Ескерту. Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 7" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР 2004.12.21 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жедел-iздестiру қызметiнiң мазмұнын айқындайды және оны жүргiзу кезiнде заңдылықты құқықтық кепiлдiктерi жүйесiн баянды етедi.
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адамдарға сауал қою - жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпаратты осы ақпарат бар немесе болуы мүмкін сауал қойылған адамның сөздерінен жинау;
2) анықтамалар алу - қызығушылық туғызатын ақпарат бар немесе болуы мүмкін тиісті жеке немесе заңды тұлғаға ресми сауал жіберу жолымен жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпарат алу;
3) арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы - заңмен қорғалатын адамның жеке өміріне араласпаушылықты, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарламалары мен почта жөнелтілімдері құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығына тікелей қатысты жедел-іздестіру іс-шарасы;
4) арнаулы техникалық құралдар – жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ақпаратты табу және оны құжаттау үшін арнаулы функциялары, бағдарламалық қамтамасыз етуі мен конструкциялық ерекшеліктері бар құрылғылар, аппаратура, құралдар, жабдық;
5) байқау - жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар құбылыстарды, әрекеттерді, оқиғаларды, процестерді көру арқылы әрі өзгеше қабылдау және анықтау;
6) байланыс желілеріндегі жедел іздеу - байланыс желісі арқылы берілетін ақпаратта құқыққа қарсы әрекеттің белгілерін табу жөніндегі жасырын іс-әрекеттер;
7) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа құрылғылардан ақпаратты жасырын алу – компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа құрылғылардан ақпаратты арнаулы техникалық құралдармен және (немесе) компьютерлік бағдарламалармен, қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) зерттеп-қарау арқылы жүргізілетін жасырын алу;
8) бақыланатын өнім беру - еркін өткізуге тыйым салынған не айналымы шектелген, сондай-ақ қылмыстық қол сұғу объектілері немесе құралдары болып табылатын нәрселердің, заттардың және өнімдердің берілуіне, сатып алынуына, сатылуына, орын ауыстыруына бақылау орнату жолымен қылмыстық әрекеттің белгілері туралы ақпарат алу тәсілі;
9) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру - іздеудегі адамды даралайтын статистикалық, динамикалық және геномдық белгілері бойынша, сондай-ақ сөзбен сипаттау портреті және адамды жеткілікті ықтимал дәрежеде тануға мүмкіндік беретін басқа да тәсілдер көмегімен табуға және сәйкестендіруге бағытталған ұйымдастырушылық және нысаналық-практикалық іс-әрекеттер жиынтығы;
10) енгізу - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның қызметкерін не онымен бірге қызмет істеп жүрген құпия көмекшіні жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін жедел қызмет мүдделі болып отырған объектінің төңірегіне жасырын енгізу;
11) жалпы жедел-іздестіру іс-шарасы - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың осы қызметтің міндеттерін шешуге бағытталған, бірыңғай тактикалық, стратегиялық ой-ниетпен байланысқан іс-әрекеттерінің жиынтығы;
12) жедел есепке алу ісі - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізу;
13) жасырын кіру және (немесе) орынды жасырын зерттеп-қарау – тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайларға, ғимараттарға, құрылысжайларға, сақтау қоймаларына, көлік құралына немесе жергілікті жер учаскесіне, қажет болған кезде оларды зерттеп-қарай отырып, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің өзге де міндеттерін шешу үшін жасырын кіру;
14) жедел сатып алу - ықтимал қылмыстық әрекет туралы ақпарат алу мақсатында, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның хабардар болуымен және оның бақылауымен тексерілетін адамнан тұтыну немесе өткізу мақсатынсыз ақылы түрде заттар сатып алынатын жалған мәміле ахуалын орнату;
15) жедел-іздестіру қызметі – адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, қылмыстық қол сұғудан қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдастыру және басқару іс-шараларының ғылыми негізделген жүйесі;
15-1) жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері – осы Заңның 2-бабында тізбеленген міндеттерді шешу үшін алынған мәліметтер, құжаттар, заттар не материалдар;
16) құқыққа қарсы әрекеттердің іздерін табу, жасырын анықтау және алып қою, оларды алдын ала зерттеу - қылмыс іздері сақталған немесе қылмыс жасау құралы не қылмыстық әрекеттің нәтижесі болып табылған материалдық объектілерді анықтау және айналымнан немесе нақты адамның иелігінен алып қою және олардың өздеріне тән белгілері мен ерекшеліктерін заңда белгіленген нысандарда анықтау;
17) құпия көмекшілер - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органмен құпия негізде (оның ішінде келісімшарт бойынша) қызмет істеуге келісімін берген, сол сияқты осы органмен бұрын өзінің келісімі бойынша ынтымақтастықта болған, он сегіз жасқа толған, іс-әрекетке қабілетті жеке тұлғалар;
18) пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылау – хаттарды, жеделхаттарды, радиограммаларды, бандерольдерді, жіберілімдерді және басқа да пошта-телеграф жөнелтілімдерін қарау және олардың мазмұнымен танысу жолымен іс үшін маңызы бар мәліметтерді алу;
19) адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау – айтылған ақпаратты және өзге де ақпаратты, сондай-ақ нақты белгілі бір жерде болған адамның әрекеттерін және (немесе) оқиғаларды бейне-, аудиотехниканы не өзге де арнаулы ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланып, олардың мазмұнын бір мезгілде материалдық жеткізгіште тіркей отырып, қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) зерттеп-қарау арқылы жүргізілетін жасырын бақылау;
20) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу – абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар (пайдалану құрал-жабдығы) арасындағы қосылудың күні, уақыты, ұзақтығы туралы мәліметтер алу;
21) электр (телекоммуникация) байланысының желілерін жасырын бақылау – телефон немесе дауыстық ақпарат беруге мүмкіндік беретін басқа құрылғылар арқылы берілетін дауыстық ақпаратты ғылыми-техникалық құралдарды және (немесе) компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) зерттеп-қарау арқылы жүргізілетін жасырын тыңдау және (немесе) жазып алу;
Электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін ақпаратты ұстап алу және алу – сым, радио, оптикалық және басқа да электромагниттік жүйелер арқылы берілетін белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, кескіндерді, бейнекескіндерді, дыбыстарды және басқа да ақпаратты ұстап алу және алу;
22) үлгілерді алу - тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің ерекшеліктерін бейнелейтін, жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар материалдық ақпарат жеткізгіштерді алып қою және анықтау;
23) штаттағы жасырын қызметкер – лауазымдық міндеттеріне жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін астыртын түрде жүргізу кіретін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның жұмыскері;
24) іздестіру - заңда көзделген жағдайларда тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынған, қылмыстық жауаптылықтан, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамдардың, хабарсыз кеткен және өзге де адамдардың орналасқан жерін, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар жоғалған құжаттар мен бұйымдарды анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, іс жүргізу және жедел-іздестіру іс-шараларының жүйесі.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 187-IV, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.07 № 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi
Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi:
1) адам мен азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерiн, меншікті құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу;
3) қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
3-1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды, сондай-ақ қылмыстық іс үшін маңызы бар нәрселер мен құжаттарды анықтау;
4) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жауаптылықтан, жазаны өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамдарды, хабарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген жағдайларда өзге де адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ табылған танылмаған мәйіттерді сәйкестендіру;
5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң және басқа да күзетiлетін адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;
8) ұйымдарға коммерциялық құпияны қорғауда жәрдемдесу;
9) күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген режимдi ұстап тұру;
10) күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарындағы күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, персоналдың және өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
11) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.3-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң қағидаттары
Жедел-iздестiру қызметi заңдылық, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қадiр-қасиетiн құрметтеу, азаматтардың заң алдындағы теңдiгi қағидаттарына сәйкес, астыртын әрекет ету, жария және жария емес әдiстердi ұштастыру, кәсiби әдеп негiзiнде жүзеге асырылады.
4-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзi
1. Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
1-1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2. Республика Бас Прокурорының келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде осы Заң негiзiнде жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын реттейтiн нормативтік құқықтық актілер шығарады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346, 2009.07.17 N 187-IV Заңдарымен.5-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау
1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргiзу барысында алынған хабарламаларды пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның iс-әрекетi жөнiнде жоғары тұрған органға, не прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
3. Қылмысты әзiрледi немесе жасады деген кiнәсi заңмен белгiленген тәртiпте дәлелденбеген адам жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органнан мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтiн шекте өзiн тексеру үшiн негiз болған және өзiне қатысы бар хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге құқылы.
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның арызданушыға қажеттi мағлұматтарды беруден бас тартуы туралы шешiмiн негiзсiз деп таныған ретте, сот өзiнiң дәлелдi шешімімен, ал прокурор прокурорлық қадағалау тәртібімен аталған органды осы баптың 3-тармағында көзделген мағлұматтарды арызданушыға беруге мiндеттей алады.
4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың талап етуі бойынша, құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді қоспағанда, барлық жедел-қызметтiк құжаттар берiледi.
Судьяның талап етуі бойынша, жедел-іздестіру қызметін, нақты жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру, ақпарат көздері және оны алу тәсілдері туралы мәліметтерді қоспағанда, жедел-іздестіру құжаттары беріледі.
5. Жедел-іздестіру қызметі нәтижесінде алынған, адамның жеке өміріне, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтер, егер оларда заңмен тыйым салынған іс-әрекеттер жасағаны туралы ақпарат болмаса, сақталуға жатпайды және жойылады.
Қылмыс жасады деген кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденбеген, сондай-ақ өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілмеген адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап бір жыл сақталады, содан соң жойылады. Өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталмаған адамдардың телефон арқылы және өзге де сөйлесулерін тыңдау нәтижесінде алынған фонограммалар мен басқа да материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде жойылады, ол жөнінде хаттама жасалады. Прокурордың санкциясы негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін көрсететін материалдар жойылатын күннен үш ай бұрын ол жөнінде тиісті прокурор хабардар етіледі.
Барлау қызметі процесінде, сондай-ақ экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласында алынған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін сақтау мен жоюдың тәртібі және мерзімдері ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 187-IV, 2010.05.27 № 279-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2 бөлiм. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары
6-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар
1. Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:
1) ішкi iстер органдары;
2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;
3) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган;
4) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;
7) экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi заңмен ғана өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.7-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi
Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;
а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;
б) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді, олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуді қамтамасыз етуге, тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу туралы жазбаша тапсырмаларын орындауға;
б-1) прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқауларын орындауға;
б-2) қылмыстық іс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілерін, сондай-ақ сот орындаушыларының прокурор санкциялаған атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы қаулыларын орындауға;
в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;
г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;
д) жедел-iздестiру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзу кезінде, сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін көрсететін материалдарды қылмыстық процесте пайдалану үшін беру кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету және ақпарат көздерiнің құпиясын ашуға жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР 2001.03.16 N 163, 2009.07.17 N 187-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың:
1) өз құзыреті шегінде осы Заңның 11-бабында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шараларын жария және жасырын, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде айқындалған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге;
2) жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алу мен ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға;
3) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша жеке және заңды тұлғалардың, әскери бөлімдердің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкін, залал келтірілген жағдайда сол залалды, сондай-ақ шығыстарды иелеріне жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың есебінен өтей отырып пайдалануға;
4) астыртын ұйымдар құру мақсатында, жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың жұмыскерлерін, бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын шифрлайтын құжаттарды пайдалануға;
4-1) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлеуге және бекітуге;
5) қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегін пайдалануға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алуға және пайдалануға;
7) Қазақстан Республикасының аумағында жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға құқығы бар басқа да органдардың күші мен қаражатын жекелеген іс-шаралар жүргізу үшін осы органдармен келісу бойынша тартуға;
8) осы Заңның 11-бабында көзделген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында ғана тәуліктің кез келген уақытында ұйымдардың аумағына және үй-жайларына, ал, күзетуді әскери жарғыларға сәйкес әскери қызметшілер, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметшілері жүзеге асыратын әскери бөлімдер мен басқа да режимдік объектілердің аумағына – олардың басшыларымен не құрамында режимдік объектілері немесе әскери бөлімдері бар орталық мемлекеттік органдар басшыларымен келісу бойынша кедергісіз кіруге;
9) жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді оларды растайтын материалдарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркеуге және (немесе) тергелуі бойынша беруге құқығы бар.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.9-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi
1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар iс-әрекеттерiмен келтiрген залалды өздерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.3 бөлiм. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу
10-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу негiздерi
1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн:
а) сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарының болуы;
б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға келiп түскен:
- әзiрленiп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық;
- жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар;
- азаматтардың хабарсыз кетуi және танылмаған мәйiттердiң табылуы туралы ақпарат;
в) тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық істер бойынша жазбаша тапсырмалары;
в-1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның бірінші орынбасарының не орынбасарларының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың қаулылары, сондай-ақ прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқаулары;
в-2) қылмыстық іс бойынша сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілері, сондай-ақ сот орындаушыларының прокурор санкциялаған атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы қаулылары;
г) құқықтық көмек туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының сауал салулары;
д) қоғам, мемлекет және оның экономикалық және қорғаныстық әлеуетiн нығайту мүддесiнде барлау ақпаратын алу қажеттігі;
е) өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы қаулылар шығарған қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі негіздер болып табылады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде өзiнiң не өзге мемлекеттiк органдардың бастамасы бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi:
- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға жұмысқа немесе қызметке қабылдау туралы;
- жеке және заңды тұлғалардың стратегиялық және күзетілетін объектілерді күзету және оларға қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ күзетілетін адамдардың төңірегіндегі жұмыстарды істеуіне рұқсат беру туралы. Стратегиялық және күзетілетін объектілердің, сондай-ақ күзетілетін адамдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады;
- жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде;
- тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын авариялық немесе экологиялық қауіптілігі жоғары объектiлер мен құрылыстарды пайдаланумен байланысты жұмыстарға рұқсат ету туралы;
- жедел-iздестiру қызметiне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесiнде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру туралы;
- күзет қызметімен айналысуға лицензиялар берiлгенi туралы деректер жинауға құқылы.
3. Көрсетiлген негiздер түпкiлiктi болып табылады және тек заңмен ғана толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.25 N 2725 жарлығымен, 1996.07.15 N 31-І, 2001.03.16 N 163, 2001.07.16 N 244, 2002.07.10 N 338, 2002.08.09 N 346, 2004.07.09 N 592, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 187-IV, 2010.05.27 № 279-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.11-бап. Жедел-іздестіру іс-шаралары
1. Жедел-іздестіру іс-шаралары жалпы және арнаулы болып бөлінеді.
2. Жалпы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:
1) адамдарға сауал қою;
2) азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану;
3) енгізу;
4) қылмыстық іс-әрекетті имитациялайтын мінез-құлық таныту;
5) астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру;
6) бақыланатын өнім беру;
7) заңмен қорғалатын жеке өмірге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын қозғамайтын мәліметтер алу үшін техникалық құралдарды қолдану;
8) анықтамалар алу;
9) үлгілерді алу;
10) жедел сатып алу;
11) іздеу-қызмет иттерін пайдалану;
12) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру;
13) ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу;
14) құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын орнықтыру және алып қою, оларды алдын ала зерттеу;
15) қылмысты әзірлеуші, жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау;
16) ұстап алынған адамдардың жеке басын жете тексеруді, оларда болатын қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алып қоюды, сондай-ақ, тұрғын үй-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді куәгерлердің қатысуымен жүзеге асыру.
Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеру, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып жете тексеру куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;
17) қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөніндегі операцияларды жүргізу;
18) байқау.
Осы тармақта көзделген жалпы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
3. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:
1) адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау;
2) электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап алу және алу;
3) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу;
4) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа құрылғылардан ақпаратты жасырын алу;
5) пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылау;
6) жасырын кіру және (немесе) орынды жасырын зерттеп-қарау.
Осы тармақта көзделген арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының ережелеріне сәйкес іздестіру шаралары ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 187-IV, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.12-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу шарттары
1. Адамдардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жерi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататындығы, дiнге қатынасы мен саяси сенiмi, егер заңмен өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге кедергi бола алмайды.
2. Жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы барлық органдар өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізеді.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жедел-іздестіру іс-шараларын қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүргізуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілеріндегі және күзет іс-шараларын жүргізу аймағындағы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
3. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге құқығы бар қызметтердiң, бөлiмшелердiң және қызметкерлер санаттарының тiзбесiн жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың басшылары белгiлейдi.
4. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары:
1) ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 116 (бірінші бөлігі), 126 (бірінші және екінші бөліктері), 161 (бірінші бөлігі), 185 (бірінші және екінші бөліктері), 188 (екінші бөлігі), 188-1 (бірінші бөлігі), 189 (екінші бөлігі), 190 (екінші бөлігі), 194 (бірінші бөлігі), 195 (төртінші бөлігі), 197 (үшінші бөлігі), 207 (екінші бөлігі), 210 (бірінші бөлігі), 211 (екінші бөлігі), 213 (үшінші бөлігі), 216 (бірінші және екінші бөліктері), 218 (бірінші және екінші бөліктері), 231 (бірінші бөлігі), 232 (бірінші бөлігі), 234 (екінші бөлігі), 245 (бірінші және екінші бөліктері), 272 (үшінші бөлігі), 283 (бірінші бөлігі), 286 (бірінші бөлігі), 287 (үшінші бөлігі), 288 (бірінші бөлігі), 307 (екінші бөлігі), 308 (бірінші бөлігі), 309 (бірінші бөлігі), 315 (бірінші бөлігі), 361 (үшінші бөлігі), 362 (бірінші бөлігі), 365 (екінші бөлігі), 366 (бірінші бөлігі), 367 (бірінші бөлігі), 394 (екінші бөлігі), 399 (екінші бөлігі), 422 (бірінші және екінші бөліктері)-баптарында көзделген ауырлығы орташа қылмыстарды және қылмыстық топ жасаған қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу мақсатында, егер тексерілетін адам үшінші тұлғаның телефонын немесе өзге сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе үшінші тұлға телефонды және басқа сөйлесу құрылғыларын пайдаланып, тексерілетін адам үшін ақпарат алады не тексерілетін адамнан басқа адамдарға беру үшін ақпарат алады деген мәліметтер болса, тексерілетін адамға не үшінші тұлғаға қатысты прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі және олардың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп қою;
2) тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі.
Осындай іс-шараларды жүргізуге санкцияны жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары не орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар береді.
Осы Заңның 6-бабында санамаланған барлық органдардың міндеттерді шешуі мүддесінде байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары техникалық жағынан жүзеге асырады, бұл үшін оларға қажетті күш пен қаражат бөлінеді.
Байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларының ұйымдастырылуы және жүргізілу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
Барлау ақпаратын алу, Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтері мен құралдарын ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасы мен байланыс желілеріне қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.
5. Тек қана Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында барлау ақпаратын алу, сондай-ақ күзетілетін адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алу үшін арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.
6. Жекелеген адамдардың өмiрiне, денсаулығына, меншiгiне қауiп төнген жағдайда олардың өтiнiшi немесе жазбаша келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi орган басшысы бекiткен қаулы негiзiнде, 24 сағаттың iшiнде мiндеттi түрде прокурорды хабардар ете отырып, қаулы шығарылған кезден бастап олардың телефондары немесе басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулердi тыңдауға және жазып алуға рұқсат етiледi.
7. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті орган басшыларының біреуінің уәжді қаулысы негізінде, прокурорды хабардар ете отырып және кейіннен, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде санкция ала отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол беріледі.
Белгіленген мерзімде прокурордың санкциясы алынбаған кезде арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы дереу тоқтатылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
8. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге санкция алу кезінде прокурорға құпия көмекшілер мен штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтердің құпиясын ашуға мүмкіндік бермейтін нысанда және мазмұнда оларды жүргізу үшін негіздеме материалдар табыс етіледі.
Арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі туралы оны жүргізуге санкция берген прокурор хабардар етіледі.
9. Жасырын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру және оларды жүргiзу тактикасы "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Құпияландыруға жататын мағлұматтар тiзбесiне сәйкес қызметтiк, әскери және мемлекеттiк құпияны құрауы мүмкiн.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.25 N 2725, заң күші бар Жарлықтарымен, ҚР 1996.07.15 N 31-І, 2001.03.16 N 163, 2001.07.16 N 244, 2002.02.19 N 295, 2002.07.10 N 338, 2002.08.09 N 346, 2004.07.09 N 592, 2004.12.29 N 25, 2005.07.08 N 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 187-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.05.27 № 279-IV, 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2014 N 185-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.13-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесу
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының, әскер бөлiмшелерiнiң, құрамаларының және қоғамдық бiрлестiктерiнiң лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлерi осы Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге міндетті және олардың көрсетілген органдарға өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруына кедергі жасауға құқығы жоқ.
2. Жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу органдарымен қызмет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келiсiмiмен жедел-iздестiру шараларын әзiрлеуге және жүргiзуге (соның iшiнде келiсiм-шарт бойынша) тартылуы мүмкiн. Бұл адамдар жедел-iздестiру шараларын әзiрлеу немесе жүргiзу барысында өздерiне мәлiм болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрiнеу жалған хабарлама бермеуге мiндеттi. Осындай мағлұматтарды жария еткенi және көрнеу жалған хабарлама бергенi үшiн олар Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген жауапқа тартылады.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдар кәмелетке толған әрекет қабiлетi бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, бiлiмiне, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататынына, саяси және дiни сенiмiне қарамастан ынтымақтасу туралы келiсiм-шарт жасай алады. Келiсiм-шарттың түрi, оның қолданылу шарты мен мерзiмi ведомстволық қалыптық құжаттармен белгiленедi.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 187-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.14-бап. Жедел-іздестіру қызметінің материалдарын пайдалану
1. Жедел-іздестіру қызметі процесінде алынған материалдар тергеу әрекеттерін әзірлеу мен жүзеге асыру және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының дәлелдемелерді жинауды, зерттеуді және бағалауды регламенттейтін ережелеріне сәйкес тексерілген жағдайда қылмыстық істер бойынша дәлелдеу процесінде пайдаланылуы мүмкін.
Барлау қызметі барысында алынған, оларды пайдалану тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде белгіленетін нәтижелерді қоспағанда, жедел-іздестіру қызметінің материалдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексерілгеннен кейін осы Заңның 2-бабында көзделген басқа да міндеттерді орындау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар оларға Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген сипат берілгенге дейін не оларды қылмыстық процеске енгізуге мүмкіндік болмағанда жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуге негіз болып табылмайды.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру туралы, нақты жедел-іздестіру іс-шаралары туралы, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат көздері және оларды алу тәсілдері туралы мәліметтер, сондай-ақ адам мен азаматтың жеке өміріне, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтер жария етуге жатпайды.
4. Кәсіби міндеттерін орындау нәтижесінде жедел-іздестіру қызметі туралы өзіне белгілі болған мәліметтерді жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 187-IVөзгерістер енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.05.27 № 279-IV; 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-1-бап. Жедел-іздестіру қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және құжаттау
1. Осы Заңда көзделген міндеттерді шешу үшін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерді құруы және пайдалануы, сондай-ақ жедел есепке алу істерін ашуы мүмкін.
2. Жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерде мәліметтер жинақтау, сондай-ақ жедел есепке алу істерін ашу осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер болған кезде, мәліметтерді жинау мен жүйеге келтіру, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін тексеру және бағалау, сондай-ақ солардың негізінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың тиісті шешімдер қабылдауы мақсатында жүзеге асырылады.
3. Жедел есепке алулар мен ақпараттық жүйелерді қалыптастырудың және пайдаланудың, сондай-ақ жедел есепке алуларды жүргізудің тәртібі жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.15-бап. Жедел-iздестiру қызметiндегi шектеулер
Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу кезiнде:
- аса қажет және қорғаныс қажет болған жағдайда басқа реттерде азаматтардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне нақты қатер төндiретiн iс-әрекеттер жасауға;
- қандай да бiр саяси партияның, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң мүддесi үшiн әрекет етуге;
- азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және арандатуға;
- азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектейтiн зорлық-зомбылық жасауға, қатер төндiруге, бопсалауға және өзге де заңсыз әрекеттер жасауға;
- жедел-iздестiру материалдарын бұрмалауға, сол сияқты көрiнеу күмәндi не жалған мағлұматтарды пайдалануға;
- адамның және азаматтың жеке өміріне қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу процесінде белгілі болған мәліметтерді, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың келісімінсіз жариялауға тыйым салынады.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.16-бап. Жедел-iздестiру шараларын тоқтату негiздерi
Жедел-iздестiру шаралары:
- жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу арқылы шешу көзделген
мiндеттер орындалған ретте;
- алға қойылған мiндеттердiң шешiлуi объективтi түрде мүмкiн еместiгiн растайтын жағдайлар анықталған ретте;
- тексерiлетiн адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар анықталған кезде;
- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде заңның, адам мен азаматтың құқықтары бұзылуы анықталған жағдайда жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы жоғары тұрған органның, прокурордың қаулысы не соттың шешімі бойынша тоқтатылады.
Жедел-iздестiру шаралары жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қалыптық құжаттарында көзделген мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келiсiмiмен жүзеге асырылады, тоқтатыла тұрады, тоқтатылады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.4-бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылы
17-бап. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарының өзара iс-қимылы
Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары:
- өздерiнiң алдарында тұрған мiндеттердi дербес, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасап, мемлекеттiк, қоғамдық және өзге ұйымдардың мүмкiндiгiн, сондай-ақ азаматтардың жәрдемiн пайдалана отырып шешедi;
- осы органдардың құзыретiне қатысты қылмыстық әрекеттердiң мәлiм болған деректерi туралы бiрiн-бiрi хабардар етiп отыруды қамтамасыз етедi және өзара қажеттi көмектi көрсетедi.
18-бап. Басқа мемлекеттердiң органдарымен өзара iс-қимыл
1. Басқа мемлекеттердiң жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқық берiлген органдары Қазақстан Республикасы аумағында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы заңда және тиiстi шарттар мен келiсiмдерде белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары басқа мемлекеттердiң аумақтарында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы Заңда, сондай-ақ тиiстi шарттар мен келiсiмдер негiзiнде сол мемлекеттердiң заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.
19-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы құқықтық көмек туралы шарттарға (келiсiмдерге) сәйкес және осы Заңда белгiленген қалыптар шегiнде жүзеге асырылады.
5 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
20-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай қамтамасыз ету
Жедел-iздестiру қызметiн қаржыландыру жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарды ұстауға ұлттық валюта түрiнде де, шетел валютасы түрiнде де бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1996.07.15 N 31-І, 1998.12.22 N 327, 2004.12.21 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.21-бап. Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - 2004.12.21 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен.6 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
22-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып саналады және мемлекет қорғауында болады. Оларға өздерi штатына кiретiн министрлiктер мен ведомстволар қызметкерлерiнiң құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi қолданылады. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жұмыс ерекшелiктерi ескерiле отырып оларға қосымша жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерi өздерiнiң қызмет бабында заң талаптарын басшылыққа алады әрi саяси партиялардың және саяси мақсаттарды көздейтiн бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың шешiмдерiне байланысты болмайды.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы қызметкерлер мен органдардың заңды iс-қимылына заңмен тiкелей уәкiлдiк берiлген адамнан басқа ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Заңнамаға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде олар заңды басшылыққа алуға мiндеттi.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары өз қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының жеке басының қауiпсiздiгiн, мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерiне қызмет мiндеттерiн лайықты орындау мақсатында арнаулы кәсiби даярлықтан өтуiне, бiлiктiлiгiн көтеруге және медициналық қызмет көрсетiлуi үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.23-бап. Құпия көмекшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау
1. Құпия көмекшілер мемлекет қорғауында болады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге келiсiм бiлдiрген азаматтарға мемлекет осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және қалыптық құжаттарына сәйкес олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк бередi.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға жәрдемдесуiне байланысты азаматтардың өмiрiне, сондай-ақ олардың отбасы мен жақын туыстарының денсаулығына немесе мүлкiне, заңға қайшы қол сұғушылықтың анық қаупi төнген кезде, бұл органдар құқыққа қарсы әрекеттi болдырмау, айыптыларды анықтап, оларды жауапқа тарту, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды қорғау жөнiнде арнаулы жұмыстар жүргiзу үшiн барлық қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
4. Құпия көмекшілердің жеке басы туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайды.
5. Құпия көмекшілердің сыйақы алуға құқығы бар.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен азаматтардың айналысатын қызметiнiң негiзгi түрi ретiнде ақылы негiзде келiсiм-шарт бойынша ынтымақтасып қызмет iстеу кезеңi олардың жалпы еңбек стажына кiредi. Олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақымен қамтамасыз етiлуге, қаза болған ретте олардың отбасылары мен асырауындағы адамдар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға құқылы.
7. Құпия көмекші жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуына байланысты қаза болған жағдайда оның отбасына және асырауындағы адамдарға:
- ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеп, қаза болған адамның он жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде;
- қаза болған адам өтеусіз негізде ынтымақтасып қызмет істеген кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 411 еселенген мөлшерінде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
8. Құпия көмекші өзiнiң қатысуымен болған жедел-iздестiру шараларын жүргiзген кезде мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде оған:
- ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшiн бес жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде;
- өтеусіз негізде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 706 еселенген мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
9. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуға байланысты қаза болуға, мертiгуге не денсаулықтың өзгедей зақымдануына орай келтiрiлген залалдың орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР 1996.07.15 N 31-І, 2009.04.07 N 149-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 187-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары заңдылықтың сақталуына, осы қызметтің ұйымдастырылуына, тактикасына, әдістері мен құралдарына, сондай-ақ астыртын жүргізілуі мен құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға бақылауды қамтамасыз етедi.
Жоғары тұрған ведомстволық органдар өздерiне бағынысты органдардың жедел-iздестiру қызметiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi.
Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 187-IV Заңымен.25-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалау
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiндегi заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:
1) құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерден басқа, жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу тактикасын регламенттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді, жедел есепке алу істерін, жедел-іздестіру қызметінің барысы туралы материалдарды, құжаттарды және басқа да қажетті мәліметтерді алады;
1-1) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы қаулы шығарады;
1-2) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
2) арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде байланыс желісінде жүзеге асырудың заңдылығын тексеруді жүргізеді;
2-1) прокурордың санкциясынсыз жүргізілген арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасының заңдылығы туралы қаулы шығарады;
3) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде заңды, адам мен азамат құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайда өз қаулысымен жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;
3-1) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының заңсыз шешімдерінің күшін жояды;
4) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар мен арыздарды қарайды;
5) Конституцияға, заңдар мен Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық келтiредi;
6) жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу кезінде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге, тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасайды;
7) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезiнде анықталған тәртiп бұзушылық фактiлерi бойынша прокурорлық қадағалаудың басқа да актiлерiн шығарады;
8) заңсыз ұсталған адамдарды өзiнiң дәлелдi қаулысымен босатады не адамдарды ұстау туралы заңсыз қаулылардың күшiн жояды;
9) қажет болған жағдайда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынышты органдарда заң бұзушылықты жою мақсатында тексеру жүргiзудi талап етедi;
10) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi.
3. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi, жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасы заңдары нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар тарапынан заңдылықтың бұзылуын анықтау мақсатында прокурор арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, прокуратура органдарының мамандары мен өзге де мамандарды тартуға құқылы.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.08.09 N 346, өзгерту енгізілді - 2009.07.17 N 187-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Президентi |