Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 479-IV Заңы

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):

      1) 240-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «он бес» деген сөздер «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 242-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер меншік иесі бұл туралы жариялау арқылы меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiнеді.»;

      3) 250-баптың бірінші бөлігі «әрекеттер» деген сөзден кейін «(әрекетсiздiк)» деген сөзбен толықтырылсын.

      2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат, № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар):
      602-баптың 1-тармағындағы «жергiлiктi атқарушы органның» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның» деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):

      1) 140-баптың 10) тармақшасындағы «мәлімдеген болса, шығарылады.» деген сөздер «мәлімдеген болса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) егер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса, шығарылады.»;

      2) 154-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «коммуналдық мүлікті» деген сөздердің алдынан «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 314-баптың үшінші бөлігіндегі «жүгінсе,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат):
      330-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы:
      «тұрғын жайларды, ортақ пайдалану орындарын қорлау» деген сөздер «тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару» деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      30) тармақшасы «(бұдан әрі – уәкілетті орган) - » деген сөздерден кейін «елді мекендер шегінен тыс жерлерде» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 33-баптың 1-тармағындағы «уәкiлеттi орган,» деген сөздерден кейін «коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган,» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 36-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;»;

      4) 37-баптың 1-тармағында:
      3-2) және 3-3) тармақшалар алып тасталсын;
      14) тармақшадағы «су қорын» деген сөздердің алдынан «елді мекендер шегінен тыс жерлерде» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:

      «37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті
                 органның құзыреті

      Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:
      1) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
      2) өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
      3) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
      5) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді;
      6) елді мекендердің су бұру жүйесіне ағынды суларды қабылдау қағидаларын әзірлейді;
      7) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді;
      8) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;
      9) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      6) мазмұны мынадай мазмұндағы қырық сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті».

      6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат):

      1) мазмұнында:
      мынадай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «17-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті»;
      жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi
      19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi
      20-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қоршаған ортаны қopғaу саласындағы құзыретi
      20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық шаруашылық саласындағы құзыретi»;
      үш жүз елу алтыншы абзацындағы «Тұрмыстық қатты қалдықтарды» деген сөздер «Коммуналдық қалдықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;

      3) 16-баптың 7) тармақшасының сегізінші абзацындағы «ережелерiн бекiтедi;» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекiтедi;»;

      4) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      «17-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті
                 органның құзыреті

      Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:
      1) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
      2) өз құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
      3) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
      5) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      5) 19-бапта:
      тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекітеді;»;

      6) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:

      «19-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
                 жергілікті өкілді органдарының коммуналдық
                 шаруашылық саласындағы құзыретi

      Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары коммуналдық шаруашылық саласында:
      1) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекітеді;
      2) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекітеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      7) 20-бапта:
      тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және жергiлiктi өкілді органдарға бекітуге ұсынады;»;

      8) 3-тарау мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      «20-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
                 жергiлiктi атқарушы органдарының коммуналдық
                 шаруашылық саласындағы құзыретi

      Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары коммуналдық шаруашылық саласында:
      1) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады;
      2) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін әзірлейді және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкілді органдарына бекітуге ұсынады;
      3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      9) 302-баптың тақырыбы мен бірінші абзацындағы «Тұрмыстық қатты қалдықтарды», «Тұрмыстық қатты қалдықтар» деген сөздер тиісінше «Коммуналдық қалдықтарды», «Коммуналдық қалдықтар» деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат):

      1) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
      нормативтік-техникалық құжаттамаларды иелену, әзірлеу және жетілдіру;
      елді мекендердің шегінде орналасқан жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жаңғырту және дамыту, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру;
      коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласын реттеу;
      қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
      кадрлық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның елді мекендердегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының техникалық-экономикалық негіздемелерін, жаңғырту және дамыту инвестицияларының негіздемесін орталықтандырып әзірлеуі;
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы объектілерді тексеруді және техникалық жай-күйін бағалауды жүргізу;
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мониторингі және оны бақылау үшін ақпараттық жүйе құру;
      энергия және ресурс үнемдеу жөнінде іс-шаралар жүргізу;»;

      2) 55-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының он төртінші абзацындағы және 56-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының жетінші абзацындағы «және ескі» деген сөздер алып тасталсын.

      8. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):

      1) 11-баптың тақырыбындағы «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен және бірінші абзацындағы «Жергiлiктi атқарушы органдар» деген сөздер «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 33-бапта:
      екінші бөлікте:
      «20» деген цифрлар «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «әскери қызметшілер» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлікте:
      «үйелмен мүшелерiне заң» деген сөздер «отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «тұрғын жайлар (жатақхана)» деген сөздер «тұрғын үйлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлікте:
      «тұрғын үй қорының кімге тиесілі екендігіне қарамастан» деген сөздер алып тасталсын;
      «тиісті жылға арналған республикалық бюджетте» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөліктегі «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөліктегі «үйелменiнiң» деген сөз «отбасының» деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 39-баптың үшінші бөлігіндегі «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 924-құжат; 2004 ж., № 24, 150-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат):

      1) 18-баптың 3) тармақшасындағы «тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мамандардың» деген сөздер «тұрғын үйге мұқтаж мамандардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 19-баптың бірінші абзацындағы «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 24-бапта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      10. «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2003 ж., № 15, 135-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 2-3, 8-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):

      1) 4-баптың төртінші бөлігіндегі «заңдарында белгiленген» деген сөздер «заңдарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 12-бапта:
      үшінші бөлігіндегі «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлігіндегі «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші бөлігінде:
      «заңдарында» деген сөз «тұрғын үй заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «20» деген цифрлар «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 17-баптың екінші бөлігінде:
      «20» деген цифрлар «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):

      1) 3-бапта:
      «меншiк нысаны мен шаруашылықты жүргiзу нысанына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын;
      «заңдарында белгiленген тәртiппен» деген сөздер «заңдарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-бапта:
      1-тармақта:
      «тұрғын үй жағдайын жақсартуға» деген сөздер «тұрғын үйге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «меншiк нысанына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын;
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      5-тармақта:
      «Мемлекеттiк және ұжымдық тұрғын үй» деген сөздер «Коммуналдық тұрғын үй» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «17-бабында» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында» деген сөздермен толықтырылсын;
      «жеке» деген сөз алып тасталсын;

      3) 15-баптың 3-тармағындағы «11-баптың» деген сөздер «осы Заңның 11-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 20-баптағы «меншiк нысанына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын.

      12. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар):
      20-баптың 4-тармағында:
      «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «тұрғын алаң» деген сөздер «тұрғын үй» деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):

      1) 1-баптың тақырыбындағы «заңдары» және 1-тармақтағы «заңы» деген сөздер – «заңнамасы» деген сөзбен, 2, 3 және 4-тармақтарындағы «заңдармен», «заңдарымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) әскери қызметшілер – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;»;
      14) тармақшадағы «объектісін күтіп-ұстау» деген сөздер «объектісін басқару» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) кондоминиум объектісін күтіп-ұстау - кондоминиум объектісін басқару органымен жасасқан шартқа сәйкес сервистік қызмет субъектісі іске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар жиынтығы;»;
      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «24-1) сервистік қызмет субъектісі - кондоминиум объектісін күтіп-ұстау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
      25) тармақша алып тасталсын;
      38) тармақшадағы «заңнамалық актілерде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      41) тармақшадағы «бүкіл тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңы» деген сөздер «бүкіл тұрғын үйдің жалпы алаңы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «46) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      48) тармақшадағы «бір (бірнеше) кондоминиум (кондоминиумдар) қатысушыларының ортақ үлестік меншікті» деген сөздер «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:
      бірінші сөйлеміндегі «заңды немесе жеке тұлға» деген сөздер «жеке немесе заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Тұрғын емес үй-жайлар тұрғын үй-жайлардан оқшау болуға тиіс және ортақ кіру (шығу) есігі болмауға тиіс.»;
      екінші сөйлеміндегі «мемлекеттiк» деген сөз алып тасталсын;

      4) 5-баптағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 10-1-бапта:
      2) тармақшадағы «тұрғын үй қорын» деген сөздер «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) коммуналдық қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;»;

      6) 10-2-бапта:
      2) тармақшада:
      «тұрғын үй қорын» деген сөздер «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «беру ережелерін,» деген сөздерден кейін «коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын,» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-4), 10-5), 10-6) және 10-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      10-5) тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекітеді;
      10-6) кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекітеді;
      10-7) тұрғын үй инспекциясы ұсынып отырған тұрғын жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативі басқармасының төрағасы кандидатурасына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;

      7) 10-3-баптың 2-тармағында:
      бірінші абзацындағы «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «өздеріне ведомстволық бағынысты аумақта» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-2) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      4-3) осы Заңның 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайда, кондоминиум объектісіне арналған техникалық паспорттарды дайындау бойынша шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеуді қамтамасыз етеді;
      4-4) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;»;

      8) 11-баптың 1-тармағындағы «заң» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамалық» деген сөздермен, 12-баптың 2) тармақшасындағы «заңдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен, 8) тармақшасындағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 16-баптың 1-тармағындағы «заңдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 18-бапта:
      1-тармағындағы «заң» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармағындағы «, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше белгiленбеген болса,» деген сөздер алып тасталсын;

      11) 24-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «9-тармағында» деген сөздер «7-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 29-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасындағы «және ескі» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтың бірінші абзацындағы «2), 4) және 5)» деген сөздер «2) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тұрғын үйге меншiк құқығын мәжбүрлеп тоқтатқан кезде меншік иесіне осы Заңның 67-бабына сәйкес тұрғын үй беріледі.»;

      13) 30-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «толмаған балалардың» деген сөздер «толмағандардың» деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 31-бапта:
      3-тармақтағы «, егер кондоминиум қатысушыларының келісімінде өзгеше белгіленбесе,» деген сөздер алып тасталсын;
      8-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау үшін ай сайын кондоминиум объектісін басқару органының жинақ шотына үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында айқындалатын мөлшердегі, бірақ тұрғын (тұрғын емес) үй-жайдың пайдалы алаңының бір шаршы метріне арналған есеппен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,02 еселенген мөлшерінен кем болмайтын соманы енгізуге міндетті.»;
      екінші бөлігіндегі «құқылы» деген сөз «міндетті» деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) 32-бапта:
      1-тармақтағы «тiркеу туралы заңдарға» деген сөздер «мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-2-тармақта:
      «Кондоминиумды» деген сөзден кейін «бастапқы» деген сөзбен толықтырылсын;
      «жергілікті бюджеттер қаражаты» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 41-2-бапта:
      1-тармағының 2) тармақшасы «тізбесін» деген сөзден кейін «, кезеңділіктерін» деген сөзбен толықтырылсын;
      4-тармағының 4) және 5) тармақшаларындағы «тұрғын үй қорын» деген сөздер «кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін» деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 42-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Кондоминиум объектiсiн басқару органы мынадай функцияларды:
      1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi жиналысының өткізілуін, жазбаша сауалнама жүргізілуін ұйымдастыруды;
      2) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi жиналысының хаттамаларын және жазбаша сауалнама жүргізу кезіндегі дауыс беру парақшаларын ресімдеуді;
      3) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнің жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруды;
      4) сервистік қызмет субъектісімен шарттар жасасуды және олардың орындалуын бақылауды;
      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі мәселелері бойынша үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнің мүдделерін білдіруді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;

      18) 42-1-бапта:
      1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.»;
      2-тармақта:
      2) тармақшасындағы «егер кондоминиум объектісін басқаруды сайланбалы (жалдамалы) жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асырса,» деген сөздер алып тасталсын;
      5) тармақшасындағы «күрделі жөндеуге) қатысты мәселелер үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында міндетті түрде қарауды және мақұлдауды талап етеді.» деген сөздер «күрделі жөндеуге);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдауға және (немесе) жинақ шотында ақша жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың сомасын айқындауға байланысты;
      7) жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсауға;
      8) сервистік қызмет субъектісін таңдауға;
      9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекітуге қатысты мәселелер үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында міндетті түрде қарауды және мақұлдауды талап етеді.»;
      8-тармағының екінші бөлігі «әкесінің аты» деген сөздерден кейін «(ол болған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 42-2-баптың 4-тармағы «әкесінің аты» деген сөздерден кейін «(ол болған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 43-бапта:
      2-тармақта:
      «заң» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «, қорғаншылары немесе қамқоршылары» деген сөздер «және өзге де заңды өкілдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Тұрғын үй инспекциясы үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кандидатура ұсынуға құқылы.
      Кооператив басқармасының төрағасы қызметіне ұсынылатын кандидатура уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес болуға тиіс.»;

      21) 44-бапта:
      тақырыбындағы «және қайта тіркеу» деген сөздер «немесе қайта тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармағындағы «және қайта тіркеуден» деген сөздер «немесе қайта тіркеуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармағында:
      бірінші абзацындағы «және қайта тіркеу» деген сөздер «немесе қайта тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы «және қайта тіркеу туралы мемлекеттiк акт табыс етiледi.» деген сөздер «немесе қайта тіркеу туралы мемлекеттiк акт;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат;
      6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етiледi.»;
      3-тармақтағы «(облыстық маңызы бар қалалардың)» деген сөздер «, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «және қайта тіркеу» деген сөздер «немесе қайта тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тiркеуге немесе қайта тіркеуге тапсырылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген мерзiмде қаралады. Қараудың нәтижесі бойынша тіркеу органының:»;
      1) тармақшадағы «және қайта тіркеу» деген сөздер «немесе қайта тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тiркелген кооперативке Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген мерзiмде мемлекеттік тiркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлiк берiледi.»;

      22) 50-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Егер кооперативтің жарғысында өзгеше көзделмесе, тұрғын үйді» деген сөздер «Тұрғын үйді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Берешекті өтеу жөніндегі талапқа талап қою мерзімі қолданылмайды.»;

      23) 68-бапта:
      тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «қорғалатын» деген сөз «осал» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;»;
      4) тармақшадағы «заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы «үш» деген сөз «тоғыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) тармақша «қаза тапқан» деген сөздерден кейін «(қайтыс болған)» деген сөздермен толықтырылсын;

      24) 72-баптың 4) тармақшасында:
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      «тұрғын үй берiлуiне» деген сөздер «тұрғын үйге» деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 73-бапта:
      тақырыбында:
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      «тұрғын үй беруге» деген сөздер «тұрғын үйге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Азаматтар:
      1) егер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуi үшiн негiздер жойылған;
      2) басқа елдi мекенге тұрақты тұру үшiн кеткен немесе мемлекеттік кәсіпорындағы немесе мемлекеттік мекемедегі еңбек қатынастарын тоқтатқан;
      3) азамат мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуiне мұқтаждығы туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берген;
      4) жер учаскесiн алған және өзiнiң тұрғын үйiн салуды аяқтаған немесе тұрғын үй сатып алған жағдайларда, оларды мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлуіне мұқтаждар есебiнен шығару жүзеге асырылады.
      Осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және есепке қойылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ толық емес отбасылар тұрғын үй алғанға дейін есептен шығарып тастауға жатпайды.»;
      2 және 4-тармақтарда:
      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      «тұрғын үй берiлуге» деген сөздер «тұрғын үйге» деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 75-бапта:
      1-тармақ «мөлшерiнде» деген сөзден кейін «немесе жатақханадан бөлме» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақтағы «Заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы «жиырма» деген сөз «жиырма екі» деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 76-баптың 2-тармағындағы «жетi жастан асқан әр жынысты адамдарды (ерлi-зайыптылардан басқа) олардың келiсiмiнсiз» деген сөздер «әр жынысты адамдарды (ерлi-зайыптылардан басқа)» деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 82-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 86-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «заң» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамалық» деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 95-баптың бірінші бөлігі «жағдайда қайтыс болған» деген сөздерден кейін «(қаза тапқан)» деген сөздермен толықтырылсын;

      31) 12-тараудың тақырыбындағы «қалалық» деген сөз алып тасталсын;

      32) 97-бапта:
      тақырыбындағы «қалалық» деген сөз алып тасталсын;
      2-тармақта:
      бірінші бөлігіндегі «Меншiктiң барлық нысандарындағы тұрғын» деген сөздер «Тұрғын» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөлігінде:
      екінші абзацындағы «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар төлемін» деген сөздер «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацындағы «қалалық» деген сөз алып тасталсын;
      үшінші бөлігінде:
      «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, күрделі жөндеуге» деген сөздер «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)» деген сөздер «аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 98-бапта:
      тақырыбында:
      «Әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтардың» деген сөздер «Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мемлекеттік» деген сөз «коммуналдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына берiлетiн тұрғын үйді жалдаушы осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға» деген сөздер «халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер жалдаушылардың меншігіне өтеусіз беріледі.»;

      34) 104-бапта:
      1-тармақтағы «101-бабының 5 және 6-тармақтарында,» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтағы «, 101-бабының 8-тармағында» деген сөздер алып тасталсын;

      35) 107-баптың 9) тармақшасындағы «101-баптың 1), 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ 5-тармақтың екiншi бөлiгiнде, 7, 8-тармақтарында» деген сөздер «101-баптың 3-тармағында, 109-баптың 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 115-бап алып тасталсын;

      37) 119-1-баптың екінші бөлігіндегі «Осы Заңның 115-бабында көзделген шарттық» деген сөздер «Шарттық» деген сөзбен ауыстырылсын.

      14. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
      13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-2) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітеді;».

      15. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар, № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала және астана)», «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы)», «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)», «облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)», «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)» деген сөздер тиісінше «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы», «облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;»;

      3) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 27) және 28) тармақшалармен толықтырылсын:
      «27) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
      28) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады.»;

      4) 31-баптың 1-тармағында:
      12) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
      12-1) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз «коммуналдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-5) тармақшадағы «және ескі» деген сөздер алып тасталсын;
      12-6) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 12-8) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;»;

      5) 35-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «мемлекеттiк» деген сөз «коммуналдық» деген сөзбен ауыстырылсын.

      16. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - елді мекендердің шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желілік объектілер) және қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары деп белгіленген жылу электр орталықтарынан және қазандықтардан басқа, жылумен жабдықтау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;

      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «38-1) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;»;

      3) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      «5-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның
                құзыреті

      Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:
      1) өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
      2) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;
      3) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырады;
      5) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».

      17. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат;№ 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат, № 6, 50-құжат):
      39-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзацындағы «(меншік иелерінің немесе кондоминиумды басқару органының уәкілетті өкілі)» деген сөздер «немесе олардың уәкілетті өкілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы «кондоминиум қатысушыларының келісімімен не» деген сөздер алып тасталсын.

      18. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат):
      23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Егер меншік иесі меншік құқығынан жариялау арқылы бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев