Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 28 қарашадағы № 257-V ҚРЗ

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз.

РҚАО-ның ескертпесі!
Заңға өзгерістер енгізу көзделген - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен
(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз).

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 17, 91-құжат):
      178-2-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары және салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жерлердегi де мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi. Көрсетiлген декларация жазаның қалған өтелмеген бөлiгi өткенге дейiн табыс етіледі.
      Бұл ретте, көрсетілген адамдар iшкi iстер органына мемлекеттік кіріс органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын ұсынады.».
      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша «ставкасы», «ставкаларының», «ставкаларын», «ставкасынан», «ставкасымен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемесі», «мөлшерлемелерінің», «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемесінен», «мөлшерлемесімен» деген сөздермен, «проценттік», «проценті», «процент», «процентінен», «проценттен», «процентпен», «проценттер», «процентіне», «процентті» деген сөздер тиісінше «пайыздық», «пайызы», «пайыз», «пайызынан», «пайыздан», «пайызбен», «пайыздар», «пайызына», «пайызды» деген сөздермен, «аффилиирленген» деген сөз «үлестес» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) мазмұны мынадай мазмұндағы 39-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «39-2-бап. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар»;
      3) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 62-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «62-2) өңірдің салықтық әлеуеті – бұл үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерлерін белгілеу кезінде өңірдің кіріс көлемдерін айқындау үшін есептелетін, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің ең жоғары ықтимал сомасы;»;
      4) 33-баптың 1-тармағы сегізінші абзацындағы «салуға бағытталған бағдарламалар болып бөлiнедi.» деген сөздер «салуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «нысаналы аударымға бағытталған бағдарламалар болып бөлiнедi.»;
      5) 35-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін облыстық бюджеттерге және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мынадай түсімдер:
      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы;
      2) мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
      3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
      4) аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке тұлғалардан алынатын, көлік құралдарына салынатын салық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер болып табылады.»;
      «6. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.»;
      6) 39-1-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн бюджеттен төленетiн өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.»;
      «4. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерi бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.
      Дербес бiлiм беру ұйымдары бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында немесе бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.»;
      7) мынадай мазмұндағы 39-2-баппен толықтырылсын:

      «39-2-бап. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік
                 бағдарламалар

      1. Қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады.
      2. Нысаналы аударым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.
      3. Нысаналы аударым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады.
      4. Нысаналы аударым нәтижелілігінің көрсеткіштері бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалады.
      Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелілігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.
      5. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.
      6. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.»;
      8) 52-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;»;
      9) 54-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;»;
      10) 56-бапта:
      1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;»;
      5-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен қаржыландырылатын елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды қоспағанда, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;»;
      11) 67-баптың 12-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1. Бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін дербес білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
      12) 72-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің ауылдар, кенттер, ауылдық округтер арасында бөлінуі;»;
      13) 73-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер арасында бөлінуі;»;
      14) 95-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттерді аударуды ай сайынғы негізде, осы Кодекстің 35-бабының 2-1-тармағында көрсетілген салықтардың нақты түсімін және артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) ескере отырып, жүзеге асырады.
      Осы Кодекстің 35-бабының 2-1-тармағында көрсетілген салықтардың тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер сомаларынан артық, өткен қаржы жылындағы түсімдері ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті нақтылау кезінде ескеріледі.».
      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат, № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша «ставкаларды», «ставкалар», «ставкасы», «ставкаларын», «ставка», «ставканың», «ставканы», «ставкалары», «ставкасының», «ставкасын», «ставкамен», «ставкасынан», «ставкаларының», «ставкадан», «Ставка», «Ставкалар», «ставкаларға», «ставкасына», «ставканың», «ставкасының», «ставкалардың», «ставкаларына», «Ставкасы» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелер», «мөлшерлемесі», «мөлшерлемелерін», «мөлшерлеме», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемені», «мөлшерлемелері», «мөлшерлемесінің», «мөлшерлемесін», «мөлшерлемемен», «мөлшерлемесінен», «мөлшерлемелерінің», «мөлшерлемеден», «Мөлшерлеме», «Мөлшерлемелер», «мөлшерлемелерге», «мөлшерлемесіне», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемесінің», «мөлшерлемелердің», «мөлшерлемелеріне», «Мөлшерлемесі» деген сөздермен, «резидент еместің», «резидент емеске», «резидент емес», «Резидент емес», «Резидент еместің», «резидент еместер», «резидент еместердің», «Резидент еместердiң», «резидент еместi», «Резидент еместер», «резидент емеспен», «резидент еместен», «Резидент еместермен», «резидент еместе», «резидент еместен», «Резидент емеске», «резидент емесі», «Резидент еместі», «резидент еместерге», «резидент еместерді» деген сөздер тиісінше «бейрезиденттің», «бейрезидентке», «бейрезидент», «Бейрезидент», «Бейрезиденттің», «бейрезиденттер», «бейрезиденттердің», «Бейрезиденттердiң», «бейрезиденттi», «Бейрезиденттер», «бейрезидентпен», «бейрезиденттен», «Бейрезиденттермен», «бейрезидентте», «бейрезиденттен», «Бейрезидентке», «бейрезиденті», «Бейрезидентті», «бейрезиденттерге», «бейрезиденттерді» деген сөздермен, «проценттік», «процентпен», «процентінен», «проценті», «процентін», «процентсіз», «процент», «процентті», «процентімен», «процентке», «процентіне», «проценттің», «проценттердің», «проценттен», «процентінен» деген сөздер тиісінше «пайыздық», «пайызбен», «пайызынан», «пайызы», «пайызын», «пайызсыз», «пайыз», «пайызды», «пайызымен», «пайызға», «пайызына», «пайыздың», «пайыздардың», «пайыздан», «пайызынан» деген сөздермен, «жиынтық жылдық» деген сөздер «жылдық жиынтық» деген сөздермен, «аффилиирленген», «аффилиирленгендiгi» деген сөздер тиісінше «үлестес», «үлестестігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бүкіл мәтін бойынша «ресми сайтында», «сайтына», «сайтында», «сайттарының», «сайт», «сайттарында», «сайттары» деген сөздер тиісінше «интернет-ресурсында», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурсында», «интернет-ресурстарының», «интернет-ресурс», «интернет-ресурстарында», «интернет-ресурстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) мазмұнында:
      24 және 42-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «24-бап. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы»;
      «42-бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесінің орындалуы»;
      мынадай мазмұндағы 43-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «43-1-бап. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату»;
      20-тараудың 2-параграфының тақырыбы, 181241276-20276-21-баптардың тақырыптары, 81-тараудың 2-параграфының тақырыбы, 565566567 және 622-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «§ 2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының,  адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы
      181-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы»;
      «241-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде салық салынатын айналым»;
      «276-20-бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі
      276-21-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі»;
      «§ 2. Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі»;
      565-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қою
      566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу деректерін өзгерту
      567-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы,  адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығару»;
      «622-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу»;
      3) 12-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
      мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-2) кәсіби медиатор – Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес кәсіби негізде қызметін жүзеге асыратын медиатор;»;
      24) және 31) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) қайырымдылық көмек – өтеусіз негізде:
      жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде;
      коммерциялық емес ұйымға оның жарғылық қызметін қолдау мақсатында;
      әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымға, осы ұйымның осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында;
      осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сай келетін, қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға берілетін мүлік;»;
      «31) салық агенті – осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, заңды тұлға, оның ішінде бейрезидент заңды тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «39-1) туроператордың көрсетілетін қызметтері – Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес өздері қалыптастырған туристік өнімді турагенттерге және туристерге өткізу жөніндегі туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның көрсетілетін қызметтері;»;
      4) 14-баптың 1-тармағында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың, тұрақты мекеменің, бейрезидент заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына (осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге;»;
      8) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;
      5) 20-баптың 1-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында:
      салық берешегі бар;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әрекетсіз деп танылған;
      соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған;
      тіркелуі заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған салық төлеуші (салық агенттері) туралы мәліметтерді орналастыруға;»;
      6) 24-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «24-бап. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік
               органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық
               Банкімен, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі
               ұлттық оператормен және жергілікті атқарушы
               органдармен өзара іс-қимылы»;

      3-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алу және олар бойынша мәліметтер табыс ету жөніндегі өкілеттіктері осы Кодекстің ерекше бөлігінде айқындалады.»;
      7) 39-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада – қосылған құн салығын төлеушіде қайта ұйымдастырылу күніне қалыптасқан, асып кеткен қосылған құн салығы оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге жатады.
      Бұл ретте бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге жататын, асып кеткен қосылған құн салығы құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілетін негізгі құралдардың қалдық құнының үлесіне барабар айқындалады.
      Негізгі құралдардың қалдық құны бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның бөлу балансы негізінде айқындалады.
      Осы тармақ бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған жағдайда қолданылады.»;
      8) 41-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
      8 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген жағдайда орындалды деп есептеледі.»;
      «10. Салық органы осы баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.
      Осы тармаққа сәйкес тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған дара кәсіпкерлер туралы ақпарат осы баптың 8-тармағында белгіленген төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Осы баптың ережелері осы Кодекске сәйкес қызметін тоқтату кезінде салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері қолданылған жағдайда дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;
      9) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «42-бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот
               орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың
               салық міндеттемесінің орындалуы

      1. Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор нотариаттық, адвокаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;
      2) таратудың салық есептілігін табыс етеді.
      2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      3. Қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      4. Құжаттық тексеру қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
      5. Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта, кәсіби медиаторда салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары болса, онда көрсетілген сомалар қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін өтеу есебіне осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жатқызылуға жатады.
      Егер қызметін тоқтататын жекеше нотариуста, жеке сот орындаушысында, адвокатта, кәсіби медиаторда салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
      6. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегі болмаған кезде:
      1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
      3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомалары осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
      4) айыппұлдардың төленген сомалары қызметін тоқтататын осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
      5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары қызметін тоқтататын осы жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
      7. Қызметін тоқтатқан жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген кезде орындалды деп есептеледі.
      8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күн жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.
      9. Салық органы осы баптың 7-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.
      10. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.
      Осы тармаққа сәйкес тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар туралы ақпарат осы баптың 7-тармағында белгіленген төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      10) 43-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктің 2) тармақшасы алып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы бап осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады. Осы тармақтың ережелері дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен басталған кезеңі осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аз дара кәсіпкерлерге де қатысты қолданылады.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Салық төлеушi салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды жасалған немесе хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
      13. Дара кәсіпкер:
      1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған кезде – қорытынды жасалған;
      2) бұзушылықтар болған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған кезде – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;
      3) салық берешегі болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемінде жойылған жағдайда – салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
      Дара кәсіпкерді осы тармақта белгіленген тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
      Осы баптың 12-тармағында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.
      Осы тармаққа сәйкес тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған дара кәсіпкерлер туралы ақпарат осы баптың 12-тармағында белгіленген төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      14 және 15-тармақтар алып тасталсын;
      11) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:

      «43-1-бап. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының
                 қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату

      1. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату осы Кодекстің 586-бабында белгіленген камералдық бақылау жүргізілмей:
      1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің не
      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.
      2. Қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
      1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
      2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
      3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлері бойынша табыстар мен шығыстардың, мүліктің бөлек есепке алынуын қолданатын бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылмайтын;
      4) осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
      5) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарында жоқ;
      6) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралмандар болып табылатын дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.
      Осы бап осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру күніне немесе осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайлар басталғанға дейін қолданылады.
      3. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:
      1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;
      2) таратудың салық есептілігін;
      3) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-касса машинасын (ол болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.
      Таратудың салық есептілігі қызметті тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      4. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда оларды төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
      Салық органы осы тармаққа сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.
      Салық органы:
      1) осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген және (немесе) осы баптың 3-тармағының талаптары орындалмаған кезде – қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жүмыс күні ішінде;
      2) осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартады және уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырады.
      5. Мынадай жағдайларда:
      1) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және патенттiң қолданылу мерзiмi өткен немесе қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген;
      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген салық есептілігін табыс ету мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салық есептілігін табыс етпеген дара кәсіпкерлер осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.
      Осы тармақта көрсетілген жағдайларда дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша салық органы:
      осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде;
      салық органында тіркеу есебінде тұрған бақылау-касса машинасы болмаған жағдайда;
      осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдердің біреуі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады.
      Дара кәсіпкерді осы тармақта белгіленген тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдердің біреуі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
      6. Салық төлеуші:
      осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару күнінен;
      осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде – соңғы патенттің қолданылу мерзімі өткен (қызметті тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда) күннен;
      осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде – салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған болып танылады.
      7. Салық органдары осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осы бапта белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жеке тұлғаға қатысты дара кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру кезеңіне осы Кодекстің 586-бабына сәйкес камералдық бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, салық органы жеке тұлғаға осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында белгіленген тәртіппен, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.
      Жеке тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
      Дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге асырылған қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық міндеттемелерін есептеу оларды төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      Жеке тұлға хабарламаны орындамаған және (немесе) салық органдары табыс етілген түсіндірмелермен келіспеген жағдайда, салық органы осындай жеке тұлғаға қатысты құжаттық тексеру жүргізуге құқылы.»;
      12) 45-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың ережелері қайтыс болған немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болған деп жарияланған дара кәсіпкерге де, жекеше нотариусқа да, жеке сот орындаушысына да, адвокатқа да, кәсіби медиаторға да қолданылады.»;
      13) 46-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Салық төлеуші осы баптың 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде ол бойынша қайтару туралы талап ұсынған қосылған құн салығының расталған асып түскен сомасын салық органдары қайтару мақсаттары үшін осы Кодекстің 600-бабында көзделген қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды жүргізуге арналған талап қоюдың ескіру мерзімі қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығы расталған, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасау қорытындылары бойынша расталған салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жылды құрайды.»;
      14) 58-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын азайтуды жүргізетін салық төлеуші осы бапқа сәйкес бөлек салықтық есепке алуды жүргізген кезде корпоративтік табыс салығын азайту жүргізілетін қызметті және өзге де қызметті жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстардың есепті салық кезеңі ішінде алынған (алынуға жататын) табыстардың жалпы сомасындағы үлес салмағы бойынша жалпы шығыстарды бөледі.»;
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтық есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін, оның ішінде жалпы табыстар мен шығыстар түрлерінің тізбесін, осындай табыстар мен шығыстарды осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлері арасында бөлу әдістерін дербес белгілейді.»;
      15) 63-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Кодекстің 37-1-тарауының мақсаттарына орай тауарларды импорттаған тұлға осындай тауарлар есепке қабылданған салық кезеңі үшін табыс ететін салық есептілігі импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі кезекті декларация болып табылады;»;
      16) 64-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер салық төлеуші олар үшін уәкілетті орган салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеуші санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылатын салық төлеушінің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша салық есептілігін жасауға тиіс.»;
      17) 65-баптың 1-тармағында:
      1) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) өздеріне декларация толтыру және табыс ету жөніндегі міндет белгіленген, осы тармақтың 2), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетілмеген корпоративтік табыс салығын басқа да төлеушілер үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді.»;
      18) 66-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) Қазақстан Республикасы аумағынан тауарларды импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштері бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін.»;
      19) 67-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы жетінші абзацындағы «орындаушылары үшін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары бойынша осы декларацияға қосымшалармен бірге жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;» деген сөздер «орындаушылары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «кәсіби медиаторлар үшін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары бойынша осы декларацияға қосымшалармен бірге жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;»;
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандарында:
      құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығының және әлеуметтік салықтың есептелген сомалары;
      салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша әлеуметтік салықты есептеуі бойынша ақпарат қамтылуы мүмкін.»;
      6-тармақтың төртінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың табысы жөніндегі;»;
      20) 68-бапта:
      3-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өзі келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште табыс етуге құқылы.
      Салық төлеуші (салық агенттері), қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін және мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық есептілігін қағаз жеткізгіште халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы табыс етуге құқылы;»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының ережелері осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын, сондай-ақ осы Кодекстің 579-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін салық төлеуші (салық агенті) салық органына, қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша есептілікті қоспағанда, келесі салық есептілігін табыс етуге құқылы емес.
      Аяқталмаған салық кезеңі үшін табыс етілген таратудың салық есептілігі:
      1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату туралы, бөлiну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешімді өзгерткен;
      2) салық төлеуші дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарғанға дейін кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешімді өзгерткен;
      3) осы Кодекстің 43-1-бабының 4-тармағында көзделген, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайларда, салық кезеңі үшін кезекті салық есептілігіне теңестіріледі.
      Салық төлеуші таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап келесі салық кезеңдері үшін салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына табыс етуге міндетті.»;
      21) 71-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, мониторингке жататын ірі салық төлеуші мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімі өткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеу орны бойынша салық органын хабардар етуге міндетті. Хабарлама уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы табыс етіледі.»;
      22) 72-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы бапқа сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту үшін салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тіркелу есебінің орны бойынша салық органына, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жібереді.»;
      23) 73-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы бапта белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде:
      1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;
      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;
      3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқығы бар.
      Салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда, өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:
      1) алдағы кезеңге арналған салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішті;
      2) салық кезеңінің басынан бастап салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігін табыс етеді. Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі салықтық өтініш табыс етілгеннен кейін басталатын болса, онда осындай кезекті салық есептілігін табыс ету салықтық өтініш табыс етілетін күнге дейін жүргізіледі;
      3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етеді. Егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын болса, осы тармақшада көрсетілген құжат табыс етіледі.
      Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ұзартылуы ескерілген мерзімі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.»;
      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салық төлеуші (салық агенті):
      осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін;
      осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етпеген;»;
      24) 74-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы бапта белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде:»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер қызметті тоқтата тұрған жағдайда, орналасқан жері бойынша салық органына патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейінгі алдағы кезеңге салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш береді. Салық есептілігiн табыс етуді тоқтата тұрудың ұзартылуы ескерiлген мерзімі салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз алты айдан аспауға тиiс.»;
      4 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салықтық өтініште көрсетілген күннен бастап қызметті қайта бастау күніне дейінгі кезең үшін патент құнының есеп-қисабын табыс етпеуге негіз болып табылады.»;
      «9. Патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген салықтық өтінішті немесе патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген кезде, салық төлеуші осы Кодекстің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады.»;
      25) 76-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салықтық өтінішті тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
      1) өзі келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште;
      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – қағаз жеткізгіште;
      3) салық төлеушінің электрондық құжаты нысанында – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол берілетін электрондық түрде табыс етуге құқылы.
      Салық төлеушілер (салық агенттері) салықтық өтінішті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы табыс етуге құқылы.
      Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы табыс етілетін салықтық өтініштер тізбесін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп белгілейді.»;
      26) 77-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы «жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздер «жөніндегі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуын және оны өткізуін есепке алу жөніндегі;
      7) шығу және келу туризмі бөлігінде – туроператордың көрсетілетін қызметтері жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»;
      27) 99-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мыналарды:
      егер осы тармақтың 1-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтіндерді;
      мұндай дивидендтер корпоративтік табыс салығын азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға (Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан ұйымды қоспағанда) төлейтіндерді қоспағанда, дивиденттер;»;
      28) 115-баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушілермен жасалған не сот азаматтық-құқықтық тәртіппен жарамды деп таныған мәмілелер бойынша шығыстарды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша сот қылмыстық деп анықтаған әрекет басталған күннен бастап жүргізілген шығыстар;»;
      «3) осы Кодекстің 579-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушімен оны әрекетсіз деп тану туралы бұйрық шығарылған күннен бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;»;
      29) 120-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша салық төлеушілер амортизацияның мына нормаларын:
      инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым – амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшеріндегі нормаларын;
      өзге де салық төлеушілер – амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларын қолдану арқылы амортизациялық аударымдарды есептеуді жүргізеді.»;
      30) 124-бапта:
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, егер преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде мына жағдайлардың бірінде:»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер осы Кодекстің 123-бабының 2-тармағында белгіленген преференциялар объектілерін пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалану туралы талап осындай қайта ұйымдастыру салдарынан орындалмаған жағдайда, қайта ұйымдастырылған тұлғада преференцияларды жою жүргізілмейді.
      Осы тармақ мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
      1) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күніне ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса;
      2) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға преференциялар қолданылған объектілерді қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға берсе;
      3) преференция объектілерін беру қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылса, қолданылады.»;
      31) 133-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «алушысы:
      коммерциялық емес ұйым;
      әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым;
      осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында айқындалған заңды тұлға болып табылатын, өтеусiз негiзде берiлген мүлiктiң құнын;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «алушысы осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымы болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көрсетілген салық салынатын табысты айқындау кезінде осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағына сәйкес шегеруге жатқызылуға тиіс жұмыскердің табыстары бойынша жұмыс берушінің есепті салық кезеңінде есепке жазылған шығыстарының бір еселік мөлшерінде азайтуға құқығы бар. Осы тармақшада көзделген азайту осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын табысқа қатысты жүргізіледі және оны, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар қолданады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың мақсаттарында өтеусіз берілген мүліктің құны:
      ақша беру кезінде – берілген ақшаның мөлшерімен;
      жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде – осындай жұмыстарды орындауға, осындай қызметтерді көрсетуге жұмсалған шығыстардың мөлшерімен;
      өзге де мүлік бойынша аталған мүліктің қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген, берілген мүліктің баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мына шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
      мыналар:
      осы Кодекстің 13-бөліміне сәйкес мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы;
      Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен туралы заңнамасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тізбе бойынша технологиялық жабдық;
      халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес биологиялық активтер лизинг нысанасы болып табылса;
      қаржы лизингі шартында лизинг нысанасын лизинг алушының меншігіне беру көзделген болса;
      мамандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша лизинг нысанасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша тізбеге енгізген мамандырылған ауыл шаруашылығы техникасына жататынын растайтын құжаттар бар болса, қаржы лизингі шарты бойынша сыйақыны (тұрақсыздық айыбын, айыппұлды, өсімпұлды қоспағанда);»;
      32) 137-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Осы баптың 10-тармағында көрсетілгенді қоспағанда, осы Кодексте осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметтен шеккен залалдары келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.»;
      33) 138 және 139-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «138-бап. Қайта ұйымдастыру кезінде залалдарды ауыстыру

      1. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар қайта ұйымдастырылатын салық төлеушіде құқық мирасқорларының қатысу үлесі бойынша бөлінеді және осы Кодекстің 137-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылады.
      2. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның залалдары құқық мирасқорына әрбір қайта ұйымдастыру кезінде бір рет беріледі және оларды құқық мирасқоры осы Кодекстің 137-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырады.

      139-бап. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу

      1. Таза табысқа салынатын корпоративтiк табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы салық кезеңi үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
      осы Кодекстiң 147-бабының 1 немесе 2-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар, сондай-ақ осы Кодекстiң 137-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыстың көбейтiндiсi,
      алу
      корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,
      алу
      салық кезеңiнде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,
      алу
      сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 3-тармағына сәйкес өткен салық кезеңдерiнен ауыстырылған сомасы,
      алу
      салық кезеңiнде сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы.
      2. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы, бұл салықты төлем көзі ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде ұтыс, сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.
      Осы тармақтың ережелері әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымға, депозиттер бойынша сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша коммерциялық емес ұйымға қолданылмайды.
      3. Егер сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасынан артық болса, табыс көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төленуге жататын, есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы айырма кейінгі он салық кезеңін қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомаларын бірте-бірте азайтады.»;
      34) 141-баптың 2-тармағы 7) тармақшасындағы «салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі және кейінгі кезеңдері үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейді.» деген сөздер «салық төлеушілер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі және кейінгі кезеңдері үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейді.
      Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменің аяқталу күніне тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.»;
      35) 143-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «сыйақы жатады.» деген сөздер «сыйақы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) осы Кодекстің 99-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген дивидендтер жатады.»;
      36) 147-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасы, технологиялық жабдық лизингі бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдыққа арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;»;
      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық қаржы салу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу.»;
      37) 150-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлға орналасқан жері бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органында салық төлеуші ретінде тіркелсе немесе оны арнайы экономикалық аймақ аумағында салық органы болған кезде – ондай салық органында жер салығы, мүлік салығы немесе жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы салынатын объектінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою жүзеге асырылса, не заңды тұлға арнайы экономикалық аймақ аумағында салық органы болмаған кезде – құзыретіне арнайы экономикалық аймақ аумағы кіретін салық органының аумақтық бөлімшесінде орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелсе;»;
      38) 151-1-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1) – 17) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
      39) 151-2-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
      40) 151-4-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1 – 9) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
      41) 151-8-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1) – 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
      42) 151-10-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
      43) 155-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 31) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:
      «31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
      32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен алынған материалдық пайда, оның ішінде:
      Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының даярлық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;
      тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;
      санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;
      дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;
      Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, оған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда.»;
      44) 156-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақша алып тасталсын;
      7) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын бір жүз пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлғадан алынған дивидендтер бойынша, осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін мұндай дивидендтер есепке жазылған жағдайда қолданылмайды;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір тұлғаның жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшері шегіндегі бір жылғы табысы.
      Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс деп жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан алған мынадай ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен табыс танылады:
      сауын тірі ірі қара мал;
      тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар;
      тірі түйелер және түйе тектілер;
      тірі қойлар мен ешкілер;
      тірі шошқалар;
      тірі үй құсы;
      тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы;
      ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің, жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті;
      сауын ірі қара малдың шикі сүті;
      үй құсының жас немесе тоңазытылған еті;
      картоп;
      сәбіз;
      қырыққабат;
      баклажандар;
      қызанақтар;
      қиярлар;
      сарымсақ;
      пияз;
      қант қызылшасы;
      алмалар;
      алмұрттар;
      айва;
      өріктер;
      шие;
      шабдалылар;
      қара өріктер;
      ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойлардың, ешкілердің түтілген жүні, терілері, иленбеген былғарысы.
      Осы тармақшаны қолдану мақсатында өнім түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен төленетін (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа) мынадай:
      инфляция деңгейі ескеріле отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының іс жүзінде енгізілген сомасы мен Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезіне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма түріндегі;
      мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің, асырауындағылардың, мұрагерлері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде оларды алуға құқығы бар адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кездегі;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзу фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарға көтермелеу түріндегі;
      дүлей зілзалаларға немесе басқа да төтенше мән-жайларға байланысты шығындарды өтеу түріндегі;
      еңбек шартының қолданылуы тоқтатылған кезде төленетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі өтемақы төлемдері түріндегі;
      халықаралық жарыстарға жоғары нәтижелері үшін универсиада жүлдегерлері мен қатысушыларына және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде көтермелеу түріндегі төлемдер;»;
      мынадай мазмұндағы 27-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «27-4) мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін жол жүру шығыстарының өтемақысы;»;
      34) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      «4. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға мынадай құжаттарды:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы;
      2) жергілікті атқарушы органның жеке қосалқы шаруашылықта пайдаланылатын:
      алаңы көрсетілген жер учаскесінің;
      саны көрсетілген үй жануарларының;
      саны көрсетілген үй құстарының болуы туралы растауын;
      3) салық салуға жататын табыстарды түзетуді қолдануға арналған өтініш табыс еткен кезде, салық салуға жататын табыстардан алып тасталады. Бұл ретте құжаттар салық агентіне осындай түзету қолданылған күнтізбелік жылы кемінде бір рет табыс етіледі.
      5. Осы баптың 1-тармағы 13-1) тармақшасының ережесін тек бір салық агенті – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым ғана қолданады.»;
      45) 163-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қызметкердің мына табыстары, оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есепке алуында шығыстар (шығындар) ретінде танылған:»;
      46) 166-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақыларының (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда – мерзімдік сақтандыру жарналарының) сомасы;»;
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сақтандыру шарты және сақтандыру сыйлықақыларының (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда – мерзімдік сақтандыру жарналарының) төленгенін растайтын құжат;»;
      47) 177-бапта:
      бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы;»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мүліктік табыс дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың табысы болып табылмайды.»;
      48) 178-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушіде төлем көзінен салық салынбайтын бірнеше табыс түрлері болған кезде салық төлеуші жеке табыс салығын есептеуді төлем көзінен салық салынбайтын барлық табыс түрлерінің сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргізеді.»;
      49) 180-1-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Жеке тұлға осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағына осындай тұлға бұдан бұрын әкелген мүлікті өткізген жағдайда:
      1) Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және (немесе) тіркемелер бойынша – Кеден одағына мүше емес мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге де құжатта көрсетілген баға (құн) және тауарлар декларациясында көрсетілген және осындай механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді әкелу кезінде төленген қосылған құн салығы мен акциз сомасы;
      2) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және тіркемелер бойынша – Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге де құжатта көрсетілген баға (құн) және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық декларациясында көрсетілген және осы Кодексте белгіленген тәртіппен төленген қосылған құн салығы мен акциз сомасы оны сатып алу бағасы (құны) болып табылады.»;
      50) 20-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«§ 2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының,
адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы»;

      51) 181-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «181-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот
                орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби
                медиаторлардың табысы

      Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табысы тиісінше заң көмегін көрсеткені, нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырудан алынған барлық табыс түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің алынған сомалары болып табылады.»;
      52) 182-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы әрбір айдың қорытындылары бойынша алынған табыс сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы, бір айда алынған табыстар бойынша есептеледі.»;
      53) 183-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес салық салынатын табысын осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметпен қамтылған қызметкерлердің салық салынуға жататын, осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағына сәйкес шегеруге жатқызылатын табыстары бойынша салық кезеңінде есепке жазылған жұмыс беруші шығыстарының бір еселенген мөлшеріне азайтады.»;
      54) 184-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түскен, салық салынуға жататын, олар бойынша төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді табыс етуіне байланысты жүргізілмеген табыстар.»;
      55) 185-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар;»;
      56) 193-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, мұндай дивидендтер бойынша қолданылмайды;»;
      57) 200-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, мұндай дивидендтер бойынша қолданылмайды;»;
      58) 213-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден (халықаралық шартқа сәйкес салық салынуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында тасымал (тасымалдау) жөніндегі қызметтер көрсетуден (салық салынуға жататын) түсетін табыстар сомасын бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.»;
      59) 225-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішті табыс етеді.
      Егер тұлға уәкілетті органға сатылы түрде тікелей бағынатын салық органында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген жағдайда, резиденттігін растауға арналған салықтық өтініш осындай салық органына табыс етіледі.
      Бұл ретте төменде көрсетілген тұлғалар салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында орналасуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орнының (нақты басқару органы орналасқан жер) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы – жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының көшірмесін;
      3) резидент болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам:
      шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің;
      Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса);
      Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.»;
      60) 230-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Кодекстің 241-бабында белгіленген жағдайда бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасаған айналым салық салынатын айналым болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      «1-2. Мынадай шарттардың бірі сақталған кезде:
      бейрезидент заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен жасалған келісімшарт болса;
      бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жазып берген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактура болса;
      бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі болса;
      бейрезидент заңды тұлғамен жасалған, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді осындай бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жүзеге асыратыны көзделген келісімшарт болса;
      бейрезидент заңды тұлға қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде осындай бейрезидент заңды тұлға филиалының, өкілдігінің жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені көрсетілсе;
      орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін табыс бейрезидент заңды тұлғаның филиалына, өкілдігіне төленетін болса, бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды таниды.»;
      61) 231-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастау шартымен тауарды тиеп-жөнелтуді;»;
      3-тармақ 17) тармақшасындағы «өтеусіз беруі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «өтеусіз беруі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылысын:
      «18) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидиясы;
      19) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның тек қана осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаның қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен төлемдер алуы;
      20) осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаның нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен осы тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген коммерциялық емес ұйым алған ақшаны осындай коммерциялық емес ұйымнан алуы;
      21) концессионердің мемлекеттік меншіктегі объектіні тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, пайдалануды жүзеге асыруы;
      22) концессионердің концессия объектісін тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, басқаруы өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»;
      62) 236-баптың 2-тармағында:
      4) тармақшада:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюдың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.»;
      төртінші бөліктің оныншы абзацы алып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) осы баптың осы тармағының 1) – 4) тармақшаларында және 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететiн тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа қызметтi жүзеге асыратын орны жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны болып танылады.
      Осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюдың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.»;
      63) 237-бапта:
      1-1-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.»;
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кредит (қарыз, микрокредит) беру, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету, банк операцияларын жүзеге асыру кезінде мына күндердің неғұрлым ертерегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады:»;
      мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
      «2-3. Күнтізбелік айдың соңына дейін осындай ай ішінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісіне қол қойылмаған, бірақ осындай ай үшін ақы төлеу жүргізілген жағдайда, мүлікті уақытша иелік етуге және пайдалануға ұсынған (берген) кезде осындай күнтізбелік айдың соңғы күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.»;
      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Күнтізбелік жыл ішінде осы баптың 1-1-тармағы екінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар болмаған кезде:»;
      мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:
      «11. Түзетілген шот-фактура бойынша өткізу айналымын жасау күні күші жойылатын шот-фактурада көрсетілген айналым жасау күні бойынша айқындалады.
      12. Қосымша шот-фактура бойынша өткізу айналымын жасау күні:
      1) осы Кодекстің 265-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда – осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күн бойынша;
      2) осы Кодекстің 265-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда – қосымша шот-фактура жазып берілген күн бойынша, бірақ осы Кодекстің 265-бабына сәйкес қосымша шот-фактура жазып берілуге тиіс болатын кезең аяқталған күннен кешіктірілмейтін күн бойынша айқындалады.»;
      64) 238-бап мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      «12-1. Шығу туризмі бойынша туроператор қызметтерін көрсету кезінде салық салынатын айналым мөлшері туристік өнімді өткізу құны мен жолаушыларды сақтандыру, әуе көлігімен тасымалдау және тұру, оның ішінде, егер тұру құнына қосылған болса, тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер құнының арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
      65) 241-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «241-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін
                қызметтерді сатып алу кезінде салық салынатын
                айналым»;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, бейрезидент ұсынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер оларды өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылса, Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға жатады.»;
      6-тармақ 4) тармақшасындағы «жатпайтын болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.» деген сөздер «жатпайтын болса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстің 230-бабының 1-2-тармағына сәйкес, бейрезидент заңды тұлға филиалының, өкілдігінің айналымы болып табылса, осы баптың ережелері қолданылмайды.»;
      66) 244-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдап алу-беру актiлерi;»;
      67) 248-баптың екінші бөлігі 24) тармақшасындағы «өткізуі бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «өткізуі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
      «25) келу туризмі бойынша туроператордың көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.»;
      68) 254-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мыналар бойынша айналымдар:»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанындағы көрсетілетін қызметтерді өткізген;»;
      мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы көрсететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы көрсетілетін қызметтерді өткізген;
      5) мыналар:
      ветеринария саласында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар;
      Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында көзделген, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызмет жүзеге асыруға арналған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар;
      Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринария ұйымдары ветеринария саласында көрсететін қызметтерді өткізген жағдайларда, қосылған құн салығынан босатылады.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;
      69) 255-баптың 1-тармағында:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) мыналар:
      Қазақстан Республикасы Дәрілік заттарының, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық техникасының мемлекеттік тізілімінде тіркелген;
      Қазақстан Республикасы Дәрілік заттарының, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық техникасының мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника импорты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тармақшаның мақсаттары үшін кез келген нысандағы дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының «фармацевтикалық өнім» тобында көрсетілген тауарлар жатады;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттар; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар және ветеринариялық техника, мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехника; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;»;
      70) 256-бапта:
      2-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресiмделген тауарлар декларациясында көрсетiлген, белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
      тасымалдаушы берген отырғызу талоны болса;
      электрондық жол жүру құжаты құнының төлену фактісін растайтын құжат болса, салық төлеуші тасымалдаушының сәйкестендіру нөмірі мен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің нөмірі көрсетіле отырып, теміржол көлігінде берілетін электрондық жол жүру құжатында бөлек белгіленген;»;
      мынадай мазмұндағы 3-4, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-4. Осы Кодекстің 237-бабының 2 және 2-3-тармақтарында көзделген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша (осы Кодекске сәйкес шот-фактураны жазып беру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда) қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру тура келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.»;
      «7. Электрондық түрде жазып берілген шот-фактурадағы қосылған құн салығын есепке жатқызу мақсаттары үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1) және 3) тармақшаларында көзделген деректемелерді көрсету міндетті болып табылмайды.
      8. Осы бөлімнің мақсаттары үшін, алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін төленуге жататын қосылған құн салығы сомаларын есепке жатқызуға бірнеше негіз болған кезде қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызу неғұрлым ертеректегі негіз бойынша бір рет жүргізіледі.»;
      71) 257-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушімен жасалған не сот азаматтық-құқықтық тәртіппен жарамды деп таныған мәмілелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомаларын қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;»;
      72) 262-бап мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
      «2-3. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алуды басқа қызметтен бөлек жүргізеді. Туроператор қызметтерін көрсету мақсатындағы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу осы Кодекстің 248-бабының 25) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша бөлек жүргізіледі.»;
      73) 263-бапта:
      5-тармақтың бірінші бөлігінде:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) шот-фактура электрондық түрде жазып берілген жағдайда – айналым жасалған күн;»;
      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының орналасқан (тұрғылықты) жері көрсетілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының мекенжайы;»;
      3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді алушы болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);»;
      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-2) осы баптың 12-тармағы екінші бөлігінің 1) – 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда электрондық түрде жазып берілген шот-фактурада:
      Кеден одағы Комиссиясының шешімімен бекітілген валюта сыныптауышына сәйкес айқындалған валютаның әріптік коды;
      өткізу бойынша айналым жасау күніне салық салынатын (салық салынбайтын) айналымды айқындау үшін пайдаланылатын валюта бағамы көрсетіледі;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;»;
      7-тармақтың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «қағаз жеткiзгiште жазып берiлген жағдайда – өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен;
      электрондық түрде жазып берiлген жағдайда – өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура:
      заңды тұлғалар үшiн – басшысы мен бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен, сондай-ақ, егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен;
      дара кәсiпкерлер үшiн – дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы жазылған мөрiмен (ол болған кезде), сондай-ақ қолтаңбасымен куәландырылады.
      Шот-фактура салық төлеушiнiң бұйрығымен осыған уәкiлеттiк берiлген қызметкердiң қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкiн. Бұл ретте бұйрықтың көшiрмесi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылардың көрiп-танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.
      Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiге шот-фактураға қол қоюға уәкiлеттi адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкiлеттi адам куәландырған көшiрмесiн беру талабымен жүгiнуге құқылы, ал өнiм берушi бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы жүгiнген күнi орындауға мiндеттi.
      Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi, егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, салық төлеушi жазып берген шот-фактураны оның шешiмi бойынша заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлiмшесiнiң заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен куәландыруға құқылы.
      Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкiлеттi өкiлi жазып берген шот-фактура осы Кодекстiң 308-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi өкiлдiң атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен, сондай-ақ осындай уәкiлеттi өкiл басшысының және бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен куәландырылады.
      Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына және есептiк саясатқа сәйкес басшы немесе дара кәсiпкер бухгалтерлiк есептi жеке өзi жүргiзсе, бас бухгалтер қолтаңбасының орнына «көзделмеген» деп көрсетiледi.
      Электрондық түрде жазып берiлген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.»;
      1112 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзiмдi баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнімін өткізген жағдайда, шот-фактура:
      1) өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей қағаз жеткізгіште;
      2) өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей электрондық түрде жазылып беріледі.
      12. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі. Сыртқы сауда қызметі жүзеге асырылған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын және қосылған құн салығының сомасын шетел валютасымен қосымша көрсетуге тыйым салынбайды.
      Мынадай:
      1) өнімнің бөлінісі туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасасылған (жасалған) мәмілелер (операциялар) бойынша;
      2) тауарларды осы Кодекстің 242, 276-11 және 276-13-баптарына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;
      3) осы Кодекстің 244-бабына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;
      4) осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасымен көрсету мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, электрондық түрде жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.»;
      «14. Бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер енгізу, оның ішінде қателерді түзету мақсатында өзгерістер енгізу бұрын жазып берілген шот-фактураны жою және түзетілген шот-фактураны жазып беру арқылы жүргізіледі.
      Бұл ретте түзетілген шот-фактурада бұрын жазып берілген шот-фактурада көрсетілгеннен өзге тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні көрсетуге жол берілмейді.
      Осы Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесі қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2 және 14-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «14-1. Түзетілген шот-фактура:
      1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
      2) мынадай ақпаратты:
      шот-фактураның түзетілгені туралы белгіні;
      түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
      күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс.
      14-2. Түзетілген шот-фактура қате табылған күннен ерте емес және:
      1) қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда – қате табылған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен;
      2) электрондық түрде жазып берілген жағдайда – қате табылған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
      14-3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растау құжаттарының кез келгенінің:
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны осы баптың 8-тармағына сәйкес қолтаңбасымен және мөрімен растауының;
      немесе
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жолдауының және оның алынғаны туралы хабарламаның;
      немесе
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай қол қойылған және:
      заңды тұлғалар үшiн – егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрi;
      дара кәсiпкерлер үшiн – мөрі болған кезде, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы қамтылған мөрi басылған шот-фактураны алғандығы туралы хатының болуы міндетті.»;
      15-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жолаушы тасымалы жол жүру билетімен (осы тармақтың 3) және 3-1) тармақшаларында көзделгеннен басқа жағдайларда) ресімделген;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) жолаушы тасымалы теміржол көлігінде берілетін электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;»;
      16-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы баптың 15-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші көрсеткен тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында теміржол көлігімен жол жүру фактісін растау үшін шот-фактура жазып беруді талап ете отырып, осы өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты орындауға міндетті.»;
      16-1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы баптың 15-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда – айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, шот-фактуралар айналым жасау күнінен кешірек жазып берілген кезде, көрсетілетін қызметтерді беруші шот-фактураны жазып беру күнімен қатар айналым жасалған күні қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;
      2) осы баптың 15-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны бойынша айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.»;
      74) 265-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «265-бап. Қосымша шот-фактураларды жазып беру

      1. Өнім беруші қосымша шот-фактураны мына жағдайларда:
      1) осы Кодекстің 239-бабына сәйкес салық салынатын айналым мөлшері түзетілген;
      2) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес болған кезде:
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші шот-фактураны осы Кодекстің 263-бабында көзделген жағдайларда осындай шот-фактура жазып берілген күні қолданыста болған салық мөлшерлемесі бойынша есепке жазылған қосылған құн салығы сомасын көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күннен бұрын жазып берген;
      шот-фактура жазып берілген күні қолданыста болған қосылған құн салығы мөлшерлемесі осындай шот-фактура бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күні қолданыста болған салық мөлшерлемесінен өзгеше болған жағдайларда жазып береді.
      2. Қосымша шот-фактура:
      1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы Кодекстің 263-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
      2) мына ақпаратты:
      шот-фактураның қосымша болып табылатыны туралы белгіні;
      қосымша шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
      қосымша шот-фактура жазып берілетін шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда – салық салынатын айналым мөлшерінің түзетілуін және бұрын жазып берілген шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мен қосымша шот-фактура жазып берілген күндегі қосылған құн салығы сомасының арасындағы айырманы;
      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда – қосымша шот-фактура жазып берілген күндегі қосылған құн салығының мөлшерлемесін және қосымша шот-фактура жазып берілген күндегі қосылған құн салығының сомасын қамтуға тиіс.
      3. Қосымша шот-фактура:
      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда, осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күннен ерте емес және:
      қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен;
      электрондық түрде жазып берілген жағдайда, осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей;
      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, салық мөлшерлемесін өзгертуді көздейтін заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір айдың ішінде жазып беріледі.
      4. Қағаз жеткізгіште жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растау құжаттарының кез келгенінің:
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны осы Кодекстің 263-бабының 8-тармағына сәйкес қолтаңбасымен және мөрімен растауының;
      немесе
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жіберуінің және оның алынғаны туралы хабарламаның;
      немесе
      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай қол қойылған және:
      заңды тұлғалар үшiн – егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрi;
      дара кәсiпкерлер үшiн – мөрі болған кезде, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы қамтылған мөрi басылған шот-фактураны алғандығы туралы хатының болуы міндетті.»;
      75) 267-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігі оныншы абзацындағы «өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын;» деген сөздер «өндіруді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін қайта өңдеуді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мыналар:
      1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер – заңды тұлғалар мына қызмет түрлері:
      жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімдерін қайта өңдеу және өткізу;
      мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімдерін қайта өңдеу және өткізу бойынша;
      2) селолық тұтыну кооперативтері мына қызмет түрлері:
      шаруа немесе фермер қожалықтары өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін осы кооперативтер мүшелерінің (пайшыларының) өткізуі;
      шаруа немесе фермер қожалықтары өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін осы кооперативтер мүшелерінің (пайшыларының) қайта өңдеуі және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуі бойынша осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуді жүргізеді.»;
      76) 272-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан, есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрi – қосылған құн салығының асып кетуі).
      Осы тармақшада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға беріліп жатқан өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан жағдайда, мұндай салық төлеушіге құрылыс кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған жинақталған асып кеткен сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап, теңдей үлестермен жиырма салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
      Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:
      1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;
      2) көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары;
      3) тұрғын үй емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатқызылады.
      Осы баптың мақсаттары үшін, спорт пен демалыс орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдердің тұрағына немесе тұруына арналған, сондай-ақ мәдени-көңіл көтеру, қонақүй, мейрамхана мақсатындағы құрылыстарды қоспағанда, құрылыстар өндірістік мақсаттағы құрылыстарға жатқызылады.
      Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылыстарға жатқызу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес жүргізіледі.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «толық аяқталған» құрылыс кезінде де қолданылады.
      Бұл ретте, құрылыс кезеңі деп құрылыстың басталуы мен ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
      Осы баптың мақсаттары үшін мына күндердің ең ерте күні:
      1) құрылысты жүзеге асыруға келісімшарт (шарт, келісім) жасасқан күн;
      2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға келісімшарт (шарт, келісім) жасасқан күн құрылыстың басталуы болып танылады.
      Осы тармақтың ережелері мына шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
      1) салық төлеуші арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым немесе инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан, жаңадан құрылған ұйым болып табылса;
      2) құрылыс осы Кодекстің 130-1-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарттың негізінде жүзеге асырылса;
      3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар болып танылса;
      4) ғимараттарды, құрылыстарды мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдап алса, қолданылады.
      Осы тармақтың ережелері өздеріне қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы баптың 3-тармағында және (немесе) 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, сондай-ақ осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге осындай қайтару кезінде қолданылмайды.
      Салық төлеуші осы тармақта көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапты, осы Кодекстің 46-бабының ережелерін ескере отырып, ғимараттар, құрылыстар пайдалануға берілген күннен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы жөніндегі кезекті декларацияда көрсетеді.»;
      77) 273-бапта:
      3-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы Кодекстің осы бабының 4-тармағында және 274-бабында өзгеше белгіленбесе, салықтық тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына табыс етуге осы Кодексте белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап күнтізбелік жүз сексен күннің ішінде жүргізіледі.»;
      екінші бөлікте:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) шағым жасалу (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;»;
      2) тармақша «қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.» деген сөздермен толықтырылып, 3) тармақша алып тасталсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы Кодекстің 274-бабының 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге салықтық тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару салық органына қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс етуге осы Кодексте белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде жүргізіледі.»;
      екінші бөлікте:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) шағым жасалу (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;»;
      2) тармақша алып тасталсын;
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Кодекстің 267-бабының және 231-бабының 3-тармағы 18) тармақшасының ережелерін қолданған салық кезеңдері үшін салық төлеушіге қайтарылмайды.»;
      78) 274-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ірі салық төлеуші мониторингінде кемінде қатарынан он екі ай тұрған және қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ететін күнге салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.
      Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бөліну, бөлініп шығу, қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылатын тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) өтеді.
      Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылғанға дейін мониторингке жататын ірі салық төлеуші болып табылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.
      Мониторингке жататын ірі салық төлеуші – заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бірігу немесе қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.
      Осы тармақшаның төртінші бөлігінің ережелері мына шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
      бірігу және (немесе) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың біреуі мониторингке жататын ірі салық төлеуші болса және осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келсе;
      бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күні ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса, қолданылады.
      Осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қатысты қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің жаңа тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылады.
      Бұл ретте есепті салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшердегі қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады;»;
      2) тармақша алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде осы бапта көзделген оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы жоқ төлеушілер санатына жатқызылмаған тұлғалардың қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдануға құқығы бар.»;
      3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      79) 276-2-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «медиатордың қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын медиаторлар;»;
      80) 276-4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Мыналар:
      1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттамалары өзгертілмей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу;
      2) бұрын Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағына уақытша әкетілген тауарларды қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей, Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу салық салынатын импорт болып табылмайды.
      Осы тармақтың ережелері тауарларды уақытша әкелу кезінде:
      1) жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша;
      2) бір заңды тұлға шегінде оларды беруге байланысты қолданылады.
      Осы тармақтың ережелері өздері арқылы осы Кодекстің 244-бабының 2-тармағында көзделген халықаралық тасымалдар бойынша қызметтер көрсетілетін көлік құралдарына қолданылмайды.
      Салық төлеуші осы тармақта көрсетілген тауарларды әкелу (әкету) кезінде салық органдарын хабардар етуге міндетті.
      Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай, қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелген кезде тауарларды уақытша пайдалануға алған Қазақстан Республикасының салық төлеушісінде хабарлама табыс ету жөніндегі міндет туындайды.
      Осы тармақта көрсетілген тауарлар өткізілген жағдайда, осындай тауарларды әкелу салық салынатын импорт болып танылады және осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша осы Кодексте айқындалған тәртіппен және мөлшерде қосылған құн салығын салуға жатады.
      Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын, оны салық органдарына табыс ету тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.»;
      81) 276-5-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақшаның мақсаттары үшін теңіз және әуе кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, аралас (өзен-теңіз) жүзу кемелері; жылжымалы теміржол немесе трамвай составының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда, автомобильдер; жүк контейнерлері; карьерлік самосвалдар көлік құралдары болып танылады.»;
      82) 276-7-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға ауысуы көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша олардың (лизинг нысаналарының) экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауарлардың (лизинг нысаналарының) бастапқы құнының әрбір лизингтік төлемге тура келетін бір бөлігі мөлшерінде әрбір лизингтік төлемді төлеу үшін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген күнге айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өткізілген тауарлар бағасы ұлғайту (азайту) жағына өзгерген кезде не өткізілген тауарлардың саны (көлемі) олардың тиісті сапасы және (немесе) жасақталымы болмауы себепті қайтарылуына байланысты азайған кезде тауарлар экспорты кезіндегі салық салынатын айналымның мөлшері шартқа (келісімшартқа) қатысушылары экспортталған тауарлардың бағасын өзгерткен (қайтаруды келіскен) сол салық кезеңінде түзетіледі.»;
      83) 276-8-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері, акцизделетін қайта өңдеу өнімдері бойынша төленуге жататын акциздерді қоса алғанда, осы алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны негізінде айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Импортталған тауарлар есепке қабылданған ай өткеннен кейін шартқа (келісімшартқа) қатысушылар осындай тауарлардың бағасын ұлғайту жағына өзгерткен жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері тиісті түрде түзетіледі.»;
      84) 276-11-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) аумағына тауарлар импортталған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы, жанама салықтардың төленгені және (немесе) оларды төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмесі) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде);»;
      3-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар, сондай-ақ осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, Кеден одағының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар тауарлар декларациясының;»;
      7) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендiк рәсiмiнде әкету кезiнде кедендiк декларациялауды жүргiзген Кеден одағына мүше мемлекеттiң кеден органының белгiлерi бар тауарлардың толық декларациясының;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде ол бойынша кеден органдарынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы хабарлама болатын, сондай-ақ тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылатын электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясының негізінде жүзеге асырылады. Осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы болған кезде осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді;»;
      85) 276-12-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiлерiмен, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдап алу-беру актiлерiмен;»;
      86) 276-13-бапта:
      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмесі) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде).
      Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда, осы тармақшада көрсетілген өтініш не өтініштер тізбесі табыс етілмейді;»;
      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде ресімделетін тауарлар декларациясының Кеден одағына мүше мемлекеттің кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден органы растаған көшірмесі;»;
      87) 276-15-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
      Тауарды сатып алуға негіз болған, кепілдендірілген қызмет көрсетуді көздейтін шарт (келісімшарт), тауардың ілеспе құжаттары, шартқа (келісімшартқа) қатысушылар растаған кінә қою және ақау актісі кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде тауарлардың импортын растау болып табылады.»;
      88) 276-16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг алушы-салық төлеушісінің алуына жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі лизингке берген кезде, Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығының сомасы сыйақыны есепке алмай, әрбір лизингтік төлем бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына тура келетін бөлігінде айқындалады.»;
      89) 276-17-баптың 4-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тұлғаны Кеден одағына мүше мемлекетте сатып алушы-салық төлеуші ретінде сәйкестендіретін нөмір көрсетілуге тиіс.»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      90) 276-18-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Егер Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына комиссионер, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі болып табылатын сенім білдірілген адам (оператор) бұдан бұрын импорттаған, олар бойынша жанама салықтар төленбеген тауарларды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған комиссия, тапсырма шарты (келісімшарты) бойынша сатып алса, онда жанама салықтарды төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауардың меншік иесі не тауарды импорттаған комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.»;
      91) 276-20-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «276-20-бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде
                   қосылған құн салығын есептеу және төлеу
                   тәртібі»;

      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште және электрондық түрде не электрондық түрде табыс етуге міндетті.»;
      екінші бөлікте:
      1)3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық түрде не электрондық түрде табыс етеді.
      Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нысанын, оны толтыру және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi;»;
      «3) тауарлардың Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілгенін растайтын, тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттарды табыс етеді. Егер тауарлардың жекелеген түрлерінің өткізілуі, оның ішінде тауарлардың көлік құралдарын пайдаланбай өткізілуі үшін мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, көрсетілген құжаттар табыс етілмейді;
      4) егер шот-фактураларды шығару (жазып беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды табыс етеді.
      Егер шот-фактураларды шығару (жазып беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген болса не тауарлар Кеден одағына мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынса, онда шот-фактураның орнына сатушы шығарған (жазып берген), импортталған тауарлардың құнын растайтын өзге құжат табыс етіледі;»;
      8) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Импорталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысанын, оны жасау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-1. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қағаз жеткізгіштегі және электрондық түрдегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі (төрт данада) және электрондық түрдегі өтінішті (өтініштерді):
      1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына көлік құралдарын импорттайтын жеке тұлғалар;
      2) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қосылған құн салығын төлеуден босатылған және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен төлеудің өзге тәсілімен тауарларды импорттайтын тұлғалар;
      3) осы Кодекстің 276-22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеуші;
      4) осы Кодекстің 276-8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда салық төлеуші табыс етеді.
      3-2. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (өтініштер) электрондық түрде ғана табыс етілген кезде, осы баптың 3-тармағының 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар табыс етілмейді.
      Осы тармақтың ережесі осы баптың 3-1-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 276-8-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.»;
      5 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде жанама салықтарды есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі келетін күнтізбелік ай болып табылады.
      Бұл ретте салық кезеңі ішінде салық міндеттемесін орындауға жол беріледі.»;
      «7. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште салық органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      Қағаз жеткізгіште және электрондық түрде табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай өтінішке тиісті белгі қою арқылы жүргізеді.
      Осы баптың 3-2-тармағына сәйкес табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы электрондық түрдегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге жанама салықтардың төлену фактісін растау туралы электрондық түрде хабарламаны жіберу арқылы жүргізеді.»;
      мынадай мазмұндағы 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
      «8. Қағаз жеткізгіште және электрондық түрде табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық қағаз жеткізгіштегі төлеушіге уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.
      Осы баптың 3-2-тармағына сәйкес табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы электрондық түрдегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге электрондық түрдегі уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.
      9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда, салық төлеуші уәжді бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
      10. Осы Кодекстің 276-8-бабының 8-тармағына сәйкес импортталған тауарлардың бағасы ұлғаю жағына өзгерген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлар бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей қағаз жеткізгіште және электрондық түрде табыс етіледі.
      Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште сатып алынған импортталған тауарлардың өзгертілген құны көрсетіледі.
      Мыналар: бағаны өзгерту туралы шарт (келісімшарт), салық салынатын импорт бойынша және қосылған құн салығы бойынша өзгертілген мән қамтылған қосымша шот-фактура (егер шот-фактураны шығару (жазып беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда) және (немесе) импортталған тауарлар бағасының өзгергенін растайтын өзге де құжат импортталған тауарлар бағасының ұлғайғанын растайтын құжаттар болып табылады.»;
      92) 276-21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «276-21-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты кезінде
                   қосылған құн салығын есептеу және төлеу
                   тәртібі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттерге экспорты немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық органына осы Кодекстің 270-бабында көзделген қосылған құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде тауарларды (оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін) импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінен алынған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі өтінішті (өтініштерді), сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымша болып табылатын көрсетілген өтініштердің тізбесін табыс етуге міндетті.
      Осы тармақта көрсетілген өтініш (өтініштер):
      1) тауарлардың экспорты кезінде оларды өткізу бойынша;
      2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстар орындалған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етіледі.
      2. Салық төлеушісі тауарларды импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш электрондық түрде ғана табыс етілген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органы тауарлар экспортын жүзеге асырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне осындай өтінішті алғаны туралы хабарлама жібереді.
      Осы тармақта көрсетілген хабарлама осындай өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жіберіледі.
      Бұл ретте осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (өтініштер) салық органына қағаз жеткізгіште табыс етілмейді.
      3. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімде қағаз жеткізгіште табыс етілмеген не электрондық түрде келіп түспеген кезде қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 271-бабының 1-тармағында белгіленген төлеу мерзімінде осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық төлеуге міндетті.
      Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығы сомаларын есепке жазуды салық органы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізеді.
      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомалары уақтылы және толық төленбеген жағдайда, салық органы мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын осы Кодексте айқындалған тәртіппен қолданады.
      5. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін қағаз жеткізгіште табыс етілген не электрондық түрде келіп түскен жағдайда, қосылған құн салығының төленген сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызылуға және қайтарылуға жатады.
      Бұл ретте осы баптың 4-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлдың төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.»;
      93) 276-22-баптың 23 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық төлеуші осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті мынадай жағдайларда:
      1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш қате табыс етілгенде;
      2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде, оның ішінде осы Кодекстің 276-23-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда;
      3) осы Кодекстің 276-23-бабының 2-1-тармағында көзделген жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алғанда табыс етуге құқылы.
      3. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен:
      1) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан алып тастау әдісімен жүргізіледі, бұл әдіс қате табыс етілген немесе тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті толық көлемде қайтарылған, импортталған тауарлар бойынша табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер бойынша қолданылады;
      2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті табыс ете отырып, бұрын табыс етілген өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүзеге асыратын ауыстыру әдісімен жүргізіледі.
      Осы тармақтың мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, егер мұндай өтінішті табыс ету міндеті осы Кодексте көзделмеген жағдайда, қате табыс етілген деп есептеледі.»;
      «8. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейдi.»;
      94) 276-23-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткенге дейін ішінара және (немесе) толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілмейді.»;
      1-1-тармақ алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін ішінара қайтарған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда, сондай-ақ кері қайтарып алынған өтініштің орнына табыс етілген, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілуге жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін толық қайтарған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда көрсетілуге жатады. Осындай тауарлар бойынша табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-22-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес алып тастау әдісімен кері қайтарып алынады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті толық және (немесе) ішінара қайтарылуын растайтын құжаттар:
      1) экспорттаушы салық төлеушімен және импорттаушы салық төлеушімен келісілген, тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті қайтарылуға жататын, импортталған тауарлардың саны туралы мәліметтерді қамтитын кінә қою;
      2) тауарды қабылдап алу-беру актілері (қайтарылған тауарларды тасымалдау болмаған жағдайда);
      3) көліктік құжаттар (тауардың ілеспе құжаттары) (қайтарылған тауарлар тасымалданған жағдайда);
      4) жою актілері болып табылады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері салық органына осы Кодекстің 276-20-бабы 3-тармағының 2) – 8) тармақшаларында көзделген құжаттармен бір мезгілде қағаз жеткізгіште табыс етіледі.»;
      95) 282-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген құжатта көрсетілген тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру күні операция жасау күні болып табылады. Қабылдап алу-беру актілерімен расталған, заттай мәндегі акцизделетін тауарларды автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не мұнай берушіге меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде тиесілі оның резервуарына немесе құю станцияларына құбыржол бойымен айдау арқылы нақты тиеп-жөнелту тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру деп түсініледі.»;
      96) 288-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiсi бар тауарлар декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесiн табыс етеді.
      Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргiзген кеден органының белгісі бар, тауарлардың толық декларациясы экспортты растау ретінде болады;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге (Кеден одағына мүше мемлекеттерді қоспағанда) акцизделетiн тауарлардың экспорты кезінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген акцизделетiн тауарлар импортының елінде ресiмделген тауарлар декларациясының көшiрмесi қосымша табыс етіледі.»;
      97) 291-баптың 7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан акцизделетін шикізат импорты кезінде импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған тауарлар декларациясы немесе Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импорт кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;»;
      98) 301 және 304-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «301-бап. Салық салу объектiсi

      Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының, көмірдің көлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады.
      Осы бөлімнің мақсаттары үшін экспорт деп:
      1) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;
      2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;
      3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын қайта өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекет аумағында өткізу түсініледі.
      Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi мынадай тәртіппен:
      шикі мұнайды, газ конденсатын Кеден одағынан тысқары жерлерге экспортқа өткізу кезінде – кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі ретінде;
      шикі мұнайды, газ конденсатын Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикі мұнайды, газ конденсатын экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі ретінде айқындалады.»;

      «304-бап. Салық кезеңi

      Күнтiзбелiк тоқсан экспортқа рента салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.
      Егер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салық кезеңдеріне тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу жөніндегі міндеттемелер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, өзінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды, газ конденсатын беру жүзеге асырылған уақыт кезеңі тура келетін салық кезеңінде туындайды.»;
      99) 355-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар;»;
      100) 357-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын;
      101) 358-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар өзi үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салықты есептейді.
      Осы тармақтың ережесі:
      1) салық төлеушінің осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуін уақытша тоқтата тұруы кезеңінде салық төлеушіге;
      2) арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын, осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметті ғана жүзеге асыратын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар әлеуметтік салықты 6,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.»;
      102) 359-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар әлеуметтiк салықты есептеуді осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне осы Кодекстiң 358-бабының 2-тармағында белгiленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізеді.»;
      103) 365-баптың 3-тармағында:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасы бойынша;
      2) салық салынатын табысына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша;»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері осындай көлік құралдарын пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларына қолданылмайды.»;
      104) 367-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      «2-2. Осы баптың мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді әкелу күні оларды бастапқы мемлекеттік тіркеу күні болып есептеледi.»;
      105) 372-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сәйкестендіру құжаттары: меншік құқығының актісі, тұрақты жер пайдалану құқығының актісі, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі;»;
      106) 378-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салық мөлшерлемелері белгiленедi:

Рет №

Бонитет балы

Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)

1

2

3

1.

1

2,4

2.

2

3,35

3.

3

4,35

4.

4

5,3

5.

5

6,25

6.

6

7,25

7.

7

8,4

8.

8

9,65

9.

9

10,8

10.

10

12,05

11.

11

14,45

12.

12

15,45

13.

13

16,4

14.

14

17,35

15.

15

18,35

16.

16

19,3

17.

17

20,45

18.

18

21,7

19.

19

22,85

20.

20

24,1

21.

21

26,55

22.

22

28,95

23.

23

31,35

24.

24

33,75

25.

25

36,2

26.

26

38,6

27.

27

41

28.

28

43,4

29.

29

45,85

30.

30

48,25

31.

31

72,35

32.

32

77,7

33.

33

82,95

34.

34

90,4

35.

35

93,8

36.

36

99,1

37.

37

104,4

38.

38

110

39.

39

115,3

40.

40

120,6

41.

41

144,75

42.

42

150,05

43.

43

155,35

44.

44

160,85

45.

45

166,15

46.

46

171,45

47.

47

176,8

48.

48

182,4

49.

49

187,7

50.

50

193

51.

51

217,1

52.

52

222,45

53.

53

227,75

54.

54

233,25

55.

55

238,55

56.

56

243,85

57.

57

249,15

58.

58

254,75

59.

59

260,05

60.

60

265,35

61.

61

289,5

62.

62

303,15

63.

63

316,3

64.

64

329,75

65.

65

343,05

66.

66

356,55

67.

67

369,8

68.

68

383,3

69.

69

396,6

70.

70

410,1

71.

71

434,25

72.

72

447,75

73.

73

460,95

74.

74

474,45

75.

75

487,8

76.

76

501,3

77.

77

514,55

78.

78

528,05

79.

79

541,35

80.

80

554,85

81.

81

579

82.

82

595,1

83.

83

611,05

84.

84

627,25

85.

85

643,35

86.

86

659,3

87.

87

675,5

88.

88

691,6

89.

89

707,55

90.

90

723,75

91.

91

747,85

92.

92

772

93.

93

796,1

94.

94

820,25

95.

95

844,35

96.

96

868,5

97.

97

892,6

98.

98

916,75

99.

99

940,85

100.

100

965

101.

100-ден жоғары

1013,3

      3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аймақтардың жерлерiне бонитет балына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салық мөлшерлемелері белгiленедi:

Рет №

Бонитет балы

Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)

1

2

3

1.

1

2,4

2.

2

2,7

3.

3

2,9

4.

4

3,1

5.

5

3,35

6.

6

3,65

7.

7

3,85

8.

8

4,05

9.

9

4,35

10.

10

4,8

11.

11

7,25

12.

12

9,15

13.

13

11,1

14.

14

12,75

15.

15

14,65

16.

16

16,6

17.

17

18,55

18.

18

20,25

19.

19

22,2

20.

20

24,1

21.

21

26,55

22.

22

28,95

23.

23

31,35

24.

24

33,75

25.

25

36,2

26.

26

38,6

27.

27

41

28.

28

43,4

29.

29

45,85

30.

30

48,25

31.

31

50,65

32.

32

53,05

33.

33

55,45

34.

34

57,9

35.

35

60,3

36.

36

62,7

37.

37

65,15

38.

38

67,55

39.

39

69,95

40.

40

72,35

41.

41

74,8

42.

42

77,2

43.

43

79,6

44.

44

82

45.

45

84,45

46.

46

86,85

47.

47

89,25

48.

48

91,65

49.

49

94,1

50.

50

96,5

51.

51

98,9

52.

52

101,3

53.

53

103,75

54.

54

106,15

55.

55

108,55

56.

56

110,95

57.

57

113,4

58.

58

115,8

59.

59

118,2

60.

60

120,6

61.

61

123,05

62.

62

126,4

63.

63

129,1

64.

64

132,2

65.

65

135,1

66.

66

138,2

67.

67

141,1

68.

68

144,25

69.

69

147,45

70.

70

150,35

71.

71

153,45

72.

72

156,35

73.

73

159,4

74.

74

162,3

75.

75

165,45

76.

76

168,4

77.

77

171,55

78.

78

174,65

79.

79

177,55

80.

80

180,75

81.

81

183,55

82.

82

186,7

83.

83

189,6

84.

84

192,8

85.

85

195,9

86.

86

198,8

87.

87

201,9

88.

88

204,75

89.

89

207,95

90.

90

210,85

91.

91

210,9

92.

92

216,95

93.

93

220

94.

94

223,1

95.

95

226

96.

96

229,2

97.

97

231,9

98.

98

235,15

99.

99

238,05

100.

100

241,25

101.

100-ден жоғары

250,9

»;

      107) 387-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге осы Кодекстің 378-бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемесін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.»;
      3-3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-3. Осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне бөлінген және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаларға жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларда қолданылмайды.
      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.
      4. Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру немесе оларды коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгiленген тәртіппен есептейдi.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге немесе оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде осындай объектілер бойынша жер салығын есептеу мен төлеуді осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жүргізеді.
      Осы тармақтың ережелері жалға алынғаны, пайдаланылғаны үшін төлемақысы мемлекеттік бюджетке түсетін, жалға, өзге де негіздерде пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша қолданылады.»;
      108) 391-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға) қолданылмайды.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) жер салығын патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.»;
      109) 393-бапта:
      1-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      110) 394-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өз ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын, меншік құқығындағы салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ салық салынатын табыстарына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар.
      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеуші өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша осы бөлімде белгіленген тәртіппен мүлік салығын төлейді;»;
      111) 396-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы «объектiлерi салық салу объектiлерi болып табылмайды.» деген сөздер «объектiлерi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) метрополитеннің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көліктік кешеннің ажырамас бөлігі болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiлерi болып табылмайды.»;
      112) 398-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) тиісті объект бойынша салық міндеттемесі туындаған салық кезеңін қоса алғанда, бес салық кезеңі ішінде салық салу объектілері бойынша – арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында айқындалған тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлiк басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі бойынша есептейді және төлейді.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Осы Кодекстiң 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар мүлікті пайдалануға, сенімгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде осындай мүлік бойынша салықты есептеуді және төлеуді осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жүргізеді.
      Осы тармақтың ережелері пайдаланылғаны, сенімгерлiк басқарылғаны немесе жалға берілгені үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке түсетін, пайдалануға, сенімгерлiк басқаруға немесе жалға берілген мүлік бойынша қолданылады.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша мүлік салығын салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері, салық салу объектілерін осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес халықаралық мамандандырылған көрме қатысушыларына өтеусіз негізде пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларын қоспағанда, салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларына қолданылмайды.
      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.»;
      113) 407-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

      Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) мүлік салығын осы Кодекстің 57-тарауында патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдана отырып есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді.
      Мұндай ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.»;
      114) 431-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады.
      Патент құны осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.
      Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді.
      Патент құны банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда, төлем құжатының деректемелері сұрау салуда көрсетілген кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы электрондық түрде табыс етілетін есеп-қисапқа қоса беріледі.
      Патент құнының төленгенін растайтын құжаттар есеп-қисап қағаз жеткізгіште берілген кезде табыс етіледі.
      Электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы табыс етілген есеп-қисапта дара кәсіпкерлер патент құнына қосылатын салықтар және төлемдер сомаларын төлеу бойынша төлем құжаттарынан мәліметтерді көрсетеді.
      Дара кәсіпкерлер есеп-қисапты табыс еткеннен кейін салық органы есеп-қисап табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастыруды жүргізеді.
      Патент нысанын уәкілетті орган бекітеді.
      Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, патент негізіндегі арнаулы салық режимі бір салық кезеңі шегінде кемінде бір ай қолданылады.
      Патент негізіндегі арнаулы салық режимін:
      1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген;
      2) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлер бір айдан аз мерзім ішінде қолданады.»;
      115) 439-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
      1) жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
      Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін – 3 500 га;
      Атырау, Маңғыстау облыстары үшін – 1 500 га;
      Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары үшін – 500 га, топырақ-климаттық аймақтардағы шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлерінде орналасқан аудандарда (Бетпақ Дала, Балқаш көлі маңындағы құмдар) 1500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңынан аспаса;
      2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерін ғана жүзеге асырса;
      3) қосылған құн салығының төлеушілері болып табылмаса, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.»;
      116) 442-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыларды;»;
      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      117) 444-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай мөлшерлемелерді қолдану жолымен жүргізіледі:

Ррет №

Жер учаскелерінің алаңы (гектар)

Салық мөлшерлемесі

1

2

3

1.

500-ге дейін

0,15 %

2.

501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,15 % + 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3 %

3.

1001-ден 1500-ге дейін қоса алғанда

1000 гектардан бағалау құнының 0,3 % + 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,45 %

4.

1501-ден 3000-ға дейін қоса алғанда

1500 гектардан бағалау құнының 0,45 % + 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,6 %

5.

3000-нан жоғары

3000 гектардан бағалау құнының 0,6 % + 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,75 %

      Жайылымдар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына 0,2% мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
      Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.»;
      118) 446-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:»;
      119) 447-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.»;
      120) 448-бапта:
      1-тармақта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Арнаулы салық режимі корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.»;
      төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың:
      жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу;
      мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы (оның ішінде, асыл тұқымды), омарта шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, салық төлеушіге арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.
      Осы тармақтың талабы омарта шаруашылығының өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қолданылмайды.»;
      2-тармақтың үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге;
      2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, осы Кодекстің 70-бабына сәйкес тиісті салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ережені қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, көлік құралдары салығы бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігінде:
      3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
      5) тармақшадағы «селолық тұтыну кооперативтерінің арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.» деген сөздер «селолық тұтыну кооперативтерінің;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.»;
      121) 449-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «449-бап. Салық кезеңi

      Корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын есептеу үшін салық кезеңi осы Кодекстің 148, 269, 363, 370 және 401-баптарына сәйкес айқындалады.»;
      122) 451-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бюджетке төленуге жататын, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.»;
      123) 452-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «452-бап. Салық төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету
                мерзiмдерi

      Осы Кодекстің 451-бабында көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу және олар бойынша салық есептiлiгін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
      124) 456-бап кестесінің 1.2.1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

1.2.1.

мемлекеттік тіркегені, қызметінің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін

1

»;

      125) 457-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      126) 481-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      127) 493-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоршаған ортаға эмиссия бойынша – бірыңғай жер салығын төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.»;
      128) 495-баптың 6-тармағының 1.3.6-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

1.3.6.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,001

»;

      129) 496-баптың 6-тармағы және 498-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
      130) 531-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе жергілікті атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасын бюджетке енгізгендігін растайтын құжатты табыс етеді.»;
      131) 546-баптың 2) тармақшасы және 547-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
      132) 551-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
      133) 553-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) шетелде уақытша және тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды консулдық есепке қойғаны және консулдық есептен шығарғаны үшін алынбайды.»;
      134) 557-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      «қолданылатын салық режимі туралы;»;
      135) 560-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде;»;
      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері – салық органында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметін басымдықпен жүзеге асыратын орын;»;
      136) 561-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына береді.»;
      137) 562-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;
      1-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің бар болған жағдайда инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттарының;»;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, бейрезиденттің инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын;»;
      5-2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 5-3-тармақпен толықтырылсын:
      «5-3. Резидент заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттердің бірінші басшылары болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін болатын (тұрғылықты) жері бойынша салық органына мынадай:
      1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
      2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;
      138) 563-бапта:
      4-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша салық органына өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.»;
      139) 564-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) орындалмаған салықтық міндеттемелері не Қазақстан Республикасының аумағында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері болмаған жағдайда, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуі және азаматтығын тоқтатуы;»;
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық органы салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 3) – 8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды шығарып тастау мақсатында әділет және ішкі істер органдарына:»;
      140) 81-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«§ 2. Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот
орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі»;

      141) 565-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «565-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот
                орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде
                тіркеу есебіне қою»;

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейiн «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде табыс етілген, дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
      4. Салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады.
      Салық органы, егер:
      1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
      2) салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
      3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайларда, жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тартады.»;
      142) 566-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот
                орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың
                тіркеу деректерін өзгерту»;

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық органы дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу деректерін өзгертуді дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
      2. Дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (оның мүшелері) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      «2-2. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы табыс етуге міндетті.»;
      3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтінішке Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде табыс етілетін құжаттар қоса беріледі.
      Егер дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш электрондық түрде табыс етілсе, осы тармақта көзделген құжаттар табыс етілмейді.»;
      «5. Салық органы жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Салық органдары осы Кодекстің 565-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады.»;
      143) 567-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «567-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот
                орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде
                тіркеу есебінен шығару

      1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
      2. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды осы Кодекстің 42-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
      3. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық органы орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.
      4. Салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органында өзінің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылғаны (шығарылудан бас тартылтылғаны) туралы жазбаша растау алуға құқылы.»;
      144) 568-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстің 569-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес келген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш салық органының қабылдауына жатпайды.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген салықтық өтінішке:
      1) салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса береді.
      Мынадай құжаттардың бірі:
      жылжымайтын мүлікке меншік (оны пайдалану) құқығын растайтын құжат;
      орналасқан жер ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлік өзінің меншік құқығында тұрған жеке тұлғаның жазбаша келісімі салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
      Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат көшірмесін нотариат куәландырған күн мен оны салық органына табыс ету күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс;
      2) салық төлеушінің салық салынатын ең төмен айналымынан асып кеткендігін растайтын құжаттар көшірмесін міндетті түрде қоса береді.
      Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері және осы баптың 2-тармағында көрсетілген айналымның жасалу фактісі туралы куәландыратын өзге де құжаттар салық төлеушінің ең төмен айналымынан асып кеткендігін растайтын құжаттар деп танылады.»;
      145) 569-баптың 3-тармағында:
      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы):
      әрекетсіз заңды тұлға;
      әрекетсіз дара кәсіпкер;
      әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);
      әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) жеке тұлға;
      1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
      2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
      іздеу салынған жеке тұлға болып табылса;
      5) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер:
      әрекетсіз дара кәсіпкер;
      әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);
      әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) жеке тұлға;
      1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
      2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
      іздеу салынған жеке тұлға;
      болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасының аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі аяқталған шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам болып табылса;»;
      5) тармақшаның алтыншы абзацындағы «жеке тұлға болып табылса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады» деген сөздер «жеке тұлға болып табылса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) резидент заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің бірінші басшысының сәйкестендіру нөмірі болмаса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.»;
      146) 570-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қатаң есептілік бланкiсi болып табылады және ол салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып беріледі.
      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасын, дара кәсіпкерді қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде олардың құжаттарды беру журналына қолын қойғыза отырып, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысы, дара кәсіпкер жеке өздері алуға тиіс.
      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті берген кезде салық органы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысын, дара кәсіпкерді суретке түсіруді жүзеге асырады.»;
      5-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «үш жұмыс күні ішінде салық органы жүргізеді.» деген сөздермен толықтырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
      147) 571-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған кезде, салық органдары салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізуге міндетті. Осындай салық төлеушінің салық органына салықтық өтініш берген күні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.
      Салық органдары мынадай:
      1) салық төлеушінің салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл ішіндегі салық салынатын айналымының мөлшері осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен;
      2) салық төлеушінің мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бергі кезең ішіндегі салық салынатын айналымының мөлшері осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төмен айналымнан асып кеткен жағдайларда, салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тартады.
      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 73-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс еткен салық төлеушіге қолданылмайды.
      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мұндай бас тартудың себебі көрсетіле отырып, салық төлеушіге жеке қолын қойғызу арқылы немесе жіберу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.»;
      4-тармақтың 5) тармақшасындағы «танылған жағдайларда салық төлеушіні хабардар етпестен жүргізіледі.» деген сөздер «танылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияда үздіксіз жалғасатын келесі екі салық кезеңі ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу және сатып алу жөніндегі айналымдар туралы мәліметтерді көрсетпеген;
      7) осы Кодекстің 568-бабының 1-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою жүргізілген күнтізбелік жылда қосылған құн салығы бойынша осындай тіркеу есебіне тұрған тұлғада айналым мөлшерінің осы Кодекстің 568-бабының 5-тармағында белгіленген ең төмен айналымнан асып кетуі болмаған;
      8) егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушы) немесе дара кәсіпкер:
      әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
      егер қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) кезден бастап алты ай өткен жағдайда, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған);
      1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
      2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
      іздеу салынған жеке тұлға;
      болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасы аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі аяқталған шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайларда салық төлеушіні хабардар етпестен жүргізіледі.»;
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жері бойынша салық органы:
      1) осы баптың 4-тармағының 1), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап;
      2) осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;
      3) салық органы соттың салық төлеушiні жалған кәсіпорын деп тану туралы заңды күшіне енген үкімін не қаулысын алған күннен бастап;
      4) салық органы соттың дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
      Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген екінші салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етілген айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарады.
      6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша:
      1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін – осы шешім шығарылған күннен бастап;
      2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлға үшін – қылмыстық әрекет басталған күннен бастап;
      3) осы баптың 4-тармағының 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнінен бастап;
      4) осы баптың 4-тармағының 8) тармақшасында белгіленген жағдайлар туындаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.»;
      10 және 11-тармақтар алып тасталсын;
      148) 572-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық төлеуші тіркеу есебіне қою үшін салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш береді.
      Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті табыс ету салық төлеушінің хабарламаларды кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық құжаттар алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық органдарының хабарламаларын алуға берген келісімі болып табылады.
      3. Салық органы электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғыза отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын береді.»;
      4, 5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
      149) 573-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы «бастап жүргізеді.» деген сөздер «бастап;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) осы Кодекстің 571-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес салық органының шешімі бойынша салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен бастап жүргізеді.»;
      150) 574-бапта:
      1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
      24567 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органдарында тіркеу болып табылады.»;
      «4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлері бойынша (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда) лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі деректерінің негізінде тиісті лицензиясы болған жағдайда жүргізіледі.
      Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерін өндіруді қоспағанда), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілетін жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.
      5. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерін өндіруді қоспағанда) және 9) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш салық органына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе мұнай өнімдерін өндірушінің өндіріс объектісін, резервуарды, мұнай өнімдері базасын, жанармай құю станциясын, қойма үй-жайын (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізу кезінде) жалға алу шарттарының біреуі бір жылға дейінгі кезеңге жасалған кезде, осы шарттың не мұнайды берушілер үшін мұнай өнімдерін өндірушімен жасалған мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартының (шартқа ерекшеліктерінің қосымшасымен бірге) көшірмесін қоса бере отырып, табыс етіледі.
      Салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда, шарттардың көшірмелері нотариатта куәландырылған болуға қажет.
      6. Салық органы:
      1) салықтық өтініш берілген күннен бастап;
      2) лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.
      7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындар) болған жағдайда тіркеу есебіне қою әрбір ойын мекемесі (стационарлық орындар) бойынша бөлек жүзеге асырылады.
      Стационарлық орын – ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын.»;
      «9. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған кезде тіркеу есебіне алу әрбір салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект бойынша бөлек жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Осы баптың 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының мақсаттары үшін салық салуға байланысты объектілер деп мұнай өнімдерін өндірушінің өндіріс объектісі, мұнай өнімдері базасы, резервуар, жанармай құю станциясы, мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартында немесе мұнай өнімдерін өндірушімен (мұнайды берушілер үшін) жасалған шартқа қосымшада (ерекшелікте) көрсетілген мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және мұнай өнімдері көлемінің шығымы, осы баптың 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға пайдаланылатын стационарлық және (немесе) қоймалық үй-жай түсініледі.»;
      10-тармақ алып тасталсын;
      151) 575-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық төлеушi тiркеу деректерінде көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жері бойынша салық органына осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiшті беруге мiндеттi.
      2. Салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiшті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді жүргізеді.
      Осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 9) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші салықтық өтінішке осы Кодекстiң 574-бабының 5-тармағында көрсетiлген, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің өзгергенін растайтын құжатты қоса береді.
      Салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда, шарттардың және (немесе) шарттарға қосымшалардың көшірмелері нотариатта куәландырылған болуға тиіс.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      152) 576-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық органы салық төлеушіні осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініштің негізінде, лицензиялауға жатпайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен мынадай:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тіркеу деректерінде көрсетілген барлық салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есептен шығарған жағдайларда шығаруға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Салық төлеушіні лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығаруды салық органы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алынған лицензия қолданысының тоқтатылуы туралы мәліметтердің негізінде жүргізеді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы санын есептен шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына беріледі.»;
      3-тармақта:
      1) тармақша алып тасталсын;
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің жалға алу шартының және (немесе) мұнай өнімдерін өндірушімен жасалған мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартының қолданысы тоқтатылған;»;
      «3) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодексте акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп айырысуды табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін үш айлық кезең ішінде оларды табыс етпеген жағдайларда жүргізіледі.»;
      153) 579-баптың 56 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Салық органдары салық төлеушіні әрекетсіз деп тану туралы бұйрықты жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей шығарады, олар туралы мәліметтер осындай бұйрық шығарылған күннен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
      6. Әрекетсіз деп танылған салық төлеуші туралы мәліметтер:
      1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесін орындағаннан;
      2) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін салық төлеушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар қолданылған жағдайда, олар төленгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қабылданған салық органының бұйрығына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.
      7. Әрекетсіз деп танылған салық төлеуші туралы мәліметтер салық органының тиісті бұйрығы қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.»;
      154) 580-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда – тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;»;
      155) 581-бапта:
      бірінші бөлікте:
      1)3)3-1)8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдік пен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етуге міндетті.
      Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы баптың осы тармақшасында және 3), 4), 6), 9) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында оларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық төлеуші туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат табыс етіледі.
      Көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы мұндай электрондық байланыс арналары арқылы хабардар ету техникалық проблемалар салдарынан мүмкін болмаған кезде хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;»;
      «3) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға арналған төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
      Төлем құжатында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректерімен сәйкес келмеген не ол болмаған жағдайларда, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осындай төлем құжатының акцептінен бас тартады.
      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 55-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетелдік және азаматтығы жоқ адам төлеген кезде қолданылмайды;
      3-1) жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжаттарын қабылдаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның деректеріне сәйкес көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті. Бұл ретте осы бақылау жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуіне ғана қолданылады.
      Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем құжатында көрсетілген жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың сәйкестендіру нөмірі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган табыс еткен деректерге сәйкес келмеген жағдайда, жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжатының акцептінен бас тартады.
      Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган табыс еткен деректерде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, банктер немесе банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғалардан алынатын, көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжатының акцептінен бас тартуға құқылы емес;»;
      «8) нұсқамасы болған кезде, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша ақшасының бар-жоғын және жасалатын операцияларын тексеруге салық органдарының лауазымды адамын жіберуге;
      9) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;»;
      12) тармақшада:
      үшінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық салуға байланысты мәселелер бойынша – дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаның;»;
      «орналасқан жері бойынша шын мәнінде жоқ екендігі осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен расталған және салық есептілігін табыс етудің осы Кодексте белгіленген мерзімнен кейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, алты ай өткенге дейін осы есептілікті табыс етпеген, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;»;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін – осы Кодекстің 43-1-бабына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жеке тұлғаның;»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекске сәйкес табыс ететін мәліметтерді салық органдары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдаланады.»;
      156) 583-бап мынадай мазмұндағы 7-2 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
      «7-2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым бюджет қаражаты есебінен алған қосылған құн салығы сомасы субсидияларының сомалары жөніндегі мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша табыс етуге міндетті.»;
      «9. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді берген кезде осындай көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінген күні туралы, сондай-ақ оны дайындаушы ел туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді.»;
      157) 584-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы:
      салық есептілігі үшін – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;
      салықтық өтініш үшін – салық органдары алған күн;»;
      158) 595-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың;»;
      159) 597-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі.
      Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың дербес шотын жабу жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;»;
      160) 598-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қойылған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі кезінде, осындай тұлғаның берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің 5-тарауында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.»;
      161) 607-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы – хабарламасын жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген оны табыс ету мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілетін, корпоративтiк табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.
      Уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателіктер туындауы себебінен осы тармақшада көрсетілген хабарламаны жіберу мерзімі бұзылған жағдайда, осы хабарлама мерзімінде жіберілген деп есептеледі. Бұл ретте осындай хабарлама бойынша салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді салық төлеуші осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде орындауға тиіс.
      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге қатысты қолданылмайды;»;
      162) 609-бапта:
      1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың банк шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
      3) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші – заңды тұлғаға осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
      Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде, заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері қолданылғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін бір мезгілде қолданады.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы заңды тұлғаның салық төлеуші құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.»;
      163) 611-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде біреуден көп банк шоты болған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген банк шоттарының соңғысын жапқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай өкімді тиісті салық органына қайтарады.»;
      164) 613-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мониторингке жататын iрi салық төлеушiнi қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне шағым жасаған жағдайларда жүргiзедi. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда, салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны жiбермей, осы Кодекстің 93 және 94-тарауларында белгіленген тәртіппен шектеу жүргізеді.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген, қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге қойылған мүлкін салық органының лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданылуы тоқтағанға дейін алып қоюына тыйым салынады.
      Салық органы мүлікке билік етуіне шектеу қойған күннен бастап және оны алып тастағанға дейін салық төлеушінің (салық агентінің) шарт талаптарын (шарттың қолданылу мерзімін ұзарту, қосалқы лизинг және (немесе) қайта кепілдендіру) өзгертуіне тыйым салынады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм салық төлеушiге (салық агентiне) жеке қол қойғызып немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:
      1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеуші (салық агенті) белгі қойған күннен бастап;
      2) электрондық тәсілмен – веб-қосымшаға салық қызметi органының шешімі жеткізілген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
      3) осындай шешімді алғанын растайтын қол қоюдан бас тарту немесе орналасқан жері бойынша болмау себебімен тапсыру мүмкін болмаған жағдайларда – осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген салықтық зерттеп-тексеру күні тапсырылды деп есептеледі.
      Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім декларантқа, оның ішінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес салық төлеушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін декларантқа тапсырылған жағдайда, осындай декларанттың шешімге қол қойған күні тапсырылу күні болып табылады.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Салық органы мұндай шешімді қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.»;
      165) 614-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануды бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.»;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану – оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.»;
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы заңды тұлғаның салық төлеуші құрылымдық бөлімшелеріне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.»;
      166) 616-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етілмеген не дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтер табыс етілген жағдайда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.»;
      167) 621-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі;»;
      168) 622-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «622-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот
                орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып
                табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық
                берешегін өндіріп алу

      1. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы осы салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінеді.
      2. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші – жеке тұлғаның салық берешегі сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтініштер немесе талап қоюлар бойынша істерді қарау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның мүлкі есебінен салық берешегін өндіріп алуды атқарушылық iс жүргiзу органдары Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.»;
      169) 627-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде – нұсқамада көрсетiлген аумақтың учаскесiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi;»;
      5-тармақтың 2) тармақшасында:
      бірінші бөліктің жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
      екінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерінің келісуімен осындай бірлестіктердің өкілдері тартылуы мүмкін.»;
      9-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігінде:
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «құрылысты жүзеге асыру басталғаннан кейін төрт жылда бір реттен жиілетпей табыс етілетін, оларға осы Кодекстің 272-бабының 3-1-тармағын қолдануға байланысты қосылған құн салығының асып кетуінің анықтығын растау үшін салық төлеушінің өтініші бойынша;»;
      жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша;»;
      9-1-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
      170) 629-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) резидент заңды тұлғаның таратылуына, бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуға, дара кәсіпкер қызметінің, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін салықтық тексеру;»;
      171) 631-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметінің тоқтатылуына;»;
      172) 632-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
      3-тармақтың бірінші бөлігінің 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
      6-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.»;
      173) 633-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық органының мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-касса машиналарының болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамы салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың төлнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
      4. Мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-касса машиналарының болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде, салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың төлнұсқасы ұсынылады және оның көшірмесі тапсырылады. Төлнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.»;
      174) 635-бапта:
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушіге сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушыға берілген тауарлар бойынша импорттық тауарлар декларациясының болуы есепке ескерілді.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен және 2) тармақшадағы «растаған жағдайларда жүргізіледі.» деген сөздер «растаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) осы Кодекстің 245-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты салық органының сұрау салуына жауап алынған;»;
      «3) осы Кодекстің 272-бабының 3-1-тармағын қолданған жағдайларда жүргізіледі.»;
      175) 644-бапта:
      6)7)8)9)10)14)15)16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы – қолма-қол ақшаның, тауарлық чектердің, бақылау-касса машинасы фискалдық жады немесе фискалдық деректерді жинақтауышы көрсеткіштерінің ауысым сайынғы айналымын есепке алу журналы;
      7) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалы – көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақша қабылдауға не төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысуларға арналған электрондық-механикалық құрылғы;
      8) салық органының пломбасы – фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусын санкциясыз ашудан қорғау құралы;
      9) салық төлеушінің жауапты адамы – салық төлеуші не бақылау-касса машинасын қолдана отырып сатып алушымен (клиентпен) ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын және оның жұмыс істеуіне жауап беретін, салық төлеушімен еңбек қатынасында тұрған адам;
      10) сауда автоматы – автоматты режимде қолма-қол ақша немесе төлем карточкаларын пайдалана отырып, есеп айырысу арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;»;
      «14) фискалдық деректер – фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жадында не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының фискалдық деректерді жинақтауышында тіркелетін және салық органдарына берілген, фискалдық белгісі бар ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат;»;
      «15) фискалдық есеп – белгілі бір кезең ішінде фискалдық деректер көрсеткіштерінің өзгеруі туралы есеп;
      16) фискалдық жады – фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген есеп айырысулар туралы қорытынды ақпараттың ауысым сайын түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені;
      17) фискалдық режим – ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді бір мезгілде фискалдық деректер операторы арқылы салық органдарына бере отырып, ақпараттың фискалды жады блогында не фискалдық деректердің жинақтауышында түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимі;»;
      мынадай мазмұндағы 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18) ақшалай есеп айырысулар – тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар;
      19) фискалдық деректерді жинақтауыш – ақпаратты тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы ақпараттың түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені.»;
      176) 645-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.
      Осы тармақтың ережесi:
      1) жекеше нотариаттық қызметті немесе атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың;
      2) қызметін:
      патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;
      ашық сауда базарларының аумағында шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде;
      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);
      3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қоғамдық қала көліктерінде тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
      Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.
      Бұл ретте бензинді (авиациалық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушіде осындай бақылау-касса машиналарын қолдану жөніндегі міндет 2015 жылғы 1 шілдеден бастап туындайды.
      Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.
      Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.»;
      4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;
      2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;»;
      177) 646-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бақылау-касса машиналарын есепке қою салық төлеуші бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін бере отырып және бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын бере отырып жүргізіледі.»;
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қойған кезде салық төлеуші салық органына:
      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
      2) салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;
      3) деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын
      4) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған, қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алу кітаптарын;
      5) ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді салық органдарына беруді жүзеге асыру үшін байланыс қызметтерін ұсыну бойынша фискалдық деректердің операторымен жасалған шарттың көшірмесін табыс етеді.»;
      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын және деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:»;
      6-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Компьютерлік жүйелерді және деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қоспағанда, бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою кезінде салық органының лауазымды адамы:»;
      4), 5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жұмыс режимін белгілейді;
      5) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусына салық органының пломбасын орнатады;»;
      «7) қолма-қол ақшаны және тауар чектерiн есепке алу кiтабын өз қолымен және оларды куәландыруға арналған мөрмен куәландырады;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) бақылау-касса машинасы моделінің мемлекеттік тізілімге енгізілген модельдерге сәйкестігін тексереді;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) салық төлеушіге:
      фискалдық жұмыс режимі белгіленген және салық органының пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын;
      деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын;
      қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алудың куәландырылған кітаптарын;
      бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын қайтарады;»;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) салық төлеушіге бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын береді.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын, деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.»;
      178) 647-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда – осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда – осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық органының лауазымды адамы салықтық өтiнiш салық органында қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының өзгертілген тiркеу деректерi бар тiркеу карточкасын ресiмдейдi және салық төлеушiге бередi.»;
      179) 648-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) бақылау-касса машинасының техникалық жағынан жарамды моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне алмастырылған;
      4-2) ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына және салық төлеушінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланған, жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;»;
      2-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Компьютерлік жүйелерді және деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қоспағанда, салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде:»;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салық органы орнатқан пломбасымен бірге фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын немесе деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын;»;
      4-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салық органының лауазымды адамы бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш салық органында тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есептен шығаруды жүргізеді, ол үшін:»;
      3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусынан салық органының пломбасын алып тастауды жүргiзедi;»;
      4) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын, деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде салық органының лауазымды адамы фискалдық есепті алады және салық төлеушіге бақылау-касса машинасын есептен шығарғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.»;
      180) 649-баптың 3-тармағында:
      бірінші бөлік 8) тармақшасындағы «белгіні қамтуға тиіс.» деген сөздер «белгіні;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалылығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін қамтуға тиіс.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Компьютерлік жүйелердің (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелерді қоспағанда) бақылау чегі осы тармақтың 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қамтуға тиіс.»;
      181) 650-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бақылау-касса машинасын пайдалану бойынша нұсқауға сәйкес ақшалай есеп айырысу туралы ақпаратты енгізуді жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) фискалдық деректердің операторы ұсынатын телекоммуникациялар желісі уақытша болмаған жағдайда, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының автономды жұмыс режимін пайдаланады;»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.»;
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Төлем карточкалары пайдаланылған кездегі төлемдер сомалары ескерілген кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есептің көрсеткіштері фискалдық есепті алған кездегі кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомаларына сәйкес келуге тиіс.»;
      5-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының салық органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда, салық төлеуші ақау пайда болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын тіркеуге қою жүргізілген салық органына:»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық ақау жойылғаннан кейін фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасын пломба орнату үшін салық органына табыс ету мерзімі техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысында көрсетілген жөндеу жүргізу мерзімінен кем болмауға, бірақ пломбаның бүтіндігін бұзуға салық органы рұқсат берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының техникалық қызмет көрсету орталығына жүгінбей жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда, салық төлеуші ақау пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын тіркеуге қою жүргізілген және (немесе) оған қызмет көрсету жүргізілетін техникалық қызмет көрсету орталығына жүгінеді.
      Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын жөндеу аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде салық төлеуші деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркелген орны бойынша салық органына техникалық қызмет көрсету орталығының жөндеу жүргізу мерзімі көрсетілген ақау себептері туралы қорытындысын табыс етеді.»;
      6-тармақта:
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) фискалдық жадынан не фискалдық деректер жинақтауышынан деректерді алуға мүмкіндік болмаса;
      3) фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасында салық органының пломбасы болмаса немесе бүлінсе;»;
      4-тармақшадағы «жоқ болса техникалық ақаулы деп есептеледі.» деген сөздер «болмаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) фискалдық деректердің операторы ұсынатын жарамды байланыс бола тұра, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан деректерді беру мүмкіндігі болмаса, техникалық ақаулы деп есептеледі.»;
      7 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасы осы баптың 6-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда техникалық ақаулы деп есептеледі.»;
      «9. Салық органдары қолма-қол ақшаны және (немесе) тауар чектерін есепке алу кітабын ауыстыруды салықтық өтініш салық органында тіркелген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.»;
      182) 652-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салық төлеушінің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындауы жөнінде талдау, камералдық бақылау және (немесе) салықтық тексерулер жүргізу кезінде бақылау-касса машиналарының фискалдық жады блоктарында сақталатын деректерді не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының салық органдарына фискалдық деректер операторы арқылы берілген деректерін пайдаланады.»;
      183) 656-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Уәкілетті мемлекеттік орган бақылау актісінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылауды жүзеге асыратын салық органы қызметкерi куәгерлердi (екіден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актiде:
      1) оның жасалған орны мен күнi;
      2) актіні жасаған салық органының лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);
      3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, тұрғылықты жерi;
      4) шешімнің нөмiрi, күнi, уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi;
      5) шешім данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi.»;
      184) 668-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      169-баптың сегізінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары және салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi. Көрсетiлген декларация жазаның қалған өтелмеген бөлiгi аяқталғанға дейiн табыс етіледі.
      Бұл ретте, көрсетілген адамдар iшкi iстер органына мемлекеттік кіріс органының декларацияны алғаны туралы анықтамасын табыс етеді.».
      5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «ставкаларды», «ставкасының», «ставкалар», «Ставкалар», «ставкалары», «ставкасын», «ставкасы», «ставкасына», «ставканың», «ставкаларын» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемесінің», «мөлшерлемелер», «Мөлшерлемелер», «мөлшерлемелері», «мөлшерлемесін», «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесіне», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемелерін» деген сөздермен, «процентінен», «процентін», «процентімен», «процент», «проценттен», «проценті», «проценттік», «процентсіз» деген сөздер тиісінше «пайызынан», «пайызын», «пайызымен», «пайыз», «пайыздан», «пайызы», «пайыздық», «пайызсыз» деген сөздермен, «аффилиирленген», «аффилиирленгені», «аффилиирлендірілген» деген сөздер тиісінше «үлестес», «үлестестігі», «үлестес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 50-бапта:
      4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) банктердің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, бейрезидентті қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне банк шоттарының ашылғаны туралы тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдарын міндетті түрде хабардар етуі;»;
      6-тармақта:
      бірінші абзац «адвокаттың» деген сөзден кейін «, кәсіби медиатордың» деген сөздермен толықтырылсын;
      г) тармақша алып тасталсын;
      д) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «д) мемлекеттік кіріс органдарына тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мыналарға:
      тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты – салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаға қатысты – салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған және қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан жеке тұлғаға қатысты;
      орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіби медиаторға қатысты;
      әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, адвокатқа қатысты беріледі.
      Клиенттердің экспорттық және (немесе) импорттық операциялары жөніндегі мәліметтер прокурордың санкциясымен беріледі;»;
      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар мемлекеттік кіріс органдарына мыналарға:
      заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік лауазым атқаратын адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
      жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.
      Осы баптың осы тармағында және 6-тармағының д) тармақшасында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде уәкілетті органмен келісу бойынша салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша тек салықтық әкімшілендіру мақсатында беріледі.»;
      3) 51-баптың 1-тармағының екінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген жағдайларда, мемлекеттік кіріс органдарының өкімдері бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негiздер бойынша ғана қолданылуы мүмкiн.»;
      «Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының өкімдері қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық түрде банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
      Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге мемлекеттік кіріс органдарының бірiншi басшысы қол қоюға және сол органның мөрiмен куәландырылуға тиіс.»;
      4) 54-1-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) кірістер мен мүлкі туралы мәліметтерді, банктің ірі қатысушысы тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдарына ұсынатын жеке табыс салығы бойынша декларация бар болса, оның көшірмесін беруге тиіс.».
      6. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
      1) 9-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына:»;
      2 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік лауазымдар атқаратын адамдар өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары мен салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.
      2-1. Мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары мен салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.»;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына:»;
      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында көрсетілген адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары мен салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.»;
      3-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-2. Арнаулы мемлекеттік органдағы қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына осы баптың 3-тармағында көрсетілген декларация мен мәліметтерді табыс етеді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген адамдар тиiсiнше өздерi лауазым атқаруға үмiткер органға не жұмыс орны бойынша органға осы баптың 1 немесе 3-1-тармақтарында санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi мемлекеттік кіріс органының одан алғаны туралы анықтама табыс етеді.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Мемлекеттік кіріс органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпияны құрайды. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында көрсетілген органдардың сұрау салулары бойынша ғана, сондай-ақ заңда белгiленген сот тәртiбімен табыс етiледi.»;
      2) 13-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына көрсетілген адам хабардар етілмей келiп түскен ақша, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып, тиісті функцияларды орындауына байланысты алған қаражаты олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;»;
      3) 18-баптың 23 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызметтің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не заңмен бұған уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша соттың шешiмiмен мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Көрсетілген органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сот шешiм шығарғанға дейiн сақтау жөнінде шаралар қолданады.
      3. Егер мемлекеттік функцияларды орындайтын адам немесе оған теңестiрiлген адам жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылғаннан, тиiстi функцияларды орындаудан өзгедей босатылғаннан кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына құқыққа қайшы алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.
      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, мемлекеттік кіріс органдары не заңмен бұған уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың мемлекетке заңсыз алынған мүлікті қайтару немесе оның құнын немесе заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын төлеу бойынша міндеттері туындаған кезден бастап бір айдан кешіктірмей, заңсыз алынған мүлiктi мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.».
      7. «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; 2013 ж., № 15, 81-құжат):
      1-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) уақытша қорғау шаралары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде мемлекеттік кіріс органдары қорғау баждары түрінде қолданатын алдын ала қорғау шаралары;».
      8. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
      32-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «судьялар, адвокаттар, әділет органдарының қызметкерлері, ішкі істер, прокуратура, салық, қаржы полициясы органдарының, кеден органдарының қызметкерлері, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және әскери қызметшілері, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери полициясы мен тәртіп бөлімдерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу қызметінің әскери қызметшілері болып табылатын немесе болған адамдар;».
      9. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
      13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiру кезінде мемлекеттік кіріс органдарына табыстары және өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектілері болып табылатын мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi.».
      10. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      9-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері көрсететін қызметтер үшін бағаларды уәкілетті орган бекітеді.».
      11. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 69-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;»;
      2) 74-1-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) табыстар мен мүлік туралы мәліметтерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана мемлекеттік кіріс органдарына ұсынатын жеке табыс салығы бойынша декларация болған кезде, оның көшірмесін қамтитын есептілікті табыс етуге тиіс.».
      12. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «ставкаларын», «проценті», «проценттен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерін», «пайызы», «пайыздан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) облыстық бюджеттен және (немесе) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;».
      13. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «ставкаларын», «ставкалардың» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 30-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсаттар беру;
      4-2) халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектілерін орналастыру кезінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырғаны үшін төлемақы алу және мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен, мерзімдерде және нысандарда осындай төлемақы төлеушілер және салық салынатын объектілер туралы мәліметтер ұсыну;».
      14. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «ставкасы», «ставкасынан», «процент», «проценті», «процентінен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесінен», «пайыз», «пайызы», «пайызынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) – өздерiне табыс әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор;».
      15. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      43-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша – тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана мемлекеттік кіріс органдарына;».
      16. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «ставкаларды», «ставкаларымен», «ставкалар», «проценттік», «процентінен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелерімен», «мөлшерлемелер», «пайыздық», «пайызынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      22-1)22-2) және 22-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылығы бар жеке тұлға немесе осындай жеке тұлғаның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың мүшесі ретінде есепке алынған отбасы мүшесі;»;
      22-2) инвестициялық салымдар – жаңа өндiрiстiк қуаттарды құруға немесе жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар;
      22-3) кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы – өзiндiк құны мен рентабельдiлiгі ескерiле отырып белгiленетiн, ауылшаруашылық тауарын өндiрушiлерден ауылшаруашылық өнiмiн сатып алу жүзеге асырылатын баға;»;
      мынадай мазмұндағы 22-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «22-4) қайта өңдеушi кәсiпорындар – ауылшаруашылық өнiмiн бастапқы және (немесе) тереңдете қайта өңдеудi жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешеннiң субъектiлерi;»;
      3) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту;»;
      4) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2), 41-3) және 41-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «41-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      41-2) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      41-3) дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшерін бекіту;
      41-4) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;»;
      5) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 17-5), 17-6), 17-7) және 17-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «17-5) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
      17-6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;
      17-7) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;
      17-8) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;»;
      6) 11-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасының лизингі, кредиттер және технологиялық жабдық лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;»;
      мынадай мазмұндағы 8-7) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-7) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Осы баптың 2-тармағының 8-7) тармақшасында көзделген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау тиісті жылы мынадай ауыл шаруашылығы өнімдерін:
      1) сауын тірі ірі қара малды;
      2) тірі жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдас жануарларды;
      3) тірі түйелерді және түйе тектілерді;
      4) тірі қойлар мен ешкілерді;
      5) тірі шошқаларды;
      6) тірі үй құсын;
      7) тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасын;
      8) ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің, жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған етін;
      9) сауын ірі қара малдың шикі сүтін;
      10) үй құсының жас немесе тоңазытылған етін;
      11) картопты;
      12) сәбізді;
      13) қырыққабатты;
      14) баклажанды;
      15) қызанақты;
      16) қиярды;
      17) сарымсақты;
      18) пиязды;
      19) қант қызылшасын;
      20) алмаларды;
      21) алмұрттарды;
      22) айваны;
      23) өріктерді;
      24) шиені;
      25) шабдалыны;
      26) қара өрікті;
      27) ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойлардың, ешкілердің түтілген жүнін, терісі мен иленбеген былғарысын өткізуден түскен табысы күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құрайтын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға ұсынылады.
      Осы тармақты қолдану мақсатында өнім түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы тармақта көзделген субсидияны беру, сондай-ақ субсидия беру үшін белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, осындай субсидия шеңберінде алынған ақшаны қайтару тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
      7) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
                 сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы
                 ұйымдар

      1. Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, ауыл шаруашылығы құралымдарының және жеке қосалқы шаруашылықтардың өндірістік әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану, қайта өңдеуші кәсіпорындармен тікелей орнықты байланыстар орнату мақсатында сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар құрылуы мүмкін.
      2. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым мыналардан:
      1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан;
      2) шаруа немесе фермер қожалығынан;
      3) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан сатып алынған, осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға болып табылады.
      3. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар ауыл шаруашылығы өнімін жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген есептік бағаның (құнның) шегінен аспайтын баға бойынша сатып алуды жүзеге асырады.
      4. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында (әкімдіктерде) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
      5. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктерге) ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу және мұндай өнімді өткізу жөніндегі мәліметтерді ұсынуға міндетті.».
      17. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75 құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «ставкасын», «ставкаларын», «проценттік», деген сөздер тиісінше «мөлшерлемесін», «мөлшерлемелерін», «пайыздық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 27-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасындағы «табысы бар дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.» деген сөздер «табысы бар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) ауыл шаруашылығы өнімін сауда базарларының аумағында өткізетін дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы:»;
      3) 28-бапта:
      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш ұсынады.»;
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өзіндік кәсіпкерлік – дара кәсіпкер әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік кіріс органы оңайлатылған декларация, патент, жалпыға бірдей белгіленген режим негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерге қатысты тіркеуші орган бекіткен нысан бойынша дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару туралы (шығарудан бас тарту туралы) хабарлама шығарған кезде;».
      18. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат, № 11, 63-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «ставка», «ставкалар», «процентін», «аффилиирленген» деген сөздер тиісінше «мөлшерлеме», «мөлшерлемелер», «пайызын», «үлестес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 12-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 9) тармақшасындағы «сомасы бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін.» деген сөздер «сомасы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлегені туралы өтініштері бойынша ақпаратты қамтуы мүмкiн.»;
      3) мынадай мазмұндағы 32-2 және 32-3-баптармен толықтырылсын:

      «32-2-бап. Салық төлеушілердің дербес есеп шоттарындағы 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген және 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
      Бұл ретте, 2014 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша төленген өсімпұлдардың сомасы осындай салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған өсімпұлдар сомасын төлеу есебінен бюджетке есепке жатқызылуға жатады.
      Осы баптың ережелері:
      1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;
      2) өздерінің салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша халықаралық төреліктегі талқылауларға қатысатын;
      3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
      жер қойнауын пайдалану;
      ойын бизнесі;
      акцизделетін өнім өндіру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
      32-3-бап. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, зейнетақымен қамсыздандыру және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманы бұзғаны үшін 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін салынған және 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген айыппұл сомасы салық берешегі болып танылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
      Осы баптың ережелері:
      1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабының талаптарына сәйкес келетін;
      2) өздерінің салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша халықаралық төреліктегі талқылауларға қатысатын;
      мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
      жер қойнауын пайдалану;
      ойын бизнесі;
      акцизделетін өнім өндіру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
      4) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «42-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 272-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңiнде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
      «1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кетуi (бұдан әрi – қосылған құн салығының асып кетуi).
      Осы тармақшада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды.
      Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қалыптасқан, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы Кодекстің 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезiнде төленген, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомалары шегінде жүргізіледі.
      Осы тармақшаның үшінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 274-бабында көзделген, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуді осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген тұрақты өткізуге жатқызу критерийлерін және:
      осы баптың 3-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты;
      осы тармақшаның үшінші бөлігінде көзделген, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кету сомаларын айқындау тәртібін белгілейді.»;
      5) 48-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      6) 49-баптың 1) тармақшасы алпыс төртінші абзацындағы «жабдықтар бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.» деген сөздер «жабдықтар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алпыс бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «тірі ірі қара мал бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.».
      7) 49-1-баптың бірінші бөлігі 9) тармақшасындағы «жабдықтар бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.» деген сөздер «жабдықтар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) тірі ірі қара мал бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.».
      19. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 87-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сот орындаушысы борышкердің дебиторлық берешегі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш жасауға құқылы.
      3. Борышкер, мемлекеттік кіріс органдары, занды тұлғалар және заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар қажетті құжаттар мен ақпаратты сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.»;
      2) 148-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) уәкілетті органда есептік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органдарына тіркелу үшін өтініш жасауға;».
      20. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      179-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылған және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаға қолданылмайды.
      Жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның құны осындай компания активтері құнының жалпы мөлшерінің елу пайызынан кем мөлшерін құрайтын мүлікті нәтижесінде осындай компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (мүмкін, сатып алынған немесе иеліктен шығарылған) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімін басқарма қабылдайды.
      Жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның құны осындай компания активтері құнының жалпы мөлшерінің елуден жетпіс бес пайызға дейінгісін құрайтын мүлікті нәтижесінде осындай компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (мүмкін, сатып алынған немесе иеліктен шығарылған) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімін Директорлар кеңесі қабылдайды.
      Жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның құны осындай компания активтері құнының жалпы мөлшерінің жетпіс бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде осындай компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (мүмкін, сатып алынған немесе иеліктен шығарылған) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімін Директорлар кеңесінің ұсынуы бойынша акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционердің шешімімен) қабылдайды.».
      21. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) есепке алатын бақылау аспаптары – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларында орнатылған, мұнай өнімдері өндірісінің және (немесе) айналымының көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған жүйе арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін, Қазақстан Республикасының өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолдануға жіберілген техникалық құрылғылар;»;
      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-4) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша тәртіпті және талаптарды бекітеді;»;
      3) 8-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша тәртіпті және талаптарды әзірлейді;»;
      4) 12-баптың 3-тармағы 5) тармақшасындағы «тоқтатуға тыйым салынады.» деген сөздер «тоқтатуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) мұнай өнімдері өндірісін резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алатын бақылау аспаптарымен және (немесе) айналым саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен жүзеге асыруға;
      7) мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің резервуарларынан мұнай өнімдерін есепке алатын бақылау құралдары арқылы өткізбей, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өткізуді (тиеп-жөнелтуді) жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
      5) 19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнің экспорты кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар міндетті түрде ресімделеді.
      Мұнай өнімдерін автожанармай құю станцияларында бөлшек саудада өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттар ресімделмейді.
      Импорттаушылардың өз мұнай өнімдерін сақтау жағдайларын қоспағанда, мұнай өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарынсыз сатып алуға және (немесе) сақтауға тыйым салынады.»;
      6) 26-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларын, 17-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын және 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын;».
      22. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      21-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана мемлекеттік кіріс органдарына: тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша нұсқама негiзiнде;».
      23. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 24-баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар қызметкерлерге төленген табыстардан – табыстар төленетін айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей;
      2) дара кәсiпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар өзінің пайдасына – есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей;»;
      2) 28-бапта:
      3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Агенттiң банк шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу мемлекеттік кіріс органдарының ұлттық валютада шығарған инкассолық өкiмдерi негiзiнде агенттiң шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргiзiледi.»;
      4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) агент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін ұсынбаған және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған, сондай-ақ өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің тізімдерін ұсынбаған және олар бойынша берешек болған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мемлекеттік кіріс органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сома шегінде жүргізіледі;»;
      3) 57-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы Заңның мақсаттарында мемлекеттік кіріс органдарына – тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;»;
      4) 67-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы бойынша айлықақы (қосымша ақы) кіреді.».
      24. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      2-баптың 2-тармағындағы «2015» деген цифрлар «2017» деген цифрлармен ауыстырылсын.
      25. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат):
      1) 33-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жолаушылардың өткізу пунктінен кетуі немесе оған келуі кезінде оларды шетелге бара жатқан көлік құралдарына отырғызу (құралдарынан түсіру) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсатымен жүзеге асырылады, ал жүктер мен тауарларды тиеу (түсіру) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының рұқсатымен жүргізіледі.»;
      2) 36-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      «36-бап. Өткізу пункттерінде қызметін жүзеге асыратын
               мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де
               органдардың, көлік ұйымдарының белгіленген
               режимді ұстап тұру мәселелері жөніндегі
               міндеттері»;

      3) 67-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды белгіленген тәртіппен жете қарауды жүзеге асыруға;».
      26. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      1) 7-бап алып тасталсын;
      2) 9-баптың 1-тармағының 2) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтарын, 26) тармақшасын, 27) тармақшасының төртінші абзацын, 38) тармақшасының екінші абзацын, 40), 49) тармақшаларын, 63) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарын, 76) тармақшасының екінші – алтыншы абзацтарын, 81) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 82), 83), 85), 89), 90), 96) тармақшаларын, 102) тармақшасының үшінші – бесінші абзацтарын, 103) тармақшасын, 109) тармақшасының үшінші абзацын, 12-тармағының 2) тармақшасын;»;
      «6) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 27) тармақшасының үшінші абзацын, 29), 30), 31), 34), 35), 36) тармақшаларын, 38) тармақшасының үшінші абзацын, 108) тармақшасын, 109) тармақшасының бірінші, екінші, төртінші – алтыншы абзацтарын;»;
      27. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 106-бабы 1-2-тармағы екінші абзацының қолданысы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын және тоқтатыла тұру кезеңінде бұл абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «Серпінді резервтің мөлшері уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айқындалады.».
      28. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      72-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11) көлік құралдарына салықты есептеу мақсаты үшін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн.
      Бұл ретте жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде әкелген күнді айқындауға құқылы.
      Осы тармақшаның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн ретінде «2014 жылғы 1 қаңтарға дейін» немесе «2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін» деп көрсетіледі.
      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді бастапқы мемлекеттік тіркеу күні оларды әкелген күн болып есептеледі.
      12) жеңіл автомобильдерді өндіруші ел (Қазақстан (басқалар).».
      29. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1-баптың 6-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) 18-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) тиiстi қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензиясы болмаған кезде дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға;»;
      4-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Медициналық қызметтердiң, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдiстерi мен құралдарының, дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын мерзімді баспасөз басылымдарында, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында таратуға және орналастыруға жол беріледі.
      Рецепт бойынша босатылатын, оның iшiнде құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың жарнамасы медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арналған мамандандырылған мерзімді баспасөз басылымдарында жүзеге асырылады.»;».
      30. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 63-құжат):
      1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мынадай мазмұндағы 108-1-баппен толықтырылсын:

      «108-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының дербес кластерлік қорға ақша аудару жөніндегі шығыстарын шегеру

      Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарды қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорға ақша аударуға іс жүзінде шеккен шығыстар сомасын мынадай:
      есепті салық кезеңінде келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық табыстың бір пайызынан аспайтын осындай шығыстардың нақты сомасы,
      алу
      осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылған шығыстар тәртібімен айқындалатын оң айырма мөлшерінде шегерімге жатқызуға құқылы.».
      31. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне инвестициялық ахуалды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 64-құжат):
      1-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында:
      мынадай мазмұндағы оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      «4. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялар және салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі оны жасасқан күннен бастап күшін жояды.
      Инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оны бұзу күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар мен төлемдер сомаларын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.»;
      он үшінші абзац «шекті» деген сөзден кейін «нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизация» деген сөздермен толықтырылсын;
      он бесінші, жиырмасыншы және жиырма сегізінші абзацтардағы «қолданылу мерзімі» деген сөздер «қолданылуының шекті мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 237-бабы 8-тармағының және 263-бабының 7-тармағы төртінші бөлігінің қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
      3-бап. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған қосылған құн салығын төлеушілер 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайды деп белгіленсін.
      2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктері 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жарамсыз деп танылады.
      4-бап. 2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 571-бабы 4-тармағы 8) тармақшасының талаптарына сай келетін қосылған құн салығын төлеушілер 2015 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуға жатады деп белгіленсін.
      Осы бапта көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктері 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жарамсыз болып танылады.
      5-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 367-бабының мақсаттары үшін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн:
      1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік жүк декларациясының рәсімделу күні;
      2) жеңіл автомобильдер Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген жағдайда – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-6-бабына сәйкес айқындалатын күн болып табылады деп белгіленсін.
      Әкелінген күні осы бапқа сәйкес айқындалған жеңіл автомобильдер 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен жағдайда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 367-бабы 2-2-тармағының нормасы қолданылмайды.
      6-бап. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін резидент заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың бірінші басшылары болып табылатын, сәйкестендіру нөмірі жоқ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар:
      1) салық төлеуші ретінде тіркелу үшін болатын (тұрғылықты) жері бойынша салық органына шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың, ондай құжат болған жағдайда, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге;
      2) резидент заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның бірінші басшысы туралы мәліметтерді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 563-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен өзгертуге міндетті.
      Бірінші басшылары салық органдарына 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін салық төлеуші ретінде тіркеу үшін өтініш жасамаған резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығын төлеуші бола алмайды.
      7-бап. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметін қайта бастамаған, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 43-1-бабы 2-тармағының талаптарына сай келген кезде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады.
      8-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 574-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «2) осы баптың 1-тармағы 3), 4), 5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде лицензия берілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.».
      9-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 256-бабының 3-4-тармағы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «3-4. Осы Кодекстің 237-бабының 2-тармағында көзделген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша (осы Кодекске сәйкес шот-фактура жазып беру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда) қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру тура келетін салық кезеңінде есепке жатқызылады.».
      10-бап. Осы Заң:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 43) тармақшасының үшінші – сегізінші абзацтарын, 44) тармақшасының қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтарын, 68) тармақшасын107) тармақшасының оныншы – он үшінші абзацтарын, 112) тармақшасының төртінші – сегізінші абзацтарын, 124)183) тармақшаларын;
      2) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 13)45)125) тармақшаларын;
      3) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 6) тармақшасының бірінші – үшінші, бесінші, алтыншы абзацтарын, 34)37) тармақшаларын43) тармақшасының екінші абзацын, 44) тармақшасының қырық жетінші абзацын, 49) тармақшасын61) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 62) тармақшасының үшінші, төртінші, алтыншы – сегізінші абзацтарын, 63) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 105) тармақшасын109) тармақшасының төртінші абзацын, 130)131) тармақшаларын150) тармақшасының екінші, он жетінші абзацтарын, 13-тармағын, 26-тармағының 2) тармақшасын8 және 9-баптарын;
      4) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 70) тармақшасының он бірінші абзацын, 73) тармақшасының екінші – отыз жетінші абзацтарын, 176) тармақшасының он үшінші абзацын;
      5) 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 29-тармағын;
      6) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацын, 44) тармақшасының алтыншы – отыз алтыншы, қырық сегізінші – елу алтыншы абзацтарын, 54) тармақшасын, 17-тармағы 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын;
      7) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 61) тармақшасының бесінші абзацын, 77) тармақшасының он алтыншы, он жетінші абзацтарын, 156) тармақшасының екінші абзацын, 16-тармағының 3) – 5) тармақшаларын6) тармақшасының бесінші – отыз жетінші абзацтарын, 7) тармақшасын;
      8) 2015 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 5)9)10)12) – 14) тармақшаларын және 12-тармағын;
      9) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 145) тармақшасының екінші – он сегізінші абзацтарын, 147) тармақшасының тоғызыншы – отызыншы абзацтарын, 149) тармақшасын4-бабын;
      10) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 18) тармақшасын150) тармақшасының бесінші – сегізінші, он бірінші абзацтарын, 152) тармақшасының үшінші – төртінші, жетінші – сегізінші, он екінші абзацтарын, 21-тармағының 4) тармақшасын;
      11) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 31) тармақшасының он жетінші – жиырма төртінші абзацтарын;
      12) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 1-тармағын, 3-тармағы 6) тармақшасының төртінші абзацын, 155) тармақшасының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын, 45678911151922-тармақтарын, 23-тармағының 2)3)4) тармақшаларын25-тармағын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев