"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10320 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілген

"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) және "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-1) тармақшасына (бұдан әрі – "Мәдениет туралы" Заң) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) сәйкес көрсетіледі.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) уақытша экспонаттау, гастрольдік қызмет, қалпына келтіру жұмыстары мен ғылыми зерттеулер, тұсаукесерлер, көрмелер және халықаралық мәдени іс-шараларды өткізу мақсатында алты айдан аспайтын мерзімге көрсетіледі.

2-Тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар www.e.gov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталдары (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша осы бұйрықтың 2-қосымшасындағы "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметі стандартының (бұдан әрі – стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметін ұсынудың ерекшеліктері ескерілген өзге мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі стандартта мазмұндалған.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының бірыңғай кедендік тарифінің 21 бөлімінің 97 тобына сәйкес сыртқа шығарылатын тауар туралы ақпаратты көрсетеді.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныстың қабылданғандығы туралы мәртебе жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – жауапты қызметкер) өтінішті тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      7. Стандарттың 8-тармағында қарастырылған ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" "Мәдениет туралы" Заңның 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес құрылған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына мәдени құндылықты ұсыну қажет екендігі жөнінде хабарлайды.

      8. Хабарлағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге затты ұсынады.

      9. Ұсынылған зат түскен күні оның жауапты орындаушысымен сараптама жүргізу үшін комиссияға жолданады.

      10. Комиссия 1 (бір) жұмыс күні ішінде заттың тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәнін, түпнұсқалығын, авторлығын, атауын, жасалу орны мен уақытын, материалын және орындау техникасын, сондай-ақ мөлшерін (салмағын), айрықша ерекшеліктерін, сақталу жағдайын сипаттай отырып, жан-жақты талдау жолымен сараптама жүргізеді.

      11. Сараптама қорытындысы бойынша комиссия Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 135 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8575 нөмірімен тіркелген) Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы туралы үлгі ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша сараптамалық қорытындыны ресімдейді.

      12. Комиссияның оң қорытындысының негізінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәліктің жобасын әзірлейді және бұрыштама (қол) қоюға енгізеді.

      Комиссияның теріс қорытындысы болған жағдайда, жауапты орындаушы белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауаптың жобасын әзірлейді.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасына түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасымен ЭЦҚ арқылы бұрыштамасы (қолы) қойылып, портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер стандарттың 9-тармағында көрсетілген.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді..

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      15. Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу автоматты режимде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның, немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.

      17. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның, атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      19. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

  "Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету құқығына куәлік
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызметін көрсетудің
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
қалаларының жергілікті
атқарушы органы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) немесе заңды
тұлғаның атауы)

ӨТІНІШ

      Келесі мәдени құндылықтарды

      1) ______________________________________________________________

      2) _______________________________________________________________

      (атауы, сипаттама, саны)

      уақытша әкету құқығына куәлік беруді сұраймыз.

      Әкету мақсаты: __________________________________________________

      (орналасқан жері және елдің атауы)

      3) _____________________________________________ __________________

      (сипаты, тауар коды ЕАЭС СЭҚ ТН *21 бөлімінің 97 тобы)

      4) _______________________________________________________________

      (ЕАЭС СЭҚ ТН *қолданылатын өлшем бірліктері)

      5) _______________________________________________________________

      (саны)

      Көрсетілетін қызметті алушының деректері:

      _______________________________________________________________

      (туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,

      _________________________________________________________________

      берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары, жеке немесе заңды тұлға туралы

      деректемелер)

      ____________________________________________________________________

      "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы _________ Күні ___________

      * Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі

  "Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету құқығына куәлік
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызметін көрсетудің
қағидаларына
2-қосымша

"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" көрсетілетін мемлекеттік қызметінің стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың әдістері

www.elіcense.kz, www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталдары.

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің мерзімі

Көрсету мерзімі – 5(бес) жұмыс күні;
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі кезінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту – 2 (екі) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

6.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақытыа яқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесіжұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің мекенжайлары мен орындары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

8.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) уақытша әкетілейін деп жатқан мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттың немесе мәдени құндылықтың меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) заттардың орналасу мақсаты мен шарттары туралы келісімшарттың электрондық көшірмесі (шет тіліндегі келісімшартқа қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармалары қоса беріледі);
4) сараптамаға жататын заттың беттік және сыртқы жақтары көрсетілген электрондық түрлі-түсті фотосуреттері (2 дана);
5) заңды тұлғалар үшін – сұрау салуға қоса тіркелетін, уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір адамға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысы бұйрығының электрондық көшірмесін.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) куәлік алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) комиссияның теріс сараптама қорытындысы;
3) әкетілетін мәдени құндылықтардың, оларды қалпына келтіру мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, қанағаттанарлықсыз физикалықжай-күйі;
4) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;
5) "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін, ескерілген өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда, электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы алыстан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы "1414" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету құқығына куәлік
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызметін көрсетудің
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
қалаларының жергілікті
атқарушы органы)

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына КУӘЛІК

      қаласы ______ № "___"_______ 20___ ж.

      1. Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

      2. Көрсетілетін қызметті алушының деректері: _________________________

      (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,

      _________________________________________________________________

      оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)

      _________________________________________________________________

      3. Көрсетілетін қызметті алушының қызметі ___________________________

      4. тауар коды ЕАЭС СЭҚ ТН*_______________________________________

      5. ЕАЭС СЭҚ ТН*қолданылатын өлшем бірліктері _____________________

      6. Саны__________________________________________________________

      7. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының

      қорытындысы (облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың

      жергілікті атқарушы органы)

      _____________________________________ № ______ 20______ ж. "_____"__________

      _________________________________________________________________

      (мәдени құндылықтың атауы)

      _________________________________________________________________

      _______________________________________________________________ мақсатында

      _________________________________________________________________

      (орналасқан жері және елдің атауы)

      _________________________________________________________________

      20____ ж. "___"_____________ 20__ж. "___"______________ мерзіміне

      Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат беріледі.

      Уәкілетті тұлға _________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты және қызметі)

      Мөр үшін орны Қазақстан Республикасы

      (заңды тұлға үшін) кеден органдарының белгісі

      * Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің Шешімімен бекітілген Еуразиялық

      экономикалық одақтың сыртқы экономикалық тауар номенклатурасы.