Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV Заңы

Жаңартылған

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Заңның тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 21-баптан қараңыз.

      Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын айқындайды.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар      

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен күдiктi операция (бұдан әрi – күдiктi операция) – клиенттің операция жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен кіріс болып табылады деп не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деп күдік туындататын операциясы (осындай операцияны жасауға ұмтылысты, жасалу процесіндегі операцияны немесе жасалған операцияны қоса алғанда);
      2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар – олармен байланысты азаматтық құқықтарды және мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған, оларды жүзеге асыру нысаны мен тәсiлiне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен әрекеттерi;
      2-1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою – қаржы мониторингінің субъектілері мен мемлекеттік органдар терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымға және (немесе) жеке тұлғаға не бенефициарлық меншік иесі көрсетілген тізбеге енгізілген жеке тұлға болып табылатын ұйымға тиесілі ақшаның және (немесе) өзге мүліктің берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар;
      2-2) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар – бағалы металдарды, олардың химиялық қосылыстарын, асыл тастарды медициналық мақсаттарда, ғылыми-зерттеу мақсаттарында не құралдардың, аспаптардың, жабдықтардың және өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдардың құрамында пайдаланатын діни ұйымдарды, музейлерді және ұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алуды-сатуды жүзеге асыратын тұлғалар;
      3) бенефициарлық меншік иесі – клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;
      4) клиент – қаржы мониторингі субъектісі көрсететін қызметтерді алатын жеке немесе заңды тұлға;
      5) корреспонденттік қатынастар – банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында басқа банктерге корреспонденттік шоттарды ашуы кезінде туындайтын шарттық қатынастар;
      6) қалқа-банк – банктің тіркелген мемлекетте (аумақта) шоғырландырылған қадағалауға жататын банктік холдингтің тікелей немесе жанама иелігінде болуын қоспағанда, банк ретінде тіркелген және (немесе) банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған мемлекетте (аумақта) іс жүзіндегі қатысуы жоқ резидент емес банк;
      7) қаржы мониторингі – осы Заңға сәйкес уәкілетті орган және қаржы мониторингі субъектісі жүзеге асыратын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы;
      8) қаржы мониторингiне жататын операциялар – осы Заңға сәйкес оларға қатысты қаржы мониторингі белгіленген ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар;
      9) қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру – ақшаны заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған жалған мәмiле жасау кезiнде құжаттарды пайдалану арқылы қолма-қол ақшаны алу мақсатында жеке немесе заңды тұлғалар жасайтын әрекеттер;
      10) қылмыстық жолмен алынған кірістер – қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша және (немесе) өзге мүлік;
      11) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) – қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмiлелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану, егер мұндай мүліктің қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыруға делдалдық ету;
      11-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;
      12) терроризмді қаржыландыру – жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;
      12-1) төлемдер қабылдау бойынша операторлар – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен және төлемдер қабылдау бойынша төлем қызметтерін ұсынатын төлемдік ұйымдар;
      13) уәкiлеттi орган – осы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге де шараларды қолданатын мемлекеттiк орган;
      14) шетелдiк жария лауазымды адам – шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк, сот органына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам;
      шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын кез келген адам;
      халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде елдер құратын ұйымдарда басшы лауазым атқаратын адам;
      15) шет мемлекеттің құзыретті органы – шет мемлекеттің өз заңнамасына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын органы;
      16) іс жүзіндегі қатысуы – банктің басқару органдары мен персоналы бар, банктік қызметке қатысты құжаттарды есепке алу және сақтау жүргізілетін және резидент емес банкке банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия берген уәкілетті органның тексерулері жүргізілетін, тұрақты мекенжай бойынша (пошта жәшігінің мекенжайынан немесе электрондық мекенжайдан басқа) орналасқан, банк қызметін жүргізу орны;
      17) іскерлік қатынастар – қаржы мониторингі субъектісінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы процесінде туындайтын клиенттермен қатынастар.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2014.06.10 № 206-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 № 244-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған
             кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және
             терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы
             заңнамасы

      Ескерту. 2-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН КІРІСТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУДЫҢ
(ЖЫЛЫСТАТУДЫҢ) ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-бап. Қаржы мониторингінің субъектілері

      1. Осы заңның мақсаттары үшін қаржы мониторингінің субъектілеріне:
      1) банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
      2) биржалар;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері;
      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;
      5) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий;
      6) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар;
      7) адвокаттар, заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:
      жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;
      клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
      банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
      компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;
      заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;
      8) бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар;
      9) ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар;
      10) ақша аударымы қызметін көрсететін почта операторлары;
      11) микроқаржы ұйымдары;
      12) банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторлары;
      13) лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
      14) ломбардтар;
      15) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
      16) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
      17) төлемдер қабылдау бойынша операторлар жатады.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қаржы мониторингінің субъектілері болып табылмайды.
      3. Адвокаттарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
      Осы баптың 1-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері туралы тиісті мәліметтерді уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және
              (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың бірінші абзацы 01.01.2017 бастап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен.
      1. Осы баптың 2-тармағының 6)7)9)11)18)19) 20) және 21) тармақшаларында көзделген операцияларды қоспағанда, егер ол өзінің сипаты бойынша осы баптың 2-тармағында көзделген операция түрлерінің біреуіне жататын болса және қолма-қол нысанда жасалса, ал оның сомасы:
      осы баптың 2-тармағының 1) және 21) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін – 3 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 3 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
      осы баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін – 5 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 5 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
      1-тармақтың төртіншіші абзацы 01.01.2017 бастап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен.
      осы баптың 2-тармағының 9) және 20) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін – 7 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 7 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
      осы баптың 2-тармағының 2)3)5)11)12)13)14)16) және 17) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін – 10 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 10 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
      осы баптың 2-тармағының 10)15) және 19) тармақшаларында көрсетiлген операциялар үшiн – 45 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 45 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса;
      осы баптың 2-тармағының 18) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн – 200 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын сомада болса не шетел валютасымен 200 000 000 теңгеге баламалы сомаға тең немесе одан асатын болса, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция қаржы мониторингіне жатады.
      Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция шетел валютасымен жүзеге асырылатын болса, оның теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.
      2. Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға:
      1) бәс тiгу, ойын мекемелерiндегi құмар ойындар мен лотерея өткiзу нәтижелерi бойынша ұтысты алу, оның iшiнде электрондық нысанда алу;
      2) қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункттері арқылы сатып алу, сату және айырбастау;
      3) чек немесе вексель бойынша ақша алу;
      4) алып тасталды - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) клиенттің банктік шотынан ақша алу немесе банктік шотына ақшаны есепке жатқызу, сол сияқты, осы тармақтың 13) және 14) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттен қолма-қол ақша қабылдау не клиентке қолма-қол ақша беру;
      6) оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тіркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттің банктік шотына есепке жатқызуды немесе аударуды жүзеге асыруы не клиенттің көрсетілген санаттағы тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасайтын операциялары;
      7) анонимді иеленушіге арнап ашылған шетелдегі шоттарға (салымдарға) ақшаны аудару, анонимді иеленушіге арнап ашылған шетелдегі шоттан (салымнан) ақшаның түсуі;
      8) алып тасталды - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      9) өтеусіз негізде басқа тұлғаның пайдасына клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары;
      10) мәдени құндылықтарды сатып алу (сату), Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
      11) мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалардың жасаған операциялары;
      12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны, талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
      13) сақтандыру төлемін жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйлықақысын алу;
      14) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;
      15) қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті алу немесе ұсыну;
      16) қызмет көрсету, оның ішінде сейф ұяшықтарын мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша сейф қызметтерін көрсетуді қоспағанда, мердігерлік, тасымалдау, көлік экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі мәмілелер;
      17) бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алу-сату;
      18) міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын және өзге де мүлікпен жасалатын мәмілелер;
      19) ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер;
      20) ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен мәмілелер;
      21) ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) ломбард операцияларын жасау жатады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақты 01.01.2017 бастап 22) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен.
      3. Күдікті операциялар, олардың жүзеге асырылу нысандарына және олардың жасалған не жасала алатын немесе жасалуы мүмкін болған сомасына қарамастан, қаржы мониторингіне жатады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі күдікті операцияны айқындау белгілерін бекітеді.
      4. Осы Заңның 5-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектісінің клиент жасайтын операцияларды зерделеуі және осындай зерделеу нәтижелерін тіркеуі үшін:
      1) клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күрделі, ерекше ірі не айқын экономикалық мәні немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ операцияны жасауы;
      2) клиенттің осы Заңда көзделген, тиісінше тексеруден және (немесе) қаржы мониторингiнен жалтаруға бағытталған әрекеттер жасауы;
      3) клиенттің қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп жорамалдауға негiз болатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасауы;
      4) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қатысушысы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлға болып табылатын операциялар жасау, сол сияқты осындай мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып операциялар жасау міндетті негіздер болып табылады.
      Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін уәкілетті орган Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) басып шығаратын құжаттарды ескере отырып жасайды, тізбе уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      5-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерін
              тиісінше тексеруі

      1. Қаржы мониторингi субъектiлерi Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өз клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексеру жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.
      2. Қаржы мониторингi субъектiлерi мынадай:
      1) клиентпен iскерлiк қатынастар орнатылған;
      2) қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған;
      3) клиент (олардың өкілдері), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердiң анықтығына күмән туғызған негiздер болған жағдайларда клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексерудi жүзеге асырады.
      3. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі мынадай шаралардың жүзеге асырылуын қамтиды:
      1) жеке тұлғаны сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiн, жеке сәйкестендiру нөмiрiн (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тiркеу;
      2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың деректерін, бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда) не резидент емес заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмірді, сондай-ақ орналасқан жерiнiң мекенжайын тiркеу;
      2-1) бенефициарлық меншік иесін анықтау және, заңды мекенжайын қоспағанда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу.
      Қаржы мониторингі субъектісі клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында осындай клиенттің құрылтай құжаттары және акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмі не басқа көздерден алынған мәліметтер негізінде оның меншігі мен басқару құрылымын белгілейді.
      Егер осы тармақшада көзделген шараларды қолданудың нәтижесінде клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, клиент-заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
      Бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге де көздерден алынған ақпараттың және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
      3) алып тасталды - ҚР 10.06.2014 № 206-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау;
      5) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу;
      6) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру және оларды жаңарту.
      Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстыру арқылы не қолжетімді көздерден алынған деректермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
      Клиенттің өкіліне қатысты осындай тұлғаның клиенттің атынан және (немесе) оның мүддесінде әрекет етуге өкілеттігі қосымша тексеріледі.
      Мәліметтерді жаңарту клиент, бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмән тудыратын негіздер болған кезде, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
      3-1. Осы бапта көзделген шаралар мынадай жағдайларда:
      1) электрондық ақшаны сәйкестендірілмеген иеленушілер-жеке тұлғалар «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде;
      2) клиент-жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы жеке тұлғаның банк шотына ақша салу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;
      3) клиенттің күдікті операция жасау жағдайларын қоспағанда, клиент банк шотын пайдаланбай қолма-қол ақшасыз ақша төлемін немесе аударымын жүзеге асырған кезде, егер мұндай ақша төлемінің немесе аударымының сомасы 2 000 000 теңгеден не 2 000 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;
      4) клиенттің күдікті операция жасау жағдайларын қоспағанда, клиент-жеке тұлға айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау бойынша операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 2 000 000 теңгеден не 2 000 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;
      5) клиент-жеке тұлға осындай клиенттің банк шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 200 000 теңгеден не 200 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса, қолданылмайды.
      4. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы.
      Клиенттер (олардың өкілдері) қаржы мониторингі субъектілеріне, бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты қоса алғанда, осы Заңда көзделген міндеттерді олардың орындауы үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды беруге міндетті.
      6. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5)11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты қаржы мониторингінің басқа субъектілері, сондай-ақ шетелдік қаржы ұйымдары қолданған шараларға мынадай талаптар сақталған кезде сүйене алады:
      1) қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шаралар шеңберінде, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді дереу алуға тиіс;
      2) шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі өзі тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және осындай шетелдік қаржы ұйымы осы баптың талаптарына ұқсас тиісінше тексеру жөнінде шараларды қолданатынын анықтауға тиіс.
      7. Ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда және тәртіппен, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің дәрежесіне қарай қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген және жеңілдетілген шараларын қолданады.
      Клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолдану қаржы мониторингі субъектісінің мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруын қамтиды:
      1) клиент бойынша сәйкестендіру деректерін жаңарту жиілігін қысқарту;
      2) іскерлік қатынастарды тексерудің және клиент осы қаржы мониторингі субъектісі арқылы жүзеге асыратын операцияларды зерделеудің жиілігін қысқарту;
      3) операциялар сипаты негізінде іскерлік қатынастардың мақсаттары мен сипатын айқындау.
      Қаржы мониторингі субъектісінде іскерлік қатынастардың не клиент жасайтын операцияның мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру болып табылатындығы туралы пайымдауға негіз болған кезде клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылмайды.
      Клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану кезінде қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады:
      1) жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау;
      2) одан әрі тексеруді талап ететін операцияларды тексерудің және олардың сипатын анықтаудың саны мен жиілігін арттыру;
      3) ұйымның басшы қызметкерінен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнатуға, жалғастыруға рұқсат алу.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-бап. Клиентпен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда
              қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді
              тиісінше тексеруі

      Қаржы мониторингі субъектілері, осы Заңның 5-бабының 3-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген шараларды клиенттермен іскерлік қатынастар орнатқанға дейін қолданады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7-бап. Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттердi қаржы
              мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге
              мүлiкпен операцияларды жүзеге асыруы кезiнде
              тиiсiнше тексеруі

      1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 4-бабына сәйкес қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүргiзілгенге дейiн, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1)2)2-1)4) және 6) тармақшаларында көзделген шаралар іскерлік қатынастар орнату кезінде қолданылған жағдайларды қоспағанда, осындай шараларды қолданады.
      2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып ақша төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ осы Заңның 5-бабы 3-1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің нұсқаулары бойынша қолма-қол ақшасыз ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мыналарды:
      ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар үшін);
      егер ақша аударымы банк шотын пайдалана отырып жүзеге асырылса, ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) жеке сәйкестендіру кодтарын не егер ақша аударымы банк шотын пайдаланбай жүзеге асырылса, ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқаудың нөмірін;
      ақша жөнелтушінің сәйкестендіру нөмірін немесе мекенжайын (жеке және заңды тұлғалар үшін) не ақша жөнелтушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін (жеке тұлға үшін) қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген деректемелердің төлем құжатында болуын және олардың ақша төлеміне (аударымына) қатысушыға берілуін қамтамасыз етеді.
      Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шетелдік қаржы мекемесінен ақша төлемі мен аударымы түскен кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттың төлем құжатында болуын бақылайды, сондай-ақ банк шотын пайдаланбай ақша аудару бойынша алушыны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркейді және сақтайды.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің шетелдік жария
              лауазымды адамдарды тиісінше тексеруі

      Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік жария лауазымды адамдарға қатысты қосымша:
      1) клиенттiң шетелдiк жария лауазымды адамға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыруға;
      2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына осы шетелдік жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыруға;
      3) осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды одан әрі жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің рұқсатын алуға;
      4) қаражат көздерін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдауға міндетті.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-бап. Шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік
             қатынастар орнатылған кезде тиісінше тексеру

      Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде қосымша мыналарды:
      1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызмет сипаты, оның ішінде оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілгені және оған санкция қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттық тiркеуге;
      2) респондент-шетелдік қаржы ұйымы оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасына сәйкес қолданатын ішкі бақылау шаралары туралы ақпаратты құжаттық тіркеуге, сондай-ақ қолданылатын ішкі бақылау шараларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға;
      2-1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының корреспондент банктің шоттарына тікелей қолжетімділігі бар клиентке тиісінше тексеру жүргізгені және оның корреспондент банктің сұратуы бойынша клиентті тиісінше тексеру жөнінде қажетті ақпарат бере алу мүмкіндігінің бар екені жөнінде растау алуға;
      3) қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастар орнатпауға және оларды сақтамауға;
      4) респондент-шетелдік қаржы ұйымы өз шоттарын қалқа-банктердің пайдалануына рұқсат етпейтініне көз жеткізуге;
      5) ұйымның басшы жұмыскерінің жаңа корреспонденттік қатынастар орнатуға рұқсатын алуға міндетті.
      Респондент-шетелдік қаржы ұйымының қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастарының болу-болмауы респондент-шетелдік қаржы ұйымы беретін және (немесе) қаржы мониторингі субъектісі өзге де көздерден алатын ақпараттың негізінде айқындалады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-бап. Тиiсiнше тексерудi жүргiзу кезiнде мәлiметтер
               жинау және құжаттық растау

      1. Қаржы мониторингi субъектiлерi клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзу кезiнде тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындайтын қаржы мониторингi субъектiлерiнiң түрлерi бойынша клиенттi тиiсiнше тексеру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесі негізінде клиент туралы мәлiметтердi құжаттап тiркеуге мiндеттi.
      2. Қаржы мониторингi субъектiлерi қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты уәкiлеттi органға мынадай бөлiмдердi: кiрiспе ақпаратты, қаржы мониторингi субъектiсi туралы мәлiметтердi, операция мен операцияға қатысушылар туралы мәлiметтердi, қаржы мониторингiне жататын операция жөнінде қосымша ақпаратты қамтуға тиiс нысан бойынша береді. Бұл нысан Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн қағидалармен айқындалады.
      Осы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат құжатталып тiркеледi және оларды:
      1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 6)8) – 17) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері – операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен;
      2) алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
      3) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері – операция жасалған және (немесе) анықталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.
      Күдікті операциялар бойынша мәліметтер мен ақпарат құжатталып тіркеледі және осы Заңның 13-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсынылады.
      3. Қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтер мен ақпаратты:
      1) адвокаттар, егер бұл мәлiметтер мен ақпарат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда жеке және заңды тұлғалардың атынан өкiлдiк ету және оларды қорғау мәселелерi бойынша заң көмегiн көрсетуге байланысты, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін, талап арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазуды қажет ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер, кеңестер және жазбаша қорытындылар түріндегі заң көмегін көрсетуі кезінде алынған болса;
      2) нотариустар, шешілуі кәсіптік заң білімін талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде ұсынбайды.
      3-1. Осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде уәкілетті орган қажет болған жағдайда қаржы мониторингі субъектісіне оның қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі жөнінде сұрау салу жібереді.
      Осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 19-бабының 2-тармағында көрсетілген мақсатта уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сауал жібереді.
      Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тиісті сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
      Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органның күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті.
      Сұрау салуды өңдеу үшін қосымша уақыт талап етілетін жағдайларда уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісінің жазбаша өтініші бойынша осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімді он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған операциялар бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы емес.
      4. Клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзген кезде алынған қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға берумен байланысты шығыстарды қаржы мониторингiнің субъектiлерi көтереді.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.21 N 19-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      11-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылауды
               жүргізуі

      1. Қаржы мониторингінің субъектілері өздерінің көрсететін қызметтерін басқа тұлғалар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру немесе оған жәрдемдесу мақсаттары үшін пайдаланбайтындай шаралар қабылдайды.
      2. Қаржы мониторингінің субъектілері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болғызбау мақсатында ішкі бақылау ережелерін және оны жүзеге асыру бағдарламасын әзірлейді, сондай-ақ ережелерді сақтауға және бағдарламаны іске асыруға жауапты болады.
      3. Қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді, қабылдайды әрі орындайды және осы Заңда көзделген ішкі бақылауды жүргізу кезінде қаржы мониторингі субъектісінің қызметіне қойылатын талаптардан басқа, олар мыналарды:
      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;
      технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелін басқару бағдарламасын;
      клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;
      клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;
      қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасын;
      ішкі бақылау қағидаларына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаларды қамтуға тиіс.
      3-1. Қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерлерде де орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтауын және іске асыруын қамтамасыз етеді.
      Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға және бақылау мен қадағалау органына Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келетіндіктен, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру мүмкіндігінің болмауы фактілері туралы хабарлауға міндетті.
      3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7)8)12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша қойылатын талаптар уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      4. Клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентпен іскерлік қатынастарын тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл сақтауына жатады.
      Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері операция жасалғаннан кейін қаржы мониторингі субъектілерінің кемінде бес жыл сақтауына жатады.
      5. Қаржы мониторингі субъектілері мен олардың жұмыскерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларға осы Заңға сәйкес осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарлауға құқылы емес.
      6. Қаржы мониторингі субъектілерінің уәкілетті органға ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды осы Заңда көзделген мақсаттарда және тәртіппен беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны жария ету болып табылмайды.
      7. Ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға осы Заңға сәйкес берген жағдайда қаржы мониторингі субъектілері, олардың лауазымды адамдары хабарлау нәтижелеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылықта болмайды.
      8. Қаржы мониторингі субъектілеріне жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды тиісті мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша уәкiлеттi орган бекiтеді.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тарауды 11-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      12-бап. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен
               байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі

      1. Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасайды, ол уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жібереді.
      2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау үшін:
      1) өз құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы баптың 4-тармағының 1)2)3) және 4) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін;
      2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 4-тармағының 5) және 7) тармақшаларында және 5-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін уәкілетті органға жібереді.
      Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу тәртібі уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар уәкілетті органға беретін ақпаратқа сәйкес жаңартылып отырады.
      4. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізу үшін:
      1) ұйымның террористік әрекетті және (немесе) экстремизмді жүзеге асыруына байланысты оны тарату туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
      2) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік әрекетті немесе экстремизмді жүзеге асыратын ұйымды террористік немесе экстремистік ұйым деп тану туралы, оның ішінде осы ұйымның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
      3) жеке тұлғаны экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасалуына кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген үкімі;
      4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын, террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қатысты шет мемлекеттер соттарының үкімдері (шешімдері) және өзге де құзыретті органдарының шешімдері;
      5) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын, террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде ұйымның немесе жеке тұлғаның болуы;
      6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары деректерінің негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын, террористік және экстремистік әрекетке қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізімдері;
      7) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болдырмауға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға санкцияларды қолдану не Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және болдырмауға қатысты қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбелерге ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізу негіз болып табылады.
      5. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды және жеке тұлғаны алып тастау үшін:
      1) ұйымның террористік әрекетті және (немесе) экстремизмді жүзеге асыруына байланысты осы ұйым бойынша тарату ісін жүргізу аяқталмаған жағдайда оны тарату туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік әрекетті немесе экстремизмді жүзеге асыратын ұйымды террористік немесе экстремистік ұйым деп тану туралы Қазақстан Республикасы соты шешімінің күшін жою;
      2) жеке тұлғаны экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасалуына кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы соты үкімінің күшін жою;
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылған, террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қатысты шет мемлекеттер соттары үкімдерінің (шешімдерінің) және өзге де құзыретті органдары шешімдерінің күшін жою;
      4) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның қайтыс болғандығы туралы құжатпен расталған деректердің болуы;
      5) экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар жасағаны үшін сотталған жеке тұлғаның сотталғандығының жойылғаны немесе алынғаны туралы құжатпен расталған деректердің болуы;
      6) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын, террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау;
      7) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болдырмауға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға қолданылған санкциялардың күшін жою не Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болдырмауға қатысты қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбелерден ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау;
      8) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының деректері негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын, террористік және экстремистік әрекетті қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне оларды енгізуге негіз болған мән-жайлар әрекетінің тоқтатылуы негіз болып табылады.
      6. Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес түзілетін тізімдерде мынадай мәліметтер болуға тиіс:
      1) жеке тұлғаға қатысты:
      оның жеке басын куәландыратын құжат деректері;
      жеке сәйкестендіру нөмірі;
      тұрғылықты жері;
      жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы туралы мәліметтер;
      заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы мәліметтер;
      2) заңды тұлғаға қатысты:
      атауы;
      бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      мемлекеттік тіркелген орны және орналасқан жері туралы мәліметтер;
      лауазымды адамдар туралы мәліметтер, құрылтайшылар туралы деректер.
      7. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне қате енгізілген, өздерінің террористік және экстремистік әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер бар не көрсетілген тізбеден алып тасталуға жататын, бірақ көрсетілген тізбеден алып тасталмаған ұйымдар мен жеке тұлғалар өздерін көрсетілген тізбеден алып тастау туралы жазбаша уәжді өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.
      Уәкілетті орган ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы өтінішті «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қарайды және мынадай:
      1) ұйымды немесе жеке тұлғаны көрсетілген тізбеден алып тастау туралы;
      2) бас тартудың уәжді негізін бере отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді шешімдердің бірін қабылдайды.
      Өтініш беруші уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасай алады.
      8. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің тыныс-тіршілігін, сондай-ақ өзімен бірге тұратын, дербес кіріс көздері жоқ өз отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында осы баптың 4-тармағының 3)4)5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша:
      1) күнтізбелік ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде жалақы түрінде алынған;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде алынған ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы мониторингі субъектісіне жүгінуге, сондай-ақ салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеуді жүргізуге құқылы.
      Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен ұйымды және жеке тұлғаны алып тастау терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген ұйымдарға және жеке тұлғаларға тиесілі ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қолданудың күшін жою үшін негіз болып табылады.
      9. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғаның мүлкі, оның ішінде заңды тұлғалардағы оқшауланған мүлкі анықталған жағдайда уәкілетті орган мұндай мүлікке қамақ салу туралы мәселені шешу үшін мұндай мәліметтерді дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды
              жүргiзуден бас тарту және оларды тоқтата тұру

      Ескерту. 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1)2)2-1)4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.
      1-1. Қаржы мониторингі субъектілері, осы Заңның 12-бабының 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне ұйымның немесе жеке тұлғаның енгізілгені туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде мынадай шараларды дереу қолдануға:
      осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
      осындай жеке тұлғаның банк шотын пайдаланбай ақша төлемі немесе аударымы бойынша нұсқауларды, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;
      бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;
      осындай тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызуды қоспағанда, осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартуға міндетті.
      Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімдерінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдері, мемлекеттік кіріс органының иелік ету шектелген мүліктен өндіріп алу туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден шығарылғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.
      2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында қаржы мониторингі субъектілері операция күдікті ретінде танылған кезде уәкілетті органға осындай операция туралы ол жүргізілгенге дейін дереу хабарлауға міндетті.
      Уәкілетті органның қаржы мониторингін жүзеге асыруы мақсатында тоқтата тұру мүмкін болмайтын күдікті операциялар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға олар жасалғаннан кейін үш сағаттан кешіктірмей не мұндай операциялар анықталған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
      Күдікті деп танылған операция жасалғаннан кейін ол туралы хабарды қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға осындай операция күдікті деп танылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарды алып, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде, егер қаржы мониторингі субъектісі ұсынған күдікті операция туралы хабар уәкілетті органның жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған болса, күдікті операцияның жүргізілуін үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
      Уәкілетті орган осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген күдікті операция туралы хабарды алып, егер ақпарат алынған кезде ол әлі жасалмаған болса, мұндай операцияны тоқтата тұруға құқылы.
      Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол күдікті операция туралы хабарды ұсынған қаржы мониторингі субъектісінің және мемлекеттік органның назарына электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізіледі.
      4. Қаржы мониторингінің субъектісі ақпарат хабарланған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде уәкілетті органның күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не осындай операцияны тоқтата тұрудың қажеті жоқтығы туралы шешімін алмаған жағдайда, аталған операцияны жүргізуге кедергі келтіретін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге негіздер болмаса, операция жүргізілуге тиіс.
      5. Уәкілетті орган, осы Заңның 12-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны қоспағанда, күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді, ол уәкілетті органнан күдікті операцияны тоқтата тұру туралы хабарды алған кезден бастап сегіз сағаттың iшiнде ақпаратты құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін жібереді.
      Тиісті құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар ақпарат алған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде тиісті шешім қабылдауға және ол туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      Уәкілетті орган құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті шешімін алған кезден бастап оны үш сағат ішінде қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізеді.
      Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде операцияны жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізеді.
      5-1. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан осы баптың 5-тармағына сәйкес берілген, аталған операция терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп жорамалдауға негіздер бар күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігі туралы шешім алынған жағдайда, уәкілетті орган осындай операцияның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарады.
      Терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп жорамалдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
      Уәкілетті орган банк шоттары бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және осы шешімді берген құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға хабарлайды.
      5-2. Күдікті операцияны тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органның шешімі бойынша операция Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, осындай операцияны жүргізуге кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаған кезде жүргізілуге тиіс.
      6. Осы Заңға сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту, сондай-ақ оларды тоқтата тұру тиiстi шарттардың (мiндеттемелердiң) талаптарын бұзғаны үшiн қаржы мониторингі субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығына негiздер болып табылмайды.
      Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды тоқтата тұру және оларды тоқтатып қою мұндай тоқтата тұру және тоқтатып қою салдарынан туындаған залал, оның ішінде қолдан шығарып алған пайда үшін мемлекеттік органдардың азаматтық-құқықтық немесе өзге де жауаптылығының туындауына негіз болып табылмайды.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған
               кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және
               терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы
               заңнаманың сақталуын бақылау

      Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және оларды жүргізуден бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде орындауын, сондай-ақ ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.06.2014 № 206-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

      15-бап. Уәкілетті органның міндеттері

      Уәкілетті органның міндеттері:
      1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, мемлекеттік органдардың осы қызмет бағытындағы жұмысын үйлестіру;
      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйені құру және республикалық деректер базасын жүргізу;
      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру болып табылады.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Уәкілетті органның функциялары

      Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында уәкілетті орган:
      1) осы Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;
      2) алынған ақпаратты талдауды белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
      4) соттың қылмыстық іске қатысты сұратуы бойынша іс жүргізуіндегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар бойынша қажетті ақпаратты жібереді;
      4-1) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынады;
      5) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп жорамалдауға негіздер болған кезде, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға жіберу үшін өз құзыретіне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдауға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ақпарат береді;
      6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
      7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірыңғайлығын және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      8) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүргізеді;
      9) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытады, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
      10) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделейді;
      11) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізеді;
      12) халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қызметіне белгіленген тәртіппен қатысады;
      13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша осы Заңның мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін айқындайды;
      13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, адвокаттарды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7)12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асырады;
      13-2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, адвокаттарды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7)12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
      13-3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
      13-4) Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;
      14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      17-бап. Уәкілетті органның құқықтары мен міндеттері

      1. Уәкілетті орган:
      1) қаржы мониторингі субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратып алуға;
      2) күдікті операцияның белгілері анықталған жағдайда ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығаруға;
      3) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысуға;
      4) сұрау салу бойынша немесе дербес түрде шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органымен ақпарат, мәліметтер мен құжаттар алмасуға;
      5) мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, қаржы мониторингі саласында сараптама жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды әзірлеу, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелерді құру үшін ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген мамандарды жұмысқа тартуға, оның ішінде шарттық негізде тартуға;
      6) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны туралы хабарламаны тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;
      7) құқық қорғау органдарымен және арнаулы мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты мәліметтер мен ақпарат алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.
      2. Уәкілетті орган:
      1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды қабылдауға;
      2) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      3) қаржы мониторингін жүзеге асыру процесінде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      18-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының
               мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы

      1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
      1) қаржы мониторингін және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру үшін уәкілетті органға қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге;
      2) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын қарауға және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде уәкілетті органға хабарлауға;
      3) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      4) бақылау функцияларын жүзеге асыру процесінде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
      1) дербес анықтаған кезде күдікті операциялар туралы, оның ішінде нарық бағаларынан көпе-көрінеу алшақ бағаларымен тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) экспорты (импорты) бойынша мәмілелер туралы уәкілетті органға хабарлауға;
      1-1) ұйымның немесе жеке тұлғаның терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілгені туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қолдануға;
      1-2) осындай ақпаратты уәкілетті органға ұсына отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысында коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізуге;
      2) дербес анықтаған кезде қаржы мониторингі субъектілерінің осы Заңның нормаларын бұзуы туралы уәкілетті органға хабарлауға;
      3) уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беруге;
      4) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      3. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды жіберуі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының санкциясымен жүзеге асырылады.
      Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген істер мен материалдар бойынша сұрау салуды жібереді.
      Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сауалдарын орындауды уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы республикалық дерекқордағы қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар шегінде, сондай-ақ шет мемлекеттердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдарынан алынған мәліметтер мен ақпарат шегінде жүзеге асырады.
      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органға беріледі.
      4. Күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсыну қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
      5. Уәкілетті органның қаржы мониторингіне жататын операция туралы, оның ішінде күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
      5-1. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттері туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті орган осы Заңда көзделмеген тәртіппен бермейді.
      6. Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы жүзеге асырып, кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, белгіленген мерзімде міндетті түрде уәкілетті органға ұсынады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.06.2014 № 206-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.08.2015 № 343-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      19-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
               (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға
               қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық
               ынтымақтастық

      Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасы уәкілетті органының және өзге де мемлекеттік органдарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және тексеру, сондай-ақ аталған кірістерді тәркілеу саласындағы шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы арасындағы халықаралық ынтымақтастық сауал салу және ақпарат алмасу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
      Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша, олар сұрау салуда көрсетілмеген мақсаттарда пайдаланылмайтын не уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейтін шартпен жүзеге асырылады.
      Шет мемлекеттің құзыретті органдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру, егер олар адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғамаса және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан келтірмесе, жүзеге асырылады.
      3. Уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.
      Уәкілетті орган сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тек қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ғана пайдалануға құқылы.
      Уәкілетті орган шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты құзыретті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер пен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің құзыретті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.
      Уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келісімдер жасасуға құқылы.
      4. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
      1) егер уәкілетті орган сұрау салуда келтірілген ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру қажеттілігінің фактілері мен мән-жайлары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға күдік тудыруға жеткіліксіз деп есептесе;
      2) егер ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу барысына ықпал ететін болса, шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрау салуын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
      Уәкілетті орган бас тартуы туралы негіздерін көрсете отырып, шет мемлекеттің сауал салушы құзыретті органын бас тартуы туралы хабардар етеді.
      Уәкілетті орган шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға жауапты құзыретті органдарына берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды пайдалануға қосымша шарттар мен шектеулер белгілеуге құқылы.
      5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы баптың ережелері халықаралық ынтымақтастыққа қатысты қолданылады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      20-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен
              алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)
              және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл
              туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Ескерту. 20-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      2. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға орай қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға қол жеткізе алатын адамдар, оларды жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
      3. Уәкілетті органның өз функцияларын орындауына байланысты уәкілетті органның немесе оның қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерінен жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізудің тәртібі

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев