

      2) қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін белгiлейдi;

      3) ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді;

      4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алып қою, оның ішінде басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алып қою, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны немесе нысаны өзгерген кезде, оларды ауыстыру туралы шешiмдер қабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлiнген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртiбiн белгiлейді;

      4-1) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны (нысаны) өзгерген кезде олардың қатар айналыста болу кезеңін белгілейді;

      5) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және дизайнын айқындайды;

      6) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, дайындау тиражын, қорытпасын, шығарылатын мерзiмдерi мен күнiн айқындайды;

      7) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейді;

      8) уәкілетті ұйымдар үшін жарғылық капиталды қалыптастыру мөлшерін және тәртібін белгілейді;

      9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді, олардың құрылымын қоса алғанда, басқарудың негізгі қағидаттарын айқындайды;

      10) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;

      11) Қазақстан Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалардың санаттарын айқындайды;

      12) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;

      13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;

      13-1) Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн бекiтеді;

      14) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) бекiтеді;

      15) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қарайды және бекітеді;

      16) Қазақстан Ұлттық Банкiнің, оның ведомстволары мен ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттарын және Қазақстан Ұлттық Банкi мен оның ведомстволарының қызметкерлерiн әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді;

      17) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару бойынша шешiмдерді жедел қабылдау өкiлеттiгiне кiретiн, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi лауазымды адамды (өкiлеттi өкiл) айқындайды;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      18) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18) қаржы және өзге де ұйымдар Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулi ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын санкцияларды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолдану тәртібін айқындайды;

      19) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды беру туралы мәселені қарайды;

      20) ұйымдарды құру, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу туралы шешімдер қабылдайды;

      21) осы Заңға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдайды;

      21-1) ерекше реттеу режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;

      21-2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекітеді;

      21-3) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты қарайды және мақұлдайды;

      22) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;

      23) аудиторлық тексерулердің орта мерзімді жоспарын және ішкі аудит бөлімшесінің жылдық есебін бекітеді;

      23-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу мен сақтау үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің шоттары ашылатын шетелдік кастодиандарды айқындайды;

      24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды және өкiлеттiктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.03.2017 № 53-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

16-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің бес лауазымды адамы, Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл кiредi.

      Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.

      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен, өзгеріс енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11. N 154, 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiстерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi.

      Басқарманың кезектен тыс мәжiлiстерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқарма мүшелерi Басқарма мәжiлiсiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ал ол болмаған кезде-оның мiндетiн атқарушы адам жүргiзедi.

      Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатынасқан жағдайда Басқарма шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.

      Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қайтара талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен .

18-бап. Қызметтен кету және босату

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, қызметiнен кетуге құқылы.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.

      Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, орнынан түсе алады.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.12.05 N 2672 заң күші бар Жарлығымен.

19-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi және оның өкiлеттiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.

      Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң және ведомстволарының басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекiтедi.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжiлiстерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.

      Осы Заңға сәйкес Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарауындағы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, бұған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы мен Төрағасының құзырына енетiн мәселелер ғана қосылмайды (немесе оның орынбасарларының).

      Директорлар кеңесi өз құзырына енетiн мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

      Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу мен жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары мен ұйымдары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi мен ведомстволары өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Заңмен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актiлерiне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың, қызметін реттеу және құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөнiндегi өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттiк орган болып табылады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлді - ҚР Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1997.07.11 N 154, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-1-тарау. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ВЕДОМСТВОЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

      Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері лауазымдарының құрамы және олардың еңбегін реттеу

      Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында қызмет атқарып жүрген, еңбекақысы Қазақстан Ұлттық Банкі бюджетінің қаражатынан (шығыстар сметасынан) төленетін, мемлекеттік әкімшілік және азаматтық қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері болып табылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері лауазымдарының құрамына:

      1) мемлекеттік саяси қызметшілердің;

      2) Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметшілерінің;

      3) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының техникалық қызметшілерінің лауазымдары кіреді.

      Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын, мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері болып табылады.

      Лауазымдық өкілеттіктер деп қызметшілердің Қазақстан Ұлттық Банкіндегі және оның ведомстволарындағы нақты мемлекеттік лауазымымен көзделген, Қазақстан Ұлттық Банкінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге сай келетін құқықтар мен міндеттер түсініледі.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша еңбек міндеттерін орындайтын, азаматтық қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының техникалық қызметшілері болып табылады.

      Техникалық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді.

      Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегі осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ерекшеліктермен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.

      Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы бекітетін Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі негізінде белгіленеді.

      Ескерту. 20-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін қызметке тағайындау шарттары

      Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында тиісті лауазымға орналасу үшін қажетті білімі, кәсіби даярлығының деңгейі болуға тиіс.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына:

      1) заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;

      2) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына тағайындалар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;

      3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;

      5) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасатын уақытта заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталу нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамды тағайындауға болмайды.

      Ескерту. 20-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату

      Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер:

      1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген;

      2) Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында олардың болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толу;

      3) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталу нысанасына арнайы тексерудiң терiс нәтижелерi;

      4) кірістері мен мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi ұсыну;

      5) осы Заңда және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттер мен шектеулерді сақтамау;

      6) инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға бермеу;

      7) Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына жұмысқа кiру кезiнде жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтерді ұсыну;

      8) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

      9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 20-3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.11.2015 № 411-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

20-4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері

      1. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясында және Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасының азаматтарына кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

      2) өз өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

      3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұйымдарға баруға;

      5) басшыдан Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің атқаратын лауазымына сәйкес лауазымдық өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл айқындауды талап етуге;

      6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылардың, өзге де жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың өзiне әдiл әрі құрметпен қарауына;

      7) Қазақстан Ұлттық Банкi бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға;

      8) өздерiнiң лауазымдық өкілеттіктеріне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған кезде жеке түсiнiктемелер беруге;

      9) бiлiктiлiгi, қабілетi, өзiнiң лауазымдық өкілеттіктерін адал орындауы ескеріле отырып, лауазымы бойынша жоғарылауға;

      10) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

      11) педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.

      2. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының қызметшілері:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

      2) Қазақстан Ұлттық Банкі айқындаған тәртiппен ант беруге;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;

      4) өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға;

      5) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiктерi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде алатын, жеке тұлғалардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан осындай ақпарат берудi талап етпеуге;

      7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

      8) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың немесе құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;

      9) лауазымдық өкілеттіктерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық кіші жүйелермен жұмыс істеген кезде (оларға қолжетімділік болғанда) алынған ақпаратты қоса алғанда, өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде кез келген жеткізгіш түрінде, қабылдау үшін кез келген қолжетімді нысанда алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, сақтандыру, зейнетақы жинақтары құпиясын және өзге де ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;

      11) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының қызметшісі лауазымына орналасқан күннен бастап бір ай мерзімде инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруге және сенімгерлікпен басқару жөніндегі шарттың нотариат куәландырған көшірмесін Қазақстан Ұлттық Банкінің кадр қызметіне табыс етуге міндетті.

      3. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигацияларын, акцияларын сатып алуға құқылы емес.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, банктің ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның ірі қатысушыларының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлердің, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілері бар тұлғалардың, кәсіби ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйелеріне қатысушылардың, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жай туралы, оның ішінде:

      1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;

      2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;

      3) тексерілетін субъектілерден алған қарыздары және тексерілетін субъектілер алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелері туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.

      Ескерту. 20-4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-5-бап. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің жауапкершілігі

      1. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері өздерiне жүктелген мiндеттер мен еңбек тәртібін орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

      2. Алып тасталды - ҚР 18.11.2015 № 411-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Тәртiптiк жазаны:

      1) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшісін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар лауазымды адам қолданады;

      2) нақ сол терiс қылық үшiн қайтадан қолдануға болмайды;

      3) Қазақстан Ұлттық Банкінің актiсiнде айқындалатын тәртiппен қолданылады.

      4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының тәртiптiк терiс қылыққа жол берген қызметшілерін оларды қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар лауазымды адам белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.

      5. Алып тасталды - ҚР 18.11.2015 № 411-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Алып тасталды - ҚР 18.11.2015 № 411-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      7. Алып тасталды - ҚР 18.11.2015 № 411-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      8. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оларға қызметтік тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.

      9. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының жауапқа тартылған қызметшілері мен техникалық қызметшілері Қазақстан Ұлттық Банкінің iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне сотқа шағым жасай алады.

      10. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздерде және тәртiппен тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауаптылықта болады.

      11. Қазақстанның Ұлттық Банкі бұрынғы жұмыскерлері мен Басқарма мүшелерiн қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің, Басқарма мүшелерi мен өзі тартқан тұлғалардың Қазақстанның Ұлттық Банкіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатындағы, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері және тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін атқаруы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 20-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы

21-бап. Өзара iс-қимылдың негiзгi принциптерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде берiлген өкiлеттiк шегiнде өз қызметiн ешкiмге тәуелсiз атқарады. Өкiлдi және атқарушы өкiмет органдарының Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары мен ұйымдарының заңда бекiтiлген өкiлеттiгiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқы жоқ.

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгiзiлдi – ҚР Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1997.07.11. N 154, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкi

      Қазақстан Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттiк маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi Үкiмет мәжiлiстерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.

      Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

      Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі жүйелі қаржы дағдарысы туындауын болдырмау және оның салдарын азайту мақсатында қаржы тұрақтылығы үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау, келісілген шешімдер кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру жолымен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгiзiлдi - ҚР 2005.07.08. N 69, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы кеңесшiсi және агенті

      Қазақстан Ұлттық Банкi банк, қаржы кеңесшiсi және мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың агентi ретiнде iс-әрекет жасай алады.

      Ескерту. 23, 24, 25, 26, 27, 28-баптар жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
     

24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Банкi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.

      Қазақстан Республикасының Үкiметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 200 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .
     

25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржы кеңесшiсi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыз алу саясатын жасау және iске асыру, мемлекеттiң ақша-кредит саясатымен байланысты мәселелер жөнiнде бюджет саясатын қалыптастыру кезiнде қаржы кеңесшiсi ретiнде қызмет етедi.

26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi

      Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында келiсiлген шарттарда Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде iс-қимыл жасайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiметпен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде оған мемлекеттiк заемына қызмет көрсетедi.

27-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы.

      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның мемлекеттiк бағалы қағаздары бастапқы рынокта орналастырылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ.

      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келiседi.

      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi – ҚР 2003.07.10 N 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Мемлекеттiк бағалы қағаздар айналысын реттеу

      Қазақстан Ұлттық Банкi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.

      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

6 Тарау. Ақша-кредит саясаты

29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

      Ақша-кредит саясаты:

      қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;

      ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;

      ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн;

      ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , өзгерту енгiзiлдi - 2005.07.08. N 69 Заңымен .

30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi

      Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:

      1) тұрақты қолжетімді қарыздар беру;

      2) депозиттер қабылдау;

      3) валюталық интервенциялар;

      4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;

      5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;

      6) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.

      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11. N 154 Заңымен, жаңа редакцияда - 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

31-бап. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы

      Ескерту. 31-бап алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     

32-бап. Резервтiк талаптар

      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді.

      Қазақстан Ұлттық Банкi банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтiк талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтiк талаптарды есептеу, ең төмен резервтiк талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтiк талаптар нормативтерін резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді.

      Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi.

      Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады.

      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08. N 69; өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату

      Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.

      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .
     

34-бап. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері

      Қазақстан Ұлттық Банкi ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілейді.

      Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы мөлшерлемелеріне әсер ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан ақша-кредит саясатының шеңберінде белгілейді.

      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

35-бап. Тұрақты қолжетімді қарыздар

      Қазақстанның Ұлттық Банкi тұрақты қолжетімді қарыздарды ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес, тек қана өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және өзге де тәуекелі төмен активтермен қамтамасыз ете отырып, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге береді.

      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

36-бап. Валюталық интервенциялар

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.

      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .
     

36-1-бап. Депозиттер

      Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.

      Ескерту. 36-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .
     

36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары – Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын, олар бойынша міндеттемелерді Қазақстан Ұлттық Банкi көтеретін мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар.

      Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 36-2-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

36-3-бап. Коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу

      Ескерту. 36-3-бап алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     

37-бап. Банк операциялары бойынша сандық шектеулер

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және мәмiлелерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, кредит берудi тiкелей шектеу, сыйақы ставкаларын тұмшалау, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу ұғынылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық процестердi жанама ақша-кредиттiк реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер қолдануға құқылы.

      Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11. N 154 Заңымен.

7 Тарау. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi

38-бап. Ақша бiрлiгi

      Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi болып табылады. Қазақстан теңгесi 100 тиыннан тұрады.

      Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады.

      Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.

39-бап. Төлем құралы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң заң актiлерiнде, нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады.

      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
     

40-бап. Банкноттар мен монеталарды шығару

      Банкноттар мен монеталар шығаруды, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы айналысқа шығаруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен.
     

41-бап. Ақша бiрлiгiнiң қамтамасыз етiлуi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта резервтерінің мөлшері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап тұрады.

      Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11. N 154, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару және олардың сипаттамасы

      Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi.

      Монеталар мынадай түрлерге бөлiнедi:

      инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан жасалған монеталар;

      коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан, сол сияқты бағалы емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;

      айналыстағы монеталар - бағалы емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталары ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. Банкноттар мен монеталардың бейнесі және сипаты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11. N 154, 2005.07.08. N 69, 2012.01.06 № 530-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

43-бап. Банкноттар мен тиындардың қабылдауға қойылатын талаптар

      РҚАО-ның ескертпесі!
      43-баптың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгiзу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, оларды барлық банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусiз ұсатады және айырбастайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнен басқа ешкiм Қазақстан Ұлттық Банкi шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.

      Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1999.07.16. N 436 Заңымен; 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сатуы және сатып алуы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 43-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен.
     

44-бап. Ақша бiрлiгiн айырбастау құқығы

      Ақша бiрлiгiн айырбастауға Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы ақша бiрлiгiнiң қолданылу тәртiбiн, мерзiмiн және шарттарын белгiлейдi.

      Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен.
     

45-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан алып қою

      Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару туралы шешімді, оларды ауыстыру және айналыстан алып қою тәртібін Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     

46-бап. Тозған, күмәнді банкноттар және ақаулы (бүлiнген), күмәнді монеталар

      РҚАО-ның ескертпесі!
      46-баптың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Тозған, Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген банкноттар көлемінің кемінде жетпіс пайызы сақталған банкноттарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шектеусіз айырбастайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      46-баптың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Елу пайызынан астамы сақталған күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес қабылдайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкі күмәнді банкноттарды және күмәнді монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісінде көзделген тәртіппен айырбастайды.

      Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.

      Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     

47-бап. Жалған банкноттар мен монеталарды жасағаны, сақтағаны және өткізгені үшiн жауаптылық

      Жалған банкноттар мен монеталарды өткізу мақсатында жасауға, сақтауға, жалған банкноттар мен монеталарды өткізуге, сондай-ақ қолма-қол ақшаның санкциясыз эмиссиясын жүзеге асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     

47-1-бап. Кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

      Ескерту. 47-1-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

8 Тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру

      РҚАО-ның ескертпесі!
      48-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     

48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдерді және (немесе)ақша аударымдарын, төлем жүйелерiн және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілеттiктерi

      Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, төлем жүйелерiн және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын ұйымдастырудағы және реттеудегi, көрсетілетін төлем қызметтері нарығына мемлекеттік бақылауды және төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асырудағы өкілеттiктерi "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     

48-1-бап. (алынып тасталды - ҚР 2005.07.08 N 69 Заңымен)

49-бап. Шоттар

      Қазақстан Ұлттық Банкi банк шоттарының түрлерін, құқықтық режимін және құрылымын, шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi .

      Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
     

50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi

      Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленедi.

      Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен.
     

51-бап. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. № 154 Заңымен) 8-1-тарау. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ЖӘРДЕМДЕСУ

      Ескерту. Заң 8-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     

51-1-бап. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру

      Қазақстан Ұлттық Банкi дербес және (немесе) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шеңберінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.

      Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында:

      1) қаржы жүйесінің тұрақтылығына ықпал ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға ұдайы мониторинг жүргізеді;

      2) қаржы жүйесін макропруденциалдық реттеуді жүзеге асырады;

      3) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды береді;

      4) 31.12.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен.

      5) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде жұмыс істемейтін қарыздар үлесін азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктерде, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттерді орналастырады;

      6) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерде, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттерді орналастырады;

      7) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде екінші деңгейдегі банктермен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, оның ішінде өзінің еншілес ұйымдары арқылы туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізеді;

      8) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдауды жүргізеді.

      Ескерту. 51-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

51-2-бап. Макропруденциалдық реттеу

      Макропруденциалдық реттеу деп қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін реттеуге бағытталған әкімшілік, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар кешені түсініледі.

      Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдері деп бүкіл қаржы жүйесінің немесе оның бір бөлігінің қаржылық жай-күйінің нашарлауына алып келетін және (немесе) оның тұрақты жұмыс істеуіне нұқсан келтіретін қаржылық көрсетілетін қызметтердің ұсынылуын бұзу тәуекелдері түсініледі. Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне жүйе құраушы қаржы ұйымдарының тәуекелдері де жатады.

      Жүйе құраушы қаржы ұйымдары деп тұрақты жұмыс істеуіне тұтастай алғанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы байланысты болатын қаржы ұйымдары түсініледі.

      Қазақстан Ұлттық Банкi макропруденциалдық реттеуді жүзеге асыру мақсатында:

      1) тұрақты негізде қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді;

      2) қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды;

      2-1) жүйе құраушы қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады;

      3) қаржы жүйесі жүйелік тәуекелдерінің деңгейін төмендету және олардың басталуының алдын алу үшін пруденциалдық нормативтерді және (немесе) жүйе құраушы қаржы ұйымдары үшін сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы;

      4) жүйелі қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда, дербес немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеу енгізеді.

      Ескерту. 51-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

51-3-бап. Соңғы сатыдағы қарыздар

      1. Соңғы сатыдағы қарыздар деп өтімділіктің қысқа мерзімді тапшылығын бастан кешіріп отырған банктерге Қазақстанның Ұлттық Банкі беретін қарыздар түсініледі.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде мынадай жағдайларда ғана әрекет етеді:

      1) өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына немесе төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылмаған Қазақстан Республикасының резидент-банкі қарыз алушы болып табылады;

      2) қарыз тізбесін және оларға белгіленетін дисконттарды Қазақстанның Ұлттық Банкі айқындайтын активтердің кепілімен беріледі.

      Дисконтты есепке алғанда, кепілге берілетін активтердің құны қарыз бойынша сыйақыны есепке алғанда, оның мөлшерін толық көлемде жабуға тиіс.

      3) қарыз ұлттық валютада беріледі;

      4) қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілеген қосымша пайыздық сыйақы есепке алына отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіленеді;

      5) қарыз мерзімін үш реттен асырмай ұзарту мүмкіндігі беріле отырып, күнтізбелік он төрт күннен тоқсан күнге дейінгі мерзімге беріледі. Барлық ұзарту мерзімдерін есептегенде қарызды пайдаланудың жалпы мерзімі бір жылдан аса алмайды. Соңғы сатыдағы қарыздың мерзімін ұзарту осы бапта көрсетілген шарттарда жүзеге асырылады.

      2. Қазақстанның Ұлттық Банкі жүйе құраушы инфрақұрылымдық қаржы ұйымдарына соңғы сатыдағы қарыздарды беруге құқылы.

      3. Банк соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі кепілге салынған активтерді соттан тыс тәртіппен өткізуге құқылы.

      Банк кепілге салынған активтерді Қазақстанның Ұлттық Банкіне немесе Қазақстанның Ұлттық Банк көрсеткен үшінші тұлғаға өткізуді жүзеге асыра алады.

      Соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерге құқықты (талап етуді) басқаға беру:

      1) банк акционерлерінің, борышкерлерінің, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың (кепіл берушілерді, кепілдерді, кепілгерлерді қоса алғанда) келісуін талап етпейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін айтарлықтай маңызы жоқ деп танылады;

      2) банк банктің борышкерлерімен, сондай-ақ өзге тұлғалармен (кепіл берушілерді, кепілдерді, кепілгерлерді қоса алғанда) жасасқан шарттарға шарттың жаңа тарапын көрсету бөлігінде өзгерістер енгізуді талап етпейді.

      4. Соңғы сатыдағы қарыздарды беру және өтеу, сондай-ақ соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерге өндіріп алуды қолдану тәртібін, шарттарын Қазақстанның Ұлттық Банкі айқындайды.

      Ескерту. Заң 51-3-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-2-тарау. Ерекше реттеу режимі

      Ескерту. 8-2-тараумен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

51-4-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары

      1. Ерекше реттеу режимі Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілейтін қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.

      2. Ерекше реттеу режимі мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестікті және қаржы нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыруға;

      2) қанағаттану дәрежесін арттыру және тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келу үшін жаңа көрсетілетін қызметтерді енгізуге және қаржы нарығын дамытуға;

      3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын оңтайлы реттеу мен қадағалауды қалыптастыруға, қаржылық тұрақтылықты және тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

      3. Ерекше реттеу режимінің қағидаттары:

      1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;

      2) ерекше реттеу режимі қатысушыларының тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтауы болып табылады.

      4. Ерекше реттеу режимі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда қаржы саласындағы қызметтің, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметтің түрлері (көрсетілетін қызметтер, өнімдер), оларды ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырудың арнайы шарттары, ерекше реттеу режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолдану тәртібі мен шарттары көрсетіледі.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі енгізетін ерекше реттеу режимінің жалпы мерзімі бес жылдан аспайды.

      5. Ерекше реттеу режимі енгізілген мерзім өткеннен кейін ол өз қолданысын тоқтатады.

      6. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

51-5-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру

      1. Қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымдары және (немесе) өзге де заңды тұлғалар ерекше реттеу режимінің қатысушылары (бұдан әрі – ерекше реттеу режимінің қатысушылары) бола алады.

      2. Ерекше реттеу режимі қатысушысының қызметі Қазақстанның Ұлттық Банкімен жасалатын, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      Ерекше реттеу режимінің шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты Қазақстанның Ұлттық Банкі бекітеді.

      Үлгілік шартта ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратыны туралы хабардар етуі міндетті болатын шарт қамтылуға тиіс.

      3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасауға арналған құжаттарды іріктеу өлшемшарттары және қарау тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

      4. Мәлімделген қызмет түрі – ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттарына, ерекше реттеу режимінің қатысушыларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысына ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.

      5. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы:

      1) ерекше реттеу режимі енгізілген мерзімнің өтуіне не оның күшінің жойылуына байланысты оның қолданысы тоқтатылған кезде;

      2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған кезде;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

      6. Ерекше реттеу режимінің қатысушысы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, сондай-ақ, егер ерекше реттеу режимінің қатысушысы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келуді тоқтатқан жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелердің орындалмағаны және бұзушылықтарды хабарлама берілген күннен бастап алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.

      Ерекше реттеу режимінің қатысушысы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әзірлейді және Қазақстанның Ұлттық Банкіне ұсынады. Іс-шаралар жоспарында жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы оны іске асыруға кіріседі және іс-шараларды орындау туралы есепті Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде Қазақстанның Ұлттық Банкіне ұсынады.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы Қазақстан Ұлттық Банкінің ескертулерін жояды.

      Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған және (немесе) ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілген ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзатыны туралы хабардар етеді.

      7. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін қаржы ұйымы және (немесе) өзге де заңды тұлға ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын немесе өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті дереу тоқтатуға, сондай-ақ өзінің клиенттері алдындағы міндеттемелерін Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға міндетті.

      8. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын немесе өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

9 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары

      РҚАО-ның ескертпесі!
      52-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiндегi банк шоттарының иелерi

      Қазақстанның Ұлттық Банкі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.

      Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда – ҚР 1999.07.16. N 436; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi

      Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:

      1) қарыздар алуға құқығы бар ұйымдарға Қазақстан Ұлттық Банкiнің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен осындай қарыздарды береді;

      2) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

      4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

      5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

      6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

      8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;

      9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 52-1-баппен толықтырылды – ҚР 1999.07.16. N 436 Заңымен, өзгерту енгізілді – 10.07.2003 N 483 Заңымен (01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

53-бап. (алып тасталды – ҚР 2003.07.10 N 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен)

54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары бойынша шектеулер

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң:

      - осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;

      - қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға;

      - қамтамасыз етілмеген қарыздар, сондай-ақ бір жылдан асатын мерзімге қарыздар беруге;

      - Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, берілген қарыздардың мерзімін ұзартуға немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беруге құқығы жоқ.

      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн.

      Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгiзiлдi – ҚР Президентінің 1996.01.27. N 2830 заң күші бар Жарлығымен, 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен; 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар

      Ескерту. 10-тараудың атауы өзгертiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154 Заңымен.
     

55-бап. Алынып тасталды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

56-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары

      Қазақстанның Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау органы ретінде:

      1) Қазақстан Республикасындағы валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін айқындайды;

      2) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      3) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

      4) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды және оны жүзеге асыруға арналған лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды береді;

      5) айырбастау пункттерін ашу және уәкілетті банктердің және (немесе) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу бағамдарының сату бағамдарынан ауытқу шектерін белгілеу тәртібін қоса алғанда, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру тәртібін айқындайды;

      6) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарды есептік тіркеу, жүргізілген валюталық операциялар туралы және Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі шоттары туралы хабардар ету және валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат ұсыну тәртібін қоса алғанда, валюталық операцияларды мониторингтеу және валюталық операциялар мен Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі шоттары бойынша ақпарат ұсыну тәртібін айқындайды;

      7) Қазақстан Республикасы резиденттерінің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      8) арнайы валюталық режим шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсаттар береді;

      9) мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы резиденттерінің және Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің орындауы үшін міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің тәртібі мен нысанын, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

      10) банктер мен өзге де тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайларда, Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды қолданады.

      Қазақстанның Ұлттық Банкi осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында өзге де функцияларды орындауға құқылы.

      Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

57-бап. Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен жасалатын операциялар

      Қазақстан Ұлттық Банкi шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен мынадай операцияларды жүргізеді:

      шетел валютасын сатып алады және сатады;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел валютасында, шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген бағалы қағаздармен операцияларды жүргізеді;

      Қазақстан Республикасының банктерінде, өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетелдік орталық банктерде, шетел банктерінде және басқа қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

      өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетелдік орталық банк, шетел банктері және басқа қаржы институттары, шет елдердің үкіметтері мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шоттарды ашады және жүргiзеді, олардың өкiлі немесе корреспонденті ретiнде iс-әрекет жасайды;

      тазартылған алтынды, басқа да бағалы металдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асырады;

      ішкі және сыртқы нарықтарда тазартылған алтынды және басқа да бағалы металдарды сатып алу, сату, сақтауға орналастыру және депозитке салу жөнiндегі, оның ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу жөніндегі операцияларды жүргiзеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына шетел валютасындағы активтер мен бағалы металдарды әкеледі, сондай-ақ оларды шетел банктеріндегі және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге әкетеді;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы оларға қойылатын талаптарды айқындайтын бағалы қағаздармен операцияларды жүргізеді;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ең төменгі деңгейін айқындайтын кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестермен ақша нарығының құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

      клиенттердің металл шоттарын ашады және жүргізеді;

      Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асырады.

      Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық операциялардың кез келген түрін шектеусіз жүзеге асырады.

      Осы Заңда көзделген мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді орындау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі активтерді салу тәуекелін ескере отырып және оларды басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес, шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді олардың ұзақ мерзімді болашақта сақталуын, өтімділігі мен кірістілігін қамтамасыз ете отырып басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

      Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

58-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері

      Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері (бұдан әрі – алтын-валюта резервтері) халықаралық капитал нарығында жоғары өтімділікке ие Қазақстан Ұлттық Банкі активтерінен Қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады және:

      тазартылған құйма алтынды және металл шоттарындағы алтынды;

      Халықаралық валюта қорындағы резервтік позицияны және Халықаралық валюта қорының арнайы қарыз беру құқығындағы активтерді;

      қолма-қол ақшаны, шетел банктерінде орналастырылған депозиттерді қоса алғанда, еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді және эмитенттері шетелдердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын бағалы қағаздарды;

      өтімділікке және шектеу талаптарынсыз пайдалану мүмкіндігіне ие, еркін айырбасталатын шетел валюталарында номинирленген басқа да сыртқы активтерді қамтиды.

      Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта резервтерін ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, алтын-валюта резервтерін кредиттер (қарыздар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместеріне кепiлдiктер немесе басқа да мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi.

      Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта резервтерінің құрылымын ұлғайтуды және өзгертуді:

      Қазақстан теңгесi мен шетел валютасына тазартылған алтынды сатып алу;

      Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый монеталарын қоса алғанда) және шетел валютасына Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінен еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді сатып алу;

      шетел валютасымен депозиттік, салымдық, дилингтік операциялардан және шетел валютасында номинирленген бағалы қағаздармен операциялардан, сондай-ақ оларға шетел валютасында берілген кредиттерден түсетiн еркін айырбасталатын шетел валютасындағы комиссиялық және басқа да сыйақы түсімдері;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің тазартылған алтында номинирленген бағалы қағаздарымен операциялардан түсетін түсiмдерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынды сатудан, депозитке салудан және онымен басқа да операциялар жүргізуінен түсетін алтын және еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің шетел валютасындағы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруынан түсетін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер;

      шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді алтын-валюта резервтеріне аудару;

      Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттерден түсетін түсімдер;

      осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететін қызметтерден түсетін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер жолымен жүргізеді.

      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта резервтерінің құрылымын азайтуды және өзгертуді:

      айырбастау бағамы саясатын қоса алғанда, ақша-кредит саясатын жүргiзу және iшкi валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті деңгейлестіру мақсатында еркін айырбасталатын валютаны сату;

      бюджет қаражаты және Қазақстан Ұлттық Банкiнің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен, Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық міндеттемелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сыртқы борышын өтеу және оған қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттемелерін, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;

      өнiм (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импортына ақы төлеу, шет елдегі дипломатиялық және өзге де өкiлдiктердi ұстау, iссапар және өкілдік шығыстарын төлеу;

      басқа шетел валютасын сатып алу үшін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді сату;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу;

      Қазақстан Ұлттық Банкі алған кредиттер бойынша негiзгi соманы және сыйақыны қайтару, сондай-ақ комиссиялық және соларға iлеспе басқа да шығыстарды төлеу;

      шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес алтын-валюта резервтерін шетел валютасындағы және бағалы металдардағы басқа активтерге аудару;

      тазартылған алтынды Қазақстан теңгесіне және шетел валютасына өткізу;

      шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқару мен сақтауға байланысты шығыстарды төлеу;

      шығынды алтын-валюта резервтерін есептен шығару жолымен жүргізеді.

      Алтын-валюта резервтерін ұлғайту немесе азайту алтын-валюта резервтеріне кіретін активтердің нарықтық құнының өзгеруі және Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған еркін айырбасталатын валютадағы банк шоттары иелерінің-резиденттердің операциялары нәтижесінде де жүргізіледі.

      Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

59-бап. Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығы

      Ескерту. 59-бап алып тасталды - ҚР 14.01.2016 № 445-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

60-бап. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты

      Ескерту. 60-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

11 Тарау. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 11-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау жөніндегі өкілеттіктері

      1. Қазақстанның Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау Қазақстан Ұлттық Банкінің өз құзыреті шегінде тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу және валюталық бақылау, төлемдер және төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық қызмет, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, акционерлік қоғамдар, инвестициялық қорлар туралы, мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарды сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін бұзушылықтарды анықтауын, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтауын көздейді.

      2. Бақылау нәтижелері бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.

      Қадағалау нәтижелері бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.

      3. Қазақстанның Ұлттық Банкі бақылау мен қадағалауды осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес тексеру жүргізу нысандарында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес Қазақстанның Ұлттық Банкі басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажет ақпаратпен алмасуға құқылы.

      Осы тармақта өзге де ұйымдар деп банктік сектор қызметін, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру нарығын реттеудің бірыңғай стандарттарын әзірлеу мақсатында құрылған басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі.

      Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (16.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеру түрлері

      1. Қазақстан Ұлттық Банкі дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып, тексерілетін субъектілердің қызметіне кешенді түрде не олардың қызметінің жекелеген мәселелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер, ішінара жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулер жүргізеді.

      2. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру – Қазақстан Ұлттық Банкі тексерілетін субъектіге барып жүзеге асыратын және Қазақстан Ұлттық Банкі тексерілетін субъектіге қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тағайындайтын тексеру.

      Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде субъектіні тексеруді Қазақстан Ұлттық Банкі жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырады.

      Тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін Қазақстан Ұлттық Банкі тексерілетін субъектілердің қызметіне байланысты тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, жартыжылдық негізде жасайды.

      Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының тиісті бұйрығының негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекітеді.

      3. Қазақстан Ұлттық Банкінің жоспардан тыс тексеруі тексерілетін субъектіге бара отырып, мынадай жағдайларда:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылатын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың сауалдарының келіп түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты;

      2) Қазақстан Ұлттық Банкі бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылғанын не қаржы ұйымының, банк конгломератының, сақтандыру тобының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың клиенттерінің мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда;

      3) Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде;

      4) алдыңғы тексеруде анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатында;

      5) банкті өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызған және (немесе) банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызған жағдайда, жүзеге асырылады.

      Жоспардан тыс тексеру бір мезгілде бірнеше субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін қамтуы мүмкін.

      4. Қазақстан Ұлттық Банкінің құжаттамалық тексеруі бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді талдау процесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу белгілері анықталған кезде не жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштері және Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеруді талап ететін өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты тексерілетін субъектіге бармастан құжаттар мен ақпаратқа сауал нысанында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      62-1-бап. Алынып тасталды - ҚР 2003.07.10 N 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

62-2-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі

      Ескерту. 62-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қазақстан Ұлттық Банкі тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді және жоспардан тыс тексеруді Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының басшылары не тиісті бұйрық негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекіткен тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді.

      Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру немесе жоспардан тыс тексеру тағайындалған жағдайларда, тексеруді тағайындау туралы актілер тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу журналында тіркеледі. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелері, аумақтық филиалдары тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеудің жеке журналдарын жүргізеді.

      Қазақстан Ұлттық Банкі тексеруді тағайындау туралы актіні тексеру басталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.

      Тексеруді тағайындау туралы актіде:

      1) актінің нөмірі мен күні;

      2) тексеруші қызметкерлердің, сондай-ақ тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың тегі, инициалдары және лауазымы;

      3) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;

      4) тексерудің түрі;

      5) тексеруге жататын мәселелер;

      6) тексеруді жүргізу мерзімі;

      7) тексерілетін кезең көрсетіледі.

      2. Тексерілетін субъектінің басшысына (оның орынбасарына) тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тапсырылған күн тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі. Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін оның түпнұсқасына тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны және онымен танысқаны туралы белгі қойылады.

      Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда тиісті акт жасалады, оған Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қояды. Тексерілетін субъектінің қызметкері тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан кезде, оған тиісті жазба жасалады. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды. Тексерілетін субъект тексеруші топтың сауалдарында көрсетілген мерзімдерде құжаттарды, ақпаратты беруден бас тартқан, белгіленген мерзімдерде тексеру жүргізудің мүмкін болмауына әкеп соққан, осы баптың шарттары орындалмаған жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уәкілеттік берілген лауазымды адаммен келісу бойынша тексеру басшысының шешімімен тексеру жүргізілмеді деп есептеледі.

      Тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тапсырылған кезде тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) оны алғаны туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесі тексеруді тағайындау туралы акт тапсырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдарына табыс етілуге тиіс.

      Тексеруді тағайындау туралы актінің көшірмесін тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тапсыру мүмкін болмаған жағдайда ол тексерілетін субъектінің және (немесе) оның басшысының (оның орынбасарының) тіркелген жері бойынша хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі. Хат кері қайтарылған және тексеруді тағайындау туралы актіні тексеру жүргізу үшін белгіленген мерзімдерде тапсыру мүмкін болмаған кезде, тексеру жүргізілмеді деп есептеледі. Бұл ретте, тексеру басшысы тексеруді тағайындау туралы актіні бекітуге уәкілеттік берілген лауазымды адамды бұл жөнінде жазбаша хабардар етеді.

      3. Тексерілетін субъект тексеру басталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей тексеру басшысының немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруші қызметкерінің атына:

      1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тексерудің аяқталуы туралы актімен, аралық актімен және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актімен танысуға және оған қол қоюға жауапты басшы және оны алмастыратын адам;

      2) тексерілетін субъектінің қажетті құжаттарды (мәліметтерді) дайындауға, оларды тексеруші қызметкерлерге уақтылы беруге және (немесе) тексеруші қызметкерлерден аралық актілерді алуға жауапты мамандары туралы деректері бар хатты ұсынады.

      4. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру көлемінің ауқымдылығына байланысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының басшылары не тиісті бұйрық негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекіткен тексеруді ұзарту туралы қосымша актінің негізінде отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана, ал өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына не төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкке қатысты отыз жұмыс күнінен асатын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      5. Тексерілетін субъект тексеруші қызметкерлерге өзінің әкімшілік ғимараттарына (оның ішінде мереке және демалыс күндері) кіруге рұқсат беруге, жұмыс істеу үшін ұйымдастыру техникасымен және қалааралық байланыспен жабдықталған жеке үй-жай ұсынуға, тексерілетін субъектінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде деректерді түзету мүмкіндігінсіз, нақты уақыт режимінде (деректерді қағаз жеткізгішке шығару мүмкіндігімен қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелерге және дерекқорларға қол жеткізуін қамтамасыз етуге, тексеруші қызметкерлерге қажетті құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде электрондық түрдегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға мүмкіндік беруге, сондай-ақ тексеруші қызметкерлердің сұрақтарына түсініктемелер (ауызша және жазбаша) беруді қамтамасыз етуге және тексеруші қызметкерлерге тексеруді уақтылы аяқтауға жәрдемдесуге міндетті.

      6. Тексеруші қызметкерлер тексерілетін субъектінің басшысына, тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшыға не тексерілетін субъектінің өзге де уәкілетті қызметкеріне көрсетілген мерзімде орындалуға жататын жазбаша сұрау салуды жібереді.

      Тексерілетін субъект тексеруші қызметкерлерден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген мерзімде тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде олардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

      7. Тексеруші қызметкер ауыстырылған (тексеруші топтың құрамы өзгертілген) кезде қосымша акт жасалады, онда тексеруді белгілеу туралы бұрын жасалған актінің нөмірі мен күні және тексеруші қызметкерді ауыстыру (тексеруші топтың құрамын өзгерту) негіздері көрсетіледі.

      8. Тексерілетін субъектіге тексерудің аяқталуы туралы акт тапсырылған күн тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерудің, жоспардан тыс тексерудің аяқталған күні деп есептеледі. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексерудің аяқталуы туралы актіге тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қояды және ол тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталуынан кешіктірмей тапсырылады.

      Ескерту. 62-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

62-3-бап. Құжаттамалық тексеруді жүргізу ерекшеліктері

      1. Құжаттамалық тексеру оны белгілеу туралы актіні ресімдеуді талап етпейді.

      2. Құжаттамалық тексеру кезінде қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында тексерілетін субъектінің атына уәкілетті лауазымды адам қол қойған сұрау салу жіберіледі, онда:

      1) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;

      2) құжаттамалық тексерудің негізі;

      3) тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына ұсынуға міндетті құжаттардың тізбесі;

      4) сұратылған материалдарды ұсыну мерзімі;

      5) қажет болғанда, тексерілетін субъект тарапынан түсіндіру талап етілетін мәліметтер көрсетіледі.

      3. Тексерілетін субъект, егер сұрау салуда өзгеше белгіленбесе, сұрау салуды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сұратылған құжаттар мен түсініктемелерді береді.

      4. Тексерілетін субъект тарапынан қол қою талап етілмейтін құжаттамалық тексерудің нәтижелері туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адам қол қойған күн құжаттамалық тексерудің аяқталуы болып табылады.

62-4-бап. Тексерулердің өзге де мәселелері

      1. Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруші қызметкерлері қажет болған кезде тексерілетін субъектіге танысу үшін ұсынылатын аралық актілерді жасайды.

      2. Тексерілетін субъект аралық актіні алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде басшы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қойған аралық актінің бір данасын қайтарады және аралық актінің мазмұнына ескертпелері болған жағдайда өзінің жазбаша қарсылықтарын тексеру басшысына ұсынады.

      Аралық актілерде жазылған қорытындылар алдын ала жасалған қорытындылар болып табылады және тексерілетін субъектіден, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған қарсылықтар мен қосымша ақпарат ескеріле отырып, тексеру нәтижелері туралы актіде қайта қаралуы мүмкін.

      3. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру аяқталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тексерілетін субъект басшысының атына Қазақстан Ұлттық Банкінің тексеруші қызметкерлері, тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелері туралы актінің екі данасы жіберіледі.

      Тексеру нәтижелері туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) актінің жасалған күні мен орны;

      2) тексеруді жүргізген органның атауы;

      3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

      4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, инициалдары және лауазымы;

      5) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), тексерілетін субъект басшысының не оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);

      6) тексеруді жүргізу орны және кезеңі;

      7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;

      8) тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысының не осы баптың 7-тармағында аталған өзге де адамның тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны туралы мәліметтер;

      9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.

      Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелерімен байланысты қажетті құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.

      4. Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде) көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей оны Қазақстан Ұлттық Банкіне жібереді. Тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексеру нәтижелерін атқарушы органға және тексерілетін субъектінің басқа да басқару органдарының назарына жеткізеді.

      5. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтар болған кезде тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Ұлттық Банкіне жазбаша түрде ұсынады.

      6. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған, тексерілетін субъектіні тексеру нәтижелері, қажет болған кезде, тексерілетін субъектінің басшылары шақырыла отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының (оның орынбасарларының), Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлімшелері басшыларының, тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың төрағалық етуімен өтетін кеңесте қаралады.

      Кеңес нәтижелері кеңес төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысына танысу үшін жіберіледі. Қарсылықтары болған жағдайда, тексерілетін субъект кеңес хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Ұлттық Банкіне жазбаша түрде ұсынады.

      Қазақстан Ұлттық Банкі тексерілетін субъектінің кеңес хаттамасына қарсылықтарымен келіспеген кезде, түпкілікті шешімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не оның орынбасары қабылдайды және бұл тексерілетін субъект басшысының назарына жеткізіледі.

      7. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан басшы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қояды.

      Тексерілетін субъектінің басшысы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы болмаған кезде тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан оның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) не тексерілетін субъектінің атынан, оның ішінде тиісті бұйрық және (немесе) сенімхат негізінде әрекет ететін өзге қызметкер қол қояды.

      8. Осы баптың 7-тармағында аталған адамдар болмаған және оларға тексеру нәтижелері туралы актіні қол қою үшін тапсыру мүмкін болмаған жағдайларда, тексеруші адамдар тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап тексеру нәтижелері туралы акт ресімделді деп есептеледі.

      9. Тексеру нәтижелері Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларын орындауы мақсатында ғана пайдаланылуға тиіс.

      10. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні тексерілетін субъект жарнамалық немесе өзге де мақсаттарда өзінің қаржылық дәрменділігін растау үшін пайдалана алмайды, сондай-ақ бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

      11. Тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне табыс еткен қаржылық және өзге де есептіліктің құжаттамалық деректері тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде келтірілген мәліметтерден алшақ болған кезде, тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкінің нұсқауы бойынша өзінің есептілігін тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген нақты деректерге, оның ішінде өткен есепті күндерге сәйкес келтіреді.

      12. Тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мерзімде жоспарланған шаралар, жауапты орындаушылар және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуге ұсынады.

      Іс-шаралар жоспарын Қазақстан Ұлттық Банкімен келіскеннен кейін тексерілетін субъект бұзушылықтар мен кемшіліктердің жойылғаны туралы есептерді не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалмау себептері туралы түсіндірулерін ұсынады.

      13. Тексерілетін субъектінің осы Заңның 62-2-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде, 3, 5 және 6-тармақтарында, 62-3-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы баптың 2, 4 және 12-тармақтарында көрсетілген талаптарды бұзуы тексерілетін субъектіге не оның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолдануға негіз болып табылады.

      14. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

      15. Тексеруді жүзеге асыратын адамдар тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      Ескерту. 62-4-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

62-5-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары

      Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес берілетін ақпарат пен есептілікті талдау;

      2) қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалау, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат беру құжаттарын келісу, беру және қайтарып алу, келісулер, лицензиялау, бағалы қағаздардың шығарылымдарын тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есептерді бекіту, бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мәселелері бойынша құжаттарды, үлестес тұлғалар туралы ақпаратты қарау;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-1) қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстанның Ұлттық Банкін хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін реттейтін нормативтік құқықтық актіде және "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қарауды;

      4) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап тексеру;

      5) кредиттік тарих жүйесіне және сақтандыру бойынша дерекқорына қатысушылардың қауіпсіздік жүйесін және үй-жайларына, электрондық және өзге жабдықтарына қойылатын талаптарды орындауын тексеріп қарау;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен қаржы ұйымдарына өз өкілін жіберу;

      7) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерін Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау тұрғысында мониторингтеу;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      9) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      9) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары беретін есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;

      10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;

      11) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлары комитетінің құрамын бекіту;

      12) мәжбүрлеп таратылатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті және оның тарату балансын келісу;

      13) валюталық бақылау агенттеріне олардың валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында орындауы үшін міндетті тапсырмалар беру;

      14) тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша олардың кездесулері мен талқылауларын өткізу;

      15) өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің қаржылық және мүліктік жағдайын бағалау (талдау), оның ішінде бағалаушыларды, аудиторлық ұйымдарды және (немесе) басқа да тұлғаларды тарта отырып және (немесе) банкке бару арқылы бағалау (талдау);

      16) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      17) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту;

      18) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, сондай-ақ төлем қызметтерін берушілер көрсететін қызметтерді талдау және бағалау;

      19) жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қатысушылардың төлем жүйелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарап-тексеру;

      20) төлем жүйелерінің, төлем ұйымдарының, көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімдерін жүргізу;

      21) Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысында коллекторлық агенттіктердің қызметін талдау, сондай-ақ "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес коллекторлық агенттік ұсынған мәліметтерді, құжаттарды және аудио- және (немесе) бейнежазба материалдарын (болған кезде) талдау жолымен жүзеге асырады.

      Ескерту. 62-5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      62-6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің уәжді пайымдауды пайдалану жөніндегі өкілеттіктері

      1. Қазақстанның Ұлттық Банкі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына қатысты уәжді пайымдауды пайдалануға құқылы.

      2. Уәжді пайымдау деп Қазақстан Ұлттық Банкінің алқалы органының негізделген кәсіби пікірі түсініледі, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қадағалап ден қою шараларын қолдану үшін, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге жағдайларда шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі уәжді пайымдауды мынадай:

      1) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдар капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат, сондай-ақ банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру (беруден бас тарту) кезінде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) туралы хабарламасын қарау, банктік немесе өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру кезінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау, сондай-ақ орнықсыз қаржылық жағдайының болуы не болмауы тұрғысынан қаржылық жағдайын бағалау;

      2) банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылатын тұлғаларды айқындау, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті шарттар беру фактілерін анықтау, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған мәмілелерді жеңілдікті шарттары бар мәмілелерге жатқызу;

      3) банктегі және банк конгломератындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы және сақтандыру тобындағы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыдағы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасын банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызмет сипатына, ауқымына және күрделілігіне, сондай-ақ олардың көлеміне сәйкес келетін тиімді ішкі саясаттар мен рәсімдердің болуы және іске асырылуы тұрғысынан бағалау;

      4) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) провизияларының (резервтерінің), сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий қалыптастырған сақтандыру резервтерінің барабарлығын бағалау, оның ішінде оларды қалыптастыру жөніндегі әдістемелердің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының тәуекелдеріне сәйкес келуі, сондай-ақ оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың анықтығы тұрғысынан бағалау жағдайларында, пайдалануға құқылы.

      3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Ұлттық Банкінің алқалы органының құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкі құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволарының басшылары қатарынан бекітеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің алқалы органының отырысын Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасы орынбасарларының бірі жүргізеді.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі уәжді пайымдауды заңдылық, негізділік, объективтілік және біркелкі тәсіл қағидаттарын сақтай отырып пайдаланады.

      Уәжді пайымдау Қазақстан Ұлттық Банкінің осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы шеңберінде алынған ақпарат пен жеке және заңды тұлғалардан, халықаралық ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, оның ішінде шетелдік қадағалау органдары мен ұйымдарынан, өзге де қолжетімді көздерден алынған және уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін елеулі болып табылатын ақпаратқа негізделеді.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың түсіндірмелері болған кезде оларды назарға алады.

      Уәжді пайымдаудың жобасы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға жіберіледі. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға бес жұмыс күні ішінде Қазақстанның Ұлттық Банкіне уәжді пайымдаудың жобасымен келісетіні не келіспейтіні туралы уәжді жауап ұсынуға тиіс. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның белгіленген мерзімде уәжді жауап ұсынбауы уәжді пайымдаудың жобасымен келісу деп есептеледі.

      Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдаудың жобасымен келіспейтіні туралы уәжді жауапты ұсынған жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі уәжді пайымдау жобасын Қазақстан Ұлттық Банкі алқалы органының қарауына шығару қажеттігін айқындайды.

      4. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға Қазақстанның Ұлттық Банкі уәжді пайымдау негізінде қолданған қадағалап ден қою шарасымен келіспеген жағдайда, қадағалап ден қою шарасы қолданылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қарсылықтарын Қазақстанның Ұлттық Банкіне жазбаша түрде ұсынуға құқылы.

      Қадағалап ден қою шарасын қолдануға қатысты қарсылықтар Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қатысатын кеңесте қаралады не Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына шығарылады. Егер уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің белгіленген мәндерден төмен төмендеуіне алып келуі мүмкін болған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы алынған қарсылықтарды қарайды. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның өкілдері қарсылықтарды қарауда қатысуға құқылы.

      Қарсылықтар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Қарсылықтарды қарау мерзімі он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет ұзартылуы мүмкін.

      Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның қарсылықтарын қарау нәтижелері бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні не Қазақстанның Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шарасының күшін жою туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      Уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң не қарсылықтар ұсынылған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға ұсынылған қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні туралы жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап күшіне енеді.

      Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі уәжді пайымдау негізінде қабылданған, заңсыз деп танылған шешімдер үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапты болады.

      5. Қазақстанның Ұлттық Банкі құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере келе, уәжді пайымдауды пайдалана отырып қадағалап ден қою шараларын қолданудың қорытылған практикасын жариялайды.

      6. Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      7. 16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ Заңымен.
      Ескерту. 62-6-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      63-бап. (алып тасталды – ҚР 2003.07.10 N 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен)
      64-бап. (алып тасталды – ҚР 2003.07.10 N 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен)

12 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есеп беруi

65-бап. Қаржы жылы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.

66-бап. Есеп беру

      Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне жылдық есеп берiп отырады.

      Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн қарап, оны бекiту туралы шешiм қабылдайды.

      Ескерту. 66-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , өзгеріс енгiзiлдi - ҚР 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

67-бап. Жылдық есеп

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебi:

      - ақша-кредит саясаты және қаржы рыногының жай-күйi туралы баяндаманы;

      - Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өткен жылғы қызметi туралы есептi;

      - Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн;

      Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен , 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен .
     

68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiн тексеру

      Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық есептілігінің аудитін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттің немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің орталық банкіне аудит жүргізу тәжірибесі бар аудиторлық ұйым жыл сайын жүргізеді.

      Тексерiс кезiнде алынған әрбiр ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң және оның ұйымдарының қызметiне жасалған кез келген мемлекеттiк органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен , Қазақстан Республикасының 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 , 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

13 Тарау. Қорытынды ережелер

69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.

      Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен .
      РҚАО-ның ескертпесі!
      70-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
     

70-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер

      Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.

      Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар Қазақстан Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржы есептемесін қоса алғанда, есептемені және қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларын орындауына қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.

      Ескерту. 70-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     

70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетiнше белгiлейдi.

      Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      70-1-баптың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Ол көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін ақының мөлшерлері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.

      Ескерту. 70-1-баппен толықтырылды - ҚР 1997.07.11. N 154 Заңымен; жаңа редакцияда - 2001.05.03. N 182 Заңымен, өзгеріс енгiзiлдi - 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

71-бап. Талап етудің ескіру мерзімі

      Қазақстан Ұлттық Банкінің кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап етудің ескіру мерзiмi қолданылмайды.

      Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     

72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жауапкершiлiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

      Ескерту. 72-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     
      73-бап. Алынып тасталды - ҚР 2003.07.10 N 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

74-бап. Осы Заңның күшiне енуi

      Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Ескерту. 74-баптың атауы өзгертiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154 Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi