Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 407-VI ҚРЗ.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 54-құжат; № 12, 61, 63-құжаттар; № 14, 68, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат):

      22-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның осы Кодекстің 39-2-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сатып алынған активтерді сатуынан түсетін түсімдерден;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мұнай секторы ұйымдарына:

      1) шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;

      2) шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;

      3) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы жатады.

      Келесі қаржы жылына мұнай секторы ұйымдарының тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті орган бірлесе отырып, ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына қарай бекітеді.".

      2. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-І, 23-ІІ, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат):

      1) мазмұнында:

      168-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "168-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 416-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "416-1-бап. Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізілген кедендік тексерудің жарамсыздығы";

      55-тараудың және 505, 512, 519 және 526-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі";

      "505-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі";

      "512-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі";

      "519-бап. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі";

      "526-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 571-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "571-бап. Камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық қатынастар жөніндегі өтпелі ережелер";

      2) 2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін осы Кодекстің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібіне байланысты кедендік құқықтық қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен реттеледі.";

      4) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауарларды сыныптауды жүзеге асыру;";

      5) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін осы Кодекстің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу;";

      6) 45-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Электрондық құжат түрінде берілген тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке осы тармақтың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мәліметтер мен ақпаратты растайтын құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері қоса беріледі.";

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 46-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім кеден органында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады. Бұл ретте бұрын дәл сол бір марканы, модельді, артикул мен модификацияны қамтитын нақ сол бір атауы (коммерциялық атау, фирмалық атау (тауар белгісі) бар тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылданған тауарлар бойынша тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім кеден органында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.";

      8) 49-бапта:

      1-тармақтағы "жазбаша өтініші негізінде" деген сөздер "электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініші негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы қағаз жеткізгіште берілген өтінішке – қағаз жеткізгіштегі құжаттар, ал электрондық құжат түрінде берілгеніне мынадай құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері:";

      6-тармақтың екінші бөлігі "хабардар етілген" деген сөздерден кейін "не электрондық нысанда хабардар етілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 50-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "отыз" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 51-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы "жазбаша түрде" деген сөздерден кейін "не электрондық нысанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 54-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы "жазбаша өтініштерінде" деген сөздер "берілген құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 89-баптың 3-тармағының үшінші абзацындағы "қолданылған, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кеден органдарының және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды." деген сөздер "қолданылған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабына және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабына сәйкес қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кеден органдарының және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.";

      13) 92-баптың 6-тармағының сегізінші бөлігіндегі "1 және 3-тармақтарында" деген сөздер "1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 96-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;

      15) 101-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кеден органы кепіл ресімделген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілі шартын тіркейді.";

      16) 106-баптың 6-тармағының бірінші абзацындағы "органы:" деген сөз "органы есептеген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, оның ішінде кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар сомасының ұлғайтылуын немесе азайтылуын қамтитын сомасы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есепке жазылған сомасы болып табылады." деген сөздермен ауыстырылып, 1), 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      17) 107-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

      1) тармақшадағы "әділет органына", "бес" деген сөздер тиісінше "тіркеуші органға", "үш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "әділет органдарын" деген сөздер "тіркеуші органды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 110-баптың 5-тармағындағы "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      19) 111-баптың 2-тармағындағы "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      20) 112-баптың 3-тармағының үшінші абзацындағы "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21) 115-баптың үшінші бөлігіндегі "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 117-баптың 2-тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өтеу туралы хабарлама төлеушіге:";

      2) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақшадағы "және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымды қараудың қорытындылары туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін, бірақ он бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге" деген сөздер "шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 125-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда:

      1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек, өсімпұлдар, пайыздар өтелмеген жағдайда – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде;

      2) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда – осы Кодекстің 417-бабының 3-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      3) осы Кодекстің 420-бабының 3-тармағында көзделген, тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруден бас тарту жағдайларынан басқа, осы Кодекстің 420-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруінен негізсіз бас тартылған жағдайда – лауазымды адамдардың кіруінен бас тарту туралы хаттама жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      4) төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде болмауына байланысты, пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген: бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны, тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және (немесе) кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаны қайтарған жағдайда – қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығару арқылы жүргізіледі.";

      2-тармақтың бірінші абзацындағы "Банктік шоттар" деген сөздер "Төлеушінің банктік шоттары" деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, төлеушінің барлық шығыс операцияларына, ал осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың көрсетілген сомалары шегінде қолданылады.";

      24) 147-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы бапта көзделген тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін уәкілетті орган белгілейді.";

      25) 150-баптың 3-тармағында:

      екінші бөлікте:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) егер кеден органы лауазымды адамының тауардың кедендік құнын қате айқындау және (немесе) растау фактісі анықталған болса, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талап және (немесе) шешім қайта қаралған және (немесе) осы Кодекстің 410-бабының 10 және 19-тармақтарына сәйкес бұрын расталған тауардың кедендік құны қайта қаралған;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) көрсетілген хабарламалармен келіскен жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламада, тексеру нәтижелері туралы хабарламада немесе кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламада көзделген мерзімдерде бұзушылықтарды өз бетінше жойған;";

      7) тармақшадағы "төлеген жағдайларда тартылмайды." деген сөздер "төлеген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) электрондық нысанда кедендік декларациялау жөніндегі ақпараттық жүйенің жұмысында уәкілетті орган растаған, электрондық нысанда кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау жөніндегі міндеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен орындалмауына алып келген қателер туындаған кезде тартылмайды.

      Бұл ретте уәкілетті органның қателердің туындау фактісін растау мерзімі декларант электрондық нысанда кедендік декларациялау жөніндегі ақпараттық жүйенің жұмысында қателердің туындағаны туралы өтініш жасаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері кеден өкіліне және уәкілетті экономикалық операторға қолданылады.";

      26) 154-баптың 5-тармағында:

      бірінші абзац "өзге де тұлғалар" деген сөздерден кейін "теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген кедендік операциялар тауарлар келетін жерде кедендік бақылауды жүзеге асыратын кеден органымен келісілген теміржол станциясы жұмысының технологиялық процесінде белгіленген уақыт ішінде жасалады.";

      27) 166-бапта:

      2-тармақтағы "Үй-жайларды немесе ашық алаңдарды өз", "уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша" деген сөздер тиісінше "Өз", "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.

      Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.";

      "7. Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.";

      28) 168-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "168-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтата тұру туралы хабардар етеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;

      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.

      Заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өз тауарларын сақтау қоймасы иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қараған кезде заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.";

      29) 169-бапта:

      1-тармақтың 6) тармақшасы "иесінің" деген сөзден кейін "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.

      3. Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған кезде, оларда сақталатын тауарлар осы баптың 2-тармағында көзделген өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей уақытша сақтау қоймасына орналастырылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға тиіс.

      4. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған кезде өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың 2-тармағында көзделген өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      30) 202-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Шартты" деген сөз "Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шартты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтың 1) тармақшасындағы "3" деген цифр "4" деген цифрмен ауыстырылсын;

      31) 253-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында" деген сөздер "кедендік аумақта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 264-баптың 9-тармағының бірінші бөлігіндегі "қайта өңдеу мерзімі аяқталған" деген сөздер "кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 277-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі "қайта өңдеу мерзімі аяқталған" деген сөздер "ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) 415-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргізілген үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісі жасалады және үй-жайлары және (немесе) аумақтары қарап-тексерілген тұлғаға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.";

      35) 416-бап мынадай мазмұндағы 6-1, 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. Тексерілетін тұлға тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өзінің орналасқан жеріндегі кеден органына таратуға құжаттардың берілуіне байланысты кедендік тексеру жүргізу туралы өтінішті бір мезгілде ұсына отырып жазбаша хабарлайды.

      Бұл ретте кедендік тексеру тексерілетін тұлғаның орналасқан жеріндегі кеден органы таратуға құжаттардың берілуіне байланысты кедендік тексеру жүргізу туралы өтінішті алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей басталуға тиіс.";

      "11. Осы баптың 12-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 417, 418 және 419-баптарында көзделген құжаттарды кеден органы жібереді немесе қолын қойғызып табыс етеді.

      Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірі арқылы жіберілген құжаттар мынадай жағдайларда:

      1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілгенде – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойылған күннен бастап;

      2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:

      құжат веб-қосымшаға жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      Көрсетілген тәсіл:

      уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген төлеушіге қолданылады;

      құжат "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      Көрсетілген тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.

      12. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша ынтымақты міндет туындаған жағдайда кедендік тексеруді жүргізген кеден органы кеден өкіліне жіберу үшін тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірме жасайды.

      Бұл ретте біреуден артық кеден өкілінде ынтымақты міндет туындаған жағдайда үзінді көшірме әрбір кеден өкілі үшін бөлек жасалады.

      Тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірменің нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      Бұл ретте тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірме кеден өкіліне тексерілетін тұлғаға тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және кедендік тексеру актісін жіберумен бір мезгілде жіберіледі немесе табыс етіледі.

      Пошта операторы немесе байланыс операторы кеден өкілінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде болмауы себебінен тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірмені қайтарған жағдайда кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді көшірме қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі куәгерді тарта отырып, кеден өкілінің орналасқан жерінде зерттеп-қарау жүргізеді.

      Зерттеп-қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      жасалған орны, күні және уақыты;

      зерттеп-қарау актісін жасаған кеден органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);

      кеден органының атауы;

      тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;

      кеден өкілінің атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

      зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат.

      Кеден органының лауазымды адамы мен кеден өкілі әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны кемінде екі адам болатын кәмелетке толған әрекетке қабілетті азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен кеден өкілі жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.

      Зерттеп-қарау нәтижесінде кеден өкілінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда зерттеп-қарау актісі жасалған күн үзінді көшірмені табыс ету күні болып табылады.";

      36) мынадай мазмұндағы 416-1-баппен толықтырылсын:

      "416-1-бап. Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі

      талаптарды өрескел бұза отырып жүргізілген

      кедендік тексерудің жарамсыздығы

      1. Егер кедендік тексеруді кеден органдары осы баптың 2-тармағында белгіленген, кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, ол жарамсыз деп танылады.

      2. Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:

      осы Кодексте белгіленген кедендік тексеру жүргізу мерзімдерін бұзу;

      тексерілетін тұлғаға кедендік тексерудің алдын ала актісін жібермеу немесе табыс етпеу;

      нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақ кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің болмауына және (немесе) тексерілетін тұлғаның оларды ұсынбауына байланысты бұзу фактілері анықталған камералдық кедендік тексеруді осындай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткенге дейін аяқтау.

      3. Кедендік тексеруді жарамсыз деп тану уәкілетті органның және (немесе) соттың кедендік тексеру актісі мен тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюы үшін негіз болып табылады.";

      37) 417-бапта:

      2-тармақта:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 3-1-тармағында көзделген жағдайда, камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама және құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талап тексерілетін тұлғаға жіберілмейді.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Камералдық кедендік тексеруді жүргізу мерзімі тексерілетін тұлғаға осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, өзге де ұйымдарға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарына сұрау салуларды жіберу күні мен құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты алу күні арасындағы уақыт кезеңі қосылмайды.";

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері;";

      3) тармақша ", сондай-ақ шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесінде алынған деректер" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

      7) тармақша ", сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3, 3-4, 3-5, 3-6 және 3-7-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың 3-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген негіз бойынша камералдық кедендік тексеруді жүргізу кезінде кеден органы тексерілетін тұлғаға анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібереді немесе табыс етеді.

      Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға анықталған бұзушылықтарды кедендік декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және (немесе) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу арқылы өз бетінше жою құқығын беру мақсатында жіберіледі немесе табыс етіледі.

      Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.

      Пошта операторы немесе байланыс операторы тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде болмауы себебінен бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қайтарған жағдайда, кеден органы мұндай хабарлама қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі куәгерді тарта отырып, осындай тұлғаның орналасқан жерінде зерттеп-қарау жүргізеді.

      Зерттеп-қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      жасалған орны, күні және уақыты;

      зерттеп-қарау актісін жасаған кеден органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);

      кеден органының атауы;

      тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;

      тексерілетін тұлғаның атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

      зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат.

      Кеден органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлға әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны кемінде екі адам болатын кәмелетке толған әрекетке қабілетті азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлға жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.

      Зерттеп-қарау нәтижесінде тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда зерттеп-қарау актісі жасалған күн хабарламаны табыс ету күні болып табылады.

      Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға осындай хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.

      3-2. Мыналар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады:

      1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – бұзушылықтарды жою туралы хабарламада қамтылған анықталған бұзушылықтарды кедендік декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және (немесе) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу арқылы жою;

      2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – тексерілетін тұлғаның анықталған бұзушылықтар бойынша растайтын құжаттарды, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді қоса бере отырып, электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде түсінік ұсынуы.

      Түсінікте мыналар көрсетілуге тиіс:

      тексерілетін тұлға түсінікке қол қойған күн;

      түсінік ұсынған тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

      тексерілетін тұлғаның сәйкестендіру нөмірі;

      бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберген кеден органының атауы;

      түсінік ұсынылып отырған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нөмірі мен күні;

      түсінік ұсынған тексерілетін тұлғаның келіспеу негіздері мен дәлелдемелері болып табылатын мән-жайлар.

      Электрондық құжат түрінде ұсынылған түсінікке осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері қоса беріледі.

      3-3. Тексерілетін тұлға ұсынған түсінікпен келіскен кезде кеден органы мұндай түсінікті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тексерілетін тұлғаға хабар береді.

      Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмады деп танылған кезде кеден органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығарады және оны тексерілетін тұлғаға:

      тексерілетін тұлға түсінік пен құжаттарды ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

      тексерілетін тұлға түсінік пен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді немесе табыс етеді.

      Бұл ретте бұзушылықтарды жою туралы хабарлама, хабархат немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.

      Тексерілетін тұлға уәкілетті органға немесе сотқа бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімге шағым жасауды ол табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шағымның (арыздың) көшірмесін бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығарған кеден органына жібере отырып жүзеге асырады.

      Шағым берудің белгіленген мерзімі дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда уәкілетті орган тексерілетін тұлғаның өтінішхаты бойынша шағым беру мерзімін қалпына келтіреді.

      Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім жіберілген тұлғаның, сондай-ақ тексерілетін тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша қабілетсіздігі дәлелді себеп ретінде танылады.

      Осы тармақтың ережелері бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім жіберілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда аталған адамдар болмаған кезде оларды алмастыратын адамдардың болуын көздемейтін тексерілетін тұлғаларға қолданылады.

      Бұл ретте тексерілетін тұлға шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақта аталған адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңін растайтын құжатты және тексерілетін тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.

      Тексерілетін тұлғаның шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын уәкілетті орган шағым мен өтінішхатты тексерілетін тұлға осы тармақта аталған адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда қанағаттандырады.

      3-4. Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 125-бабына сәйкес төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.

      3-5. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ол осы баптың 3-3-тармағының екінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімге шағым (арыз) берген кезде:

      1) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – уәкілетті орган жазбаша шешім шығарғанға дейін;

      2) сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүзеге асырылмайды.

      Уәкілетті органға немесе сотқа бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым (арыз) берілген кезде бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өтуі:

      1) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – уәкілетті орган жазбаша шешім шығарғанға дейін;

      2) сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      3-6. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған кезде кеден органы осы баптың 3-1, 3-2, 3-3, 3-4 және 3-5-тармақтарын қоспағанда, осы бапта көзделген тәртіппен камералдық кедендік тексеруді тағайындауға және жүргізуге құқылы.

      3-7. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған кезде кеден органы көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.";

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "3), 4), 5), 6)" деген цифрлар "7)" деген цифрмен ауыстырылсын;

      5-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талап табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде кеден органы кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну мерзімін тексерілетін тұлғаның уәжді өтінішін негізге ала отырып, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күнге дейін ұзарта алады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну ұзартылатын мерзімді кеден органы тексерілетін тұлғаның уәжді өтінішін негізге ала отырып айқындайды, бірақ ол құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу осы Кодекстің 399-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      8-тармақта:

      бірінші бөліктегі "бұзушылықтарды жою туралы хабарламадағы" деген сөздер "тексеру нәтижелері туралы хабарламада қамтылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші бөліктердегі "Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны", "Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның" деген сөздер тиісінше "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны", "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта:

      бірінші бөліктегі "бұзушылықтарды жою туралы хабарлама" деген сөздер "тексеру нәтижелері туралы хабарлама" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Камералдық кедендік тексеру актісінің бірінші данасы камералдық кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы камералдық кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Осы баптың 9-тармағында көзделген камералдық кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін кеден органы тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жібереді немесе табыс етеді.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі деп кеден органы жасаған камералдық кедендік тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат түсініледі.

      Камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.

      Бұл ретте тексерілетін тұлға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуға құқылы.

      Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексеру актісімен бір мезгілде жіберіледі немесе табыс етіледі.";

      11-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Осы баптың 9 және 10-тармақтарында" деген сөздер "Осы бапта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақ алып тасталсын;

      38) 418-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Тексерілетін тұлғаның орналасқан жеріндегі кеден органы көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органы болып табылады.

      Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері уәкілетті органның тапсырмасы бойынша көшпелі кедендік тексерулер жүргізу жағдайларына қолданылмайды.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) кешенді көшпелі кедендік тексеру.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Кешенді көшпелі кедендік тексеру тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізіледі.

      Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      Кешенді көшпелі кедендік тексерулер кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графигі бойынша жүргізіледі.

      Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізілетін кешенді көшпелі кедендік тексерулердің мерзімділігі тексерілетін тұлғаға қатысты жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.

      Кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графиктерінің нысанын уәкілетті орган айқындайды.

      Кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Уәкілетті орган кешенді көшпелі кедендік тексерулердің графигін өзінің интернет-ресурсында:

      бірінші жартыжылдыққа – кешенді көшпелі кедендік тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін;

      екінші жартыжылдыққа – кешенді көшпелі кедендік тексерулер жүргізілетін ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырады.

      Кеден органдары кешенді көшпелі кедендік тексеруді жүргізу басталардан кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тексерілетін тұлғаға нысанын уәкілетті орган белгілеген кешенді көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы хабархатты жібереді немесе табыс етеді.";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеден органының лауазымды адамы кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жібереді немесе табыс етеді.";

      18-тармақтың үшінші бөлігінде:

      "хабарлама" деген сөз "хабархат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "қолын қойдырып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі" деген сөздер "осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақта:

      бірінші бөлік:

      "актісін" деген сөзден кейін "осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      "табыс етеді" деген сөздердің алдынан "жібереді немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.";

      21-тармақтың үшінші бөлігінде:

      "тексерілетін тұлғаға" деген сөздерден кейін "осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      "немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі" деген сөздер алып тасталсын;

      27-тармақта:

      бірінші бөліктегі "Осы тармақта" деген сөздер "Осы бапта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      39) 419-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      40) 437-баптың 3, 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Электрондық кедендік алып жүруді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасына сәйкес айқындайтын халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы байланыс арналары бойынша сигнал беру арқылы көлік құралының орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің техникалық жабдығы орнатылған көлік құралын қадағалау, оның жүріп-тұруын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады.";

      "5. Кеден органы электрондық кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, кеден органы декларантты, тасымалдаушыны және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын осындай шешім қабылдағаны туралы хабардар етеді және осындай шешім қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей электрондық кедендік алып жүруді ұйымдастырады.

      6. Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ кеден органының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен тасымалдаушының электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      41) 450-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары – кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану мақсаттары үшін кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды бағалау жүргізілетін белгілер жиынтығы;";

      42) 452-баптың 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды саралап қолдану мақсатында кеден органдары кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары негізінде төмен, орташа немесе жоғары тәуекел деңгейінің санаттарына жатқызу арқылы оларды санаттауды жүзеге асыра алады.

      Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын кеден органы айқындайды және ол Қазақстан Республикасының заңнамасында қолжетімділігі шектелген құпия ақпарат болып табылады.

      Уәкілетті орган айқындайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары құпия ақпарат болып табылмайды.";

      "5. Тәуекелдердің бейіндері мен индикаторларында қамтылған ақпарат:

      1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және (немесе) әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері;

      2) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешектің, өсімпұлдардың, пайыздардың болуы;

      3) уәкілетті орган бекітетін, тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын тәуекелдердің құндық индикаторларын қалыптастыру әдістемесі;

      4) уәкілетті орган бекітетін, тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесі туралы ақпаратты қоспағанда, құпия болып табылады.";

      43) 461-бапта:

      2-тармақ "уәкілетті органға" деген сөздерден кейін "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзацтағы "Өтінішке" деген сөз "Электрондық түрдегі өтінішке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "(түпнұсқалар не олардың нотариат куәландырған көшірмелері)" деген сөздер алып тасталсын;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты қоса беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарда қамтылатын ақпаратты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда оларды ұсыну талап етілмейді.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.";

      алтыншы бөлікте:

      бірінші сөйлемдегі "жазбаша немесе электрондық нысанда" деген сөздер "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлем алып тасталсын;

      44) 463-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;";

      5) тармақшаның екінші бөлігіндегі "жазбаша немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш уәкілетті органда тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Уәкілетті органның зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы шешімі кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті орган зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімнен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей құқық иеленушіні немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      45) 55-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі";

      46) 475-баптың 1-тармағындағы "және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға" деген сөздер алып тасталсын;

      47) 485-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "тиісті бұйрық қабылданған күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірілмей" деген сөздер "тиісті шешім күшіне енген күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қоспағанда, заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы өтініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.";

      48) 486-бапта:

      13-тармақта:

      "496-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің" деген сөздер "496-бабы 1-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "535-бабының" деген сөздерден кейін "10, 11," деген цифрлармен толықтырылсын;

      ", 19, 20 және 21-тармақтарына" деген сөздер "және 19-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта:

      бірінші бөлік:

      "кепілгерге" деген сөзден кейін "және (немесе) сақтандыру ұйымына" деген сөздермен толықтырылсын;

      "шартында" деген сөзден кейін "және (немесе) сақтандыру шартында" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік үшінші абзацындағы "кепілгердің бұлжытпай және міндетті орындауына жатады." деген сөздер "– кепілгердің;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "мұндай талапты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының бұлжытпай және міндетті орындауына жатады.";

      үшінші бөлікте:

      "банк" деген сөзден кейін ", сақтандыру ұйымы" деген сөздермен толықтырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      49) 489-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.";

      50) 490-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті органға кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.";

      2-тармақта:

      бірінші абзац "растайтын" деген сөзден кейін "электрондық түрдегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша "азаматтық-құқықтық" деген сөздердің алдынан "сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3, 5 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарда қамтылатын ақпаратты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда оларды ұсыну талап етілмейді.";

      "5. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.

      Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті орган кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.";

      "7. Заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.";

      51) 491-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кеден өкілінің кеден өкілі ретінде қызметін тоқтата тұру туралы кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;";

      3) тармақшадағы "және 137-бабының 4-тармағына" деген сөздер ", 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш уәкілетті органда тіркелген;

      осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес кеден органы мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті орган кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.

      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген кеден өкілінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.

      5. Заңды тұлға кеден өкілі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін уәкілетті органға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметін қайта бастау;

      осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, мұндай тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.

      Заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметі кеден өкілінің қызметін қайта бастау туралы шешім негізінде қайта басталады, ол кеден өкілінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті орган кеден өкілінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден өкілі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда кеден өкілінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген кеден өкілі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші кеден өкілінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      52) 492-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша "өкілінің" деген сөзден кейін "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақшадағы "551-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін" деген сөздер "536 және 551-баптары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) заңды тұлғалардың кеден өкілдері ретіндегі қызметі шеңберінде кеден өкілдерінің басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш уәкілетті органда тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті орган кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтағы "аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайта берген өтінішін уәкілетті орган тұлғаны осындай тізілімнен алып тастау туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды" деген сөздер "кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті уәкілетті орган кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың 2-тармағында көзделген кеден өкілін кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден өкілі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      53) 494-баптың 5-тармағында:

      4) тармақшадағы ", Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының (лауазымды адамының)" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) егер кеден органы лауазымды адамының тауардың кедендік құнын қате айқындау және (немесе) растау фактісі анықталған болса, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талапты және (немесе) шешімді қайта қарауға және (немесе) осы Кодекстің 410-бабының 10 және 19-тармақтарына сәйкес бұрын расталған тауардың кедендік құнын қайта қарауға;

      6) осы Кодекстің 51-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, кеден органы лауазымды адамының тауарларды қате сыныптау фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың кодын өзгертуге;

      7) осы Кодекстің 47-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, алдын ала шешімді берген кеден органы лауазымды адамының тауарларды қате сыныптау фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғанға дейін де, шығарылғаннан кейін де алдын ала шешімдерде көрсетілген тауарлардың кодын өзгертуге байланысты жағдайларды қоспағанда, кеден өкілі осындай міндетті өзі өкілдік ететін тұлғамен ынтымақты түрде орындайды.";

      54) 495-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      55) 496-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.";

      56) 497-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аумақтық кеден органына кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.";

      2-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "растайтын" деген сөзден кейін "электрондық түрдегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "мемлекеттік ақпараттық жүйелерден" деген сөздер "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.

      Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.";

      "6. Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.";

      57) 498-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы "кедендік тасымалдаушының" деген сөздерден кейін "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.";

      4-тармақтағы "Осы баптың 3-тармағында көзделген бұйрық қабылданған" деген сөздер "Осы баптың 3-тармағында көзделген кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметін қайта бастау;

      осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда мұндай тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.

      Заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кедендік тасымалдаушы қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда кедендік тасымалдаушының осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      58) 499-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша "тасымалдаушының" деген сөзден кейін "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы Кодекстің 500-бабының 2) және 4) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау жағдайларын қоспағанда, кедендік тасымалдаушыны күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 523, 524, 525, 526, 527, 528, 529, 530, 533, 534, 549, 550, 555 және 558-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;

      8) заңды тұлғалардың кедендік тасымалдаушылар ретіндегі қызметі шеңберінде кедендік тасымалдаушылардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша алып тасталған жағдайда, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың 2-тармағында көзделген кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      59) 501-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      60) 503-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшаның екінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "тәулік бойы режимінде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, уақытша сақтау қоймасының аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) уақытша сақтау қоймасының аумағына кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың уақытша сақтау қоймасының аумағына және (немесе) үй-жайларға кіруін және уақытша сақтау қоймасының аумағынан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйелерінің болуы;";

      "электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға және қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны периметрі бойынша сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебайқау құралдарына көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.";

      61) 504-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.";

      3-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.

      Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.";

      "6. Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.";

      62) 505-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "505-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уақытша сақтау қоймасы иесінің уақытша сақтау қоймасының қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.

      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      5-тармақтағы "осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап" деген сөздер "осы баптың 3-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңды тұлға уақытша сақтау қоймасы иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;

      осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.

      Заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасы иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы уақытша сақтау қоймасының иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасы иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда уақытша сақтау қоймасы иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.

      7. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      63) 506-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша "иесінің" деген сөзден кейін "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндетті орындамау жағдайын қоспағанда, уақытша сақтау қоймасының иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;

      8) заңды тұлғалардың уақытша сақтау қоймаларының иелері ретіндегі қызметі шеңберінде уақытша сақтау қоймаларының басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.";

      5-тармақтағы "бұйрық қабылданған" деген сөздер "уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Осы баптың 2-тармағында көзделген уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      64) 508-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      65) 510-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.";

      66) 511-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында кеден қоймасы құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.";

      3-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.

      Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.";

      "6. Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.";

      67) 512-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "512-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кеден қоймасы иесінің кеден қоймасының қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;";

      3, 4, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.

      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      "6. Заңды тұлға кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;

      осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.

      Заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы кеден қоймасының иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда кеден қоймасы иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.

      Осы Кодекстің 514-бабы 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау нәтижесінде заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, кеден қоймасы иесінің қызметі кеден қоймасының иесі мұндай қайта бастау туралы өтініш бермей кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін қайта басталады.

      7. Кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      68) 513-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша "иесінің" деген сөзден кейін "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) заңды тұлғалардың кеден қоймаларының иелері ретіндегі қызметі шеңберінде кеден қоймаларының басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.

      3. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың 2-тармағында көзделген кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      69) 515-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      70) 517-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.";

      71) 518-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында еркін қойма құрылатын аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.";

      3-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.

      Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.";

      "6. Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда, аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.";

      72) 519-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "519-бап. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) еркін қойма иесінің еркін қойманың қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;";

      3, 4, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.

      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      "7. Заңды тұлға еркін қойманың иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;

      осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.

      Заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы еркін қойма иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда еркін қойма иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген еркін қойманың иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.

      Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау нәтижесінде заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, еркін қойма иесінің қызметі еркін қойманың иесі мұндай қайта бастау туралы өтініш бермей еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін қайта басталады.

      8. Еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.";

      9-тармақ алып тасталсын;

      73) 520-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша "иесінің" деген сөзден кейін "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) заңды тұлғалардың еркін қоймалардың иелері ретіндегі қызметі шеңберінде еркін қоймалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;

      8) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндетті орындамау жағдайын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 538, 539, 540, 544, 551, 552, 555 және 558-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орындалмаған қаулының болуы және Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының көрсетілген бұзушылығына алып келген себептердің жойылмауы.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңды тұлға еркін қоймалар иелерінің тізілімінен осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша алып тасталған жағдайда, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Осы баптың 2-тармағында көзделген еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның еркін қойманың иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      74) 522-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      75) 524-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғалардың басшылары болып табылатын жеке тұлғаларда 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша өтелмеген сотталғандықтың болмауы.";

      76) 525-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында бажсыз сауда дүкені құрылатын аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.";

      3-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.

      Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.";

      "6. Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде оны бас тарту себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етеді.";

      77) 526-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "526-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бажсыз сауда дүкені иесінің бажсыз сауда дүкенінің қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.

      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      5-тармақтағы "бұйрық қабылданған" деген сөздер "бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңды тұлға бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;

      осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.

      Заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы бажсыз сауда дүкені иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.

      Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда бажсыз сауда дүкені иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      78) 527-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша "иесінің" деген сөзден кейін "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндетті орындамау жағдайын қоспағанда, бажсыз сауда дүкенінің иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 522, 528, 531, 532, 535, 538, 544, 551 және 555-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;

      8) заңды тұлғалардың бажсыз сауда дүкендерінің иелері ретіндегі қызметі шеңберінде бажсыз сауда дүкендерінің басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:

      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;

      кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      Бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың 2-тармағында көзделген бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      79) 532-бапта:

      1-тармақта:

      5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 280, 280-1, 522, 527, 528, 533, 534, 548, 549, 550, 551, 552 және 558-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін;";

      6) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша;";

      мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9) кедендік пломбалары және мөрлері салынған тауарларды тасымалдау үшін жарамды кемінде бес автокөлік құралының меншігінде болуы;

      10) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің уәкілетті орган белгілеген шекті мәніне сәйкес келуі.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген шарттар;";

      80) 533-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі "органға" деген сөзден кейін "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бірінші, екінші немесе үшінші типтегі куәлікті беру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.

      Бірінші, екінші немесе үшінші типтегі куәлікті беру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті орган осындай куәлікті беру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілгені туралы хабардар етеді.";

      7-тармақтың екінші бөлігіндегі "тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электрондық нысанда" деген сөздер "бас тарту себептерін көрсете отырып, тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      81) 534-бапта:

      1-тармақтың 11) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар акцияларының он және одан көп пайызына ие акционерлері, мұндай заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық іс қозғау;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.

      Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті орган мұндай куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.";

      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      5-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті орган куәліктің қолданылуын қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы куәліктің қолданылуы қайта басталғаны туралы хабардар етеді.";

      7-тармақта:

      1) тармақша "оператордың" деген сөзден кейін "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңды тұлғаны бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 280, 280-1, 522, 527, 528, 533, 534, 543, 548, 549, 550, 551, 552 және 558-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту фактісін растайтын шешімінің күшіне енуі;";

      6) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) куәлігі бар заңды тұлға акцияларының он және одан көп пайызына ие осы заңды тұлғаның акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісін растайтын, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот үкімінің күшіне енуі;";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.

      Уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.";

      9-тармақта:

      "Уәкілетті экономикалық оператор" деген сөздер "Заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мұндай тұлға" деген сөздер "заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өткеннен кейін" деген сөздерден кейін "кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Осы баптың 8-тармағында көзделген уәкілетті органның уәкілетті экономикалық операторды уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастау туралы шешімі күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.";

      82) 535-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті экономикалық оператор міндетін орындау осы Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен қамтамасыз етіледі.";

      83) 543-баптың "оператор" деген сөзден кейін "осы Кодекстің 150-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      84) мынадай мазмұндағы 571-баппен толықтырылсын:

      "571-бап. Камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері

      бойынша бұзушылықтарды жою туралы

      хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық

      қатынастар жөніндегі өтпелі ережелер

      Кеден органдары 2021 жылғы 1 наурызға дейін шығарған камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық қатынастарға осы Кодекстің камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша шығарылатын тексерулердің нәтижелері туралы хабарламаларға қолданылатын ережелері қолданылады деп белгіленсін.".

      3. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-ІV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-ІІ, 124-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат):

      1) 12-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құрылыс және өзге де шаруашылық мақсаттарында табиғи күйінде немесе болмашы өңделумен және тазартыла отырып пайдаланылатын және жер қойнауында кең таралған кендік емес пайдалы қатты қазбалар кең таралған деп танылады. Кең таралған пайдалы қатты қазбаларға мыналар жатады:

      метаморфтық жыныстар, оның ішінде мәрмәр, кварциттер, кварцты-далалық шпат жыныстары;

      магмалық тау жыныстары, оның ішінде граниттер, сиениттер, диориттер, габбро, риолиттер (липариттер), андезиттер, диабаздар, базальттар, вулкандық туфтар, шлактар, пемзалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан);

      шөгінді тау жыныстары, оның ішінде ұсақ жұмыр тастар мен қиыршық тастар, қиыршық тас-құм (құмды-қиыршық тас) қоспа, құмдар және құмдауықтар, саздақ және саздақты жыныстар (суглинкілер, алевролиттер, аргиллиттер, балшықты тақтатастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде ұлутастар, бор жыныстары, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), табиғи пигменттер, торф;

      емдік балшықтар.";

      2) 188-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін қолдану нәтижесінде блоктар осы Кодекстің 19-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, жер қойнауының пайдалануға беруге жататын екі және одан да көп жеке учаскесін қалыптастырса, құзыретті орган осындай жер қойнауы учаскелерінің әрқайсысына жеке лицензиялар береді.";

      3) 278-баптың 12-тармағында:

      сегізінші бөліктегі "құзыретті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау" деген сөздер "мемлекеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу тәртібін облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайды.".

      4. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 31, 33-құжаттар; № 12, 61, 63-құжаттар; № 13, 67-құжат; № 14, 75-құжат):

      5-1-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым іске асырылуы кезінде залалдар туындауы ықтимал мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:";

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) жүзеге асырылуы кезінде залалдар туындауы ықтимал банктерден және бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтары бойынша берешекті қайта құрылымдауды жүргізуге, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны толық немесе ішінара есептен шығаруға, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) толық немесе ішінара күшін жоюға;";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асырған банктік қарыздар бойынша өндіріп алу және талап ету құқықтарын басқаға беру үшін коллекторлық агенттіктерді тартуға, сондай-ақ осы Заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес төлем талабын ұсыну арқылы қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға даусыз тәртіппен өндіріп алуды қолдануға құқылы.".

      5. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 19-І, 101-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):

      1) 1-бапта:

      7) тармақша "сәйкестендіру" деген сөзден кейін "және арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) тауарларға ілеспе жүкқұжат – этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат;";

      22) тармақша алып тасталсын;

      24) тармақшадағы "және есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру" деген сөздер ", есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру және арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 9-бапта:

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспабы болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.

      Осы тармақшаның ережесі қызметі жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын лицензиаттарға қолданылмайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ ресімдеу қағидаларын бұза отырып, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және орнын ауыстыруға тыйым салынады.";

      4) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары

      Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен міндетті түрде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.".

      6. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):

      80-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар;".

      7. "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2020 ж., № 16, 77-құжат):

      1) 1-бапта:

      1-2) тармақша алып тасталсын;

      5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) тауарларға ілеспе жүкқұжат – темекі өнімдерінің орын ауыстыруын бақылауға арналған құжат;";

      2) 5-бапта:

      5-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-3) темекі өнімдерін акциз маркаларымен таңбалау тәртібін айқындайды;";

      5-4) тармақша алып тасталсын;

      3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Темекі өнімдерін импорттауды және (немесе) көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларациялар ұсынуға міндетті.";

      4) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) темекі өнімдерін акциз маркаларымен таңбалау қағидалары бұзылған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұра алады.";

      5) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде міндетті түрде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленеді.

      Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларын бұза отырып, темекі өнімдерінің айналымына және орнын ауыстыруына тыйым салынады.";

      6) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шығарылған жері белгіленбеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ акциз маркаларынсыз өткізілетін темекі өнімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға және жоюға жатады.".

      8. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат):

      3-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындау;".

      9. "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат):

      1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) тауарларға ілеспе жүкқұжат – биоотынды босату мен қабылдау жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті біріздендірілген құжат.";

      2) 7-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 9-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Биоотынды өткізу тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдей отырып жүзеге асырылуға тиіс.

      3. Биоотынды тасымалдауға оның бүкіл жүру жолында тауарларға ілеспе жүкқұжаттар болған кезде жол беріледі.";

      4) 10-бапта:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуге және биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органға ұсынуға;";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) биоотын айналымы кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуге және ұсынуға міндетті.";

      5) 11-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) биоотынды тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемей өткізуге тыйым салынады.";

      6) 21-баптағы "ілеспе жүкқұжаттарды" деген сөздер "тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 24-ІІ, 124-құжат):

      1) 1-бапта:

      3) тармақшадағы "ілеспе жүкқұжатта", "көтерме" деген сөздер тиісінше "тауарларға ілеспе жүкқұжатта", "мұнай өнімдерін көтерме" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) тауарларға ілеспе жүкқұжат – мұнай өнімдерінің айналымын бақылауға арналған және мұнай өнімдерін босату мен қабылдап алу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ мұнай берушілерге мұнай өнімдерін беру жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті құжат;";

      "28) түпкі тұтынушы" деген сөздер "29) түпкі тұтынушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 16-баптың 2-тармағында:

      "ілеспе жүкқұжаттардың" деген сөздер "тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ілеспе жүкқұжаттар" деген сөздер "тауарларға ілеспе жүкқұжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сауда арқылы өткізу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің экспорты және импорты кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.

      Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары жоқ мұнай өнімдерін сатып алуға және (немесе) сақтауға тыйым салынады.";

      5) 20-бапта:

      1-тармақ алып тасталсын;

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту, сондай-ақ құбыржолмен, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.

      Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжатты алушы ресімдейді.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      1) мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын заңды тұлға, осы заңды тұлға алушы ретінде көрсеткен оның филиалы;

      2) ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін алушылар болып табылатын заңды тұлға, оның филиалы;

      3) мұнай өнімдерін сатып алушы, оның ішінде мұнай өнімдерін ішкі тасымалдау кезінде сатып алушы болып табылатын жеке тұлға алушы деп танылады.

      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бір жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның қызмет объектілерінің ішінде мұнай өнімдерін тасуға байланысты тасымалдау ішкі тасымалдау деп танылады.

      Тауарларға ілеспе жүкқұжат интернет-ресурс арқылы электрондық түрде ресімделеді.

      3. Шикі мұнайды, газ конденсатын, қайта өңдеу өнімдерін және мұнай өнімдерін құбыржолмен, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға байланысты құжаттар қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көліктің әрбір түріне белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      4. Шикі мұнайды, газ конденсаты мен мұнай өнімдерін сақтау және құбыржолмен, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау құралдарының конструкциясы және пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.";

      6) 22-бапта:

      1-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кез келген түрдегі автожанармай құю станциясын иеленушінің мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушінің мүддесінде тапсырма шарты бойынша мұнай өнімдерін өткізуіне (тиеп-жөнелтуіне) жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мұндай жағдайда тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, жөнелту, растау, қабылдамау, кері қайтарып алу, қайтару және күшін жою жөніндегі міндет сенім білдірушіге жүктеледі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғындарының саны он мың адамға дейінгі елді мекендерде контейнерлік үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.

      Жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге мынадай жағдайларда ғана:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы жиналған орындарда;

      теңіз, ішкі су немесе әуе көлігіне май құю кезінде жол беріледі.".

      11. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат):

      1) 31-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектер саласындағы кіші қызмет түрлерін қоспағанда, лицензияға қосымшаларды, лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Көмірсутектер саласында лицензиялық алымның мөлшерлемесі жекелеген кіші қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынады.";

      2) 1-қосымшаның 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Көмірсутектер саласындағы қызметті лицензиялау

8.

Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия

1. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер.
2. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары.
3. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар.
4. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары.
5. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау.
6. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою.
7. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу.
8. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту.
9. Теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар.
10. Мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану.
11. Көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау.
12. Көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау.
13. Магистральдық құбыржолдарды пайдалану.

Иеліктен шығарыл-майтын; 1-сынып

      ".

      12. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):

      1) 32-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банктердің, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қою жағдайларын қоспағанда, бенефициардың төлем талабын қою құқығы ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленеді.";

      4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жасалған қарыз шартына, кредиттік желіні ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясы не кепілдікті беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін банктердің, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының төлем талабын пайдалануына жол беріледі.

      Банктер, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, ипотекалық ұйымдар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары төлем талабын ақша жөнелтушінің банкіне ақша жөнелтушінің өз банктік шотынан ақшаны алып қоюға келісімін қамтитын құжаттың негізінде қояды.";

      2) 52-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "шартқа" деген сөзден кейін ", оның ішінде талап ету құқықтары екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға берілген банктік қарыз шартына" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап.

      Осы Заң:

      1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының бесінші – оныншы абзацтарын;

      2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 2), 3) және 4) тармақшаларын, 7, 9 және 10-тармақтарын;

      3) 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының жетінші, он екінші және он үшінші абзацтарын, 22) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 35) тармақшасының он төртінші – жиырма жетінші абзацтарын, 37) тармақшасының он екінші – елу сегізінші, алпыс жетінші – сексен бірінші абзацтарын, 38) тармақшасының жетінші – он жетінші, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 45), 46) және 84) тармақшаларын;

      4) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасын;

      5) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының екінші және алтыншы абзацтарын және 11-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ