Жедел-iздестiру қызметi туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1994 жылғы 15 қыркүйек N 4000

Қолданыстағы
      Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жедел-iздестiру қызметiнiң мазмұнын айқындайды және оны жүргiзу кезiнде заңдылықты құқықтық кепiлдiктерi жүйесiн баянды етедi.

               I-бөлiм. Жалпы ережелер

      1-бап. Жедел-iздестiру қызметi

      Жедел-iздестiру қызметi - азаматтардың <*> өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар <**> өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-iздестiру, ұйымдық және

басқару шараларының ғылыми негiзделген жүйесi.

     
<*>
. Ескерту. Бұл заңда азаматтар деп Қазақстан Республикасының
азаматтары, республикада тұрақты немесе уақытша тұратын немесе оның
аумағына келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар айтылып
отыр.
     
<**>
. Ескерту. Бұдан әрi - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асыратын органдар.


     2-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi

     Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi:


      - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн және меншiктi (нысандарына қарамастан) заңға қарсы қол сұғулардан қорғау;
      - қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу;
      - қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау және ашу;
      - жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жазадан жалтарған адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген реттерде басқа да адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
      - шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекетiн анықтау, алдын алу және болдырмау;
      - Қазақстан Республикасы Президентiнiң және басқа күзетiлуге тиiс адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      - мемлекеттiк шекараны күзетудi қамтамасыз ету;
      - мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия мағлұматтардың сақталуын қамтамасыз ету; коммерциялық құпияны қорғауда кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға (меншiк нысандарына қарамастан) жәрдемдесу;
      - бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген режимдi қолдау;
      - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.

      3-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң қағидаттары

      Жедел-iздестiру қызметi заңдылық, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қадiр-қасиетiн құрметтеу, азаматтардың заң алдындағы теңдiгi қағидаттарына сәйкес, астыртын әрекет ету, жария және жария емес әдiстердi ұштастыру, кәсiби әдеп негiзiнде жүзеге асырылады.

      4-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзi

      1. Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттары құрайды.
      2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде осы Заң негiзiнде жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын реттейтiн қалыптық құжаттар шығарады.

      5-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде жеке
                адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау

      1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргiзу барысында алынған хабарламаларды пайдалануға жол берiлмейдi.
      2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның iс-әрекетi жөнiнде жоғары тұрған органға, не прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      3. Қылмысты әзiрледi немесе жасады деген кiнәсi заңмен белгiленген тәртiпте дәлелденбеген адам жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органнан мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтiн шекте өзiн тексеру үшiн негiз болған және өзiне қатысы бар хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге құқылы.
      Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның арызданушыға қажеттi мағлұматтарды беруден бас тартуы туралы шешiмiн негiзсiз деп таныған ретте, судья өзiнiң дәлелдi ұйғарымымен, ал прокурор - ескертуiмен аталған органды осы баптың 3-тармағында көзделген мағлұматтарды арызданушыға беруге мiндеттей алады.
      4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың немесе судьяның талап ету бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет атқарушы немесе қызмет атқарған азаматтардың жеке басы туралы

мағлұматтардан басқа барлық жедел-қызметтiк құжаттар берiледi.
     5. Жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижесiнде алынған адамның жеке
өмiрiне, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне қатысты мағлұматтар, егер
оларда заңмен тыйым салынған iс-әрекеттер жасағаны туралы хабарлама
болмаса, сақталмайды және жойылуға тиiс.

           II бөлiм. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
                     органдар, олардың мiндеттерi мен
                     құқықтары

     6-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар

     Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:
     а) Iшкi iстер органдары;
     б) Ұлттық қауiпсiздiк органдары;
     в) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;
     г) қаржы полициясының органдары;
<*>

     д) Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi;
<*>

     е) 
<*>

     ж) 
<*>

     з) Шекара әскерлерiнiң органдары;
<*>

     и) Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары жүзеге 
асырады;
<*>

     Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi тек
қана заңмен өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
     ЕСКЕРТУ. 6-бапқа өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлдi - ҚР
              Президентінің 1995.12.25. N 2725 жарлығымен.  

U952725_

  
     ЕСКЕРТУ. 6-бап "з"-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан 
              Республикасының 1996.07.15. N 31-1 Заңымен.  

Z960031_

  
     ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.16. N 163  
              Заңымен.  

Z010163_

  
     ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 
              Заңымен. 

Z010244_

 

     7-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
                 органдардың мiндеттерi



      Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;
      а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;
      б) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу жөнiнде тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындауға; <*>
      в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;
      г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;
      д) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беру кезінде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.16. N 163
               Заңымен. Z010163_

      8-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
                   органдардың құқықтары

      1. Жедел-iздестiру қызметi мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар:
      а) өз құзыретi шегiнде осы заңның 11-бабында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жария және жасырын жүргiзуге;
      б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға құпия көмек көрсетуге келiсiм берген адамдармен тегiн немесе ақылы негiзде ынтымақтастық қатынас орнатуға;
      в) жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн жедел есептер және хабарлама жүйелерiн құруға және пайдалануға;
      г) жедел-iздестiру шаралары барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, әскер бөлiмдерiнiң қызмет жайларын, көлiк және өзге техникалық құралдарын, мүлiктерiн, сондай-ақ залал келтiрiлген жағдайда, осы залалды, шығындарын да жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар есебiнен иелерiне өтей отырып, азаматтардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктерiн пайдалануға;
      д) астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құруға, осы мақсатпен лауазымды адамдарды, бөлiмшелердiң, ұйымдардың ведомстволық бағыныстылығын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың үй-жайлары мен көлiк құралдарын, сондай-ақ осы органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн азаматтардың жеке басын құпияландыратын құжаттарды пайдалануға;
      е) қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы таным-бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегiн пайдалануға;
      ж) меншiк нысандарына қарамастан басқа министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн мәнi бар хабарламаларын, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып тегiн алуға және пайдалануға; <*>
      з) Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар басқа органдармен келiсе отырып жекелеген шараларды жүргiзу үшiн осы органдардың күшi мен қаражатын тартуға;
      и) осы заңның 11-бабында көзделген жедел-iздестiру шараларын жүргiзу мақсатымен ғана тәулiктiң кез-келген уақытында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумақтарына және үй-жайларына (меншiк нысандарына қарамастан), ал әскер бөлiмшелерiнiң және басқа режимдiк объектiлердiң аумақтарына олардың басшыларының келiсiмi бойынша кедергiсiз кiруге;
      к) қылмысты топқа жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қызметкерiн немесе, жеке өздерiне қатысты шынайы деректердi құпия сақтай отырып онымен ынтымақтастық жасап жүрген адамды енгiзуге;
      л) қылмысы iс-әрекетке елiктей мiнез-құлық үлгiсiн қолдануға;
      м) қылмыстарды, сондай-ақ оған қатысты адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында қылмысты әрекеттерде қолданылатын және Қазақстан Республикасы аумағында тасуға, шетке тасуға немесе шеттен тасып әкелуге арналған тауарлардың, заттардың және өзге де материалдық құндылықтардың жеткiзiлуiне жедел бақылау жасауға; <*>
      н) қылмыстық процесте пайдалану үшін жедел-іздестіру шараларын

жүргізудің нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беруге құқылы.
<*>

     2. Ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың
(меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмдерi мен құрамалары
лауазымды адамдарының осы Заңда көрсетiлген органдарға өздерiнiң
құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруына кедергi
жасауға құқығы жоқ.
     ЕСКЕРТУ. 8-баптың 1-тармағы өзгердi - Қазақстан Республикасының
              2000.03.29. N 42 Заңымен.  

Z000042_

  
     ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.16. N 163  
              Заңымен.  

Z010163_

 
     
     9-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар
                       қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi

     1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы
әрекеттерге жол берген қызметкерлер қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес жауапты болады.
     2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар
iс-әрекеттерiмен келтiрген залалды өздерi Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.

                III бөлiм. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу

     10-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу негiздерi

     1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн:
     а) қозғалған қылмысты iстiң болуы;
     б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға келiп
түскен:
     - әзiрленiп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық
бұзушылық;
     - жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе
қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар;
     - азаматтардың хабарсыз кетуi және танылмаған мәйiттердiң
табылуы;


      - шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекеттерi туралы хабарламалар;
      в) өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары, сондай-ақ соттың ұйғарымдары;
      г) құқықтық көмек туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының сауал салулары;
      д) қоғам, мемлекет мүддесi мен оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту мүддесiне орай барлау ақпараттарын алу қажеттiгi жөнiндегi хабарламалар негiз болады.
      2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде өзiнiң не өзге мемлекеттiк органдардың бастамасы бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi:
      - iшкi iстер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауiпсiздiк, әскери барлау, қаржы полициясы, Шекара әскерлерi органдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жұмысқа және қызметке қабылдау туралы; <*>
      - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде;
      - мемлекеттiк құпия болып табылатын мағлұматтарға немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн апат немесе экологиялық қаупi аса жоғары объектiлер мен ғимараттарды пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат беру туралы; <*>
      - жедел-iздестiру қызметiне қатысуға рұқсат беру немесе оны

жүзеге асыру нәтижесiнде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат
беру туралы;
     - жеке детективтiк және күзет қызметiмен айналысуға рұқсат
берiлгенi туралы деректер жинауға құқылы.
     3. Көрсетiлген негiздер түпкiлiктi болып табылады және тек
заңмен ғана толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.
     ЕСКЕРТУ. 10-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 
              1995.12.25. N 2725 жарлығымен  

U952725_

 , Қазақстан 
              Республикасының 1996.07.15. N 31-1 Заңымен.  

Z960031_

  
     ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.16. N 163 
              Заңымен.  

Z010163_

 
     ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 
              Заңымен. 

Z010244_

 

     11-бап. Жедел-iздестiру шаралары

     1. Жедел-iздестiру шаралары - бұл жедел-iздестiру қызметiн
жүзеге асырушы органдардың өз құзыретi шегiнде осы Заңның 2-бабында
көзделген мiндеттердi шешуге бағытталған iс-әрекеттерi.
     2. Жалпы жедел-iздестiру шаралары мыналар:
     - азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан
хабарламалар алу;
     - азаматтар жария және жасырын қатынастар орнату, оларды
жедел-iздестiру қызметiне пайдалану;
     - қызметкерлердi қылмысты ортаға енгiзу;
     - қылмысты iс-әрекетке елiктеу мiнез-құлық үлгiсiн қолдану;
     - астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құру;
     - берiлетiн өнiмдерге жедел бақылауды жүзеге асыру;
     - арнаулы техникалық құралдарды қолдану;
     - мекемелердiң, кәсiпорындардың және ұйымдардың (олардың
бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан) есептерi бойынша
анықтамалар мен тексерулер жүргiзу;
     - зерттеу үшiн сынамалар мен үлгiлер iрiктеп алу;
     - бақылау үшiн сатып алу;
     - iздеу-қызмет иттерiн пайдалану;
     - белгiлерi бойынша жеке адамды iздеу және ұқсастыру;
     - құқыққа қарсы әрекеттер iздерiн табу, жасырын анықтау және
алу, оларды алдын ала зерттеу;
     - қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның iзiне түсу және оны
ұстау;


      - ұсталған адамдарды жеке тексерудi, қылмысты iс-әрекетке қатысты болуы мүмкiн заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексерудi, көлiк құралдарын тексерудi жүзеге асыру;
      - қарулы қылмыскерлердi қолға түсiру жөнiнде операциялар

жүргiзу;
     - жедел, қылмыстар есептерi және қылмыстық тiркеу жүйелерi
бойынша тексеру болып табылады.
     3. Арнаулы жедел-iздестiру шаралары мыналар:
     - сотталғандардың хат-хабарын цензуралау;
     - почта жөнелтiлiмдерiн бақылау;
     - байланыстың почта, телеграф арналарында сыртқы белгiлерi
бойынша жедел iздеулер;
     - телефонмен және өзге сөйлесулердi тыңдау;


      - байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерiнен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау;
      - соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өмiрiне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигiзбейтiн заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау;
      - тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру.

      12-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу шарттары

      1. Адамдардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жерi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататындығы, дiнге қатынасы мен саяси сенiмi, егер заңмен өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге кедергi бола алмайды.
      2. Осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар жүргiзедi және бұл шаралар олардың құзыретi шегiнде шектеледi. Ішкі істер органдары осы Заңның 11-бабының 2-тармағында тізіп көрсетілген жедел-іздестіру шараларын Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, ал Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары - Ішкі істер министрлігінің тергеу изоляторларында жүзеге асыруға құқылы. <*>
      Осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын:
      а) ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі және қаржы полициясы органдары - сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрiнде почта жөнелтiлiмдерiне бақылау жасау; телефонмен және өзге сөйлесулердi тыңдау; компьютер жүйелерiнен және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды алып-тастау; байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру; <*>
      б) ұлттық қауiпсiздiк органдары - почта жөнелтiлiмдерiн бақылау; байланыстың почта-телеграф арналарында сыртқы белгiлерi бойынша жедел iздестiру; телефонмен және өзге сөйлесулердi тыңдау; байланыстың техникалық арналарынан, компьютерлiк жүйелерден және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау, байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және жайларға, үйлерге, ғимараттарға жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру;
      в) жедел қамтамасыз ету объектiлерiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Шекара әскерлерiнiң жедел органдары әскери барлауы мен Президентiнiң Күзет қызметi - байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру; телефонмен және өзге сөйлесулердi тыңдау; байланыстың техникалық арналарынан, компьютерлiк жүйелерден және басқа да техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау iсiн жүзеге асырады. <*>
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, Ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау, қаржы полициясы, Шекара әскерлерi органдары мен Президентiнiң Күзет қызметi қажет болған жағдайда осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көрсетiлген арнаулы шараларды ұйымдастыру мен жүргiзуде өзара жәрдемдесуге мiндеттi. <*>
      6-бапта көрсетiлген барлық органдардың мiндеттерi шешу мүддесiне орай телекоммуникациялар желілері мен байланыстың почта арналарын пайдалануына орай арнаулы жедел-iздестiру шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары жүзеге асырады, бұл үшiн оларға қажеттi күштер мен қаржы бөлiнедi. <*>
      3. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге құқығы бар қызметтердiң, бөлiмшелердiң және қызметкерлер санаттарының тiзбесiн жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың басшылары белгiлейдi.
      4. Заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтiлiмдерi құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйдi қол сұғудан қорғау құқығын қозғайтын жедел-iздестiру шаралары тек ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды, сондай-ақ қылмысты топтар әзiрлеп жатқан және жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшiн прокурордың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
      Мұндай шараларды жүргiзуге рұқсатты жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының бас прокуроры, оның орынбасарлары, республиканың әскери прокуроры, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар бередi.
      5. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, шет мемлекеттер мен шетел ұйымдарының арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру мақсатында қол сұғушылықтарын анықтау, алдын алу және болдырмау мақсатында тек қана барлау хабарламасын алу үшiн осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шаралары Қазақстан Республикасының бас прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      6. Жекелеген адамдардың өмiрiне, денсаулығына, меншiгiне қауiп төнген жағдайда олардың өтiнiшi немесе жазбаша келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi орган басшысы бекiткен қаулы негiзiнде, 24 сағаттың iшiнде мiндеттi түрде прокурорды хабардар ете отырып, олардың телефондарынан немесе басқа да сөйлесу құрылғыларынан жүргiзiлген сөйлесулердi тыңдауға рұқсат етiледi.
      7. Кейiнге қалдыруға болмайтын және террорлық әрекет бiлдiру және басқа да ауыр қылмыстар жасауға әкелiп соғуы мүмкiн жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi тиiстi орган басшылары бiрiнiң дәлелдi қаулысы негiзiнде прокурорды хабардар ету және соңынан 24 сағаттың iшiнде рұқсат алу арқылы осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге жол берiледi.
      8. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге рұқсат алу кезiнде прокурорға жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет жасаушы немесе қызмет жасаған азаматтардың жеке басы туралы мағлұматтар құпиясын ашуға мүмкiндiк бермейтiн нысанда және мазмұнда оларды жүргiзуге негiздеме материалдар тапсырылады.
      9. Жасырын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру және оларды жүргiзу тактикасы "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Құпияландыруға жататын мағлұматтар тiзбесiне сәйкес қызметтiк, әскери және мемлекеттiк құпияны құрауы мүмкiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 12-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
               1995.12.25. N 2725 жарлығымен U952725_ , Қазақстан
               Республикасының 1996.07.15. N 31-1 Заңымен. Z960031_ .
      ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.16. N 163
                Заңымен. Z010163_
      ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244
               Заңымен. Z010244_

      13-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
                     органдарға жәрдемдесу

      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ведомстволарының, кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң (бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмшелерiнiң, құрамаларының және қоғамдық бiрлестiктерiнiң лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлерi осы Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуде жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдарға жәрдемдесуге мiндеттi.
      2. Жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу органдарымен қызмет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келiсiмiмен жедел-iздестiру шараларын әзiрлеуге және жүргiзуге (соның iшiнде келiсiм-шарт бойынша) тартылуы мүмкiн. Бұл адамдар жедел-iздестiру шараларын әзiрлеу немесе жүргiзу барысында өздерiне мәлiм болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрiнеу жалған хабарлама бермеуге мiндеттi. Осындай мағлұматтарды жария еткенi және көрнеу жалған хабарлама бергенi үшiн олар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапқа тартылады.
      3. Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдар кәмелетке толған әрекет қабiлетi бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, бiлiмiне, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататынына, саяси және дiни сенiмiне қарамастан ынтымақтасу туралы келiсiм-шарт жасай алады. Келiсiм-шарттың түрi, оның қолданылу шарты мен мерзiмi ведомстволық қалыптық құжаттармен белгiленедi.

      14-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн пайдалану

      1. Жедел-iздестiру қызметi үрдiсiнде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзiрлеу және жүзеге асыру, қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау және ашу жөнiндегi жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн, сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес олар тексерiлгеннен кейiн қылмыстық iс бойынша айғақтар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
      2. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу нәтижесiнде алынған материалдар оларға қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген сипат бергенге дейiн, не оларды қылмыс процесiне енгiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда ешқандай құқықтық зардаптарға әкелiп соқпайды және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектеу үшiн негiз бола алмайды.
      3. Жедел-iздестiру қызметiн ұйымдастыру, нақты жедел-iздестiру шаралары, хабарламаларды алу көздерi мен тәсiлдерi туралы мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мағлұматтар заңдарда көзделген реттерден басқа жағдайда, сондай-ақ азаматтардың жеке өмiрiне, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне қатысты мағлұматтар, жария етiлмейдi.
      4. Кәсiби мiндеттерiн орындау нәтижесiнде жедел-iздестiру қызметi туралы өзiне мәлiм болған мағлұматтарды жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапты болады.

      15-бап. Жедел-iздестiру қызметiндегi шектеулер

      Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу кезiнде:
      - аса қажет және қорғаныс қажет болған жағдайда басқа реттерде азаматтардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне нақты қатер төндiретiн iс-әрекеттер жасауға;
      - қандай да бiр саяси партияның, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң мүддесi үшiн әрекет етуге;
      - азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және арандатуға;
      - азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектейтiн зорлық-зомбылық жасауға, қатер төндiруге, бопсалауға және өзге де заңсыз әрекеттер жасауға;
      - жедел-iздестiру материалдарын бұрмалауға, сол сияқты көрiнеу

күмәндi не жалған мағлұматтарды пайдалануға тыйым салынады.

     16-бап. Жедел-iздестiру шараларын тоқтату негiздерi

     Жедел-iздестiру шаралары:
     - жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу арқылы шешу көзделген
мiндеттер орындалған ретте;
     - алға қойылған мiндеттердiң шешiлуi объективтi түрде мүмкiн
еместiгiн растайтын жағдайлар анықталған ретте;
     - тексерiлетiн адамды Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген негiздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар
анықталған кезде тоқтатылады.
     Жедел-iздестiру шаралары жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асырушы органдардың қалыптық құжаттарында көзделген мерзiмде
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келiсiмiмен жүзеге
асырылады, тоқтатыла тұрады, тоқтатылады.

            IV бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
                      асырушы органдардың өзара iс-қимылы 

     17-бап. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн
             жүзеге асырушы органдарының өзара iс-қимылы

     Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асырушы органдары:


      - өздерiнiң алдарында тұрған мiндеттердi дербес, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасап, мемлекеттiк, қоғамдық және өзге ұйымдардың мүмкiндiгiн, сондай-ақ азаматтардың жәрдемiн пайдалана отырып шешедi;
      - осы органдардың құзыретiне қатысты қылмыстық әрекеттердiң мәлiм болған деректерi туралы бiрiн-бiрi хабардар етiп отыруды қамтамасыз етедi және өзара қажеттi көмектi көрсетедi.

      18-бап. Басқа мемлекеттердiң органдарымен өзара iс-қимыл

      1. Басқа мемлекеттердiң жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқық берiлген органдары Қазақстан Республикасы аумағында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы заңда және тиiстi шарттар мен келiсiмдерде белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.
      2. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары басқа мемлекеттердiң аумақтарында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы Заңда, сондай-ақ тиiстi шарттар мен келiсiмдер негiзiнде сол мемлекеттердiң заңдарымен белгiленген

тәртiп пен шекте жүргiзедi.

     19-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың
             халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы

     Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың халықаралық
құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы құқықтық көмек туралы
шарттарға (келiсiмдерге) сәйкес және осы Заңда белгiленген қалыптар
шегiнде жүзеге асырылады.

              V бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай және
                       материалдық-техникалық қамтамасыз ету

     20-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай
                 қамтамасыз ету

     Жедел-iздестiру қызметiн қаржыландыру республикалық және
жергiлiктi бюджеттерден жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдарды ұстауға ұлттық валюта түрiнде де, шетел валютасы түрiнде
де бөлiнетiн қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1996.07.15. N 31-1 Заңымен.  

Z960031_

 . 
     ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.22. 
              N 327 Заңымен.  

Z980327_

  
     
     21-бап. Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық
                         қамтамасыз ету

     Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
     - республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаржыларынан.
     - 
<*>

     - 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1996.07.15. N 31-1 Заңымен.  

Z960031_

 . 
     ЕСКЕРТУ. 21-баптан 3,4 абзацтар алынып тасталды - Қазақстан 
              Республикасының 1998.12.22. N 327 Заңымен.  

Z980327_

  
     
              VI бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн
                        әлеуметтiк және құқықтық қорғау

     22-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар
             қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау



      1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып саналады және мемлекет қорғауында болады. Оларға өздерi штатына кiретiн министрлiктер мен ведомстволар қызметкерлерiнiң құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi қолданылады. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жұмыс ерекшелiктерi ескерiле отырып оларға қосымша жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.
      2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерi өздерiнiң қызмет бабында заң талаптарын басшылыққа алады әрi саяси партиялардың және саяси мақсаттарды көздейтiн бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың шешiмдерiне байланысты болмайды.
      3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы қызметкерлер мен органдардың заңды iс-қимылына заңмен тiкелей уәкiлдiк берiлген адамнан басқа ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде олар заңды басшылыққа алуға мiндеттi.
      4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары өз қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының жеке басының қауiпсiздiгiн, мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      5. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерiне қызмет мiндеттерiн лайықты орындау мақсатында арнаулы кәсiби даярлықтан өтуiне, бiлiктiлiгiн көтеруге және медициналық қызмет көрсетiлуi үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.

      23-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға
              жәрдемдесушi азаматтарды әлеуметтiк және құқықтық
                                қорғау

      1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесетiн азаматтар мемлекет қорғауында болады.
      2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге келiсiм бiлдiрген азаматтарға мемлекет осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және қалыптық құжаттарына сәйкес олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк бередi.
      3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға жәрдемдесуiне байланысты азаматтардың өмiрiне, сондай-ақ олардың отбасы мен жақын туыстарының денсаулығына немесе мүлкiне, заңға қайшы қол сұғушылықтың анық қаупi төнген кезде, бұл органдар құқыққа қарсы әрекеттi болдырмау, айыптыларды анықтап, оларды жауапқа тарту, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен оларды қорғау жөнiнде арнаулы жұмыстар жүргiзу үшiн барлық қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi. <*>
      4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн немесе қызмет iстеген азаматтар туралы мағлұматтар мемлекеттiк құпия болып табылады және олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жария етiлуi мүмкiн.
      5. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен қызмет iстейтiн азаматтар сыйақы алуға құқылы.
      6. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен азаматтардың айналысатын қызметiнiң негiзгi түрi ретiнде ақылы негiзде келiсiм-шарт бойынша ынтымақтасып қызмет iстеу кезеңi олардың жалпы еңбек стажына кiредi. Олар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақымен қамтамасыз етiлуге, қаза болған ретте олардың отбасылары мен асырауындағы адамдар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға құқылы.
      7. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен ынтымақтасып қызмет iстеген азамат жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуына байланысты қаза болған жағдайда оның отбасына және асырауындағы адамдарға:
      - ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеп, қаза болған адамның он жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде;
      - ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адам үшiн он жылдық ең төменгi жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
      8. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен ынтымақтасып қызмет iстеген азамат өзiнiң қатысуымен болған жедел-iздестiру шараларын жүргiзген кезде мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде оған:
      - ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшiн бес жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде;
      - ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшiн бес

жылдық ең төменгi жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы
төленедi.
     9. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуға байланысты қаза
болуға, мертiгуге не денсаулықтың өзгедей зақымдануына орай
келтiрiлген залалдың орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкiметi
белгiлеген тәртiппен жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның
қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
     ЕСКЕРТУ. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1996.07.15. N 31-1 Заңымен.  

Z960031_

  

          VII бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн бақылау
                            және қадағалау

     24-бап. Ведомстволық бақылау



      Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары

жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу кезiнде
заңдылықтың сақталуына бақылауды қамтамасыз етедi.
     Жоғары тұрған ведомстволық органдар өздерiне бағынысты
органдардың жедел-iздестiру қызметiне бақылау жасауды қамтамасыз
етедi.

     25-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалау

     Жедел-iздестiру қызметiнде заңдардың орындалуын қадағалауды
Қазақстан Республикасының бас прокуроры және оған бағынатын
прокурорлар жүзеге асырады.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi