Мәдениет туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы.

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мұражай", "мұражайларға", "мұражайлардың" деген сөздер тиісінше "музей", "музейлерге", "музейлердің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірме – педагог, тәлімгер, мәдениет қызметкері немесе шығармашыл қызметкер өткізетін, тұрақты негізде ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған сабақ;

      1-1) баспа өнімі – мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;

      1-2) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      1-3) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      1-4) басылымның міндетті тегін данасы – редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар және осы Заңда айқындалатын мәдениет ұйымдарына өтеусіз негізде берілуге жататын қағаз жеткізгіштегі және (немесе) электрондық нысандағы басылым (мәтіндік, ноталық, картографиялық, бейнелеу басылымы) данасы;

      1-5) көркем құндылықтар – шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;

      2) көтермелеудің салалық жүйесі - саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерін моральдық ынталандыру нысаны;

      2-1) креативті индустриялар – жеке және заңды тұлғалардың креативті қызметінің нәтижелерін жасау, шығару, қайта жаңғырту және жаппай тарату жөніндегі индустриялар;

      2-2) креативті қызмет – шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға байланысты экономикалық қызмет түрлері;

      2-3) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы – Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;

      2-4) Қазақстан Республикасының баспасөз архиві (бұдан әрі – баспасөз архиві) – Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорындағы баспа өнімінің жиынтығы;

      2-5) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсiнiктер мен пайымдардың нысандары, бiлiм мен дағдылар, сондай-ақ оларға байланысты құралдар, заттар;

      2-6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогы – Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;

      3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттік маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы;

      3-1) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы – қазақстандық кітапханалардың, музейлер мен архивтердің қорларын сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның тарихи, ғылыми және мәдени мұрасына пайдаланушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;

      3-2) қоғамдық маңызы бар әдебиет – қоғамның рухани-білім және зияткерлік-мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған өзекті шығармалар;

      3-3) қоюшы (қоюшы режиссер, қоюшы балетмейстер, қоюшы суретші) (бұдан әрі – қоюшы) – дербес көркемдік шешім негізінде театр, цирк немесе өзге де өнер туындыларының қойылымын жүзеге асыратын жеке тұлға;

      3-4) материалдық емес мәдени мұраны қорғау – материалдық емес мәдени мұраның сәйкестендірілуін, құжаттандырылуын, зерттелуін, сақталуын, қорғалуын, кеңінен танылуын, рөлiнің артуын, сондай-ақ жаңғыртылуын қоса алғанда, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар қолдану;

      3-5) Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесі – Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұрасының мәдени құндылықтар тізбесі;

      3-6) мәдени-бұқаралық іс-шара – халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге, оның рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған мәдени іс-шара;

      4) мәдениет – жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мәдени құндылықтар жиынтығы;

      5) мәдениет қызметкері - кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам;

      6) мәдениет саласындағы әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар – халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдар, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi iс-шаралар;

      7) мәдениет саласындағы қызмет – мәдени қызмет субъектілерінің мәдени құндылықтарды жасау, жаңғырту, сақтау, қорғау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының азаматтарын тарту жөніндегі қызметі;

      8) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат - мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға бағытталған, мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар кешені;

      9) мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) мәдениет ұйымдары - қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;

      11) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау - мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;

      12) мәдени құндылықтар – тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар, зайырлы және діни сипаттағы материалдық және материалдық емес құндылықтар;

      12-1) мәдени қызмет субъектілері – мәдениет саласындағы қызметке қатысатын мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар;

      12-2) мәдени іс-шара – мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға байланысты, жеке адамның жарасымды дамуына, әрбір адамның патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шара;

      12-3) мемлекеттік музей қоры (бұдан әрі – музей қоры) – мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар қорындағы және Қазақстан Республикасына тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы;

      13) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс – мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін мәдениет саласында көрсетілетін қызметтер көлемі;

      13-1) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер үшін балалар мен жасөспірімдерге мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі;

      13-2) музей дерекқоры – музей заттары мен музей коллекцияларының мемлекеттік есепке алынуын қамтамасыз ететін, музей жинағына кіретін және Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген әрбір музей заты мен музей коллекциясы туралы мәліметтердің жиынтығы;

      13-3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған орындарда өткізілетін және осы іс-шарада екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін мәдени-бұқаралық іс-шара;

      13-4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге ыңғайластырылған объектілер мен құрылыстар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы жасалмаған өзге де орындар (стадиондар, спорт сарайлары, ипподромдар, демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер);

      13-5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақыт – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап іс-шаралар аяқталғанға және осы орындардан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт;

      13-6) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы – бастамасы бойынша ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;

      13-7) сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер – шақырушы мәдениет ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмайтын шығармашыл қызметкерлер;

      13-8) театрлық қойылым – театр өнерінің драмалық, музыкалық-драмалық немесе әдеби шығармалар негізінде жасалған, көркем ойы мен нақты атауы бар туындысы;

      14) ұлттық мәдени игілік – ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәні бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтар;

      15) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі - тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, ұстау, қалпына келтіру, қорғау және пайдалану жөнінде мемлекет қабылдайтын шаралар;

      16) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) - ел тарихы мен мәдениеті үшін айрықша мәні бар ұлттық - мәдени игіліктің тізбесі;

      16-1) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      16-2) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      16-3) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      16-4) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      16-5) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      16-6) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      16-7) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      17) шығармашыл қызметкер - кәсіби немесе әуесқой шығармашылық қызметі көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған жеке адам;

      18) шығармашылық қызмет - кез келген нысанда және кез келген тәсілмен көркем құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған қызмет;

      18-1) шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру – кіріс алуға бағытталған, жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, шығармашылық қызмет нәтижелерін іс жүзінде қолдануға байланысты қызмет;

      19) шығармашылық одақ - мәдениеттің бір немесе бірнеше жанры кәсіби шығармашыл қызметкерлерінің өздерінің жеке мүшелігі негізінде құрылатын қоғамдық бірлестігі.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.01.2016 № 446-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 395-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 395-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат принциптері

      Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптері:

      1) мәдениетті мемлекеттік қолдау. Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдениет саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;

      3) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4) тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;

      5) қазақтың ұлттық мәдениетінің тұтастығын сақтау және өзара байыту факторларының бірі ретінде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту;

      6) қазақ халқының және этностық диаспоралардың тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту және молайту үшін құқықтық кепілдіктер жасау;

      7) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      9) мәдени қызмет субъектілері арасында бәсекелес ортаны қалыптастыру;

      10) Қазақстан халқы мәдениетінің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету;

      10-1) креативті қызметтен нәтижелер алуға, оның ішінде кіріс алуға тартылған тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдік беру;

      10-2) мәдениетті, шығармашылықты, білімді, ғылымды, өндірісті және даму институттарын интеграциялау;

      11) мәдени құндылықтарды сақтау, қорғау және дамыту үшін қазіргі заманғы инновациялық және ақпараттық технологияларды ендіру болып табылады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері

      Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері:

      1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

      3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

      4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      5) халыққа мәдени қызмет етудің мемлекеттік ең төменгі стандарттарын белгілеу;

      6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

      7) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

      8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдану;

      9) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуіне және әкелуіне, оған меншік иесі құқығының басқаға заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;

      10) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;

      11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;

      12) мәдениет саласында ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қолдау;

      13) Қазақстан халқының ұлттық мәдени игілігі мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ іс-шараларды қолдау болып табылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

5-бап. Мәдениет саласындағы қызметті мемлекеттік басқару

      1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) мәдениет, креативті индустриялар, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      1-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарын бекітеді;

      1-2) креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекітеді;

      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде шешім қабылдайды;

      9) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      10) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      11) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;

      12) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      15) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:

      1) Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасайды;

      1-1) мәдениет саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;

      1-2) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      1-3) мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру тәртібі мен қағидаларын белгілейді;

      2) мәдениет саласында ғылыми бағдарламалар әзірлейді, бекітеді және іске асырады;

      3) өз құзыреті шегінде мәдениет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

      3-1) креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      3-2) шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      3-3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарын әзірлейді;

      3-4) креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін әзірлейді;

      4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      6) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      6-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізеді;

      7) театр, музыка өнерін, кітапхана және музей ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді;

      8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      9) мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      9-1) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      9-2) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді және оны іріктеу өлшемшарттарын белгілейді;

      9-3) алып тасталды – ҚР 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мəдениет саласындағы əлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мəдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді;

      9-5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Респуб ликасындағы жəне шетелдегі мəдениет саласындағы əлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мəдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін əзірлейді жəне бекітеді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын және мемлекеттiк наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды наградтау туралы ұсыныстар енгізеді;

      10-1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді;

      11-1) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      12) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындайды;

      12-1) республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережелерін әзірлейді және бекітеді;

      13) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      15) мемлекеттік мәдениет ұйымдары мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын бекітеді;

      15-1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      15-2) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілейді;

      16) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      17) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастырады;

      17-1) мәдениет саласында ғылыми-зерттеулерді ұйымдастырады;

      18) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асырады және үйлестіреді;

      18-1) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін енгізу туралы өтінімдер жібереді;

      19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      20) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекітеді;

      20-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      20-2) Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қолжетімділікті ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      21) мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады және ол туралы ережені бекітеді;

      21-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      22) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      23) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені бекітеді;

      23-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      23-2) мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекітеді;

      23-3) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      23-4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      23-5) мәдениет саласындағы барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

      23-6) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;

      23-7) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;

      23-8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

      23-9) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      23-10) жеңімпаздарына мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;

      23-11) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;

      24) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      25) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді, меншік нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      26) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

      27) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіреді;

      28) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;

      29) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      30) отандастармен мәдени байланыстардың дамуына жәрдемдеседі;

      31) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      32) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      33) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      34) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      35) алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 170-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      35-1) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiленімдерді тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атаулары ретінде пайдалану үшін келiседi не келiсуден бас тартады;

      35-2) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35-3) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;

      35-4) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;

      35-5) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      35-6) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35-7) мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлейді және оларды жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      35-8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35-9) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35-10) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35-11) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35-12) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35-13) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      35-14) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      36) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 395-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 143-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті

      Ескерту. 8-баптың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;

      3) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

      4-1) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;

      4-2) өңірлік көркемдік кеңестер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;

      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;

      7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;

      8) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      10) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      10-1) уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

      13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;

      14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;

      14-1) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

      14-2) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      14-3) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      14-4) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;

      14-5) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      14-6) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 395-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті

      Ескерту. 9-баптың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:

      1) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;

      1-1) театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;

      2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

      4) алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      6) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      7) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

      9) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;

      10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібі

      1. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      2. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық ішкі істер органдары мен мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.

      3. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құрады, олар осы іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатыстырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

      4. Жеке тұлғалар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күрделендіретін құрылыстарды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын, оның ішінде мiнберлердің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбер астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың орналастырылуы, авариялық жарық берудің және эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде бұзушылықтар, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздік жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ішкі істер органдары не халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган енгізетін ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салады.

      5. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:

      1) жеке тұлғалардың қауіпсіздігі, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде олардағы мүліктің сақталуы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;

      2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындармен шекаралас аумақтың абаттандырылуы бұзылған жағдайда, оны қалпына келтіруді қамтамасыз етуге;

      3) іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей – көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын – сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарға хабар беруге;

      4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда көрермендердің жүріс-тұрыс қағидаларын орналастыруға;

      5) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған мораль мен имандылық нормаларына қайшы келетін контентті пайдаланбауға;

      6) әртістермен жасалған шарттар негізінде ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізгенге дейін және оларды өткізу уақытында көрермендермен қарым-қатынас кезінде олардың тиісті мінез-құлқын, оның ішінде нормативтік емес лексикадан, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынудан көрінуі мүмкін олардың аморалдық, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуін қамтамасыз етуге;

      7) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу уақытында музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға міндетті.

      6. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтiрілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.

      Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР 22.01.2016 № 446-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІ

10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық қызметке құқықтары

      1. Азаматтардың өз қабілеттеріне сай бұл қабілетін жұмсау саласын, іске асыру нысандарын өздігінен таңдау және кәсіби білім алу жолымен шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.

      Шығармашылық қызметпен айналысу кәсіби негізде де, кәсіби емес (әуесқой) негізде де жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Азаматтарды мәдени құндылықтарға баулу құқығы қамтамасыз етіледі. Осы құқықтың шектелуі ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимімен ғана айқындалуы мүмкін.

      3. Кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашыл қызметкерлер зияткерлік меншік, өз еңбегінің нәтижелеріне иелік ету еркіндігі, мемлекеттің қолдауы құқықтары саласында тең құқылы.

      Азаматтардың кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашылық қызметі ұжымдық немесе жеке негізде жүзеге асырылады.

      4. Әрбір азаматтың мәдени құндылықтардың меншік иесі болуға құқығы бар. Жеке меншікті алу, пайдалану және оған иелік ету Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

      5. Әрбір азаматтың өзінің шығармашылық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдерге шығарып, көрмелер ұйымдастыруға немесе өзге де жолдармен ұсынуға және іске асыруға құқығы бар.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-бап. Жеке тұлғалардың мәдениет саласындағы құқықтары мен міндеттері

      1. Жеке тұлғалардың ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін кезде әртүрлі нышанды және жеке-дара пікірін жария білдірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құралдарын пайдалануға құқығы бар.

      2. Жеке тұлғалар:

      1) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      2) мәдени құндылықтарды сақтауға қамқорлық жасауға;

      3) қазақ халқының және этностық топтардың ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді құрметтеуге;

      4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар және мәдениет саласындағы өзге де іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға;

      5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті бұзуға арандататын әрекеттерге жол бермеуге, айналадағыларға қауіп туғызатын құқыққа қарсы акциялар жасамауға міндетті.

      3. Жеке тұлғаларға:

      1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіруге;

      2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта сахналарға, ареналарға, төсеніштерге, оркестр ұраларына, сондай-ақ көрермендер орналасқан орындарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген заттарды лақтыруға;

      3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта шарбақтар мен қоршаулардың, турникеттердің шегінен өз бетімен шығуға;

      4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалануға тыйым салынады.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.01.2016 № 446-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

12-бап. Мемлекеттің азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері

      1. Мемлекет мәдени өмірге қатысу, мәдени құндылықтарға қол жеткізу, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша білім алу құқықтарын қамтамасыз ету жолымен азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарына кепілдік береді.

      2. Мемлекеттік органдар бұқаралық ақпарат құралдарында және мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етеді.

12-1-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

      Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтерінің қолжетімді болуын қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты және мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени, мәдени-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.

      Ескерту. 3-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘСІБИ ЕМЕС
(ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

13-бап. Шығармашыл қызметкердің мәртебесі

      Ескерту. 13-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Шығармашыл қызметкердің және мәдениет қызметкерінің құқықтары мен міндеттері

      1. Шығармашыл қызметкердің:

      1) жария етілуі немесе жоғалуы өзінің шығармашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін ақпаратты қорғауға;

      2) өз қызметіне үшінші тұлғаларды тартуға;

      3) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуға;

      4) шығармашылық және кәсіби мүдделері бойынша қоғамдық бірлестіктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кіруге;

      5) шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін архивтерге, кітапханаларға, музейлерге және басқа да мәдениет ұйымдарына кіруге;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы табыстары үшін көтермеленуге құқығы бар.

      2. Мәдениет қызметкерінің:

      1) кәсіптік, шығармашылық одақтарға және басқа да қоғамдық бірлестіктерге кіруге;

      2) кәсіби қызметін, оның ішінде қайырымдылық көмекті тарту есебінен де жүзеге асыру үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне;

      3) егер мемлекеттік емес мәдениет ұйымының қызметкері болса, мемлекеттік бюджет немесе жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;

      4) мемлекеттік бюджеттің немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайта даярлықтан өтуге;

      5) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақыға және үстемеақыға;

      6) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ, мемлекеттің мәдениет саласындағы міндеттерін шешуге қатысуға;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы табыстары үшін көтермеленуге құқығы бар.

      Мәдениет ұйымы мәдениет қызметкерінің атқарып отырған лауазымы бойынша санатын жоғарылату мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге құқығы бар.

      3. Шығармашыл қызметкер және мәдениет қызметкері өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау

      1. Қызметі зиянды (айрықша зиянды) еңбек жағдайларымен, қатерге бас тігумен және кәсіптік аурулар қаупімен байланысты шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және сақтандыру, сондай-ақ оларды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тағайындалады.

      3. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін қолдау мақсатында тиісті бюджеттер қаражатының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттың есебінен гранттар тағайындай алады.

      4. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары шығармашыл қызметкерлерге, шығармашыл қызметкерлердің ұжымдарына студиялар, шеберханалар, зертханалар және шығармашылық қызметке қажет өзге де жұмыс орындары үшін үй-жайлар беруге ықпал етеді.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-1-бап. Кәсібінің өзіндік ерекшелігі бар мәдениет ұйымдары әртістерін мемлекеттік әлеуметтік қолдау

      1. Мемлекет мәдениет ұйымдарының балет әртістерін балет әртісі лауазымындағы бір жұмыс орнынан соңғы үш жылдағы балет әртісінің орташа айлық жалақысының алпыс пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 109 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік қолдауды жүзеге асырады.

      Ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерден Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген мөлшерде және тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары ұстап қалынады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.

      2. Кемінде жиырма жыл кәсіптік еңбек қызмет өтілі болған кезде, балет әртісі ретінде кәсіптік қызметін тоқтатқан мәдениет ұйымдары балет әртістерінің ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді алуға құқығы бар.

      "Балет әртісі" біліктілігі берілген тиісті хореографиялық білімі бар, лауазымдық міндеттеріне хореографиялық партияларды орындау кіретін және кәсіби ұжымдарда, опера және балет театрларында, музыкалық және музыкалық-драмалық театрлар мен концерттік ұйымдарда штаттық кестеге сәйкес "балет әртісі" лауазымын атқаратын әртіс балет әртісі болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді жүзеге асыру тоқтатылады.

      4. Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды – ҚР 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Шығармашылық одақтар

      1. Мәдениет саласындағы бірлескен күш-жігерді талап ететін шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін ерікті негізде шығармашылық одақтар құрылуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасында республикалық, өңірлік және жергілікті шығармашылық одақтар құрылып, жұмыс істеуі мүмкін.

      3. Қазақстан Республикасы облыстарының тең жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар шығармашылық одақ республикалық деп танылады.

      4. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар шығармашылық одақтар өңірлік деп танылады.

      5. Қызметі бір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана аумағында жүзеге асырылатын шығармашылық одақтар жергілікті шығармашылық одақтар деп танылады.

      5-1. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Шығармашылық одақтардың халықаралық шығармашылық ұйымдармен қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттарымен реттеледі.

      7. Шығармашылық одақтарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелік

      1. Шығармашылық одақтың жарғысында белгіленген талаптарға сай келетін шығармашыл қызметкердің шығармашылық одаққа кіруге құқығы бар.

      2. Шығармашылық одақтың жарғысында кандидаттарға және мүшелерге қойылатын талаптар азаматтардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарына нұқсан келтірмеуге, олардың құрамына тиісті шығармашылық кәсіптердің неғұрлым білікті өкілдерінің бірігуіне, олардың кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал етуге тиіс.

17-1-бап. Шығармашылық бастамаларды қолдау қорлары

      Шығармашылық одақтарды, шығармашылық қызметкерлерін, талантты жастарды қолдау және ілгерілету мақсатында шығармашылық бастамаларды қолдау қорлары құрылуы мүмкін.

      Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар

      Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар азаматтардың, мәдениет ұйымдарының және басқа да заңды тұлғалардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бастамасы бойынша құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

18-1-бап. Мәдениет саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар

      Автор мен орындаушының құқықтарын пайдалануға байланысты мәдениет саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

18-2-бап. Креативті индустриялар саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар

      Автордың және орындаушының құқықтарын пайдалануға байланысты креативті индустриялар саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тарау 18-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ

19-бап. Мәдениет ұйымдары

      1. Мәдениет ұйымдары мәдениет саласындағы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      2. Мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      3. Мәдениет ұйымдары қызметінің түрлерін өз құрылтайшылары айқындайды және олардың жарғыларында көрсетіледі.

      4. Мәдениет ұйымдары мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін.

      Мәдениет саласындағы қызметті халықаралық мәдениет ұйымдары жүзеге асыра алады.

      5. Мәдениет ұйымдарына мыналар жатады:

      театрлар;

      концерттік ұйымдар (филармониялар);

      цирктер;

      кинематографиялық ұйымдар;

      кітапханалар;

      музейлер;

      мәдени-демалыс ұйымдары;

      көркемөнер галереялары (салондар);

      студиялар;

      шеберханалар;

      мәдени-тарихи орталықтар;

      мәдениет саласындағы зерттеу орталықтары (зерттеу институттары);

      реставрациялау орталықтары;

      музей-қорықтар;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы;

      мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да мәдениет ұйымдары.

      6. Мәдениетті дамыту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын мәдениетті дамыту қорлары құрылуы мүмкін.

      7. Мәдениет ұйымдары өздерінің қорларындағы мәдени құндылықтар туралы ақпаратты, сондай-ақ ағымдағы репертуардан алып тасталған театрлық қойылымдардың және (немесе) шығармашылық бағдарламалардың дыбыс-бейне жазбаларын электрондық ақпараттық ресурстарда орналастыру үшін жағдай жасайды.

      8. Мәдениет ұйымдары мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 395-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-1-бап. Көркемдік кеңестер

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары консультативтік-кеңесші органдар – музей-кітапхана ісі, театр-цирк өнері, музыкалық-концерттік қызмет жөнінде өңірлік көркемдік кеңестер құрады.

      Салалық және өңірлік көркемдік кеңестер құрамына мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, мамандар, шығармашылық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

      2. Салалық көркемдік кеңестердің негізгі функциясы мәдениет пен өнердің жоғары көркем туындыларын – бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау мақсатында мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      Өңірлік көркемдік кеңестердің негізгі функциясы мемлекеттік коммуналдық театрлардың, цирктердің, музейлердің, кітапханалардың және концерттік ұйымның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      Өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 5-тарау 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-2-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу

      1. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін уәкілетті орган қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу үшін әдебиетті қабылдап алуды жүзеге асырады.

      2. Уәкілетті органға келіп түскен әдебиет оның көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ сатып алудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеу және ол бойынша қорытынды дайындау үшін уәкілетті орган құратын Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі – Сараптама комиссиясы) қарауына енгізіледі. Сараптама комиссиясы туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында, уәкілетті орган жанынан құрылатын Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) қарауына енгізіледі. Ведомствоаралық комиссия туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу үшін негіз болып табылады.

      5. Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін уәкілетті орган белгілейді.

      Ескерту. 5-тарау 19-2-баппен толықтырылды - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-3-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару

      1. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдер қабылдауды және алдын ала іріктеуді жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында алдын ала іріктеуден өткен әдебиетті уәкілетті орган оның көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ басып шығарудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеу және ол бойынша қорытынды дайындау үшін Сараптама комиссиясының қарауына енгізеді.

      3. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиет ретінде басып шығару жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізіледі.

      4. Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару үшін негіз болып табылады.

      5. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын шарттарда айқындалады.

      Ескерту. 19-3-баппен толықтырылды – ҚР 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-бап. Мәдениет ұйымдары

      Ескерту. 20-бап алып тасталды- ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-1 бап. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау

      1. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау олардың негізгі қызметінің тиімділігін бағалау және материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желілері мен құрылымдарын ретке келтіру үшін жүргізіледі.

      2. Барлық мемлекеттік мәдениет ұйымдары бес жылда бір рет аттестаттауға жатады.

      3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.

      Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-бап. Мәдениет ұйымдарының мәртебесі

      1. Мәдениет саласындағы қызметінің айрықша мемлекеттік және қоғамдық мәні бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берілуі мүмкін.

      "Ұлттық" мәртебені Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.

      2. Өз саласында жетекші болып табылатын мемлекеттік мәдениет ұйымдарына жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға ұлттық мәдениет пен өнерді қалыптастырудағы, дамыту мен насихаттаудағы елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі "Академиялық" мәртебе береді.

      2-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларға беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кітапханаларына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен "Орталық" мәртебесін береді.

      3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары және мемлекет жүз пайыз қатысатын мәдениет ұйымдары иеліктен шығаруға жатпайды.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Театрлар

      1. Театрлар - театрлық қойылымдарды жасауды, көпшілік алдында орындауды және (немесе) көпшілік алдында көрсетуді жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомима, сатира және юмор, балалар мен жасөспірімдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттік және өзгелері).

      1-1. Театр қызметінің негізгі міндеттері театр мәдениетінің өзіндік болмысын, ұлттық сана-сезімді және Қазақстан халқының тілдерін сақтау және дамыту, сондай-ақ, театрлық қойылымдарды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету, театр қызметінде инновациялық жобаларды іске асыру болып табылады.

      2. Театрлар көркемдік бағыттарды, репертуарды таңдауда, театрлық қойылымдарды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету туралы шешімді қабылдауда, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті.

      3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында халықтың театр іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік театрларға бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік субсидиялар бөлінеді.

      4. Театрдың бүкіл қызметіне тікелей басшылықты театр басшысы жүзеге асырады.

      5. Театрлық қойылымды жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілік алдында көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.

      6. Әрбір театрлық қойылымның қоюшы режиссерінің ұсынымдары негізінде мемлекеттік театрдың басшысы қоюшы топты құрады.

      Әрбір театрлық қойылымның қоюшы тобы мемлекеттік театрдың шығармашыл қызметкерлері және (немесе) сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер арасынан қалыптастырылады.

      7. Мемлекеттік театрларда әрбір театрлық қойылымның көпшілік алдында орындауға және (немесе) көпшілік алдында көрсетуге дайын екендігі туралы шешімді театрдың көркемдік кеңесінің ұсынымы бойынша театр басшысы қабылдайды.

      Мемлекеттік театрдың көркемдік кеңесінің құрамын және ол туралы ережені театр басшысы бекітеді.

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

22-1-бап. Цирктер

      1. Эстрадалық-цирк жанрындағы туындылардың сахналық көрсетілімдерін жүзеге асыратын театр-ойын-сауық ұйымдары цирктер болып табылады.

      2. Цирктер көркемдік бағыттарды, репертуарды таңдауда, эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды жасау және сахнада көрсету туралы шешімдерді қабылдауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті болады.

      2-1. Эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды жасау және сахнада көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.

      3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында мемлекеттік цирктерге бюджет қаражатынан халық үшін цирк іс-шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлінеді.

      Ескерту. 5-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-бап. Концерттік ұйымдар

      1. Концерттік ұйымдар - әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары.

      2. Концерттік ұйымдардың негізгі міндеттері музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, көркемдігі жоғары шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлер жасау үшін жағдайларды қамтамасыз ету, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

      3. Концерттік ұйымдар шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлер жүргізуде, репертуар таңдауда дербестікке ие.

      3-1. Шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлерді жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттық негізде сырттан шақырылған шығармашыл қызметкерлер тартылуы мүмкін.

      4. Республика азаматтарын мәдени өмір саласына тарту мақсатында республика халқының барлық жіктерінің концерттік іс-шараларға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер ұсынуға, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік концерттік ұйымдарға мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен субсидиялар бөлінеді.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Кітапхана ісі

      1. Кітапхана ісі - міндеттеріне кітапханалар желісін құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхана мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, кітапханалардың дамуын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету кіретін мәдениет саласы.

      2. Кітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдары, электронды жеткізгіштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мәдениет ұйымы.

      Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжаттардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

      2-1. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу, сыйға тарту және мемлекеттік тапсырыс бойынша басып шығарылған кітаптарды өтеусіз алу арқылы жүзеге асырылады.

      Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу жолымен де қалыптастырылады.

      2-2. Алып тасталды - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасының аумағында әмбебап, салалық, салааралық, жасөспірімдер, балалар кітапханалары, сондай-ақ көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін арнайы кітапханалар құрылуы мүмкін.

      4. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар ақысы міндетті сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

      Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар:

      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;

      2) кемтар азаматтар үшін материалдар дайындауға;

      3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуге және қосымша библиография жасауға;

      4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды реставрациялауға;

      5) көшпелі ақпараттық - көрме іс-шараларын ұйымдастыруға;

      6) білім беру және аудармашылық қызметтерін көрсетуге;

      7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасауға;

      8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсынуға;

      9) құжаттарды электронды жеткізуге, тақырыптық ақпарат іздестіріп, құрастыруға;

      10) экскурсиялық қызмет етуге, фото, бейне түсірілімдер жасауға;

      11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізуге құқығы бар.

      Кітапханалар сирек және құнды басылымдарды беру кезінде салынған кепіл сомасын, кітапхана қорына пайдаланушылар келтірген залал өтемақысының түрлері мен мөлшерін белгілеуге құқылы. Мемлекеттік кітапханалар кітапхана қорына келтірілген залал үшін алынған өтемақы сомаларын тиісті бюджетке аударады.

      5. Кітапхана ісі, сондай-ақ ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде кітапхана қорларын қалыптастырумен, сақтаумен, пайдаланумен байланысты мәселелер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттеледі.

      6. Мүгедек немесе егде жаста болуынан кітапханаларға бара алмайтын кітапхана пайдаланушылар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізуге құқығы бар.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеме нысанында құрылған мәдениет ұйымы болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы:

      1) баспасөз архивін статистикалық есепке алуды және оның сақталуын қамтамасыз етуді;

      2) баспасөз архивіндегі баспа өнімін мерзімсіз сақтауды қамтамасыз етуді;

      3) баспа өнімін библиографиялық өңдеудi;

      4) баспасөз архивінде сақталатын баспа өнімінің электрондық жеткізгіштерге көшірілуін ұйымдастыруды;

      4-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдер қабылдауды және алдын ала іріктеуді;

      4-2) баспа ісін қолдау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды және өткізуді;

      5) жарғыға сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.

      3. Баспасөз архиві басылымның міндетті тегін данасын алу, сондай-ақ өзге де баспа өнімін сыйға тарту, өтеусіз алу арқылы жинақталады.

      4. Баспасөз архиві мемлекеттік меншік болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.

      Ескерту. 5-тарау 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-2-бап. Басылымның міндетті тегін даналары

      Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында қағаз жеткізгіште басылымның міндетті тегін даналарын бірінші басылып шығарылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына, бірінші басылып шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жібереді.

      Ескерту. 5-тарау 24-2-баппен толықтырылды - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-3-бап. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы

      1. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында құрылады.

      2. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының міндеттері:

      Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасына енгізу үшін құжаттарды іріктеу;

      Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының кітапханалар қорларында бар объектілерінің жиынтығын қалыптастыру;

      пайдаланушылардың Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін шарттар негізінде жасалған:

      мерзімді басылымдардың міндетті тегін даналарын қоспағанда, баспа өнімінің;

      жеке алғанда немесе коллекцияда ерекше құндылығы бар (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби) сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың, құжаттар мен басылымдардың;

      мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шығарылған қоғамдық маңызы бар әдебиеттер мен басылымдардың;

      басылымның міндетті тегін даналарының;

      ғылыми-зерттеу жұмыстары есептерінің, авторефераттардың, диссертациялардың;

      өлкетану әдебиеттерінің;

      зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы басылымдардың;

      Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен қорғалатын құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы қорының объектілері болып табылады.

      4. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының қорларына – Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы және бірыңғай электрондық оқырман билеті арқылы, Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен қорғалатын құжаттарға биллинг жүйесі қолданыла отырып қолжетімділікті қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

      Ескертпе. Осы баптың мақсатында биллинг жүйесі деп пайдаланушыларға ұсынылатын қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар ұсынуға арналған жүйе түсініледі.

      Ескерту. 24-3-баппен толықтырылды – ҚР 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

25-бап. Музейлер

      1. Музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, қорғау, сақтап қалу, зерделеу жəне көпшілікке көрсету үшін құрылған, мəдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға жəне Қазақстан Республикасының тарихи-мəдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз етуге арналған мəдениет ұйымдары музейлер болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында әртүрлі бейіндегі музейлер, оның ішінде музей-қорықтар мен жеке коллекциялар музейлері құрылуы мүмкін.

      3. Музей заттары мен музей коллекциялары музей қорының құрамына енгізіледі және Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады.

      Музей қорларын жинақтау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, мемлекеттік музейлерде құрылатын қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиялары шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізуді Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жүзеге асырады.

      Мемлекеттік музейлерден музей заттары мен музей коллекцияларын жеке меншікке беруге тыйым салынады.

      3-1. Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған музей заттарына және музей коллекцияларына сараптаманы Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымдар өтеулі негізде жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын, ақы төлеу міндетті сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге құқылы.

      Мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

      5. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың:

      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;

      2) байланыс операторымен шарт негізінде интернет қызметтерін ұсынуға;

      3) фото және бейне түсірілімдер жасауға;

      4) кәдесый және полиграфиялық өнімдерді өткізуге;

      5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізуге;

      6) музей қоры материалдарын өңдеуге және (немесе) музей заттары және музей коллекциялары, сондай-ақ жеке меншіктегі заттар және коллекциялар туралы ақпараттар мен анықтамалар құрастыруға құқығы бар.

      5-1. Музей қорының құрамына енгізілген музей заттары және музей коллекциялары туралы алғашқы жариялау құқығы осы музей заттары және музей коллекциялары бекітіп берілген музейге тиесілі болады.

      6. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібі мен шарттары және музей ісі саласындағы басқа да қатынастар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен реттеледі.

      7. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын және оны кеңінен танытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік музейлерге, музей-қорықтарға мәдени құндылықтардың сақталуын, қорғалуын, сақталып қалуын, жинақталуын, реставрациялануын, зерделенуін жəне көпшілікке көрсетілуін қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға субсидиялар бөлінеді.

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 143-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-бап. Ауыл мәдениеті

      1. Қазақстан Республикасында ауылдық елді мекендердің мәдениет объектілерімен қамтамасыз етілу нормативі талаптарымен айқындалатын деңгейде ауылдық жерде мәдениетті дамытуда, мемлекеттік мәдениет ұйымдары желісін қалыптастыруда, халыққа эстетикалық білім беру және мәдени қызмет көрсету үшін жағдайлар жасауда басымдық қамтамасыз етіледі.

      2. Ауылдық жерлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдары материалдық-техникалық қамтамасыз етудің басым құқығын пайдаланады.

      3. Ауылдық елді мекендерде тұратын мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары беріледі.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.24 № 111-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

27-бап. Мәдени-демалыс ұйымдары

      1. Мәдени-демалыс ұйымдары – көпшіліктің күнделікті араласу орталықтары (клубтар, мәдениет және демалыс саябақтары, мәдениет үйлері мен сарайлары, халық шығармашылығы орталықтары (үйлері) және басқалар), жеке адамды дамыту, көркемөнерпаз халық шығармашылығы орталықтары.

      2. Мәдени-демалыс ұйымдарының негізгі міндеті халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

      3. Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметі:

      1) халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеуге;

      2) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыруға;

      3) ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға;

      4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеуге, қорытуға, танытуға, оны енгізуге және таратуға;

      5) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттауға;

      6) этномәдени бірлестіктерді қолдауға;

      7) мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған әртүрлi мәдени акцияларды, бастамаларды қолдауға бағытталады.

      4. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдени-демалыс ұйымдарын таратуға, егер мұндай тарату халыққа мәдени қызметтердің ең аз көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін болмаса, оған жол берілмейді.

      5. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында халықтың мәдени-демалыс іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік мәдени-демалыс ұйымдарына бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік субсидиялар бөлінеді.

      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Кинематография

      Ескерту. 28-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-1-бап. Ұлттық фильм

      Ескерту. 28-1-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-2-бап. Фильмге прокаттау куәлігін беру

      Ескерту. 28-2-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-3-бап. Фильмдердің индекстері

      Ескерту. 28-3-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-4-бап. Фильмдерді прокаттау тілі

      Ескерту. 28-4-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-5-бап. Фильмдердің түрлері

      Ескерту. 28-5-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-6-бап. Фильмдердің және киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау

      Ескерту. 28-6-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қызметі

      1. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қызметі, оның ішінде гастрольдік қызмет шарт негізінде жүзеге асырылады.

      2. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар:

      1) іс-шара өткізгенге дейін және өткізу уақытында көрермендермен қарым-қатынас кезінде нормативтік емес лексикадан, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынудан көрінуі мүмкін аморалдық, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуге;

      2) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға;

      3) осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының 5) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.

      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

30-бап. Халық көркем шығармашылығы

      1. Халық көркем шығармашылығы - халық көркем шығармашылығы шеберлерінің шығармашылық қол еңбегі және (немесе) механикаландырылған еңбегі процесінде белгілі бір жерде халық өнері дәстүрлерін ұжымдасып игеру және сабақтастықпен дамыту негізінде жүзеге асырылатын халық шығармашылығы нысандарының бірі, әсемдік мақсаттағы көркем бұйымдар жасау жөніндегі қызмет.

      2. Бұйымдарды халық көркем шығармашылығы бұйымдарына жатқызу халық көркем шығармашылығы жөніндегі көркемдік-сарапшылық кеңестердің қорытындылары негізінде жүзеге асырылады.

      3. Халық көркем шығармашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен қорғалады.

31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті қаржыландыру

      1. Мемлекеттік мәдениет мекемелерін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын, бюджет қаражаты және филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін қаражат және өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет ұйымдарын қаржыландыру қызметтер көрсету, құрылтайшылардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.

      2-1. Шығармашылық одақтарды қаржыландыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ филантроптық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет есебінен жүзеге асырылады.

      2-2. Шығармашылық бастамаларды қолдау қорларын қаржыландыру, мемлекеттік бюджет қаражатын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      3. Мәдениетті дамыту қорлары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік емес қаражаттарды тартуы мүмкін.

      Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2020 № 370-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ИГІЛІК

32-бап. Мәдени құндылықтар

      1. Мәдени құндылықтарға материалдық және материалдық емес құндылықтар жатады.

      2. Материалдық мәдени құндылықтарға:

      1) археологиялық олжалар;

      2) өсімдіктер мен жан-жануарлардың, минералогияның, анатомияның сирек коллекциялары мен үлгілері және палеонтология үшін қызығушылық тудыратын заттар;

      3) ғылым мен техника тарихын, соғыстар мен қоғам тарихын, ұлттық мәдениет тарихын қоса алғанда, тарихқа қатысты, сондай-ақ ұлттық ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің, ойшылдардың, ғалымдардың, ақын-жазушылар мен әртістердің өмірімен және ірі ұлттық оқиғалармен байланысты құндылықтар;

      4) жекелей немесе коллекциялардағы ерекше (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби) қызығушылық тудыратын сирек қолжазбалар, көне және сирек кітаптар, құжаттар және басылымдар;

      5) жекелей немесе коллекциялардағы елу немесе одан көп жыл бұрын шығарылған почта маркалары, салықтық және осы тәрізді маркалар;

      6) қорытпасына немесе дайындалған металына қарамастан, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тиындарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің дайындалғанына жүз жыл болмаған тиындарын қоспағанда, тиындар, медальдар, мөрлер және басқа да коллекциялық материалдар;

      7) көне және бірегей музыкалық аспаптар;

      8) дыбыс, фото, бейне, кино мұрағаттарын қоса алғанда, мұрағаттар, мұрағат қорлары мен коллекциялар, сондай-ақ ғылыми-техникалық құжаттама;

      9) тарихи-мәдени маңызы бар өнер туындылары;

      10) этнографиялық, антропологиялық, этнологиялық және палеонтологиялық материалдар;

      11) айрықша тарихи және мәдени құндылығы бар, жасалғанына жүз жылдан асқан көне заттар;

      12) Қазақстан Республикасы халқының өміріндегі тарихи оқиғалармен, қоғам және мемлекет дамуымен, ғылым мен техника тарихымен, сондай-ақ көрнекті ғылым, мемлекет, мәдениет қайраткерлерінің өмірімен байланысты объектілер, соның ішінде музей заттары және музей коллекциялары;

      13) кез келген негіздегі және кез келген материалдан жасалған қол жұмысының полотнолар, картиналар және суреттер түріндегі көркем құндылықтары (сызбаларды және өнеркәсіп бұйымдарын, қолдан жасалған әшекей заттарды қоспағанда);

      14) мүсін өнерінің кез келген материалдан жасалған соны туындылары;

      15) бірегей гравюралар, эстамптар және литографиялар;

      16) тарих және мәдениет ескерткіштерінің құрамдас бөліктері жатады.

      3. Материалдық емес мәдени құндылықтарға:

      1) материалдық емес мәдени мұраның жеткізгіші ретінде тілді қоса алғанда, пайымның ауызша дәстүрлері мен нысандары;

      2) орындаушылық өнерлер;

      3) салттар;

      4) әдет-ғұрыптар;

      5) мейрамдар;

      6) табиғат пен әлемге жататын білім және салттар;

      7) дәстүрлі кәсіптермен байланысты білім және дағдылар жатады.

      Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-бап. Ұлттық мәдени игілік объектілерін есепке алу және жүйелеу

      1. Мәдени мұраны сақтау мақсатында:

      1) осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген және ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар объектілер Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі;

      2) осы Заңның 32-бабының 3-тармағында көрсетілген және ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар объектілер Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесіне енгізіледі.

      2. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесіне енгізілуге жататын объектілер туралы мәліметтерді уәкілетті органға беруге міндетті. Жаңа объектілер мен заттардың анықталуына қарай қажетті мәліметтері бар ақпарат ұсынылады.

      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

34-бап. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі

      1. Кешенді түрде ерекше көркемдік немесе тарихи мүдделілік туғызатын коллекцияларды немесе заттар жиынын бөлшектеуге болмайды.

      Мемлекеттік тізілімге енгізілген ұлттық-мәдени игілік объектілерін уәкілетті органның әрбір нақты объект бойынша өзі құратын сарапшы комиссиясының ұсынымы негізінде беретін арнайы рұқсатынсыз жоюға, басқа жерге ауыстыруға, өзгертуге, түрлендіруге немесе реставрациялауға жол берілмейді.

      2. Ұлттық-мәдени игілік объектілерін тарихи, көркемдік және діни мақсатына сай емес қандай да бір тұрғыда пайдалануға жол берілмейді. Діни-табыну ұйымдарына тиесілі және ұлттық-мәдени игілік объектілері болып табылатын заттар олардың табынушылық мақсаты ескеріле отырып пайдаланылуы мүмкін.

      3. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілеріне қолданылмайды.

      4. Сәулет ескерткіштерін пайдаланудың басым құқығы мәдениет мекемелеріне тиесілі.

      5. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің жай-күйін тиісінше ұстап тұру және сақтау жөніндегі міндеттер оларды пайдаланушыларға немесе меншік иелеріне жүктеледі. Аталған міндеттің сақталмауы берілген құқықты сот тәртібімен өтемді негізде алып қоюға әкеліп соғады. Меншік иелерінің немесе пайдаланушылардың ұлттық-мәдени игілік объектілерін күтіп-ұстауға материалдық немесе өзге де мүмкіндіктері болмаған кезде, шығыстарды мемлекет өзіне алады.

      Ұлттық-мәдени игілік объектісі меншік иесінің құқықтарын іске асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық-мәдени игілік объектілері сатылған жағдайда, оларды мемлекет иеленуінің басым құқығы көзделіп, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген бақылаумен және тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Мемлекет меншігіндегі ұлттық-мәдени игілік объектілері иеліктен шығаруға жатпайды.

      7. Ұлттық-мәдени игілік объектілері мен заттарын қасақана жойғаны, бұзғаны немесе бүлдіргені үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

      Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

35-бап. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу

      1. Уақытша экспозиция, гастрольдік қызмет, реставрациялау жұмыстары мен ғылыми зерттеулер, таныстырылымдар, көрмелер және халықаралық мәдени іс-шаралар өткізу жағдайларын, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге тыйым салынады.

      2. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкетілген мәдени құндылықтар міндетті түрде қайтарылуға жатады. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген, заңсыз әкетілген және Қазақстанға қайтарылған, сондай-ақ соттың шешімі бойынша тәркіленген мәдени құндылықтар тиісті бейіндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік музейлерге тапсырылуға жатады.

      3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша немесе тұрақты тұруға баратынына қарамастан, автордың немесе құқық белгілейтін құжаттары болған кезде автордан мәдени құндылықты сатып алған адамның өзі жасаған немесе сатып алған мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге құқығы бар.

      4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету қағидалары шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында жасаған объектiлерiне де қолданылады.

      5. Егер бұл іс-әрекеттер мәдени құндылықтарды заңсыз әкетуге және әкелуге ықпал етуі мүмкін болса, мәдени құндылықтар иелерінің аталған құндылықтарды иелену, пайдалану және иелік ету жөніндегі құқықтарын басқа біреуге беруіне жол берілмейді.

      6. Шет мемлекеттердің, шетелдік заңды және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын, мәдени ынтымақтастық мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген мәдени құндылықтар Қазақстан Республикасының қорғауында болады. Оларға Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының күші қолданылады.

      Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

36-бап. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібі мен шарттары

      1. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды уақытша әкетуді заттардың меншік иесі не меншік иесі оған уәкілеттік берілген тұлға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік негізінде жүзеге асыруы мүмкін.

      Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлікті беруден бас тартуға:

      1) әкетілетін мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, олардың қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;

      2) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;

      3) мәдени құндылықтардың осы Заңның 35-бабының 1-тармағында көрсетілген уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.

      2. Заңды тұлғалар мәдени құндылықтарды уақытша әкетуі кезінде олардың әкетілетін заттарға меншік құқығы құжаттамамен расталуы қажет.

      3. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету, сондай-ақ олардың қайтарылуы мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы жүзеге асыратын сараптама негiзiнде жүзеге асырылады.

      4. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Мәдени құндылықтардың елден тысқары жерлерде болу мерзімі алты айдан асуы мүмкін емес.

      6. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

37-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Шығармашылық ұжымдарды, мамандарды, мәдени құндылықтарды және мәдениет саласындағы қызмет нәтижелерін, сондай-ақ мәдениеттің түрлі салаларындағы ұйымдастырушылық қызмет тәжірибесін алмасуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.

38-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ұйымдарға қатысу

      1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес халықаралық коммерциялық емес мәдени бірлестіктердің филиалдары, өкілдіктері құрылуы мүмкін.

      2. Мәдениет ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес және өздерінің құрылтай құжаттарында айқындалатын тәртіппен осы баптың 1-тармағында аталған бірлестіктерге кіруге, сондай-ақ алынатын қайырымдылық көмекке билік етуге құқығы бар.

      Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 № 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

39-бап. Мәдениет саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж. № 22, 406-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті