Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңы.

Жаңартылған

      МАЗМҰНЫ

      РҚАО ескертпесі!
      Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібін 13-баптан қараңыз.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауыл (село), ауылдық (селолық)", "ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)" деген сөздер тиісінше "ауыл, ауылдық", "ауылдың, ауылдық" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң балалы отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар түрiнде әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар):

      бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берілетiн жәрдемақы);

      бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтімi жөнiндегі жәрдемақы);

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көп балалы анаға берілетін жәрдемақы);

      мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);

      бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;

      2) жәрдемақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;

      3) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі – уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;

      4) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;

      5) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      6) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшін өтiнiш беретін адам;

      8) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      9) уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      Осы Заңның күші Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға қолданылады.

      Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

3-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-1-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті

      Уәкілетті мемлекеттік орган:

      1) балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мен төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оны ұсыну мерзімдерін айқындайды;

      3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;

      4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті

      Мемлекеттік корпорация:

      1) уәкілетті органға беру үшін құжаттар қабылдауды және олардың жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;

      2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;

      3) жәрдемақылардың уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;

      4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды жүзеге асырады;

      5) жәрдемақыларды төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;

      6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады, жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді уәкілетті мемлекеттік органға жібереді;

      7) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға береді.

      Ескерту. Заң 3-2-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-бап. Жәрдемақылар алу құқығы

      1. Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:

      1) бала туғанда берілетін жәрдемақы;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақша 2008.01.01 бастап қолданысқа енгізілді.

      2) мынадай жағдайларда:

      бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын;

      2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы;

      3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы;

      4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;

      5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар.

      2. Алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны алуға бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын өзге жеке тұлғалардың да құқығы бар.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Жәрдемақыларды тағайындауға өтініш жасау

      1. Жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін жүзеге асырылады.

      2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттармен қоса:

      осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 1)4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларға құқығы бар отбасының;

      осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақыға құқығы бар адам күтімін жүзеге асыратын бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің тұрғылықты жеріндегі Мемлекеттік корпорацияға беріледі.

      Адамдар бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы не бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.

      Балаға мүгедектік бастапқыда белгіленген немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде өтініш беруші мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.

      Жеке өзінің өтініш жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақылар тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.

      3. Алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екендігін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      Ақпараттық жүйелер өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін белгіленген тәртіппен растаған кезде өтініш берушінің тиісті жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні бала туғанда берілетін жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындалған күн деп есептеледі.

      5. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бастап он екi айдан аспауға тиiс.

      6. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық және анық мәлiметтер ұсынуға мiндеттi.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің тәртібі

      1. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган жүргізеді.

      1-2. алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса – ол Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері өтініш беруші туралы немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді растаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.

      Уәкілетті орган өтініш берушіге жәрдемақылар тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту (себептерін көрсетіп) туралы қабылданған шешім туралы жазбаша не Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық құжат жіберу арқылы бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ал "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабарлайды.

      3. Алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi органның әрекетiне және шешімiне жоғары тұрған уәкілеттi органдарға, сондай-ақ сот тәртiбiмен шағым жасауға құқығы бар.

      5. Мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі балаларға және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге жәрдемақылар тағайындалмайды.

      6. Төлемдi тағайындайтын немесе төлеудi жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомалары өткен уақыт үшін мерзiмiне шек қойылмай төленедi.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау мен төлеу

      1. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.

      2. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-бап 2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді.

8-бап. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау мен төлеу

      1. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн тағайындалады.

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге тағайындалады.

      2. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

      3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.

      4. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-аналық құқығынан айрылған балалар есепке алынбайды.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу

      1. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.

      2. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақыны төлеу ағымдағы ай үшін және барлық растайтын құжаттар болған кезде өтініш жасаған күннен бастап осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.

      3. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе анық емес деректер қамтылған құжаттарды табыс еткен адамдарға тағайындалмайды.

      4. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақыны төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

9-1-бап. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу

      1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.

      2. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.

      3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.

      Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-2-бап. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау және төлеу

      1. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі өтініш жасаған күннен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тағайындалады және төленеді.

      Бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі оған күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтінішпен күнтізбелік жыл ішінде екі реттен асырмай жүгінуге құқылы.

      2. Отбасында екі және одан көп бала кезінен бірінші топтағы мүгедек тұрып жатқан жағдайда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.

      Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.

      3. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыру:

      1) күтімді жүзеге асыратын адам мен бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің бір елді мекенде бірге тұруын;

      2) қанағаттандыру қажеттігі тәулігіне бір және бір реттен көп туындайтын бір немесе бірнеше реттелмейтін зәру қажеттілікті орындау үшін (жеке гигиенаны сақтауда, киіну, тамақ ішу, физиологиялық қажеттерін орындау, тұратын жерінен межелі пунктке дейін және қайтар жолда алып жүру және басқалар кезінде) күтімді жүзеге асыратын адамның бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке көмегін көздейді.

      4. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы:

      1) кәмелетке толмаған;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

      3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдарға тағайындалмайды.

      Ескерту. Заң 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. Жәрдемақылар мөлшері

      1. Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде белгіленеді:

      1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:

      бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 айлық есептік көрсеткіш;

      төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 айлық есептік көрсеткіш;

      2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:

      бірінші балаға – 5,76 айлық есептік көрсеткіш;

      екінші балаға – 6,81 айлық есептік көрсеткіш;

      үшінші балаға – 7,85 айлық есептік көрсеткіш;

      төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 айлық есептік көрсеткіш;

      3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы – 6,40 айлық есептік көрсеткіш;

      4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;

      5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы – 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар – айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді, бұлар республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленеді.

      2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы Мемлекеттік корпорацияны он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

      Өтініш беруші бала күтіміне байланысты жәрдемақының, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерлеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабар бермеген жағдайда, жәрдемақылардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден бұрын қайта қаралмайды.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2014 N 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 76-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Жәрдемақылар төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру

      1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақылардың төленуін тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) баланың қайтыс болуы;

      2) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;

      3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынуы;

      4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету.

      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақының төленуін тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оның заңды өкілінің немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші;

      2) жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтердің ұсынылуы;

      3) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оған күтімді жүзеге асыратын адамның қайтыс болуы;

      4) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оған күтімді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;

      5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің мүгедектік тобының өзгеруі;

      6) осы Заңның 9-2-бабының 4-тармағында көзделген фактілердің анықталуы.

      2. Жәрдемақыларды төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

      Жәрдемақылардың артық төленген сомалары – ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда соттың шешімі негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      3. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу мынадай мән-жайлар басталған кезде тоқтатыла тұрады:

      1) жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;

      2) жәрдемақы алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ақылы негізде ұсынылатын адамды қоспағанда, жәрдемақы алушының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұруы.

      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақыны төлеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      Жәрдемақыларды төлеу жәрдемақылардың төленуін тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар өткен соң қайта басталады.

      4. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 8-бапты, 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті