Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 64-V Заңы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      508-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «508-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді
                орындамауы
      Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелдi себепсiз келмеуi –
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.».
      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 14-1-бапта:
      1-тармақтың 14) тармақшасындағы «дайындау;» деген сөз «дайындау жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 15) тармақшасы алып тасталсын;
      2-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
      3-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 43-бапта:
      7-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындауды және беруді мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алты жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.»;
      9-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар беретін мынадай құжаттар:»;
      3) 47-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацы алып тасталсын;
      4) 153-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «дайындауды» деген сөзден кейін «және беруді» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 557-бапта:
      1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай тiркеу деректерi:
      сәйкестендiру нөмiрi;
      жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);
      дара кәсiпкердiң, заңды тұлғаның атауы;
      салық төлеушiнi (салық агентiн) тiркеу есебiне қою күнi, тiркеу есебiнен шығару күнi, тiркеу есебiнен шығару себебi;
      қызметтi тоқтата тұрудың басталған және аяқталған күнi;
      салық төлеушiнiң резиденттiгi;
      бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;
      бақылау-касса машинасын пайдалану орны туралы;»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік органдарға береді.
      Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік органдармен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді;
      12) салық құпиясын құрайтын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер бөлігінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.»;
      2) 565-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «565-бап. Дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы,
                адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою
      1. Жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды салық органы Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бере отырып жүргiзедi.
      2. Салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен дара кәсiпкер ретiндегі қызметіне жол берiлмейтiн жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi.
      3. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi жүзеге асыруды бастағанға дейiн орналасқан жерi бойынша салық органына ұсынылған дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
      Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою үшiн ұсынылған салықтық өтiнiшке түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
      жеке басын куәландыратын құжаттың;
      жеке нотариаттық, адвокаттық қызметпен, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның;
      жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерiн растайтын құжаттың көшірмелері қоса берiледi.
      Жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
      Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған жағдайда, осы тармақта көзделген құжаттар ұсынылмайды.
      4. Салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады.
      Салық органы, егер:
      1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
      2) салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
      3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тартуды жүргізеді.»;
      3) 581-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) көлік құралына салық төлеуге төлем құжаттарын қабылдаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органның деректеріне сәйкес көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
      Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган ұсынған деректерге сәйкес келмеген жағдайда, көлік құралына салық төлеуге арналған төлем құжатының акцептінен бас тартады;»;
      4) 598-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алу үшін салықтық өтініш беруге құқылы.».
      4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 7-баптың 1-тармағы 72) тармақшасындағы «бекiту жөнiндегi функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 73) тармақшамен толықтырылсын:
      «73) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қарау жүргізу тәртібін бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
      2) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстарын қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан (пациенттерден) денсаулық жағдайы туралы мәліметтер ұсыну жеке тұлғаның (пациенттің) немесе оның заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.»;
      3) 88-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Азаматтар денсаулық сақтау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға құқылы.».
      5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
      11-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеден органдары кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темiржол станцияларының аумағында және (немесе) үй-жайларында, халықаралық почта алмасу орындарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға тиесiлi аумақта және (немесе) үй-жайларда орналасуы мүмкiн.».
      6. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат):
      1) 188-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Баланың тууын мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар баланың туған жерi бойынша немесе ата-анасының не олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi.
      Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары жүзеге асырады не ол «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-анасының тұрғылықты жерi олардың заңды мекенжайына сәйкес айқындалады.»;
      2) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «190-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
      1. Баланың тууын мемлекеттік тiркеу туралы өтінішті ата-анасы немесе олардың бiреуi, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себептермен өтініш жасау мүмкiн болмаған жағдайда – мүдделi адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкiмшiлiгi жазбаша нысанда бередi. Өтінішке ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмелері қоса беріледі.
      Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда ата-анасының түсініктемесі, баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама, баланың денсаулығы туралы анықтама қосымша беріледі.
      Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуге ата-анасы емес, басқа адамдар өтініш жасаса, онда осы адамдар өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ баланың тууын тіркеуге оның өкілеттігін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.
      Екі немесе одан да көп баланы мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш әрқайсысына қатысты бөлек беріледі.
      2. Халыққа қызмет көрсету орталығына не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес беріледі.».
      7. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;»;
      2) 5-1-баптың 1-тармағының 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «28) жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұйымдастырылуын үйлестiредi, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу тәртібін әзірлейді, оларды пайдаланатын, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын адамдарды тiркеу және есепке алу, жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру тәртiбiн айқындайды, көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн жол жүрісіне қатысуға жiберуді жүргізеді және оларды жүргізу құқығын бередi;».
      8. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі – көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иелері, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде қамтылған көлік құралдары және олардың тіркемелері туралы, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы берілген куәліктер, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;»;
      «11-1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі – көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық белгілер түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;»;
      2) 6-бап мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «- көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу тәртібін айқындау;»;
      3) 7-бап мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерді банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшін оларға көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді ұсыну тәртібін айқындау және ұсыну;»;
      4) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Адамдарды көлік құралдарын жүргізу құқығына емтихандарға жіберу, оларды тапсыру, көлік құралдарын жүргізу құқығына куәліктерді беру тәртібін жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган белгілейді.»;
      5) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.».
      9. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж, № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат):
      50-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты зейнетақы жинақтары құпиясын құрайтын мәлiметтерге қол жеткізуге мүмкіндік алған жинақтаушы зейнетақы қорларының, Орталықтың, халыққа қызмет көрсету орталықтарының лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар зейнетақы жинақтары құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшiн, осы баптың 3–5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
      4-тармақтың 7) тармақшасындағы «ұйымдарға берiлуi мүмкiн.» деген сөздер «ұйымдарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) алушының не нотариат куәландырған сенімхат негізінде оның өкілінің өтініші негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына берiлуi мүмкiн.».
      10. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат):
      18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен ақпарат беру, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін жіберу нотариаттық іс-әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.».
      11. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат):
      1) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiш
      1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi тiркеушi органға және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына не халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi.
      2. Өтініште:
      1) тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының атауы;
      2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi (жеке тұлға үшiн);
      3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күнi мен орны;
      4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы (кепiл нысанасы туралы мәлiметтер);
      5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;
      6) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi;
      7) өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолтаңбасы және заңды тұлға үшiн – мөрi;
      8) кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екенi туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайталама кепiл туралы мәліметтер;
      9) өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы (бар болған жағдайда) қамтылуы тиіс.
      Өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуi тиiс.
      Өтінішті тiркеушi органға және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына не халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.
      3. Өтінішпен бірге кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары қамтылған өзге шарт ұсынылады, ол өтініште қамтылған мәліметтерді тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы тексергеннен кейін тіркеу туралы белгі соғылып, өтініш берушіге қайтарылады.
      4. Осы Заңда көзделгеннен басқа қандай да бір өзге құжаттар мен мәлiметтерді талап етуге жол берiлмейдi.
      5. Өтініште қамтылған мәліметтерді тексеруді және жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы өтініш түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
      2) мынадай мазмұндағы 9-3-баппен толықтырылсын:
      «9-3-бап. Жылжымалы мүлік кепілін екінші деңгейдегі банктер
                арқылы электрондық тіркеу тәртібі
      1. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге шарт жасасқан жағдайда, екінші деңгейдегі банк жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған, кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш жібереді. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтініштің мазмұны осы Заңның 9-бабының 2-тармағымен айқындалады.
      Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке кепіл беруші мен кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілі туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге шарт және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қоса беріледі.
      Тіркеуші орган қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және кепіл ұстаушыға «электрондық үкіметтің» веб-порталына тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.
      2. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің және тіркеуші органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.»;
      3) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгені туралы немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.».
      12. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж, № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
      15-1-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алушыларға бір өтініш негізінде бірнеше электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетілуі мүмкін.
      Бір өтініш негізінде көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      8. Мемлекеттік қызметтерді алушылар мемлекеттік қызметтерді алу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілеріне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жасаған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға келісім беруге құқылы.».
      13. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
      «2-3. Аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының құзыретіне әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту жатады.»;
      2) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      «1-2. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негiзiнде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.»;
      3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      «24) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.».
      14. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 8-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) адамдар өтiнiш жасаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей тiркеуге, оларды есепке қоюға;»;
      2) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Жұмыссыздарды тіркеу
      1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін уәкiлеттi органға өтiнiш жасайды.
      2. Уәкілетті орган жұмыс іздеп жүрген адамды – жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде электрондық құжат нысанындағы өтініш негізінде жұмыссыз ретінде тіркеуді жүзеге асырады.
      3. Уәкiлеттi орган өтініш жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтiнiш жасаған адамдарды мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш беруші туралы деректерді тексергеннен кейін нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына мәлiметтердi енгiзу жолымен жұмыссыздар ретiнде тіркейді.
      Уәкiлеттi орган өтініш берушіні жұмыссыз ретінде тіркеген және есепке қойған немесе тiркеуден бас тартқан күннен бастап:
      1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күнінен;
      2) уәкілетті органға өтініш жасаған кезде үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
      4. Уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздар – күнтiзбелiк он күн iшiнде кемiнде бiр рет уәкiлеттi органда, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.».
      15. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат):
      1) 1-бапта:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;»;
      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) уәкілетті ұйым бөлімшесі (бұдан әрі – Орталық бөлімшесі) - уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері.»;
      2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Жәрдемақыларды тағайындауға өтініш жасау
      1. Жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін жүзеге асырылады.
      2. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш:
      1) Орталық бөлімшесіне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;
      2) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына – балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы бар отбасылардың тұрғылықты жерi бойынша беріледі.
      Тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаған кезде өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақы тағайындау үшін кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне өтініш жасайды.
      Адамдар бала туғанда берілетін жәрдемақы мен бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
      Ата-анасының бірінің, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жәрдемақы тағайындау туралы жеке өзі өтініш жасауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-анасы, қорғаншылары немесе қамқоршылары белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақы тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.
      3. Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші – түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді Орталық бөлімшесіне немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға жібереді.
      4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған Орталық бөлімшесі немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган не халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіні Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
      Ақпараттық жүйелер белгіленген тәртіппен өтініш беруші туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін растаған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының тағайындалған күні болып өтініш берушінің тағайындау үшін Орталық бөлімшесіне немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға не халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жасаған күні есептеледі.
      5. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бастап он екi айдан аспауға тиiс.
      6. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық және анық мәлiметтер ұсынуға мiндеттi.»;
      3) 6-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      «1-2. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді.
      Учаскелік комиссиялар уәкiлеттi органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне береді.
      Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда, оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға береді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тиісті уәкілетті орган қажетті, оның ішінде электрондық құжаттармен бірге өтінішті олар Орталық бөлімшесінде немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органда тіркелген күннен бастап қарайды, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда – мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күннен бастап:
      1) бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, балаларға арналған жәрдемақы тағайындау үшін – жеті жұмыс күні ішінде;
      2) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындау үшін – он жұмыс күні ішінде қарайды.
      Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алған электрондық құжаттар мен мәліметтер және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
      Тиісті уәкілетті орган өтініш берушіні бес жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындау немесе бас тарту (себептерін көрсетіп) туралы қабылданған шешім жөнінде жазбаша не халыққа қызмет көрсету орталығы немесе Орталық бөлімшесі арқылы электрондық құжат жіберу жолымен, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабардар етеді.»;
      4) 9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Балаларға арналған жәрдемақыны алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.»;
      5) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы тиісті уәкілетті органды он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.».
      16. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      27-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша салық органында (бұдан әрi – тiркеуші орган) дара кәсiпкер ретiнде есепке қою болып табылады.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш;
      2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
      3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады.
      Мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлiкке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттар келу тәртібімен ұсынылған кезде жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.
      Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.
      Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасы бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда, электрондық түрде ұсынылған салықтық өтінішке сұрау салуда төлем құжатының деректемелерін көрсеткен кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы қоса беріледі.
      Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда санамаланған құжаттарға – заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде кәмелет жасына толмаған адамның толығымен іс-әрекетке қабiлеттi деп жарияланғаны туралы сот шешiмi қоса берiледi.
      Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Жеке тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап тіркеуші орган бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мұндай тіркеуден бас тартады.
      Салық органы, егер:
      1) өтініш беруші әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және (немесе) хабарсыз кеттi деп танылған және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192216 және 217-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болған;
      2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;
      3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуден бас тартуды жүргізеді.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті келу тәртібімен тіркеуші органға қағаз жеткізгіште не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынуға құқылы.
      Кәмелет жасына толмаған жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, салықтық өтініш келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.»;
      7-тармақ алып тасталсын.
      17. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; 2012 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекеттік ақпараттық ресурстар болып табылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мәліметтерді тіркеуші орган электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.».
      18. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат):
      17-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы беріледі.»;
      9-тармақ алып тасталсын.
      19. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      1-баптың 46-тармағы 6) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «құқық иеленушiнің жазбаша келісімімен, өзiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшірмесін бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жiбередi;».
      2-бап. Осы Заң, 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасын, 8-тармағының 3) тармақшасын16-тармағының он бесінші абзацын қоспағанда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев