Халықтың көші-қоны туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы.

Жаңартылған

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР Заңының қолданысқа енгізілу тәртібін 63-баптан қараңыз.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бүкіл мәтін бойынша "оралмандар", "оралмандарды", "оралмандарға", "оралмандардың", "оралман", "Оралмандарды", "Оралмандардың", "Оралмандар", "Оралман", "оралманның" және "Оралмандарға" деген сөздерді тиісінше "қандастар", "қандастарды", "қандастарға", "қандастардың", "қандас", "Қандастарды", "Қандастардың", "Қандастар", "Қандас", "қандастың" және "Қандастарға" деген сөздермен ауыстыру көзделген - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.

1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;

      2) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету – оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) қызметтер кешені;

      3) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі – виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;

      4) еңбек көші-қоны – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс аударуы;

      4-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсат – жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін, белгіленген нысандағы құжат;

      5) заңсыз көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың келу және болу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитті жол жүруді бұза отырып, Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасында болуы;

      6) заңсыз көшіп келуші – келу және болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасында болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      6-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;

      7) көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;

      8) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      9) көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударуы;

      10) көшіп-қонушы – себебі мен ұзақтығына қарамастан, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам;

      10-1) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;

      11) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері – Қазақстан Республикасының шет елде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;

      12) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      12-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      13) оралман – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      13-1) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға;

      13-2) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      13-3) оралмандар, этникалық қазақтар туралы ақпараттық дерекқор – этникалық қазақтар, оралмандар және олардың отбасы мүшелері, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орналасуы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жиынтығы;

      13-4) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сай келетін шетелдік жұмыскерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;

      13-5) реадмиссия – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келу, кету, болу немесе тұру мәселелері бойынша заңнаманы бұза отырып, бір мемлекеттің аумағына келген немесе онда жүрген адамдарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес бір мемлекеттің құзыретті органдарының беруі (қайтаруы) және екінші мемлекеттің құзыретті органдарының қабылдауы;

      14) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      15) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      16) алып тасталды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      17) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;

      17-1) уақытша болатын (тұратын) жер – тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын), мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай;

      18) уақытша орналастыру орталығы – этникалық қазақтар мен қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған тұрғынжай;

      19) уақытша тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат;

      19-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      20) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      20-1) алып тасталды - ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      21) шақырушы адам – Қазақстан Республикасында тұратын және осы Заңға сәйкес отбасын біріктіру мақсатында өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуіне жәрдемдесетін адам;

      22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;

      23) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат;

      24) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      25) ішкі көші-қон – жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы;

      26) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;

      27) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      28) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.

3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері

      Қазақстан Республикасының аумағына келу және Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсатына қарай көшіп келудің мынадай негізгі түрлері бар:

      1) тарихи отанына оралу мақсатында;

      2) отбасын біріктіру мақсатында;

      3) білім алу мақсатында;

      4) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында;

      5) гуманитарлық және саяси уәждер бойынша.

4-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен міндеттері

      1. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясат мынадай негізгі қағидаттарға:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын тану және оларға кепілдік беруге;

      2) ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

      3) жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға;

      4) пайдаланылатын ақпараттың жаңартылуы және бірнеше рет қайталануы негізінде көші-қон процестерін реттеудің ашықтығына;

      5) мемлекеттің көшіп келудің әрқилы түрлерін реттеудегі сараланған тәсіліне негізделеді.

      2. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:

      1) көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

      2) өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып, оралмандарды ұтымды орналастыруды ұйымдастыру;

      3) Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту;

      4) ішкі еңбек нарығын шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау жолымен қорғау;

      5) Қазақстанның халықаралық еңбек нарығына ықпалдасуын қамтамасыз ету;

      6) халықтың жаппай көші-қонына әкеп соқтыруы мүмкін жанжалдардың алдын алу және оларды болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын дамыту;

      7) ішкі көші-қон ағынын оңтайландыру, көшіп-қонушылардың ел аумағында ұтымды қоныстандырылуын қамтамасыз ету;

      8) шетелде тұратын бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен өзара қарым-қатынасты, оның ішінде мәдени ынтымақтастық пен ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту;

      9) этникалық қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуына жәрдемдесу;

      10) көші-қон процестерін реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық, заңсыз көшіп келудің алдын алу және жолын кесу болып табылады.

5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері

      1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында:

      1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім, медициналық және әлеуметтік көмек алуға;

      3) Қазақстан Республикасының көшіп келушілердің болуы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұруға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жерін еркін таңдауға;

      5) өзіне тиесілі мүліктік құқықтарын және мүліктік емес жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа және мемлекеттік органдарға жүгінуге;

      6) осы қызмет түрлері ақысыз негізде көрсетілетін оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында ақылы бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алуға құқығы бар.

      2. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасында:

      1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген міндеттерді атқарады;

      2) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келудің, кетудің және онда болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.

6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары

      1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

      "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінде еңбек қызметін жүзеге асыруды қоса алғанда, қызметін жүзеге асыру үшін көшіп келушілердің келу, кету және болу ерекшеліктері "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.

      2. Келудің және болудың визасыз режимі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, заңды паспорттары немесе оларды ауыстыратын құжаттары бойынша келеді.

      3. Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге визаны ұлттық қауіпсіздік органымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері береді.

      Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге визаны ішкі істер органдары береді.

      4. Көшіп келушілер визаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

      Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушінің Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен, жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күндік әрбір кезең ішінде тоқсан күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алған көшіп келушілерге қолданылмайды.

      Уақытша тұруға арналған рұқсатты ресімдеген көшіп келушілер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

      Көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алу

      Уақытша тұруға арналған рұқсат:

      1) отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген жеке тұлғалардың;

      2) көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;

      3) көшіп келушілерді күндізгі оқу бөліміне қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушыларды алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;

      4) көшіп келушілер стационарлық емделуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;

      5) көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша – жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді.

      Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар өздеріне келген көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына үш күн ішінде хабарлауға міндетті.

      Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу

      Ескерту. 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ этностық қазақтар өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін ішкі істер органдарына өтініш жасайды. Заңнамада белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға арналған рұқсатты алуға өтініш жасаған көшіп келушілерге өтінішхатты қарауға қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді.

      Осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ ПРОЦЕСТЕРІН БАСҚАРУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оны жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      2) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) халықты құжаттандыру және тіркеу тәртібін айқындайды;

      5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындайды;

      5-1) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      7) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды;

      7-1) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7-2) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;

      8) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-1-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

      Ескерту. 8-1-бап алып тасталды - ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті

      Ішкі істер органдары:

      1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ақпарат беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;

      2-1) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      3) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және ұлттық қауіпсіздік органымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

      4) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      4-1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдейді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдайды және келіседі;

      5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды жүзеге асырады;

      5-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      5-2) көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;

      5-3) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;

      6) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келудің, Қазақстан Республикасынан кетудің, Қазақстан Республикасында болудың және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүрудің белгіленген қағидаларын сақтауын бақылайды;

      6-1) шығарып жіберу туралы сот актісі өздеріне қатысты шығарылған көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының шегінен уақтылы кетуін бақылайды;

      6-2) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;

      7) заңсыз көшіп келудің жолын кесу жөнінде шаралар қолданады;

      7-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды;

      9) көшіп келушілерге шекаралық аймаққа келу құқығын беретін құжаттарды ресімдейді;

      10) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру тәртібін айқындайды және рұқсаттар береді;

      11) босқын мәртебесін беру туралы шешімдер қабылдайды;

      11-1) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөнінде шешім қабылдайды;

      12) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдейді;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      14) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;

      15) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды жүзеге асырады;

      16) уақытша болатын (тұратын) жеріне келген Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды жүзеге асырады;

      16-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді және оларды кері қайтарып алады;

      17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыреті

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері:

      1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындайды;

      2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдеседі;

      3) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседі;

      4) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

      4-1) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды және келіседі;

      4-2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      5) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді;

      5-1) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдейді;

      6) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

      Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

      1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды;

      1-1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) алып тасталды - ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) халықтың көші-қоны саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарға әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;

      4) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілейді және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;

      4-1) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

      4-2) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квотасын белгілейді және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;

      4-3) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингін жүргізеді;

      4-4) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4-5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындайды;

      5) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5-1) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастырады, "Шетелдік жұмыс күші" ақпараттық жүйесін құрады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара байланысын қамтамасыз етеді;

      5-2) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;

      7) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін мониторингілеуді жүзеге асырады;

      8) алып тасталды - ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      9) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды;

      9-1) Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін бекітеді;

      10) оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартуға арналған шағымдарды қарайды;

      11) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;

      12) еңбекші көшіп-қонушылардың және этностық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

      13) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;

      14) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 10.12.2013 N 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:

      1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) көшіп келушілерге медициналық көмек көрсетудің тәртібін бекітеді;

      3) шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;

      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган:

      1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) этникалық қазақтар мен оралмандарға техникалық және кәсіптік білім берудің, ортадан кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квотаға сәйкес білім гранттарын бөледі;

      3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шетелдегі жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген этникалық қазақтарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;

      4) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті

      1. Ұлттық қауіпсіздік органы:

      1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келуін және кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен және Сыртқы істер министрлігімен уақтылы ақпараттық алмасуды жүзеге асырады;

      3) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін келіседі;

      4) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты тұруына рұқсат беруді келіседі;

      5) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      6) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келіседі;

      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      2. Ұлттық қауіпсіздік органдары көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келісуден бас тарту үшін негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:

      1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

      2) оралмандар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi;

      3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;

      3-1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

      5) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;

      6) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6-1) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

      6-2) этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

      6-3) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды;

      6-4) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

      6-5) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6-6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

      7) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      8) оралман куәлігін береді;

      9) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшiп-қонушылардың балаларының бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды;

      11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, өз аумағы және (немесе) басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттарды бередi немесе ұзартады, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;

      11-1) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;

      12) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      13) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат бередi;

      13-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;

      14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:

      1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

      2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын оралмандарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi;

      3) көшiп-қонушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелерден орын бередi;

      4) оралмандарға қазақ тiлiн және өздерiнiң қалауы бойынша орыс тiлiн үйрену үшiн жағдай жасайды;

      4-1) отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларын қабылдайды және бұл шақыруларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді;

      5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ

16-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасы

      Ескерту. 16-бап алып тасталды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

17-бап. Оралмандардың санаттары

      Ескерту. 17-бап алып тасталды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

17-1-бап. Оралмандардың санаттары

      Оралмандар мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар;

      2) Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және тұрып жатқан оралмандар.

      Ескерту. 3-тарау 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     

18-бап. Оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі

      Ескерту. 18-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше кірген этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішті жергілікті атқарушы органдарға немесе Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.

      2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне береді.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу жөніндегі комиссия

      Ескерту. 19-бап алып тасталды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19-1-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы

      Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін этникалық қазақтар мен оралмандардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштер негізінде алдағы жылға белгілейді.

      Ескерту. 3-тарау 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19-2-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия

      Этникалық қазақтардың оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініштерін қарау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның құрамына мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

      Ескерту. 3-тарау 19-2-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін бұл туралы өтінішхат берген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу

      1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері үміткерлердің оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштері мен құжаттарын қабылдайды және оларды тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      2. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхат берген үміткерлердің ұлты – жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазба негізінде, мұндай жазба болмаған кезде үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттар негізінде белгіленеді.

      3. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға келісім беру не бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жібереді.

      Жергілікті атқарушы органдар шешім қабылдау үшін этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхат берген үміткерлердің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың бар не жоқ екенін тексеру үшін ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелеріне, тиісті өңірлердің прокуратураларына жібереді.

      Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері, прокуратуралар этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген, оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге кедергі келтіретін негіздердің бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты этникалық қазақтарға, жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

      Жергілікті атқарушы органдар:

      1) тиісті органдардың ақпараты келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды Комиссияның қарауына енгізеді.

      Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге алдын ала келісім беру туралы не бас тартудың себептерін уәжді түрде негіздей отырып бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      2) Комиссия шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы немесе себептерді уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы ақпаратты жібереді.

      4. Этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім үміткерлер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай келген кезде беріледі.

      Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу басымдығын этникалық қазақтар мынадай реттілікпен:

      1) тиісті білімі, біліктілігі және белгілі бір мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар адамдар;

      2) көп балалы отбасылар;

      3) жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі бар кәмелетке толған жастар пайдаланады.

      5. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімін не себептерін уәжді түрде негіздей отырып, бас тартуды өтініш берушіге жеткізу үшін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жібереді.

      6. Этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштерін қараудың жалпы мерзімі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап үш айдан аспауға тиіс.

      7. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімін алғаннан кейін оны бір ай ішінде өтініш берушіге жібереді және тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасына келуге виза береді не бас тарту туралы хабарлайды.

      8. Жергілікті атқарушы орган Комиссияның этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімі туралы бұрын қабылдаған шешімін ескере отырып, өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін, оралман куәлігін береді және шешім қабылдау үшін Комиссияға оралмандардың тізімін жібереді.

      Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.

      9. Комиссия оралмандардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.

      10. Этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне өтініш береді.

      11. Ішкі істер органдары этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері өтініш берген кезден бастап он жұмыс күні ішінде олардың тұрақты тұруға рұқсат алу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы өтініштерін қарауға міндетті.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру немесе ұзарту және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу

      Ескерту. 21-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жергілікті атқарушы органға өтініштер береді және тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне өтініш береді.

      Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін тиісті құжаттарымен қоса жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.

      2. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді немесе ұзартады, оралман куәлігін береді не оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан уәжді түрде бас тартады.

      Этникалық қазақтың жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді немесе ұзартады, оралман куәлігін береді не оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан уәжді түрде бас тартады.

      Оралман мәртебесін беру үміткерлер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай келген кезде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесін ұзарту туралы өтініш бере алады.

      Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган алты айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.

      3. Оралман мәртебесін алуға үміткерлердің ұлты – жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазбаға сәйкес, мұндай жазба болмаған кезде олардың ұлтын растайтын басқа да құжаттардың негізінде расталады.

      4. Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтар өздерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға үміткер бола алады.

      Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтардың тізімі, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда, шешім қабылдау үшін Комиссияға жіберіледі.

      5. Комиссия оралмандардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не себептерді уәжді түрде негіздей отырып одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-1-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері

      1. Оралман оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген, оралманның отбасы мүшелері, сондай-ақ ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туылған балалар күнтізбелік бір жыл ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізіледі.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын оралмандар жергілікті атқарушы органдарға өздерінің отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш бере алады және олардың осы Заңның 21-бабында белгіленген тәртіппен оған енгізілуге құқығы болады.

      3. Егер оралмандар өз отбасы құрамында өзінің отбасы бар балаларын көрсетпесе, онда балаларының отбасы мүшелері оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына оралмандардың өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған, оларды ата-ана құқықтарынан айырған не олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайда ғана оралмандар отбасының құрамында енгізіледі.

      Бұл ретте оралманның өзінің отбасы бар балалары қайтыс болған не оларды ата-ана құқықтарынан айырған жағдайларда, олардың кәмелетке толмаған отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін оралмандар (оралманның жұбайы (зайыбы) олардың қорғаншысы (қамқоршысы) болуға міндетті.

      Ескерту. 3-тарау 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

22-бап. Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізудің ерекшеліктері

      Ескерту. 22-бап алып тасталды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

23-бап. Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары

      Ескерту. 23-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады.

      2. Оралман мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:

      1) оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсетумен;

      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.

      3. Оралмандарға жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандықпен айналысу, саяжай құрылысы үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң жерлерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнайы жер қорынан және босалқы жерлерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жер учаскелерi берiледi.

      Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерi берiледi.

      4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін. Жәрдемақыларды төлеудің тәртібі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде бекітеді.

      4-1. Оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім алған этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ оралмандар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) кеден заңнамасына сәйкес, көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады.

      4-2. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделетін мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

      5. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне осы бапта көзделген мемлекеттік қолдау шараларынан басқа тұтыну кредитін және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы беріледі.

      5-1. Оралмандар немесе оның отбасы мүшелері оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік қолдау шаралары оралмандарға немесе отбасы мүшелеріне олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына қарамастан ұсынылады.

      6. Осы баптың 4-2-тармағында аталған оралмандар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірдің шегінен тыс жерге өзінің ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше көшіп-қонған не Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге міндетті.

      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2018 № 151-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру

      1. Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерiн оралман мәртебесiн алғанға дейiн алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмдерге жүзеге асырылады.

      2. Бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету үшін оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары құрылады.

      Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тұруының тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетудің тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Оралман мәртебесінің тоқтатылуы

      Оралман мәртебесi:

      1) оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн;

      2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беруден бас тартылған не оның күші жойылған жағдайда;

      3) оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады.

      4) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-бап. Оралмандардың құқықтары мен міндеттері

      1. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің:

      1) жеңілдетілген (тіркелген) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға;

      2) жеңілдіктерді, өтемақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін қолда бар құжаттарының негізінде атын, әкесінің атын (ол болғанда) және тегін қазақ тілінде дұрыстап жазуға;

      4) дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқығы бар.

      5) қызметтік немесе өзінің тұрғын үйі болмаған кезде оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркелуге құқығы бар.

      2. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері:

      1) оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерін қарау үшін қажетті анық мәліметтерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;

      2) денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық қарап-тексеруден өтуге, екпелерді алуға, емдеу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға міндетті.

      3) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. ОТБАСЫН БІРІКТІРУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ

27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері

      1. Мына адамдар:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтары;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып жатқан этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан көшіп келушілер мен бизнес-көшіп келушілер шақырушы адамдар болуы мүмкін.

      2. Шақырушы адамдардың отбасын біріктіру мақсатында шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі туралы өтінішхат беруге құқығы бар.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын некеде кемінде үш жыл тұрған жұбайы (зайыбы);

      2) он сегіз жасқа толмаған, некеде тұрмайтын және шақырушы адамның асырауындағы және (немесе) қамқоршылығындағы (қорғаншылығындағы) балалар, оның ішінде асырап алған балалары;

      3) он сегіз жастан асқан, некеде тұрмайтын, денсаулық жағдайына байланысты себептер бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қабілетсіз балалар, оның ішінде асырап алған балалары;

      4) шақырушы адамның асырауындағы еңбекке жарамсыз ата-аналары;

      5) оларды күтіп-бағу шақырушы адамның міндеті болып табылатын, отбасының өзге де мүшелері отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін шақырушы адамның отбасы мүшелері болып табылады.

      4. Шақырушы адамның мына отбасы мүшелері отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына жіберіледі:

      1) егер Қазақстан Республикасының азаматы шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағында аталған барлық адамдар.

      Аталған адамдарға уақытша тұруға арналған рұқсат кейіннен жыл сайын ұзарту құқығымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі;

      2) егер уақытша (кемінде екі жыл мерзімге) тұруға рұқсат алған этникалық қазақ немесе бұрынғы отандас шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар.

      Аталған адамдарға уақытша тұруға арналған рұқсат шақырушы адамның уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзіміне беріледі;

      3) егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын көшіп келуші немесе Қазақстан Республикасында кемінде екі жыл үзіліссіз тұратын бизнес-көшіп келуші шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар.

      Тұрақты тұруға арналған рұқсаты бар шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат жыл сайын ұзарту құқығымен бір жылға беріледі.

      Бизнес-көшіп келуші болып табылатын шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға беріледі. Бұл ретте шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат шақырушы адамның уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

      5. Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілердің мынадай санаттарының:

      1) оқу, кәсіптік даярлықтан өту және (немесе) тағылымдамадан өту кезеңіне білім алу мақсатында көшіп келушілердің (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, студенттер мен тағылымдамадан өтушілер);

      2) маусымдық шетелдік қызметкерлердің;

      3) гуманитарлық уәждер бойынша көшіп келушілердің отбасы мүшелеріне қатысты отбасын біріктіру мақсатында көшіп келуге жол берілмейді.

      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібі

      1. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза шақырушы адамның отбасын біріктіру туралы қолдаухатының негізінде беріледі.

      2. Шақырушы адамның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасына келуге виза алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш пен мынадай құжаттарды:

      1) шақырушы адамның қолдаухатын;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шақырушы адамның уақытша тұруға арналған рұқсатының нотариатта куәландырылған көшірмесін;

      3) шақырушы адамның және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмесін;

      4) шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін күтіп-бағуға айына, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан кем емес мөлшерде ақшасының болуы растамасын;

      5) шақырушы адамда Қазақстан Республикасының аумағында отбасының әр мүшесіне шаққанда көлемі белгіленген ең төмен нормативтерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келетін тұрғын үйдің болуы растамасын;

      6) шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін медициналық сақтандыруды;

      7) шақырушы адаммен отбасылық қатынастарын растайтын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің осыған уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін;

      8) отбасының кәмелетке толған мүшелерінің соттылығы болуын не болмауын растайтын құжатты ұсынады.

      3. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасында тұруға құқығы бар көшіп келушілерге, уақытша тұруға арналған рұқсаттың берілуі солардың болуына байланысты болатын мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған жағдайларда (кәмелетке толуы, біріктіруді сұраған адамның қайтыс болуы, соның негізінде біріктіру жүргізілген некенің бұзылуы немесе күшінің жойылуы), осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген осыған қажетті қаржы қаражатының болуы расталған жағдайда, ішкі істер органдары олардың өтініштері негізінде алты айға дейінгі кезеңге рұқсатты ұзартады.

      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері

      1. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алуға құқығы бар.

      2. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтары шақырушы адамдары болып табылатын, осы Заңның 27-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен жалпы жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын;

      2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында санамаланған адамдар шақырушы адамдары болып табылатын отбасы мүшелері жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыскерге беретін өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама, сондай-ақ жұмыс берушіге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын жағдайларда, еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.

      3. Отбасын біріктіру мақсатында келетін көшіп келушілер:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады;

      2) Қазақстан Республикасында уақытша болуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, егер оның бұдан әрі болуына заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. БІЛІМ АЛУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ

30-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер

      Қазақстан Республикасының аумағына білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, оның ішінде оқушылар алмасудың және даярлық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша қабылданған білім алушылар жатады.

31-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келу шарттары

      Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер:

      1) этникалық қазақтарды қоспағанда, көшіп келуші мен қабылдаушы білім беру ұйымдарының арасындағы шартқа сәйкес тұруына, сондай-ақ оқуына ақы төлеуге қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ұсынуға;

      2) таңдаған мамандығы бойынша білім алуға кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға және медициналық сақтандыруы болуына;

      3) соттылығының болуы не болмауы жөніндегі растаманы ұсынуға;

      4) оқу орнына оқуға қабылданғаны туралы растаманы табыс етуге және (немесе) Қазақстан Республикасына келгенге дейін кәсіптік даярлықтан өтуге шақырған тараптың келісімін растауға міндетті.

32-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге виза берудің шарттары

      1. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келуіне визаларды кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының келісімімен қабылдаушы білім беру ұйымының өтінішхаты негізінде айқындалатын бір жылдан аспайтын мерзімге оқу орнының немесе білім беру жөніндегі уәкілетті органның қолдаухаты негізінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері береді.

      Білім алу мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруына арналған рұқсатты қабылдаушы білім беру ұйымының қолдаухаты негізінде айқындалатын оқу мерзіміне оқу орнының қолдаухаты негізінде ішкі істер органдары береді.

      2. Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің келуіне визаны және уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары қабылдаушы білім беру ұйымы растаған жағдайда оқуды аяқтауға қажетті, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге жыл сайын ұзартып отырады.

      3. Қабылдаушы білім беру ұйымдары білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге олардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтары мен міндеттерін уақтылы түсіндіруді және оларды іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ уақытша тұруға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған соң олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағы бойынша жүріп-тұру және Қазақстан Республикасынан кету құқықтарына арналған құжаттарды уақтылы ресімдемегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      4. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің уақытша тұруына арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ішкі істер органдары береді.

      Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттер

      1. Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

      Қазақстан Республикасына білім алу мақсатымен келген этникалық қазақтар оқуға түскеннен кейін:

      1) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2) тұрақты тұруға және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.

      2. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады;

      2) оқудың және (немесе) кәсіптік даярлықтың толық курсын аяқтағаннан кейін, егер одан әрі болу үшін заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті.

      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

6-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ

34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары

      Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілер мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) мыналар:

      экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;

      Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскерлер – көшіп келушілер;

      2) бизнес-көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;

      3) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітетін кәсіптер тізбесіне сәйкес, климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;

      4) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер.

      Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

35-бап. Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары

      Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін немесе жұмыс берушілер, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер:

      1) кәмелеттік жаста болуға;

      2) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3) алдағы атқарылатын жұмысты орындау үшін қажетті білімі, біліктілігі мен тәжірибесі болуға;

      4) соттылығының болуы не болмауы жөніндегі растаманы ұсынуға;

      5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;

      6) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті.

      Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

36-бап. Шетелдік қызметкерлерге келуге виза беру шарттары

      1. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде берілген рұқсаттың негізінде және қолданылу мерзіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша береді.

      2. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдік қызметкерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ішкі істер органдары береді.

      4. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды және уақытша тұруға арналған рұқсаттарды шетелдік жұмыскердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде алдағы жылға рұқсаты болған кезде, ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша бір жылға ұзартады.

      5. Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне келу визаларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері тиісті мемлекеттік органмен жасалған еңбек шартының негізінде және оның қолданылу мерзіміне береді.

      Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды, шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды беру және оларды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тарту тәртібі

      1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін квота шегінде жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Өз аумағы және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жергілікті атқарушы орган беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың берілгені немесе ұзартылғаны үшін жұмыс берушілерден Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.

      Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік жұмыскерлер уақытша еңбек қызметін келу мақсаттарына сәйкес жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген үш жылдан аспайтын мерзім аяқталғаннан кейін елден кетуге міндетті.

      Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды берудің немесе ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      3. Шетелдік жұмыскерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін және еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен үш айдан аспайтын мерзімге жергілікті атқарушы орган берген біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы алған жағдайда, келе алады.

      Шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, экономиканың басым салалары (экономикалық қызмет түрлері) және шетелдік жұмыскерлер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін мемлекеттік басқарудың тиiстi саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

38-бап. Этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарындағы шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін реттеудің ерекшеліктері

      Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын жеңілдетілген тәртіппен береді.

      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға виза беру шарттары

      1. Келуге виза алу үшін бизнес-көшіп келуші:

      1) кәмелеттік жаста болуға;

      2) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;

      3) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына;

      4) соттылығының болуы не болмауы және сот шешімі негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынбағаны жөніндегі растаманы ұсынуға міндетті.

      5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Бизнес-көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге визаны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері екі жылға дейінгі мерзімге береді.

      3. Этникалық қазақтар қатарындағы, оның ішінде келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілердің келуіне виза және уақытша тұруына арналған рұқсат үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.

      Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

40-бап. Бизнес-көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында болу және олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттары

      1. Бизнес-көшіп келушілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының аумағында болуының міндетті шарты болып табылады.

      2. Бизнес-көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағына келген күнінен бастап екі ай мерзім ішінде:

      1) Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеуге немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асырушы коммерциялық ұйымдар қатысушыларының (акционерлерінің) құрамына енуге;

      2) заңды тұлғаны тіркеу кезінде оның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен мөлшерден кем емес ақша сомасын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіне енгізуге міндетті.

      Бизнес-көшiп келушiлер осы бапта белгiленген мiндеттердi орындамаған жағдайда ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдардың қолдаухаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің болу мерзімін олардың ерікті түрде кетуіне қажетті мерзімге қысқарту туралы шешім қабылдайды.

      Бизнес-көшіп келуші ретінде келуге виза алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлға қатысушыларының құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады.

      3. Бизнес-көшіп келушінің Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін жабдықтар әкелуі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Бизнес-көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шетелдіктердің баруына ашық аумақтары бойынша еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жерін таңдай алады.

      Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

41-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлердің келу және болу шарттары

      1. Маусымдық шетелдік қызметкерлерге келуге визаны шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.

      2. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген маусымдық шетелдік қызметкерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары береді.

      3. Маусымдық шетелдік қызметкерлер:

      1) кәмелеттік жаста болуға;

      2) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;

      4) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті.

      Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

42-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары

      1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес немесе жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар квота шегінде беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар негізінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын шарттарда және тәртіппен экономиканың жекелеген салаларына жұмысқа тартылады.

      2. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартатын жұмыс берушілер оларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін уақытша тұрғын үй беруге міндетті.

      Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

43-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері

      1. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады;

      2) рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін, егер одан әрі болуына заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті.

      2. Қазақстан Республикасына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген маусымдық қызметкерден басқа шетелдік қызметкер:

      1) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартқан қызметкер, рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін - жұмысқа орналасуға рұқсат алу туралы өтініш беруге құқылы.

      Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      43-1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары

      1. Еңбекші көшіп келушілердің мынадай талаптарға сай келуі:

      1) Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімде визасыз болу мүмкіндігін көздейтін визасыз келу және болу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы келісім жасасқан елдердің азаматтары болып табылуы;

      2) кәмелеттік жаста болуы;

      3) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) соттылығының бар не жоқ екендігінің растамасын ұсынуы;

      5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі болатын ауруларының жоқ екендігін растайтын медициналық анықтамасын ұсынуы;

      6) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуы тиіс.

      2. Еңбекші көшіп келушілерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен береді және еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың қолданылу мерзіміне ұзартады.

      Еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында үзіліссіз уақытша тұруының ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.

      Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      43-2-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі

      1. Рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мерзімге еңбекші көшіп келушіге рұқсат беріледі және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.

      Еңбекші көшіп келушіге рұқсат берудің ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.

      Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат алдыңғы рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде күнтізбелік отыз күн өткен соң беріледі.

      Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын, сондай-ақ рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде беріледі.

      Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру кезінде уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді, еңбекші көшіп келушілерді, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру жүргізіледі.

      2. Еңбекші көшіп келушінің өтініші бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге бірнеше рет ұзартылады және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.

      Еңбекші көшіп келушіге рұқсат алдыңғы кезеңде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындағанын (қызметтер көрсеткенін), сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат ұзартылатын кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде ұзартылады.

      3. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.

      4. Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат көшіп келушінің жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шартын жасасуы үшін негіз болып табылады.

      5. Бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуына жол берілмейді.

      6. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат еңбекші көшіп келушіге ол берілген әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) құқық береді.

      Ескерту. Заң 43-2-баппен толықтырылды - ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

7-тарау. ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ УӘЖДЕР БОЙЫНША КӨШІП КЕЛУ

44-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттары

      Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілерге:

      1) волонтерлер – Қазақстан Республикасына білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек саласында өтеусіз негізде қызмет көрсету үшін келетін көшіп келушілер;

      2) Қазақстан Республикасына қайырымдылық, гуманитарлық көмек көрсету және гранттар беру мақсатында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың шеңберінде келетін көшіп келушілер жатады.

45-бап. Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілер

      Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілерге:

      1) босқындар;

      2) саяси пана берілген адамдар жатады.

46-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келу және келуіне виза беру шарттары

      1. Қазақстан Республикасына гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келуіне визаны Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйым өкілдігінің не ол орналасқан елде осы елдің заңнамасына сәйкес ресми тіркелген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымның (қордың) өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері бір жылға дейінгі мерзімге береді.

      2. Гуманитарлық уәждер бойынша келген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағында келудің мақсаттарында көзделмеген қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

      Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

47-бап. Саяси уәждер бойынша келудің және болудың шарттары

      1. Пана іздеп жүрген адамдардың келу және болу шарттары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға пана беру және оларға босқын мәртебесін беру жөніндегі қатынастар, босқындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасымен реттеледі.

      2. Саяси пана берудің тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

8-тарау. ШЕТЕЛДІККЕ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА КЕЛУІНЕН БАС ТАРТУ ҮШІН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА АРНАЛҒАН РҰҚСАТТЫ АЛУ ҮШІН ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕР

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

48-бап. Көшiп келушiнiң Қазақстан Республикасына келуiне рұқсат беруден бас тарту үшiн негiздер

      Көшіп келушінің Қазақстан Республикасына келуіне:

      1) ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;

      2) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;

      3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;

      4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздырса;

      5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

      6) егер ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болса, сондай-ақ оның әрекеттерінде сот қауіпті түрде қайталанған қылмыс бар деп таныған жағдайда;

      7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған жазаны өтемеген болса;

      8) егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпеген болса;

      9) егер ол, этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды ұсынбаса;

      10) егер ол келу туралы өтiнiш хат жолдаған кезде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      48-бап 10-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде;

      12) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;

      13) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, тыйым салынады.

      Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген көшіп келушілерге соттың шығарып жiберу туралы шешiмі орындалған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.

      Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.

      Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.11.2014 N 244-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

49-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негiздер

      Ескерту. 49-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Мынандай:

      1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған;

      2) сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;

      3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;

      4) этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматы болған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды бермеген;

      5) Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған;

      6) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыртқан;

      7) іс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;

      8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;

      9) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;

      9-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;

      10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтiнiш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде дәлелді себепсіз ұсынбаған;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      49-бап 10-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген кезге дейін бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген;

      12) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

      13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқан;

      13-1) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      14) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;

      14-1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық салу және еңбек заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;

      14-2) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;

      15) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар;

      16) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;

      17) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тартылады не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылады.

      Тұруға ықтиярхатты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгін беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ұлттық қауіпсіздік органдарының оң келісімінсіз рұқсат беруге тыйым салынады.

      Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне, жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты не 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаты негізінде азаматтығы жоқ деп танылған адамдарға, "Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылатын әйелдерге қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 13 және 14-1) тармақшаларының күші қолданылмайды.

      Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ІШКІ КӨШІП-ҚОНУШЫЛАР

50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушылар

      Ескерту. 50-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасында ішкі көшіп-қонушылар:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі (63-бапты қараңыз).

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс аударатындар;

      2) өзінің ерік қалауымен өз бетінше қоныс аударушылар болып бөлінеді.

      Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері

      1. Ішкі көшіп-қонушылардың:

      1) Қазақстан Республикасының заңында жазылған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында еркін жүріп-тұруға, тұрғылықты жерін еркін таңдауға;

      2) тұрғылықты жерінен немесе уақытша болатын (тұратын) жерінен мәжбүрлі түрде қоныс аудартудан қорғалуға;

      2-1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға;

      2-2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерге уақытша орналастыру орталықтарына бастапқы орналасуға;

      3) жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетілуге құқығы бар.

      Жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңында көзделмеген негіздер бойынша мәжбүрлі түрде қоныс аудартуға жол берілмейді.

      2. Ішкі көшіп-қонушылар:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге;

      1-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда, уақытша орналастыру орталығына жолдама алған кезде күнтізбелік үш күн ішінде оған орналасуға және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін ұсынылған үй-жайды босатуға;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің шегінен тыс жерге ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде қайтаруға міндетті.

      Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-тарау 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі (63-бапты қараңыз).

10-тарау. ІШКІ КӨШІП-ҚОНУШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ

52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу

      1. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде белгілейді.

      2. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қоныс аударушының халықты жұмыспен қамту орталықтарына берген өтініші негізінде, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

53-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек

      Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

      Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЕЛДЕН ТЫС ЖЕРГЕ КЕТУІНІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ. ЗАҢСЫЗ КӨШІП КЕЛУДІҢ АЛДЫН АЛУ

54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары

      Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары:

      1) басқа мемлекетке тұрақты тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтары;

      2) басқа мемлекетке уақытша тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтары болып екі санатқа бөлінеді.

      Басқа мемлекетке уақытша тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің персоналы, Қазақстан Республикасына бекітіп берілген квоталарға сәйкес халықаралық ұйымдар жанындағы лауазымдарға тағайындалған, шетелде уақытша еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, бітімгершілік парызын орындаушы әскери қызметшілер, сондай-ақ, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша оқуда, емделуде, туристік және жеке сапарда, шет елдерде қызметтік іссапарда жүрген адамдар жатады.

55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі

      1. Әркімнің Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуге құқығы бар. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына кедергісіз қайтып оралуға құқығы бар.

      2. Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кету ішкі істер органдары кетуге арналған құжаттарды ресімдегеннен кейін жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтінішті ішкі істер органдарына:

      1) әрекетке қабілетті азаматтар - өздері;

      2) балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар атынан олардың заңды өкілдері береді.

      4. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтініш берген азаматтардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетуінен бас тарту үшін негіздердің болмауына тексеру жүргізеді.

      Мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтініш берген азаматтарға қатысты ішкі істер органдарының сауалдарын он күн мерзімде қарайды.

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім барлық құжаттар ұсынылған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қабылданады.

      5. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуімен байланысты шығындарды қаржыландыру кетушілердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондай-ақ, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, басқа да көздерден жүзеге асырылуы мүмкін.

      6. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекетке тұрақты тұрғылықты жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне және өздерінің отбасы мүшелеріне меншік құқығымен тиесілі мүлікті өз қаражаты есебінен әкетуге құқылы.

      7. Азаматтардың мемлекет үшін мәдени, тарихи немесе өзге де құндылығы бар заттарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.

      8. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұрғылықты жеріне кеткен адамдардың Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

56-бап. Қазақстан Республикасының азаматына елден тұрақты тұрғылықты жеріне кетуге рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер

      Қазақстан Республикасының азаматына мынадай жағдайларда, егер ол:

      1) мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді білетін болса және өзінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету фактісі туралы тиісті уәкілетті органдарды хабардар етпеген болса – осы мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылғанға дейін;

      2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстап алынған не күдікті, айыпталушы ретінде жауапқа тартылған болса, не оған қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылса - іс бойынша шешім шығарылғанға немесе сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін;

      3) қылмыс жасағаны үшін сотталған болса – жазасын өтегенге дейін немесе жазадан босатылғанға дейін;

      4) өзіне сот жүктеген міндеттемелерді орындаудан жалтарған болса – осы мән-жайлар тоқтатылғанға дейін;

      5) мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген болса – осы қызметті өткеру аяқталғанға дейін немесе "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес одан босатылғанға дейін;

      6) Қазақстан Республикасынан кету үшін құжаттарды ресімдеу кезінде өзі туралы көрінеу жалған деректерді хабарлаған болса – бас тартуға және беруге негіз болған себептер жойылғанға дейін және дәйекті деректерді ұсынғанға дейін;

      7) азаматтық сот ісін жүргізуде жауапкер болып табылса – сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін;

      8) салықтық берешегі болса – оны толық өтегенге дейін;

      9) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуден уақытша бас тартылады.

      Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер:

      сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісімді;

      өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді;

      өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге де талабының орындалғанын растайтын құжаттарды;

      атқарушылық құжат беруге негіз болған, тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігі 9) тармақшасының талабы қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кету құқығын шектеудің барлық жағдайларында ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматына хабарлама береді, онда шектеудің негіздемесі мен мерзімі және осы шешімге шағымданудың тәртібі көрсетіледі.

      Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

57-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге барған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге барған Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтары мен бостандықтары бар, сондай-ақ олар Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген міндеттерді атқарады.

      Қазақстан Республикасы өз азаматтарын одан тыс жерде қорғауға және оларға сүйеу болуға кепілдік береді.

58-бап. Заңсыз көшіп келудің алдын алу және құқықтық мәртебесі реттелмеген көшіп келушілерді заңдастыру шаралары

      1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келуі, олар келу, кету, болу және транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын орындаған жағдайда мүмкін болады.

      2. Уәкілетті мемлекеттік органдар көші-қон бақылауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдардың есебін жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

12-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

59-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

60-бап. Заңсыз көшіп келушілерді шығарып жіберу

      1. Заңсыз көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шегінен тыс өздерінің шыққан мемлекетіне (шетелдік азаматтығын алған немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын елге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарып жіберілуге жатады.

      Шығарып жіберу туралы шешімді сот қабылдайды.

      Заңсыз көшіп келушілерді кідіртіп ұстауға және оларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығарып жіберу үшін қажетті мерзімге ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауға Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен жол беріледі.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шығарып жіберу немесе реадмиссия бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін немесе реадмиссияланатын заңсыз көшіп келушілер, заңсыз көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған не көшіп келушінің Қазақстан Республикасында заңсыз болу фактісі анықталған кезде оның еңбегін пайдаланған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған тұлғалардың шығарып жіберу немесе реадмиссия бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, бұл ретте шығарып жіберуге немесе реадмиссияға жұмсалған қаражат мүдделі мемлекеттік органдардың жоғарыда аталған тұлғаларға талап қоюлары бойынша сот тәртібімен өтелуге жатады.

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге осы адамдарды алып келген көлік ұйымы жауапты болып табылады.

      3. Шет мемлекеттен Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес қабылданған, бірақ Қазақстан Республикасына келуге және онда болуға заңды негіздері жоқ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасы мен осындай адам азаматы болып табылатын не тұрақты (көбіне) тұратын мемлекет арасында Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарт болмаса, шығарып жіберілуге жатады.

      Ескерту. 60-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

61-бап. Дауларды шешу

      Уәкілетті органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға (жоғары тұрған лауазымды адамға) және (немесе) сотқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.

13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

62-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі

      1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенінен кейін туындаған халықтың көші-қоны саласындағы қатынастарға қолданылады.

      2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті мемлекеттік органдар берген құжаттар өзінің күшін сақтайды.

63-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 3) тармақшасын, 50-баптың 1) тармақшасын және 10-тарауды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 285-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 6, 76-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 117-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының



Президенті


Н. Назарбаев