Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 201 Заңы

Қолданыстағы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж. N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар):

      1) 88-бапта:
      үшiншi бөлiктiң сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - алпыс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 88-1-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi" деген сөздер "отыз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 205-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "алтыға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жиырмадан елуге дейiнгi" деген сөздер "отыз бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "бестен онға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "сегiз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "қырықтан жүзге дейiнгi" деген сөздер "жетпiс айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацында "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi" деген сөздер "он бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "отыздан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "елуден жүзге дейiнгi" деген сөздер "жетпiс бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "алпыстан жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "тоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жүзден екi жүзге дейiнгi" деген сөздер "бiр жүз елу айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 205-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "205-1-бап. Арнаулы салық режимiн қолданған кезде қызметтi
                  заңсыз жүзеге асыру

      1. Арнаулы салық режимiн қолданған кезде қызметтi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -
      жеке тұлғаларға - сегiз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Дара кәсiпкердiң кезектi патент алуға өтiнiш беру мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiнгi мерзiмге бұзуы -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Дара кәсiпкердiң кезектi патент алуға өтiнiш беру мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен астам мерзiмге бұзуы -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Патент негiзiнде арнаулы салық режимi қолданылған жағдайда дара кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы өтiнiштiң қолданысы кезеңiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы, -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 206-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "қырық бec" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "алпыстан сексенге дейiнгi" деген сөздер "жетпiс айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "сексеннен жүзге дейiнгi" деген сөздер "тоқсан айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен қырыққа дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "екi жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екi жүзден бес жүзге дейiнгi" деген сөздер "үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "екi жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бес жүзден бiр мыңға дейiнгi" деген сөздер "жетi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 208-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан қырыққа дейiнгi" деген сөздер "жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi" деген сөздер "отыз бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 209-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "елу" деген сөз "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 213-баптың тақырыбы және бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "213-бап. Акцизделетiн тауарларды және мұнай өнiмдерiн әкелу,
                тасымалдау, өндiру, декларациялау, сақтау мен өткiзу
                ережелерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерiне iлеспе
                жүкқұжаттарын ресiмдеу ережелерiн бұзу

      1. Акцизделетiн тауарларды және мұнай өнiмдерiн әкелу, тасымалдау, өндiру, декларациялау, сақтау мен өткiзу ережелерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерiне iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу ережелерiн бұзу, -";

      9) 215-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi" деген сөздер "он бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi" деген сөздер "сегiз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан қырыққа дейiнгi" деген сөздер "жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 216-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң оныншы абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi" деген сөздер "отыз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi" деген сөздер "алпыс айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 218-баптың екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi" деген сөздер "отыз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 219-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "сегiз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "оннан жиырмаға дейiнгi" деген сөздер "он бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "он бec" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жиырмадан қырыққа дейiнгi" деген сөздер "отыз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан елуге дейiнгi" деген сөздер "қырық бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi" деген сөздер "алпыс айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 358-бапта:
      бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктердiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi" деген сөздер "отыз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi" деген сөздер "алпыс айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 358-1-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "- сегiз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "- қырықтан елуге дейiнгi" деген сөздер "қырық бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктiң екiншi абзацында:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздер "- он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "- қырықтан елуге дейiнгi" деген сөздер "қырық бес айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 360-бапта:
      бiрiншi және екiншi бөлiктердiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi" деген сөздер "отыз айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi" деген сөздер "жетпiс айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 570-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "Салық органдары" деген сөздер "Салық қызметi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "205-1, 206, 207, 208-1, 209-212" деген цифрлар "205-212" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктегi "Салық қызметiнiң" деген сөздер "Салық қызметi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының жиырма жетiншi абзацындағы "салық органдарының" деген сөздер "салық қызметi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат;  N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар, N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар):

      1) 10-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша "ескере отырып);" деген сөздерден кейiн "вексель бойынша төлемдер;" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "22-2) негiзгi құралдар - өндiрiсте пайдалануға, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) беруге, жалға беруге және (немесе) әкiмшiлiк мақсаттарға арналған, қызмет ету мерзiмi бiр жылдан астам материалдық активтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында және халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарында айқындалған инвестициялық жылжымайтын мүлiк;";

      2) 11-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Салық төлеушi салық заңнамасында реттелетiн қатынастарға уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен қатысуға құқылы.";

      3) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Салық агентi салық заңнамасында реттелетiн қатынастарға уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен қатысуға құқылы.";

      4) 16-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақша "құжаттар берудi" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ резидент салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде орналасқан еншiлес компанияларының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, оның шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) мыналарға:
      салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерiлетiн салық төлеушiге - заңды тұлға мен дара кәсiпкерге;
      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен әрекетсiз заңды тұлғаға;
      заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат ретiнде тiркелген тұлғаға және оның зайыбына (жұбайына) қатысты коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтер алуға;";

      12) тармақшадағы "4) тармақшасында" деген сөздер "1), 2) және 4) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде жүктелген мiндеттердi iске асыруды уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асыруға құқылы.";

      5) 21-баптың 4-тармағы "(облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 29-баптың 4-тармағындағы "акцептiң алған күннен бастап" деген сөздер "акцептiн алған күннен бастап немесе салық төлеушi төлемдi банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 31-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Салық төлеушiнiң салық мiндеттемесiн орындау қажеттiгi туралы салық қызметi органының салық төлеушiге қағазға түсiрiлген немесе оның жазбаша келiсiмiмен электрондық тәсiлмен жiберген хабары хабарлама деп танылады.";

      2-тармақтың 9) тармақшасындағы "кешiктiрмей жiберiледi." деген сөз "кешiктiрiлмей;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және орналасқан (тұрғылықты) жерi өзгерген күннен бастап мұндай өзгерiстер туралы жиырма жұмыс күнi iшiнде салық органын хабардар етпеген тұлғаны есептен шығару туралы - қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жiберiледi.";

      4-тармақтағы "Хабарлама" деген сөз "Осы баптың 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетiлген, жiберу фактiсi сол бойынша расталатын хабарламаны қоспағанда, хабарлама" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-1-тармақта:
      "хабарлама тапсырылған" деген сөздер "(өзi) хабарлама тапсырылған (алған)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 32-баптың 2-тармағында:
      "хабарлама тапсырылған" деген сөздерден кейiн "(салық төлеушi хабарлама алған)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 34-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Таратудың салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу осындай салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
      Салық есептiлiгiнде (тарату есептiлiгiн қоспағанда) көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын жағдайда, мұндай төлем таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегi аталған заңды тұлғаның ақшасы, оның iшiнде оның мүлкiн сатудан алынған ақша есебiнен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен өтеледi. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiнiң салық берешегі де өтеледі.";

      10) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
      "1-3. Салық төлеушi осы Кодекстiң 100-бабының 4-тармағын және 144-бабының 25-1) тармақшасын қолданған жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгiленген талап қою мерзiмi корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығын есептеу және (немесе) қайта қарау бөлiгiнде жеке тұлғаның мiндеттемелердi орындауы бойынша осы Кодекстiң 100-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында белгiленген мерзiмнен бес жылға дейiн ұзартылады.";

      11) 6-тараудың тақырыбында "салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң" деген сөздер "салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен есеп
               айырысу кезiнде салық төлеушiнiң артық төлеген салық,
               төлемақы, өсiмпұл сомаларын есепке жатқызу

      1. Өткен салық кезеңдерiндегi салықтың, төлемақының, өсiмпұлдың осы түрi бойынша мiндеттемелер ескерiле отырып, салықтың, төлемақының, өсiмпұлдың салық кезеңiнде бюджетке төленген және төлеуге есептелген сомалары арасындағы айырма артық төленген салық, төлемақы, өсiмпұл сомасы болып танылады.
      Осы Кодекстiң 198-1-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушiге қайтарылуға тиiс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып танылады.
      2. Осы тараудың мақсаттары үшiн жер учаскелерiн пайдаланғаны, жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергенi үшiн төлемақылар төлемақы деп танылады.
      3. Бюджетке артық төленген салық және төлемақы сомасы салық берешегiн өтеу есебiне:
      1) салық төлеушiнiң өтiнiшiнсiз салықтың және төлемақының осы түрi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      2) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мынадай тәртiппен:
      салықтың және (немесе) төлемақының басқа да түрлерi бойынша бересiнi, өсiмпұл мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне мiндеттi есепке жатқызылуға тиiс.
      4. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендiгi туралы кеден органының растамасымен қоса, өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегiн өтеу есебiне мынадай тәртiппен:
      салықтың басқа да түрлерi бойынша бересiнi, өсiмпұл мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      салықтың басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылуға тиiс.
      5. Бюджетке артық төленген өсiмпұл сомасы:
      1) салық төлеушiнiң өтiнiшiнсiз салықтың және төлемақының осы түрi бойынша бересi мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      2) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мынадай тәртiппен:
      салықтың және (немесе) төлемақының басқа түрлерi бойынша бересiнi, өсiмпұл мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
      салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылуға тиiс.
      6. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, артық төленген салық, төлемақы, өсiмпұл сомасын есепке жатқызуды бюджетке салық, төлемақы, өсiмпұл төлейтiн жердегi салық органы осы бапта белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      7. Осы баптың 3 және 5-тармақтарында белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда, есепке жатқызу мерзiмi бұзылған әр күн үшiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi.
      8. Бюджетке артық төленген салық, төлемақы, өсiмпұл сомасы басқа салық төлеушiнiң салық мiндеттемесi бойынша берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызылмауға тиiс.".

      13) 40-бапта:
      тақырыбы "салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң" деген сөздер "салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ "Салықтың" деген сөзден кейiн "төлемақының, өсiмпұлдың" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ "салықтың" деген сөзден кейiн "төлемақының, өсiмпұлдың" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзген кезде кеден органдары алатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдың артық төленген сомасын қайтару, бюджетке кедендiк төлемдердiң, салықтардың және өсiмпұлдың артық төленген сомасының бар екендiгi туралы кеден органының растамасымен қоса, қайтару туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төленген жерi бойынша жүргiзiледi.";

      4-тармақ "төлемдердiң" деген сөзден кейiн ", өсiмпұлдың" деген сөзбен толықтырылсын;

      14) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-бап. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн
                орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi

      Салық төлеушiнiң белгiленген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындау:
      1) төленбеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасына өсiмпұл есептеу;
      2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
      3) салық төлеушiнiң салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етуiн шектеу тәсiлдерiмен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
      Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз етудiң осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген тәсiлдерi салық төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабында белгiленген мерзiмдерде хабарлама жiберген кезде қолданылады.
      Салық төлеушiнiң нақты мекенжайы (тұрғылықты жерi) бойынша болмауына байланысты почта немесе өзге де байланыс ұйымы жiберiлген хабарламаны қайтарған жағдайда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз етудiң осы баптың 2) тармақшасында көрсетiлген тәсiлi салық төлеушiнiң нақты мекенжайы (тұрғылықты жерi) бойынша болмауы туралы салық қызметi органдары жасаған актiнiң және салық төлеушiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерiн анықтау мүмкiн еместiгi туралы тиiстi құқық қорғау органдары жауабының негiзiнде бес жұмыс күнi iшiнде қолданылады.
      Салық төлеушiнiң нақты мекенжайы (тұрғылықты жерi) бойынша болмауы туралы акт почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушiнiң нақты мекенжайы (тұрғылықты жерi) бойынша болмауына байланысты жiберiлген хабарламаны қайтарған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалады.";

      15) 47-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы "бермеген жағдайларда жүргiзiледi." деген сөздер "бермеген;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) осы Кодекстiң 45-бабында көзделген құжаттармен расталған салық төлеушiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда жүргiзiледi.";

      16) 51-баптың 1-тармағы "өндiрiп алу" деген сөздерден кейiн "банк шоты болмаған немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 52-баптың 1-2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18) 58-баптың 2) тармақшасындағы ", бөлiну және қайта құрылу" деген сөздер "және бөлiну" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 61-бапта:
      1-тармақ "тiркегенi" деген сөзден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-1-тармақ "кепiлiн" деген сөзден кейiн "және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтағы "Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi" деген сөздер "Көлiк құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6, 6-1 және 7-тармақтар алып тасталсын;

      20) 68-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Шаруа (фермер) қожалықтарына және қызметтiң жекелеген түрлерiне арнаулы салық режимдерiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, қызметтерiн уақытша тоқтата тұрған жағдайда дара кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша алдағы кезеңге қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы өтiнiш бередi. Қызмет өтiнiште көрсетiлген, бiрақ он екi айдан аспайтын мерзiмге уақытша тоқтатылуға жатады.
      Салық төлеушi қызметтi уақытша тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңiнiң аяқталу күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қызметтi уақытша тоқтату туралы кезектi өтiнiш беруге құқылы.
      Салық органдары қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметтi уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарламаны өтiнiш берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жiбередi. Салық берешегiнiң болуы немесе осы Кодекстiң 69-бабының 7-2-тармағына сәйкес салық есептiлiгiн табыс етпеу қызметтi уақытша тоқтата тұрудан бас тартуға әкеп соғады.
      Қызметтi уақытша тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда салық төлеушi осы Кодексте белгiленген тәртiппен өзiнiң салық мiндеттемелерiн орындайды.
      Қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы немесе қызметтi уақытша тоқтата тұрудан бас тарту туралы хабарлама салық төлеушiнiң (өкiлiнiң) өзiне қол қойғызу арқылы немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
      Салық төлеушi қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы хабарламаны алған жағдайда қызметтi уақытша тоқтата тұру туралы өтiнiште көрсетiлген күннен бастап қызметi уақытша тоқтатыла тұрған деп есептеледi.
      Қызметтi уақытша тоқтата тұру қызметтi қайта бастаған күнге дейiн алдағы салық кезеңдерi үшiн салық есептiлiгiн тапсырмау үшiн негiз болып табылады.";

      21) 69-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қағазға түсiрiлген салық есептiлiгiне салық төлеушi, салық агентi (басшы және бас бухгалтер) не оның уәкiлеттi өкiлi қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушiнiң, салық агентiнiң не оның уәкiлеттi өкiлiнiң мөрiмен расталуға тиiс. Салық есептiлiгi электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуға тиiс.";

      7-тармақта:
      екiншi бөлiк "бөлек салық" деген сөздерден кейiн "(тарату)" деген сөзбен толықтырылсын;

      үшiншi бөлiктегi "Осы тармақта көрсетiлген есептiлiк" деген сөздер "Таратудың салық есептiлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Табыс ету мерзiмi таратудың салық есептiлiгiн табыс ету күнi басталмайтын салық есептiлiгi (тарату есептiлiгiн қоспағанда) осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмге дейiн табыс етiледi.";

      мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
      "7-2. Осы Кодекстiң 68-бабының 5-тармағында көрсетiлген жағдайда қызмет уақытша тоқтатылған кезде салық кезеңi басталғаннан қызмет тоқтатылатын күнге дейiн салық есептiлiгi жасалады. Осы тармақта көрсетiлген есептiлiк қызметтi уақытша тоқтату туралы өтiнiшпен бiр уақытта табыс етiледi.
      Қызметтi уақытша тоқтату туралы кезектi өтiнiш қызметтi уақытша тоқтатудың ағымдағы кезеңiнiң аяқталу күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тапсырылған жағдайда осы тармақта көзделген салық есептiлiгi табыс етiлмейдi.";

      22) 70-баптың 1-тармағы:
      "жазбаша" деген сөзден кейiн "(электрондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      "орган салық декларациясын" деген сөздерден кейiн "және (немесе) салық төлеушiлер табыс ететiн, электрондық мониторингке жататын құжаттаманы" деген сөздермен толықтырылсын;

      23) 71-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық декларациясына, есеп-қисабына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге осы Кодексте көзделген талап қою мерзiмi iшiнде жол берiледi.
      Аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге осы Кодекстiң 126-бабында көзделген тәртiппен рұқсат етiледi.";

      2 және 4-тармақтар "Салық төлеушiнiң", "салық төлеушi" деген сөздерден кейiн ", салық агентiнiң", ", салық агентi" деген сөздермен толықтырылсын;

      24) мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:

      "73-1-бап. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде салық салу
                 объектiлерiн түзету

      Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу мәселелерiн реттейтiн заңнамасына сәйкес салық төлеушi мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактiсiн дербес анықтаған кезде салық төлеушi салық салу объектiлерiн және салық мiндеттемелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түзетуге құқылы.";

      25) 74-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацында "мүлiктi беру" деген сөзден кейiн "," белгiсi қойылсын;

      үшiншi бөлiкте "Iшкi лизинг кезiнде лизинг алушының, сондай-ақ халықаралық лизинг кезiнде лизинг алушының немесе қосалқы лизинг" деген сөздер "Лизинг" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Салық салу мақсатында мұндай мәмiле лизинг алушының негiзгi құралдарды сатып алуы ретiнде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы - негiзгi құралдардың иесi ретiнде, ал лизингтiк төлемдер лизинг алушыға берiлген кредит бойынша төлем ретiнде қаралады.";

      26) 80-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарын, сондай-ақ басқа да шығыстарын түзетуден түсетiн табыстар;";

      15-1) тармақша алып тасталсын;

      27) 82-баптың 2-тармағында:
      бiрiншi бөлiкте "баланстық" деген сөз "бастапқы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екіншi бөлiк алып тасталсын;

      28) 86-бап "табыстары" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ борышты талап ету құқығын беретiн салық төлеушiнiң борышты талап ету құқығын өткiзу құны мен талап ету құқығын беретiн тұлғаның бухгалтерлiк есебiнде көрсетiлген талап ету сомасының арасындағы оң айырма түрiнде айқындалатын, талап ету құқығын өткiзу күнiндегі табыстары" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 89-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы "мемлекеттiк" деген сөздiң алдынан "мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен алынған субсидияларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтағы ", сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiп пен нысанда өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарын кiрiстiң пайда болуы туралы мiндеттi түрде хабардар етедi" деген сөздер алып тасталсын;

      30) мынадай мазмұндағы 90-1-баппен толықтырылсын:

      "90-1-бап. Табыстардың әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану
                 кезiнде алынған шығыстардан асып түсуi

      1. Табыстардың әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынуға тиiс (алынған) шығыстардан асып түсуi салық төлеушiнiң жиынтық жылдық табысына қосылады.
      2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн, салық төлеушi мынадай қызмет түрлерiн:
      1) медициналық қызметтi;
      2) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы бiлiм беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру; қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру саласындағы қызметтi;
      3) ғылым, дене тәрбиесi және спорт, мәдениет, тарихи-мәдени мұраны, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнiнде қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызметтi;
      4) қызметкерлердi қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi;
      5) қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардың қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiнiң демалысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер, сондай-ақ тұрғын үй қорының пайдалану объектiлерi әлеуметтiк сала объектiлерiне жатады.
      Осы баптың мақсаттары үшiн табыстар мен шығыстар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп деректерiнiң негiзiнде айқындалады.";

      31) 91-бапта:
      1-тармақтың 1-1) тармақшасындағы "дивидендтер," деген сөз алып тасталсын;

      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте "Активтердi" деген сөз "Тауар-материалдық қорларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiкте:
      "Активтердi" деген сөз "Тауар-материалдық қорларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "салық органына жазбаша хабарлап," деген сөздер алып тасталсын;

      32) 94-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) вексель бойынша төлемдер;";

      33) 96-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған талаптар шегерiмге жатады.
      Салық төлеушiнiң күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы талаптың пайда болуын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ шегерiмге жатқызған кезде олар бухгалтерлiк есепте көрсетiлген не алдыңғы кезеңдерде бухгалтерлiк есептерде шығыстарға жатқызылған жағдайда жүргiзiледі.";

      34) 100-бапта:
      4-тармақтағы "оқыту төлемiне" деген сөздер "оқытуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Осы баптың мақсаттарында оқытуға арналған шығыстар:
      1) оқытуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстарды;
      2) оқитын адамның тұруына және тамақтануына Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген норма шегiндегi шығыстарды;
      3) оқуға түскен кезде оқитын жерге және оқыту аяқталғаннан кейiн керi қарай жол жүруге нақты жұмсалған шығыстарды қамтиды.";

      35) 101-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi бөлiкте:
      "бағалау және абаттандыру кезеңiнде" деген сөздер "бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", сондай-ақ" деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жеке топ құрылғаннан кейiн және коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн жұмсалған мұндай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.";

      36) 104-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) сот жалған кәсiпорын деп таныған салық төлеушiмен қылмыстық қызметтiң сот белгiлеген басталу кезiнен бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;
      1-2) Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарылған әрекетсiз заңды тұлғамен осындай шығарылған кезден бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар бойынша мемлекеттiк бюджетке енгiзуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдарды қоспағанда, мемлекеттiк бюджетке енгiзуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдар;";

      37) 107-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) Қазақстан Республикасының шама бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталондары;";

      38) 113-баптың 2-тармағы "(бөлшектерiн)" деген сөзден кейiн "және құрамдас бөлiктерiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      39) 115-баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң 9) тармақшасындағы "төлемдерi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының салық салу объектiсi болып табылмайды." деген сөздер "төлемдерi;" деген сөзбен ауыстырылып, бөлiк мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) эмитент меншiктi акцияларын орналастырған кезде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып түсуi және эмитент меншiктi акцияларын өткiзген кездегi құн өсiмi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының салық салу объектiсi болып табылмайды.";

      40) 121-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "тарихи және мәдени" деген сөздер "тарихи-мәдени" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41) 122-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) шығыстардың әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстардан асып түскен сомалары шегiнде әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауға салық төлеушiнiң нақты жұмсаған шығыстары;";

      42) 126-бапта:
      7-тармақтағы "құрылған күннен" деген сөздер "мемлекеттiк тiркелген күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Осы баптың ережелерi осы Кодекстiң 120-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетiн және жалпы белгiленген тәртiппен салық салынуға жататын табысы жоқ заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 1 және 2-тармақтарында белгiленген шарттарға сәйкес келетiн заңды тұлғаларға қолданылмайды.";

      43) 127-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан жерi бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеудi тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.";

      44) мынадай мазмұндағы 130-1-баппен толықтырылсын:

      "130-1-бап. Резиденттердiң халықаралық шарттарды шет
                  мемлекеттерде қолдану тәртiбi

      1. Резидент Қазақстан Республикасы табысқа немесе мүлiкке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт (осы бапты қолдану мақсатында бұдан әрi - халықаралық шарт) жасасқан шет мемлекеттегi көзден табыс алған жағдайда, тиiстi халықаралық шарт талаптарын орындаған кезде резидент шет мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босатуға немесе iшiнара салық салуға мүмкiндiк алу мақсатында көрсетiлген мемлекетте халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқылы.
      2. Халықаралық шарт ережелерi резиденттерге осы Кодекстiң 193-бабында белгiленген шарттар орындалған кезде қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасының резиденттiгiн растау қажет болған жағдайда, резидент уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша, тәртiппен және мерзiмде салық органына салық резиденттiгiн растау құжатын алуға өтiнiш бередi.";

      45) 131-баптың 1-1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) орналастырылған зейнетақы активтерi бойынша - жинақтаушы зейнетақы қорларына, орналастырылған активтер бойынша өмiрдi сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлiк инвестициялық қорларға және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн инвестициялық табыстар;";

      4) тармақшадағы "дивидендтер," деген сөз алып тасталсын;

      46) 133-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "133-бап. Төлем көзiнен салықты аудару тәртiбi

      1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, төлем көзiнен ұсталған салық сомаларын аударуға мiндеттi.
      2. Төлем көзiнен ұсталған салықтардың сомаларын аудару салық агентi орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуды тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк орналасқан жер бойынша жүргiзедi.";

      47) 134-баптағы "15-iнен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      48) 139-бапта:
      2-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жаңадан құрылған салық төлеушiлер тiркелген активтердi пайдалануға берген кезден бастап берiледi.";

      6-тармақтағы "келiсiм-шарт жасалған күнтiзбелiк жыл" деген сөздер "инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген кезге дейiн күнтiзбелiк он екi ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      49) 140-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде аталған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi), сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға арналған әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi, осындай объектiлер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткiзу жөнiндегi айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тараудың мақсаттары үшiн әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлерге кеңсе, өнеркәсiп ғимараттары мен қоймалар жатады.
      Осы тармақта көзделген жеңiлдiктер арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында қосылған құн салығын дербес төлеушi ретiнде тiркелген заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелерiне, дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
      Егер салық төлеушi осы тармақта көрсетiлген айналымдармен қатар өткiзу жөнiндегi басқа да айналымдарды жүзеге асырса, онда ол осы тармақта көрсетiлген айналымдар бойынша және басқа айналымдар бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.";

      50) 144-бапта:
      26) тармақша "қызметкерлерді" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасында тұратын (келген) жерiнен" деген сөздермен толықтырылсын;

      30) тармақшада:
      "заңдарда белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтiн зейнетақы жинақтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:
      "41) мiндеттi зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде уақтылы ұстамағаны (есептемегенi) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына аудармағаны үшiн есептелген өсiмпұл сомалары.";

      51) 153-бапта:
      2-тармақтағы "ұлғаю нәтижесiмен" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      52) 153-1-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Салық агентi күнтiзбелiк жыл iшiнде осы бапта және осы Кодекстiң 153-бабында белгiленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртiптерiнiң бiреуiн ғана қолдануға құқылы.
      Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудiң таңдап алынған тәртiбi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгермейтiн болуға тиiс.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      53) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "154-бап. Бiржолғы төлемдерден түскен табыс

      Бiржолғы төлемдерден түскен табысқа, мыналарды:
      1) дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустар мен адвокаттарға өздерiнiң қызметiне байланысты табыстар бойынша төлемдердi, сондай-ақ жеке тұлғаларға бiржолғы талон негiзiнде арнайы салық режимiн пайдалана отырып, қызметiн жүзеге асыруға байланысты табыстар бойынша төлемдердi;
      2) жеке тұлғалардан мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымайтын мүлiк, механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi сатып алғаны үшiн оларға төленетiн төлемдердi қоспағанда, салық төлеушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерiмен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленетiн басқа да бiржолғы төлемдер жатады.";

      54) 163-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жеке кәсiпкердiң осы Кодекстiң 169-бабына сәйкес айқындалатын табысы;";

      55) 25-тараудың 3-параграфының тақырыбындағы "салық салынатын" деген сөз алып тасталсын;

      56) 169-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "169-бап. Дара кәсiпкердiң табысы

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, дара кәсiпкердiң табысы осы Кодекстiң 79-124, 130-баптарына сәйкес есептеледi.
      2. Арнайы салық режимдерiн қолданатын дара кәсiпкерлердiң табысы осы Кодекстiң 15-тарауына сәйкес айқындалады.";

      57) 171-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы және 2-тармағындағы "144-бабы 1-тармағының" деген сөздер "144-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      58) 172-баптың 1-тармағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "сайлау туралы және" деген сөздермен толықтырылып, "заң" деген сөз "заңнамалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      59) 177-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасында қызмет көрсету кезiнде резидент емес осындай мақсат үшiн жалдаған қызметшiлер немесе басқа персонал арқылы қызмет көрсететiн орын, егер осындай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасында күнтiзбелiк алпыс күннен астам кезең бойы жалғасатын болса, тұрақты қызмет орны болып танылады.";

      3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      4-тармақтағы "уақытша немесе" деген сөздер "он екi ай кезең шегiндегi уақытша үзiлiстер және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      60) 178-бапта:
      2) тармақшадағы "(адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда) қызмет," деген сөздер "(адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда) қызметтерден," деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) борышты талап етудi алу орнына қарамастан, Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқығын алу кезiнде борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетiн табыстар;";

      6) тармақшадағы "және осындай заңды тұлғаға қатысу үлесiнен түсетiн табыстар" деген сөздер алып тасталсын;

      14) тармақшадағы "немесе өзге де азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      61) 179-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

      62) 180-баптың 1) тармақшасындағы "қатысу үлесiнен түскен табыстар және" деген сөздер алып тасталсын;

      63) 181-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "181-бап. Төлем көзiнен табыс салығын аудару тәртiбi мен
                мерзiмдерi

      1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын, төлем көзiнен табыс салығын салық агентi мемлекеттiк бюджетке:
      1) табыстың есептелген және төленген сомасы бойынша - төлем төленген ай аяқталғаннан кейiнгi жиырма жұмыс күнi iшiнде;
      2) есептелген, бiрақ шегерiмге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi он жұмыс күнi iшiнде аударуға тиiс.
      Өтеу мерзiмдерi осы тармақшада белгiленген мерзiм аяқталған соң басталатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға осы тармақшаның ережелерi қолданылмайды.
      2. Резидент еместiң табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығының сомасын мемлекеттiк бюджетке аударуды салық агентi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өзiнiң табыстарынан ұсталатын, төлем көзiнен табыс салығының сомасын мемлекеттiк бюджетке аударуды тұрақты мекеменiң, филиалдың, өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша жүргiзедi.";

      64) 182-бапта:
      "15" деген цифрлар "20" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Салық агенттерi резидент еместiң табыстары шегерiмге жатқызылған есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей, тiркелген жерi бойынша салық органдарына төлем көзiнен ұсталған табыс салығы жөнiндегi есеп-қисапты табыс етуге мiндеттi.";

      65) 183-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, резидент еместiң осы Кодекстiң 178-бабының 3) тармақшасында көрсетiлген бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстарына, осы Кодекстiң 180-бабында белгiленген ставка бойынша салық салынуға тиiс.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Мыналар:
      1) өткiзiлетiн күнi листингтiң ең жоғары және ең жоғарыдан кейiнгi санаттары бойынша қор биржасының ресми тiзiмдерiнде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстар;
      2) мемлекеттiк бағалы қағаздарды және агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстар салық салуға жатпайды.";

      2-тармақта "эмитент" деген сөз "резидент-эмитент немесе мүлкi резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 процентiнен астамын құрайтын резидент заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "эмитент тiркелген жер бойынша" деген сөздер "осы баптың 2-тармағында көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      66) 184-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алынатын табыстарына мыналарды:
      1) осы Кодекстiң 178-бабының 1)-22), 24) тармақшаларында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарды;
      2) осы Кодекстiң 80-бабының 2-тармағында көзделген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгiзiлмеген, Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан туындайтын табыстарды;
      3) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметке баламалы немесе соған ұқсас қызметтi жүзеге асырудан туындайтын табыстарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған кезден бастап тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты табыстардың барлық түрлерi жатады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      67) 187-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Табысты төлеудi жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзiнен табыс салығын салық агентi ұстайды.
      Резидент еместiң табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуды салық агентi тұрған жерi бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өзiнiң табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығының сомасын мемлекеттiк бюджетке аударуды тұрақты мекеменiң, филиалдың, өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.";

      68) 187-1-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "(келiсiм-шартта, келiсiмде)" деген сөздер "(келiсiм-шартта)" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Салық агентi күнтiзбелiк жыл iшiнде осы бапта және осы Кодекстiң 187-бабында белгiленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртiптерiнiң бiреуiн ғана қолдануға құқылы.
      Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудiң таңдап алынған тәртiбi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгермейтiн болуға тиiс.";

      9-тармақ алып тасталсын;

      69) 190-бапта:
      1-тармақтың үшiншi абзацындағы "резиденттер шығарған" деген сөздер "осы Кодекстiң 178-бабы 3) тармақшасында көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта "эмитент" деген сөз "резидент-эмитент немесе мүлкi резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының елу процентiнен астамын құрайтын резидент заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      70) 191-баптың 5-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "(келiсiм-шарттың, келiсiмнiң) немесе өзге де азаматтық-құқықтық шарттың" деген сөздер "(келiсiм-шарттың)" деген сөзбен ауыстырылсын;

      71) 194-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "194-бап. Халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу және
                оларды қолдану тәртiбi

      Осы Кодекстiң 193-204-баптарының ережелерiне сәйкес халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу және олардың ережелерiн қолдану уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.";

      72) 195-баптың 1-тармағы "сомасы" деген сөзден кейiн ", резиденттiң осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес резиденттiгiн растайтын құжаты болған кезде," деген сөздермен толықтырылсын;

      73) 198-бапта:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Салық органы резидент еместiң аталған өтiнiшiн резидент емес осы Кодекстiң 203-бабында белгiленген құжаттарды қоса тiркей отырып, өтiнiштi салық органына берген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде қарайды, өтiнiш бойынша шешiм қабылдап, оны резидент емеске және банкке хабарлайды.
      Резидент емес талап етiлетiн құжаттарды тапсырмаған, шет мемлекеттiң құзыреттi органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органына қажеттi ақпаратты беру туралы сұрау жiберiлген жағдайда резидент еместiң өтiнiшiн қарау мерзiмi көрсетiлген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейiн тоқтатыла тұрады.";

      10-тармақта:
      "он жұмыс күнi" деген сөздер "күнтiзбелiк тоқсан күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "белгiленген мерзiм" деген сөздер "осы баптың 8-тармағында көрсетiлген мерзiм" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақта:
      "белгiленген мерзiм iшiнде" деген сөздер "салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "он жұмыс күнi" деген сөздер "күнтiзбелiк тоқсан күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "соманы" деген сөз "салық сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-1-тармақта:
      "тоқсан сайын" деген сөздер алып тасталсын;

      "банктер" деген сөзден кейiн ", есептi тоқсан iшiнде ақша қозғалысы болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

      74) 198-1-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Резидент еместiң Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған табысынан мемлекеттiк бюджетке салық төлеген жағдайда халықаралық шартты қолдануға арналған өтiнiштi резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауды (қызметтер көрсетудi) аяқтағаннан кейiн салық органына табыс етедi.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Резидент емес осы Кодекстiң 203-бабында белгiленген құжаттарды қоса тiркей отырып, салық органына өтiнiш берген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органы өтiнiштi қарайды және онда көрсетiлген ақпарат дұрыс болған жағдайда резидент емеске осы Кодекстiң 40-бабында көзделген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргiзедi.
      Резидент емес талап етiлетiн құжаттарды табыс етпеген, шет мемлекеттiң құзыреттi органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органына қажеттi ақпаратты беру туралы сұрау жiберiлген жағдайда резидент еместiң өтiнiшiн қарау мерзiмi көрсетiлген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейiн тоқтатыла тұрады.";

      4-тармақта: "он жұмыс күнi" деген сөздер "күнтiзбелiк тоқсан күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "белгiленген" деген сөз "осы баптың 2-тармағында көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      75) 199-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгi "резиденттiгін" деген сөздiң алдынан "осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн," деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "резиденттiгiн растайтын құжат болған жағдайда" деген сөздер "осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн, резиденттiгiн растайтын құжат болған жағдайда халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей-ақ," деген сөздермен ауыстырылсын;

      76) 200-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Егер резидент емес табыстарды түпкiлiктi алушы болып табылса және тиiстi халықаралық шартты қолдануға құқылы болса, осындай табыстарды резидент емеске төлеу кезiнде салық агентiнiң резидент емес ұсынған, осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резиденттiктi растайтын құжат негiзiнде осындай халықаралық шартты өздiгiнен қолдануға құқығы бар.
      Резидент емес осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резидент еместiгiн растайтын құжатты табыс төленетiн күннен кешiктiрмей табыс еткен жағдайда, резидент еместiң табыстарын шегерiмге жатқызған кезде салық агентiнiң халықаралық шартта көзделген салықтың төмендетiлген (нөлдiк) ставкасын қолдануға да құқығы бар.
      Осы бапта белгiленген халықаралық шарттардың ережелерiн қолдану тәртiбi резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының мынадай түрлерiне:
      1) дивидендтерге;
      2) сыйақыларға (проценттерге);
      3) роялтиге;
      4) сенiмгерлiк басқару мен кастодиандық қызмет көрсету үшiн комиссияларға;
      5) осы Кодекстiң 178-бабының 2) тармақшасында көрсетiлген, тек қана Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызмет көрсетуден алынатын табыстарға;
      6) жөндеу жұмыстарын қоспағанда, егер негiзгi құралдарды мақсаты бойынша пайдалану үшiн оларды жұмыс iстеу күйiне келтiрумен (iске қосу-жөндеу, монтаждау жұмыстарын қоса алғанда) тiкелей байланысты қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) негiзгi құралдарды жеткiзiп беруге арналған сыртқы сауда келiсiм-шартының шеңберiнде және тиiстi халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын мерзiм шегiнде орындалса, осындай көрсетiлетiн қызметтерден (жұмыстардан) түсетiн табыстарға;
      7) күнтiзбелiк қырық бес күннен аспайтын мерзiмге жасалған және осы резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды (көрсетiлетiн қызметтердi) орындауға жасасқан өзге де келiсiм-шарттармен (жобалармен) байланысты емес қысқа мерзiмдi келiсiм-шарттар шеңберiнде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түсетiн табыстарға;
      8) осы Кодекстiң 178-бабында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын, осы Кодекстiң 198-201-1-баптарында, сондай-ақ осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көзделмеген өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.";

      77) 201-бапта:
      1-тармақ "резиденттiктi" деген сөздiң алдынан "осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн," деген сөздермен толықтырылсын;

      78) 201-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Төлем көзiнен салық салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес жеке тұлға, егер мұндай резидент емес тұлға табысты түпкiлiктi алушы болса және халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар болса, осы Кодекстiң 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетiн, резиденттiгiн растайтын құжат негiзiнде осындай халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей-ақ, халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы.
      Алынған (есептелген) табыстардың сомасы мен халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес төленген (төлеуден босатылған) салықтарды және халықаралық шарттың атауын резидент емес жеке тұлға:
      осы Кодекстiң 190-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларацияда;
      осы Кодекстiң 191-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабында көрсетедi.
      Резидент емес жеке тұлғада осы тармақта көзделген салық есептiлiгiнiң тиiстi нысанын табыс ету кезiнде резиденттiгiн растайтын құжат болмаған жағдайда, резидент емес жеке тұлғаның осындай табыстары осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға жатады.
      Бұл ретте тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан мемлекеттiк бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент еместiң төленген табыс салығын осы Кодекстiң 198-1-бабында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.";

      79) 203-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "203-бап. Халықаралық шарттың ережелерiн және резиденттiктi
                растайтын құжатты қолдануға өтiнiш беру кезiнде
                қойылатын жалпы талаптар

      1. Осы Кодекстiң 198 және 198-1-баптарын қолданған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiштi салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:
      1) салық төлеушi өтiнiшпен бiрге:
      жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келiсiм-шарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң) көшiрмелерiн;
      резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетiле отырып, құжаттардың (құрылтай құжаттардың не сауда-саттық тiзiлiмiнен үзiндi жазбаның) көшiрмелерiн;
      орындалған жұмыстар актiсiн және (немесе) резидент еместiң әртүрлi жұмыстарды орындау фактiсi мен мерзiмiн растайтын өзге құжатты; объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн және (немесе) құрылыс жұмыстарын орындау фактiсi мен мерзiмiн растайтын өзге құжатты; қызметтер көрсету фактiсi мен мерзiмiн растайтын шотты, төлем құжатын; мүлiктi (жабдықты) жалға беру фактiсi мен мерзiмiн растайтын Қазақстан Республикасында мүлiктi (жабдықты) қабылдап алу және жалға беру актiсiн;
      жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) жасалған келiсiм-шарт (шарт, келiсiм) бойынша резидент емес өтiнiш берушiнiң мiндеттемелерiн орындау мақсатында жеке тұлғалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасында резидент емес өтiнiш берушiнiң (жеке немесе заңды тұлғаның) атынан жұмыстарды орындайтын резидент еместердiң тiзiмiн осындай жеке тұлғалардың паспорттық деректерiн, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн көрсете отырып табыс еткен;
      2) салық агентi:
      есептелген және төленген табыстар және ұстап қалған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлiк құжаттарды:
      резидент еместiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды бастауы туралы және резидент еместiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандар бойынша Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды аяқтауы туралы өтiнiштерiнiң көшiрмелерiн салық органының оларды қабылдағаны туралы белгiлерiмен қоса табыс еткен;
      3) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан резидент емес салық төлеушiнiң резиденттiгi мемлекетiнiң құзыреттi немесе уәкiлеттi органы резидент емес салық төлеушiнiң резиденттiгiн (аталған өтiнiш бланкiсiнде немесе резиденттiктi растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн қоса тiркей отырып) растаған кезде қабылдайды. Бұл ретте осы баптың және осы Кодекстiң 195, 198-201-1-баптарының мақсаттары үшiн тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес резиденттiк елiндегi өзiнiң тiркелу деректерi өзгерген жағдайда, көрсетiлген баптарда белгiленген тәртiппен өзгерген деректердi ескере отырып, резиденттiгiн растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптарының бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартта белгiленген тәртiппен қойылған қол мен резидент еместiң резиденттiгiн (резиденттiгiн растайтын құжатты) растаған органның және резиденттiгiн растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынған жағдайда шетелдiк нотариустың мөрiн дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруды жүзеге асырған кезде қабылдайды.
      2. Осы Кодекстiң 195, 199-201-1-баптарын қолдану мақсатында шетелдiк тұлғаның резиденттiгiн растайтын құжатты салық агентi (салық органы) осы баптың 1-тармағының 3)-4) тармақшаларында белгiленген талаптар орындалған кезде қабылдайды.
      Салық төлеушiнiң резиденттiгiн растайтын осы тармақтың талаптарына сәйкес келетiн құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн резидент емес салық төлеушi (салық агентi) осы Кодекстiң 196, 199-201-1-баптарында көзделген салық есептiлiгiнiң тиiстi нысанымен бiр мезгiлде салық есептiлiгiнiң тиiстi нысаны ұсынылатын жердегi салық органына табыс етедi.";

      80) 208-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "салықтан босатылатын" деген сөздерден кейiн "және (немесе) Қазақстан Республикасы өткiзу орны болып табылмайтын" деген сөздермен толықтырылсын;

      81) 209-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Сот қосылған құн салығын төлеушiнi жалған кәсiпорын деп таныған жағдайда, салық органының шешiмiмен қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк сот анықтаған қылмыстық әрекет басталған кезден бастап күшiн жоюға тиiс.";

      82) 210-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгi 2-1-тармақ болып есептелсiн;

      мынадай мазмұндағы 2-2, 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-2. Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және осындай өзгерiстер туындаған күннен бастап тұрған (тұрғылықты) жерiн өзгерткенi туралы жиырма жұмыс күнi iшiнде салық органын хабардар етпеген тұлғаны анықтаған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды салық органы қосылған құн салығын төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес хабарлама жiбере отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi. Осындай қосылған құн салығын төлеушiлер туралы ақпарат уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қосылған құн салығы бойынша есептен шығару күнi уәкiлеттi мемлекеттiк органның WEB-сайтында орналастырылады.
      2-3. Осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушiлер салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы шешiм шығарған күннен кейiнгi күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылады.
      2-4. Осы Кодекстiң 68-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тұлғаның қызметiн уақытша тоқтата тұрған жағдайда, қосылған құн салығын төлеушi куәлiгiнiң қолданысын тоқтатуды уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен салық органы жүргiзедi.";

      4-тармақта:
      "өзiн" деген сөз алып тасталсын;

      "берген" деген сөз "берiлген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      83) 211-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) кәсiпкерлiк қызмет үшiн сатып алынған тауарды қосылған құн салығын төлеушiнiң не оның жалдамалы жұмыскерлерiнiң, қатысушылардың және (немесе) басқа тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметке жатпайтын мақсатта пайдалануын;";

      3-тармақтың 6) тармақшасындағы "меншiгiне беруi, өткiзу бойынша айналым болып табылмайды." деген сөздер "меншiгiне беруi;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) банк берген қарыздар және басқа да дебиторлық берешектi қоса алғанда, қарыздар бойынша талап ету құқығын басқаға беру өткiзу бойынша айналым болып табылмайды.";

      84) 215-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу жатады.";

      85) 217-баптың 7-тармағындағы "Осы Кодекстiң 236-бабына сәйкес оларды сатып алған кезде" деген сөздер "Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарлар сатып алынған күнi қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес оларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      86) 221-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы баптың мақсаттары үшiн жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының салық салынатын айналымының мөлшерi, осы баптың 1-тармағында аталған резидент емеске есептелген табыс сомасы негiзге алына отырып айқындалады.";

      87) 223-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Уақытша декларация беру рәсiмiн қолдана отырып, экспорт режимiнде тауарларды әкеткен жағдайда, кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар толық жүк кеден декларациясы да экспортты растау болып табылады.";

      88) мынадай мазмұндағы 223-1-баппен толықтырылсын:

      "223-1-бап. Тазартылған қымбат бағалы металдарға салық салу

      Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң өз өндiрiсiнiң шикiзатынан дайындалған, тазартылған қымбат бағалы металдарды - алтынды, платинаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне және қаржы ұйымдарына сатуы жөнiндегi айналымға нөлдiк cтавка бойынша салық салынады.";

      89) 225-бапта:
      7) тармақшадағы "мемлекеттiк мекемелердiң" деген сөздерден кейiн "немесе мемлекеттiк кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылып, "беру, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды" деген сөздер алып тасталсын;

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) ұлттық валюта банкноттары мен монеталары;";

      17) тармақшадағы "өндiрiлген және" деген сөздерден кейiн "осы аумақтан" деген сөздермен толықтырылсын;

      90) 226-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "226-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты
                айналымдар";

      1-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Тұрғын үй ғимаратын өткiзу және (немесе) осындай ғимаратты жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру мыналарды:";

      2) тармақшадағы "ғимаратты" деген сөз "тұрғын үй ғимаратын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      91) 227-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) тазартылған қымбат бағалы металдардың орнын ауыстырмай, солармен жасалатын операциялар;";

      92) 234-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ұлттық және шетелдiк валюта банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;";

      93) 235-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "1-1," деген цифрлар алып тасталсын;

      1-1) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақшадағы "8" деген цифр "9" деген цифрмен ауыстырылсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегiн бере отырып сатып алғанда бақылау-касса машинасының чегiнде көрсетiлген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      94) 237-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "жағдайда есептен шығарылып тасталуға тиiс." деген сөздер "жағдайда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) осы Кодекстiң 209-бабының 3-тармағында көрсетiлген жағдайларда, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк күшiн жойған кезде есептен шығарылып тасталуға тиiс.";

      95) 238-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. 235-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларының негiзiнде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасынан басқа, туындаған кезiнен бастап үш жыл iшiнде қанағаттандырылмаған, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша мiндеттемелер күмәндi болып танылады және осындай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы ол есепке жатқызылған кезден бастап үш жыл өткен соң есептен шығарып тасталуға тиiс.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      96) 240-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Тауарлар сатып алынатын күнi қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес олар жөнiнде қосылған құн салығы бойынша есепке алу көзделмеген қосылған құн салығынан босатылған тауарларды өткiзу кезiнде осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн сату жөнiндегi айналымға тауарды өткiзу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма қосылады.";

      97) 242-баптың 8-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегiн бере отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзген жағдайда;";

      98) 246-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы баптың 2-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушiнiң қалауы бойынша күнтiзбелiк ай не тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.";

      2-тармақта:
      "кем" деген сөз "астам" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "тоқсан" деген сөз "күнтiзбелiк ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      99) 250-бапта:
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Осы баптың 1-тармағының ережелерi қосылған құн салығын төлеушi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн әкелетiн тауарларға қатысты қолданылады.";

      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "мiндеттеменi және" деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктегi "Мiндеттемелер", "екi" деген сөздер "Мiндеттеме", "үш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      100) 251-бапта:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қайтарылуға тиiс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезiнде сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi (бартерлiк) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайда, сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi (бартерлiк) шарттың (келiсiм-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi (бартерлiк) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушiге сатып алушы берген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиiс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезiнде кеден органының кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысанда және тәртiппен ұсынылған Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимiнде әкету фактiсiн растайтын мәлiметтерi есепке алынады.
      Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимiнде әкету фактiсiн растайтын мәлiметтер үшiн кеден органы жауапты болады.";

      101) 252-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "252-бап. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар
                бойынша қосылған құн салығын қайтару

      1. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару салық органы қосылған құн салығын төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша салықты қайтару туралы өтiнiшiн алған кезден бастап алпыс жұмыс күнi iшiнде және:
      1) салық кезеңi iшiндегi қосылған құн салығы жөнiндегi декларация;
      2) осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес тауарларды экспорттық растау үшiн қажеттi құжаттар;
      3) осы Кодекстiң 224-1-бабына сәйкес тауарлардың арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткiзiлгенiн растау үшiн қажеттi құжаттар;
      4) өзi өндiрген тауарларды осы Кодекстiң 224-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге өткiзгенiн растау үшiн осы Кодекстiң 224-2-бабының 3-тармағына сәйкес қажеттi құжаттар;
      5) өзi өндiрген тауарларды осы Кодекстiң 224-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге өткiзгенiн растау үшiн осы Кодекстiң 224-2-бабының 4-тармағына сәйкес қажеттi құжаттар;
      6) салық органы жүргiзген салықтық тексеру актiсiне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау не осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актiсiне салық органының қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.
      Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
      2. Қосылған құн салығын қайтару:
      1) қосылған құн салығын осы салықты төлеушiнiң аталған салық пен салықтың басқа да түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызу жолымен жүргiзiледi.
      Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылса, онда қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын оның құрылымдық бөлiмшесiнiң осы және басқа да салық түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызу жолымен де жүргiзiледi.
      Егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi қосылған құн салығын төлеушi болып табылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын заңды тұлғаның осы және басқа да салық түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызу жолымен де жүргiзiледi;
      2) тауарлардың импорты кезiнде төленуге тиiс қосылған құн салығының есебiне есепке жатқызу;
      3) осы Кодекстiң 221-бабына сәйкес төленуге тиiс қосылған құн салығының есебiне есепке жатқызу;
      4) қосылған құн салығын төлеушiнiң осы және басқа да салық түрлерi бойынша салық берешегi болмаған жағдайда қосылған құн салығын қайтару оның дербес салық төлеушiлер болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң осы және басқа да салық түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызу;
      5) қосылған құн салығын төлеушiнiң банк шотына ақша аудару жолымен жүргiзiледi;
      6) қосылған құн салығын төлеушiнiң салық берешегi болмаған жағдайда, салық төлеушi қосылған құн салығын салықтың басқа да түрлерi бойынша алдағы уақыттағы төлемдер есебiне есепке жатқызу жолымен қайтаруды талап етуге құқылы.
      3. Қосылған құн салығын қосылған құн салығын төлеушiнiң банк шотына қайтару оның салық берешегi болмаған кезде жүргiзiледi.
      Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылса, қосылған құн салығын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң осы және басқа да салық түрлерi бойынша салық берешегi болмаған кезде де жүргізiледi.
      4. Егер салықтық тексеру жүргiзiлген мерзiм iшiнде қарсы салықтық тексеру жүргiзiлген кезде анықталған бұзушылықтар жойылмаса, қосылған құн салығын төлеушiге салықты қайтару солар бойынша бұзушылықтар анықталмаған не жойылған сомалар шегiнде жүргiзiледi.
      Егер бұзушылықтар салықтық тексеру аяқталғаннан кейiн жойылса, салықты қайтару уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда және тәртiппен салықтық тексерудi жүргiзген салық органының қорытындысы негiзiнде салықтық тексеру өткiзусiз жүргізiледi.
      Осы бапқа сәйкес расталған, бiрақ белгiленген мерзiмдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына қайтару мерзiмi бұзылған әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми ставканың 2,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi.
      Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшiн қарсы тексеру тағайындау туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен, мынадай жағдайлар:
      1) қарсы тексерулер:
      бұл салық төлеушiнiң қосылған құн салығын қайтаруға өтiнiш берген кезiнiң алдындағы он екi ай кезең iшiнде аталған салық төлеушiге айына кемiнде бiр рет тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзудi жүзеге асырған берушiлерге;
      электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн берушiлерге;
      осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталған кезде жүргiзiлмейтiнi;
      2) камералық бақылау жүргiзу кезiнде бұзушылықтары анықталған берушiлер (Қазақстан Республикасының аумағында экспортталған тауарлар өндiрiсi мен айналымы процесiне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушi салық төлеушiлердi қоса алғанда) мiндеттi қарсы тексеруге жататыны;
      3) егер қосылған құн салығын төлеушiнiң берушiсi салық төлеушiлердiң мониторинг жүргiзуiне тиiс болса, салық қызметi органдары осы Кодекске сәйкес осы берушiлер ұсынатын салық есептiлiгiнiң негiзiнде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкiн екендiгi ескерiле отырып қабылданады.
      5. Осы бапта көзделген қосылған құн салығы:
      1) шағын бизнес субъектiлерi;
      2) шаруа (фермер) қожалықтары;
      3) ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн белгiленген арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушiлерге қайтарылмайды.
      6. Нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және олар бойынша өтiнiш берiлген айналымдар жасалған салық кезеңiнен кейiн он екi ай өткен соң салықты қайтару туралы өтiнiш берген қосылған құн салығын төлеушiлерге осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейдi.";

      102) 257-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

      103) 259-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының сегiзiншi абзацындағы "мұқтаждарына" деген сөзден кейiн "және акцизделетiн тауарларды өзi өндiруi үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      104) 260-баптың 4-тармағындағы "қажеттерiне" деген сөз "мұқтаждарына және акцизделетiн тауарларды өзi өндiруi үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      105) 266-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ойын бизнесi (лотереяларды қоспағанда) саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде мыналар:
      ойын столы;
      бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;
      бiрнеше ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электронды рулетканы қоспағанда);
      тотализатор кассасы;
      букмекер кеңсесiнiң кассасы;
      электронды рулетка салық салу объектiсi болып табылады.";

      106) 271-баптың 8-тармағындағы "Шарап материалын" деген сөздерден кейiн "және сыраны" деген сөздермен толықтырылсын;

      107) 275-баптың 1 және 3-тармақтарындағы "15-iнен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      108) 278-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Шикi мұнайды, газ конденсатын тасымалдауға арналған шығыстар деп осы баптың мақсаттары үшiн мыналар түсiнiледi:
      а) шикi мұнайды, газ конденсатын темiр жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңiз жолдары арқылы тасымалдау кезiнде көлiк тарифiне ақы төлеу;
      б) шикi мұнайды, газ конденсатын ағызу және құю жөнiндегi шығыстар;
      в) шикi мұнайды, газ конденсатын жолда сақтандыру жөнiндегi шығыстар.";

      109) 278-6 және 278-7-баптардағы "15-iнен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      110) 279-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөнiндегi жұмыстарды" деген сөздер алып тасталсын;

      111) 282-бапта:
      5-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "келiсiм-шарттарға" деген сөздерден кейiн "және барлаумен және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Қорларын осы мақсаттар үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта көзделмеген пайдалы қазбаларды өндiрген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстiң 281-бабында белгiленген тәртiппен солар бойынша төлемдер жүргiзедi.";

      112) 295-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;

      113) 296-баптағы ", сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы бар тұлғалар" деген сөздер алып тасталсын;

      114) 297-баптың 2-1, 3-1 және 4-1-тармақтары алып тасталсын;

      115) 299-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Роялтидi есептеу мақсатында алтынды, күмiстi және платинаны қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнiң салық кезеңiндегi орташа өлшемдi өткiзу бағасы негiзге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктiне дейiн тасымалдауға кеткен iс жүзiндегi шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.
      Осы баптың мақсаттары үшiн тасымалдауға арналған шығыстар деп темiр жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңiз жолдары арқылы тасымалдау кезiнде көлiк тарифiн қамтитын iс жүзiндегi шығыстар, ағызу және құю (сұйық заттар үшiн) жөнiндегi шығыстар, тиеу және түсiру (қатты заттар үшiн) жөнiндегi шығыстар және, егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, жолда сақтандыру жөнiндегi шығыстар түсiнiледi.";
      5-тармақтағы "сатылмаған" деген сөзден кейiн "не толық сатылмаған" деген сөздермен толықтырылсын;

      116) 301-баптағы "15-iнен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      117) 304-баптағы "10-ынан" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      118) мынадай мазмұндағы 311-1-баппен толықтырылсын:

      "311-1. Төлеушiлер

      Өнiмдi бөлу жөнiндегi келiсiм-шартта өзгеше келiсiлмесе, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеушiлер болып табылады.";

      119) 314-2-баптағы "15-iнен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      120) 314-3-баптағы "10-ынан" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      121) 316-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "қызмет көрсетудiң өтемдi шарттары бойынша жеке тұлғаларға (жеке кәсiпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға төленетiн төлемдердi қоспағанда) төленетiн төлемдер," деген сөздер алып тасталсын;

      122) 317-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы Кодекстiң 68-бабының 5-тармағына сәйкес осы тармақ салық төлеушiлерге олар өз қызметiн уақытша тоқтата тұрған кезеңде қолданылмайды.";

      123) 323-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы "жер ресурстарын басқару" деген сөздер "жер қатынастары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      124) 324-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушiлер ретiнде қарастырылады.";

      125) 326-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екiншi абзацындағы "тазарту құрылғылары" деген сөздер "электр беру желiлерi, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      126) 329-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгiленедi:";

      3-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аймақтардың жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгiленедi:";

      127) 54-тараудың 5-параграфының тақырыбындағы "орналасқан" деген сөз "үшiн бөлiнген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      128) 337-бапта:
      тақырыбындағы "орналасқан" деген сөз "үшiн бөлiнген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктерiндегi "орналасқан" деген сөз "үшiн бөлiнген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      129) 340-баптың 8-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушi ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн салық сомасын есептейдi. Одан кейiнгi төлеушi өзiнiң жер учаскесiне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшiн салық сомасын есептейдi.";

      130) 341-баптың 3-тармағында мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгерiссiз қалдырылсын;

      131) 344-баптың 2, 3-тармақтарындағы "15" деген цифрлар және 5-тармағындағы "15-iнен" деген сөз тиiсiнше "20" деген цифрлармен және "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      132) 348-1-баптың 3-тармағындағы "жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар," деген сөздер алып тасталсын;

      133) 351-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "заңды тұлғалар" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ концессия шарты бойынша концессионер" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген құқықтарда салық салу объектiлерi бар заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi дербес салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады.";

      134) 353-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) аяқталмаған құрылыс объектiлерi, сондай-ақ орнатылмаған жабдықтар мен негiзгi құралдардың құрамдас бөлiктерi.";

      135) 354-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартқа сәйкес айқындалған бағалау мiндеттемелерi (қайта монтаждаудың есептiк құны, активтi жою және учаскенi қалпына келтiру) салық салу объектiлерiнiң қалдық құнына кiрмейдi.";

      136) 359-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "15" деген цифрлар "20" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      137) 361-баптың 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасындағы "мүгедектер." деген сөз "мүгедектер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салынатын объектiлер бойынша дара кәсiпкерлер.";

      138) 363-баптың бiрiншi абзацындағы "және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын" деген сөздер алып тасталсын;

      139) 368-баптың 3-тармағындағы "және салық сомаларының бюджетке төленген фактiсiн растайтын" деген сөздер алып тасталсын;

      140) 369-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
      "(тұрақты үлгi бөлiмдерде)" деген сөздер "(оқшауланған блоктарда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "шағын бизнес субъектiлерiне арналған" деген сөздер алып тасталсын;

      141) 370-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "осы Кодекстiң" деген сөздерден кейiн "132-134-баптарын, 135-бабының 2-тармағын," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтағы "күнтiзбелiк жыл" деген сөздер "он екi ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      142) 373-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Бiржолғы талон негiзiнде бюджетпен есеп айырысуды:
      1) қызметi ауық-ауық сипаттағы жеке тұлғалар;
      2) осы Кодекстiң 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар жүргiзедi.
      Нарықтағы қызметтi жалдамалы қызметкер жүзеге асырған жағдайда бiржолғы талон негiзiнде бюджетпен есеп айырысуды дара кәсiпкер немесе заңды тұлға жүргiзедi, сондай-ақ оны дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның атынан жалдамалы қызметкер немесе оның өкiлi қызметкердiң бiржолғы талон алу құқығына арналған нотариалды куәландырылған сенiмхатын және салық төлеушi (дара кәсiпкер немесе заңды тұлға) куәлiгiнiң көшiрмесiн көрсеткен кезде жүргiзуi мүмкiн.";

      143) 374-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданудың әрбiр он екi ай мерзiмi iшiндегi табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Салық органы патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданған дара кәсiпкерлердi осы тармақта көрсетiлген жағдайларды белгiлеу кезiнде салықты есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне жоғарыда аталған өтiнiшсiз ауыстыруға құқылы.";

      3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Дара кәсiпкер патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн оны қолдана бастағанға дейiн кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын жердегi салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы өтiнiштi табыс етедi.
      Патент дара кәсiпкерге кемiнде бiр ай мерзiмге және он екi айдан аспайтын мерзiмге берiледi.";

      "5. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде кәсiпкерлiк қызметтi уақытша тоқтата тұрған жағдайда, дара кәсiпкер қызметiн жүзеге асыратын жердегi салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы өтiнiштi бередi.";

      144) 378-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Арнаулы салық режимiнен өз еркiмен шыққан кезде шаруа (фермер) қожалығы есептi кезеңнен кейiнгi салық мерзiмiнен бастап салықтарды есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне өтiнiш негiзiнде көшедi.";

      4-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "жыл сайын" деген сөздер алып тасталсын;

      "20 ақпаннан" деген сөздер "осы арнаулы салық режимi қолданылған бiрiншi жылдың 20 ақпанынан (бiрiншi салық кезеңiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктегi "алған күнi" деген сөздер "алғаннан кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей жер учаскесi орналасқан жердегi салық органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      145) 382-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "жер ресурстарын басқару" деген сөздер тиiсiнше "жер қатынастары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      146) 383-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер әрбiр қызметкер, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 20 проценттiк ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi олар кәмелетке толған тиiстi жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап туындайды.";

      147) 384-баптың 4) тармақшасындағы "декларацияны" деген сөз "ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      148) 385-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) филиалдардың, өкiлдiктердiң;";

      149) 390-бапта:
      2-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "декларацияны" деген сөз "ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      150) 68-тараудың тақырыбындағы "тiркегенi" деген сөзден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi" деген сөздермен толықтырылсын;

      151) 398-баптың 1-тармағындағы "тiркегенi" деген сөзден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi" деген сөздермен толықтырылсын;

      152) 399-баптағы "заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерi" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      153) 70-1-баптың тақырыбындағы "кепiлiн" деген сөзден кейiн "және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      154) 406-1-баптың 1-тармағында:
      "Жылжымалы мүлiк кепiлiн" деген сөздерден кейiн "және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жылжымалы мүлiк кепiлiн" деген сөздерден кейiн ", кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      155) 406-2-баптың 1-тармағындағы "кепiлiн тiркеудi жүзеге асыратын" деген сөздер "кепiлi туралы шартты, кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы шартын жасасқан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      156) 72-тараудың тақырыбындағы "Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi" деген сөздер "Көлiк құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      157) 410-баптың 1-тармағында:
      "Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi" деген сөздер "Көлiк құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тiркемелердi" деген сөзден кейiн ", теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелердi, азаматтық әуе кемелерiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      158) 411-баптың 1-тармағындағы "пайдаланатын" деген сөзден кейiн ", теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелерi, азаматтық әуе кемелерi бар" деген сөздермен толықтырылсын;

      159) 73, 73-1 және 74-тараулар алып тасталсын;

      160) 430-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Алым төлеу аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.";

      161) 431-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Алым төлеушiлер аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей, салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен жердегi салық органдарына алым жөнiндегi декларацияны табыс етеді.";

      162) 438-баптың 1-тармағындағы "беру" деген сөзден кейiн "(қайта ресiмдеу)" деген сөздермен толықтырылсын;

      163) 445-баптың 3-тармағындағы "Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздер "Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      164) 447-баптағы "2-тармағында" деген сөздер "2, 4-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      165) 448-баптың 9-тармағы алып тасталсын;

      166) 450-бапта:
      1-тармақтағы "ақысы", "және (немесе) декларацияны" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтың екiншi бөлiгi 2-1-тармақ болып есептелсiн;

      3-тармақ алып тасталсын;

      167) 451-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "су ресурстарын басқару жөнiндегi" деген сөздер "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Су ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық" деген сөздер "Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңiрлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      168) 453-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мыналарды:
      ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын каналдарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган растаған су шығындарын;
      су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн;
      су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi су жинау көлемiн қоспағанда, жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;";

      169) 454-баптың 2-тармағындағы "cy ресурстарын басқару жөнiндегi" деген сөздер "cy қорын пайдалану және қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      170) 455-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

      171) 456-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      172) 458-бапта:
      1-тармақтағы "ақы төлемдерi сомасының есеп-қисабы мен декларацияны" деген сөздер "төлемдер сомасының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтағы "төлемақы сомалары бойынша декларацияны" деген сөздер "ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:
      "мен төлемақы сомалары жөнiндегi декларация" деген сөздер алып тасталсын;

      "cу ресурстарын басқару жөнiндегi" деген сөздер "cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      173) 463-бапта:
      6-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      7-тармақ алып тасталсын;

      174) 465-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Төлемақы төлеушiлер, ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын уәкiлеттi орган мемлекеттiк тiркеуден өткiзген жерi бойынша есеп-қисабы табыс етiлетiн жылжымалы ластау көздерiн қоспағанда, ластау объектiсi орналасқан жердегi салық органдарына табыс етедi.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтағы "төлемақы сомалары жөнiндегi декларацияны" деген сөздер "ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "мен төлемақы сомалары жөнiндегi декларация" деген сөздер алып тасталсын;

      175) 471-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттiк орман иелерi - ағашты түбiрiмен жөнелткенi үшiн аралық пайдалануда ағаш кесудi және басқа да кесулердi жүзеге асыру кезiнде;";

      176) 482-баптың 8-тармағы алып тасталсын;

      177) 484-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Төлемақы төлеушiлер жыл сайын өзi тiркеу есебiнде тұрған жердегi салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      178) 484-2-баптағы "халықаралық байланыс" деген сөздер "халықаралық телефон байланысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      179) 484-4-баптың 7-тармағы алып тасталсын;

      180) 484-6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Төлемақы төлеушiлер жыл сайын өзi тiркеу есебiнде тұрған жердегi салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      181) 496-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екiншi және үшiншi абзацтарындағы "есептелген" деген сөз алып тасталып, "сомасының" деген сөз "даулы соманың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      182) 518-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "берiлетiн мәлiметтердi қоспағанда, салық қызметi органы салық төлеушi туралы алған кез келген мәлiметтер салық құпиясы болып табылады." деген сөздер "берiлетiн;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) салық есебiн табыс етудiң осы Кодексте белгіленген мерзiмiнен бастап алты ай өткеннен кейiн салық есебiн табыс етпеген және (немесе) нақты мекенжайында (тұрғылықты жерiнде) болмаған салық төлеушiлердiң тiркеу деректерi туралы, сондай-ақ сот жалған кәсiпорындар деп таныған салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi қоспағанда, салық қызметi органы салық төлеушi туралы алған кез келген мәлiметтер салық құпиясы болып табылады.";

      183) 520-баптың 4-тармағындағы "мәлiметтерi" деген сөзден кейiн "және (немесе) уәкiлеттi органдар табыс еткен мәлiметтер" деген сөздермен толықтырылсын;

      184) 521-баптың 1-тармағында:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) орналасқан жерi бойынша - резидент заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi;
      2) тұрақты мекемесiнiң орналасқан жерi бойынша - Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Қазақстан Республикасында болатын жерi бойынша - осы Кодекстiң 192-бабының 2-тармағында аталған (осы тармақтың 5-1) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және осы Кодекске сәйкес арнаулы салық режимдерiн қолданатын резидент емес жеке тұлғалар;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) мүлкi резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 процентiнен аспайтын резидент-эмитенттiң немесе резидент заңды тұлғаның тiркелген жерi бойынша - бағалы қағаздарды сату кезiнде құнның өсуiнен табыс алатын және осы Кодекстiң 178-бабының 3) тармақшасында аталған, осы Кодекстiң 183 немесе 190-баптарына сәйкес салық салынуға тиiс резидент еместер болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;";

      7) тармақша "шоттарын" деген сөзден кейiн "және карт-шоттарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      185) 524-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ осы Кодекстiң 521-бабының 1-тармағында аталған резидент емес заңды тұлға үшін:";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Салық органы тiркеуге алу есебiне қоюды салық төлеушiнiң өтiнiшi берiлген кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
      Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген жағдайда, тiркеуге алу есебiне қою салық төлеушi өтiнiш берген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.";

      11-тармақта:
      "орналасқан жерiн," деген сөздер алып тасталсын;
      "өзi тiркеу есебiнде тұрған салық органына он жұмыс күнi iшiнде есептен шығару туралы өтiнiш беруге және салық төлеушiнiң бұрын берiлген тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, жаңадан орналасқан жерi, қызметiн жүзеге асыратын орны, тұрғылықты жерi, келген жерi немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi және (немесе) тiркеу орны бойынша тiркеу есебiне тұруға мiндеттi" деген сөздер "салық органына жиырма жұмыс күнi iшiнде қызметiн жүзеге асыратын жаңа орны, тұрғылықты жерi, келген жерi немесе салық төлеушiнiң бұрын берiлген тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, салық салу объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркелген жерi бойынша тiркеу есебiне қою туралы өтiнiш беруге мiндеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      186) 525-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Салық төлеушiнi Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығару:
      1) салық төлеушi әрекетсiз заңды тұлға белгiлерiне сәйкес келген және оның тiркеу нөмiрi сақтала отырып, салық берешегi болмаған жағдайда;
      2) салық төлеушiнi сот жалған кәсiпорын деп таныған жағдайда жүргiзiледi.";

      187) 526-баптың 10) тармақшасындағы "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе соларға теңестiрiлген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға үмiткер болып табылатын адамдардың немесе олардың жұбайларының (зайыптарының)" деген сөздермен толықтырылсын;

      188) 527-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Кодекстiң 521-бабы 1-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларында аталған резидент емес жеке тұлғалар кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруды бастаған күннен бастап немесе Қазақстан Республикасында салықтық мiндеттемесi туындаған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.
      3. Осы Кодекстiң 521-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында салықтық мiндеттемесi туындаған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.";

      3-1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте осы тармақта аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.";

      4-тармақтағы "резидент емес заңды тұлғаның" деген сөздер "резидент еместiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Салық агенттерi өзi тiркелген жердегi салық органына Қазақстан Республикасында жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындауға келiсiм-шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде және резидент еместiң қызметтi жүзеге асыруды аяқтаған күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандар бойынша резидент еместiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды бастағаны туралы және резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызметiң жүзеге асыруды аяқтағаны туралы өтiнiштердi табыс етуге мiндеттi.
      Осы Кодекстiң 521-бабының 1-тармағында аталмаған резидент еместерге Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындағаны, қызметтер көрсеткенi үшiн кiрiстер төлейтiн салық агенттерiне осы тармақтың ережелерi қолданылады.";

      189) 533-баптың 4-тармағында:
      2) тармақшаның екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "салық мiндеттемесiнiң салықтың және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша орындалуын;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қарсы тексеру - егер салықтық тексерудi жүргiзу кезiнде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушiлердiң жүргiзген операцияларының салық есебiнде дұрыс көрсетiлуi туралы қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаса, үшiншi бiр тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру.
      Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығына салықтық тексерудi жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар бойынша камералық бақылауды жүргiзу кезiнде бұзушылықтар анықталған экспортталған тауарларды өндiру және олардың айналымы процесiне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi салық төлеушiлердi тексеру де қарсы тексеру болып табылады;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) қосымша тексеру - салық төлеушiнiң шағымында жазылған мәселелер бойынша салықтық тексерудiң нәтижелерi бойынша салық төлеушiнiң шағымын қарайтын немесе резидент еместiң қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерiн қолдану заңдылығына қатысты мәселелердi қайта қарау туралы өтiнiшiн қарайтын салық қызметi органының шешiмi негiзiнде жүргiзiлетiн тексеру.";

      190) 534-баптың 2-тармағында:
      4) тармақшаның үшiншi абзацындағы "бойынша тақырыптық тексерулер жүргiзу кезiнде;" деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "резидент еместiң қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерiн қолдану жөнiндегi өтiнiшiнiң негiзiнде жүргiзiлетiн тақырыптық тексерулер жүргiзу кезiнде;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) салықтық тексеру актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнiң шағымын немесе қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерiн қолдану заңдылығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы резидент еместiң өтiнiшiн қарайтын органның шешiмi негiзiнде жүргiзiлетiн қосымша тексерулер кезiнде;";

      191) 536-баптың 3-тармағының бiрiншi абзацындағы "Тақырыптық," деген сөзден кейiн "қосымша," деген сөзбен толықтырылсын;

      192) 549-бапта:
      1-тармақта:
      "257-бабының" деген сөздерден кейiн "1-тармағының" деген сөздермен толықтырылсын;

      "3) және 4) тармақшаларында" деген сөздер "1-тармағының 3) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерiн белгiлейдi.";

      193) 553-баптың 1-тармағындағы "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      194) 557-2-баптың 1-тармағындағы "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      195) 557-8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiледi. Бұл ретте қосымша тексеру шағымды қарайтын салық қызметi органының осындай тексерудi жүргiзу туралы шешiмiн алған кезден бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей басталуға тиiс.".

      3. 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Кеден кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11 55-құжат):

      1) 134-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "акциздiк алым таңбаларымен" деген сөздер "акциздiк таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 346-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Кедендiк төлемдердiң немесе салықтардың артық төленген сомасын кеден органдары артық төленген сома бар кедендiк төлемнiң немесе салықтың сол түрi бойынша:
      1) төлеушiнiң өтінішiнсiз кедендiк төлемнiң немесе салықтың сол түрi бойынша өсiмпұл мен айыппұлды өтеу есебiне;
      2) төлеушiнiң өтiнiшi бойынша кедендiк төлемнiң немесе салықтың сол түрi бойынша алдағы кедендiк төлемдердi немесе салықтарды төлеу есебiне есептеуге тиiс.".

      4. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 86-құжат; N l6, 97-құжат):

      1) 46-баптың 1-тармағының 12), 12-1) және 14) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 48-баптың 1-тармағында:
      15) тармақшадағы "тiркегенi" деген сөзден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi" деген сөздермен толықтырылсын;

      19-1) тармақшадағы "кепiлiн" деген сөзден кейiн "және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "20) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;";

      3) 49-баптың 1-тармағында:
      11) тармақшадағы "тiркегенi" деген сөзден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;";

      14-1) тармақшадағы "кепiлiн" деген сөзден кейiн "және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат;  N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 15, 95-құжат):

      1) 6-баптың он екiншi абзацындағы "тiркеуден" деген сөзден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеуден" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 6-1-баптың екiншi абзацындағы "заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркегенi" деген сөздер "заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 11-баптың бiрiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгіленген тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келмеуi, табыстау актiсiн немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы, сондай-ақ егер iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға құрылтайшы болып табылса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған және (немесе) қылмыс жасағаны үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  192,   216,   217-баптары  бойынша сотталса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылса, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.";

      4) 14-баптың екiншi абзацындағы "тiркегенi" деген сөзден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 15-баптың екiншi абзацындағы "тiркеуден" деген сөзден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеуден" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 16-баптың 13) тармақшасындағы "тiркелгенi" деген сөзден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердiң есептiк тiркелгенi" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 16-1-баптың бiрiншi абзацындағы "тiркелгенi" деген сөзден кейiн "және филиалдар мен өкiлдiктердiң есептiк тiркелгенi" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 17-бапта "Мемлекеттiк тiркеуден" деген сөздерден кейiн "және есептiк тiркеуден" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24; 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат):

      1) 13-баптың 4-тармағындағы "iшкi iстер органдарының," деген сөздерден кейiн "прокуратура," деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 22-1-баптың 2-тармағында:
      бiрiнші бөлiктегi "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын" деген сөздер "мәлiмделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiкте:
      "қожалығы мүшесiнiң" деген сөздер "қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап есептелуге және төленуге тиiс.";

      мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Дара кәсiпкер, адвокат және жеке нотариус жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн дербес айқындайтын табыс мәлiмделетiн табыс болып табылады.";

      3) 22-4-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Агенттің банк шотында ұлттық валютамен ақша болмаған жағдайда, мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органдары теңгелей шығарған инкассалық өкiмдерi негiзiнде агенттің шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргiзiледi.";

      5-тармақ "шоты болмаған" деген сөздерден кейiн "немесе агенттің банк (банктер) шотында (шоттарында) ақша жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Салық қызметi органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында салық төлеушi агенттiң тiркеу нөмiрiн, басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, мiндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзiмде өтелмеген берешегi бар агенттердiң тiзiмдерiн жариялайды.".

      7. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 196-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат):

      1) 11-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "кепiлiн" деген сөзден кейiн "және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 21-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "кепiлiн" деген сөзден кейiн "және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат; 2004 ж., N 5, 27-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар):

      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) алкоголь өнiмi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тiркелген, құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiмдi қоспағанда, тағамдық шикiзаттан және (немесе) құрамында спиртi бар тамақ өнiмiнен этил спиртi пайдаланылып өндiрiлген, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарым проценттен астам болатын тамақ өнiмi;";

      17) тармақшадағы "(сырадан басқасын)" деген сөздер "(шарап материалы мен сырадан басқасын)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
      "20) құрамында спиртi бар тамақ өнiмi - тағамдық шикiзаттан өндiрiлген, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарым проценттен астам болатын тамақ өнiмi;
      21) сусыз спирт - құрамында су жоқ, есеп-қисапта қолданылатын шартты ұғым ретiнде пайдаланылатын жүз проценттiк спирт немесе абсолюттiк алкоголь.";

      2) 3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiруге, сақтауға, алкоголь өнiмiн (сырадан басқасын) көтерме және бөлшек саудада өткiзуге лицензия алу үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай болуын анықтау мақсатында адамдарды тексерумен айналысатын заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асыру, сондай-ақ бiлiктiлiк талаптарын этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын лицензиаттардың жыл сайын растауы.";

      3) 4-баптың 2-тармағында:
      2) тармақша "ереженi" деген сөзден кейiн ", дәм айыру ережелерiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiруге, сақтауға, алкоголь өнiмiн (сырадан басқасын) көтерме және бөлшек саудада өткiзуге лицензия алу үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай болуын анықтау мақсатында адамдарды тексерумен айналысатын заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асырады, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыратын лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарын жыл сайын растайды;
      7) технологиялық желiлердi спирт өлшейтiн аппараттармен және өндiру көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн есептеушi бақылау аспаптарымен жарақтау жөнiндегi талаптарды белгiлейдi.";

      4) 5-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Алкоголь өнiмiне:
      1) арақтар және айрықша арақтар;
      2) ликер-арақ өнiмдерi;
      3) шарап материалы;
      4) шараптар;
      5) коньяк;
      6) бренди;
      7) сыра жатады.";

      2-тармақтағы "күштi алкогольдi iшiмдiктер" деген сөздер "алкоголь өнiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "Күштiлiгi он екi - алпыс процент,", "алкогольдi iшiмдiктер ликер-арақ бұйымдары болып табылады" деген сөздер "Ликер-арақ өнiмдерi -", "этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарым проценттен басталатын алкоголь өнiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "майларын," деген сөзден кейiн "шарап материалын," деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiктегi "күштiлiгi" деген сөз "этил спиртiнiң көлемдiк үлесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктегi "күштiлiгi он екi проценттен" деген сөздер "этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарымнан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Шарап материалы - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi жарым процентпен аспайтын, хош иiстi және дәмдiк қоспаларды қоспай, тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiн және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзiмдi, жүзiм шырынын не жемiс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесiнде алынған, құрамында спиртi бар тамақ өнiмi, ол шарап ашыту және ликер-арақ өнiмiн, төте немесе екi мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртiн өндiру үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылады.
      5. Шарап - шарап материалдарынан өндiрiлген, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi проценттен аспайтын алкоголь өнiмi.";

      6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын;

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Коньяк - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi қырық - қырық бес процент болатын, сәндiк және дәмдiк ерекшелiгi бар, төте немесе екi мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртiнен дайындалған және емен бөшкелерде немесе емен қалақшалары пайдаланыла отырып, эмальданған резервуарларда кемiнде үш жыл сақталған алкоголь өнімі.
      14. Бренди - этил спиртiнiң көлемдiк үлесi отыз жетi жарымнан қырық бес процентке дейiн болатын, түпкiлiктi өнiмдегi сусыз этил спиртiнiң көлемiнен елу проценттен аспайтын мөлшердегi шарап материалдарынан алынған, емен сүрегін қатыстырып кемiнде алты ай сақталған этил спиртiн қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнiмi.";

      16 және 17-тармақтар алып тасталсын;

      5) 7-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiру техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiнде белгiленген талаптарға сай жүзеге асырылуға тиiс.";

      6) 8-баптың 5-тармағындағы "Стандарттау туралы" деген сөздер "Техникалық реттеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 9-бапта:
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) алкоголь өнiмiн (шарап материалы мен сырадан басқасын) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз одан әрi өткiзу мақсатында сақтауға және өткiзуге;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) алкоголь өнiмiн (шарап материалынан, сырадан және күштiлiгi он екi процентке жетпейтiн күштiлiгi төмен ликер-арақ өнiмдерiнен басқасын) қаңылтыр ыдыста, этикеткасы жоқ шөлмектерде және пластик ыдыстарда өткiзуге;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) алкоголь өнiмiн аралас полимер ыдыстарда, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон орамда және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетiнде өткiзуге;";

      6) тармақшадағы "өткiзуге тыйым салынады." деген сөздер "өткiзуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) алкоголь өнiмiн осы Заңның 8-бабына сәйкес тиiстi таңбалаусыз өткiзуге тыйым салынады.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      8) 12-баптың 4-тармағындағы "үй-жайда" деген сөз "қойма үй-жайында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 15-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Өндiрiс аумағында алкоголь өнiмiн сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткiзу жөнiндегі қызмет лицензиялауға жатпайды.";

      10) 19-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi үнемi төлемегенде;".

      9. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; 2006 жылғы 11 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      27-баптың 1-тармағының 22-2) тармақшасындағы "жөнiндегi жұмысты" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.

      10. "Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 149-құжат):

      1) 2-баптың 6) тармақшасындағы "қағаздан" деген сөзден кейiн "немесе өзге де материалдан" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 8-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаусыз;".

      11. "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат; 2004 ж., N 23, 140, 142-құжаттар):

      1) 1-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) - өздерiне табыс әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат.
      Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтарына қатысты өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар ретiнде дара кәсiпкерлер - қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерi танылады;";

      2) 17-баптың 4-тармағындағы "шоттары болмаған" деген сөзден кейiн "немесе төлеушiнiң банк (банктер) шотында (шоттарында) ақша жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 12, 88-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-бапта:
      1) тармақшадағы "акциздiк алым маркасы" деген сөздер "акциз маркасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) есепке алу-бақылау маркасы - темекi өнiмдерiн есепке алу және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатында темекi өнiмдерiн бiрдейлендiруге арналған қажеттi қорғау дәрежелерi бар арнаулы бiржолғы жапсырма қағаз;
      1-2) бiрдейлендiру - белгiлi бiр өнiмдi өндiру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзiне ұқсас өнiмнiң арасында айырым белгілерi бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;
      1-3) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;
      1-4) қорап - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi өнiмiнiң белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi;
      1-5) орам - белгiлi қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) темекi өнiмдерi - никотинi бар фармацевтикалық өнiмдi қоспағанда, тұтыну ыдысына салынған және түпкiлiктi тұтынуға арналған, құрамында темекi бар кез келген өнiмдер;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) фильтрлi сигареттер - кесiлген темекiден жасалған, фильтр қолданыла отырып, сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекi өнiмдерiнiң бiр түрi;
      7-2) фильтрсiз сигареттер - кесiлген темекiден жасалған, фильтрдiң қолданылуынсыз сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекi өнiмдерiнiң бiр түрi;";

      2) 3-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "жасауды қамтиды." деген сөздер "жасауды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) фильтрлі сигареттерге ең төменгi бөлшек сауда бағаларын белгiлеудi қамтиды.";

      3) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) темекi өнiмдерiн акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбiн белгiлейдi;
      4-2) фильтрлi сигареттерге ең төменгi бөлшек сауда бағаларын белгiлейдi;";

      4) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "акциздiк алым маркаларымен маркалау" деген сөздер "акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 13-баптың 2-тармағындағы "акциздiк алым маркаларынсыз" деген сөздер "акциз маркаларынсыз немесе есепке алу-бақылау маркаларынсыз" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 6, 44-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):

      32-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "акциз маркалары" деген сөздерден кейiн "немесе есепке алу-бақылау маркалары" деген сөздермен толықтырылсын.

      14. "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 15, 88-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):

      28-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "теңiз, өзен кемелерiн және шағын көлемдi кемелердi" деген сөздер "көлiк құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат):

      осы Заңға қосымшаның 18-тармағының 4) тармақшасындағы "өнiмдердiң" деген сөзден кейiн "өндiрiлуiн және" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап.  Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті