Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93 Заңы.

Жаңартылған

     

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1) жәбірленуші - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген тұлға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы кезінде болған авариялардан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға тастау немесе жер беті учаскесінде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түрiндегi ластаушы заттардың жайылуы немесе иістің, шудың, тербелістің, радиацияның пайда болуы немесе электромагниттік, температуралық әсер, жарықтың әсері немесе сол уақыт үшін жол берілетін деңгейден асатын өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету болып табылатын қоршаған ортаның кенеттен абайсызда ластануы;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) мiндетті экологиялық сақтандыру - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілiктің басталуы кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;

      4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты - сақтандырушы мен сақтанушының арасында осы Заңда белгіленген талаптармен жасалатын шарт;

      5) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

      6) сақтандыру жағдайы - басталуына орай міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;

      6-1) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға;

      7) сақтандыру сомасы - міндетті экологиялық сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

      8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;

      9) сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;

      10) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;

      11) сақтандырылушы - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;

      12) сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13) үшінші тұлғалар - міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімге тартылған және мүдделеріне нұқсан келтірілген құқық қатынастары субъектілері;

      14) уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген, қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндеті;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      16) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі - әрекеті нәтижесінде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметі.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Осы Заң "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелген құқық қатынасына қолданылмайды.

      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      4. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддесі міндетті экологиялық сақтандыру объектісі болып табылады.

4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу болып табылады.

      2. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі принциптері:

      шығындарды өтеудің кепілдігі;

      тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз етуі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      қоршаған ортаның авариялық ластануының алдын алуды экономикалық ынталандыру болып табылады.

4-1-бап. Мiндетті экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыларға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.

      Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

      1. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы Заңда белгіленген міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      2. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-1-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау

      Қоршаған ортаның авариялық ластану жағдайлары және олардың салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.

      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушының арасында өміріне, денсаулығы мен мүлкіне зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғалардың және (немесе) зиян келтірілуі мүмкін қоршаған ортаның пайдасына осы Заң мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.

      Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын объектінің иесі біреуден көп болған кезде, міндетті экологиялық сақтандыру шарты объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде сақтандыру полисінде міндетті түрде көрсете отырып, олардың кез келген біреуімен жасалады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында моральдық зиянды, қолдан шығарып алған пайданы өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеуді қоспағанда, сақтанушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.

      3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс.

      Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті.

      Сақтандырушы сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.

      4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.

      Сақтанушының өтініші міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында көрсетуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.

      4-1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтандырушының интернет-ресурсы пайдаланыла отырып, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

      5. Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс.

      Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Егер сақтандыру міндеті жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырылушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасаса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде, сақтандырылушының алдында тиісінше сақтандыру кезінде сақтандыру төлемі жүзеге асырылуы тиіс болатын талаптар деңгейінде жауаптылықта болады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар

      1. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.

      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдары интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Мiндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасқан кезде сақтандырушы:

      1) сақтанушыға мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның электрондық хабар түрінде дереу жөнелтілуін;

      2) сақтанушының мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты бойынша ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;

      3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының электрондық нысанда сақталуын;

      4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):

      мәліметтерді өзгерту, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын қайта ресімдеу;

      мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаның бесінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету тәртібіне және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      4. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандырушы ұсынған талаптарда жасасты деп есептеледі.

      5. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.

      6. Сақтандырушы мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, мiндеттi экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.

      Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбірленуші деп танылған тұлғаларға қатысты қолданылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Жауапкершілігі осы Заңның 5-бабына сәйкес міндетті экологиялық сақтандыруға жататын сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі ретінде сақтандырылған жағдайда, міндетті экологиялық сақтандыру шарты қоршаған ортаға зиян келтірілгені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бөлігінде ғана жасалады.

      3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

      4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап кемінде он екі ай қолданылады.

      5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

9-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату

      Міндетті экологиялық сақтандыру шарты:

      1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;

      2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған;

      3) сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады.

10-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату

      1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:

Рет
N

Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған кезге дейін өткен мерзім

Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысының проценті есебімен)

1

2

3

1.

1-айға дейін қоса алғанда

20

2.

1-айдан 2-айға дейін қоса алғанда

30

3.

2-айдан 3-айға дейін қоса алғанда

40

4.

3-айдан 4-айға дейін қоса алғанда

50

5.

4-айдан 5-айғадейін қоса алғанда

60

6.

5-айдан 6-айға дейін қоса алғанда

70

7.

6-айдан 7-айға дейін қоса алғанда

75

8.

7-айдан 8-айға дейін қоса алғанда

80

9.

8-айдан 9-айға дейін қоса алғанда

85

10.

9-айдан 10-айға дейін қоса алғанда

90

11.

10-айдан 11-айға дейін қоса алғанда

95

12.

11-айдан жоғары

100

11-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтанушы:

      1) сақтандырушыдан міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша міндетті экологиялық сақтандыру талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

      2) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есептерімен танысуға;

      5) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға;

      5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;

      6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;

      7) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға құқылы.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

      2. Сақтанушы:

      1) сақтандыру сыйақыларын міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге;

      2) сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабарлауға;

      3) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) қоршаған ортаның авариялық ластануы кезінде ықтимал залалдарды болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қолдан келетін шаралар, соның ішінде мүліктерді аман алып қалуға және зардап шеккен тұлғаларға көмек көрсетуге шаралар қолдануға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) қоршаған ортаның авариялық ластануы жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретіне орай (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;

      6) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге міндетті.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтандырушы:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, соның ішінде міндетті экологиялық сақтандырудың бұрынғы шарттары, сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты табыс етуді талап етуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушіге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) сақтанушыдан қоршаған ортаның ластану тәуекелін бағалау үшін қажетті, болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері мен салдарлары туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) сақтандыру жағдайының басталу себептері мен өзге де мән-жайларын белгілеу үшін қоршаған ортаға келтірілген зиянды, жәбірленушінің (пайда алушының) бүлінген (жойылған) мүлкін бағалауды жүргізуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшерін бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

      6) қоршаған ортаның сақтандыру жағдайы басталғанға дейінгі және одан кейінгі жай-күйіне және сақтанушы жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне өз зерттеулерін жүргізуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларда зиян келтірілгені үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;

      8) осы Заңның 22-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемдерін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа де құқықтары көзделуі мүмкін.

      2. Сақтандырушы:

      1) сақтанушыны мiндеттi экологиялық сақтандыру талаптарымен, оның ішінде мiндеттi экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын құқықтармен және мiндеттермен таныстыруға;

      2) табыс етілген құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге;

      3) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға сақтандыру полисін беруге;

      4) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алған кезде оны дереу тіркеуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшеріне сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша бағалау жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есебін көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны жәбірленушіге (пайда алушыға) танысу үшін беруге;

      6) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) сақтанушыға оның сақтандыру жағдайы кезінде зиянды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге;

      8) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

      9) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда осындай шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде сақтанушыға бас тарту себептерінің жазбаша негіздемесін жіберуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      12) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-бап. Жәбірленушінің құқықтары

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Жәбірленуші:

      1) сақтанушының (сақтандырылушының) шаруашылық немесе өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) келтірілген зиянның мөлшеріне сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есептерімен танысуға;

      5) осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;

      5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) келтірілген зиянды алынған сақтандыру төлемінің сомасынан асатын келтірілген зиян сомасы мөлшерінде өтеу туралы сақтандырушыға талап қоюға құқылы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Жәбірленушінің осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайда алушы ретінде әрекет ететін өзге тұлғаларға ауысады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері

      Сақтандыру сомасының мөлшері тараптардың келісімі бойынша міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленеді, бірақ бұл орайда сақтандыру сомасының мөлшері:

      1) жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) заңды тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 65000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) егер міндетті экологиялық сақтандыру шарты қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бөлігінде ғана жасалса, міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 17000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

      Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленеді, бірақ бұл орайда сақтандыру төлемінің мөлшері:

      1) осы Заңның 14-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының 0,76-дан 2,65-ке дейінгі процентінен;

      2) осы Заңның 14-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының 0,59-дан 2,05-ке дейінгі процентінен аспауға тиіс.

16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері

      1. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері міндетті экологиялық сақтандыру шартымен белгіленеді.

      2. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда сақтанушы кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегені үшін сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

      3. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Сақтандыру жағдайы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу жөніндегі сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ өзіне келтірілген залалдарды дәлелдеу сақтанушыға тиесілі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтанушыға келтірілген зиянды өтеу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен басталды деп саналады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін жәбірленушінің (пайда алушының) талап қою сомасын немесе осы Заңның 7-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, соттың келтірілген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген шешімін негізге ала отырып айқындайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      18-бапты алып тастау көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Экологиялық аудит жүргізу

      1. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталған кезде қоршаған ортаның авариялық ластану нәтижесінде келтірілген зиянды бағалау үшін экологиялық аудиторлар тартуға құқылы.

      2. Уәкілетті орган сақтанушының қоршаған ортаны қорғаудың нормалары мен ережелерін, экологиялық талаптарды сақтауын бағалау үшін экологиялық аудиторлар тартуға құқылы.

      3. Экологиялық аудит жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

19-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сақтанушы немесе жәбірленуші (пайда алушы) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты жазбаша нысанда қояды.

      Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде қоса беріле отырып, электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талап өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушының орналасқан жері бойынша ұсынудан босатпайды.

      2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

      1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құрылатын құзыретті комиссияның келтірілген зиянның себептері, ауқымы және қоршаған ортаның авариялық ластануына әкеп соққан сақтандыру жағдайының зардаптары туралы актісі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) жәбірленушіге денсаулық сақтау ұйымдары берген еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі туралы анықтамасының немесе мамандандырылған мекемелердің мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі - ол белгіленген жағдайда;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және пайда алушының зиянды өтеткізу құқығын растайтын құжат (көшірмесі) - жәбірленуші қайтыс болған жағдайда;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) сақтандыру жағдайы басталған кезде зиянды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушының шеккен шығыстарын растайтын құжаттар - олар болған кезде;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) жекелеген жағдайларда - өтелуге жататын зиянның мөлшерін көрсете отырып, сақтанушыны сақтандыру жағдайының басталуына және үшінші тұлғаларға келтірілген зиянға жауапты деп таныған сот шешімі.

      2-2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтама беруге міндетті.

      Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талапты электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Жәбірленуші, сондай-ақ келтірілген зиянды сақтандырушының жауапкершілігі көлемінің шегінде жәбірленушіге (залалды өтеткізуге құқығы бар тұлғаға) өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Сақтандыру төлемі қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның (нақты залалдың) мөлшерінен аспауға тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Сақтандырушы жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемін оған әлеуметтік қамсыздандыру бойынша, басқа да сақтандыру шарттары бойынша тиесілі сомаларға қарамастан жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Сақтандыру төлемі жәбірленушінің жазбаша өтініші немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде денсаулыққа және (немесе) мүлікке келтірілген зиянды өтеу жөнінде оған қызмет көрсеткен (көрсететін) тұлғаға тікелей төленуі мүмкін.

      7. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі

      1. Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды өзі алған күннен бастап отыз күн ішінде жүргізеді.

      2. Пайда алушы сақтандыру төлемінің мөлшеріне дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін аталған тұлғалардың бірде-бірі дау айтпаған бөлігінде осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде дереу жүзеге асыруға міндетті.

      Сақтандыру төлемінің дау туғызған бөлігін сақтандырушы бітім келісімі жасалған және оны сот бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде не, егер сот шешімнің дереу орындалуын ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төлеуге тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Бұрын сақтандыру төлемін алған жәбірленушінің денсаулық жағдайы нашарлай бастаған (мүгедектігі не мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы белгіленсе) не қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбірленушіден (пайда алушыдан) келіп түскен өтініш пен тиісті құжаттардың негізінде сақтандыру төлемін қайта есептеуді жүргізуге міндетті. Бұл ретте бұрын төленген сомалар есепке алынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы жәбірленушіге (пайда алушыға) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      21-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы

      1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) мынадай жағдайларда:

      1) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған;

      2) сақтанушы сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы сақтандырушыға көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;

      3) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан жағдайларда жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде қарсы талап қою құқығы бар.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Сақтанушының сақтандыру нәтижесінде сақтандырушы өтеген зиян үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады.

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздемесі

      1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

      1) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септігін тигізетін қасақана іс-әрекеттері;

      2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.

      2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін сондай-ақ:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1) сақтанушының зиян келтіруге кінәлі тұлғадан зиянның тиісті өтемін алуы;

      2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу;

      3) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) сақтанушының сақтандыру жағдайынан келетін залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қабылдамауы;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тексеруіне және келтірілген залалдың мөлшерін анықтауына сақтандырушының кедергі келтіруі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды оған беруден бас тартуы негіз болуы мүмкін. Егер сақтандыру өтемі төленіп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.

      3. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер бұл сақтанушының еркінен тыс себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз бола алмайды.

      4. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы талап қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талапты мәлімдеген тұлғаға бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі келтірілген сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.

      5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

      1) соғыс қимылдарының, азамат соғысының, кез келген түрдегі халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің;

      2) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

      6. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен осы бапта көзделмеген негіздер бойынша бас тартуға құқылы емес.

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

22-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы):

      талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не

      міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Сақтандырушы сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының, жәбірленушінің (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

      Ескерту. Заң 22-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-бап. Дауларды қарау тәртібі

      Тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

24-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енедi.

      Қазақстан Республикасының
Президентi